Жеңіл салмақты айғырларды азықтандыру


АННОТАЦИЯ
Менің курстық жобамның тақырыбы “Жеңіл салмақты айғырларды азықтандыру”. 600 кг салмағы бар айғырды ұрық алуына байланысты рациондар құрылып, олардың қоңдылығына және тірілей салмағына қарай толық рацион жасалып, бірнеше түрлі варианттар берілді. Курстық жұмысым 33 беттен, 7 кестеден тұрады.
Курстық жұмыстағы реакцияларға сараптама жүргізілді.
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Бұл курстық жұмыста мына төмендегі нормативтік сілтемелер қолданылады.
МЕМ СТ 2 104 - ЕСКД Негізгі жазулар
МЕМ СТ 2 601 - 95 ЕСКД Пайдалану құжаттары
МЕМ СТ 2 6304 - 81 Сызба шрифтері
МЖБМС 2 321 - 84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу
МЖБМС 2 701 - 84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар түрлері мен типтері орынға қойылатын жалпы талаптар.
МЖБМС 7. 1 - 2003 Библиографиялық жазу. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптар мен орындау ережелері.
СТ ОҚМУ 4. 02 - 2008 Университет стандарты. Сапа менеджменті жүйесі құжаттарын түзу, мазмұндау мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар.
СТ ОҚМУ 7. 11 - 2010 Университет стандарттары. Оқу-әдістемелік процестерді басқару.
ҚҮ ОҚМУ 4. 03 - 2008 Құжаттамалы үрдіс. Құжаттарды басқару.
АНЫҚТАМАЛАР
Азық өлшемі - организмнің тіршілігі мен өнім өндіруге қажетті энергия мен құрылымдық және биологиялық әсерлі заттарға мұқтаждығын айқындайтын жалпы нормалық көрсеткіштерге тәулігіне бір басқа қажет азық.
Рацион құрылымы - рацион құрамына кіретін азық топтарының оның жалпы қоректілігіне (а. ө. не АЭЗ бойынша) пайыздық қатынасы айғақтайды.
Азықтандыру рационы - малға жегізілетін жемшөп пен азықтық қосындылар мөлшерін, қоректілік көрсеткіштерін сәйкестендіру арқылы жүзеге асырылады.
Көмірсулар - өсімдік тектес азықтар мен мерзімдік азық үлесіндегі құрғақ заттың басты құрамдас бөлігі.
Крахмал - өсімдіктегі сақтаулы қор ретіндегі материал.
Азықтандыру типі - рацион құрылымындағы басым азық тобы немесе жекелеген азық белгілейді.
Рацион - бір тәулікте жейтін азықтардың жиынтығы, олардың қоректік заттары бір күндік нормаға сәйкестендіріледі.
Мал азығын нормалау - мал организміндегі қоректік заттарға қажеттілікті толықтыру.
