Мектепке дейінгі балалардың патриоттық сезімін қалыптастыру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІЛІГІ
ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫН БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
ЖАРКЕНТ ЖОҒАРЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

Мамандығы: 01120100 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
Біліктілігі: 4S01120102 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдардың тәрбиешісі

Пәні: Педагогика
Тақырыбы:Мектеп жасына дейінгі балалардың патриотық сезімін қалыптастыру

МД11-21 309-топ студенті:
Адилова З ________(қолы)
Курстық жұмыстың жетекшісі:
Маули Г. _______(қолы)

Қорғауға жіберілді:
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары_________Жаманшалова Ж.С.
_________ 2024ж Курстық жоба(жұмыс) ______________ бағаға қорғалды

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.Мектеп жасына дейінгі балаларға патриоттық сезімін қалыптастырудың негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.1.Мектеп жасына дейінгі балалардың патриоттық тәрбие берудің жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2. Мектепке дейінгі балаларды Отанын суюге тәрбиелеу бағыттары ... ... ... ... ... ...11
2. Мектеп жасына дейінгі балалардың патриоттық сезімін қалыптастырудың әдіс - тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.1. Мектеп жасына дейінгі балаларға патриоттық тәрбие берудің негізгі формалары мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.2. Мектеп жасына дейінгі балаларға патриоттық тәрбие беруді ұйымдастырудың тиімді жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу - тәрбиешінің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы болып табылады.
Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен, ұлтжандылық, отансүйгіштік, патриотизм, ұғымдары сол заманның ақиқаты - наным - сенімінен туындайды.
Ұлтын сую - ұлтшылдық емес, ұлтжандылық деп Бауыржан Момышұлы атамыз айткандай, ұлттық болмысты нығайту - өзін басқалардан жоғары қою болып саналып, ұлтшылдық ретінде қаралмауы тиіс. Патриоттық сезім - Отанға, туған өлкеңе, өскен ортаңа деген сүйіспеншілік. Өз ұлтыңды құрмет тұту, туған тарихтан, ана тілден ажырамау, міне, бұл - жас ұрпақтың бойына сіңіретін қағидаттар.
Патриоттық сезім жалпы адам баласының еліне, жеріне, өз тілі мен мәдениетіне, ұлттық құндылықтарына жеке қатынасын, өзіндік бағасын түйісінуін, қуаттап қолдауын пайымдайтын сезім көрсеткіші болып табылады. Осыған орай Н.Ә.Назарбаев, - патриотизмді әр этностың ұлттық сезімін сыйлап, бірде - бір ұлтпен қарама - қайшылық туғызбау - деп белгіленген. Одан, ұлттық патриотизм, қазақстандық патриотизм - деген екі ұғымның туындағаны белгілі.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан - 2030 стратегиялық даму бағдарламасында Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімімен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз деген сөзі бүгінгі жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді. Біздің алдымызда тұрған басты міндет - тәуелсіз Қазақстанның әр жас жеткіншегінің жүрегінде Отанына, жеріне, еліне деген ыстық сезім, шынайы сүйіспеншілік қалыптастыру.
Еліміз тәуелсіздік алғалы жас ұрпақ бойында патриоттық сананы қалыптастыру, ол үшін патриоттық іс - әрекет ұйымдастыру, отбасы, балабақша мен мектептердегі оқу - тәрбие процесінде патриоттық тәрбие беруді жетілдіру қажеттілігі туып отыр. Сондықтан, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде бұрынғы тәжірибе мен бүгінгі практиканы және болашақ жоспарларды байланыстыру қажет. Сонда ғана балалардың бойына ұлттық патриотизм сезімін қалыптастыруға қол жетеді. Ұлттық патриотизм - жеке тұлғаның өз тарихи дәстүрлі сияқты категорияларға байланысты әртүрлі деңгейде көрініс береді. Соған қарамастан, осы рухани ерекшеліктерді білу, оны қалыптастыру - патриоттық тәрбиенің негізгі мақсаты.
Қазақстан Республикасының жаңа әлеуметтік даму жағдайында мектеп және мектепке дейінгі балаларға патриоттық тәрбие беру тұжырымдамасында патриоттық тәрбие беру міндеттері төмендегіше айқындалады:
Қазақстан Республикасының Конститутциясына, мемлекеттік рәміздеріне, Қазақстанда мекендейтін барлық халықтардың тарихына, дәстүрлеріне, мәдениетіне және ұлттық ерекшеліктеріне құрметпен қарау;
Мемлекеттік тілге, әлемдік тілдерге және ұлтаралық тіл болып есептелетін орыс тіліне, Қазақстанда мекендейтін басқа халықтардың тілдеріне құрметпен қарау;
Жалпы адамзаттық құндылықтар мен өркениеттілікті бағалау, құрметтеу.
Курстық жұмыстың тақырыбы: Мектепке дейінгі балалардың патриоттық сезімін қалыптастыру
Зерттеу мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларға патриотизмге тәрбиелеуді теориялық негіздеу.
Зерттеу міндеттері:
1. Мек теп жасына дейінгі балалардың патриотық тәрбие берудің жалпы сипаттамасы.
2. Мектепке дейінгі балаларды Отанын суюге тәрбиелеу бағыттары.
3. Мектеп жасына дейінгі балаларды ертегілер арқылы ұлттық отансүйгіштікке тәрбиелеу.
4. Мектеп жасына дейінгі балаларға патриоттық тәрбие беруді ұйымдастырудың тиімді жолдары
Зерттеудің әдістері: тақырыпқа байланысты педагогикалық және ғылыми әдебиеттеге теориялық, педагогикалық талдаулар жасау, бақылау, әңгімелесу, озық педагогикалық тәжірибені зерттеу.
Зерттеу объектісі: мектепке дейінгі балалар

1. Мектеп жасына дейінгі балаларға патриоттық сезімін қалыптастырудың негіздері
Мектеп жасына дейінгі балалардың патриоттық тәрбие берудің жалпы сипаттамасы
Патриотизм - адамгершілік және саяси принцип, сезім, онын мазмұны - Отанға суйіспеншілік, оған адалдық, оның өткені мен қазіргісіне деген мақтаныш, Отан мүддесін қорғауға құлшылық. Патриотизм - адамның мыңдаған жылдар бойы бекіген ең терең сезімдерінің бірі. Патриотизм - Отанға, туған жерге, өзінің мәдени ортасына деген сүйіспеншілік.
Патриотизм - дегеніміз (грек. рatriois - отандос, patrio - отан, туған жер) Отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы күш - қуаты мен білімін Отан игілігы мен мүддесіне жұмсау, түған жерін ана тілің елдің әдет - ғұрпы мен дәстүрін құрмет тұту сияқты патриотизм элементтері ерте замөннан қалыптаса бастайды.
Патриотизм - Отанға деген суіспеншілік, жеке адамның амансөулығының қоғамдық - мемщлекетті нығайту дегеніміз жеке адамды кұшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет дегем үғымды, жеке адаммен яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен жане болашағымен қарым - қатынасты білдіреді
Патриотизм әдетте Отанға сүйіспеншілік деп аталатын, нақты бір арекет бейнесінде және қоғамдық сезімдердің күрделі жиынтыгында корініс беретін, балаларының Отан анаға деген көзқарасын сипаттайтын қогамдық және адамгершілік принципі.
Патриотизм - тұлғаның бойындыгы Отан үшін қызмет етуге лайық шын берілген Отанға деген сүйіспеншілік қасиеті. Патриотизм - өз Отанына жане отандастароына сүйіспеншілік және құрмет мұраты, ал интернациолизм баска халықтар мен елдерге деген қүрмет пен бірлік мұраты.
Патриотизм - адамнын туа біткен, биологиялық қасиеті емес, ол - алеуметтік, тарихи қалыптасқан отанға деген сүйіспеншілік сезім, ол Отанға қызмет етуден көрінеді.
Патриоттық тәрбиенің басты мақсаты - еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін, тыныштық пен бейбітшілікті сақтайтын, ұлтаралық мәдениетті дамытатын, еліміздің рәміздеріне құрметпен қарайтын, әлемдік деңгейде бейбітшілік пен өркениеттілікке өз үлесін қосатын адамгершілік мұраты биік патриот, намысын қаһарман, қайсар, жігерлі жас ұрпақты тәрбиелеу.Ендеше,егеменді елдің азаматын тәрбиелеуде әр тәрбиешінің,ұстаздың мақсаты-дені сау,ұлттық сана-сезімі оянған,рухани ойлау дәрежесі биік,мәдениетті , парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор,іскер бойында игі қасиеттері бар адамды тәрбиелеу.
Әрбір бала өзінің қоршаған ортасын, айналадағы құбылыстарды ,өзінің және өзгенің мәдениетін тану арқылы жетілетіні ақиқат. Бүгінгі мектеп жасына дейінгі мекеменің басты міндеті- білім беру мен тәрбиелеу үрдісінде ұлттық азаматтық игіліктерді ,мәдени мұраларды насихаттай отырып, балалардың патриоттық сезімін қалыптастыру.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың адами-патриотттық міндеттері:
1.Баланың өзінің отбасына, үйіне, балабақшасына, көшесіне, қаласына деген сүйіспеншілік пен бауыр басып кетуін тәрбиелеу;
2.Табиғат пен бүкіл тірі жанға ұқыпты қатынасты қалыптастыру;
3.Еңбекке деген сыйластықты тәрбиелеу;
4.Халық салтына және кәсіптікке қызығушылығын тудыру;
5.Адам құқығы жайлы қарапайым білімдерді қалыптастыру;
6.Қазақстан қалалары жайлы хабарын кеңейту;
7.Балаларды мемлекет рәміздерімен таныстыру (елтаңба, ту, әнұран);
8.Мемлекет жетістіктері үшін жауапкершілік пен абырой сезімдерін дамыту;
9.Өзара сыйлау, басқа ұлттарға олардың салттарына деген сыйластықты қалыптастыру.
Еліміздің болашағы-жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік-отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік - білім беру мекемесі. Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие -- адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы болса, бүлдіршіндеріміздің бойында рухани-патриоттық сана-сезімді қалыптастыру бағыты бойынша тәрбие беріп, ел болашағына өз үлесін қосуда. Мектепке дейінгі мекемеде балалардың ойын еркін жеткізуде , рухани патриоттық тұрғыдан білім алуына тәрбиеленуіне барлық жағдай жасалған.
Халқымызда баланы жастан деген дана сөз бар.Тәрбиенің бесіктен басталатынын ескерсек, ата - бабадан келе жатқан дәстүрлерді ең алдымен өзіміз түсініп, балаларға оның нәрін сіңіре білсек, болашақ ұлтжанды ұрпақ тәрбиелесек -- бұл еңбегіміздің жанғаны,тәуелсіз ел болашағына қосқан үлкен үлесіміз деп білеміз. Адамзаттың асыл мұраттары қайта гүлдеп, мәдениет дәрежесі мен білімділік деңгейі қоғамның өркендеуі-нің басты өлшеміне айналып отырған жаңа ғасырда жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңызы артып келеді. Қазақстан Республикасының Президенті
Қазақстан Республикасының жаңа әлеуметтік даму жағдайында мектеп және мектепке дейінгі балаларға патриоттық тәрбие берутұжырымдамасында патриоттық тәрбие беру міндеттері төмендегіше айқындалады:
Қазақстан Республикасының Конститутциясына, мемлекеттік рәміздеріне, Қазақстанда мекендейтін барлық халықтардың тарихына, дәстүрлеріне, мәдениетіне және ұлттық ерекшеліктеріне құрметпен қарау;
Мемлекеттік тілге, әлемдік тілдерге және ұлтаралық тіл болып есептелетін орыс тіліне, Қазақстанда мекендейтін басқа халықтардың тілдеріне құрметпен қарау;
Жалпы адамзаттық құндылықтар мен өркениеттілікті бағалау, құрметтеу.
Патриоттық құндылықтары қалыптасқан тұлға мына төмендегідей қасиеттерге ие болуы тиіс:
-Жалпы адамзаттық, ұлттық құндылықтарды меңгерген;
-Халықтар арасындағы достықты нығайтуға күш салатын;
-Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне, тарихына, тіліне, дәстүріне, дініне құрметпен қарайтын;
-Жас ұрпаққа өз ауданымыздың тарихымен тереңірек таныстыру;
-Өлкемізде әртүрлі замандарда өмір сүрген тарихи тұлғалармен қайраткерлердің өмірі мен қызметін зерттеп білу;
-Туып өскен жерлеріндегі өлкетану мұражайларына саяхаттар ұйымдастыру;
-Балаларға елін, жерін сүйетін патриоттық сезімдерін аша түсіп, жетілдіру;
Балаларға отансүйгіштік, азаматтық тәрбие беруде, ертеңгіліктер, ұлттық ойындар, патриоттық әндер, және тағы басқа іс - шаралардың маңызы зор. Ендеше жас ұрпаққа ұлттық, патриоттық тәрбие беру басты мақсатымыз екенін ұмытпайық..
Еліміз өзінің тәуелсіздігін алғалы ана тіліміз мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болып қанат жайып келе жатыр. Мемлекеттің болашағы біздің қандай ұрпақ өсіріп, тәрбиелеуімізге тікелей байланысты болса, мемлекеттік тілге құрмет көрсетуіміз, ана тілімізді ардақтай білуіміз де ерекше рөл атқарады. Егемен ел атанып, өз алдымызға дербес мемлекет болғаннан кейін жасөспірім буынға дұрыс тәрбие беру, олардың патриоттық сезімін ояту, елге қызмет етуге, мемлекеттің іргесін нығайтуға баулу, тілдің дәрежесін көтеру біздің негізгі мақсатымыз. Сондықтан тіл тағдырына терең қарап, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге қазақ тілін үйретудегі талап, міндеттер балабақшамызда жақсы іске асырылуда. Қазақ халқының дәстүрімен таныстыру арқылы, еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, балаларды тіл үйренуге, халық мәдениетін зерттеуге, адамгершілікке баулиды.
Мектепке дейінгі жастан бастап біздің елдің болашақ азаматы,тұлғасының іргетасын қалау қажет.Балаларда Отаншылдық қасиеттерді тәрбиелеу-баланың өнегелік даму міндеттерінің бірі,ол өзіне жақын адамдарға,мектепке дейінгі білім беру ұйымына,туған еліне деген сүйіспеншілікті дарытуды қамтиды.Мектеп жасына дейінгілермен жұмыс жүргізгенде баланы патриоттық әңгімелерге араластырып отыру керек. Отан адамның түп-тұқияны, ата-бабаларынан бері қарай кіндік қаны тамып,өсіп-өніп келе жатқан жері. Сондықтан да қай елдің адамы болсын өз Отанын дүниедегі ең қымбаты,ең қасиеттісі,ең аяулысы-анасына балайды.
Соңғы жылдарда патриоттық тәрбиенің мәніне көзқарас өзгеріп келе жатыр.Патриотизм және азаматтықты тәрбиелеу идеялары мемлекеттік маңызы бар мақсатқа айналып, қоғамдық мәні болып тұр.Отанға туған жерге,табиғатқа,мәдениетке деген сүйіспеншілікке назар аударылады. Сонымен қатар ,өз Отанының символымен таныстырудың маңызы зор. Қазақстан Республикасының мемлекеттік символдары - рәміздері бар. Олардың түрі және ресми қолдану тәртібі Конституциялық Заңмен белгіленген.
Қазақстан Республикасының азаматтары Мемлекеттік туды, елтаңба ,әнұранды біліп , құрметтеуге тиіс.
