Қазақстанда ақпараттық технологияларды дамыту



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
1-тарау. Арнайы мәтіндерді аударудың теориялық негіздері
1.1. Көркем және арнайы аударма: сипаттамалары мен ерекшеліктері
1.2. Техникалық мәтінді арнайы мәтіннің ерекше түрі ретінде аудару

2-тарау. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі заманауи IT-терминология
2.1. Қазіргі заманғы ағылшын және қазақ тілдерінде IT-терминдерді қалыптастырудың негізгі тетіктері
2.2. IT-терминологияны ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару кезіндегі аударма стратегиялары

3-тарау. Ақпараттық технологиялар саласындағы терминдерді аудару материалында практикалық аударма шешімдерін талдау
3.1. Зерттеудің эмпирикалық материалы
3.2. АТ тақырыбы бойынша екі тілді мәтіндерді салыстырмалы талдау
3.3. Терминологиялық үлгілерді талдау
3.3.1. Бір және екі құрамды терминдерді аудару күрделілігі
3.3.2. Үш және одан да көп құрамдас бөліктерден тұратын терминдерді аудару күрделілігі
3.4. Терминдерді аудару тәсілдері: сандық талдау

Әдебиеттер тізімі

Өзектілігі:
Қазіргі заманғы ақпараттық қоғамда ақпараттық технологиялар (АТ) бизнесті, білім беруді, медицинаны және мемлекеттік басқаруды қоса алғанда, қызметтің әртүрлі салаларында негізгі рөл атқарады. Халықаралық байланыстар мен жаһанданудың ұлғаю ақпараттық технологияларға байланысты мәтiндердi ағылшын тiлiнен қазақ тiлiне аудару қажеттiлiгiн туындатып, барған сайын өзектi мәселеге айналуда. Қазақ тіліне Ақпараттық технологиялар терминдері мен сөз тіркестерін алу, аудару негізінен ағылшын және орыс тілдері арқылы жүргізіледі, ол ұлтаралық қатынас функциясын орындайды [1,217] Қазақстан үшін терминологиялық аударма проблемасы өте өзекті, өйткені Қазақстан қазіргі уақытта әлемдік кеңістікке белсенді интеграциялануда және ғылымның, ақпараттық технологиялардың, білім беру саласында қазіргі заманғы ақпаратты аудару қажеттіліктері жыл сайын қарқынды түрде өсуде [2,214].
Ақпараттық технология терминдері мен мәтіндерін ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару ерекшелігі бойынша зерттеудің өзектілігі бірқатар факторлармен расталады:
Қазақстанда ақпараттық технологияларды дамыту: Уақыттың талабына сай елімізде ІТ-секторын белсенді түрде дамыту қолға алынуда және осы мақсатта түрлі инвестициялар тартылуда. Сонымен қатар, ақпараттық технологиялар саласындағы әр-түрлі жобалар әзірленуде. Бұл АТ-ға байланысты мәтіндерді қазақ тіліне аударуға жоғары сұраныс туғызады. Ақпараттық технология салаларында қазақ тілін пайдаланудың өсуі: соңғы жылдары Қазақстанда ақпараттық технологияларды қоса алғанда, әртүрлі салаларда коммуникация тілі ретінде қазақ тілінің қарқынды дамуы байқалады. Бұл ағылшын тілінен аударуды талап ететін қазақ тіліндегі мәтіндер көлемінің ұлғаюына алып келуде.
Бағдарламалық қамтамасыз етудi оқшаулау қажеттiлiгi: Көптеген әлемдiк IT-компаниялар өз өнiмдерiн әртүрлi тiлдiк және мәдени контекстерге, оның iшiнде қазақ тiлiне бейiмдеуге ұмтылады. Бұл құжаттама, интерфейстер және басқа да мәтіндік материалдарды қазақ тіліне аударуға сұранысты туғызуда.
Аударманың мәдени және заңдық аспектiлерi: Ақпараттық технологиялар мәтiндерiн аудару тек техникалық ақпарат берудi ғана емес, мәдени нормаларды, тiл ерекшелiктерi мен құқықтық аспектiлердi де ескерудi талап етедi. Бұл саладағы зерттеу айтылған аспектілерді ескеретін аударма стратегиясын әзірлеуге көмектеседі.
Білім беру қажеттіліктері: Ақпараттық технологиялар саласын қоса алғанда, Қазақстанда білім берудің белсенді дамуын ескере отырып, осы саладағы студенттер мен мамандарды оқыту үшін қажетті оқу материалдарын, мақалаларды және басқа да мәтіндерді қазақ тіліне сапалы аудару қажеттілігі бар.
Әлеуметтiк-мәдени аспектiлер: Ақпараттық технологиялар мәтiндерiн аудару, қазақ тілді ортаға қазiргi заманғы технологияларға қатысты бiлiмдердi таратып, сол арқылы оларды әлемдiк ақпараттық кеңiстiкке енгiзуге ықпал етедi.
Бүгінгі таңда АТ-ны қазақ тiлiнде тиiмдi игеру мен пайдалануда көптеген қиындықтарға жолығуға болады. Мұның себебі АТ мәтiндерiн ағылшын тiлiнен қазақ тiлiне аудару ерекшелiгiне арналған зерттеулердiң санының жеткiлiксiздігі. Ақпараттық технологиялар мәтіндерін ағылшын тілінен қазақ тіліне аударуға байланысты проблема бірнеше аспектілерді қамтиды. Бірінщіден стандартталған терминологияның болмауы: Ақпараттық технологиялар саласында бірыңғай қазақ тіліндегі баламаның болмауы техникалық терминдерді жиі пайдалануға алып келеді. Бұл аударма кезінде қиындықтар туғызады және дұрыс түсінбеуге әкелуі мүмкін. Жалпы аудармада талқыланатын ең маңызды мәселелердің бірі - баламалылық проблемасы. Зерттеушілердің пікірінше"мәтін түпнұсқалық мәтіндей сәтті бола бермейді" [3,171].
Лингвистикалық қиындықтар: Кейбір техникалық терминдер немесе тұжырымдамалар грамматиканың, синтаксистің ерекшелігіне байланысты қазақ тіліне бейімдеп аударуда біршама қиындықтар туғызуы мүмкін. Мәтінді аудару кезінде мәтіндегі сөйлемдер мен олардың мағынасын бір тілден екінші тілге [4] жеткізуді қамтитын сөзбе-сөз аудару стратегиясы жиі пайдаланылды.
Мәдени проблемалары: ақпараттық технологиялар мәтiндерiн аудару кезiнде мәдени ерекшелiктер мен мақсатты аудиторияның қажеттілігін ескеру аса маңызды. Аударма жұмысын жүргізу барысында құқықтық нормалар мен стандарттарды, сондай-ақ мәдени ерекшеліктер мен әдет-ғұрыптарды есепке алып отыру қажет.
Ресурстар мен сарапшыларға қолжетімділік: Қазақстанда ақпараттық технологиялар саласындағы қазақ тілді мамандардың саны шектелу, бұл аударма процесін қиындатады. Сондай-ақ осы саладағы аудармашылар мен мамандар үшiн қазiргi заманғы өзектi ақпарат көздерiне қол жеткiзуде айтарлықтай проблемалар туындайды.
Дәлдік пен айқындылықты сақтау қажеттілігі: Технологияларды пайдалануда түсініспеушіліктерді немесе қателіктерді болдырмау үшін ақпараттық технологиялар мәтіндерін аудару кезінде дәлдік пен айқындылықты сақтау маңызды. Бұл АТ саласындағы аудармашылар мен мамандардың жоғары біліктілігін талап етеді. Мысалы, ағылшынша аббревиатуралардың немесе қысқартулардың аудармасы қазақ тіліндегі жаңа аналогтарды анықтауды талап етуі мүмкін. Райс мәтіннің эквиваленттілігіне назар аудара отырып, мәтіндерді төрт түрге бөледі: ақпараттық, экспрессивті, жедел және аудиомедиалды. Мәтіндердің осы түрлерінің әрқайсысы белгілі бір түрде , мысалы, техникалық мәтіндер жататын ақпараттық мәтін қарапайым, артықшылықтарсыз және қажеттілігіне қарай түсініктемелерді пайдалана отырып аударылуы тиіс [5]

Теориялық негізі:

