Балабақшадағы мерекелік ертеңгіліктің түрлері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Павлодар облысының білім беру басқармасы
Жоғары инновациялық көп салалы колледжі

Курстық жұмыс
Пәні: Педагогика
Тақырыбы: Балабақшадағы мерекелер мен сауықтар

Мамандығы:0101000 - Мектепке дейінгі
тәрбие және оқыту
Курс:4
Тобы:МД-41
Орындаған: Жақсылық Г.Н
Тексерген:Рахимжанова.Г.Н

2023-2024 оқу жылы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.БАЛА ДАМУЫНДАҒЫ МЕРЕКЕЛЕР МЕН САУЫҚТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ
1.1 Балабақшадағы мерекелік ертеңгіліктің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2 Балабақшада өткізілетін сауықтыру іс шараларының түрлері ... ... ... ...
1.3 Баланы дамытуда - сауықтыру, спорттық мерекелерді ұйымдастырудың маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
2.ТӘЖІРИБЕ ӨТІЛГЕН ОРЫН ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ МҚКК №9 БАЛАБАҚШАСЫ Ортанғы А ТОБЫ
2.1 Балабақшадағы 8 наурыз Ана- өмір шуағы мерекесін ұйымдастыру әдістемесін ұсыну ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
2.3 Балабақшадағы Төрлет әз-Наурыз мерекесін ұйымдастыру әдістемесін ұсыну ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
2.4Ортанғы топтардағы балалардын дамуын зерттеу, деңгейлерін анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...38
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 40
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 41

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі: Балабақшадағы мереке - бұл күн басқа күннен бөлменің безендірілуімен, үлкендер мен балалардың сәнді киімдерімен, қонақтарды шақырумен, ерекше ас мәзірімен, тосын сый, сыйлықтармен ерекшеленеді. Балабақшадағы мерекелер мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейтін бағдарламаға сәйкес барлық жас ерекшелік топтарындағы балалармен өткізіледі.
Балабақшадағы ертенгіліктер тәрбие жұмысымен өмірімен байланысты арттыруға, балалардың топта алған тәрбиесін одан әрі тереңдетуге, ең маңыздысы, олардың сегіз қырлы, бір сырлы, білімді де, парасатты, адамгершілігі жоғары азаматтар болып өсуіне жағдай жасайды, ықпал етеді. Ертенгіліктерді осындай сан-салалы жұмыстарды тартымды да, қызықты, әсерлі етіп ұйымдастырған тәрбиеші, тек жақсы оқитын балаларды ғана емес, үлгерімі төмен, тәртібі нашар балалардың да талабын оятпақ.
Өйткені онда тәрбиеші мен бала арасында көзге көрінерлік шекара болмайды. Тәрбиеші баламен бірге тыныстайды, бірге ойлайды, істі бірге істеп, бірге шешеді
Ертенгіліктерді өткізу кезінде, қалыптасатын адамгершілік қарым-қатынас сипаты балабақшада беки түседі. Балалар түрлі ертенгіліктерге қатысу кезінде тапсырмаларды орындайды, ертеңгілік пен жиындарда, түрлі сайыстарда кездеседі. Өзара бірлескен қарым-қатынасын қажетті бағытқа қайта құруына мүмкіндік туады. Сан қырлы мерекелерде балалар өздерінің жаңа қырларынан танылады. Өз өнерлерін көрсетеді. Өнерлі балалар өз орындарын табады.
Балабақша балаларды жаңа қырларынан танытады. Баланың шығармашылық тұлғасын жан-жақты үйлесімді дамыту үшін оның өз мүддесіне қарай ұжымдарға балалардың түрлі іс-шараларға қатысуы үлкен мәнге ие. Балаларға ертенгілік жұмыстарын ұйымдастыра отырып, олар тек қана дамылумен ғана емес, өз өмірлерін қызықты, мазмұнды өмірге зер салып қарауға үйренуі керек. Ертенгіліктердің тәрбиелік қызметі дара және базалы дайындық сабақтастықты, тұлғаны тәрбиелеуде әр түрлі жақтардың арасындағы және тәрбиенің кешенді тәсілдерімен өзара байланысын ашу болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық тұлғасының белсенді бағытын оның тек сабақтарға жалпы қатынасы ғана емес, сондай-ақ білімді практикалық іскерліктерді қабылдау мен меңгеру процесінің өзі де анықтайды. Ертенгіліктер біріншіден, бұл балалардың бірігуге тартатын, одан өзінің іскерлігі мен қатыстығын көрсетуді талап етеді.
Сондай-ақ жас ұрпақты жан - жақты дамыған, ой - өрісі биік, тұлғасы сымбатты азамат етіп өсіру үшін тәрбие жүйесінде дене тәрбиесінің алар орны орасан зор. Ал оны неғұрлым ерте кезінен бастап, дұрыс жолға қойып жүргізсе, соғұрлым нәтижесі жемісті болатыны анық. Өйткені болашақ азаматтың денсаулығы мықты, мүсін тұлғасы дұрыс қалыптасқан, жігерлі де қайратты болып өсуіне, көпшілдік дағдыларын бойына терең сіңіруіне нақ осы мектепке дейінгі кезеңде тереңірек көңіл бөлінсе, дұрыс негіз қаланады. Қазақтың кемеңгер ақыны, ұлтының бақыты үшін өз бойындағы бар дарыны мен білгенін аямай, дене тәрбиесіне зор көңіл бөлген Мағжан Жұмабаев: Дене тәрбиесіне жеңіл қарауға болмайды. Дене жанның қабы. Қап берік болса ішіндегі заты берік болмақ. Дене жанның құралы. Құралы мықты болса иесі де мықты.
Сау жан - сау денеде ғана болады - деген. Сондықтан да бүлдіршіндер ағзасының қызметін жетілдіру, денсаулығын жақсарту, жүйкенің жұмысын дұрыс қалыптастырып, ширақ, жігерлі, икемді, сымбатты етіп өсіруде сауықтыру кештерінің жүргізу - балабақшалардың негізгі мақсаты мен алға қойған үлкен міндетінің бірі. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектеп жасына дейінгі кезеңде қалыптасады.
Зерттеу пәні: педагогика
Зерттеудің мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуындағы мерекелер мен сауықтырулардың маңызын зерттеу.
Зерттеудің міндеттері:
1. Балабақшадағы мерекелік ертеңгіліктің түрлерін зерттеу;
2. Баланы дамытуда - сауықтыру, спорттық мерекелерді ұйымдастырудың маңызын саралау;
3. Мектепке жасына дейінгі балалармен ертенгіліктер мен ойын сауықтарды ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтау;
4. Балабақшадағы Төрлет Әз-Наурыз мерекесін ұйымдастырудың әдісін көрсету.
Зерттеу нысаны: балабақшадағы мерекелік іс-шаралар мен сауықтыру.
Зерттеу болжамы: егер балабақшада тиімді әдістерді пайдалана отырып мерекелік іс-шаралар мен сауықтыру кештерін өткізсек, онда мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамыта аламыз.
Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспе, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 БАЛА ДАМУЫНДАҒЫ МЕРЕКЕЛЕР МЕН САУЫҚТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ

0.1 Балабақшадағы мерекелік ертеңгіліктің түрлері

Егеменді елдің жас ұрпақтарын тәрбиелеу, талапқа сай білім беру, бүгінгі күннің уақыт күттірмес мәселелерінің бірі болып табылады. Сондықтан да, мектепке дейінгі мекемелердің алдында балаға жүйеленіп, дайындалып берген белгілі бір білімді беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни, сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, ойын дұрыс жеткізе білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті болып тұр.
Балалар өміріндегі мерекелердің маңызы - адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру құралы, әдеби шығармалар, әндер мен өлеңдер патриоттық сезімдер қалыптастырады, балалар бойында тәртіптілік, мінез - құлық, ұжымшылдық негіздерін, мәдениетін тәрбиелейді.
Мейрам күндері - балалар үшін жан тебірентер ән мен күйдің, әсем бидің, көз қуантар көріністердің қызғылықты бір әлемі. Сондықтан да, мейрам күндерін балабақшаның әрбір тәрбиеленушісі асыға күтеді, өз өнерлерін жолдастарына, тәрбиешілеріне және ата - аналарына көрсетуге асығады.
Осы жағынан алғанда, жас жеткіншектерді тәрбиелеп, оларды жан - жақты дамытып, жетілдіруге мерекелік күннің үлесі зор. Жас жеткіншектердің өзін қоршаған ортаға дұрыс қалыптастыруға өз Отанына сүйіспеншілігін арттыруға, еңбекке ынтасын күшейтуге, интернационалдық сезімін оятуға үлкен әсер етеді.
Мерекелік ертеңгіліктердің барлық түрлері (ән салу, музыка ырғағымен қимылдар жасау, би билеу, музыка аспаптарында ойнау) балаларды музыканы сүйе білуге баулудың ерекше бір түрі. Қатар отырып қуанып, толғану жас жеткіншектерді тату ұжымға топтастырады және ұжымды жауапкершілікке баулиды.
Әрбір мерекеге арналған ертеңгілік сол мерекенің қоғамдық зор мәнін, идеялық мақсаттарын жас жеткіншектердің өз сезіміне лайықтап жеткізіп, сол арқылы бүкіл халықты салтанатқа үлес қосуына мүмкіндік береді.
Балалар ертеңгілігін дайындап, өткізуде ересек кісілердің де алатын орны ерекше. Мерекелерге балаларымен қатар отырып қуану үшін ата - аналар да қатысуға тырысады. Өйткені, балалардың көрсеткен өнері, орындаушылық ерекшеліктері көңілді де, мәнді ойын түрлері ата - аналардың да ара - тұра өз өнерлерін ортаға салуы сыйлықтар, әртүрлі естелік кітапшалар беру балалар өміріндегі аса бір қуанышты сәттер болып табылады, мұқият жоспарланады.
Осыған орай, күнтізбелік жоспар жасағанда балалардың өздері тұрған жердегі еңбек адамдарының мерекеге дайындығымен таныстыруға арналған оқу іс - әрекеттері ерекше ойластырылған жөн. Өтетін оқу іс - әрекет жоспары оқылатын әңгімелердің, жатталатын өлеңдердің, көрсетілетін суреттердің жинақталған жүйелерін бұзбай енгізу керек.
Ескеретін басты мәселе - олардың балаларға түсінікті болуы. Барлық дайындық жұмыстарын өтетін мереке тақырыбына топтастыру - ең негізгі мақсат десек, бұдан ата - аналарды да шет қалдыруға болмайды. Болғалы жатқан ертеңгілік туралы ата - аналарды хабардар етіп, қажет болса, олардың көмектесуін өтінген жөн. Сол сияқты, тәрбиешілер ата - аналарға мереке күндерін үйде қалай атап өту керектігі жөнінде де кеңес бергені өте орынды болады.
Мерекеге әзірлену және өткізу. Әрбір сценарийді алдын - ала ұқыпты, жан - жақты әзірлейді. Сценарийде ертеңгіліктің мазмұнына қарай үлкен кісілер мен балалардың айтатын сөздері және орындау реті жоспарланады. Әрине, ертеңгілікті үлкендерге арнаған балалар концертіне айналдыруға болмайды. Балалардың көрсеткен ойындары олардың өздерін де қуанышқа бөлейді, бірақ олардың естерінде ұзақ уақыт сақталатындай ерекше құбылыс бола алмайды. Сондықтан, балалар өнерін үлкен кісілердің (балабақша қызметкерлерінің) орындауындағы концерттік нөмерлерімен кезектестіріп, өткізсе, эмоциялық әсерге толы, есте қаларлық мереке болуы сөзсіз.
Ертеңгіліктің терең мазмұнды ойын ретінде ұйымдастырылғаны дұрыс. Балалар өнер көрсетіп жатқанда ойыншықтар тиелген машиналар шыған келсе немесе қолында сиқырлы таяғы бар бөгде бір кісі кіріп келсе, не болмаса екі адам қатар тұрып, пілдің бейнесін жасап, балпаң басып кіріп келсе, әлде сыпыртқыға отырып, құйындатып шауып кірген Жалмауыз кемпір, не болмаса ертедегі Қаңбақ шал не Алдар көсе кіріп келіп, ертеңгілікті әрі қарай жалғастырып, ойынды қыздырып әкетсе, әрине балалар өздерін бір ертегідей сезінеді, ішек - сілелері қатқанша күледі. Мұндай көріністерден кейін қызықты атрибуттарды пайдаланып, билер биленсе, әртүрлі ойындар ойналса орынды болады.
Тақпақтар айту, ән орындау, би билеу сияқты көңілді ойындарды алмастыра отырып, балалар белсенділігін арттыру ертеңгіліктер кезінде іске асуы тиіс. Күтпеген жерден сыйлықтар таратылып, оның өзі домалап келген қарбыздың ішінен немесе қонаққа келген адамның кәрзеңкесінен, бөлке нан немесе бауырсақ түріндегі қораптардан тосын түрде шығарылып жатса, балалар дүрліге мәз болып қуанып қалады.
Ертеңгілік кезінде ойынның бала өмірінде алатын орны зор, ойнау балалардың табиғи қажеттілігі, оның өсіп - жетілуінің негізгі шарты десе де болады. Сондықтан, ертеңгілік кезінде ойындарды ұйымдастыруға қажетті атрибуттар алдын - ала ескерілуі қажет. Ойналатын ойындардың бірсарынды болмауы, ойынға қатысатын, оны тамашалайтын балаларды жалықтырып алмауын қатты қадағалаған жөн. Ертеңгілікте музыкалық ойындармен қатар көп дайындықты қажет етпейтін және өте жеңіл ойналатын, күтпеген жерден басталын кететін тосын ойындарды да ойластырудың артықтығы жоқ.
Ертеңгілікті өткізу кезіндегі орналастыру (построение) ретін әр кезде әр қилы ойластырмаса болмайды.

Өйткені, орналастырудың ұқсастығы балаларды жалықтырып жіберуі мүмкін. Ертеңгілік кезінде балалардың қысылмай еркін отырып - тұруы олардың көңілділігі мен қуанышты күйі табиғи да шынайы болуына барлық мүмкіндік жасалғаны дұрыс.
Мерекелерді салтанатты түрде мектепке дейінгі ұйымда атап өтудің маңызы зор.
Мерекелер өзінің ойластырылған бағыты мен құрылымына қарай үш түрге бөлінеді:
:: Қоғамдық - саяси мерекелер
:: Тұрмыстық мерекелер
:: Маусымдық мерекелер
Қоғамдық саяси мерекелер салтанатты түрде өтеді. Бұл мерекелер музыка залына балалардың көгілдір жалаушалар, шарлар, гүлдер ұстап, салтанатты шеру жасап кіруінен басталады. Оған қоса ұрандар айтылып, Отанымыздың ұлылығына арналған құттықтаулары шатты түрде естіліп жатса, мереке салтанатының әсері арта түспек. Салтанатта көңілді сауықтар, ойындар, билер, топпен айтылатын әндер мерекені жандандырып отырады. Балалар ептілік, тапқырлық жөнінде сайысқа түседі.
Мерекенің соңына қарай ересектердің құттықтаулары болады.
Қоғамдық саяси мерекелер:
- 6 шілде - Астана күні;
- 30 тамыз - Конституция күні;
- 16 - 17 желтоқсан - Тәуелсіздік күні;
- 8 наурыз - Халықаралық Әйелдер күні;
- 1 мамыр - халықаралық ынтымақтастық күні;
- 7 мамыр - Қарулы күштер күні;
- 9 мамыр - Жеңіс күні
Тұрмыстық мерекелер балалардың тұрмысы мен өмірі, көркемдік безендірілуі мен құрылымы жағынан өзгеше. Балалар үшін асыға күтетін сүйікті мереке - Жаңа жыл. Жаңа жыл мерекесі ертегідегі сияқты сиқырлы ғажайыптарға толы, ол балаларға толып жатқан қызықтар әкеледі. Оттарымен, ойыншықтарымен жарқыраған шырша - жаңа жыл мерекесінің орталығы. Шырша өзінің әдемілігімен балаларды тартады. Әрбір мерекелерде бала өзі ұнатқан кейіпкерді алып, ойын ойнауы керек. Мектепке шығарып салуға арналған ертеңгілік даярлық топтары үшін ұйымдастырады. Қонаққа келген сәбилер тобы өз өнерлерін көрсетіп аяқтағаннан кейін ересек жолдастарын құттықтайды, бір - біріне естелік сыйлықтар береді.
Тұрмыстық мерекелер:
- Жаңа жыл мерекесі;
- 22 наурыз - ұлыстың ұлы күні;
-Балаларды мектепке шығарып салу мерекесі
Маусымдық мерекелер жыл мезгілдеріне байланысты өткізіледі.
Олардың тақырыбы балаларға күнделікті өмір мен іс - әрекеттен алынатынын, мыс: жазғы мереке кезінде балабақша ауласында концерт түрінде өткізіп, жаңа әндер айтып, би билеуі қаншалықты әсер ететінін байқауға болады.
Күз мерекесінде өсімдіктердің көк сабағынан, гүлдерден өрілген әшекейлі тізбектер, жемістер макеті балалардың күз мезгілі туралы түсініктерін одан әрі кеңейте түседі. Қыс мезгілінде боранның уілдеген даусын салып, қар лақтыру ойынын ойнаса, көктем мезгілінде гүлдермен билеу, жапырақтардың бүршік жаруы туралы түсінік алуы балаларға маусым құбылыстары туралы мағлұмат береді.
Маусымдық мерекелер:
- Көктем келді шуақты"
- Жаз келді жасыл...!
- Сары алтындай сары күз!
- Қыс мезгілі тамаша!
Мерекелік ертеңгілікке неше топ қатысуы тиіс?
Ертеңгілікті сәбилер тобын басқа топтармен біріктіріп өткізуге болмайды, өйткені балалардың өз мерекесіне қатысуын олардың белсенділігін арттыруға пайдаланғаны дұрыс. Мұндай жастағы балаларға сырттан қонақтар шақырылса, балалар көңілін басқа жаққа аударып, мереке оларға қызықты болмай қалуы мүмкін. Ондай сәттерде кейбір балалар жылап та жібереді.
Басқа топтың балаларын қажеттілігіне қарай біріктіруге болады. Бұл жағдайда сценарий бойынша орындалатын бағдарламаға әр түрлі екі топтың балалары қатысуын қамтамасыз етуі қажет.
Кез келген ертеңгіліккке балалардың толық қатысуын қамтамасыз ету керек. Ертеңгіліктерде орын алатын басты рольді балалардың бірінен екіншісіне ауыстырылып отырғаны жөн. Әрине, әр баланың мүмкіндігі мен мінез - құлқын да ескерген жөн. Баланың барлық кезде тек орындаушы, не тек көрермен боп қалуы дұрыс болмайды. Көпшілік ойынға нашар қатысатын бала мейрамға да аса қатты қызықпайды, ондай бала өз күшіне өзі сенбей күннен - күнге тұйықталып, жеке - дара қалуы мүмкін. Сондықтан, педагогтың міндеті әр балаға көпшіліктен орын тауып беру.
Адам өзін - өзі жетілдіруге де, сонымен қатар, өзін - өзі жоюға да қабілетті болады. Адамның өз болмысын тануға ұмтылып, тереңде жатқан талап - тілегін, қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады.

1.2 Баланы дамытуда - сауықтыру, спорттық мерекелерді ұйымдастырудың маңызы

Балабақшада өткізілетін дене шынықтыру-сауықтыру және спорт шараларының негізгі түрлері: Денсаулык және спорт күндері. Денсаулық және спорт күндерін өткізу балабақшаның оқу-тәрбие жұмыстарының жылдық жоспарына жазылып, оның өтетін уақыты көрсетіледі. Денсаулық және спорт күндері тоқсанына 1 рет сабақтан босатылып, ал айына бір рет сабақтан тыс уақытта немесе каникул кезінде міндетті түрде өткізіледі. Денсаулық және спорт күндері мектепке дейінгі топтарда 2-3 сағат, 5-8- топтарда 3-4 сағат, жоғары топтарда 4-5 сағат шамасында откізіледі. Жарыстардың өтетін уақыты жергілікті ауа райына, балабақшаның мүліктік қорына, тұрғылықты халықтын әдет-ғұрпына т.б. байланысты белгіленеді. Денсаулық және спорт күндерін 1-4, 5-8, 9-11- топтарда бөлек немесе барлығын бір күнде өткізуге болады. Командаларды басқаруға, төрешілікке барлық педагогикалык ұжым, ата-аналар т.б. жұмылдырылады. Жарыс бағдарламасына әр түрлі спорттық қозғалмалы ойындарды, жаяу, шаңғы саяхаттарын, жарысқа шық жас ұлан, жүгіру, секіру, лақтыру күндерін, эстафеталарды шанамен, шаңғымен, конькимен сырғанауды кіргізуге болады.
Жарыстың қорытындысы шығарылып, жүлдегерлер марапатталады. Жарыстың басталуы және қорытындысы ата-аналарға, қоғамдық ұйымдарға, балаларға радио арқылы хабарланады. Ұйымдастыру жұмыстарын балабақша директоры, онын орынбасарлары және дене тәрбиесінің тәрбиешілері басқарады. Балалардың жарысқа қатысуын топ жетекшілері, бастауыш топтың тәрбиешілерімен басқа да балабақша қызметкерлері төрешілікке қатыстырылады.
Дене тәрбиесі тәрбиеші сабағынан уақытша босатылған балалар мерекеге міндетті түрде қатысып, төрешілерге мүмкіндігінше көмектеседі, бірақ олар жарыстардан және жорықтардан босатылады.
Денсаулық күнінің негізі оның бұқаралығында, сондықтан мерекелерге барлық балалар қамтылады. Денсаулық және спорт күндерін театр, кино, көрме т.б. кездесулерге пайдалануға тыйым салынады.
Денсаулық және спорт күндерін өткізудің мазмұны.
І тоқсанда. Ауа райына байланысты бұл айларда денсаулық және спорт күндері таза ауада өткізіледі. Орта топтарда жаяу жорықтар, қозғалмалы ойындар эстефеталар т.б,. орта және үлкен топтарда туристік жорықтар, жер белдеріне байланысты бағыт анықтау жарыстары , саяқаттар, спорттық және қозғалмалы ойындар, күн жылы аймақтарда жүзу, өзендер мен көлдерде шомылу, ат спорты т.б. ұлттық ойындар өткізіледі.
Қараша-желтоқсан. Аймақтардағы ауа райы және
балабақшадардің мүліктік қорына байланысты гимнатикалық эстафеталар жаяу және шаңғы жорықтары, бір орында тұрып
ұзындыққа, биіктікке секіру, арқанға өрмелеу, кермеде тартылу,
нығыздаған доп лақтыру сияқты залда ұйымдастырып, жеңімпаздарды марапаттау, ойын түрлерінің қортындысы шығару
балабақша қауымының міндеті.
Қаңтар - ақпан . Бұл мерзімде жарыстар негізінен спорттың қысқы түрінен өткізіледі 1-2- топтарда алдын-ала дайындалған қар төбешіктерінен шанамен сырғанаудан топ аралық, жекешілік жарыстар өтізілсе, 3-4- топтарда шаңғы, коньки жарыстары және қозғалмалы ойындар өткізіледі. Жоғары топтарда шаңғы, коньки жарыстарымен, шанамен 1-2 күндік жорықтар өткізіледі. Денсаулық күнінде өткізілетін ойындардың түрлері жалпы білім беретін балабақша балаларының дене тәрбиесі бағдарламасында көрсетілген.
Жарыстар наурыз айында өткізілсе, ауа райының қолайлығына байланысты ойындарды таза ауада өткізуге болады. Жарыс бағдарламасына шаңғы, коньки, хоккей, төбешіктен шанамен сырғанау, спорттық және қозғалмалы ойындарды енгізуге болады. Ойындар мен эстафеталардың әр түрлері үсынылады.
Спорттық жарыстардың негізі жеңіл атлетикалық көп сайыстардан, дала жарысынан, футбол, баскетбол, волейбол, гандбол, асық, ат, бес тас, күрес эстафеталарымен қоса ережесі бар қозғалмалы ойындардан, шаңғы, коньки жарыстарынан тұрады. Бұл ойындар мен спорт түрлері балабақшаның мүліктік қорына, үлт ерекшелігіне, т;үрғылықты халықтың әдет - ғұрпына байланысты жоспарланып, алдын-ала тәрбиешілер кеңесінде бекітіледі-Жарыстар І- топтарда 2-2,5с. ІІ топтарда 3-3,5с. жоғары топтарда 4 сағат шамасында еткізіледі. Жарыска қатысатын әр баланың дәрігерден алған рүқсат қағазы, жарыска дайындығы алдын-ала төрешілер комиссиясы анықтайды-Спорттық киімі жоқ балалар жарысқа қатыстырылмайды Туристік жорықтар.
Жорыққа шығар алдында онық бағдарламасын тәрбиешілер кеңесінде, ата-аналардың қатысуымен талқыланып, балабақша бойынша бұйрық шығарылады. Онда жауапты адамдардың аты, жөні, тұратын мекен - жайы, үйінің телефон нөмері көрсетіледі. Жорықтан қайтқан соң, оған жауапты адамдар тәрбиешілер кеңесімен ата-аналар алдында есепті баяндама жасап, жетістіктер мен кемшіліктерді талқылайды. 2-3 күндік жорықтарга ата-аналарлардың қатысуына болады. Жорық кезінде шынығу деңгейі төмен балаларға жетекшілер айрықша көңіл аударады. Жорықта ауыру сырқауға душар болған балаларға бірінші дәрігерлік көмек көрсетіп, оларды жақын жердегі ауруханаға немесе үйлеріне қайтарылады.
Мейрамдар топтар арасында немесе бір мезгілде барлық балабақша балаларының қатысуымен ұйымдастырылып өткізіледі. Мейрам "Қыз сыны ", "Жігіт сыны " жарыстарына ұқсас, гимнастикалық орындаулар, құрал-жабдықтармен және еркін орындалатын гимнастикалық жаттығулардан басталады.
Пирамидалар орындалып, спорттық қозғалмалы, ұлттық ойындармен жеңіл атлетика түрлері, дала жарысы және әскери қолданбалы түрлерінен өткізіледі.
Мейрамдардың негізгі мақсаты: балалардың шынығу дайындығын анықтау, үгіт - насихат жұмысын жүргізу. Жарыс қорытындысын шығару, жеңімпаздарды марапаттау.
Ата-анамен педагогтар арасындағы бірлескен жұмыстар үлкен жауапкершілікті талап етеді. Баланың денсаулығын қорғау, сақтау және нығайту жұмыстары ең басты мәселе. Балалардың қимыл қозғалысбелсенділігін дамытуға байланысты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейіңгі ұйымдағы мерекелер мен сауықтар
БАЛАБАҚШАДАҒЫ МЕРЕКЕЛЕР - БАЛАЛАРДЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА БАУЛУДЫҢ МАҢЫЗДЫ АСПЕКТІ
Балабақшадағы мерекелер балалар өмірінде
Музыкалық тәрбие
Балаларды мектепке шығарып салу мерекесі
Мектепке даярлық топтағы балаларды дамытушы орта арқылы ұлттық тәрбиеге баулуды жетілдіру
Балалар бақшасында мерекелік ертеңгіліктерді ұйымдастыру және жүргізу ерекшеліктері
Балабақшадағы ертенгіліктерді ұйымдастыру әдістемесі
Жас ерекшеліктеріне байланысты ертеңгіліктер таңдау
Үш терек ЖШС Еркем-Ай бөбекжай балабақшасында қыркүйек айында жүргізілген ертеңгіліктер мен ұйымдастырылған оқу кызметтерінің анықтамасы
Пәндер