Көптеген қазіргі кездегі вариативтік бағдарламалар мемлекеттік рәміздермен таныстыру мақсаттарын қамтыған.Балабақша табалдырығын аттағалы тұрған бүлдіршін Қазақстан-ның елтаңбасын, туын танып,әнұран әуенін тану керек.
Балалармен жұмыста елтаңба,ту,суреттер бар бояу кітапшаларын қолданбаған дұрыс, бұл жастағы балалар мемлекеттік рәміздердің түстерін , реңдерін анық бере алмайды. Сонымен қатар , рәміздер бейнеленген суреттері қиып алу дұрыс емес . Бейненің тұтас-тығын бұзу заңды бұзумен бірдей болып келеді.
-ізгілік бастамасымен тәрбиелеу. Өз отбасына, балабақшасына, туған қаласына, көшесіне сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарау.
- Табиғатқа қамқорлықпен қарау.
- Еңбекте еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу.
- Қазақ халқының салт-дәстүріне қызғушылықпен қарау.
- Мемлекеттік рәміздермен таныстыру. Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың міндеті. Жеке тұлғаны тәрбиелеу,бала бойына өз елінің ажырамас бір бөлігі ретінде саналылықты қалыптастыру,адамгершілікті, руханилықты,патриотизмді және ұлттық мәдинетті құрметтеу сезімдерін тәрбиелеу.
Қазақстан азаматтарын патриотизмге тәрбиелеудің педагогикалық негізгі - тұлғаның патриоттық сана-сезімін қалыптастыру; патриоттық іс-әрекетін ұйымдастыру; мінез-құлқына патриоттық сипат беру; балабақшадағы оқу-тәрбие ісінің өзегі.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңының 8-бабында білім беру жүйесінің басым міндеттерінің қатарында жеке тұлғаны азаматтық пен жандылыққа, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілдіке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамда қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу туралы айтылады. Мұндай мазмұн мемлекеттік талап - міндеттер бүгінде жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру ісінің жалпы ұлттық сипатқа ие болып отырғандығын көрсетеді. Ал, мұндайда күрделі тәрбие үрдісі әр отбасынан бастау алып, білім беру жүйесінде үздіксіз, кешенді жұргізуді талап етеді.
Қазақстандық патриотизмге басқа халықтарға деген сыйластық, бүкіл адамзатты құрметеу тұрғысынан қарау керек.
Бүгінде Қазақстан Республикасындағы әрбір ұлт, әрбір халық санына қарамастан өздеріне тиісті, лайықты орындарын алған. Қазақстан сияқты көпұлтты мемлекетте жекелеген этностар өкілдерінің үлттық патриотизиі елде тұратын барлық халықтың ортаө патриотищмімен байып отыр. Ал көпұлтты мемлекеттегі адамдардың патриотизмі олардың ұлтаралық қарым - қатынас мәдениетімен бірлікте қарастырылады.
Негізінен патриотизм көпұлттылық және ұлттық бөліктерден тұрады. Ұлттық патриотизм әдетте адамдардын белгілі бір ұлтқа тән екендігімен, өз тілімен, мәдениетімег сол аймаққа тән дәстүрлерімен тығыз байланысты. Ал интернационализмді әрбір адамның өзін сол мемлекет халқының бір бөлігі ретінде сезінуінен түрлі қлттық қауымдастық өкілдерінің ортақ Отанына деген сүйіспеншілігі мен шын берілгендігінен көруге болады.

Мектепке дейінгі балаларды Отанын суюге тәрбиелеу бағыттары
Балалардың Отанға деген сүйіспеншілік сезімі еліміздің қоғамдық өмірі, адамдардың еңбегі, табиғат жөніндегі білімдері мен ұғымдары жинақталу процесінде бірте - бірте қалыптасады. Бұл күрделі сезім жақын адамдарға, туған өлкеге деген сүйіспеншіліктен өсіп - өрбиді.
Балалардың Отанға деген сүйіспешілігі айқын бейнеленген эмоциялық сипатта болады; алдымен оларды өз сезіміне әсер ететін нәрсе қызықтырады.
Баланың Отанға деген сүйіспеншілігі қоршаған өмір ықпалымен қалыптасады, бірақ мұнда ата - аналар мен тәрбиешілердің мақсатты ықпалы шешуші роль атқарадыды. Балалар бақшасында тәрбиелеу программасының талаптарына сүйене отырып, тәрбиеші бұл жөнінідегі мына маңызды міндеттерді шешеді: балалардың отбасы, туған үйді, балалар бақшасын, туған жерді, табиғатты сүюін тәрбиелейді, совет адамдарын, олардың еңбегін құрметтеуге, бүкіл халықтық, табысты мақтан тұтуға тәрбиелейді.
Отанға деген сүйіспеншілік сезімі балаға қамқорлық жасап, көңіл аударып еркелететін жақын адамдарға, отбасыға деген сүйіспеншілік пен үйірсектіктен туындайды. Туыстарға деген сүйіспеншілік, құрмет сезімі бірте - бірте ұлғайып, басқа адамдарға - балалар мекемесі қызметкерлеріне, көршілеріне және таныстарына ауысады.
Балалардың туған табиғатты сүю, оның әсемдігін сезіну қабілетін тәрбиелеу, оның байлығын сақтап, аялап, молайта беруге баулу - тәрбиешінің екінші бір күрделі міндеті, міне, осындай. Егер педагог бұл жұмысты сәбилер тобынан бастап жүргізсе, балалардың табиғатты сүю сезімі орнықты болады. Тәрбиеші паркке, егін даласына,өзеңге немесе теңізге балалармен серуендер жасап, экскурсиялар өткізеді, туған табиғаттың әсемдігін қабылдап, оның ортасында болғанына қуана білуге үйретеді. Балалармен жұмыс жүргізгенде көркем әдебиет пен өнер шығармалары пайдаланылса, олардың туған табиғат туралы алған түсінігі мен әсері ұғымдырақ болып, тереңдей түседі.
Жас бала үшін Отан оның туып өскен жерінен - өзі тұратын балалар бақшасы орналасқан көшеден басталады. Балалар біртіндеп туған қаласы, селосы, жекелеген одақтас республикалар және біздің көп ұлтты Отанымыз туралы түсінік алады. Тәрбиешінің басшылығымен балалар өздері тұрған көшесінің тамаша жерлерімен танысады, өз қаласының, селосының, немен даңқы шыққанын біліп, мұны енді мақтаныш көре бастайды. Мектепке дейінгі балалар еңбегімен, жауангерлік ерлігімен аты шыққан адамдарды, олардың аттарымен аталған қалаларды, көшелерді, алаңдарды біледі. Оларды өткен өмірдің кейбір оқиғаларымен таныстырады. Ұлы Отан соғысында Отан үшін өз өмірлерін құрбан еткен совет адамдарының қаһармандығы, мен ерлігіне құрмет сезімін тудыру үшін балаларды ерлер ескерткіштеріне алып барады. Балалар мұнда өздері өсірген гүлдерін қояды.
Балаларды туған елмен таныстыра отырып, тәрбиеші оларға өздерінің еңбегімен елін тамаша да құдіретті етуге қажеттің бәрін жасаған совет адамдары туралы, олардың Отанды бұрынғыдан да көркейте түсуге, ал барлық адамдар өмірін бақытты да қуанышты етуге тырысқаны туралы әңгімелейді. Педагог айналада болып жатқан өзгерістерді; салынып жатқан жаңа үйлерді, мектептерді, магазиндерді, ауруханаларды транспортың жақсарып жатқанын және т.б. айтып өтеді.
Балаларға еңбек туралы түсіндіре отырып, еңбек адамдарын қадірлеуге тәрбиелеуде әр түрлі мамандық адамдарының іс - әрекетін бейнелейтін суреттерді, фотографияларды қарау пайдаланады,балалар тәрбиешімен бірге альбомдар жасайды, еңбек тақырыбында мерекелік ертеңгіліктер ұйымдастырып, өлеңдер мен тақпақтар орындалады.
Қазақстандық патриотизмнің құрамды бір бөлігі - Отан қорғап, тыныштық күзетіндн халқымызды бейбіт өмірмен қамтамасыз етіп жатқандарға құрмет көрсету. Тәрбиешінің міндеті - балаларға олардың жас ерекшелігіне сәйкес келетіндей етіп Қазақстанның Қарулы Күштері туралы мәлімет беру, оны сүюге, мақтаныш етуге, жауынгерлер сияқты батыл, денсаулығы күшті, тату және ұйымшыл болуға тәрбиелеу.
Тәрбиеші балаларды Қазақстан Республикасы Қарулы күштері, әскери киімнің әдемілігі, әскери дәстүрлер туралы әңгімелеп береді. Тәрбиеші біртіндеп балаларды әскери адамның сыртқы көрінісінен Қазақстан жауынгерлерінің патриотизміне, Отанды қорғауға дайын болу керек екендігіне қарай ойластырады.
Балаларға Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің жауынгерлік ерліктері мен күнделікті өмірін бейнелейтін суреттер көрсетіледі. Ересек балалар әр түрлі ескер түрлерімен, жауынгерлік марапаттармен, батырлардың есімдерімен таныстырылады. Олардың ескерткіштеріне барып, гүлдер қоюды дәстүрге айналдырады.
Ересек балалармен тәрбиеші жауынгерлік даңқ мұражайларына барады, мұражай экспонаттарымен таныстырады, көргендерін талдайды, әскери ойындар ұйымдастырады. Ер балалардың әскери ойындарға ынтасын ескере отырып педагог ойын мазмұнын, балалардың қарым - қатынасын Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің бейбіт өмірдегі күнделікті іс - әрекеттерін көрсетуге бағыттайды. Балалар Шекарашылар, Аэродром, Әскери шеру жасап қызыға ойнайды. Бұл ойындар балаларды батылдыққа, ептілікке, жолдастыққа, тәртіптілікке, пәрмен бере білуге және бағына білуге тәрбиелеу үшін пайдаланылады.
Қазақстан Республикасының Қарулы күштері тақырыбына тәрбиеші тек Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері күні мерекесін өткізуге дайындық кезінде ғана емес, жыл бойы көңіл аударуға тиісті.
Тәрбиешінің күрделі міндеттерінің бірі - балаларды көп ұлтты мемлекетте тұратындықтан басқа ұлт адамдарымен ынтымақтастықта өмір сүруді насихаттау. Балалар тәрбиеші әңгімелерінен, оқып беретін кітаптардан,суреттерден, тыңдаған музыкадан, билеген биден, кинофильмдерден елімізде өмір сүретін халықтар құрамының көп ұлтты екендігі туралы,кейбір ұлттардың өмірі туралы, басқа елдер туралы біледі.
Педагог Қазақстан Республикасындағы қоғамдық оқиғалардың ішінен түсініктісін іріктеп алады: мерекелер, сенбіліктер балаларда еліміздің қоғамдық өміріне деген ықыласын тәрбиелейді. Қазақстан Республикасы рәміздері: Елтаңба, Ту, Әнұран туралы біледі. Педагог мерекелерге дайындық кезінде балалардың назарларын көшелерді, балалар бақшасын безендіруге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Патриоттық тәрбиенің мәні
Балабақшадағы патриоттық тәрбие
Мектеп жасына дейінгі балаларды патриоттық тәрбиелеу
Балабақшада мектепке даярлық тобындағы балаларды қазақ халық ауыз әдебиеті арқылы ұлтжандылыққа тәрбиелеу әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларының отансүйгіштік сезімін тәрбиелеу құндылықтарын белгілеу
МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛЫҚ ТОП БАЛАЛАРЫН ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ АРҚЫЛЫ ҰЛТЖАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мектеп жасына дейінгі балалардың рухани - адамгершілік дамуын талдау
Мектепке дейінгі білім беру сапасын басқарудың әдіснамалық тұғырлары
Балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдістемелік негіздері
ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Пәндер