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР
ҚР - Қазақстан Республикасы
АӨК - Агроөнеркәсіп кешені
АҮФ - арқылы аденозин үш фосфат
қз - құрғақ зат
Қк - қорытылу коэффиценті
шп - шикі протеин
шм - шикі май
АА - аштық алмасу
ДС - денесінің салмағы
АЭЗ - азотсыз экстрактивті заттар
К - килокалория
қп - қорытылған протеин
аэ - алмасу энергиясы
г - грам
мг - милиграм
л - литр
а. ө - азықтық өлшем
кДж - килоджоуль
МДж - мегаджоуль
% - пайыз
МАЗМҰНЫ
АННОТАЦИЯ . . . 3
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . . 4
АНЫҚТАМАЛАР . . . 5
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР . . . 6
КІРІСПЕ . . . 8
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ . . . 10
1. 1 Жылқыны азықтандыру нормасы мен рацион туралы түсінік . . . 10
1. 2 Малды нормалап азықтандыру жүйесінің принциптері
мен элементтері . . . 13
1. 3 Азық мөлшеріне әсер ететін факторлар . . . 15
1. 4 Жылқы малының ас қорыту ерекшеліктері . . . 16
1. 5 Спорттық жылқыны нормалап азықтандыру . . . 18
1. 6 Құлын-тайды нормалап азықтандыру . . . 19
1. 7 Тұқымдық айғырды нормалап азықтандыру және рацион құру . . . 21
1. 8 Жылқыны бордақылап азықтандыру . . . 21
1. 9 Жылқы малының бір жылға қажет азық қоры (бір басқа) . . . 22
2 ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУ . . . 24
2. 1 Тұқымдық айғырларды азықтандыруды дұрыс ұйымдастыру . . . 24
3 НЕГІЗГІ БӨЛІМ . . . 25
3. 1 Тұқымдық айғырларды азықтандыру ерекшеліктері . . . 25
3. 2 Тұқымдық айғырлардың минералдық заттарға қажеттілігі . . . 25
3. 3 Мал азығының химиялық құрамы . . . 26
3. 4 Азықтандыру нормасы . . . 27
3. 5 Азықтандыру рационы . . . 29
4 ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДК . . . 34
4. 1 Жылқы шаруашылығындағы техникалық қауіпсіздік . . . 34
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 35
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 36
КІРІСПЕ
Ауыл шаруашылыгында жылқы шаруашылығының алатын орны ерекше. Өндіргіш күштер мен техниканың мыңдаған жылдар бойы жетілуіне орай жылқының мән - маңызы да өзгереді. Жылқы шаруашылығының дамуы, олардан алынатын өнімнің молаюы, жылқының тұқымдық сапасының жетілдірілуіне байланысты. Қазақстанның кең байтақ жерінде жылқының жоғарғы өнімді 17 тұқымы өсіріледі.
Бүгін еліміздің премьер-министрі Серік Ахметовтың төрағалығымен ҚР Үкіметінің отырысы өтті. Онда елімізде агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» жаңа бағдарламасы қабылданды. «Агробизнес-2020» бағдарламасы АӨК субъектілеріне жәрдем беру есебінен ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемін 4, 5 есе арттыруға бағытталған. «АӨК субъектілерінің борыштық жүктемесін қарыздарды қайта қаржыландыру мен қайта құрылымдау есебінен 8 жылдан кем емес мерзімге 300 млрд теңге сомасына ұзарту қарастырылған», - дейді жаңа бағдарлама туралы баяндама жасаған ҚР Ауыл шаруашылық министрі А. Мамытбеков. 2013-2020 жылдары АӨК-ны дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға жалпы алғанда 3122, 2 млрд. теңге қажет екен. 2014-2015 жылдары қаржы тапшылығы 196, 9 млрд. теңгені құрайды.
А. Мамытбековтың айтуынша, бағдарламаны қаржыландырудың басым бөлігін (74 пайызын) тауарлар мен қызметке экономикалық қолжетімділікті арттыру шаралары қамтып отыр. Ал бюджеттің 13 пайызы Агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қамтамасыз етуді дамытуға бөлінетін болады. Қалған 12 пайызы қаржылық оңалтуға жұмсалмақ. Бағдарламаға сәйкес, 2020 жылы субсидиялау көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 4, 5 есеге артатын болады. 2014 жылдан бастап ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге биопрепараттардың бағасын төмендету жоспарланады. Фитосанитарлық қауіпсіздік пен аса қатерлі зиянды ағзалармен күрес бойынша қауіпсіз әдістерді енгізуді қамтамасыз ету аясында мақта, көкөніс, жеміс-жидек және басқа да дақылдардың негізгі зиянкестеріне қарсы күрестің биологиялық әдісін енгізу үшін нормотивтер әзірленетін болады. 2014 жылдан бастап ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге мақта алқаптарына арналған биоагенттер мен биопрепараттардың бағасын төмендету жоспарлануда. Ал, 2016 жылдан бастап көкөніс, бақша дақылдарына арналған биоагенттер мен биопрепараттардың бағасы арзандатылатын болады. «Жаңа бағдарламаның мүмкіндіктері, қаржыландыру тетіктері әрбір фермерге, ауыл шаруашылық құрылымына қолжетімді болуы тиіс» деп тұжырымдады премьер.
Еліміздегі мал шаруашылығының өзекті мәселелерін Парламенттік тыңдауда қарастыру бұл саланы одан әрі дамытуға өзінің оң ықпалын тигізетіндігі сөзсіз. Баршаңызға белгілі, мал шаруашылығын дамыту елдегі экономикалық өсімді, азық-түлік қауіпсіздігі мен әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы орайда Елбасы 2011 жылы қаңтардағы Жолдауында мал шашаруашылығын дамыту бойынша теңдессіз жобаны жария етті. Аталған жоба аясында Үкіметке: 2016 жылы ет экспортын 60 мың тоннаға дейін өсіру бойынша нақты тапсырма берілді. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2011-2015 жылдарға арналған ірі қара малдың етін экспорттау әлеуетін дамыту бойынша кешенді іс-шаралар жоспары әзірленді. Аталған жоспардың аясындағы жобаларды қаржыландыруға 130 млрд. теңге қарастырылған. Қазіргі кезде жылқы санын арттыру, оны өз төлінен өсіру, ауыл шаруашылығы және тасмалдау жұмыстарына тиімді пайдалану міндеттері қойылуда. Шаруашылықтарда құлын өсіріп, етке сойылатын жылқыны мемлекеттік сатып алу тәртібі белгіленді. Қазақстанның тиісті аймақтарында етті бағыттағы тебінді жылқы шаруашылығын жетілдіру, сондай -ақ қымыз өндіретін фермалар ұйымдастыру мәселелері де қарастырылған. Бүгінгі таңда жылқы өсірумен айналысатын кісілерді материялдық ынталандыруды күшейту шаралары да қарастырылуда.
Мақсаты: Жеңіл салмақты тұқымдық айғырларды азықтандыру рационын құру.
Міндеті:
1) Айғырлардың жем- шөп базасын құру;
2) Жеңіл салмақты тұқымдық айғырларды азықтандырып олардан мол өнім алу;
3) Жеңіл салмақты тұқымдық айғырлардың нәсілдік қасиеттерін жақсарту;
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1. 1 Жылқының азықтандыру нормасы мен рацион туралы түсінік
Азықтандыру - мал тіршілігінің тірегі, арқауы. Қоректендіруді қамтамасыз ететін азықтандыру барысында желінген жемшөппен мал организімінің тіршілігіне, яғни үздіксіз зат алмасуына, қажет барлық қоректік заттар жеткізіледі. Зат алмасу барысында жылқы денесіндегі күрделі химиялық қосылыстар жаңартылып, өсу мен өнімге қажет жаңа тканьдер қосымша құралып, организмде қалыпты жылу өндіріп, механикалық жұмыс атқаруға энергия босатылады. Жылқы денесінің құрамына белоктар, майлар, углеводтар, су мен минералдық заттар (күл) кіреді. Олардың мөлшері мен ара қатынасы жылқы жасы мен физиологиялық жағдайына(қондылығына) байланысты өзгеріп тұрады.
Кесте 1- Жылқы денесінің құрамы
Кесте дерегінен қай жаста болмасын жылқы денесінде судың көп болатынын көреміз. Оның атқаратын биологиялық қызметі өте зор. Судың қатысуымен организмдегі зат алмасуын қалыптастыратын бүкіл ассимиляциялық (катоболизм) және диссимиляциялық (анаболизм) тотығу-тотықсыздану реакциялары жүргізіліп, бір жағынан жаңа тканьдер мен қосындылар түзіліп жатса, екінші жағынан күрделі қосындылар ыдырауынан энергия (жылу) босатылады. Су сол жылудың денеде таратылып, қалыпты температураны қалыптастыруға, бір жерден екінші жерге заттардың тасмалдануына, соның арқасында қышқыл-сілтілік, иондық қатынастардың тұрақталуына, алмасудың қажетсіз өнімдерін сыртқа шығарылуына қатысады. Жылқы денесінің құрғақ заты протеин, май мен күл түрінде анықталатын минералдық заттардан тұрады. Жас кұлын денесінде протеин көп түзіліп, май аз болады да, өсе келе дене құрамындағы май үлесі артады. Содан барып жас ет қара, яғни таза бұлшық етті, протеинді болса, сақа, әсіресе бордақыланған мал етінде май үлесі молаяды. Мал денесінің (бұлшық еттің) протеині (белогі) желінген азық протеинінің аминқышқылдарынан түзіліп, дене құрылысын қамтамасыз етсе, дене (ет) майы организм кажеттілігінен артылған энергияның қоры ретінде байланады.
Малдың энергиялық мұқтаждығы алдымен желінген азықтың қант, крахмал, клетчатка түріндегі көмірсуларымен (углеводтарымен) және майларымен камтамасыз етіледі де, олардың азықпен жеткізілген көлемі жеткіліксіз болған жағдайда аминкышқылдарын ыдыратып энергиясын босатады. Демек, ыдыратылған аминқышқылдары өзінің тікелей функциясы - белок түзілуіне, яғни дене өсуіне пайдаланылмай калады. Егерде организмнің биоэнергетикалық мұтаждығы мұнымен де қамтамасыз етілмесе, дененің май түріндегі энергия қоры жұмсалып, мал арықтайды. 1 граммы тотыққанда 4-4, 5 ккал энергия босататын көмірсуларға қарағанда, тотығып, ыдыраған 1 г майдан одан 2-2, 5 (орташа 2, 25) есе көп энергия босайды.
21-кесте дерегі бойынша жылқы денесіндегі май мөлшері жасы мен қоңдылығына байланысты екенін көреміз. Сондықтан соғымға сақа жылқыны бордақылап, қалың (төртелі, табан) қазы өндіруге болады.
Дене күлінің құрамындағы минералды элементтер түрлі құрылымдар құрамына кірумен (мысалы, кальций мен магний - сүйектің, фосфор -аденозинфосфаттардың, темір - гемоглобиннің, кобальт - цианкобала- миннің, йод - тироксиннің, т. с. ) қатар, организмдегі қышқыл-сілтілік, иондық теңдіктерді сақтауға, тотығу-тотықсыздану реакцияларын катализдеу секілді маңызды биологиялық үрдістерге қатысады.
Кестеде көрсетілген жылқы денесінің құрамындағы химиялық қосындылар оларға қоректену барысында желінген азықпен (жемшөппен) жеткізіледі. Сондықтан жылқыға жегізілетін жемшөпте осы дене құрамына кіретін заттардың бәрі болып, мұқтаждығына сәйкес жеткізілуі керек. Азықтың ол заттарын қоректік заттар деп атайды. Олар қоректенудің бастапқы сатысы болып табылатын ас қорыту барысында корытылып, организмдегі зат алмасуына пайдаланылады.
Желінген азықты қорытатын жылқының ас қорыту жүйесінің құрылысының өзіндік ерекшеліктері бар. Олар ауыз қуысынан басталады жылқының күрек тістері өткір, жемшөпті мүйізді ірі қара малдай жалма-май қырқып жеп, түбелікті азу тістерімен түбегейлі мұқият шайнап, мол сілекейлеп, аумағы сиырдікінен 10 еседей тар бір бөлімді қарнына (асқазанға) жұтады. Қарын сөлі сіңіп, бектірілген азық ішекке өткізіліп, ішек сөлінің ферменттерімен түбегейлі . . . протеині - аминқышқылдарына, майы май қышқылдарына, көмірсулары моноқанттарға ыдыратылады да, - соңғылары аш ішектүгімен қанға сіңіріледі (қорытылады) . Сіңірілмеген, яғни қорытылып үлгермеген коректік заттар қорытылмаған тезек (қи, нәжіспен) қалдықтарымен сыртқа шығарылады. Жылқы жайылым отын, шалғын шөбін, көп жылдық екпе шөптерден атқонақ, еркекшөп, беде және жоңышқа жақсы жеп, жұғымды пайдаланады. Бұл түліктің сазды, томарлы жердің шөбін, өлең, қоға, қырықбуын, мия сияқты шөптерді онша сүйсініп жемейді. Сүлы, арпа, тары сабаны мен топанын да жейді, бірақ оларды алдын ала булап, жұмсарып, жеммен араластырып берген жөн. Шырынды (балғын) азықтардан сәбіз, қызылша, турнепс, сапалы сүрлем мен картоп берген пайдалы. Жылқы басына тәулігіне жуып тазартып қызылшаны - 10-12 кг, атқаратын жұмысына қарай сүрлемді - 8-12 кг беруге болады. Картопты пісіріп берген дұрыс. Жылқының сүйсініп жейтін ең жұғымды жемі сұлы. Сұлыны жылқыға шектеусіз жегізуге болады. Оны жеңіл қорытып, ешбір зиян шекпейді, тек тісі мүжілген кәрі аттарға сұлы дәнін алдын-ала мыжып (плющение) беруге болады. Еліміздің оңтүстігінде жылқыға көбінесе арпа дәні мен жармасын береді. Ас қорытуға оң ықпал ететін диеталық азық ретінде бидай кебегін жегізеді. Жүгері дәнін жармалап, басқа азықтармен қосып берген жөн. Протеинді азықтардан жылқыға күнбағыс пен зығыр күнжарасын, шротын енгізуге болады. Жазда жылқыны жайылым отына жаяды. Отты жайылымда бағылған жылқыны қосымша жемдемей-ақ жұмыс атқартуға болады. Жайылым ең арзан жемшөп көзі болғандықтан жылқы ұстау шығынын арзандату үшін маусымдық жайылымдарды жыл он екі ай пайдалануға тырысу қажет. Ол үшін әсіресе қазақы жылқының тебіндеуге бейімділігін жете қолдану қажет. Жайылым оты жетіспеген жағдайда ғана жылқының түқымына, жасына, жынысына, өнімділігіне, физиологиялық ахуалы мен атқаратын жұмысына байланысты өзгеретін қоректік заттарға мұқтаждығын, яғни азықтандыру нормасын, қосымша азықтармен толықтырады.
Желінген жемшөпті пайдалану тиімділігі алдымен қоректік заттарының қорытылымына, яғни ас қорыту жолында қарапайым қосындыларға дейін ыдыратылып сіңірілуіне байланысты болса, сайып келгенде сол сіңірілген заттарды алмасуда пайдаланып, игеріп, пайдамен жұмсауға, яғни конверсиялауга, тіреледі. Жылқының желінген азық энергиясын өз тіршілігінің дене жылыту, қимылдау, жұмыс атқару, өнім өндіру секілді пайдалы энергиясына конверсиялау деңгейі онша жоғары емес - өнім өндіруге азықпен енген энергияның небәрі 20-30% (неттоэнергия) пайдаланылады. Азықтың жалпы брутто-энергиясының 30-35% қорытылмаған тезек қалдықтарымен шығарылса, қалған 35-50% пайдасыз рәсуаланады.
Қорытылған қоректік заттар шығынын азайту үшін жылқының өз
басының ерекшеліктерімен қоса олар атқаратын жұмыс, олардан
өндірілетін өнім ерекшеліктерін де жете ескере отырып, жегізілетін азық
түрі мен мөлшерін, өз ара қатынасын, олардағы түрлі қоректік, минералды
және биологиялық пәрменді заттардың жеткіліктілігін ескере отырып,
азықтандыру нормасын
қамтамасыз ететін
азықтандыру рационын
құрастырады.
Құрастырылған рацион энергетикалык қуаттылығы, протеиндік, минералдык және витаминдік кұнарлылығы (полноценность) жан-жақты қарастырылып, жұғымдылығы кешенді түрде бағаланады [1] .
1. 2 Малды нормалап азықтандыру жүйесінің принциптері мен элементтері
Мал азықтандыруды қоректік құндылығы малдың физиологиялық қоректік мұқтаждығын белгілейтін азықтандыру нормасының (мөлшерінің) көрсеткіштеріне сәйкестендіріп құрастырылған азықтандыру рациондары, яғни жегізілетін азықтары мен азықтық қосындылары арқылы іске асырады. Мал азықтандыру ғылымының мақсаты малдың қоректік қажеттігін мұқтаждық көрсеткіштеріне сәйкес энергетикалық және құрылымдық қоректік заттар және барлық минералды, биологиялық әсерлі қосындылармен жан-жақты және толығымен қамтамасыз ету болып табылады.
Малдың қоректік қажеттігі арнайы нормалық көрсеткіштермен белгіленіп, өтелетіндіктен мұндай азықтандыру жүйесін нормалап азықтандыру (нормированное кормление) дейді. Малды белгіленген мөлшер, яғни нормасыз, еркінше азықтандыру олардан өңдірілген өнім бірлігіне жұмсалған азық шығынын күрт өсіріп, жемшөп қорының пайдасыз ысырабына соқтырады. Мал шаруашылығы өнімін өндірудегі жұмсалатын тікелей шығындарда азық шығындарының үлесі басым болғандықтан, бұл өнімнің өзіндік құнын қымбаттатып, сала рентабельдігін төмендететін экономикалық фактор болып табылады.
Осы тұрғыдан алғанда мал азықтандыруда организм қажеттігінен аз да немесе одан көп те мөлшерде азық жұмсау зиянды. Организм қажеттілігінен аз мөлшерде жеткізілген қоректік заттар зат пен энергия алмасуын толық қамтамасыз ете алмай, тек өсімі мен жетілімін тежесе, сақа малдың өнімділігін кемітіп, өзін арықтатады. Қажетті шамадан көп өнген қоректік заттар да ас қорыту барысында толық қорытылып, игерілмей, көбі босқа, пайдасыз ысырапталады. Бұл, бір жағынан, өнімнің өзіндік құнын қымбаттатса, екінші жағынан, зат алмасуын да бұзып, оған кедергі келтіреді.
Организм тіршілігінің қоректік қажеттілігі мал түлігі мен құс түріне, жасына, жынысына, физиологиялық жағдайына және өнімділігіне байланысты өзгереді. Нормалап азықтандыруды малдың мұқтаждық көрсеткіштері, яғни азықтандыру нормасы мен оны қамтамасыз ету үшін малға жегізілетін жемшөп пен азықтық қосындылар мөлшерін, яғни азықтандыру рационының (рационы кормления) қоректілік көрсеткіштерін сәйкестендіру арқылы жүзеге асырады.
Малды нормалап азықтаңдырудың басты шарты шаруашылықтағы мал түлігі мен құс түріне, жасына, жынысына, физиологиялық жағдайына, тірілей салмағы мен өнімділік деңгейіне байланысты өзгеретін организм мұқтаждығын, яғни азықтандыру нормасын дәл анықтау болып табылады. Организм тіршілігін қамтамасыз етіп, өнім өндіру қажеттілігінен туындайтын ол мұқтаждық көлемі дене тірілей салмағы (массасы) мен тәуліктік салмақ қосуы, сиыр сүттілігі, саулық жүнділігі, мекиен жұмыртқалағыштығы секілді өнімділік көрсеткіштеріне байланысты өзгереді.
Организм тіршілігін қамтамасыз етуге қажет энергия мен қоректік заттар мұқтаждығы абсолюттік тынығудағы (абсолютный покой) малды ашықтырып барып анықтайды. Өнімділігі орта деңгейлі еш жұмыс істемей (өнім өдірмей) тынығудағы мал денесіндегі ас қорытуын, қан айналымын, тыныстануын, т. б. тіршілік қызметін қалыпты деңгейде сақтауға (уровень поддерживающего кормления) организмдегі жалпы энергия шығынының 40-60% жұмсалады. Демек, осы шығын көлемі кеміген сайын өнім өндіруге жұмсалатын энергия көлемі еседі. Былайша айтқанда, мал денесі ірі болып, тірілей салмағы ауырлаған сайын тіршілігін қамтамасыз етуге жұмсалатын қоректік заттар үлесі еседі де, өнімділігі жоғарылаған сайын оған жұмсалатын қоректік заттар үлесі артады.
Организмдегі таза өнім өндіруге (түзуге) жұмсалған энергия көлемін (чистая энергия продукции) тікелей калориметриялық бомбада жағып немесе есептеп шығарады. Бірақ өнім өндіру үшін бүкіл тіршілік үрдісін қамтамасыз ету қажет болғандықтан, организм мұқтаждығы өнім энергиясы (қоректік заттары) мен оны өндіруге жұмсалатын энергия (қоректік заттар) қосындысымен белгіленеді (суммарная норма кормления) . Организмнің өнімдік мұқтаждығы оның ішкі физиологиясына, ал оны қамтамасыз ету мұқтаждығы сыртқы орта жағдайларына тәуелді өзгеретіндіктен, олар осы біріктірілген азықтандыру нормасымен белгіленеді [2; 18] .
1. 3 Азық мөлшеріне әсер ететін факторлар
Қорыту барысында сіңірілген азықтың көмірсулар, протеиңдер, майлар түріндегі ірі де күрделі қоректік заттары зат алмасуының катоболизм, яғни тотығу реакцияларында ферменттер ықпалы мен қарапайым, жай қосындыларға ыдырап, олардағы энергия босайды да, фосфат байланыстары арқылы аденозин үш фосфат (АҮФ) түрінде байланып, сақталады. Анаболизм реакцияларында, керісінше, қарапайым қосындылардан ферменттік түзу арқылы белоктар, нуклеин қышқылдары, майлар секілді күрделі жасуша қосындылары түзілуі үшін АҮФ байланған энергиясы босатылады.
Желінген азық қоректік заттары малдың дене температурасын сақтауға, ас қорытуы мен ішкі ағзалары мен мүшелерінің қызметін қамтамасыз етуге, бір жағынан, энергиялық заттар жеткізсе, екінші жағынан, зат алмасу барысында жасуша мен тоқымалардың ыдыраған қосындыларын жаңартып, өсіп-өнуге, өнім өндіруге қажетті құрылымдық қосындылар жеткізеді. Осыны қамтитын организмдегі зат алмасуына жұмсалатын алмасу энергиясы (АЭ) қорытылған қоректік заттардан нақтылы детерменттік жолмен пайда болады:
Молекуласының оттегіне қаныққандығына байланысты қоректік заттың тотығуына тыныс алумен енген оттегінің қосымша көлемі жұмсалады. Оның жұмсалу мөлшері қоректік заттың көміртектік қаңқасының тотығу дәрежесіне тәуелді өзгереді. Тотығуға жұмсалған оттегінің көлемін денеден тыныс шығару ауасымен шығарылған көміртегі газының көлемінен білуге болады.
Детерментгік термохимиялық реакция барысында 1 моль глюкоза тотығуына тыныс алу ауасынан 6 моль оттегі жұмсалып, тыныс шығару ауасы мен 6 моль көмірқышқыл газы шығарылады. Молярлық көлемі шамалас (0 2 = 22, 39 л, С0 2 = 22, 26 л) бұл газдар көлемінің қатынасы қоректік заттың респирациялық коэффициентін көрсетеді:
Респирациялық коэффициенті 1-ге жуық глюкозаның 1 моль тотығуына134, 4 л оттегі жұмсалатындықтан, тыныс алуда жұтылған оттегінің әр 1 литріне - 2228, 04 : 134, 4 = 20, 98 қДж (көмірсулар жиынтығы тотыққанда - 21, 13 кДж) энергия босатылады (жылу шығарылады) . Қанттармен салыстырғанда, май молекуласында оттегі аз болатындықтан, оны тотықтыруға жұмсалатын оттегінің көлемінің өсуінен респирациялық коэффициенті 0, 7-ге дейін томеңдеп, 1 моль май (үшпальмитин) тотыққанда 32030 кДж (1 л жұтылған оттегіне - 18, 76 кДж) энергия босайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz