Әр түрлі тұқымдық қошқарларды азықтандыру



Мазмұны

Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Қысқартылған сөздер
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1 Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1. 1 Қойды азықтандыру нормасы мен рацион туралы түсінік ... ... ... ... ... ... 9
1.2 Қойды нормалап азықтандыру жүйесінің принциптері мен
элементтер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.3 Рациондағы азық мөлшеріне әсер ететін факторлар ... ... ... ... ... ... ... ... .11
1.4 Қойдың ас қорыту ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
1.5 Тұқымына қарай саулыққойлардыазықтандыру ерекшеліктері
қандай ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
1.6 Қозыны толық қанды азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
1.7 Қойға қажетті жайылым мөлшерін есептеп шығару ... ... ... ... ... ... ... ... 15
1.8 Қойды бордақылау кезінде күнделікті азық нормасы мен рационын
келтіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
1.9 Қойдың бір жылға қажет азық қорын (бір басқа) анықтау ... ... ... ... ... ..18
2 Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
3 Техникалық қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...38
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..39
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .40
Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі
Шаруашылықтағы қой басының басым үлесі (55-65%) саулықтар үлесіне тисе ғана қойларды өз төлінен көбейтіп өсіруге болады. Демек, саулық азықтандыру қой басының көбеюіне және олардан алынатын өнім көлеміне тікелей ықпал етеді. Дер кезінде нәтижелі ұрықтандырылып, уақытылы егізден қоздатып, сапалы жүнді мол қырқу үшін саулықтардың жасы, өнімдік бағыты мен тұқымы, жыл мерзімі мен соған сәйкес өзегертін физиологиялық ақуалына байланысты өзгертеін қоектік мұқтаждығын қажетті деңейде және жан жақты толық қамти қамтамасыз ету керек.
Азықтандыру қоректілігі мен құнарлылығы жетіспеген жағдай да саулықтардың дер кезінде ( күйекке түсерде) күйі келмей, ұрықтандыру (қашыру) нәтижесі төмен болуынана қоздауыда созылып, жақсы жетілмеген жалқы қозы туады. Арықтап кеткен саулық оның өзін уызы мен сүтіне жарытпайды. Содан қозы шығыны көбейіп, саулық жүнділігі төмендеп, жүн сапасы нашарлайды. Осының бәрін ескере отырып саулық азықтандырылуына жыл бойы жете көңіл бөліп, организмнің қоректілік мұқтаждығы өсетін күйекк түсер, буаздық, қоздап қозысын емізер кезкңдерінде саулық азығының энергетикалық қуаттылғын күшейтіп биологиялық құндылығын, жоғарылатады.
Сүт қоректілер ұрғашылары буаздығының дамуының биологиялық заңдылығына сәйкес эмбрионалдық даму барысында ұрықтың ұлғайуы буаздық мерзімінің үшінші бөлігінде өрістейді. Соған сәйкес саулық жатырындағы болашақ төлдің көьлемі ұлғайып, салмағы ауырлауының он –он бес пайыз шамасында буаздықтың бірінші жартысында, ал қалған сексен бес -тоқсан пайыз екіниші жартысында қалыптасады. Сондықтан саулық буаздығының соңғы төрт-бесініші айәындағы екінші жартысында организмнің зат алмасуы он бес –жиырма пайыз жеделдеп, энергетикалық мұқөтаждығы отыз – қырық пайыз протеиіндік мұқтаждығы қырық - алпыс пайыз жоғарылайды.
Курстық жұмыстың мақсаты
Буаз саулықтарды мүмкіндігінше жайылымда жайып қажетті жағдайда майда пішен, ұнтақталған шөп пен сабан түйіршіктерімен, жеммен үстемелеп азықтандырады. Дұрыс азықтандырылған буаз саулықтар тірілей салмағын жоғалтпай, қоңдылығын кемітпей мерзімінде қоздап, жақсы дамып жетілген ірі қозы туады да, жақсы желімдеп, қозысын уызбен сүтке жарытады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1 А.Ә.Төреханов, Н.Ә.Жазылбеков, М.А.Кинеев ж.т.б.Қазақстанда мал мен құс азықтандыру және азық дайындау технологиясы,жоғары оқу орындары үшін, ;Алматы. 2006ж.-266б.
2 Қ.Сәбденов, С.Шәуенов, Б.Құлатов Қой шаруашылығы және жүн, қаракөл, ет өндіру технологиясы. жоғары оқу орындары үшін ;Алматы /Агроуниверситет/. 2006ж.-422 б
3 Н.Омарқожаұлы, Мал азығын бағалау және малды азықтандыру.
Алматы .ИздатМаркет. 2005ж. -325 б
4 Н.Омарқожаұлы, Б.Әкімбеков .Мал шаруашылығы. Астана «Фолиант» баспасы. 2008ж.-420 б
5 Қ.Бегімбеков, Мал өсіру және селекция,жоғары оқу орындары үшін (Қ.Бегімбеков ,А.Төреханов, Ә.Байжұманов )-;Алматы Бастау. 2006ж.-425 б
6 Ж.Төлеуіш, Малың аман болса, май ішесің. Шымкент. 2007ж. 332 б
7 Н.Омарқожаұлы, Р.Шуркин, Мал шаруашылығы практикумы. Астана BG-принт. 2007ж.-220 б
8 .Тасыбаева Ш.Б, Курстық жұмыс үшін,әдістемелік нұсқау.Шымкент. 2010ж-18б.
9.Қожалы Б., Мал азықтандыру,Курстық жұмыс үшін.Әдістемелік нұсқау. Шымкент , 2012-146б

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Малды азықтандыру пәнінен Әр түрлі тұқымдық қошқарларды азықтандыру
тақырыбына жазылған курстық жұмыс 40 беттен тұрады. Кіріспе, негізгі бөлім,
(9 теориялық азықтандыру 16 кесте) өзіндік жұміс, техникалық қауіпсіздік,
қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі қарастырылған.

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға
сілтемелер жасалған:
МЖМБС 2.104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД).Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2.301 -68 КҚБЖ (ЕСКД).Форматтар.
МЖМБС 2.601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД).Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2.304-81 КҚБЖ (ЕСКД).Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2.701-84 КҚБЖ (ЕСКД).Схемалар.Түрлері мен типтері.Орындауға
қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2.321-84 КҚБЖ (ЕСКД).Әріптік белгілеу.[8]

Анықтамалар

Азық өлшемі- организімнің тіршілігі мен өнім өндіруге қажетті
энергия мен құрылымдық және биологиялық әсерлі заттарға мұқтаждығын
айқындайтын жалпы нормалық көрсеткіштерге тәулігіне 1 басқа қажет азық.
Рацион құрылымы- рацион құрамына кіретін азық топтарының оның жалпы
қоректілігіне (а.ө. не АЭЗ бойынша) пайыздық қатынасы айғақтайды.
Тетіктелген азықтандыру нормасы деп- толықтырылған организм
мұқтаждығының 18-30 көрсеткішін қамтитын деректер.
Азықтандыру рационы- малға жегізілетін жемшөп пен азықтық қосындылар
мөлшерін, қоректілік көрсеткіштерін сәйкестендіру арқылы жүзеге асырылады.
Азықтандыру типі- рацион құрылымындағы басым азық тобы немесе жекелеген
азық белгілейді.
Рацион – бір тәулікте жейтін азықтардың жиынтығы, олардың қоректік
заттары бір күндік нормаға сәкестендіріледі.
Мал азығын нормалау- мал организміндегі қоректік заттарға
қажеттілікті толықтыру.

Қысқартылған сөздер

ҚЗ- құрғақ зат
ШП- шикі протеин
ШМ- шикі май
АЭЗ- азотсыз экстративті заттар
ҚП- қорытылған протеин
АЭ-алмасу энергиясы
г – грам
мг – миллиграм
л – литр
а.ө. – азықтық өлшем
кДж – килоджоуль
МДж – мегаджоуль
% - пайыз

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Қысқартылған сөздер
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1 Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .9
1. 1 Қойды азықтандыру нормасы мен рацион туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... 9
1.2 Қойды нормалап азықтандыру жүйесінің принциптері мен
элементтер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.3 Рациондағы азық мөлшеріне әсер ететін
факторлар ... ... ... ... ... ... .. ... ...11
1.4 Қойдың ас қорыту
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
12
1.5 Тұқымына қарай саулыққойлардыазықтандыру ерекшеліктері
қандай ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
1.6 Қозыны толық қанды
азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
1.7 Қойға қажетті жайылым мөлшерін есептеп
шығару ... ... ... ... ... ... ... . ...15
1.8 Қойды бордақылау кезінде күнделікті азық нормасы мен рационын
келтіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
1.9 Қойдың бір жылға қажет азық қорын (бір басқа)
анықтау ... ... ... ... ... ..18
2 Өзіндік
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...20
3 Техникалық қауіпсіздік
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...38
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...39
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4 0

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі
Шаруашылықтағы қой басының басым үлесі (55-65%) саулықтар үлесіне
тисе ғана қойларды өз төлінен көбейтіп өсіруге болады.
Демек, саулық азықтандыру қой басының көбеюіне және
олардан алынатын өнім көлеміне тікелей ықпал етеді. Дер кезінде
нәтижелі ұрықтандырылып, уақытылы егізден қоздатып, сапалы жүнді
мол қырқу үшін саулықтардың жасы, өнімдік бағыты мен тұқымы,
жыл мерзімі мен соған сәйкес өзегертін физиологиялық
ақуалына байланысты өзгертеін қоектік мұқтаждығын қажетті
деңейде және жан жақты толық қамти қамтамасыз ету керек.
Азықтандыру қоректілігі мен құнарлылығы жетіспеген жағдай да
саулықтардың дер кезінде ( күйекке түсерде) күйі келмей,
ұрықтандыру (қашыру) нәтижесі төмен болуынана қоздауыда созылып,
жақсы жетілмеген жалқы қозы туады. Арықтап кеткен саулық
оның өзін уызы мен сүтіне жарытпайды. Содан қозы
шығыны көбейіп, саулық жүнділігі төмендеп, жүн сапасы
нашарлайды. Осының бәрін ескере отырып саулық азықтандырылуына
жыл бойы жете көңіл бөліп, организмнің қоректілік мұқтаждығы
өсетін күйекк түсер, буаздық, қоздап қозысын емізер
кезкңдерінде саулық азығының энергетикалық қуаттылғын
күшейтіп биологиялық құндылығын, жоғарылатады.
Сүт қоректілер ұрғашылары буаздығының дамуының биологиялық
заңдылығына сәйкес эмбрионалдық даму барысында ұрықтың ұлғайуы
буаздық мерзімінің үшінші бөлігінде өрістейді. Соған сәйкес
саулық жатырындағы болашақ төлдің көьлемі ұлғайып, салмағы ауырлауының
он –он бес пайыз шамасында буаздықтың бірінші жартысында, ал
қалған сексен бес -тоқсан пайыз екіниші жартысында қалыптасады.
Сондықтан саулық буаздығының соңғы төрт-бесініші айәындағы екінші
жартысында организмнің зат алмасуы он бес –жиырма пайыз жеделдеп,
энергетикалық мұқөтаждығы отыз – қырық пайыз протеиіндік мұқтаждығы
қырық - алпыс пайыз жоғарылайды.
Курстық жұмыстың мақсаты
Буаз саулықтарды мүмкіндігінше жайылымда жайып қажетті жағдайда
майда пішен, ұнтақталған шөп пен сабан түйіршіктерімен, жеммен
үстемелеп азықтандырады. Дұрыс азықтандырылған буаз саулықтар
тірілей салмағын жоғалтпай, қоңдылығын кемітпей мерзімінде қоздап,
жақсы дамып жетілген ірі қозы туады да, жақсы желімдеп, қозысын
уызбен сүтке жарытады.

1 Негізгі бөлім

1.1 Қойды азықтандыру нормасы мен рацион туралы түсінік

Азықтандыру нормасы деп малдан сапалы, әрі мол өнім алуға қажетті
қоректік заттардың тәуліктік мөлшерін айтады.
Азыктандыру нормасы малдың физиологиялық күйіне, жынысына, жасына,
тірілей салмағы мен өнімділігіне байлаиысты жасалып, малдың азыққа деген
тәуліктік мүқтаждығының шамасын білдіреді. Елімізде қабылдантан
азықтандыру нормаларында, малдын азыққа деген мұқтаждығының жалпы дәрежесі-
азық өлшемі, қорытылатые протеин кальций, фосфор, каротип және
микроэлементтср мен ас тұзының мөлшері аркылы сипатталады.
Малға жыл бойы бір норма белгілеуге болмайды. Өйткені ол малдың
физиологиялық күйіне байланысты өзгеріп отырады. Мысалы саулықты алатын
болсақ, оған буаз кезінде, қозы емізетін мерзімінде қозысынан айырғаннан
ксйін азыкты әр түрлі нормамен белгілеуге тура келеді.
Азықтандыру нормасы тиісті бір мерзімге арналып жасалады, сол
мерзімнін бір тәулігінде малдың әр басына қанша қоректік заттар керск
екендігін білдіреді.
Азық рационы деп малға бір күн ішінде беруге ыңғайлап, есептеліп
алынған азық түрлері мен мөлшерін айтады. Азық рационы-ғылыми нсгізде
үйлестіріліп алынған, жалпы жұғымдылығы, корытылатын протеині, минерал
заттары мен каротиннің мөлшері жағынан азық нормасына сәйкес келетін әр
түрлі азықтардың қосындысы. Малды азықтандыру процессінде, рацион жеке
азықтың жслінуіне, малың денсаулығы мен өнімділігіне карай тексеріліп,
анықталады. Әдетте, азық рационын 15 күнде бір рет кайтадан жасап отырады.
Қоректілігіне қарай азықты таңдап алу, оның нормаға сәйкес мөлшерін
белгілеу шеберлікті, тәжірибсні ксрек етеді. Азық рационын жасағанда малдың
қандай азыкты сүйсініп жейтіндігі, оның мал өнімділігіне қандай дәрежеде
әсер ететіндІгі жәнс шаруашылықта азыктың кандай түрінін барлығы, оны
пайдаланудың экономикалық жағынан алганда тиімділігі мұқият ескеріледі.
Сонымен бірге шаруашылықтағы жемшөпті мал сүйсініп жейтіндей етіп турап,
булап, ашытып, өңдеп, малға аддын ала даярлап бсру ісін үйымдастыру керек.
Азық рационының қоректілігін сипаттайтын негізгі көрссткіштер
алынатын өнім мөлшері мен сапасы, малдың физиологиялық күйі мен ұдайы өсу
қабілеті азықты жеуі және қоректік заттардың қорытылып, сіңуі. Сондыктан да
малдын дұрыс азыктанлырылуы үшін зоотехниялык тұргыдан бақылау
ұйымдастырып, нақтылы жұмсалған азықтың мөлшерін, мал өнімділігін, өнімнің
сапасын ескеріп, үнемі бақылап отырған жөн.
Соңғы жылдары қой рациондарын микроэлементермен, атап айтканда,
кобальтпен қамтамасыз етуте үлкен мән беріле бастады. Баска жануарларға
қарағанда, азығында кобальт жетімсіздігіне қой төзімсіздеу келеді. Өйткені
жүннін өсуіне белоктың, қүкірттің және фосфордың үстіне кобальтте керек.
Ауыл шаруашылығы ғылымының докторы П.Н. Коршаковтың зерттеулері, жүннін
беріктігі, созылғыштығы, серпімділігі сияқты қасиеттері осы микроэлементке
тікелей байланысты екенін дәлелдеді. Мал азығында кобальт жеткілікті
болса, малдың асқазан, ішек-қарын жолындағы бактерияның мөлшері бір жарым-
екі есе көбейеді, ал мұның өзі мал организміндегі қлеткалардың пайда болып,
жетіле беруіне көмектеседі. Сөйтіп кобальт әсерімен организмдегі белоктың
синтезі күшейіп, жүн неғұрлым жедел өсетін болады. Жүгеріде кобальт аз,
осыған орай жүгері сүрлемімен мал дұрыс азықтандырылмаса жүннін сапасы да
нашарлап кетеді. П.Н. Коршаковтыц тәжірибелеріне қарағанда, бір қойға
тәулігіне 2,5 миллиграмнан хлорлы кобальт бергенде, қосымша 230 г жүн
қырқылған, әрі оның сапасы да жақсарған.
Салмағы 55-60 кт тартатын буаз меринос қойының азық раиионында шамамен
1400-1700 г құрғақ зат болуы кажет.Ол жақсы желінетін әр түрлі азықтан
құралуға тиіс. Мұндай рационның құнарлығы арта түседі, әрі жақсы
қорытылады. Мысалы, бордақыдағы қозылардың рационы астық тұқымдас шөп пен
жүгері дәнінен тұрғанда, олар тәулігіне орта есеппен 86 грамнан, ал бұршақ
тұқымдастар мен жүгері дәні берілген басқа топ - 145 грамнан салмақ қосқан.
Қойлар 1 кг тірілей салмағына азық өлшемінің төмендегідей мөлшерін
жұмсайды:сақа қойлар – 10-12, алты айға дейінгі қозылар – 4-5, бір жасқа
дейінгілерге – 7-9,1 жүн алу үшін орта есеппен 60, ал бір қаракөл елтірісін
алу үшін – 132 азық өлшемі жұмсалады.

1.2 Қойды нормалап азықтандыру жүйесінің принциптері мен элементтері

Мал түлігі мен құс түрінің азықтандыру нормасының факториалдық және
эмпирикалық жолдармен жүргізілген ғылыми-зерттеу және алмасу
тәжірибелерінде түріне, тұқымына, өнімдік бағытына, жасына, жынысына,
физиологиялық ахуалына. тірілей салмағына және өнімділігіне сәйкес
өзгеретін энергиялық, протеиндік, минералдық және витаминдік мұқтаждығы
бойынша анықтайды. Организмнің тіршілігі мен өнім өндіруге қажетті энергия
мен құрылымдық және биологиялық әсерлі заттарға мұқтаждығын айғақтайтын
жалпы нормалык. корсеткіштерге тәулігінс 1 басқа кажет азық өлшемі
(сулылык,), қорытылатын протеин (г), ас тұзы (г), кальций (г), фосфор (г),
каротин (мг) жатады. Мұндағы азық өлшемі организмнің жалпы қоректілік, яғни
энергиялық, қорытылатын протеин — құрылымдык, (түзушілік), ас тұзы, кальций
мен фосфор — минералдық, каротин — витаминдік мұқтаждығын керсетеді. Малды
нормалап азықтандыруды іске асыру үшін олардың қоректенуіндегі кем дегенде
осы алты көрсеткіш қадағаланады.
Мүмкіндік болған жағдайда азықтандыру тиімділігін арттыру үшін бұл
негізгі азықтандыру нормасының көрсеткіштерін қосымша малдың шикі протеин
мен ауыспайтын аминқышқылдары, шикі май мен шикі жасунық, қант пен
крахмал, биогенді макро және микроэлементтер мен маңызды витаминдерге
мұқтаждығымен толықтырады. Мұндай толықтырылған организм мұқтаждығының 18-
30 көрсеткішін қамтитын тетіктелген азықтандыру нормасы (детализированные
нормы кормления) деп атайды.
Тетіктелген азықтандыру нормасына малдың азық өлшеміне, алмасу
энергиясына, құрғак, затқа, шикі және қорытылатын протеинге, лизинге,
метионин мен цистинге, қантқа, крахмалға, шикі жасуныққа, шикі майға,
кальцийге, фосфорга, калийге, нитрииге, хлорга, магнийге, күкіртке,
темірге, мысқа, мырышқа, марганецке, кобальтқа, йодқа, каротинге,
ретинолға, калъциферолға, токофоролға, тиминге, рибофлавинге, пантотен
қышқылына, холинге, никотин қышқылына, пиродиксинге, цианкобаламинге
мұқтаждық корсеткіштері кіреді. Бұл керсеткіштер организмінің тіршілігі мен
өнімділігіне қажеггі энсргиялық, құрылымдық, минералдық және биологиялық
әсерлі заттарға мұқтаждығын жай нормалық керсеткіштерге қарағанда жан-жақты
да толық камтитындықтан, саланың мал мен құстың жоғары өнімділігін
қамтамасыз ететін интенсивті технологияларымен дамытқанда қолданылады.
Мал түлігінің жасы мен жынысына, тұқымы мен өнімдік бағытына,
физиологиялық ахуалы мен қоңдылығына, тірілей салмағы мен өнімділігіне
сәйкес азықтандыру нормалары арнайы анықтамалықтарда берілген. Бүгінгі
күнге оларды Нормы и рационы кормления сельско-хозяйственных животных
(М., Агропромиздат, 1985) және Малды нормалап азықтандыру (Алматы,
Агроуниверситет, 1998) анықтамалықтарынан алуға болады.

1.3 Рациондағы азық мөлшеріне әсер ететін факторлар

Рацион құрамына кіретін азық топтарынын оның жалпы коректілігіне
(а.ө. не АЭ бойынша) пайыздық қатынасы рацион құрылымын (структура рациона)
айғақтайды. Рацион құрылымындағы басым азық тобы не жеке-леген азық мал
азықтандыру типін (тип коршения) белгілейді. Азықтандыру типі
шаруашылықтағы қалыптасқан жемшеп қорына сәйкестендіріледі.
Айталық, табиги жайылымы кең, оты мол жерлерде жайылымды азықтандыру типі
(пастбищный тип кормления) қолданылса, жері жыртылған, түрлі техникалық
дақылдар өсіретін шаруашылықтарда олардың азықтык қалдығымен азықтандыру
типтерін қолданады. Соған орай сүрлемді (силосный), картопты-жемді
(картофельно-концентратный), тамыржемісті жемді (корнеплодно-
концентратный), бардалы, жомды, т.с.с. азықтандыру типтерін
ажыратады.Еліміздіц әр табиғи-экономикалық өңіріне ғылыми зертгеу
орталықтары мал түлігіне жергілікті жемшөп қорына негізделген типтік
азықтандыру рациондарын ұсынады. Республиканың оңтүстік-шығысындагы сүт
өндіретін шаруашылықтарда А. Росляков, М. Байтурин, М. Кинеевтің Типовые
рационы молочного скота на юго-востоке Казахстана (Алматы, Қайнар, 1981)
ғылыми тұрғыдан негізделген ұсыныстарын пайдалануға болады.
Осындай ұсыныстарға сүйене отырып рацион құрастыруды және оның
қоректілік көрсеткіштерін малдың тетіктелген азықтандыру нормасының
көрсеткіштеріне сәйкестендіруді біртіндеп (последовательно) келтіреді. Ең
алдымен шаруашылықтағы қалыптасқан және осы өңірге ғылыми тұрғыдан ұсынылып
отырған типтік рациондарға негіздей отырып, рационның жалпы энергиялык,
коректілігі бойынша құрылымын белгілейді.
Рацион құрылымын құрганда әр азық пен негізгі азықтық топтың (ірі,
шырынды және құнарлы) мөлшері мен арақатынасы мал түрінің, жасының,
жынысының, өнімдік бағытының, физиологиялық ахуалының ас қорыту
физиологиясына сәйкестендірілуі керек.
Рацион аумақты жемшөбінің желінуі малдың қарын аумағы, яғни оның
сыйымдылығымен байланысты болса, оның ірі және шырынды жемшөпке тиетін
үлесі қарындағы ас қорыту ерекшеліктеріне байланысты өзгертіледі. Желінген
азық жақсы қорытылуы үшін шырынды жемшөптің белгілі көлеміне ірі жемшөптің
тиесілі келемі берілуі керек. Өйткені шырынды жемшөптің мол көлемі жасунығы
аз болғандықтан, қарын моторикасы мен ішек перистальтикасының нашарлап,
химустың жылжуы баяулайды. Керісінше, ірі жемшөптің мол берілуінен жасунық
көлемінің тым кеп болуы да ас корыту барысына кедергі келтіріп, қоректік
заттар қорытылуын нашарлатады.
Айталық, тірілей салмағы 400-500 кг сиырға 20-25 кг шырынды азық
берілсе, ас қорыту жолының аумағын толтырып, оның рецепторларын қалыпты
тітіркендіруі үшін кемінде 4—5 кг, яғни тірілей салмағының әр 100 кг-на 1
кг-нан аса ірі жасунықты жемшөп жегізу керек. Ал шикі жасунық көлемі оны
қорыта алмайтын қарапайым қарынды шошқа азығында - 14-17%, құс жемінде - 4-
6% (балапан мен тауықтың), 6-10% (күркетауық пен қаздың) асса, ол өзінің
нашар қорытылуымен қоса басқа қоректік заттар қорытылуына кедергі
келтіреді. Шошқа мен құс азығының желінуі құрғақ затының келемі мен қоса
шикі жасунык, деңгейімен реттеледі.
Рацион құрылымын белгілегеннен кейін оның құрамындағы азықтардың
құрғақ заты бойынша алынған көлемін (аумағын) нормаға сәйкестендіреді.
Құрғақ заты бойынша рацион азықтарының малдың қарнына сыйып толық желіне
алатындығын бақылайды. Мысалы, сауын сиырлар әр 100 кг тірілей салмағына -
3-3,5, жоғары өнімділері 3,5-3,8 кг құрғақ зат жей алады. Құрғақ заты будан
асқан рацион азықтары ас қорыту жолына сыймай, желінбей калады.

1.4 Қойдың асқорту ерекшеліктері

Күйіс малы қарынның құрылысы өте күрделі ол төрт бөліктен тұрады.
Олар месқарын, жұмыршақ, қатпаршақ және ұлтабар.
Месқарын- алдыңғы қарынның ең алғашқы және ең үлкен бөлігі. Оның
сыйымдылығы қой мен ешкіде 12-20 литр.
Месқарын құсақтың бүкіл сол жақ бөлігін алып жатады. Мықты ет
белдемдері мен және қатпарлары мен месқарын бес бөлікке бөлінеді. Оң және
сол ұзынша қатпарлар месқарынды дорсальдық (үстіңгі) және вентральдық
(астыңғы) қапшықтарға бөледі. Үлкен көлденең қатпар қарын қапшықтарынан
кіреберісті (сағаны), ал х тәрізді қатпар артқы дорсальдық вентральдық
құрыштарды бөледі. Месқарын қатпарлары жынды екшеп құрыштарға бөліп
отырады. Қарынның кілегейлі қабығы беттік кеңістікті көбейтетін көптеген
еміздікше түзеді. Олардың арасы микробтардың өсіп-дамуы үшін қолайлы болып
табылады.
Жұмыршақ- кішкентай домалақ ағза. Оның сыйымдылығы қой мен ешкіде
1,5-2 литр, месқарын кіреберісінен оны орақ тәрізді қатпар бөледі. Оның
кілегейлі қабығы дәнекер ұлпа негізінде бал арасының ұясына ұқсас тормалап
құрайды. Жұмыршақ месқарыннан түскен жында екшеп, оның қорытылуға дайын
сұйық бөлігін қатпаршаққа өткізеді де, ірі бөлшектерді месқарынға кері
қайтарады.
Қатпаршақ – қой ешкіде нашар. Оның сыйымдылығы қойда 0,3-0,9 литр.
Қатпаршақтың іш жағында оның ұзына бойына созыла орналасқан ірілі кішілі
жапырақшалар болады. Олар ірі, майда, орташа, өте майда жапырақшалар болып
бөлініп, белгілі ретпен орналасады. Екі үлкен жапырақшалар арасында бір
орташа, ал үлкен және орташа жапырақшалар арасында екі майда жапырақша
жатады. Ал енді осы майда жапырақшалар арасында өте кішкентай төрт
жапырақшалар орналасады. Аталған жапырақшалара жиынтығы қуыс сайлар
құрайды. Қой қатпаршағында осындай 8-10 қуыс болады. Қатпаршақ қосымша
екшеуіш, сүзгі қызметін атқарады. Месқарынмен жұмыршақтан түскен жынның
қатты бөлшектері осы жапырақшалар арасында қалады да, олар одан әрі
ұнтақталады, ал ұлтабарға жынның біртекті сұйық бөлігі өтеді. Қатпаршақ
босаңсыған кезде месқарынмен жұмыршақтан жын сорылады да, ол жиырылғаг
кезде жынның сұйық бөлігі ұлтабарға айдалады.
Ұлтабар-қарынның безді бөлігі. Ол кеңейген дене тұлғадан және
сопақша созылыңқы жіңішкерген бөліктен тұрады. Ұлтабардың алдыңғы бөлігі
қатпаршақпен, арт жағы сүйірлене келіп, аш ішекпен жалғасады. Оның
кілегейлі қабығы цилиндрлі эпителиймен қапталып, ағзаның ұзына бойына
созылыр жататын 11-16 қыртыстар түзеді. Пилорус бөлігінде осы қыртыстар
кішірейіп, ол аймақ тегіс кілегейлі қабықпен қапталады.

1.5 Тұқымына қарай ерекшеліктері қандай?

Шаруашылықтағы қой басының басым үлесі (55-65%) саулықтар үлесіне тисе
ғана қойларды өз төлінен көбейтіп өсіруге болады. Демек, саулық азықтандыру
қой басының көбеюіне және олардан алынатын өнім көлеміне тікелей ықпал
етеді. Дер кезінде нәтижелі ұрықтандырылып, уақытылы егізден қоздатып,
сапалы жүнді мол қырку үшін саулықтардың жасы, өнімдік бағыты мен тұкымы,
жыл мерзімі мен соған сәйкес өзгеретін физиологиялық ахуалына байланысты
өзгеретін қоректік мұқтаждығын қажетгі деңгейде және жан-жақты толык қамти
қамтамасыз ету керек.
Азықтандыру қоректілігі мен құнарлылығы жетіспеген жағдайда
саулықтардың дер кезінде (күйекке түсерде) күйі келмей, ұрықтандыру
(қашыру) нәтижесі төмен болуынан қоздауы да созылып, жақсы жетілмеген жалқы
қозы туады. Арықтап кеткен саулық оның өзін уызы мен сүтіне жарытпайды.
Содан қозы шығыны көбейіп, саулык жүнділігі төмендеп, жүн сапасы
нашарлайды. Осының бәрін ескере отырып саулық азықтандырылуына жыл бойы
жете көңіл бөліп, организмінің қоректілік мұқтаждығы өсетін күйекке түсер,
буаздық, қоздап қозысын емізер кезеңдерінде саулық азығының энергетикалық
қуаттылығын күшейтіп, биологиялык құндылығын жоғарылатады,
Күйекке түсерден 1—1,5 ай бұрын саулық қоңдылығын көтеріп, күйін
келтіру үшін азықтандыру деңгейін 1 кг қосымша салмақ қосуына есептегенде 5
а.ө., 500 г қорытылатын протеин көлемінде жоғарылатады (күндік салмақ қосуы
50—100 г жоспарланса, азықтандыру нормасына, тиісінше, 0,25—0,5 а.ө., 25—50
г қорытылатын протеин қосылады). Күйі келіп нәтижелі ұрықтанған саулықтың
одан кейінгі буаздык кезеңінде де сапалы азықтандырылуын жалғастырады.
Сүт қоректілер ұрғашылары буаздығының дамуының биологиялық
заңдылығына сәйкес эмбрионалдық даму барысында ұрықтың ұлғаюы буаздық
мерзімінің үшінші бөлігінде өрістейді. Соған сөйкес саулық жатырындағы
болашақ төлдің көлемі ұлғайып, салмағы ауырлауының 10— 15% шамасында
буаздықтың бірінші жартысында, ал қалған 85—90% екінші жартысында
калыптасады. Сондықтан саулық буаздығының соңғы 4—5-шІ айындағы екінші
жартысында организмінің зат алмасуы 15—20% жеделдеп, энергетикалык,
мұқтаждығы (алмасу энергиясы бойынша) 30— 40%, протеиндік мүктаждығы
(қорытылатын протеин бойынша) 40—60% жоғарылайды.
Буаз саулықтарды мүмкіндігінше жайылымда жайып, қажетгі жағдайда
майда пішен, ұнтақталған шөп пен сабан түйіршіктерімен, жеммен үсте-мелеп
азықтандырады. Тірілей салмағы 50—60 кг саулықтарға тәулігіне 2-3 кг ірі
жемшөп, 1—2 кг шырынды азық жегізіп, буаздығының аяғы кезеңінде құнарлы жем
мөлшерін 400—500 грамға дейін көбейтеді.
Дұрыс азықтандырылған буаз саулықтар тірілей салмағын жоғалтпай,
қоңдылығын кемітпей мерзімінде қоздап, жақсы дамып жетілген ірі қозы
(қозылар) туады да, жақсы желіндеп, қозысын уыз бен сүтке жарытады. Меринос
түқымының саулықтары тәулігіне қоздағаннан кейінгі 1-2-щі айда 1-1,3 кг, 3-
4-ші айда 0,8-1 кг сүт береді. Қазақы қой саулықтарының сүттілігі будан
жоғары — 1,3—1,5 кг болады,
Кестеде келтірілген нормалық көрсеткіштерден саулықтың энергия мен
қоректік заттарға мұқтаждығының, әсіресе буаздығының соңғы апталарында күрт
өсетінін көреміз. Соны ескеріп, саулық азығындағы қосымша жем мен пішен
мөлшерін 15—30% молайтады. Сонда жылдық мұқтаждығы 560-600 а.ө., 6300-6600
МДж АЭ, 58-60 кг қорытылатын протеин құрайтын саулық басына 1500—1700 кг
көкшөп, негізінен пішеннен тұратын 250—300 кг ірі жемшөп, 400-500 кг
пішіндеме жұмсалады. Арзан табиғи маусымдық жайылым отымен саулықтың
азықтандыру мұқтаждығы неғұрлым толығырақ қамтамасыз етілсе, одан қымбат
басқа азық шығыны азайтылады.
Саулық сүттілігіне көк және шырынды жемшеп жақсы әсер ететіндіктен
тәулігіне 2-4 кг сапалы сүрлем, 1—3 кг пішендеме, 1—2 кг тамыр жемістілер
беруге болады. Саулык сүттілігіне байланысты жалқы қозы емізетіндеріне —
0,3—0,5 кг, егіз қозы емізетіндеріне 0,5—0,7 кг жем береді. Буаз саулық
азығымен салыстырғанда қозысын емізетін саулық азығында көмірсулар көлемі
үлғайтылады - шикі жасунық көлемі 22-24%-дан 24—27%-ға жеткізілсе, жеңіл
қорытылатын қанттар мен крахмал көлемі (глюкозаға айналдырып санағанда)
16—18%-дан 18-22%-ға жоғарылатылады.
Қой уызы жеңіл ыдырап (ұлтабар сөлімен) жеңіл қорытылатын альбуминді
және глобулинді протеинге (17-23%) және майға (9-16%) бай. Уыз емген
қозылар жақсы тойынып, ас қорыту қабілеті күшейіп, түрлі ауруларға
шалдықпай өседі. Саулықтардың сүттілігін козыларының күнделікті салмақ
қосуынан байқайды. Қозылардың 100 г қосымша салмағына 0,5 кг ене сүті
жұмсалады. Желіні сыздамауы үшін қоздағаннан кейінгі 2-3 күнде саулықтарға
тек майда пішен беріп, басқа жемшөпті шектеп біртіндеп жегізеді. Жақсы
жайылым отына қосымша құнарлы жем, қажетті мөлшерде ас тұзын береді. Жемге
араластырған ас тұзымен бірге қой қораларында жалайтын тұз кесектерін
қояды.

1.6 Қозыны толыққанды азықтандыру

Әдетте қозы енесін ажыратылмай төрт ай емеді. Осы мерзімдегі олардың
қоректенуін үш кезеңге бөлуге болады. Жаңа туған қозыны енесінің уызына
жарытып, алғашқы екі аптада, негізінен, ене сүтімен азықтандырады. 6—7-
күндІгінен бастап қозыны біртіндеп көк шөп пен пішен, жем қоспасы мен
жайылым шөбін жеуге үйретеді. Ол үшін қозы тұмсығы жететін жерге майда
жапырақты астық тұқымдастар пішенін іліп қойып, сақпанға қосып жайылым
отына жаяды. 3—4-ші аптада қозылар оған қосымша өсімдік жемшөп жеуге
үйренеді де, 5—8-ші апталарда оларды көптеп жейді. 9-шы аптадан бастап
қозыны болашақ өнімі мен пайдаланылуына (тұқымға қалдыру, бордақылап етке
сою, т. б.) сәйкестендіре азықтандырады. Дұрыс өсіп жетілуі үшін оларды
енесін емізумен қатар жеңіл қорытылатын, диеталық жемшөппен қосымша
азықтандырып отырады.
Сүтке жарымаған қозыларға арнайы ене сүтін алмастыратын құрама жемге
қоса құрамы 26% жүгері, 14% арпа, 12,7% бидай жармасы, 10% майсыз құрғақ
сүт, 10% күнбағыс күнжарасы, 1% ас тұзы, 1,2% фторсыздалған фосфат, 8%
азықтық ашытқы, 1,7% беде ұны, 0,1% биовит-80 препаратынан тұратын қой
сүтін алмастыратын арнайы жем қоспасын, әр 1 т-на 15 г күкірт қышқылды мыс,
1 г хлорлы кобальт, 1 г йодты калий қосып дайындайды.
Қозыны қосымша азықтандыруды қабығынан тазартылып, ұнтақталған сұлы
дәнінен (овсянка) бастайды да, біртіндеп оған бидай кебегі мен зығыр
күнжарасымен араластырып береді. Жеммен қоса қозыны ұсақ (жұмсақ) та майда
түрлі шөп не бұршақ-астық тұқымдастар пішеніне үйретеді. 1-ші айда пішенді
жегенінше беріп, 2-ші айда әр басқа тәулігіне жегізілетін көлемін — 100—200
г, 3-ші айда — 200-250 г, 4-ші айда 350-400 г-ға жеткізеді. 2-ші айынан
бастап қозыға 100—300 г-нан бастап 600— 800 г сапалы сүрлем, 50— 100-г-нан
бастап 300—600 г тазартылып туралған тамыржемістілер береді. Көктемде
сақпан құрып сызы кепкен жердің жайылымына жаяды.
Ене сүтіне жарып, қосымша азықтануға бейімделген қозылар тәулігіне
200—300 г дейін салмақ қосып, тез өсіп, жүні тығыз да ұзын болып жетіледі.
Жетілген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаракөл қошқарларын азықтандыру
Мал қораларын желдету
‹‹Қаракөл шаруашылығындағы өнімдерді өндіру және оның технологиясы››
Қошқарларға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар, малдарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары
Биотехнологиялық процестерді мал шаруашылығында қолдану
Төлдерді өсіру әдістері
Қаракөл қойының тұқымы
Төлдерді өсіру әдістері жайлы
Сералы шаруашылығындағы қойлар
Аталық малды ұрпағының сапасы бойынша сұрыптау
Пәндер