Терминологиялық зерттеулер жүргізіп, термин жасау iciмен қазақ зиялылары: А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, Қ.Кемеңгерұлы, Ә.Бөкейхан, М.Дулатұлы, М.Жұмабаев, Х.Досмұхамедұлы, М.Әуезов, С.Сейфуллин, С.Аманжолов сияқты т.б. көптеген ғалымдар айналысып, зерттеулер жүргізді. Терминологияның лингвистикалық мәселелеріне терминжасам, терминдену, терминдердің семантикасына арналған Р.А.Өрекенова, Ш.Құрманбайұлы, И.Мұратбаева, Қ.Айсұлтанова, А.Төрениязова, С.Исақова және т.б. ғалымдар; терминология мәселелеріне қалыптасуы, дамуы, жіктелуі, терминдерді қабылдау, терминжасам қағидаттары, ерекшеліктері арналған негізгі ғылыми еңбектер Т.Шонанұлы, Н.Төреқұлұлы, Қ.Жұбанов, М.Б.Балақаев, С.Бәйішев, Ә.Ермеков, Ә.Қайдар, Р.Сыздық, Ө.Айтбаев, А.Алдашева, Ш.Құрманбайұлы және т.б. негізге алынды. Қазақ тілінің ақпараттық технология (IT) терминдеріне қатысты Ғ.Б. Шойбекова, Ж.Ә. Абдрахманова, А.Б. Насырғазы (Шойбекова, Абдрахманова, Насырғазы, 2020), А. Әбділманов (Әбділманов, 2020) А. Шайқұлова (Шайқұлова, 2020) сынды ғалымдардың мақалаларында қарастырылады.
Әдістер: аналитикалық әдіс, салыстырмалы әдіс, сараптамалық бағалау, лингвистикалық талдау.
База: зерттеу үшін ақпараттық технологиялардың ағылшын және қазақ тілдеріндегі мәтіндері, сондай-ақ сараптамалық бағалау мен сауалнамалар туралы деректер пайдаланылатын болады.
Ғылыми жаңалық:
Зерттеу ақпараттық технологиялар мәтіндерін қазақ тіліне аудару бойынша қолданыстағы зерттеулердегі олқылықтарды толтыру және осы салада тиімді аудару үшін жаңа жолдар ұсынады.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
Зерттеу нәтижелерін аудармашылар мен ақпараттық технологиялар саласындағы мамандар мәтіндерді аударудың тиімді стратегияларын әзірлеу, сондай-ақ қазақ тіліндегі ақпараттық технологияларды сәтті қолдану және енгізу үшін пайдалануы мүмкін..

Қазіргі заманғы аударма теориясында аударманың кең таралған жіктемелерінің бірі оның екі түрге бөлінуі болып табылады: көркем аударма және арнайы аударма. Ұзақ уақыт бойы арнайы аударма көркемдік аударманың көлеңкесінде болды, себебі көркем аудармаға аударма саласындағы мамандар артықшылық берді [28]. Бұл ұғымның кең мағынасында алып қарастырсақ көркем аудармаға көркем мәтіндер - поэзия, балалар әдебиеті, философиялық трактаттарды және т.б. аударма жұмыстарын жатқызуға болады және аудармашылар осы бағытта жүргізген еңбектерге басымдықпен қарады [33].
Л.Нелюбиннің Түсіндірме аударма сөздігінде көркем аударма ұғымының анықтамасы сегіз тармақты қамтиды, бұл, біздің ойымызша, аударманың осы түрінің де, оның нысаны - көркем мәтіннің де ерекше көп қырлылығын көрсетеді. Алайда, Л.Нелюбиннің сөздік мақаласында көркем әдебиет саласында жұмыс істейтін аударма түрі және көркем әдебиетті аудару, сондай-ақ түпнұсқаның жеке өзіндік ерекшелігі бейнеленетін және оның эстетикалық қабылдауы сақталатын көркем әдеби шығармаларды аудару ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туризмді дамытудағы ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігі
Ақпараттық технологиялар саласы
Білім берудегі АКТ сауаттылығы Білім беруді ақпараттандырудың тарихи алғы шарттары
Қазақстанның ұлттық экономикасы үшін цифрлық технологиялардың маңызы
Бизнес инкубаторларды басқару
Мұғалімдердің АКТ құзыреттілігінің құрылымы
ЗАМАНАУИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Индустриялық - инновациялық инфрақұрылымның теориялық негіздері
Электрондық үкімет деген не
Қазақстанда байланыс жүйесінің даму тарихы
Пәндер