Асықпен ойналатын ойын түрлері және асық атаулары


Ойын арқылы адамзат баласы тіршілікті игеру, қоғамға араласу, табиғат және құбылыстарды меңгеру сатыларынан өтеді. Ойын баланы дамытады, тәрбиелейді, өсіреді. Тәрбиелеу және білім беру ісінде де ойын - негізгі құрал, тәсіл, амал.
Оқыту үрдісінде ұлттық ойындарды қолдану жөнінде соңғы уақытта көптеген ғылыми, әдістемелік әдебиеттерде айтылып келеді. Ойынның теориясы негізінде Ф. Фбрель, Н. К. Крупская классификациясынан басталып, Р. С. Жуковская, Н. Е. Михайленко, Н. А. Короткова, Н. П. Нечаева зерттеулерінде жан-жақты қарастырылады.
Қазіргі ұлттық ойындар проблемасын зерттеушілер: А. Бүркітбаев, Д. Жолымбетов, Е. Сағындықұлы, Ш. Ибраев, С. Қалиев, А. Құралбекұлы, А. Молдағарин, М. Тұрыскелдина, Б. Тотенаев еңбектері оны оқыту және тәрбие беруде пайдалану тұрғысынан құндылығын аша түсуде.
М. Тұрыскелдина, А. Бүркітбаев, Е. Төтенаев еңбектері ұлттық ойындардың практикалық мәнін көрсетіп, олардың білімділік - тәрбиелік маңызын дәлелдейді. А. Молдағарин әдістемелік зерттеулерінде ұлт ойындарын оқыту үрдісінде қолдану мүмкіндіктерін көрсетуге талпынады.
Ұлттық ойындарды пайдаланудың әдістемесін мардымды меңгермегендіктен, дене шынықтыру сабағынды өкінішке орай, біраз мұғалімдер өзінің оқу жұмысында қазақтың ұлттық ойындарын көп қолдана бермейді. Осыдан келіп бұл ойындардың мүмкіншіліктерін пайдаланбайды. Осыған орай ұлттық ойындарды қолданудың психологиялық - педагогикалқ негіздерін қарастыру, оның түрлерін айқындап, оларды оқу - тәрбие жұмысында қолданудың қажеттілігі болып отыр. Сондықтан диплом жұмысы осы өзекті мәселеге арналып отыр.
Дипломдық жұмыстың пәні: ұлттық ойын түрлерінің бала тәрбиесіндегі маңызын қалыптастыру процесі.
Дипломдық жұмыстың нысаны: баланың тұлғасын қалыптастырудағы ұлттық ойындардың маңызы.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: қазақ халқының ұлттық ойындарының бала тәрбиесіндегі маңызын теория жүзінде айқындай отырып, эксперимент жүзінде негіздеу.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
- ұлттық ойындардың теориялық негіздерін мазмұндау және дене шынықтыру сабағында қолданылатын түрлерін сипаттау;
- ұлттық ойын түрлерін дене шынықтыру пәнінде пайдалану және бала тәрбиесіне ықпалын анықтау.
- ұлттық ойындардың оқыту процесінде пайдаланудың тиімділігін тәжірибелік эксперимент негізінде дәілдеу;
Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Қазақтың ұлттық ойын түрлері мен ерекшеліктеріне теориялық шолу
1. 1 Ойын түрлері және оларға жалпы түсінік
Оқыту мен тәрбиелеу оқу қызметінде білім беру бағдарламаларын кеңінен игеру үшін мыналарды: оқу, жазу, сөйлеу дағдыларын, қарапайым тілдік қарым-қатынас тәжірибесін, шығармашылықпен өзін-өзі көрсетуді, мінез-құлық мәдениетін, жеке гигиена және салауатты өмір салтының негіздерін қалыптастыруға бағытталған. Баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс әрекеті - ойын. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен, адамдармен, олардың еңбектерінмен танысады. Халқымыздың осындай тәрбие туралы және аса құнды мәдени игіліктерінің бірі - ұлттық ойындар.
Қазақ халқының ойындары өте ерте туып, оның көшіп-қонған өмірінен түсінік бергендей әсер қалдырады. Олай дейтін себебіміз ойындардың көпшілігі көшпелі тұрмысқа, салт жүріске лайықталып, арнайы материалдың әзірліксіз ойнала беретіндігінде. Халықтық ойындар осылайша атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып, халықтық дәстүрлі шаруашылық, мәдени, өнер тіршілігінің бейнесі болып қала берген. Сонымен қатар ұлттық ойындар сол халықтың өзінің ішкі байланысына ғана емес, басқа халықтармен ұлтаралық қатынастарының негізін қалаған. Осы ойындар ғасырлар бойы қоғамдық тәрбиенің баға жетпес қызметін атқарған. Тарихтың көнелігіне қарамастан ойын үнемі жаңа, тот баспайтын, ескірмейтін нәрсе, өйткені күн сайын дүниеге келіп жататын сәбилердің қиялын қозғап, сезімдерін аялайтын, денеге қуат, жанға саулық беріп, рухани азық болатыны да осы ойын болып саналады. Бүгінгі таңда жеткіншек ұрпаққа гуманистік тәрбие беруде, олардың болашаққа деген нақты көзқарасын қалыптастыруда ұлттық ойындарды қолдануға жоғары баға беруге болады.
Қазақ халқының ұлттық ойындары жайындағы алғашқы деректемелерді қағаз бетіне түсіргендердің бірі - Венеция саяхатшысы Марко Поло болды. Ол өзінің Қазақстанға жасаған саяхатында Жетісу бойындағы қазақ ауылының мерекелік тойларда болып, ойын-сауықтарды көріп, көптеген ұлт ойындарында талдау жасап, шығу тарихтарына, қалыптасу дәуірлеріне де болжам айтқан. Ұлт ойындарының қалыптасуы тек балаларға ғана керектігімен дамып қалған жоқ, ересектап ердің күнделікті тіршіліктегі қозғалысымен көңіл көтеріп, демалыс уақытын өткізудегі қолданылған еңбектің бір түрі ретінде дамыды [3] .
XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ даласын аралаған поляк халқының өкілі ревалюциялық күреске қатысқаны үшін Сібірге жер аударылып келіп, қазақ даласына тап болған, өзінің саяхаттары туралы «Күнделіктер мен хаттар немесе қазақ даласына жасаған саяхат туралы жазбалар» деген кітабының авторы А. Янушкевич естен кетпейтін естеліктер жазды. Ол еңбегінде қазақ халқының тұрмысын әр қырынан суреттей отырып, олардың өнерінің, ойын-сауықтарының өзіне қатты ұнағанын айтады. Сонымен бірге Янушкевич халық өнерін жан-жақты сөз ие ете отырып, оның табиғатпен астасып, халық тұрмысымен, әдет-ғұрпымен, қоршаған ортамен байланысып жатқанын сөз етеді. [4]
Халық педагогикасының адам, отбасы, өскелең жас ұрпақты тәрбиелеу туралы арман-мақсаттарын, орныққан пікірлерін, ұсыныстарын қамтып, көрсететін педагогикалық идеялар мен салт-дәстүрлері өткен мен қазіргінің арасындағы байланысты көрсетеді. Ол тарихи даму барысындағы әлеуметтік мәні бар ақпараттар жиналып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Ең алдымен, халық педагогикасы өскелең ұрпақтың еңбек пен өмір сүру бейнесінің негізі болып, оларды келешектегі қызметіне дайындайды.
Қай халықтың өмірінде де ұжмымдық жүйеде тәрбиеленетін бала тірлігінде ойынның мазмұны бай, тақырыбы әр алуан кең болатыны белгілі. Оған тиісті педагогикалық, психологиялық бағыт-бағдар дұрыс беріліп, ол мақсатты түрде жүйелі ұйымдастырылуы тиіс.
Қазақстан Республиасының Білім туралы Заңында: білім алушылар мен тәрбиелеушілер, педагог қызметкерлер мен ересектер арасында әр түрлі: спорттық жарыстар, ұлттық ойындар, семинарлар, конференциялар сондай-ақ, іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу көрсетілген. Демек, қазақтың ұлттық ойындары сауықтық жағынан ғана емес, ол-спорт, ол- өнер, ол- шаруашылық тәжірибелік маңызы бар тәрбие құралы.
Ұлттық ойындары ұғымы - әр халықтың төл дүниетанымынан, жағырапиялық жағдайларға бейімделуінен, ел мен жерді сыртқы жаудан қорғау дайындығынан негізгі ақпар береді. Бағзыдан бері сайын дала төсінде мекендеген сан алуан тайпалар мен мемлекеттердің бүгінгі мұрагері қазақ халқының күнделікті өмір салтында ойын әрекеттерінің орны қашанда ерекше болған. Ұлттық ойындар қазақ халқының өмірінде үлкен маңызымен қатар алуан түрге ие болуында. Ең қызығы кішкентай балалардан ересек адамдарға дейін қатысып ойнайтын сан алуан ойын түрлері бар. Қазақтың ұлттық ойындары жалпы сипатына ең негізгі бес түрге бөлінеді. Бір ескерер дүние, бұл бес ойын түрі түркі тектес халықтардың барлығына ортақ десек те болады. Соның бірі тоғызқұмалақ ойыны.
«Тоғызқұмалақ» - ең ежелгі ойындардың бірі. Ертеде өмір сүрген малшылардың отаулар мен екі қазанды үлкен ойықтары тоғызқұмалақтың осыдан төрт мың жыл бұрын жасалғандығын ғалымдар нақты дәлелдеп отыр. «Тоғызқұмалақты» қойшылар ойыны дейтіні - таңнан кешке дейін табиғат аясында қой баққан қойшылар уақыт өткізу үшін шұңқыр қазып, оған қойдың кептірілген 162 құмалағын салып ойнайтын болған. Әрине, «Тоғызқұмалақ» - зияткерлік ойын. Сондықтан шығар бұл ойынды қазақтың небір көрнекті тұлғалары құмарта ойнаған. Олардың қатарында Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбайұлы, Мұхтар Әуезов, Қалибек Қуаншыбаевтар бар. Кеңес үкіметі жылдары «Тоғызқұмалақты» ұрпаққа аса қажетті құндылық деп дәлелдеп, Қазақстан Коммунистік Партиясы Орталық Комитетіне ашық хат жолдап қорғап қалған қазақ өнерінің майталмандары Кәукен Кенжетаев пен Рашид Абдуллиндер еді. 1906 жылы Ресейдің этнограф ғалымы Н. Пантусов Қазан қаласында «Тоғызқұмалақ» туралы алғаш мақала жариялады. Ал «Тоғызқұмалақ» ойыны туралы 1936 жылы тұңғыш кітап жазған - қазақтың әйгілі лингвист ғалымы Сәрсен Аманжолов еді.
«Тоғызқұмалақ» - қазақ халқының баға жетпес рухани қазынасы. Бұл ойынының тарихы тым ілкіде жатыр. Қазіргі күні «Тоғызқұмалақ» әлемнің көптеген мемлекеттеріне кеңінен танымал. Атап айтқанда, Ұлыбритания, Швейцария, Франция, Германия, Испания, Түркия, Чехия, Ресей, Украина, Қытай, Моңғолия, Қырғызстан, Колумбия елдерінде сан мыңдаған адам «Тоғызқұмалақ» ойнауда. Ұлттық ойындардың қалыптасуына қандай да бір жағдай түрткі болды деуге бола ма? Сенімді түрде солай деп айтуға әбден болады. Кең сахараны мекен еткен еркін халық күнделікті тұрмыс-тіршілігінде ойын-сауыққа ерекше мән беріп отырған. Және үлкен-кіші ойнайтын әрбір ойынның шығу негізінде ұлттың дүниетанымы мен тарихы жатыр. Себепсіз ештеңе де пайда болмайтыны секілді қазақтың әрбір ойынның шығу тегінде өмірлік қажеттіліктер мен сұраныстар жатыр. Адамзат баласы ойын элементтері арқылы өмірде кездесетін қауіп-қатерден сақтануға, ақыл-айлалы болуға осы ойындар арқылы машықтанып отырған. Тоғызқұмалақ ойнынан өзге, қазақтардың қыстың ұзақ кештеріндегі сүйікті ермегінің бір дойбы ойыны болған. Әлем тарихында тым ілкі дәуірлерде пайда болған осы дойбы ойыны қазақ даласына да ертеректе келгені анық. Енді дойбы туралы мәліметтерге назар аударсақ. Дойбы ең алғаш Мысыр жерінде 3500 жыл бұрын пайда болған деген болжам бар. Қазіргі заманғы зерттеушілер дойбының таралу тарихы мен жолдарын әлі күнге дейін толық дәлелдеп, ғасырлар қойнауында жасырын жатқын сырды әлі де толыққанды талдап бере алған жоқ. Зерттеулерге қарағанда кәдімгі дойбы ойыны орта Азияға Х ғасырларда жеткен көрінеді. Ал, қазақ даласына дойбы XYIII ғасырда сауда жолдары арқылы келген, қазақтың батыс аймақтарында «шатраш», ал басқа аймақтарда «дойбы» деп аталған деген деректер жиі ұшырасады. Енді «Шөген» ойынының қысқаша тарихына тоқтала кетсек. Ол туралы бізге жеткен тарихи мәліметтер не дейді екен? Жылқыны алғаш қолға үйретіп, оны мініс көлігі мен азығы, сондай-ақ сусыны ретінде пайдаланушылар - қазақ жерінде өмір сүрген ежелгі тайпалар екенін ғалым В. Зайберт «Ботай мәдениеті» арқылы дәлелдеген болатын [5] .
Бағзы бабаларымыз жылқыны қолға үйретіп қана қоймай, сауып сусынға, жаратып бәйгеге қосқан. Азаматтарымыз ат үстінде «Көкпар» тартып, аударыспақ ойнаған. Сонымен бірге ат үстінде «Шөген» ойынын ойнаған. Шөген - түркі тектес тайпа-ұлыстарда, соның ішінде қазақтарда ежелгі замандарда кең тараған спорттық ойын. Ойнаушыдан аса шеберлік пен ептілікті қажет ететін бұл сайыс түрі күні кешеге дейін қазақ халқында ұлттық ойын ретінде қолданылып келген. Өкінішке қарай, бұл ойын түрі қазір түркі дүниесі елдерінде де, қазақ халқының да кейінгі ұрпақтарының есінде мүлде ұмыт болды. Мұның басты себебін, қазақтар мен өзге түркі халықтарының ұзақ уақыт бойы бодандықта болуымен түсіндіруге болады.
«Шөген» ойынын еске түсіретін ат спорт түрі бұл күндері Еуропадан кездеседі. Ағылшын ақсүйектерінің сүйікті әрі машықты спорт ойынынның бірі - «Поло» ойыны. Поло ойыны бүгінгі қазақтарға тек теледидар арқылы ғана жақсы таныс. Яғни, ат үстінде доп таяқпен доп қуалап ойнайтын бұл ойынды «ат хоккейі» деуге де болады. Бұл «ат хоккейді» біздің ата-бабаларымыз да сүйіп ойнаған. Оған көне түркі мұралары, атап айтқанда Махмұд Қашқаридің, Жүсіп Баласағұнның еңбектері куә болады. X-XI ғасырлардағы түркі халықтарының ежелгі мұраларында «Шөген» ойыны туралы нақты деректер бар. Жүсіп Баласағұни өзінің «Құтты білік» дастанында «Елшілер қандай болу керектігі туралы баяндалатын» тарауында осы шөгенді айтып өтеді. Елші тілге шебер, шешен, әдепті, зерелі алғыр болуы керек, әрі шахматты, шөгенді жақсы ойнауы тиіс дейді. Сонымен қатар, Махмұд Қашқаридің «Түркі сөздігі» кітабында шөгенді ат үстінен арнайы имек таяқпен доп қуалап ойнайтын спорт түрі деп атап өтеді [6] . Осы Орта Азия мен қазақ жерінде кеңінен ойнаған «Шөген» яғни «Атты поло» ойыны соңғы жылдары көршілес Өзбекстан елінде жақсы жолға қойылып келеді. Поло ойынының түп бесігі - түркілер екендігі даусыз. «Шөген» ойыны Тұранда туып-өскен Ұлы Моғолдар империясының патшасы Бабыр Үндістанға апарған. Кейін Үндістанды жаулап алған ағылшындардың «шөгенді» Англияға таратып ойнай бастаған. «Ат полосы» немесе біздің ата-бабаларымыз ойнаған «Шөген» ойыны қазіргі күні әлем халқының қызығушылығын оятып, кеңінен таралып келе жатыр. Аргентинада тіпті әйелдердің өзі осы ойынды ойнайтын көрінеді. Сонда кешегі «амазонкалардың» ұрпағы, ерлермен қатар ат құлағында ойнап жауға шапқан қазақ әйелдері де бұл ат спортымен неге шұғылданбасқа деген де ой келеді екен.
Қазақ халқы төрт түлік малдың еті мен сүйегін, терісі мен жүнін күнделікті тұрмыс қажетіне молынан пайдаланып келген. Бұл - қазіргі тілмен айтқанда - қалдықсыз өндіріс болып саналады. Ұсақ малдың жілігінде болатын асықтар мен ірі қара малдың сақаларын етінен арылтып, бояп, қажет болса қорғасын құйып, түрлі ойындарға пайдаланған. Міне, осыдан асық ойыны пайда болған. Асық ойыны - баланы ептілік пен тапқырлыққа, батылдыққа, есептей білуге үйретудің таптырмас құралы. Бір асықтың өзі ғана қазақтың қаншама сөзін өн бойында сақтап тұр. Асыққа қатысты ырымдар мен тыйымдар, мақалдар мен мәтелдер де баршылық. Бұлардың барлығы да халқымыздың асық ойнына деген ынта ықыласының белгісі.
Қазақта «асығың алшысынан түссін» деген ізгі тілек бар. Ойындағысы, арманы орындалып, жолы болу, ісі өрге басу деген мағынаға саяды. Мысалы «құмар» иіргенде төртеуі бірдей түссе төрт құбыласы тең деп, төрт түлігің қатар өсер, төбедегің алдыңа түсер дейді. Әр нәрсенің өзіне сай шегі болатынын меңзеген халық даналығы «Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар» дейді [7] . Расымен де, ерте заманда асық ойнап, құмарпаздыққа салынып кететін жағдайлар да болған екен. Доп демекші, қазақ халқы ежелден бері малдың жүнін былғарыға нығыздап тігіп, доп жасап, түрлі ойындар ойнауға пайдаланып келген. «Адамның басы Алланың добы» сөзі де тым ілгеріде пайда болса керек. Қазақтың көптеген ойындарын қазіргі әлемдік танымал ойындардың түпкі бастауы мен қайнар көзі ретінде де қарастыруға толық негіз бар.
Қазақ халқының көнеден келе жатқан ойындарының бірі - «Қағар» немесе «Кагар». Жалпы, «қағар» деген атаудың өзі «қағу» деген сөзден шыққан болса керек. Қағарды қала бері қазақтың, сондай-ақ түркілердің төл ойыны деуге толық қақымыз бар. Қағар - балаларды жылдамдыққа, ептілікке, қарсыластың күші мен ойын жоспарын аңғара білуге, кішкентай жастағыларды санауға үйрететін қозғалысты ойын. Қағар - қазақтың «бейсболы». Қағарға ұқсас ойындар көптеген халықтарда бар. Мысалы, орыстың «чижигі», ингуштің «чиж» немесе «кулі» және тағы басқалары. Америкалықтардың танымал ойыны бейсболдың да көптеген элементтері қағарға ұқсас. (Аталған ойындардың суреті, ойын элементтерінен кадрлар көрсетілсе) Қазақтың «Шүлдік» атты ойынын да қағардың бір түрі деуге болады. Енді «Қағарды» ойнау тәртібі туралы айтсақ. Қағарды ойнау үшін көбінесе жазық жер пайдаланылады. Алаңқайға диаметрі шамамен 5-8 метрлік шеңбер сызылады. Ойын ойнау үшін ағаш таяқ пен (12-15 см) өлшемдегі, жуандығы бір еліден артық таяқша керек. Таяқшаның екі ұшы аздап сүйірленіп жонылады. Ойынға екі немесе одан да көп адам қатысады. Ойынды бастайтын ойыншы немесе команда анықталады. Ойынды бастаушы анықталған соң, ойын бағыты белгіленеді. Мұнда таяқшаны лақтырған кезде ойыншының көзі күнге шағылыспауы, желге қарсы болмауы ескеріледі. Ойынды бастаушы алаңның ішінде бір қолына ұзын таяқты, екінші қолына таяқшаны ұстап тұрады да, басының деңгейінде көтеріп лақтыра беріп, ұзын таяқпен әуелете ұрады. Осы кезде ол: «Қағар!» - деп айқайлауы керек. Шеңбердің сыртында тұрған ойыншылардың мақсаты - әуеде ұшып келе жатқан таяқшаны жерге түсірмей қағып алу. Мұндай жағдайда шеңберден ұру кезегі ұстап алған жаққа беріледі. Әрі ұпайға ие болады.
Мынау әлемді ойындарсыз, әсіресе спорттық ойындарсыз да елестету тіптен мүмкін емес. Атап айтқанда, қысқы спорт түрлеріне жататын шаңғы мен конькиді атауға болады. Коньки мен шаңғының түп отаны - Еуропа екенін әлем тарихы мойындап келген. Ежелгі киммерлер - алғаш сүйек конькимен сырғанаушылар, ал қазіргі Ресейдің Балтық маңында өмір сүрген тайпалар шаңғыны алғаш аяққа іліп қолданушылар ретінде айтылады. Бірақ осы жөнінде қазақ этнографтарының өз айтары бар. Қазақтың белгілі ақыны, мәдениеттанушы ғалым, Ақылбек Шаяхмет халқымыздың ұмыт қалған көптеген дүниелерін қайтадан жаңғыртуға атсалысып жүрген тұлғалардың бірі.
Ғалымның айтуынша коньки - қазақ жерінде пайда болған. Бұған қандай уәж айтылмақ. Ғалымның өзіне сөз беріп көрсек. «Бұрын Британ мұражайында бұдан 2000 жыл бұрын жасалған конькидің сақталып тұрғанынан аз-мұз хабарымыз бар с еді. Ал 1948 жылы Қостанай қаласының маңайында біздің дәуірімізге дейінгі қола ғасырда жасалған 6 жұп конькидің табылғанынан, оның жылқының сирағынан жасалған мәліметті еш білмейді екенбіз. Аяққа байлайтыны да кәдімгі қайыс, ол да жылқы терісінен жасалған. Ал, тарих ғылымының кандидаты А. Хазанов мұндай конькидi жасауға жылқының тiлерсек сүйегi пайдаланған деген пiкiр айтады [8] . ХIII ғасырда Сарыарқа даласында болған саяхатшы Гильом Рубрук «Олар аяқтарына егелген сүйектердi байлап алып, қатып қалған қардың үстiмен сырғиды да, тiптi құстар мен аңдарды қуып жетiп ұстай алады», - деп жазады [9] . Орыстың «конь» сөзінің мағынасы «атқа қону», яғни «салт атпен жүру» дегенді білдіреді. «Коньки (қон, ки) » - атқа мінгендей «қон» және «аяғыңа ки» деп тұрған жоқ па? Конькидің Тобыл жағасында табылғаны осы деректердің бәрін де растап тұрған жоқ па?».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz