Қазақ тілді басылымдардың пайда болуы


Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
«Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ
Күнтуған Асылжан
Қазақ тілді басылымдардағы имидждік мақалалардың сипаты (Монголиядағы қазақ тілді басылымдар материалдарының негізінде)
тақырыбында
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
«6В03214 - Қоғаммен байланыс» білім беру бағдарламасы
Астана, 2024
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
«Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі
Серікзат Дүйсенғазин
«___» « » 2024.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
тақырыбы: «Қазақ тілді басылымдардағы имидждік мақалалардың сипаты (Монголиядағы қазақ тілді басылымдар материалдарының негізінде) »
«6В03214 - Қоғаммен байланыс» білім беру бағдарламасы
Орындаған: Күнтуған А.
Ғылыми жетекші
т. ғ. д., профессор м. а. Тұржан О. І.
Астана, 2024
«Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ
Журналистика және саясаттану факультеті
Телерадио және Қоғаммен байланыс кафедрасы
Қоғаммен байланыс білім беру бағдарламасы
БекітемінКафедра меңгерушісі
Серікзат Дүйсенғазин
«___» « » 2024.
Дипломдық жұмысты (жобаны) орындауға ТАПСЫРМАСтудент Күнтуған Асылжан, 4-курс, 41- тобы, «Қоғаммен байланыс» білім беру бағдарламасы, күндізгі бөлім
1. Дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы «Қазақ тілді басылымдардағы имидждік мақалалардың сипаты (Монголиядағы қазақ тілді басылымдар материалдарының негізінде) » №2458-п ректордың бұйрығымен бекітілген «26» 12. 2023
2. Білім алушының аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі «15» 05, 2024.
3. Жұмысқа қажетті бастапқы деректер (заңдар, әдебиет көздері, зертханалық және өндірістік мәліметтер) . Жұмыс барысында бастапқы мәліметтер монғол. қазақ зерттеушілердің еңбектерінен алынды.
4. Дипломдық жұмыста (жобада) жасалатын тақырыптар тізімі:
- Қазақ тілді басылымдардың пайда болу тарихы
- Басылымдардағы көтерілген негізгі мәселелер
- Имидждік мақалалардың құрылымы мен мазмұнының негізгі сипаттамалары
- Қоғамдық пікірді қалыптастырудағы имидждік мақалалардың рөлі
- Монголияның қазақ тілді басылымдарында имидждік мақалаларды дамыту бойынша қорытындылар мен ұсынымдар
5. Графикалық материалдар тізбесі (сызбалар, кестелер, диаграммалар және т. б. ) қолданылмаған.
6. Ұсынылатын негізгі әдебиеттер тізімі. Дипломдық жұмысты жазу барысында көбіне монгол, қазақ зерттеушілердің еңбектері көрсетілген. Олардың ішінде: 2000 жылы шыққан Қабдеш Жұмаділовтың «Қалың елім қазағым», Цэдэвийн Дашдоржтың 1987 жылы шыққан «Монголын тогтмол хэвлэлийн товч лавламж» атты еңбегі, Абай Мауқараұлының 2002 жылғы «О қазақ пен бұ қазақ» атты еңбегі, Оңайгүл Тұржанның «Имимджелогия» еңбегі, Асылбек Рахатұлының «Монғолия қазақтары» еңбегі. Сонымен қатар, Баян-Өлгий аймағы архиві, «Алау» газеті, «Ару жұлдыздар» журналы сынды дереккөздер қолданылған.
7. Жұмыс бойынша кеңестер (оларға қатысты жұмыс бөлімдерін көрсете отырып)
1 Монғолияда қазақ тілді басылымдардың пайда болуы және даму кезеңдері
1. 1 Қазақ тілді басылымдардың пайда болуы
2 Монғолиядағы қазақ тілді басылымдардағы имидждік мақалалардың жалпы сипаты мен идеялық қырлары
2. 1 Имидждік мақалалардың мазмұндық сипаты
8. Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау кестесі
Тапсырманың берілген күні «29» 04, 2024.
Ғылыми жетекші т. ғ. д., профессор м. а. Тұржан О. І.
Тапсырманы қабылдады: студент Күнтуған А.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 8
1 МОНҒОЛИЯДА ҚАЗАҚ ТІЛДІ БАСЫЛЫМДАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ . . . 9
1. 1 Қазақ тілді басылымдардың пайда болуы . . . 9
1. 2 Қазақ тілді басылымдардың көтерген негізгі мәселелері . . . 16
2 МОНҒОЛИЯДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛДІ БАСЫЛЫМДАРДАҒЫ ИМИДЖДІК МАҚАЛАЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ МЕН ИДЕЯЛЫҚ ҚЫРЛАРЫ . . . 24
2. 1 Имидждік мақалалардың мазмұндық сипаты . . . 24
2. 2 Имидждік мақалалардың идеялық қырлары . . . 30
Қорытынды . . . 39
Пайдаланылған əдебиеттер тізімі . . . 40
Кіріспе
Диплом жұмысымыздың бірінші тарауында Монғолиядағы қазақ диаспорасының баспасөз тарихы туралы айтамыз, баспасөздің алғаш құрылуы қазақ қауымдастығына қалай әсер еткені жайлы жазамыз. Бұл тарауда біз Соян Қажыбайұлы мен филология ғылымдарының докторы Қабидаш Қалиасқарұлының тағы басқа жергілікті қаламгерлердің еңбектерінен басым ақпараттарды аламыз. Ал екінші тарауда имидждік мақаланың мазмұны және идеялық қырлары туралы жазамыз. Мұнда публицисттердің жазған әр түрлі мақалалары туралы және олардың мазмұндық сипатының ерекшеліктері туралы айтамыз. Бұл зерттеуімізге біз «Ару жұлдыздар» журналы, «Жаңа дәуір» т. б газеттеріне жарияланған мақалаларды талдаймыз. Осы тақырыптарымызды талдай келе кезекті өзекті тақырыптарға тоқталамыз:
• Имидж құру стратегияларын қарастыру: осы мақалалар аясында имиджді қалыптастыруда қолданылатын стратегияларды зерттеп, қазақ қауымының қабылдауын оңды қалыптастыратын негізгі тұлғаларды, оқиғаларды және әңгімелерді анықтау.
• Моңғолиядағы қазақтың мәдени мұрасын сақтауға және таратуға қалай үлес қосатынына назар аудара отырып, осы мақалалардың мәдени сақтаудағы рөлін бағалау.
• Мәдениетаралық түсіністікке және бейтараптықты азайтуға баса назар аудара отырып, бұқаралық ақпарат құралдарының баяндауының қазақ қоғамдастығының ішкі және сыртқы қабылдауына әсерін зерттеу.
Моңғолиядағы қазақ тілді басылымдардағы имидждік мақалалар қазақ қауымының баяндылығын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Имидж қалыптастыруға бағытталған бұл мақалалар қазақ халқының дәстүрлі тәжірибесін, қазіргі жетістіктерін және қиындықтарын көрсетеді. Олар қазақ болмысын жақсы бейнелеуге, мақтаныш пен бірлік сезімін тәрбиелеуге ықпал етеді. Мәдени көпір қызметін атқара отырып, бұл басылымдар қазақ азшылықтары мен кең моңғол қоғамы арасындағы түсіністік пен бағалауды жеңілдетеді. Олар мәдениетті сақтау, тілді жандандыру және әлеуметтік-экономикалық мәселелер сияқты мәселелерді шешетін мәдени алмасу алаңын ұсынады. Негізінде, бұл бейнелік мақалалар Моңғолиядағы әртүрлілік мозайкасына ықпал етіп, инклюзивтілікті насихаттайды және ұлттың әлеуметтік құрылымындағы қазақ халқының ұжымдық түсінігін арттырады.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Қазақ тілді басылымдардағы имидждік мақалалардың сипаты (Монголиядағы қазақ тілді басылымдар материалдарының негізінде) .
Зерттеу жұмысының міндеті: Моңғолиядағы қазақ басылымдарының тарихи даму жолдарына талдау жасау, имидждік мақалалардың сипатын, идеялық тұрғыдан қоғамдық пікірге ықпалын жан-жақты қарастыру және талдау.
Зерттеу жұмысының өзектілігі : Моңғолиядағы қазақтілді басылымдардағы имидждік мақалаларды зерттеу азшылық қауымдастықтарындағы мәдени өкілдік пен сәйкестік құрылысын түсіну үшін өте маңызды.
- Имидж құру стратегияларын қарастыру: осы мақалалар аясында имиджді қалыптастыруда қолданылатын стратегияларды зерттеп, қазақ қауымының қабылдауын оңды қалыптастыратын негізгі тұлғаларды, оқиғаларды және әңгімелерді анықтау.
- Моңғолиядағы қазақтың мәдени мұрасын сақтауға және таратуға қалай үлес қосатынына назар аудара отырып, осы мақалалардың мәдени сақтаудағы рөлін бағалау.
- Мәдениетаралық түсіністікке және бейтараптықты азайтуға баса назар аудара отырып, бұқаралық ақпарат құралдарының баяндауының қазақ қоғамдастығының ішкі және сыртқы қабылдауына әсерін зерттеу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Монғолиядағы қазақ басылымдарының дамуы және бүгінгі таңдағы ахуалы туралы жинақталған деректер береді және осы басылымдардың бұған дейін арнайы талдау жасалмаған имидждік сипаты туралы талдау жасалуы - осы зерттеудің жаңалығы бола алады.
Зерттеудің теоретикалық және практикалық маңызы: Зерттеу жұмысы болашақ журналисттерге Монғолиядағы қазақ баспасөзі жайлы материал дайындауда, әсіресе, имидждік мақала жайлы жұмыстарында қолдануға болады.
Зерттеудің теориялық және методологиялық негізі. Тақырыбымызды зерттеу барысында «Жаңа Дәуір» газетінің арнайы Халықаралық баспасөз бостандығы күніне шығарылған санын пайдаланумен қатар, Жазушы әрі Монғолиядағы қазақ радио алқасының мүшесі Р. Шынай-дың «Жел қанат құс» атты кітабы және «Имиджелогия теориясы мен практикасы» атты Оңайгүл Тұржан қызының негізгі ғылыми еңбектеріне жәнеде Монғолияның құрыш қаламгері, ҚР-ның жазушылар одағының мүшесі Соян Қажыбайұлының «Өркенді өлке» атты еңбектеріне сүйене отырып жаздық.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Зерттеу жұмысымыздың басым бөлігін Монғолиядағы Қазақ диаспорасының баспасөз тарихына негіздей отырып сол жақтағы зиялы қазақ өкілдерінің ғылыми мақала, газет, кітап сияқты жазба жұмыстарымен және заманауи ақпарат құралдарынан ала отырып жаздық.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, төрт тараушадан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен құралған.
1 МОНҒОЛИЯДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛДІ БАСЫЛЫМДАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
1. 1 Қазақ тілді басылымдардың пайда болуы
Бүгінгі таңда тарихи отанынан жырақта, яғни өзге елдерде өмір сүріп жатқан қазақтардың да ұлттық мәдениетті дамытуға, рухани құндылықтарды толықтыруға сүбелі үлес қосқандығын ерекше атап айтуға тиіспіз. Олардың өз мәдени орындары мен төл әдебиеті, баспасөзі болғаны және сол ошақтардың әліде оттары сөнбегені баршаға мәлім.
Қайта құру кезеңінен соң, әсіресе, Қазақ елі тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда қазақ диоспорасы өкілдерінің белсенді қызметтерінің нәтижесінде ұлттық мәдениет орталықтары құрыла бастады. Шетелдерде қазақ тілінде жарық көріп жатқан мерзімді басылымдардың әрбірін біртұтас қазақ баспасөзі мен ұлттық мәдениетінен бөліп қарауға негіз жоқ деп айтсақ болады. Себебі, оның бәрі ұлттық рухани құндылықтың ажырамас бір бөлшектері.
Түгел түркінің түп бесігі Алтайдың күншығыс бетіне қоныс тепкен Моңғолиядағы қазақтар біртұтас қазақ әлемінің ажырамас бөлшегі. Қазақтың көптеген рухани-материалдық құндылықтарын бар бояуымен жаңа ғасырға жеткізген Монғолия қазақтары туралы ҚР тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев 2003 жылғы 23 қазанда өткен Дүниежүзі қазақтарының ІІ құрылтайында былай деген болатын: « . . . Бүгінгі таңда Баян-Өлгий аймағы - қазақ халқының ана тілі ең таза сақталған, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, мәдениеті өзінің ежелгі бояуын жоғалтпаған өңірлердің бірі. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Баян-Өлгий аймағынан ата жұртқа 60 мыңнан астам ағайындарымыздың қоныс аударуы жас мемлекетіміздің мәдени-рухани тыныс-тіршілігіне, ана тіліміздің, ұлттық салт-дәстүріміздің жаңа деңгейге көтерілуіне өз ықпалын тигізгені анық» [1] .
Монғолиядағы қазақтардың проблемалары ондағы ресми биліктің назарынан еш қашан да тыс қалған емес. 1931-1940 жылдар аралығында Монғолияның Кіші Хуралы яғни, кіші парламенті жанында аз ұлттар жөніндегі арнайы кеңес жұмыс атқарған. Оның негізгі мақсаты мемлекетте өмір сүретін қазақ ұлты және тува, бурят ұранқай тағы басқа да ұлт өкілдерімен жұмыс жасау еді. 1940 жылы дербес қазақ аймағы орнағанға дейін аталмыш кеңес көптеген игі істер атқарып, оның жемісін өзге ұлттардан қарағанда қазақтар көп көрді. Д. Сүхбаатар атындағы мемлекеттік баспа кәсіпорнында қазақ тілінде баспа цехінің ашылуы - ондағы қазақтар үшін тарихи оқиғаның бір бөлігі болды. Дегенмен, бұл жөнінде нақты мұрағаттық деректер қазіргі таңда өте аз. Бірақ, аталмыш цех 1941 жылы Баян- Өлгей аймағына көшірілген уақытқа дейін жекелеген газет-журналдарды жарыққа шығармағанымен қазақ тілінде тақтайшалар басып келгендігі туралы баспасөз тарихын зерттеушілердің мәліметтері баршылық. Ол тақтайшалар алғашқыда төте жазумен, кейінірек латын әрпімен басылып келгені сонда басушы, әріп теруші болып жұмыс істеген қазақтардың естелік әңгімелерінен белгілі болған. Елдегі ең ірі баспа комбинатында қазақ баспа бөлімінің пайда болуы сол мемлекетте жоғарғы органда жұмыс жасаған ұлт сүйер азаматтардың еңбегі. Айталық МХРП орталық комитетінің хатшылар кеңесінің 1931 жылғы Желтоқсанның 23-і күнгі № 59 қаулысы бойынша қазақ тілінде газет, басылымдар шығаруды және оған қажетті материал техника мен қаражат әзірлеуді МХР халыққа білім беру бөліміне міндеттеген. Осыған ұқсас шешімді бір жылдан соң Министрлікде қайта бекіткен. 1932 жылы тамыздың 27-інде 9-шы отырыстың күн тәртібінің екінші мәселесінде: « . . . Үкіметтің саясаты, мақсаты, заң, қаулы-қарар, нұсқаулар, атқарылған іс шаралар, халықтың тілек-талаптары мен мүдделері, мәдени-ағарту, шаруашылық, экономикалық жай-күйін көпке таныстырып отырудың маңызы зор. Әсіресе, аз ұлттарға оны өз тілдерінде түсінікті түрде жеткізудің өзектілігі тіпті айрықша мәнді. Сондықтан, қазақ тілінде жеке басылым шығару аса қажет . . . » -делінген [2] .
Осылайша қазақ баспа цехінің алғаш қалай ашылғаны бізге мәлім болып отыр. 1935-1940 жылдары Монғолияда ұлттық кадрлар даярлау жұмысы өз денгейінде қолға алынынған. Хат таныған, сауат ашқан жастарды кеңес одағының жоғары оқу орындарына көптеп аттандырып жатты. Қазақ аз ұлты үшін бұл үлкен мүмкіндік болды. Кейіннен Монғолиядағы қазақ жастары келесі кезекте Алматыға жоғары оқу орындарына түсе бастады. Өз тарихи отандарына оралып, қазақ тілінде білім алулары Монғолияда Қазақ баспа жұмысының алға басуына көмектесті. Баспасөздің дамуына ерекше үлес қосқан осы арнайы білім алған мамандар болатын. Олардың қазақ тілінің қалыптасып дамуына қосқан үлестері де айтарлықтай.
Сонымен қатар қазақ ұлтының арасында өзара материалдық және өндірістік дамудың халықтың жаппай сауат ашуымен байланысты. Сауат ашуларына бірден бір әсер еткен бұл қазақ тілінде баспасөз цехінің құрылуы болды. Моңғолиядағы өндіріс орындарының көбі қазақ азаматтарының кірісулерімен түндігін ашып, түтінін түтетіп жатты. Алдымен, Налайх қаласындағы көмір кен өндірісі қазақ жұмысшыларының еншісіне тиді. Кейін Бэрх, Чоногол вольфром шахтасына, Зүүнбаян мұнай өндіру өндірісіне қазақ отбасылары елдің батыс өлкесінен шығыс Моңғолияға қарай ағылды. Осылайша, қазақ бауырларымыздың Монғол елінің 18 аймағына тарыдай шашылған тағы бір көші басталып, қала қазақтарының түп тамыры пайда болды. Өркениеттік тұрғыдан келгенде оның көптеген тиімді жақтары бар еді. Бұрын тек қана көшпелі мал шаруашылығымен айналысып келген қазақтар өндірісті игеріп, "техниканың құлағында ойнап" жаңа заманға бейімделе бастады. Көбі тау-кен шахталарында жұмыс істегендіктен жалақылары жоғары болды да, тұрмыстық-әлеуметтік жағдайлары күрт көтеріліп жақсарды. Қала жастанып тіршілік етулерінің арқасында балаларын оқытып, көздерін ашты. Яғни, материалдық және рухани жағынан қатар есейді. Қазақ кеншілері елге де, өкіметке де жағымды жағымен көріне білді. Моңғолия өндірісшілері мен кеншілерінің алғашқы еңбек ерлері, майталман қайраткерлері қазақтар болды. Олардың аттарын құрметпен атай бастады. Өздерін бөтен жұртқа еңбеккерліктерімен мойындата білгендерінің нәтижесінде Моңғол өкіметі қазақ диаспорасына құрметпен қарайтын дәрежеге жетті. Әртүрлі салаларда еңбек еткен қазақ азаматтары ұлт намысын қай кезде болмасын жоғары ұстады. Монғол мемлекеті қазақ аз топтары үшін дербес аймақ құрып беріп, ана тілдерінде баспасөз ашуларына рұқсат беруінің өзі қандастарымыздың еңбекқор екенін бағалауы, қоғамдағы жаңа құбылыстарға тез бейімделетін ізденгіштіктеріне сәйкес сый-құрметі көрсеткен болып саналады. . Көбінесе кен орындары мен өндірістерде жұмыс істейтін, материалдық саланың негізгі тетігін ұстағандардың дені қазақтар болғаны рас. Сондықтан олардың мемлекеттің "ортақ қазанына" қорына енгізген пайдалары да көп еді. Қоғам дамып жаппай мәдениеттенуге бет бұрған осы кезеңде халық газет оқуды күнделікті тұрмыстық және рухани қажеттілікке айналдырды. Үкімет орнының 1939 жылғы ақпан айының 28 күнгі жиналысы және мемлекеттік кіші Хуралдың төменгі палата парламенті №17 қаулысы бойынша Қобда аймағындағы қазақтардың білім, мәдени істерін Қазақстанда қолданыстағы кирилица әрпімен жүргізу туралы шешім қабылдауы қазақ баспасөзінің шығуына түрткі болды [3] . Сонымен бірге қазақтардың атажұрттағы мәдени өмірімен тікелей араласуға еркін жол ашты. Шет тілдерінде газет-журналдар шығару үрдісі Моңғолияда ежелден бар болатын. Мысалы, 1926 жылы қазан айынан бастап "Хозяиство Монголии" деген журнал 140 бет, 500 дана таралыммен Ұлан-Батырда орыс тілінде жарық көрген. 1933 жылы қазан айынан бастап, "Современная Монголия" деген саяси -экономикалық журнал 1000 данамен жарық көре бастаған. 1942 жылдан бері " Новости Монголии" деген апталық газет те шығарылды. Сонымен қатар Монцамэ ақпараттық агенттігі шығаратын қытай, ағылшын тілдерінде де жекелеген журналдар шығып отырған. Осылайша қазақ баспасөзі пайда болардан алдын Монғолияда өзге тілде де газет-журнал шығару жұмысы қолға алынған және белгілі дәрежеде жинақталған тәжірибелері бар болды деп айтсақ қателеспейміз. Монғолияға қазақ басылымын шығару неге керек болды? - деген сұраққа келер болсақ.
- Біріншіден, осы елдегі бірден бір тілі, салт-санасы, діні-ділі бөлек ұлт бұл Қазақтар ғана болды. Белгілі бір ұлт бар жерде оның проблемалары болатыны заңдылық еді.
- Екіншіден, Моңғолиядағы қазақтар елдің заңын, ресми ережелерін қабылдап, құрметтегенімен моңғол тілін жаппай үйреніп кету жағынан қиындықтар туындады. Керісінше, ауылдас Уранқай, Тува ұлыстары ежелгі түркі тайпаларының ұрпақтары болғандықтан да болар қазақ тілін үйреніп кетті. Нәтижесінде, сол кездегі қазақтар өз ана тілінің қаймағын бұзбай сақтап қалды.
- Үшіншіден, Моңғол мемлекеті өз саясатын ресми тілде насихаттаудың нәтиже бере қоймасын ерте түсінді. Сондықтан, қазақ мамандарын мемлекеттік қызметке тартудың, қазақ тілінде жекелеген басылымдар шығарудың маңызын зор деп таныды.
- Төртіншіден, мемлекеттік ресми органдарда кеңесші болып істеген, кеңес одағынан шақырылған мамандар мен коминтерн өкілдерінің арасында қазақ зиялыларының да болуы қандастарымызға деген құрмет пен игі көзқарас қалыптастырды.
Моңғолиядағы қазақ баспасөзінің қажеттілігі жоғарыда аталған осындай негізгі жағдайлардан туындады. 1941 жылы әлем халықтары үшін ауыр кезең еді. Кеңес одағы мен Германия арасындағы соғыс басталып, дүниежүзілік соғыс басталған уақыт. Заманның осындай қиын кезеңінде дүниеге келген Монғолиядағы қазақ баспасөзінің өзіндік даму жолдары мен оған рухани және материалдық тірек болған төмендегідей шешуші факторлары болды:
Біріншіден: Монғол үкіметі қазақ баспасөзінің дамып өркендеуіне ерекше назар аударды. Дербес қазақ аймағын құру арқылы тарайтын ортаны қалыптастырды, оқырмандарға жеткізді. Улаанбаатар-дағы қазақ баспа цехін Баян-Өлгийге көшіріп, жекешелеген қазақ баспаханасын ашты. Қазақтарды атажұрты Қазақстанмен қарым-қатынасын үзбеуге жан-жақты нығайта күш салды. Мамандармен қамтамасыз етуді әр кезеңде жүзеге асырып, жекелеген қаулы қарарлар қабылдап, оны орындалуын жіті қадағалады.
Екіншіден: Қазақстанда білім алған ұлт мамандары мен Қазақстан басылымдары Монғолиядағы қазақ баспасөзінің қалыптасып, дамуына оң әсер еткен негізгі фактор болды. Жаңа заманның жас мамандары газет ісіне автор ретінде белсене араласты. Олар атамекенде көрген-білгендерін төл баспасөзінің игілігіне арнады. Қазақстанда жарық көретін ұлттық басылымдардың Моңғолияға кеңінен таратылуының пайдасы орасан зор болды. Ең бергісін айтқанда, әртүрлі атаулар мен саяси, ғылыми терминдерді ана тілімізде бір ізді етуге, қалыптастыруға, газеттің тілі мен стилін меңгеруге, баспа ісін үйренуге тікелей үлгі-өнеге көрсетті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz