Сақтардың соғыс стратегиясы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Ғылым жəне жоғары білім

министрлігі

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Тарих факультеті

Археология, этнология жəне Отан тарихы кафедрасы

Курстық жұмыс

Қазақстанның ежелгі тарихы

Тақырыбы: Сақтардың көрші елдермен қарым-қатынасы жəне жүргізген соғыстары

Қабылдаған: т. ғ. к., профессор С. У. Жауымбаев

Орындаған:ИО-23-3к тобының студенті Ә. А. Тәтібек

Қарағанды, 2024

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Сақ тайпаларының парсыларға қарсы күресі . . . 5

1. 1 Массагет тайпаларының Ұлы Кирмен соғысы . . . 5

1. 2 Сақ-Тиграхаудалардың Дарий1 арасындағы соғыс . . . 13

  1. Сақ тайпаларының грек-македон-бактриялықтарға қарсы күреcі . . . 20

2. 1 Грек-парсы соғыстарына сақтардың қатысуы 20

2. 2 Сақ тайпаларының Александр Македонскийға қарсы күресі 21

2. 3 Жетісу мен Тянь-Шань сақтарының Грек-Бактриямен әскери-саяси қатынастары . . 25

  1. Сақтардың соғыс стратегиясы . . 29
  2. Сақтардың көрші мемлекеттермен мәдени байланысы . . . 33

Қорытынды . . . 35

Пайдаланылған əдебиеттер 37

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі. Əлемге аттары сақ атауымен қалған тайпалар жайлы зерттеп білу қашанда болмасын өзекті мəселе. Сақ тайпалары кімнің ата-бабасы екені жайлы əлі күнге дейін қоғамда дау туғызатын сұрақ бар. Ирандықтар сақтарды ирантілдес тайпалар болғанын алға тартып өздеріне иемденгісі келеді. Өзбек ағайын сақтар біздің атамыз десе қазақтар “қас-сақ” терминін алға тартып дəлел келтірмек. Дегенменде шын көзбен қарасақ сақ тайпалары қазіргі түркі халықтарының барлығының арғы тегі деп айтуға болады. Алтайдан Қара теңізге дейін Сібір жерінен Əмударияға дейінгі аралықты ұлы сақ тайпалары мекен еткен. Сол тайпалар өз ара қандай қарым қатынаста болғаны олардың бір-бірімен араласып тұруы жəнеде сыртқы жауларға берген тойтарыстары, басқада тілі, діні, салты басқа халықтармен болған арадағы қарым қатынасы əлі күнге шейін жас ұрпақпен үлкен буынның арасында сөз етіліп айтылып оның ұрпақтан ұрпаққа жалғасуы. Меніңше бұл келтірген мысалдан-ақ сақтардың əлі күнге шейін өзектілігін жоғалтқан жоқ.

Курстық жұмыстың нысаны. Сақтар жəне көршілес мемлекеттер

Курстық жұмыстың пəні. Сақтардың қарым-қатынастары, соғыстары

Курстық жұмыстың мақсаты. Сақ тайпаларының көрші мемлекеттермен қарым қатынасын зерттеу

Курстық жұмысттың міндеттері.

1 Сақтардың парсыларға қарсы күресін танып білу.

2 Сақтардың Александр Македондыққа қарсы күресін танып білу.

3 Сақтардың грек-бактриялықтарға қарсы күресін танып білу

Курстық жұмыстың зерттелу деңгейі

Сақтардың халық аралық қатынастардағы рөлін анықтауда біз сол заманғы деректерден бөлек, қарастырылып отырған тақырыпқа тікелей қатысты зерттеулерге жүгінеміз. Ал ол зерттеулерді біз хронологиялық шеңбер бойынша Қазан төңкерісіне дейінгі, Кеңес дәуіріндегі және тәуелсіз Қазақстан уақытындағы деп үш кезеңге бөлеміз. Қарастырылып отырған тақырыпқа қатысты Қазан төңкерісіне дейін қалам тартқан зерттеушілер еңбектері ішіндегі ең құндысы В. В. Григорьевтің «О скифском народе саках» атты монографиясы (1) . Зерттеушінің сақ тайпаларына қатысты жасаған кейбір қорытындыларының кемшіліктеріне қарамастан, еңбек өзінің құндылығын жоймайды. В. В. Григорьев алғашқылардың бірі болып «сақ» этнониміне талдау жасап, грек-парсы деректеріне сүйеніп, сақ тайпаларының қоныстану ареалын айқындауға тырысады. Оның бұл еңбегі кейінгі сақтанушы ғалымдардың зерттеулеріне таптырмас олжаға айналды. Қазан төңкерісінен кейін сақ дәуірін зерттеудің жаңа кезеңі басталды. Еуразиялық кеңістікте көптеген археологиялық қазбалар кетері анық. Сондықтан да біз зерттеуіміздің негізі болып отырған тақырыпқа тікелей қатысты еңбектерге шолу жасаймыз. Кеңес заманында сақтардың жүргізіліп, олар жазба деректермен салыстырылып ғылыми айналымға көптеген жаңа көзқарастар келді. Кеңестік дәуірде сақ тайпаларына қатысты зерттеулердің жарық көргені соншалық, оларды санамалаудың өзі бір бітіру жұмысының көлемінен асып көрші мемлекеттермен байланыстары жайында біршама зерттеулер жарық көрді. Солардың ішінде біздің тақырыпқа қатысты зерттеудің қатарына академик В. В. Струвенің көлемді еңбегін алуға болады. Ғалым өзінің зерттеуін толығымен сақтардың парсы билеушісі Дарий І қарым-қатынасына арнаған. Автор Бехистун жазбасына сүйеніп сақ-парсы соғыстарының барысын және олардың сипатын анықтауға тырысады. Алайда В. В. Струве Дарийдің сақтарға жасаған жорығының уақытын, Бехистун жазбасын дұрыс оқымағанның салдарынан, қателесіп береді. Келесі бір зерттеуші С. П. Толстов өз еңбегінде сақтардың парсы мемлекетімен байланысқа баруларының себептерін анықтауға тырысқан. Біз қарастырып отырған мәселенің кейбір қырларын ашуда М. А. Дандамаевтің ғылыми мойындалған мақаласы үлкен септігін тигізді. Ирантанушы ғалым өзінің бұл мақаласында Бехистун жазбасындағы сақтарға байланысты мәтіндерге талдау жасап, өзінің жоғары деңгейдегі тіл маманы екендігін көрсете білген. И. В. Пьянковтың мақаласында Кир ІІ сақ тайпасы массагеттерге жасаған жорығының бағыты жөнінде өте пәрменді ойлар айтылған. Зерттеуші әртүрлі деректерді талдай отырып, парсы әскері мен сақтардың қақтығыстары өткен жерлерді анықтауға қатысты жасаған тұжырымдары массагет тайпасының орналасуын анықтау үшін де маңызға ие болды.

Курстық жұмыстың хронологиялық шеңбері. Б. з. б1 мың.

шеңберінде болған тарихи саяси оқиғалар.

Территориясы. Сақ тайпалары мекен еткен Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс Қазақстан.

Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден үш бөлімнен

және қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

1Сақ тайпаларының парсыларға қарсы күресі

1. 1Массагет тайпаларының Ұлы Кирмен соғысы

Сақ көшпелілерінің қол астында Талас, Шу, Іле өзендерінің аңғарлары сондай-ақ Алай аңғары, Памир, Ферғана және Тянь-Шаньның биік таулы жайлаулары болды. Ежелгі антикалық авторлар Әмудариядан батысқа қарай өмір сүрген сақтар туралы білген. Гректер Орталық Азиядағы көшпелілердің екі тобын бөлді. Гректер сақтардың өзінен басқа сақтармен туыстас массагет тайпаларын ерекшелеп көрсеткен. Иран тілінде сөйлейтін массагеттер негізінен Каспий теңізі мен Сырдария өзенінің арасында көшіп қонып жүрген. Парсылар солтүстігіндегі барлық көшпелі тайпаларды бір сөзбен сақ тайпалары деп атаған.

Сақ тайпалық одақтары сол замандағы ежелгі империялық державалармен қақтығысты. Атап айтар болсақ олар: Мидия патшалығы, парсылардың Ахеменидтер державасы, Александр Македонскийдің империясы, Грек-Бактрия және Парфия патшалығы одан қала Селевкидтерге қарсы тұруы болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақтардың қаруы, әскери өнері
Сақ, массагет, скифтердің жауынгерлік өнері. Шу-батыр поэмасы. Жазуы
Еуразия құрлығындағы сақ империясындағы тәлім-тәрбие
Қазақстанның әскери тарихы
Сақтардың көрші мемлекеттермен қарым-қатынасы
Сақ тайпаларының орналасуы
САҚТАР ЖӘНЕ ҚАЗАҚТАР
Қазақстан жеріндегі тайпалар
Қазақстанды қола дәуiрiнде мекендеген тайпалар
Сақтардың қоғамдық құрылысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz