Рухтың болмыс үстіндегі күші
Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Теология факультеті
Философия кафедрасы
БӨЖ
Тақырып: ___________________________________ _________
Топ: _________
Орындаған: _____________
Қабылдаған: Шадинова Г.
Түркістан - 2024
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1 Философия тарихындағы рух мәселесінің қойылуы
1.1 Рух: Мәдени Жағдайлардың Құбылысы
1.2 Рух: Адамдықтың Психологиялық Және Рухани Құрылымы
2 Рухтың өмірдегі тарихы
2.1 Рух: Адамзаттың Тарихы мен Диалектикалық Көзқарас
2.2 Рух: Адамдың Жеке Дамуы мен Денелік Құдіреті
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қайталауға арналған тест тапсырмалары
Глоссарий
Кіріспе
Рух термині философия мен діндегі ең терең және көп қырлы ұғымдардың бірін қамтиды. Рух тек физикалық дене немесе материалдық болмыс емес. Ол адамның бүкіл өмірі мен мәнін, сондай-ақ тұтас әлемді қамтитын белгілі бір материалдық емес, рухани болмысты көрсетеді.
Әртүрлі мәдениеттер мен философиялық жүйелерде рух термині әртүрлі мағыналар мен түсіндірулер алады. Бұл өмір тынысын, жоғары күш немесе принципті, адамның интеллектуалдық немесе моральдық аспектілерін немесе табиғаттан тыс немесе құдайлық нәрсені білдіруі мүмкін.Рухани ілімдер мен философиялар рухты өмірдегі мәннің, құндылық пен мақсаттың қайнар көзі ретінде және тек материалдық немесе рационалды категориялар арқылы толық түсіну немесе сипаттау мүмкін емес адам болмысының іргелі аспектісі ретінде қарастырады.
Сонымен, рух термині адам болмысы мен оның дүниедегі орны туралы көптеген философиялық және рухани толғауларға негіз бола отырып, адам болмысының терең қырларын қамтиды.
1.1 Рух: Мәдени Жағдайлардың Құбылысы
Қоғамның рухани саласы -- ең күрделі, сонымен қатар, бір қарағанда, байқалмайтын құбылыс. Біз желдің бар екенін білеміз. Бірақ ол көзге көрінбейді. Сол сияқты жалпы рухты ешкім ешқашанда көрген жоқ. Бірақ оның бар екеніне ешкім күмәнданбайды. Егер рух деген ұғымның шыққан тегін қарасақ, онда грек тілінде ол пневма яғни ауа, тыныс, үрлеу деген сөздерге жақын, латын тіліндегі спиритус -- көрінбейтін, жеңіл, тыныс деген сөздерге жақын мағына береді, ал орыстың дух деген сөзінің төркіні дуновение, дыхание деген сөздерге жақын. Алғашқы қауымдық қоғамның ұлы зерттеушісі Э.Тэйлор: Флоридадағы семинолар (тайпаның аты -- Г.О.) өлейін деп жатқан босанған әйелдің аузына жаңа туған нәрестені жақындатады. Ол сәбиге әйелдің денесінен шығып бара жатқан жанын өз бойына сіңіріп, болашақ өмірінде күш-қуат пен парасаттылықты көрсету үшін керек, -- деген дерек айтады. Тропикалық Африкада өмір сүретін халықтардың зерттеушілері олардың көсемдер рухы, бабалар рухы, зұлым рухтар, күнбе-күнгі өмірде көмектесетін рухтар т.с.с., деп, сала-салаға оларды бөлетіні жөнінде айтады. Егерде Шығыс мифологиясын алсақ, көне Үндістанда Сансара ұғымы пайда болды. Ол -- дүниежүзілік аспанда орналасқан зардап шегудегі рухтар мұхиты. Дүниеге философиялық көзқарас келген кезде, Платон Эйдостар (идеялар) әлемі жөніндегі ілімін ұсынады. Бұл әлем материалды емес, мәңгілік, жетілген, өзгермейді. Ал бізді қоршаған материалдық дүние -- аспандагы идеялардың көлеңкесі ғана, ол өтпелі, кемеліне толығынан келмейді, дүниеге келіп, біршама уақыт өткенде, кетеді. Осыған сәйкес, адамның материалдық денесі өне бойы өзгерісте болып, ақырында өледі, бірақ оның жан дүниесі идеялар әлемінен шыққаннан кейін, сол адамның денесінің ұғымы, мән-мағынасы ретінде өлместікке ие болады.
Еуропа топырағына христиан діні тарасымен-ақ, бұл мәселе жаңа шешімдерге ие болады. Христиан дінінің атасы аталған Филон Александрийский Платонның дене -- жан ұғымдарына үшінші -- Құдайдан шығатын рухты қосады. Енді адамның үш өлшемі болып шықты. Дене ретінде адам өмірге уақытша келіп-кетсе, рух ретінде Құдайға қосылуға құмартады, ал екі ортада абыржыған жан бар. Егер ол рухпен бірге болса, өлместік дәрежесіне көтеріледі, ал денеге жабысса, сонымен бірге құриды. Олай болса, адам өз-өзіне терең үңіліп, рухтың талаптарына сәйкес өмір сүруі керек. Орта ғасырларда өмір сүрген біздің бабамыз Ж.Баласағұн да рухты биік ұстау керектігін, бұл фәнидің өтпелігін басып айтады. Құдайға жан-тәніңмен сену, ізгілік, ар-ұжданның талабынан шықпау, әділеттілік -- адам рухын мәңгілікке әкеледі, -- дейді ұлы ойшыл. Қайта өрлеу заманынан бастап рух жөніндегі діни көзқарастан ауытқу басталады. Оған ерекше үлес қосқан Л.Валла болды. Ол: Кісі адамның рухы ғана емес, денесі де әсем. Құдайдың жаратқан бәрі де бір-біріне үндесіп жатқан ғажап Дүниесінде бірде-бір нәрсе өзінің құндылығын жоймайды, соның ішінде адамның денесі де, -деген ой тастайды. Құдайды сүю рухтың ең биік таңдауы болғанымен, сезімдік дене ләззатынан да адам қашпауы керек. Міне, бұл бүгінгі таңдағы Еуропа елдеріндегі материалдық тәндік-сезімдік өмір бағытының жасалған бастамасы еді.

Тәнінің құрылымы және физиологиялық функциялары жағынан адам хайуанат дүниесіне жатады. Э. Фромм жазғандай, хайуанат биологиялық заңдар бойынша өмір сүреді! Олар табиғаттың бір бөлігі және оның шеңберінен шықпайды. Шынайы мағынасында, оларда психика бар болғанымен, жан жоқ, өйткені хайуанаттар өзін-өзі, өз тәнін, тіршілігін саналық зерделеудің обьектісі етпейді. Өзін- өзі тану, зерде, қияли елестің күші, тәндік үйлесімділікті жойды. Адам әлемнің тіршілік заңдылықтарынан айрықша тыс тұрған құбылысқа айналды. Танылған рух адамға оның шектілігін аңғартты, тәнін өледі деді. Ол өзінің ақырын - өлімін алдын-ала көре алады. Адам өз өмір сүруінің дихотомиясынан ешқашан босана алмайды: егер ол тілесе де өзінің рухынан ажырай алмайды және тірі болып тұрғанда өзінің тәнінен де босана алмайды, ал ол тән өмір сүруге тілекті үнемі оятып тұрады. Жиі қолданғанымен бұл ұғымдарға әлі күнге дейін теориялық негізделген анықтамалар берілмей келеді. Философиялық сөздік кітабында тәнге, денелік мәдениетке арналған мақала жоқ, ал жан не психика терминінің синонимі, не діни идеалистік ұғым деп түсіндіріледі.
Рух (латын тілінен Spiritus - рух, тыныс) - кең мағынада санаға тең идеалды, материалдық емес мәнді білдіретін ұғым; тар мағынада - ойдың синонимі. Жан мен рухтың табиғатын түсінуге тырысу кейде түсініксіз болып көрінеді. Біріншіден, жан мен тыныс бір-бірімен тығыз байланысты екеніне назар аудару керек. Араб тілінен (латын емес) алынған бұл терминдер адам ағзасынан тыс қалады.Адамзаттың бастауын, оның тұлғасы мен субъективтілігін ішкі қасиеттер деп қарастырсақ, жан адаммен табиғаттан тыс принциптермен, трансценденттік принциптермен байланысты. Қазақта Жан кеткенше періште ұстайды деген мақал бар. Рух ұғымы көптеген діни-философиялық ілімдерде өлмейтін, рухани қағида, білімнің бастауы дегенді білдіреді. Жан ұғымы барлық адамзат мәдениетінде кездеседі.
Анимизм термині латынның anima сөзінен шыққан, рух немесе тыныс дегенді білдіреді. Эдвард Бернетт Тейлор анимизмді діннің бастапқы түрі деп санады. Оның пікірінше, рух ұғымы адамның ішкі дүниесін, оның ой-сезімін сипаттау үшін қолданылады. Психикамен байланысты қарастырғанда рух ақылмен байланысты. Бұл идея адамның рухани дамуының деңгейлерінің әртүрлі көріністерге ие болуы мүмкін екенін, бірақ олардың адам табиғаты үшін ортақ мәні бар екенін көрсетеді. Бұл тұжырымдама антропологиялық зерттеулерге негіз болады.
Тек рух құдайға жеткізеді, өзі де құдайлық идеядан пайда болады. Адамның рухани бастауларын талдауды оның құрылымдық күрделілігін ескерусіз толымсыз болады. Рух интеллект, зерде, ақылмен ғана шектелмейді. Рухы күшті адам үшін тек ақылды болу жеткіліксіз. Рухтың барлық адамдарда әрекет ету бастаулары бірдей, бұл оның бір жаратушыдан тарағанын дәлелдейді. Жердің әртүрлі түкпірінде бір-бірінен салыстырмалы оқшаулықта пайда болған адамдық қауымдастықтардың рухани мәдениетінің архетиптік түп-нұсқалары бірдей. Мұны қазіргі мәдени антропологиялық зерттеулер де қолдап отыр. Бүкіл әлемде рух тек адамзатқа қонған, бұл оған үлкен жауапкершілік те артады.
Ал ендеше осы әртүрлі мәдени деңгейдегі адамдардың рухани қабілеттері неге бір типтес болып келетіндігіне жауап қарап көрелік. Рухтың туа біткен қасиет еместігін дәлелдейтін көптеген деректер мен айғақтар бар. Әрине, рухани мәдениетті қабылдауға деген қабілеттік адам бойындағы тұқым қуалаушылық қалыптарға да байланысты. Маймылдың баласын қаншама тәрбиелесең де, оқытсаң да ол адамзат қатарына қосыла алмайды. Бірақ барлығы қоршаған ортамен де айқындалмайды.

Адамзаттың тарихы тым қатал болғаны бәрімізге белігі.Ешбір органикалық құрылым өз тұқымдастарын адам сияқты қаталдықпен қудалағанын көрген емеспін және қудалаған емес.Бірақ адамзаттар түбінде өзінің адам екендігін сақтап қалды және оны сақтап қалуға себеп болған күш, рух болып табылады. Осы туралы орыс ойшылы Н. Бердяевтың бір толғамына келсек: Еркіндіктің болмысқа үстемдігі ол − рухтың болмысқа үстемдігі. Болмыс тұрақты, рух − айнымалы. Рух болмыс емес. Рух қақында объекті сияқты интеллектуалдық ой кешуге болмайды, рух − субъект, субъективтілік, ол-еркіндік, жасампаздық акт... Екі көқарас соғысуда: 1) Адамдар жасамайтын, бірақ адамдар бағынатын, өзгермейтін, мәңгі, зерделі болмыстық тәртіп бар, ол әлеуметтік тәртіпте де көрінеді; және 2) пәстікке (падшесть) ұшырыған, мәңгі емес және жоғарыдан танылған да емес дүниенің және қоғамдық өмірдің негіздері адамдардың белсенділігімен және жасампаздығымен өзгереді. Бірінші көзқарас адамды құл етеді, екінші көзқарас оны азат етеді.
Ғұлама Гегельдің айтуынша, ғалам тарихы жанның (рухтың) өмір тарихын баяндаудан тұрады. Рухтың ішкі дамуы нақты өмірде көрініс табады. Мәңгіліктен бастау алатын, көк пен жерде болғанның бәрі, Құдайдың өмірі, уақыттың барлық қозғалысы - рухтың өзін танып-білу үшін және өзін табу үшін күресі. Рух - алдын ала толық берілген нәрсе емес: ол потенциалдықтан нақты дүниеге көшеді, тарихтың қозғаушы күші - рухтың өз потенциалын жүзеге асыруға ұмтылуы. Әмбебап тарих - рухтың потенциалды мүмкін нәрсе туралы білімді өндіру үдерісі.
Рухтың тіршілік етуі - логиканың мәселесі деп тұжырымдайды Гегель. Алайда логика сөзін ол ерекше мағынасында қолданады. Тарихты логиканың көрінісі деп түсіндіргені секілді, логиканы да ол тарихи, әскери терминдерде бейнелеуге бейім. Егер екі пікір қарама-қайшы болса, Гегель оны олардың арасындағы жанжал ретінде сипаттайды: пікірлер бір-бірімен шайқасып, бұл шайқастан жеңіп немесе жеңіліп шығады. Бұл - бір пікір (тезис) басқа пікірмен (антитезиспен) күресіп, ақыры екеуін де үшінші пікір (синтез) жеңіп кететін үдеріс, ол диалектика деп аталады.
Рухқа жету үшін диалектиканың екі кезеңінен өтеміз. Біз абсолюттен, нақты дүниенің
жиынтығынан бастаймыз, ол алдыңғы, ерте кезеңдердегі философтар айтқан Болмысқа ұқ-
сайды. Біздің бірінші тезисіміз мынадай: абсолют - таза Болмыс. Алайда таза Болмыс қандай
да бір қасиеті болмаса, ештеңеге айналады, сондықтан біз қарама-қарсылыққа әкелеміз:
Абсолют дегеніміз - ештеңе. Тезис пен антитезистен синтез арқылы арыламыз: Болмыс пен
Бейболмыстың бірігуі енді Қалыптасып жатыр, сондықтан біз: Абсолют Қалыптасу үдерісінен өтуде, - дейміз.
Абсолюттің қалыптасуы мен өмірі диалектиканың екінші кезеңінде өтеді. Біз абсолютті
әдетте ойдың субъектісі әрі әмбебап ойшыл ретінде қарастырудан бастаймыз: Гегель оны Ұғым деп атайды, ал зерде ойлауда туындататын ұғымдардың жиынтығы деп есептейді.
Ол абсолютті ой объектісі ретінде қарастырып, оны табиғат деп атайды және зерде зерттей
алатын объектілердің жиынтығы деп түсінеді. Абсолют өзін саналы түсініп, ойдың субъектісі
де, объектісі де болғанда, ұғым мен табиғат бірігеді. Өзіндік сананың бұл синтезі - рух. Гегельдің рух туралы түсінігі бір қарағанда қабылдауға қиын. Келесі тарауларда түсіндіруге талпынып көреміз, бірақ оның нені білдіретіні туралы алғашқы пікір қалыптастыруға қазірден тырысқанымыз жөн. Біз рух Құдаймен тең бе, әлде Спинозадағы сияқты, табиғатпен тең бе? деген сұрақ қоя аламыз немесе медициналық оқулықтарда жеке бауырлар туралы емес, жалпы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz