Франктерді Галлияны жаулап алуы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Франк мемлекетінің құрылуы. Франктердің шаруашылық тұрмысы

Дайындаған:
Сеитов Дәулет Садыкович

Көкшетау
2023-2024 ж

Кіріспе:
1.Франк мемлекетінің құрылуы
2. Франктердің шаруашылық тұрмысы
Франктерді Галлияны жаулап алуы. Меровингтер патшалыы Галлиядағы Рим билігі V ғасырдың соңына дейін созылды. 486 жылы Солтүстік Галлияға франктер келді. Ішкі жағдайы құлдыраған Рим варварлардың шабуылына қарсы тұра алмады. Галлия герман тайпаларының қол астындағы Римнің батыс форпосттарының бірі еді. Галлияның шекарасына ІІІ ғасырдың ортасында франктердің одақтары ене бастады. Франктер Шельд өзеніне шабуыл жасады. Оңтүстік франктердің көршілері алемандар болды, олар осы уақытта Эльзас территориясына орналасып жатқан. ІІІ ғасырдың соңында оңтүстік франктерді римдіктер уақытша келісіммен тұрақтандырған еді. Рим территориясында франктер мен алемандар қайта-қайта көтеріліс жасап, тыныш отырмады. ІV ғасырдың ортасында франк жəне алеман тайпалары көтерілісті қайта бастады. Олардың шабуылына қарсы тұра алмаған Рим императоры Юлиан мен Феодосий франктерге ерік берді. Рим мен франктер арасындағы келісім бойынша франктер Шельд пен Маас өзендерінің орталық ағысынан Орталық Рейнге дейінгі аралықты басқа варвар тайпаларынан қорғап отыруы қажет болды. 406 жылы свев, вандал, сармат тайпалары мұз үстімен Рейнге өтті. Франктер мен қарсыластарының ішінде Галлия территориясы үшін соғыс басталды. 476 жылы Рим империясы құлады. Франктердің басында, Франк патшалығының негізін қалаған Меровей руынан шыққан Хлодвиг тұрды. Хлодвиг əкесі Хильдерик өлгеннен кейін орнына келген мұрагер еді. (Хильд-Рик ескі франктерше қуатты соғысушы деген мағынаны білдірсе, Хлод-Виг соғыста даңқы шыққан дегенді білдіреді). Батыс Рим империясының орнына пайда болған Франк мемлекеті ерте ортағасырлық Еуропа территориясындағы ірі мемлекеттердің бірі болды. Өз дамуының шарықтау шегінде оның құрамына қазіргі Францияның, Белгияның, Люксембургтің барлық территориясы жəне Нидерланды, ГФР, Италия, Испания территорияларының аймақтары кірді. Франк мемлекетінің 400 жылдық тарихы қазіргі Батыс Еуропа елдерінің тарихының алғышарты іспеттес. 486 жылы Суассон түбіндегі ұрыста Галлиядағы ақырғы Рим наместнигі Сиагрий франктерден жеңілді. Франктердің басында Меровингтер руының ақсүйегі 19 жасар Хлодвиг тұрды. Франк көсемдерін ығыстыра отырып, Хлодвиг галл мемлекетінде тəртіп орнатуды көздеді. Франктер Рим территорясында империя құлағанға дейін пайда болды жəне императорға қызметке тұрып, олардың ішкі ісіне араласа бастады. Меровей руының ұрпағы басқарғандықтан, франктер əулеті V ғасырдың бірінші жартысы мен VІІІ ғасырдың аралығын Меровингтер патшалығы деп атады. Бұл əулеттің патшалары салт-дəстүр бойынша ұзын шаш өсірді. Ол наным-сенімге байланысты болды. Хлодвиг - франк патшаларының арасында бірінші болып шоқынған адам. Григорий Турский франк патшаларының қулығын, қатігездігін суреттейді. Салий франктерінің тайпалары батыс герман тайпаларының үлкен тобына жатады. ІV ғасырдан бастап Рейннің төменгі ағысына Рим федераттары құқығында орналасты. V ғасырда Сомм өзеніне дейін өздеріне тиесілі территорияның аймағын кеңейтті. Əскери жорықтардың нəтижесінде салий франктерінің билігі нығайып, беделі өсті. V ғасырда барлық франк корольдері Меровинг руына жатты. Корольдік билік мұра бойынша қалдырылғанымен, əскери демократияның белгілері де сақталды. Суассон түбіндегі ұрыстан 22 жыл өткен соң Хлодвиг Галлияның басым бөлігін иеленген еді. Хлодвигтің билігін Византия императоры Анастасия мойындап, өз елшілерін жіберді. Хлодвигтің ұлдарының тұсында VІ ғасырдың аяғында Франк мемлекеті Пиренейден Жерорта теңізіне дейінгі баварлар мен тюрингтер қоныстанған Рейннің оң жағалауын иеленген ұлан-ғайыр территория болды. Франк территориясының басым бөлігі V ғасыр бойы Рим билігінің қолында болды. Сондықтан Галлия өмірінің барлық қырына Рим əсері болды. Хлодвигтің тұсында Аквитания (507), оның ұрпақтары тұсында Бургундия (534) жауланып алынды. 536 жылы остготтардан Прованс тартып алынды. VІ ғасырдың ортасында франк патшалығы Галлиядағы Рим провинциясының барлық территориясын құрамына қосты. Рейннің жағалауындағы біршама герман тайпаларын да өзіне бағындырды. Алемандар, баварлар, сакстер франктерге жыл сайын салық төлеп тұрды. Франк патшалығы Еуропа құрлығындағы барлық варварлық мемлекеттердің ішінде ұзақ өмір сүрді жəне құрамына көптеген территорияларды қосып алды. Франк державасының тарихы феодалдық қатынастардың пайда болу кезеңінен, Каролингтік империядағы оның гүлденуіне дейінгі феодалдық үрдістен көрініс береді. Бұл жердегі феодалдану үрдісі кейінгі рим жəне германдық рулық-тайпалық қатынастардың ыдырауы нəтижесіндегі синтезден пайда болды. Галлияны жаулап алғаннан кейін мемлекеттің даму жолын реттеу қажеттілігі туды. Осы мақсатта Салика заңы жазылды. Салика заңы 65 баптан тұрады. Франктердің герман диалектісінде жазылған. Галлияның жергілікті тұрғындарының латын тілінде сөйлегеніне қармастан Салий заңында латын тілі тек ақшалай бірлікте ғана қолданылған. Салика заңы - феодализм генезисінің күрделі дəуіріне жататын қызықты деректердің бірі жəне ол кіріспеден, 65 тараудан, қорытындыдан тұрады. Шама-
Меровинг руынан шыққан корольдердің орнына майордомдар билікке келеді (VІІ ғасыр). Майордомдар алғашқы кезде франктер ауласында қызмет ететін үй басқарушылары еді. Ақырғы жылдары бұлар жалпы мемлекеттік саяси билікке араласып, биліктің барлық салаларын қолдарына шоғырландыра бастады. Салика заңы мəліметтері бойынша франктердің жүргізген шаруашылығы. Салика заңы - франктердің шаруашылық жағынан даму дəрежесі, біздің заманымыздың ІІ ғасырының аяғында Тацит сипаттаған ежелгі германдықтардың шаруашылық дəрежесімен салыстырғанда анағұрлым жоғары болған. VІ ғасырда франктердің ең негізгі кəсібі болған егіншілікте, сірə, жердің неғұрлым қарапайым жатып тыңайған жүйесін қос танаптылықпен алмастыру үстем болса керек. Егістік жерді мезгіл-мезгіл қайта бөлісу тоқтатылды, өйткені егіншілік кəсібінің неғұрлым интенсивті түрде дамуын қиындата берді. Дəнді дақылдардан - қара бидай мен бидайдан, сұлы мен арпадан басқа, франктер бұршақ тұқымдастар мен жөкелерді екті, бақша мен бау-бақшаларды жəне жүзімдіктерді егіп өсіре бастады. Франктерде егістік жерді жақсылап қопсытатын темір түренді соқаны пайдалану ісі кең таралды. Ауылшаруашылық жұмыстарында, негізінен, өгіздер, аттар, қашырлар мен есектерді пайдаланды. Егістік жерді өңдеп ұқсату, баптау əдістері де жақсартылды: жерді екі немесе үш рет айдап, оны тырмалау, жерге көң төгіп тыңайту, егіннің арам шөптерін отап тазарту жəне астықты шынжыр көмегімен бастыру сияқты жұмыстар əдетке айналды; жай қол диірменнің орнына су диірменін пайдалану кең етек алды. Франктердің шаруашылығында үлкен рөл атқаруға айналған малшаруашылығы анағұрлым өркендеп дами түсті. Франктер ірі қара мен ұсақ малдарды - қой мен ешкіні, əсіресе шошқаны, сондай-ақ үй құстарының əр түрлерін мейлінше көп өсірді. Сонымен бірге франктер аңшылық, балық аулау жəне ара шаруашылығымен де айналысты. Шаруашылықтағы алға жылжушылықтар франк қоғамының тек ішкі дамуының нəтижесі ғана емес, сонымен қатар жаулап алынған римдік территориядағы ауылшаруашылығының ең жетілген əдістерін франктердің пайдалана білуінің нəтижесі болды. Франк қауымы Салика заңы бойынша. Салика заңы бойынша, астық пен малды құстар мен қайықтарды жəне ауларды ұрлағаны үшін салынатын айыптар сол дəуірдің өзінде франктерде жылжымалы мүлікке жеке меншіктің бар болғандығын жəне оны заңның қатал қорғағандығының айғағы. Салика заңы əлі де болса жерге жеке меншікті білмейтін еді. Əрбір деревняның шеңберінде тұрғындардың ұжымы - қауымның негізін құрушы егіншілер сол жердің меншік иелері болып табылатын. Салика заңы көне замандағы мəтінде көрсетілгендей Галлияны жаулап алғаннан кейінгі алғашқы дəуірдің тұсында франк қауымдары көлемі жағынан əртүрлі жəне өзара бір-бірімен жақын туыс жанұялардан құралған қоныстар болып табылады. Бұлар көбінесе туысқан үш ұрпақтың - əкесінің жəне балаларының бірлесіп шаруашылық жүргізіп отырған үлкен жанұя болды. Мұнымен қатар Салика заңы франктердің арасында шағын дара жанұяның пайда бола бастағанын да дəлелдейді: мысалы, тұрғын үйлер мен үй маңындағы жер бөліктері сол кездің өзінде ақ жеке-жеке үлкен жəне кіші жанұяның жеке меншігінде, ал егістік жəне шабындық үлестер олардың мұрагерлік жеке пайдаланула-
рында болған. Əдетте бұл үлестерді қоршаумен қорғап, оларға бөтен біреулердің кіруінен, зорлық-зомбылық жасауынан айыптар салумен қорғап отырған. Мұрагерлік үлестерге емін-еркін иелік құқығы жеке жанұяға емес, қауымның барлық мүшелеріне берілді. Франктердің жерге жеке меншігі V ғасырдың аяғында үлкен жанұяның ыдырап, олардан кіші жанұяның бөлініп шығуларының нəтижесінде пайда болды. Мұны Салика заңының Аллодтар туралы тарауының мазмұны толық дəлелдейді. Бұл тарауға сəйкес жылжымалы мүлікке қарағанда жер мұралану салты бойынша атадан балаға көшіп отыруға немесе сыйлыққа тартылуға тиісті болды. Өлген қожайынның ұлдары болмаған күнде оның жері қауымның билігіне көшіп отырды. Мұны король Хильбериктің Салика заңының жоғарыда аталған тарауына өзгерту енгізу жөніндегі эдиктісінен айқын көруге болады. Бұл өзгерту бойынша өлген қожайынның ұлдары болмаған күнде оның жерін туған қызы немесе өлген адамның аға-інісі, апа-қарындасы мұраға алуға тиісті болды. Мұнымен қатар қауымның өз меншігіндегі емес, мүшелерінің жеке пайдалануларындағы жəне өзінің бақылауына жататын жерлерге де бірқатар құқықтары болды. Деректерге қарағанда франктердің егіншілік кəсібінде ашық танап жүйесі болса керек. Егінді жинап алғаннан кейінгі барлық егістік үлестер жəне шабындық үлестер ортақ жайылымға айналдырылды жəне бұл уақытта оларды қоршаған шарбақтар алынып тасталынды. Парға арналған жерлер де ортақ жайылым ретінде пайдаланылды. Мұндай тəртіп қауымның барлық мүшелері үшін ауыспалы егістің болуын аңғартады. Үй маңындағы шаруашылық пен егістік жəне шабындық үлестерге кірмейтін жерлердің бəрі де ортақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Франк мемлекетінің құрылуы
Франктерде мемлекеттің пайда болуының ерекшеліктері
Франк мемлекеті және оның құқығы
Шетелдердің мемлекет жəне құқық тарихы
Батыс Еуропаның орта ғасыр кезеңдері
Батыс Европа мемлекетi
Франктер
Франктер олардың королі хлодвиг
Ұлы Карл империясының ішкі саясаты
Октавиан Август
Пәндер