Мәшһүр Жүсіп Көпеев және фольклор үлгілері


№127 жалпы орта білім беретін мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ғылыми зерттеу жұмысының тақырыбы :
«Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің қолжазбаларындағы
«Қозы Көрпеш - Баян сұлу» лиро-эпостық жыры»
Бағыты : қазақ тілі мен әдебиеті
Орындаушы: 10 «А» сынып оқушысы Көпжасарова Аружан Ерназарқызы
Ғылыми жетекшісі: Манасова Жадра Амангельдиевна -
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалім, педагогі-зерттеуші
МАЗМҰНЫ
І Кіріспе . . . 10
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- 2 Мәшһүр Жүсіп Көпеев және фольклор үлгілері . . . 11
2. 2 Мәшһүр Жүсіптің жинаушылық ерекшелігі . . . 12
- Жырдың негізгі идеясы . . . 17
2. 4 Жырдың зерттелу тарихы . . . 19
ІІІ Қорытынды . . . 28
ІV Пайдаланылған әдебиеттер . . . 29
АБСТРАКТ
Зерттеудің өзектілігі: Ел үшін еткен еңбегі ұлан-асыр Мәшһүр Жүсіп Көпееввтің халық даналығынан тұратын ауыз әдебиеті үлгілерін жинауда еңбегі зор. Мәселен, Мәшһүр Жүсіп жазбаларында фольклордың барлық жанрлары қамтылған. Сондай-ақ қолжазбалар ішінде шежірелер, діни өлеңдер мен нақылдар, әлі баспа бетін көрмеген күлдіргі сөздер топтамасы, т. б. нұсқалары бар. Мұндай үлгілерді жинағанда аражігін бөліп-жармай, жаңа-ескі деп қарамай, шамасы келгенше фольклордың әр жанрын қамтып, барлығын жан-жақты жинауға тырысу - Мәшһүр Жүсіпке тән тамаша ерекшелік.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы :
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің фольклортану жолындағы және шығармашылығындағы құндылықтар өз дәрежесінде талданып, талқыланса, балаларды білімге, адамгершілікке баулудағы орны айқындалса, онда осы тұлға жайлы тереңірек танып біліп, тәжірибе жүзінде қолдану жолдары көрсетілсе, онда этнограф тұлғаның құндылығы артып, бабалар мұрасына деген құрметіміз биіктеп, патриоттық сезімдеріміз күшейе түсер еді.
Ғылыми жобаның мақсаты: Қазағымның тау тұлғасы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің фольклортанушылық және шығармашылық жолдағы ерен еңбегін терең танып білу, жастарды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеудегі орнын айқындау.
Жұмыстың міндеттері:
- Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің форльклортанушылық орнын айқындау;
- Әдебиеттану саласындағы еңбектерін анықтау;
- Шығармашылығының тәрбиелік мәнін таныту;
Ғылыми жұмысының ғылыми жаңалығы: Жүсіп Көпейұлының ауыз әдебиетін танушы және таратушы ретінде жасаған еңбегі терең талданып, талқыланды.
Зерттеудің теориялық мәнділігі: Еңбек жолы мен бірнеше шығармаларына терең сипаттама жасалып, олардың тәрбиелік мәні айқындалды
Зерттеудің практикалық мәнділігі : Зерттеу нәтижесінде жинақталған материалдар болашақта фольклорист, философтың еңбектерін әрі қарай зерттеп, зерделеймін деушіге көмекші құрал, сондай-ақ мектептің оқу-әдістемелік жұмыстарына, қазақ тілі әдебиеті сабақтарында, таңдау курстарында кеңінен қолдануға енгізуге болады.
Жұмыстың орындалу әдістері . «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жыры туралы терең танысу, деректер жинау, ғылыми ізденіс, зерттеу, талдау, салыстыру әдістері қолданылған.
АБСТРАКТ
Актуальность исследования: Большой вклад в развитие литературы страны внес Машхур Жусуп Копеев, изучавший образцы устного народного творчества - источника народной мудрости. Он изучаел все жанры фольклора. Среди рукописей великого ученого - летописи, религиозные стихи и пословицы, ранее не изданные сборники смешных рассказов. . Машхур Жусуп, с присущей ему особенностью, охватывает каждый жанр фольклора, не разделяя его по новизне или устарелости, стараясь собрать воедино все образцы.
Научный прогноз исследовательской работы: Анализ творчества Машхура Жусупа Копеева и обсуждение ценности его вклада в фольклористику, его значения в нравственном воспитании детей, более глубокое познание и практическое изучение личности именитого этнографа способствует уважению к наследию предков, тем самым способствуя усилению патриотических чувств.
Цель научного проекта: углубленное изучение творчества Машхура Жусупа Копеева, определение его значимости в изучении фольклора, и воспитании нравственности у молодежи.
Задачи работы: Определение форлклоризма Машхура Жусупа Копеева; изучение трудов в области литературоведения; показать воспитательное значение творчества;
Научная новизна исследования: был глубоко проанализирован и обсужден труд Жусупа Копеева как исследователя устной литературы.
Теоретическая значимость исследования: разработана глубокая характеристика трудовой деятельности и нескольких произведений, определено их воспитательное значение
Практическая значимость исследования: накопленный в результате исследования материал в дальнейшем может быть использован для дальнейшего изучения трудов фольклориста, философа, а также для широкого применения в учебно-методической работе школы, на уроках литературы казахского языка, на курсах по выбору.
ABSTRACT
Relevance of the research: Yusup Kopeyev, famous for his work for the country, has a great merit in collecting samples of oral literature consisting of folk wisdom. For example, Mashhur Yusup's writings include all genres of folklore. Also among the manuscripts there are genealogies, religious poems and sayings, a collection of funny sayings that have not yet seen the printed page, etc. There are options. When collecting such samples, he does not divide them, does not consider them as new or old, and tries to cover all genres of folklore as much as possible and collect them comprehensively - Mashhur Yusup's great feature.
Scientific forecast of the research work:
If the values in folklore studies and creativity of the famous Yusup Kopeev are analyzed and discussed in their own degree, if the role of educating children in education and morality is defined, if we learn more about this person and show ways of practical application, then the value of the ethnographic person will increase, our respect for the heritage of our ancestors will increase, and our patriotic feelings will increase. would get stronger.
The purpose of the scientific project: to deeply recognize the great work of the famous Kazakh mountain person Mashhur Yusip Kopeev in the field of folklore and creativity, to determine his role in educating young people to moral qualities.
Job duties:
➢ Determining the position of the famous Zhusip Kopeev as a forlornologist;
➢ Identification of works in the field of literary studies;
➢ Demonstrate the educational value of creativity;
The scientific novelty of his scientific work: the work of Zhusip Kopeiuli as a connoisseur and spreader of oral literature was deeply analyzed and discussed.
Theoretical significance of the research: His career and several works were described in depth, and their educational value was determined
Practical significance of the research: In the future, the materials collected as a result of the research can be used as an auxiliary tool for those who want to further study and study the works of the folklorist and philosopher, as well as in the teaching-methodical works of the school, in Kazakh language literature classes, elective courses.
Work performance methods. Methods of in-depth study, data collection, scientific research, research, analysis, and comparison of the song "Kozy Korpesh - Bayan Sulu" have been used.
«№127 жалпы орта білім беретін мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
10 «А» сынып оқушысы Көпжасарова Аружанның
«Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің қолжазбаларындағы
«Қозы Көрпеш - Баян сұлу» лиро-эпостық жыры»
атты ғылыми жұмысына
Пікір
«№127 жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
10 «А» сынып оқушысы Көпжасарова Аружанның «Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің
қолжазбаларындағы «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» лиро-эпостық жыры» атты ғылыми жобасы ғұлама, ойшыл, ақын, ұлтымыздың ауыз әдебиетінің үлгілерін жинаған фольклортанушы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шығармашылық еңбек жолдарынан сипаттама жасауға арналған.
Ғылыми жобаның мақсаты: Қазағымның тау тұлғасы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің фольклортанушылық және шығармашылық жолындағы ерен еңбегін терең танып білу, жастарды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеудегі орнын айқындау.
Ғылыми жұмысының ғылыми жаңалығы: Жүсіп Көпейұлының ауыз әдебиетін танушы және таратушы ретінде жасаған еңбегі терең талданып, талқыланды.
Зерттеу жұмысында халқымыздың біртуар азаматының еңбек жолына және шығармаларындағы құндылықтар терең зерттелініп, сараланған. Ерен еңбектеріне терең талдау жасалынады. Нақты мысалдар арқылы ақынның адамгершілікке, ар-ұятқа негізделген терең танымды нақыштарына тоқталады.
Зерттеу жүргізу барысында көптеген материалдарды қарап, талдау жасай отырып, өз ойын білдіріп отырған.
Жалпы алғанда ғылыми жоба өз дәрежесінде жасалынған деуге болады. Зерттеу жұмысының мазмұндылығы мен мәнділігін ескере отырып, жоғары дәрежеде бағалауға ұсынамын.
«№127 жалпы орта білім беретін мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Манасова Жадра Амангельдиевна
«№127 жалпы орта білім беретін мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
10 «А» сынып оқушысы Көпжасарова Аружанның
«Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің қолжазбаларындағы
«Қозы Көрпеш - Баян сұлу» лиро-эпостық жыры»
атты ғылыми жұмысына
Пікір
«№127 жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
10 «А» сынып оқушысы Көпжасарова Аружанның «Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің
қолжазбаларындағы «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» лиро-эпостық жыры» атты ғылыми жобасы ғұлама, ойшыл, ақын, ұлтымыздың ауыз әдебиетінің үлгілерін жинаған фольклортанушы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шығармашылық еңбек жолдарынан сипаттама жасауға арналған.
Қазақ еліміздің тау тұлғасы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің фольклортанушылық және шығармашылық жолындағы ерен еңбегін терең танып біліп, жастарды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеудегі орнының айрықша екендігін көрсете білген.
Ғылыми жетекшісі мұғалім-зерттеуші Ж. А. Манасованың жетекшілік етуімен Жүсіп Көпейұлының ауыз әдебиетін танушы және таратушы ретінде жасаған еңбегі терең талданып, талқыланған.
Зерттеу жұмысында халқымыздың біртуар азаматының еңбек жолына және шығармаларындағы құндылықтар терең зерттелініп, сараланған. Ерен еңбектеріне талдау жасалынады. Нақты мысалдар арқылы ақынның адамгершілікке, ар-ұятқа негізделген терең танымды нақыштарына тоқталады.
Зерттеу жүргізу барысында көптеген материалдарды қарап, талдау жасай отырып, өз ойын білдіріп отырған.
Жалпы алғанда ғылыми жоба өз дәрежесінде жасалынған деуге болады.
Халқымыздың маңдайына біткен інжу-маржандарымыздың бірі Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің аты әрдайым санамызда жаңғырып, жадымызда жатталсын дей келе, зерттеу жұмысының мазмұндылығы мен мәнділігін ескере отырып, жоғары дәрежеде бағалауға ұсынамын.
Мектеп директоры: О. А. Камысбаев
Педагог-шебер: А. О. Жиеналиева
«№127 жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің»
10 «А» сынып оқушысы Көпжасарова Аружанның «Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің
қолжазбаларындағы «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» лиро-эпостық жыры» атты ғылыми зерттеу жұмысы жайлы
К Ү Н Д Е Л І Г І
(2021 жыл)
Қыркүйек, қазан
2021 ж.
«Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің
қолжазбаларындағы «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» лиро-эпостық жыры» зерттеудің тақырыбы болып бекітілді.
желтоқсан
2021 ж.
қаңтар
2022ж.
мамыр
2022ж.
қыркүйек
2022ж.
Қазақстан Республикасы
Шымкент қаласы
№127 жалпы орта білім беретін мектебі
Ғылыми зерттеуші: 10 «А» сынып оқушысы Көпжасарова Аружан Ерназарқызы
Ғылыми жетекшісі: Манасова Жадра Амангельдиевна
Ғылыми зерттеу жұмысының тақырыбы:
«Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің қолжазбаларындағы
«Қозы Көрпеш - Баян сұлу» лиро-эпостық жыры»
"Қозы Көрпеш - Баян сұлу" жыры - қазақ эпосының шоқтығы.
Оның сюжеті халықаралық, бірақ бірде-бір халық оны
дəл қазақтардай ғажайып жырға айналдыра алған жоқ . . .
Бұл жыр - дүниежүзіндегі ең қымбат əдебиет мұраларына жататын шығарма.
Шоқан Уәлиханов
І. Кіріспе
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы 1858-1931 жылдар аралығында өмір сүрген ойшыл, фольклортанушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы. Бала кезінен мұсылманша хат таныған Жүсіп Көпейұлы шығыс жауһарларымен сусындап өскен. Орыс тiлiн жетік меңгеріп, батыс өркениетімен де танысқан ол тарих, этнология, фольклористика, әдебиет, тiл тарихы, этнография, философия, медицина, космология сияқты ғылым салаларына қатысты көптеген еңбектерді жазып қалдырды.
Туған жері - Павлодар облысы Баянауыл ауданы, Арғын тайпасы Сүйіндік руы Күлік бөлімінен шыққан.
Мәшһүр Жүсіп араб және парсы тілдерін жетік білгенімен қоймай, көп тілді білген ғұлама. Ол өлең жазумен қатар, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап бастырумен де айналысты. Шежірелер мен айтыстарды, көптеген тарихи жырларды хатқа түсіріп, кейінгі ұрпаққа аманаттады. Сонымен бірге, ол күллі ғұмырын қазақ халқын сауаттандыруға жұмсады десек те болады. ҚАЗАҚТЫН ЖЕРІ, “Күн батысы - Сырдария, күншығысы - ұзын аққан Ертіс, оңтүстігі - Жетісу өзені, солтүстігі - Еділ, Жайық. Бұл қазақ иесіз жатқан жерге келіп ие болған жоқ, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен кеше Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қазыбек би, Шақшақұлы Жәнібек батыр заманында жаннан кешіп, сусын орнына қызыл қан ішіп, жаудай алысып, жаттай салысып, күні-түні атысып, қара қанға батысып, шыбын жанын нысанаға байлап, не маңғаз сарбаздары жау жолында оққа ұшып өліп, сөйтіп алған жері еді . . . ”
7 жасар кезінен-ақ халық әдебиеті үлгілерін жинаумен айналыса бастаған Мәшһүр Жүсіп шежірелер мен айтыстарды, көптеген тарихи жырларды хатқа түсіріп, кейінгі ұрпаққа аманаттады. Ақынның жинаған фольклор үлгілерінің басым көпшілігі - аңыз бен әңгімелер. Ол ел арасынан «Қамбар батыр», «Ер Тарғын», «Ер Көкше», «Ер Сайын», «Нәрік ұлы Шора батыр» тәрізді батырлар жырларын, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Алтынбас-Күмісаяқ» сынды лиро-эпостық жырларды да жинаған.
Зерттеудің өзектілігі.
Ел үшін жасаған еңбегі ұлан-асыр Мәшһүр Жүсіп Көпееввтің халық даналығынан тұратын ауыз әдебиеті үлгілерін жинауда еңбегі зор. Мәселен, Мәшһүр Жүсіп жазбаларында фольклордың барлық жанрлары қамтылған. Егер жанр бойынша жіктеп жүйеге келтірсек, ертегілерден 15 шақты мәтін үлгі; батырлық жырлардан - 5-6; ғашықтық жырдан - 2-3; қисса-дастандардан - 11-12; тұрмыс-салт жырларынан - 30-40 шақтысы; аңыз-әңгімелердің - 200-300 үлгісі; жаңылтпаштың - 100-150 шақты көлемі; жұмбақтың қара сөз бен өлең түріндегісі - 50 шақтысы; мақал-мәтелдердің 2, 5 мың жолдық мөлшері; ақындар айтысының 27 үлгісі; 30-40 шақты ақын-жыраулардың өлеңдері, дастандары т. б. орын алған. Сондай-ақ қолжазбалар ішінде шежірелер, діни өлеңдер мен нақылдар, әлі баспа бетін көрмеген күлдіргі сөздер топтамасы, т. б. нұсқалары бар. Мұндай үлгілерді жинағанда аражігін бөліп-жармай, жаңа-ескі деп қарамай, шамасы келгенше фольклордың әр жанрын қамтып, барлығын жан-жақты жинауға тырысу тек Мәшһүр Жүсіп ерекшелігі емес, сол тұстағы көптеген ғалым-фольклоршылардың шарты.
Өз еңбектерін ілгерілетіп, халқымыздың білім көзін ашудағы орасан еңбегін зерделеп танып білу зерттеу жұмысымыздың өзекті мәселесі болмақ.
Ғылыми жобаның мақсаты: Қазағымның Мәшһүрі - Жүсіп Көпеевтің шығармашылық жолдағы даналығы мен парасаттылығын терең танып білу, жастарды өзінің тарихын, мәдениетін, әдебиетін білуге үндейтін адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеудегі орнын айқындау.
Жұмыстың міндеттері:
- Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің фольклортанушылық орнын айқындау;
- «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» және Көпеев нұсқасын анықтау;
- «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» нұсқаларының үндестігін таныту;
- Ойшыл еңбектерінің тәрбиелік мәнін көрсету.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Мәшһүр Жүсіп Көпеев және фольклор үлгілері
Мәшһүр Жүсіп 1886 жылы 28 жасында «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Ер Тарғын» жырларын Қамар хазіреттің қолжазбасынан көшіріп алғаны мәлім. Зерттеуші ел аузынан түрлі ертегілер де жинаған - «Еділ-Жайық», «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама», «Алаша хан», «Ер Төстік», «Әз Жәнібек және бір ұста».
10-15 жасынан бастап-ақ өлең жазып, хат жазарлық болғаннан-ақ Мәшһүр Жүсіп халық әдебиетін ел аузынан да, қағаз бетінен де жинаумен айналысады. 1887 жылы 29 жасында Мәшһүр Жүсіп Бұхара, Ташкент, Түркістан, т. б. шаһарларға сапарға шығады. Ол заманда негізгі көлік қатынасы түйе мен ат болғанын ескерсек, бұл сапарының өзі 2-3 жыл уақытты қамтыса керек. Мәшһүр Жүсіп бір жыл Бұхарада тұрып оқып, білімін толықтырады. Араб, парсы, шағатай, түркі тілдерін үйренеді. Өзбек, тәжік, және т. б. тілдерді де біледі, әдет-ғұрпын түсінеді. Көптеген ғылыми кітаптарды оқып, танысады.
Келесі жылы Бұхарадан қайтып, Түркістандағы атақты Қожа Ахмет Йасауидің басындағы Әмір Темір салдырған көк күмбезін көреді. Онда да бірсыпыра уақыт болып, бірнеше ғалымдармен танысады. Одан әрі Сыр өңірін аралайды. Майлықожа Сұлтанқожаұлымен жолығады, жеті атасынан бері ақындық үзілмеген дуана қожа Көшек, Күдері қожа тұқымдарымен танысады. Одан кейін Шу мен Сырдан өтіп, Ұлытау мен Кішітауды басып, Есіл мен Нұраны жайлап, мекен қылған жұртты аралайды. Осындай екінші сапарына Мәшһүр Жүсіп 37 жасында, яғни 1895 жылдар шамасында шықса, үшінші сапары 49 жасына (1907) сәйкес келеді.
Мәшһүр Жүсіптің үш кітабы: “Сарыарқаның кімдікі екендігі”, “Хал-ахуал”, “Тіршілікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз” атты туындылары 1907 жылы Қазан қаласындағы Құсайыновтар баспаханасынан жарық көреді. Кейіннен ол баспаханадан шыққан 14 қалам иесінің шығармаларын цензура сотқа тартады. Ішінде Мәшһүр Жүсіптің жоғарыда аталған еңбектері де бар еді.
Мәшһүр Жүсіп жинаған фольклор үлгілерінің басым көпшілігі - аңыз бен әңгімелер. Мұндағы аңыздар: жер-су аттары.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz