Етті бағыттағы бұқаны азықтандыру



Мазмұны

Белгілер мен қысқартулар
Нормативтік сілтемелер
Анықтама
Кіріспе
1.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.1.Етті бағыттағы бұқанын халық шаруашылығындағы маңызы ... ... ... 9
1.2.Етті бағыттағы бұқаны азықтандыру жүйесінің принциптерімен элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
10
1.3.Азық мөлшеріне әсер ететін факторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 13
1.4.Етті бағыттағы бұқаның биологиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... .. 15
1.5.Ет өндірісінде бұқаны бордақылаудың маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 16
1.6.Етті бағыттағы бұқаны бордақылауда қандай сыртқы факторлар әсер етеді ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
17
1.7.Етті бағыттағы бұқаны бордақылау мерзімі қанша күнге созылады ... ... 18
1.8.Жас және сақа бұқаны бордақылауда 1кг А.Ө. келетін протеин нормасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
19
1.8.1Жеке шаруашылықта немесе фермер жағдайында етті бағыттағы бұқаны азықтандырып бордақылау технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
20
2.Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
3.Тіршілік қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 27
Кіріспе

Азықтандыру типі шаруашылықтағы қалыптасқан жемшөп қорына сәйкестендіріледі.Айталық, табиғи жайылымы кең, оты мол жерлерде жайылымды азықтандыру типі (пастбищный тип кормления) қолданылса, жері жыртылған, түрлі техникалық дақылдар өсіретін шаруашылықтарда олардың азықтық қалдығымен азықтандыру типтерін қолданады.Соған орай сүрлемді (силосный), картопты-жемді (картофельно-концентратный), тамыржемісті-жемді (корнеплодно-концентратный), бардалы, жомды, т.с.с. азықтандыру типтерін ажыратады. Еліміздің әр табиғи-экономикалық өңіріне ғылыми-зерттеу орталықтары мал түлігіне жергілікті жемшөп қорына негізделген типтік азықтандыру рациондарын ұсынады.
Ет бағытындағы ірі қара шаруашылығындағы барлық жемшөп шығынының 45-50%-ы аналық бастардың үлесінде.Сондықтан да,бұл саланың, тұтастай алғанда пайдалы болуы көбінесе ірі қараның осы тобын азықтандру мәселелерін сабан, топан және егін шаруашылығының басқа да қалдықтары сияқты арзан жемшөпті көп көлемде пайдалана алатындығына қарамастан,олардың мерзімдік азық үлестері жұғымды және минералды заттардың, сондай-ақ витаминдердің қажетті мөлшерімен қамтамасыз етілуі тиіс.Сиырларды азықтандырудың жалпы деңгейі, қоректің негізгі элементтері мен қуатқа мұқтаждығы олардың тірілей салмақтарына, буаздық және сүттену кезеңдеріне, жыл мерзімдеріне, қоңдылығына, бағып-күту технологиясы мен басқа да ықпалдарға байланысты болады.
Мал азықтандыруды қоректік құндылығы малдың физиологиялық қоректік мұқтаждығын белгілейтін азықтандыру нормасының (мөлшерінің) көрсеткіштеріне сәйкестендіріп құрастырылған азықтандыру рациондары, яғни жегізілетін азықтары мен азықтық қосындылары арқылы іске асырады.Мал азықтандыру ғылымының мақсаты малдың қоректік қажеттігін мұқтаждық көрсеткіштеріне сәйкес энергетикалық және құрылымдық қоректік заттар және барлық минералды, биологиялық әсерлі қосындылармен жан-жақты және толығымен қамтамасыз ету болып табылады.
Малдың қоректік қажеттігі арнайы нормалық көрсеткіштермен белгіленіп, өтелетіндіктен мұндай азықтандыру жүйесін нормалап азықтандыру (нормаованное кормление) дейді.Малды белгіленген мөлшерде, яғни нормасыз, еркінше азықтандыру олардың өндірілген өнім бірлігіне жұмсалған азық шығынын күрт өсіріп, жемшөп қорының пайдасыз ысырабына соқтырады.
Курстық жобаның мақсаты – етті бағыттағы бұқаны азықтандыру (ақбас қазақы тұқымы) нормалап азықтандыру, рацион құруды оқып үйрену және зерттеу.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1 Төреханов А.Ә. Қазақстанда мал мен құс азықтандыру және азық дайындау технологиясы: оқулық жоғары оқу орындары үшін/ А.Ә.Төреханов, Н.Ә.Жазылбеков,М.А.Кинеев.: Алматы 2006-24б.
2 Қожалы Б. Ауыл шаруашылық малын азықтандыру пәнінен курстық жұмысқа арналған әдістемелік нұсқау/ Б. Қожалы Шымкент: ОҚМУ, 2012.- 212б.
3 Омарқожаұлы, Н. Мал азығын бағалау және малды азықтандыру: оқулық жоғары оқу орындары үшін /Омарқожаұлы Н. Алматы: Нұр – Принт, 2005.-125б.
4 Омарқожаұлы Н. Мал шаруашылығы: оқулық жоғары оқу орындары үшін /Н.Омарқожаұлы.Б.Әкімбеков. Астана: Нұр – Принт, 2007.-15б.
5 Төреханов А. Ә. Қазақстанда мал мен құс азықтандыру және азық дайындау технологиясы: оқулық жоғары оқу орындары үшін / А. Ә. Төреханов, Н. Ә. Жазылбеков, М. А. Кинеев –Алматы,1998.-173б.
6 Қожанов Қ. Қ. Төл ауруларын емдеу және олардан сақтандыру шаралары: оқулық жоғары оқу орындары үшін / Қожанов Қ. Қ. – Алматы, 2005.-127б.
7 Дәрібаев А.« Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру: оқулық жоғары оқу орындары үшін / Дәрібаев А. Алматы, 2005.- 192б.
8 Н. Омарқожаұлы, Б. Әкімбеков Мал шаруашылығы: оқулық жоғары оқу орындары үшін / Н. Омарқожаұлы, Б. Әкімбеков, Алматы, 2001. - 158б.
9 Төреханов А. Ә. Қазақстанда мал мен құс азықтандыру және азық дайындау технологиясы: оқулық жоғары оқу орындары үшін / А. Ә. Төреханов, Н. Ә. Жазылбеков, М. А. Кинеев –Алматы,1998.-183б.
10 Қожанов Қ. Қ. Төл ауруларын емдеу және олардан сақтандыру шаралары: оқулық жоғары оқу орындары үшін / Қожанов Қ. Қ. – Алматы, 2005.-116б.
11 Дәрібаев А. « Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру: оқулық жоғары оқу орындары үшін / Дәрібаев А. Алматы, 2005.- 189б.
12 Н. Омарқожаұлы, Б. Әкімбеков Мал шаруашылығы: оқулық жоғары оқу орындары үшін / Н. Омарқожаұлы, Б. Әкімбеков, Алматы, 2001. - 171б.
13 Қ. Бегімбеков, А. Төреханов, Ә. Байжұманов – Алматы, Нұр – Принт 2003.-197б.
14 Төреханов А. Ә. Қазақстанда мал мен құс азықтандыру және азық дайындау технологиясы: оқулық жоғары оқу орындары үшін / А. Ә. Төреханов, Н. Ә. Жазылбеков, М. А. Кинеев –Алматы,1998.-167б.
15 Қайырханов К . Жануарлар биохимиясы. Оқу құралы. Қайырханов К.- Алматы 2004, 23б.
16 Дәрібаев А. « Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру: оқулық жоғары оқу орындары үшін / Дәрібаев А. Алматы, 2005.- 199б.
17 Н. Омарқожаұлы, Б. Әкімбеков Мал шаруашылығы: оқулық жоғары оқу орындары үшін / Н. Омарқожаұлы, Б. Әкімбеков, Алматы, 2001. - 171б.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Ауыл шаруашылығы малдарын азықтандыру пәнінен жазылған Етті бағыттағы
бұқаны азықтандыру (ақбас қазақы тұқымы) атты курстық жобада кіріспе,
негізгі бөлім: етті бағыттағы бұқаның халық шаруашылығындағы маңызы, етті
бағыттағы бұқаны азықтандыру жүйесінің принциптері мен элементтері, азық
мөлшеріне әсер ететін факторлар, етті бағыттағы бұқаның биологиялық
ерекшеліктері, ет өндірісінде бұқаны бордақылаудың маңызы, етті бағыттағы
бұқаны бордақылауда қандай сыртқы факторлар әсер етеді, етті бағыттағы
бұқаны бордақылау мерзімі қанша күнге созылады, етті бағыттағы бұқаның
жасына қарай қандай бордақылау кезеңдеріне бөлуге болады, жеке шаруашылықта
немесе фермер жағдайында етті бағыттағы бұқаны азықтандырып бордақылау
технологиясы, өзіндік зерттеу, тіршілік қауіпсіздігі, қорытынды,
пайдаланған әдебиеттер тізімі қарастырылған. Курстық жоба 27 беттен
тұрады.

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жобада келесі нормативтік құжаттарды қолдануға
сілтемелер жасалған:
МЖМБС 2.104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД).Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2.301 -68 КҚБЖ (ЕСКД).Форматтар.
МЖМБС 2.601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД).Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2.304-81 КҚБЖ (ЕСКД).Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2.701-84 КҚБЖ (ЕСКД).Схемалар.Түрлері мен типтері.Орындауға
қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2.321-84 КҚБЖ (ЕСКД).Әріптік белгілеу.

Анықтамалар

Азық өлшемі- организімнің тіршілігі мен өнім өндіруге қажетті энергия
мен құрылымдық және биологиялық әсерлі заттарға мұқтаждығын айқындайтын
жалпы нормалық көрсеткіштерге тәулігіне 1 басқа қажет азық.
Рацион құрылымы- рацион құрамына кіретін азық топтарының оның жалпы
қоректілігіне (а.ө. не АЭЗ бойынша) пайыздық қатынасы айғақтайды.
Тетіктелген азықтандыру нормасы деп- толықтырылған организм
мұқтаждығының 18-30 көрсеткішін қамтитын деректер.
Азықтандыру рационы- малға жегізілетін жемшөп пен азықтық қосындылар
мөлшерін, қоректілік көрсеткіштерін сәйкестендіру арқылы жүзеге асырылады.
Азықтандыру типі- рацион құрылымындағы басым азық тобы немесе жекелеген
азық белгілейді.
Рацион – бір тәулікте жейтін азықтардың жиынтығы, олардың қоректік
заттары бір күндік нормаға сәкестендіріледі.
Мал азығын нормалау- мал организміндегі қоректік заттарға
қажеттілікті толықтыру.

Белгілер мен қысқартулар

ҚЗ- құрғақ зат
ШП- шикі протеин
ШМ- шикі май
АЭЗ- азотсыз экстративті заттар
ҚП- қо рытылған протеин
АЭ-алмасу энергиясы
г – грам
мг – миллиграм
л – литр
а.ө. – азықтық өлшем
кДж – килоджоуль
МДж – мегаджоуль
% - пайыз

Мазмұны

Белгілер мен қысқартулар
Нормативтік сілтемелер
Анықтама
Кіріспе
1.Негізгі бөлім 9
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...
1.1.Етті бағыттағы бұқанын халық шаруашылығындағы маңызы 9
... ... ...
1.2.Етті бағыттағы бұқаны азықтандыру жүйесінің принциптерімен
элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..
1.3.Азық мөлшеріне әсер ететін 13
факторлар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .
1.4.Етті бағыттағы бұқаның биологиялық 15
ерекшеліктері ... ... ... ... ... . ... .
1.5.Ет өндірісінде бұқаны бордақылаудың 16
маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.6.Етті бағыттағы бұқаны бордақылауда қандай сыртқы факторлар әсер
етеді ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
... ... ... ... ... ... ... ... .
1.7.Етті бағыттағы бұқаны бордақылау мерзімі қанша күнге 18
созылады ... ...
1.8.Жас және сақа бұқаны бордақылауда 1кг А.Ө. келетін протеин
нормасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...
1.8.1Жеке шаруашылықта немесе фермер жағдайында етті бағыттағы бұқаны
азықтандырып бордақылау 20
технологиясы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...
2.Өзіндік зерттеу 22
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...
3.Тіршілік қауіпсіздігі 25
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ..
Қорытынды 26
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 27
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе

Азықтандыру типі шаруашылықтағы қалыптасқан жемшөп қорына
сәйкестендіріледі.Айталық, табиғи жайылымы кең, оты мол жерлерде
жайылымды азықтандыру типі (пастбищный тип кормления) қолданылса,
жері жыртылған, түрлі техникалық дақылдар өсіретін шаруашылықтарда
олардың азықтық қалдығымен азықтандыру типтерін қолданады.Соған орай
сүрлемді (силосный), картопты-жемді (картофельно-концентратный),
тамыржемісті-жемді (корнеплодно-концентратный), бардалы, жомды, т.с.с.
азықтандыру типтерін ажыратады. Еліміздің әр табиғи-экономикалық
өңіріне ғылыми-зерттеу орталықтары мал түлігіне жергілікті жемшөп
қорына негізделген типтік азықтандыру рациондарын ұсынады.
Ет бағытындағы ірі қара шаруашылығындағы барлық жемшөп шығынының 45-50%-
ы аналық бастардың үлесінде.Сондықтан да,бұл саланың, тұтастай алғанда
пайдалы болуы көбінесе ірі қараның осы тобын азықтандру мәселелерін сабан,
топан және егін шаруашылығының басқа да қалдықтары сияқты арзан жемшөпті
көп көлемде пайдалана алатындығына қарамастан,олардың мерзімдік азық
үлестері жұғымды және минералды заттардың, сондай-ақ витаминдердің
қажетті мөлшерімен қамтамасыз етілуі тиіс.Сиырларды азықтандырудың
жалпы деңгейі, қоректің негізгі элементтері мен қуатқа мұқтаждығы
олардың тірілей салмақтарына, буаздық және сүттену кезеңдеріне, жыл
мерзімдеріне, қоңдылығына, бағып-күту технологиясы мен басқа да
ықпалдарға байланысты болады.
Мал азықтандыруды қоректік құндылығы малдың физиологиялық қоректік
мұқтаждығын белгілейтін азықтандыру нормасының (мөлшерінің)
көрсеткіштеріне сәйкестендіріп құрастырылған азықтандыру рациондары,
яғни жегізілетін азықтары мен азықтық қосындылары арқылы іске
асырады.Мал азықтандыру ғылымының мақсаты малдың қоректік қажеттігін
мұқтаждық көрсеткіштеріне сәйкес энергетикалық және құрылымдық
қоректік заттар және барлық минералды, биологиялық әсерлі
қосындылармен жан-жақты және толығымен қамтамасыз ету болып
табылады.
Малдың қоректік қажеттігі арнайы нормалық көрсеткіштермен
белгіленіп, өтелетіндіктен мұндай азықтандыру жүйесін нормалап
азықтандыру (нормаованное кормление) дейді.Малды белгіленген мөлшерде,
яғни нормасыз, еркінше азықтандыру олардың өндірілген өнім бірлігіне
жұмсалған азық шығынын күрт өсіріп, жемшөп қорының пайдасыз
ысырабына соқтырады.
Курстық жобаның мақсаты – етті бағыттағы бұқаны азықтандыру (ақбас
қазақы тұқымы) нормалап азықтандыру, рацион құруды оқып үйрену және
зерттеу.

1 Негізгі бөлім

1.1 Етті бағыттағы бұқаның халық шаруашылығындағы маңызы

Етті бағыттағы бұқаны азықтандыруда басым азық тобы не жекелеген
азық мал азықтандыру типін (тип кормления) белгілейді. Рацион
құрылымын белгілегеннен кейін оның құрамындағы азықтардың құрғақ
заты бойынша алынған көлемін (аумағын) нормаға сәйкестендіреді.Құрғақ
заты бойынша рацион азықтарының малдың қарнына сыйып толық желіне
алатындығын бақылайды. Мысалы, сауын сиырлар әр 100 кг тірілей
салмағына -3-3,5, жоғары өнімділері 3,5-3,8 кг құрғақ зат жей алады.
Құрғақ заты бұдан асқан рацион азықтары ас қорыту жолына сыймай,
желінбей қалады.
Етті бағыттағы бұқаны азықтандыруға кіретін азық топтарының оның
жалпы қоректілігіне (а.ө. не АЭ бойынша) пайыздық қатынасы рацион
құрылымын (структура рациона) айғақтайды. Азықтандыру типі
шаруашылықтағы қалыптасқан жемшөп қорына сәйкестендіріледі. Айталық,
табиғи жайылымы кең, оты мол жерлерде жайылымды азықтандыру типі
(пастбищный тип кормления) қолданылса, жері жыртылған, түрлі
техникалық дақылдар өсіретін шаруашылықтарда олардың азықтық
қалдығымен азықтандыру типтерін қолданады. Соған орай сүрлемді
(силосный), картопты-жемді (картофельно-концентратный), тамыржемісті-жемді
(корнеплодно-концентратный), бардалы, жомды, т.с.с. азықтандыру типтерін
ажыратады. Еліміздің әр табиғи-экономикалық өңіріне ғылыми-зерттеу
орталықтары мал түлігіне жергілікті жемшөп қорына негізделген
типтік азықтандыру рациондарын ұсынады.
Айталық, тірілей салмағы 400-500 кг етті бағыттағы бұқаға 20-25 кг
шырынды азық берілсе, ас қорыту жолының аумағын толтырып, оның
рецепторларын қалыпты тітіркендіруі үшін кемінде 4-5 кг, яғни тірілей
салмағының әр 100 кг-на 1 кг-нан аса ірі жасунықты жемшөп жегізу
керек.Ал шикі жасунық көлемі оны қорыта алмайтын қарапайым қарынды
шошқа азығында 14-17 %, құс жемінде 4-6 % (балапан мен тауықтың), 6-10%
(күркетауық пен қаздың) асса, ол өзінің нашар қорытылуымен қоса
басқа қоректік заттар қорытылуына кедергі келтіреді.Шошқа мен құс
азығының желінуі құрғақ затының көлемі мен қоса шикі жасунық
деңгейімен реттеледі.
Рацион құрғақ затының аумағы, содан барып, бір жағынан, желінуі, ал
екінші жағынан, қорытылуы алдымен ондағы шикі жасунық көлеміне
байланысты өзгереді. Осыны ескеріп малдың ас қорытуын қалыпты сақтау
үшін рациондағы шикі жасунық деңгейін бірқалыпты сақтауды көздейді.
Мұны, әсіресе, жыл маусымдары, соған байланысты малды азықтандыру
(жаю) жағдайлары түбегейлі ауысқан, айталық жаздық жайылымнан қысқы
азықтандыруға және керісінше көшіргенде қатаң ескереді.Өйткені ерте
көктемде малды жас жайылым көгіне жая бастағанда жасунық көлемінің
күрт кемуінен олардың ас қорыту барысы бұзылып, жиі тышқаққа
ұшырайды.Сондықтан жас жайылым отына және де жасунық көлемі басқа
жаңа азықтарға малды біртіндеп, ертелі-кеш бұрынғы азықтарын беріп
барып үйретеді.
Азықтандыру рационының алдымен мал тіршілігін қамтамасыз етуге
және өнім түзуге қажет энергия мен протеиннің жеткіліктілігіне көңіл
бөледі.Мал түлігінің негізгі қорегі болып келетін өсімдік жемшөппен
энергия негізінен (80-85%) көмірсулармен жеткізілетіндіктен және
олардың құрамында майлар аз көлемде болатындықтан, малдың көмірсулық
және липидтік мұқтаждығын жалпы энергия мұқтаждығынан бөліп
нормалаудың қажеті шамалы.Сондықтан малдың өнімділігін 80-90%
айғақтайтын рационның энергетикалық қоректілігін нормалық мұқтаждыққа
сәйкестендірген соң өнімділігін қалған 10-20% айғақтайтын басқа
азықтандыру факторларына тоқталады.
Азық өлшемі мен алмасу энергиясы тексерілген рационал нормалық
мұқтаждықпен протеиндік деңгейін теңестіреді. Одан кейін рационның
минералдық жене витаминдік құнарлығына көңіл аударады. Протеин мөлшері мен
сапасын азықтандыру нормасын протеиндік қоректілігі мен құнарлылық
көрсеткіштеріне сәйкестендіру үшін ондағы азықтар мен азықтық қосындылар
мөлшерін азайту не ұлғайту арқылы шикі және қорытылатын протеин, шошқа мен
терісі бағалы аңдарға оған қосымша – лизині, метионы мен цистині, ал
құстарға басқа да ауыспайтын аминқышқылдары бойынша азықтандыру нормасынын
көрсеткіштерімен теңестіреді.
Рационның протеиндік құндылығын бағалағанда мал азығындағы оның жалпы
мөлшерімен қатар женіл қорытылуы, ас қорыту жолында жылдам ыдырап,
толығырақ сіңірілу қасиеттерін де ескереді. Месқарыны дамыған төлмен
қарапайым қарынды мал үшін протеиннін аминқышқылдық құрамы маңызды болса,
сақайған күйісті мал үшін оның ыдырағыштық қасиеттері маңыздырақ. Өйткені
месқарында протеиннің су мен тұз ерітінділерінде еритін бөлігі ыдырауынан
пайда болған аммиакты месқарын микрофлорасы өз биотүзуіне пайдаланып үлгеру
керек. Оған бір жағынан, азықпен өнген азоттық заттардағы белок пен
белоктан тыс азоты қосындылар арақатынасы ықпал ететін болса, екінші
жағынан, азотты заттармен басқада қоректі заттар, алдымен жеңіл ыдырайтын
көмірсулар (қанттар) арақатынасы ықпал етеді.
Рацион құрамының қоректілік көрсеткіштерін осылайша біртіндеп
азықтандыру нормасының мұқтаждық көрсеткіштеріне энергия (азық
өлшемі, алмасу эенргиясы), құрғақ зат, шикі және қорытылатын
протеин, ауыспайтын аминқышқылдары, шикі және шикі жасунық, қант пен
крахмал бойынша сәйкестірген соң, оның құрамындағы минералды заттар
мен витаминдерін норма көрсеткіштерімен салыстырады.Барлық мал
азықтандыру нормасында қадағалатын кальций мен фосфор мөлшерімен
қоса мүйізді ірі қара мал рационында –магний, кальций, күкірт, қой
рационында –магний мен күкірт, жылқы рационында магний қадағаланады.
Осыдан азық қоректілігін бағалап, азықтандыру деңгейін бақылаудағы
негізгі интегралдық көрсеткіші болып энергетикалық қуаттылығы
табылады.
Бірақ азық қоректілігі мен мал азықтандырудың мұндай жалпылама
болса да, жалғыз көрсеткішімен бүкіл қоректену сапасын бағалауға
келмейді.Оны желінген азық қоректік заттарының ас қорытуы мен зат
алмасуына ықпалын жан-жақты, алдымен рационның энергетикалық
қуаттылығын және оның құрылымдық қосындылармен арақатынасын,
биотүзуге биологиялық тұрғыдан құнарлы протеиннің жеткізілуімен
сипаттау қажет.

1.2 Етті бағыттағы бұқаны азықтандыру жүйесінің принциптерімен
элементтері

Етті бағыттағы бұқаны азықтандырудың қоректік құндылығы малдың
физиологиялық қоректік мұқтаждығын белгілейтін азықтандыру нормасының
(мөлшерінің) көрсеткіштеріне сәйкестендіріп құрастырылған азықтандыру
рациондары, яғни жегізілетін азықтары мен азықтық қосындылары арқылы
іске асырады. Мал азықтандыру ғылымының мақсаты малдың қоректік
қажеттігін мұқтаждық көрсеткіштеріне сәйкес энергетикалық және
құрылымдық қоректік заттар және барлық минералды, биологиялық әсерлі
қосындылармен жан-жақты және толығымен қамтамасыз ету болып
табылады.
Малдың қоректік қажеттігі арнайы нормалық көрсеткіштермен
белгіленіп, өтелетіндіктен мұндай азықтандыру жүйесін нормалап
азықтандыру (нормаованное кормление) дейді. Малды белгіленген мөлшерде,
яғни нормасыз, еркінше азықтандыру олардың өндірілген өнім бірлігіне
жұмсалған азық шығынын күрт өсіріп, жемшөп қорының пайдасыз
ысырабына соқтырады. Мал шаруашылығы өнімін өндірудегі жұмсалатын
тікелей шығындарда азық шығындарының үлесі басым болғандықтан, бұл
өнімнің өзіндік құнын қымбаттатып, сала рентабельдігін төмендететін
экономикалық фактор болып табылады.
Осы тұрғыдан алғанда мал азықтандыруда организм қажеттігінен аз
да немесе одан көп те мөлшерде азық жұмсау зиянды.Организм
қажеттілігінен аз мөлшерде жеткізілген қоректік заттар зат пен
энергия алмасуын толық қамтамасыз ете алмай, төл өсімі мен
жетілімін тежесе, сақа малдың өнімділігін кемітіп, өзін
арықтатады.Қажетті шамадан көп, енген қоректік заттар да ас қорыту
барысында толық қорытылып, игерілмей, көбі босқа, пайдасыз
ысырапталады.Бұл, бір жағынан, өнімнің өзіндік құнын қымбаттатса,
екінші жағынан, зат алмасуын да бұзып, оған кедергі келтіреді.
Организм тіршілігнің қоректік қажеттілігі мал түлігі мен құс
түріне, жасына, жынысына, физиологиялық жағдайына және өнімділігіне
байланысты өзгереді.Нормалап азықтандыруды малдың мұқтаждық
көрсеткіштері, яғни азықтандыру нормасы мен оны қамтамасыз ету үшін
көрсеткіштері, яғни азықтандыру нормасы мен оны қамтамасыз ету үшін
малға жегізілетін жемшөп пен азықтық қосындылар мөлшерін, яғни
азықтандыру рационының (рационы кормления) қоректілік көрсеткіштерін
сәйкестендіру арқылы жүзеге асырады.
Организм тіршілігін қамтамасыз етуге қажет энергия мен қоректік
заттар мұқтаждығы абсолюттік тынығудағы (абсолютный покой) малды
ашықтырып барып анықтайды.Өнімділігі орта деңгейлі еш жұмыс істемей
(өнім өндірмей) тынығудағы мал денесіндегі ас қорытуын, деңгейде
сақтауға (уровень поддерживающего кормления) организмдегі жалпы
энергия шығынының 40-60 % жұмсалады.Демек, осы шығын көлемі кеміген
сайын өнім өндіруге жұмсалатын энергия көлемі өседі.Былайша
айтқанда, мал өнім өндіруге жұмсалатын қоректік заттар үлесі өседі
де, өнімділіг жоғарылаған сайын оған жұмсалатын қоректік заттар
үлесі артады.
Мал түлігі мен құс түрінің азықтандыру нормасының көрсеткіштерін
факториалдық және эмпирикалық жолдармен жүргізілген ғылыми-зерттеу
және алмасу тәжірибелерінде түріне, тұқымына, өнімдік бағытына,
жасына, жынысына, физиологиялық ахуалына, тірілей салмағына және
өнімділігіне сәйкес өзгеретін энергиялық, протеиндік, минералдық және
витаминдік мұқтаждығы бойынша анықтайды.Организмнің тіршілігі мен
өнім өңдіруге қажетті энергия мен құрылымдық және биологиялық
әсерлі заттарға мұқтаждығын айғақтайтын жалпы нормалық көрсеткіштерге
тәулігіне 1 басқа қажет азық өлшемі (сұлылық), қорытылатын протеин (г),
ас тұзы (г), кальций (г), фосфор (г), каротин (мг) жатады.Мұндағы азық
өлшемі организмнің жалпы қоректілік, яғни энергиялық, қорытылатын
протеин-құрылымдық (түзушілік), ас тұзы, кальций мен фосфор –
минералдық, каротин-витаминдік мұқтаждығын көрсетеді. Малды нормалы
азықтандыруды іске асыру үшін олардың қоректенуіндегі кем дегенде
осы алты көрсеткіш қадағаланады.
Мүмкіндік болған жағдайда азықтандыру тиімділігін арттыру үшін
бұл негізгі азықтандыру нормасының көрсеткіштерін қосымша малдың
шикі протеин мен ауыспайтын аминқышқылдары, шикі май мен шикі
жасунық, қант пен крахмал, биогенді макро және микроэлементтер мен
маңызды витаминдерге мұқтаждығының 18-30 көрсеткішін қамтитын
деректерді тетіктелген азықтандыру нормасы (детализирование нормы
кормления) деп атайды.

1.3 Азық мөлшеріне әсер ететін факторлар

Мал дәрігерлік және зоотехникалық тұрғыдан азықтандыруда орын алатын
биоэнергетикалық заңдылықтарға сәйкес азық қоректік заттарының
макроэнергетикалық қосындыларының жылу (энергия) өндіру мен өнімге айналуы,
яғни конверсиялануы жете зерттелуі керек. Тек сонда ғана үнемді азық шығыны
мен мал денсаулығын сақтап, шаруашылықта пайдалану мерзімін ұзартып, мол да
сапалы өнім өндіруге болады.
Қоректік заттар энергиясы, негізінен, аэробтық және анаэробтық жағдайда
өтетін цитохромдық тізбектегі терминалдық фосфорланып тотығу барысында
босайды. Оның басым бөлігі оттегі мен өтетін аэробтық тотығуда
босайтындықтан, қоректік заттың энергия бөлуін тотығуына жұмсаған оттегі
молекуласының санымен белгілеуге болады. Оларда байланған энергияның толық
босауы тотығу дәрежесімен анықталады.
Көміртектік қосындылардың толық тотығуы су және көміртегінің екі
тотығының пайда болуымен аяқталады. Демек, тотығу барысында қосындыда аз
болғандығынан оттегі неғұрлым көп жұмсалса, қосындыдан соғүрлым энергия көп
бөлінеді. Соған байланысты тотықсыздану дәрежесі жоғары (көміртегінің
бірлігіне келетін сутегінің саны көп), ал тотығу деңгейі төмен
(көміртегінің бірлігіне келетін оттегі аз) жоғары молекулалы май
қышқылдарының тотығу барысында көп оттегі жұмсалып, көп энергия бөлінеді.
Ал глюкоза мен ацетат тотыққанда көміртегінің бірлігіне оттегі, пальмитат
немесе стерат аз жұмсалып, энергияға қаныққан фосфаттық байланыс аз
түзіледі.
Қорытылған органикалық заттардың көмірсулары мен майлары көмір қышқылы
газы мен суға дейін ыдырап, энергияға толық айналады да, ал протеиндері
денеде тек зәрлікке (мочевина) дейін ыдырайтындықтан біршама энергиясы
байлаулы түрде зәрмен шығарылады. Осыған байланысты қоректік заттарды
калориметрлік қондырғыда оттегін жіберіп ыдыратқанда 1 г көмірсудан - 4,1
ккал, 1 г майдан — 9,3 ккал, 1 г белоктан — 5,7 ккал энергия шығады да,
мал денесінде қорытылған көмірсулар мен майдан осы көлемде, ал 1 г
белоктан — тек 4,1 ккал энергия босатылады. Демек, белоктан көмірсулармен
бірдей, ал майдан олардан 2—2,5 (орташа 2,25) есе көп энергия пайда болады.
Жасының әсері. Ірі қара туған бұзауларды дұрыс азықтандырса,
олардың өсіп-даму қарқыныда жақсы өтеді.Ал, бұзау ұшасының құрамында
сақа малдарға қарағанда сүйегі, дәнекері, шеміршек-шандырлары көбірек
болады.Малдың өсіп-дамуы кезеңдерінде денесі толығады оған ерекше
әсер ететін ет және сүйек ұлпалары, ал әрқайсысының өсіп-даму
қарқыны әр түрлі.12-15 айлықтарына дейін жас малдардың ет ұлпасы
қарқынды дамиды, әсіресе 6 айға дейінгі мезгілінде; ал сүйек ұлпасы
баяулау өседі.Соның әсерінен 1,5 жастағы жас малдың етінің салмағы
өссе, ал сүйегінің үлестік салмағы төмендейді.Егерде, жаңа туған
еркек бұзаудың еті мен сүйегінің өзара қатынасы 2:1 болса, ал сақа
малдардың осы көрсеткіші 3,6-4,6:1.
Малдың 18 айлығынан кейін организмінде зат алмасуының өзгеруіне
байланысты және азоттың бітуінің төмендеуіне қарай белоктың құрылуы
да төмендейді, осы себептерге байланысты ет ұлпасының дамуы да
баяулайды.Бірақ организмде майдың бітуі жоғарылайды, әсіресе малды
бордақылау кезеңдерінде.Жас малдардың қарқынды өсуіне малды
бордақылауына байланысты ет пен май ұлпаларының қатынасы жақсарады.
Азықтандырудың деңгейіне және құрамына қарай малдың тірі салмағы,
дене бітімі, ірілігі, морфологиялық ұша құрамы және 1 кг тәуліктік
салмаққа жұмсалатын азық өлшемі өзгеріп тұрады.Көптеген ғалымдардың
дерегі бойынша мал денесінің жеке бөлімдерінің қарқынды өсуі,
әсіресе постэмбрионалдық кезеңде әр түрлі.Азықтандыру деңгейінің төмен
болуы қаңқа және ұлпа бөлімдерінің сол мезгілде қарөынды дамуына
керісінше әсер етеді.Жас малдардың өсіп дамуы кезеңдерінде, үнемі
азық жетіспесе және азықтың сапасы нашар болса, кейін оны жақсарту
қиын да және мүмкін емес, олардың организмінің морфологиялық және
физиологиялық мүмкіндігі өзгеріп, малдың өсіп-дамуы кемиді.Жас
малдардың өсіп-дамуынан азықтандырудың жетіспеуі, әсересе олардың артқы
бөлімдеріне қатты әсер етеді және еттілік қасиеті де төмендейді.Сонымен
қатар жас малдардың өсіп-даму мезгіліде көп кешігіп, 1 кг тірі
салмағына жұмсалатын азық қымбатқа түседі.Әсіресе ұшаның
морфологиялық және химиялық құрамы өзгереді.Әсіресе, мал азығы
жетіспеген жағдайда ұшаның етінде май ұлпаларының өсуі
баяулайды.Осының әсерінен малды сойғанда ұшаның сапасы төмен, сүйек
және дәнекер ұлпаларының үлесі мол.Жас малдың тірі салмағы
төмендегенде ұшаның етінің майы да азаяды.
Азықтандыру деңгейінің өзгеруіне байланысты, оның азық өтеуі де
өзгереді.Мал денесіне май бітуі көбейсе, 1 кг салмағына азық шығыны да
көбейеді.(8-20%-ға дейін), себебі майдың бітуіне азық шығыны көбірек
кетеді.Ет өніміне көп әсер ететін азықтың көптеген түрлері
болады.Малдың өсіп-даму кезеңдерінде, оның рационында көлемді азықтың
үлесі 70-80% болса (тамыр түйнекті, сүрлем, жасыл және басқа да көлемді
азықтар), жас малдар 18 айлығында көлемді азықты жақсы пайдалана
алады.Көлемді азықты пайдалануына байланысты,жас малдардың тірі
салмағы өседі, ас қорыту мүшелері жақсарады, іш майы көбейеді.Еттің
химиялық құрамы да өзгееді.Өгізшелердің етінде, егерде оларға жемді
көбірек берген жағдайда, суы азайып, майы көбірек бітеді.Малға жемді
көп беру, оның қарқынды өсуіне және организмінде майдың бітуіне көп
әсер етеді.Малдарды бордақылау кезеңдерінде, олардың ішкі мүшелеріне
майдың бітуі жоғарылайды.Бордақылаудың нәтижесінде мал тез
семіреді,ұшаның салмағы және ұша шығымы көбейеді.Малдың семіздігінің
нәтижесінде, оның ұшасының морфологиялық құрамы өзгеріп, сапасы
жақсарады.

1.4 Етті бағыттағы бұқаның биологиялық ерекшеліктері.

Етті бағыттағы бұқаның қарыны көп бөлімді күйіс қайыратын малға жатады.
Олар, негізінен, өсімдік тектес көкшөп және басқа да аумақты жемшөппен
қоректенеді. Ірі қара мал азықтандыруын алынатын өнімі бойынша сүтті және
етті болып келетін сала бағытына байланыстырады. Сүт өндіруге сүтті
бағыттағы қара-ала, аулие-ата, қырдың қызыл, симментал, бурыл латыш және де
сүтті-етті бағыттағы алатау секілді мүйізді ірі қара мал тұқымдарды
өсіріледі. Олардан өндірілетін сүт биохимиялық тұрғыдан құрамы өте күрделі,
ал қоректілік тұрғысынан төлге жұғымды сиыр желінінде пайда болатын құнды
биологиялық сұйық.
Малдың ас қорытуы белгілі химиялық және физикалық-химиялық
зандылықтарымен өтеді де, соның барысында сыртқы ортадан енген қосындылар
негізгі және аралық алмасу барысында анаболикалық және катоболикалық, яғни
түзу мен ыдыраушылық өзгерістерден өтіп аяққы (соңғы) қосындылары қалдықтар
түрінде қайта сыртқа шығарылады. Энергия сақталу заңдылықтарымен өтетін сол
өзгерістерді термо-химия тұрғысынан қарастыруға болады. Термохимия ілімінің
бірінші заңдылығы бойынша күрделі химиялық қосындыны ыдыратуға жұмсалатын
энергия, яғни жылу оның түзілгенінде пайда болған жылуға тең келеді.
Мысалы, судың грамм-молекуласы 18 г. Оны түзуге қатысатын 2 г сутегі мен 16
г оттегінен 69 ккал жылу шығады. Енді бұл суды электролизбен ыдыратқанда,
осыншама энергия (жылу) жұмсалады.
Қоректік заттар энергиясы, негізінен, аэробтық және анаэробтық жағдайда
өтетін цитохромдық тізбектегі терминалдық фосфорланып тотығу барысында
босайды. Оның басым бөлігі оттегі мен өтетін аэробтық тотығуда
босайтындықтан, қоректік заттың энергия бөлуін тотығуына жұмсаған оттегі
молекуласының санымен белгілеуге болады. Оларда байланған энергияның толық
босауы тотығу дәрежесімен анықталады.
Ас қорыту барысында мал денесіне желінген азық қоректік заттары мен
енген энергия түрі өзгереді. Желінген азықпен енген бүкіл энергияны
жалпы немесе брутто энергия (ЖЭ, БЭ) дейді. Оның қорытылмаған қоректік
заттар мен сіңірілмей нәжіспен (тезекпен) сыртқа шығарылған бөлігін
қорытылмаған қоректік заттар энергиясы немесе қорытылмаған энергия деп,
оны желінген азық энергиясынан алып тастаса, қорытылған қоректік заттар
энергиясы (ҚЭ) шығады. Қорытылған энергия көлемінен қорыту барысында жеңіл
ыдырайтын көмірсулар ашытылуынан пайда болатын ішек газдары мен несеппен
(зөрмен) шығарылатын энергаяны алса, қалған бөлігі тікелей зат алмасу
реакцияларына жұмсалатын физиологиялык, пайдалы немесе алмасу энергиясын
(АЭ) көрсетеді. Ішек газдары мен күйісті мал жеген азығының 6-12% энергиясы
шығындалады.
Организмде қоректік заттардан босаған энергия бірден жылуға айналмай,
алдымен өнім энергиясы болып байланады да біртіндеп, біршама мерзім созылып
өтетін бірқатар реакциялар барысында босатылады. Бо-аған энергия
организміндегі жоғары энергиялы макроэргтік қосындыларда, негізінен,
аденозинүшфосфатта (АҮФ) жиналады да, сонан соң организмдегі энергия
оттегімен де (аэробтық) және оттегінсіз де (анаэробтық жағдайда да) өтеді.
Қорытылған органикалық заттардың көмірсулары мен майлары көмір қышқылы
газы мен суға дейін ыдырап, энергияға толық айналады да, ал протеиндері
денеде тек зәрлікке (мочевина) дейін ыдырайтындықтан біршама энергиясы
байлаулы түрде зәрмен шығарылады. Осыған байланысты қоректік заттарды
калориметрлік қондырғыда оттегін жіберіп ыдыратқанда 1 г көмірсудан - 4,1
ккал, 1 г майдан — 9,3 ккал, 1 г белоктан — 5,7 ккал энергия шығады да,
мал денесінде қорытылған көмірсулар мен майдан осы көлемде, ал 1 г
белоктан — тек 4,1 ккал энергия босатылады. Демек, белоктан көмірсулармен
бірдей, ал майдан олардан 2—2,5 (орташа 2,25) есе көп энергия пайда болады.

1.5 Ет өндірісінде бұқаны бордақылаудың маңызы

Қарқынды жедел бордақылауға қойылатын 1,5-2 жасар етті бағыттағы бұқаға
әр түрлі бордақылау кезеңінде берілетін рацион азықтарының құрылымы болады.
Азықтармен бордақыланатын малды тәулігіне 3-4 рет азықтандырады. Бордақылау
орны қүрғақ болу керек. Астының сыздануы бордақылаудағы малдың салмағын 25-
30 % төмендетеді де, бордақылаудағы көзделген тірідей салмаққа жетуге
жұмсалатын азық шығынын үлғайтады. Бордақылаудағы малдың тәбетін жақсарту
үшін күніие бір уақыт таза ауада, күн көзінде серуендетіп түрады.
Негізі бордақылаудың алғашқы 20-30 күндік бастапқы кезеңінде малды
бордақылауда жұмсалатын азықтарға үйретеді. Етті бағыттағы бұқаны
бордақылауда өндірілген өнімнің өзіндік қүнына тікелей ықпал ететін азық
шығынын азайтып, бордақылау тиімділігін арттыру үшін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ірі қара малының гигиенасы туралы ақпарат
Қазақстанда өсірілетін сүтті-етті бағыттағы ірі қара тұқымдары
Етті бағыттағы асыл тұқымды бұқаны азықтандыру
Ірі қараны асылдандыру технологиясы
Асыл тұқымды бұқалардың табынын толықтыратын таналарды азықтандыру
Аталық малды ұрпағының сапасы бойынша сұрыптау
Асылтұқымды малдарды азықтандыру және олардың гигиенасы
Сүтті бағыттағы ірі қараны асылдандыру
Азық технологиясы мен ауыл шаруашылық малдарын толыққанды азықтандырудың тәжірибесін оқып білу
Шаруашылықтағы голштино - фриз тұқымды сиырларының сүт өнімділік көрсеткіштері
Пәндер