Дамыта оқыту технологиясын айқындау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Қарағанды Bolashaq жоғарғы колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Дамыта оқыту. Қазақ тілінен білім, білік, дағды қалыптастыру құралы.
Пән атауы: Қазақ тілі мен әдебиетінің оқыту әдістемесі

Тіркеу номері_______________
Бағасы_____________________
Қолы______________________

Орындаған: Атабекова А.Г.
Ғылыми жетекші: Жолкенова Г.Ж.

Қарағанды 2023 ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. ЖАЛПЫ ТЕХНОЛОГИЯ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1. Технология деген не? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2. Дамыта оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.3. Дамыта оқыту технологиясының ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...9
1.4. Дамыта оқыту жүйесі бойынша сабақты оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 12
2. ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНДЕ ҚАЛЫПТАСҚАН ТІЛДІК ДАҒДЫЛАРДЫ ҚОЛДАНА БІЛУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1. Дара тұлғаның тілдік қабілетін дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..14
2.2. Балалардың қабілетін дамытуға арналған тапсырмалардың мазмұны ... .18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20

КІРІСПЕ

Дамыта оқыту бүгінгі күнде өзекті мәселердің бірі болып отыр. Өйткені, оқушылардың білімге деген қызығушылықтарының төмендеуі, оқуға деген құлықсыздығы және таным қызығушылықтарының даму деңгейінің төмендігі. Педагог өзіндік жұмысқа кіріскен кезде, жетістікке жету үшін тек білім мен қабілет жеткіліксіз екенін жылдам анықтайды. Дамыта оқытудың әдіснамасы - бұл сапалы жаңа білімнің жүйесі, ол консервативті педагогикалық сана мен білімнің, негізгі жаттап алу, репродуктивтімен ешқандай ортақтығы жоқ, оқу әрекетінің түбегейлі керісінше қалыптасуын ұсынады.
Дамыта оқыту түсінігінде біз баланың жан-жақты дамуына тура бейімделген ұйымдастырудың түрін, әдісін және мазмұнын оқытуды ұйымдастырудың тиімділігі деп түсінеміз. Дамыта оқыту технологиясының мақсаты - оқушылар оқу әрекетінің белсенділігінің психологиялық негізін қарастыру, мектептегі дамыта оқытудың әдісі мен амалдарын көрсету.
Көптеген жаңа әдістемелердің қатарында дамыта оқыту білім сапасын көтеру жағынан жетекші орында.
Дамыта оқытудың негізі оқытудың белсенді әдісі болып есептеледі. Белсенді оқыту дидактикалық процестің ұйымдастырылуы әдісінен дамытушы, проблемалық, зерттеушілік ізденіске ауысуымен белгілі, оқытудағы шығармашылық үшін жағдай туғызады, таным процесін белсендіреді.
М.Новиков белсенді оқытудың мынадай айырмашылықтарын көрсетеді:
1) ойлау белсенділігін арттыру. Мұнда тәрбиеленуші өзінің тілегіне тәуелсіз белсенді болуы керек;
2) оқуға қызықтыру уақыты айтарлықтай ұзақ болуы;
3) өзіндік шығармашылық шешімдер қабылдау, оқушылардың сезімдік және мотивациялық жоғары деңгейі.
Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; баланың өз бетімен әрекеттенуі әдістерін меңгерту; баланың танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту; әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту; барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу; оқу үрдісін оқушының сезінуі.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Бүгінгі күнде дамыта оқытудың бірнеше теориялары анықталып, жүзеге асуда. Онда балаға қоршаған ортамен ара қатынаста болатын өзіндік субъектінің рөлі тағайындалады. Оның бәрі нақты зерттеуді қажет етеді. Мұғалім өзінің сабақты ұйымдастыруға деген қатынасын өзгертіп, меңгерілетін технологияға толықтай енуі қажет, тек қана дамыта оқытудың принципін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге оқу процесінде оны шығармашылық түрде қолданылуы керек.
Курстық жұмыстың мақсаты: Дамыта оқыту технологиясын айқындау.
Міндеті:
Комплексті даму жүйесі негізінде мақсатты бағытталған даму.
Мазмұнның мақсаттылығы және жүйелілігі.
Жоғарғы деңгейдегі қиындықта оқу.
Теориялық білімнің жетекші рөлі.
Материалды жылдам меңгеру.
Оқу процесінің өзін оқушының мойындауы
Жаппай дамытуды көздейтін жүйелі жұмыс.
Оқыту мазмұнының маңыздылығы және мәселелігін талдау.

1. ЖАЛПЫ ТЕХНОЛОГИЯ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

Технология деген не?
Технология тарихи ұғымы техникалық прогреспен байланысты және сөздікте (грек тілінен аударғанда teche - мәдениет, шеберлік, білік, ал logos- сөз, білім) материалды өңдеудің тәсілдері мен құралдары туралы білім жиынтығы деп түсіндіріледі.
Педагогикалық технологияның кәдуілігі әдістемесінен басты айырмашылығы - оқу үрдісінің нәтижелі болуына кепілдік беруі. Оқу үрдісін технологияландырутуралы көзқарас осыдан 400 жыл бұрын туындағанын біз Я.А.Коменскийдің айтқан пікірінен көре аламыз. Автордың айтуынша, оқыту технологиялық болу қажет, яғни оның мәні нені үйретсе де, нені оқытса да оқу үрдісі табыссыз болмауы қажет. Мұндай оқыту механизмін Я.А.Коменский дидактикалық машина деп атады.
Технологияға мақсат қою, осы мақсатқа жетудің құралдарын іздестіру, бұл құралдарды қолданудың ережелерін табу маңызды болып табылады. Соған байланысты мақсат - құрал - оның қолдану ережелері - нәтиже алу заңдылықтары іздестіріледі. Мұндай ережелерді тауып, пайдалану - кез-келген технологияның басты мақсаты.
"Педагогикалық технология" түсінігі қаншалықты қолданыста болғанымен, ол жөніндегі түсінік ұғыныңқы болмаған. Білім берудің қазіргі кездегі практикасында бұл ұғым стандартты емес ғылыми көріністерде ереже ретінде қолданылып, педагог жұмыстарының өндірілген әдіс-тәсілдерін, құралдарын білдіреді. В.П.Беспалько технологияны түсіну үшін ең алдымен педагогикалық іс-әрекеттің өндірушілік белгісіне көңіл аудару қажеттігіне зейін аударады, әлеуметтік тұрғыдан бұл белгі, технологияның басқа белгілерінен оның жалпылық сипатымен байланыстылығын сипаттайды. Қазіргі білім беру технологияларын Г.К. Селевко технологияның классификациялық параметрлері тұрғысынан: қолдану деңгейі, негізгі дамыту факторы, меңгеру тұжырымы, жеке тұлғаның құрылымына бағдарлау, мазмұн сипаты, басқару типі, ұйымдастыру формалары, балаға ықпал ету тәсілдері, әдістердің басымдылығы, жетілдіру бағыттары, оқушылар категориялары бойынша нақтылап көрсетеді.
Педагогикалық технология әр түрлі жағдайлардағы нақты өзара іс-қимылдарды, жүйеленген, бағдарланған, оқыту және тәрбиелеу стандарттарына сай тәсілдер негізінде компьютер мен техникалық құралдар қолдану арқылы да ұйымдастырылады. Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің құрылымдарында оқытудың айқындалған көптеген технологияларын пайдаланып жатқандығы белгілі. Болашақ маманға тәжірибе беруде ақпаратпен жұмыс істеу әдістеріне, жаңа білімдерді құру әдістеріне, ең маңыздысы - әлемнің дамуы туралы білімдердің қажетті деңгейін қалыптастыратын әдістерге үйрету. Сондықтан әрбір оқытушыға және оқушыға "оқыту" мен "үйрену" процестерін игеру үшін 3 тілді меңгеруі қажет: ана тілін, ғылым тілін және технология тілін. Сонымен технология көмегімен білімдерді, іскерлікті, дағдыларды игеру процесінде тұлғалық қасиеттің дамуында нәтижелі шешімге жету мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. "Педагогикалық технология" оның ішінде "оқыту технологиясы" ұғымын анықтауда, басым көпшілік мамандар оларды үш маңызды жағдайлармен біріктіреді:
- іс-әрекетінің жиынтығы түріндегі қажет ететін үлгіні дәл анықтау негізінде оқытуды жоспарлау;
- оқытуды талап ететін әрекетті қалыптастыруды іріктеген қатаң тізбекті әрекеті түріндегі оқытудың барлық процесін "бағдарламалау". - алғашқы белгіленген эталонмен оқытудың нәтижесін салыстыру. М.Чошанов оқыту технологиясы негізінен педагогикалық процестегі Қалай нәтижелі етіп оқыту керек? мәселесін шешуге бағытталатынын айтады. Оқыту технологиясы жөніндегі ой-пікірлерді саралай келе, біздер оны: біріншіден, оқытудың мақсатқа сәйкес нәтижесіне қол жеткізудегі нақты қадамдарды және олардың үйлесімділігін зерделейтін ғылым саласы; екіншіден, оқытудың нақты жағдайда нәтижелі жүзеге асырылуын белгілейтін жобалау немесе модельдеу; нақты оқыту процесін нәтижелі етіп оқытудағы процес деп білеміз.
Оқыту технологиясын таңдап, іріктеу - оқушының оқу-танымдық іс-әрекетін басқарудың негізгі бір буыны. Қазіргі кезде әдебиеттерде осы заманға білім берудің даму бағыты мен тенденцияларын қамтиытын 50-ден астам педагогикалық технология қолданылып жүр. Олардың бәрін бірдей кез-келген пәнді оқыту барысында қолдану мүмкін емес. Сондықтан да жергілікті ғалым Б.Т.Барсайдың ғылыми түрде негіздеуінше, бастауыш сынып математикасында қолданылатын оқытудың қазіргі технологияларын төмендегіше топтайды:
Ынтымақтастық педагогикасы
Білім беруді ізгілендіру технологиясы (Ш.Аманашвили)
Ойын арқылы оқыту технологиясы
Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы (П.М.Эрдниев)
Математиканы оқытудың есеп шығаруға негізделген технологиясы
Дамыта оқыту технологиясы (Л.С.Выготский, Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов)
Оқытудың модульдік технологиясы (В.М.Монахов)
Проблемалық оқыту технологиясы (М.И.Махмутов)
Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы (В.Ф.Шатолов)
Түсіндіре басқарып - оза оқыту (С.Н.Лысенкова)
Деңгейлік саралап оқыту технологиясы (Ж.А.Қараев)
Оқытудың компьютерлік технологиясы
Бағдарламалап оқыту технологиясы (Б.Скиннер, Н.Краудер, В.П.Беспалько).
Осы зерттеуімде педагогикалық технологиядан дамыта оқыту технологиясына сүйенетіндігімізден, енді осы технологияның ерекшелігі мен мәніне тоқталып өтелік.

Дамыта оқыту технологиясы

Дамыта оқыту деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған Ж.Пиаженің еңбегінде ойлаудың әр түрлі деңгейін, типтерін Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн және басқа да психиканың функциясын зерттеген Б.Г.Ананьев, А.А.Люблинская және басқа да іс - әрекет теориясының психологиясын жасаған А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин еңбектерінде жан - жақты талданды. Осылардың негізінде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін В.В.Давыдов, ал екіншісін Л.В.Занков басқарды.
Зерттеулердің мақсаты Л.С.Выготскийдің 1930 жылдардың басында жасаған оқыту мен дамытудың арақатынасы жайлы болжамының дұрыстығын тексеру, нақтылау.
Көрнекі психолог Л.С.Выготский айтқандай оқыту дамудың алдына шығып отырса, ол бала дамуының ең таяу аймағын жасайды, баланы іздендіруге талаптандырады және дамудың бірнеше ішкі процестерін қозғалысқа келтіреді. Ең таяу даму аймағы одан әрі актуальды даму аймағына көшуі тиісті тапсырмаларды өз бетімен орындайды.
Дамыта отырып оқыту жүйесін жақтаушылар (А.А.Леонтьев, т.б) да жоғарыдағы пікірді қостай келіп, қазіргі заманғы мектептің мақсаты - оқушыны тек қана ең таяу даму аймағына қол жеткізуін қамтамасыз ету және оның білімін арттыру ғана емес, сонымен қатар баланың жеке адам ретіндегі жан - жақты дамуын және бүгінгі ғана емес, ертеңгі дамуына жол ашу, дайындау екендігін баса айтады.
Оқыту мен дамудың арақатынасы жөніндегі мәселелердің шешілуі дамудың екі өрісіне байланысты. Бала меңгерген нәрсе оның кешегі күні, өткен кезеңі болып табылады. Дамудың аяқталған кезеңіне негізделген оқыту табыс әкелмейді немесе ол баланың дамуға деген қажеттерін қанағаттандыра алмайды. Оқушыға өте жеңіл тиетін білім өзін ынталандырмайды, таным мен табыс қызықтырмайды. Л.С.Выготский ойынша, оқыту баланың ертеңгі күніне бағдарлануы тиіс, яғни, бала өзінің пісіп - жетілген мүмкіндіктерінің деңгейіне емес, дамуға бейімделген бағыттар деңгейінде болуы тиіс. Оның ертеңгі күнін дәл осы бағыттар белгілейді. Бұл идеяны Л.С.Выготский одан әрі былайша сабақтайды: Оқыту мен даму тікелей сәйкес келмейді, олар бір - бірімен өте күрделі қарым - қатынастағы екі процесті білдіреді. Оқыту тек дамуыдыі алдында ғана жүрсе жемісті болмақ.
Міне, осылайша Л.С.Выготскийдің оқыту мен дамудың арақатынасы жөніндегі теориясы дамыта оқыту деген атпен ХХ ғасырдың 50 - 60 жылдары пайда болды.
Дамыта оқыту идеясын алғашқылардың бірі болып 1950 - 1960 жылдары қолға алған академик Л.В.Занковтың басшылығымен жасалған бастауышта оқытудың жаңа жүйесін мұғалімдер қауымы үлкен ықыласпен қабылдағанымен, белгілі себептерге байланысты өрістеп кете алмады. Тек 1990 жылдары ғана Ресей мектептерінде қайтадан қолданыла бастады.
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік - зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып ол білім алуға әрекеттенеді. Бұл технология бойынша сабақ төмендегідей құрамдас бөліктерден тұрады:
Оқу мақсаттарының қойылуы;
Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.
Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Дамыта оқыту - күрделі құрылымды, бір тұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін - өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады.
Демек, дамыта оқытуда - оқушы өз іс - әрекетін өзі құруға, өзін - өзі дамытуға, білімді өз бетімен меңгеруге, өз ойын еркін айтуға, дәлелдеуге, шешімнің дұрыс - бұрыстығын қабылдауға, өз бетімен іздену жұмыстарын жүргізуге, өзін - өзі бағалауға үйретіледі.
Сабақ білім беру процесінің негізгі элементі болып қала береді, бірақ Л.В.Занков жүйесінде оның атқаратын қызметі, ұйымдастыру формасы елеулі өзгеріске енеді. Оның инвариантты (тұрақты) сапалары төмендегідей :
- сабақтың мақсаты тек жаңа материалдардан хабардар ету мен білік, білім,дағдыны тексеруде ғана емес, жеке тұлғаның басқа да қасиеттеріне бағындырылады;
-сыныпта оқушылардың өз бетімен ойлауына негізделген әрекеттер жүзеге асады;
-мұғалім мен оқушының ынтымақтастығы.
Сабақтың әдістемелік мақсаты - оқушылардың таным белсенділігін көтеруіне жағдай жасау. Бұл мақсат төмендегі жолдар арқылы жүзеге асады:
мұғалім сабақта проблемалық жағдай туғызады;
оқушылардың субъектілік тәжірибесін ашатын оқу қызметін ұйымдастырудың сан-алуан формасы мен әдістерін қолданады;
сабақ жоспарын оқушылармен бірге отырып жасап, талқылайды;
әр оқушының жұмысқа қызығушылығын тудыруға жағдай жасайды;
оқушыны ынталандырып отырады, тапсырманы орындауда қателесуден, дұрыс емес жауаптан қорықпау үшін түрлі тәсілдерді пайдалануға үйретеді;
сабақ барысында оқушы оқу мазмұнынының неғұрлым маңызды түрі мен формасын таңдауға көмектесетін дидактикалық материалдарды пайдаланып отырады;
тек соңғы нәтижені ғана емес, оқушының қызмет әрекетінде бағалап отырады;
оқушының есеп шығаруда т.б. жұмыста өзінше әдіс табуға ұмтылуын қолдап, басқа оқушылардың әдістерімен салыстырып, тиімдісін мақұлдап отырады;
В.В.Давыдовтың пікірі бойынша, төменгі сынып оқушыларына танымдық міндеттерді шештірудің жолын іздестіру арқылы шығармашылық тәжірибені меңгертуге болады. Соның нәтижесінде білім, білік және дүниеге көзқарас, қатынас қалыптасады. Осы жағдайда бастауыш сыныпта тәрбиелеу мен оқыту баланың жеке бас қасиеттерін дамытады.
Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор. Біріншіден - дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады. Екіншіден - дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушының өзінің деңгейіне дейін дамуға қол жеткізе алады. "Жақсы оқушы", "Жаман оқушы" ұғымының болмауы, балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады. Үшіншіден - оқушының жеке басын дамытатын басты құрал - ол өзінің әрекеті. Сол себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны белсенді жұмыс жағдайына қоя отырып, мәселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды. Төртіншіден - дамыта оқыту жүйесінің нәтижелі болуы оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді. Сол себепті дәстүрлі жүйедегі әміршілдік стиль бұл жерде тиімсіз, оқушы - "орындаушы", "мұғалімнің тасасындағы" объект емес. Ол өз пікірін ашық айта, ойын дәлелдей, дәйектей алатын, сонымен қатар басқаның да ойын тыңдап, көзқарасын құрметтей білуге үйренген жаңа сападағы оқушы ретінде дәлелдей алады.
Жалпы оқытудың негізгі мақсаты - оқушыны дамыту. Баланы дамыту, кең мағынада алғанда, оның организміндегі психикалық және физиологиялық өзгерістері және кез-келген қасиетіндегі қарапайымнан күрделіге, төменгі сатыдан жоғары сатыға көшу деп түсіндіріледі. 1930 жылдардағы педагогикада осы мәселелерді орыс психологі Л.С. Выготский тең жүретін процесс деп түсіндіреді және оқыту дамудан бұрын жүреді, балаға неғұрлым білім берсек, ол баланы соншалықты дамытады дегенді айтады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: ... жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру,- деп атап көрсеткен. Мұғалімнің мақсаты - білім алушылардың пәнге деген қызығуын арттыра отырып сапалы білім беру болса, ал қазіргі заман талабына сай білім берудің жолы - тиімді педагогикалық технологияны басшылыққа алып сабақ өткізу.
Мен өз іс-тәжірибемде дамыта оқыту технологиясын қолданамын. Дамыта оқыту технологиясы арқылы қазақ тілі сабағының мазмұны мен сапасын арттыра отырып, оқушылардың ізденушілік, танымдық, өзіндік жұмыс істеу белсенділігінің шеберлігін шыңдауды мақсат етіп,мұғаліммен оқушы арасындағы ынтымақтастықты жетілдіріп, үлкен жетістіктерге қол жеткізуді міндет етемін.
Танымдық қабілет әркімге тән. Қабілетсіз адам болмайды. Адам бәріне де қабілетті бола біледі, тек өз бойындағы қабілеттің алғы шарты болатын нышандары оята білген жөн. Ал таным дегеніміздің өзі тану сөзінен алынған. Танымдық құзыреттілікті дамыту- қоғам талаптарына сай жеке тұлғаны дамыту.Жеке тұлғаның оқу - танымдық құзіреттілігі яғни, өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білуі, материалды жоспарлай білуі, ізденушілік - зерттеушілік әрекет дағдыларын игеріп, шығарманы толық сатылай кешенді талдауы, негізгі түйін-қорытынды жасай білуін дамыту - негізгі қызметім. Сондықтан, дайын материалды оқытып, түсіндіруімен ғана шектелмей, оқушыларды өз бетінше іздендіретін, алған білімдерін тұжырымдай алатын жұмыстар жүргізу қажет деп білемін.Сонымен бірге мұғалім мен оқушының арасында ұжымдық қарым-қатынас, бір-біріне деген сыйластық болған жағдайда ғана оқыту өз нәтижесін береді деп ойлаймын.
"Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жетілдіруді қажет ететін, үнемі жаңаны табатын өнер",- деп Ж. Аймауытов айтқандай, сабақ беруді өнер деп бағалау тегін емес.

Дамыта оқыту технологиясының ерекшелігі

Дамыта оқыту технологиясын енгізу идеясы баланың даму процесінің үш түрлі факторына тура қатысты: биологиялық фактор, әлеуметтік фактор бала өмір сүретін орта, ең алдымен адамдардың ортасы, баланың өз белсенділігі. Егер мұғалім баланың өз белсенділігін туғыза алмаса, оған ұсынған іс пен еңбекте баланың әрекетке қатысуы күткен нәтиже бермейді.Баланың дамуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Ғалым психологтар Л. В. Занков, А. А. Люблинская, В. В. Давыдов, Д.Б.Эльконин зертханаларында бастауыш мектепте оқытудың мазмұнын өзгертуге арналған зерттеулер жасады. С. Л. Рубинштейн, Е. Н. Кабанова Миллер және басқалар өз зерттеулерінде оқыту дамудың негізгі алғы шарты екенін дәлелдейді. И.Я.Лернер даму деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс-әрекетті жоғары орынға шығарады. Мәселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл-ой қызметі де соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейі де жоғары болады. Дамыта оқыту жүйесі ең алдымен Л.С. Выгодскийдің теориясымен баланысты. Оның теориясы бойынша дамудың ең таяу зонасы болады, яғни алға мақсат қоюға байланысты жақын арадағы мақсатқа жету арқылы үлкен мақсаттарға қол жеткізу дамудың ең таяу зонасы. Жігерлендіру, бағыттау, тұлғаның тұқуалаушылық ұабілеттерін дамыту, жеке даралық қасиеттер білім, білік, дағды, ақыл- ой ерекшеліктерін, эмоцияналдық және іс - әрекет тәжірибелік жағдайлар жатады. Л.С. Выгодскийдің ойынша бала дамудың толық субьектісі болып есептеледі. Л.С. Выгодскийдің Таяу зонасы жайлы теориясы 2 бағытта дамыған. Дамыта оқытудың Д. Б Эльконин -- В. В. Давыдов жасаған жүйесінің көздеген мақсаттарына жету тек баланың өзінің белсенділігіне байланыстьі. Осыған орай, бұл жүйенің әдіс-тәсілдері де оқушының оқу белсенділігін ұйымдастыру, қолдап, көмектесіп отыруды көздейді. Бұл жүйемен дәстүрлі оқытуды салыстыру мынадай қорытынды жасауға негіз болды.
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыруга басты назар ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады. Оқу мақсаттарының қойылуы. Оны шешудің жолып бірлесе қарастыру , шешімнің дұрыстығын дәлелдеуүшеуі дамыта оқытудың мәні.
Д. Б. Эльконин - В. В. Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері. Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ролінде. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дөлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді. Неғұрлым мұғалім өзінің осы міндеттерін дұрыс орындаса, соғұрлым баланың сабақ материалын игеруі жеңілдей түседі. Екіншіден, жұмыс нәтижелі болу үшін оқушының мұғалім қойған талаптарды мүлтіксіз орындауы қажет етіледі. Демек, оқушы алдын ала бағдарлап, жоспарлап қойған іс-әрекеттің қатысушылары ғана болып қалады. Нәтижеде оларда тек жақсы орындаушылық қабілеттер қалыптасады. Сондықтан да тіл алғыш, айтқанды бұлжытпай орындайтын оқушы дәстүрлі педагогиканың идеалы, мұраты болып саналады.
Дамыта оқытудың Л. В. Занков жасаған жүйесінің ерекшеліктеріне тоқталып өтелік. Бұл жүйе дәстүрлі оқытудан төмендегі өзгешеліктерімен айқындалады: оқыту мазмұнындағы өзгешеліктер;
-мақсаттағы айырмашылықтар;
-дидактикалық принциптердегі өзгешеліктер;
-әдіс-тәсілдердегі ерекшеліктер;
-оқытуды өзгеше ұйымдастыру; -мұғалім еңбегінің нәтижелілігін анықтаудың жаңа көрсеткіштері;
-мұғалім мен оқушы арасындағы жаңаша қарым-қатынастағы мектептің
негізгі мақсаты баланы жалпы дамыту. Ал жалпы даму деп байқампаздығын, ойлауын дамыту және практикалық іс-әрекетті меңгеруі қабылданады.Сондай-ақ ақыл, ерік-жігері, сезімдерінің дамуы алынады.
Айтылғандарды қорыта келе, бастауыш сынып оқушыларының қарқынды ой еңбегімен айналысуға табиғи мүмкіндіктерінің бар екенін оқыту процесінде ескеру қажет деген тұжырымға келеміз.
Дәстүрлі педагогикада "қарапайымнан күрделіге қарай, нақтыдан абстрактіге қарай" деген принцип бар.
Дамыта оқыту жүйесінің авторлары бұған керісінше, бала ойлауын абстрактіден қарапайымға қарай жетелейді.
Мысалы: "А" әрпін өткенде, алманың суретін көрсетіп тұрып, оның не екенін, дәмі, түрі, формасы қандай екенін сұрағаннан гөрі, ол туралы не білетінін, не айта алатынын сұрап білудің баланы дамыту үшін тиімділігі зор екенін айтады. Яғни оның біреуін Л.В. Занков дамытса, екіншісін Д.Б Эльконин мен В.В. Давыдов дамытты. Л.В. Занковтың дамыта оқыту жүйесі 60 жылдары дүниеге келеді. Ғалымның пікірі бойынша мектеп баланы психикалық тұрғыдан дамыта алмай келеді. Ол бірнеше жылға созылған іргелі зерттеулерде білім берудің жайы мен оны одан әрі дамытудың жолдарына талдау жасайды. Оның лобороториясында алғаш рет даму - мектеп жүмысының басты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дамыта оқыту технологиясы туралы баяндау
Педагогикалық процестің жеке бағдар негіздері педагогикалық технологиясы
Қазіргі оқытуды ұйымдастырудың формалары
Бастауыш мектептерде дамыта оқыту технологиясын сөз тіркесінде қалыптастыру
Бастауыш сыныпта дамыта оқыту технологиясын қолдану
Оқыту технологиясының жалпы сипаттамасы
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістеме
Педагогикалық инновация педагогикалық жүйедегі жанашылдық
Бастауыш сынып ана тілін оқытуда қазіргі технологияларды қолдануға болашақ мұғалімдердің даярлығын қалыптастыру
Инновациялық технологиялардың қолданылумен жасалған сабақтардың сараптамалары
Пәндер