НЕГІЗГІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ЫҚТИМАЛДЫҚ ТЕОРИЯСЫ МЕН МАТЕМАТИКАЛЫҚ СТАТИСТИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

НЕГІЗГІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ЫҚТИМАЛДЫҚ ТЕОРИЯСЫ МЕН МАТЕМАТИКАЛЫҚ СТАТИСТИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

МАЗМҰНЫ

I БӨЛІМ
КІРІСПЕ
3
IБӨЛІМ: II БӨЛІМ
КІРІСПЕ: НЕГІЗГІ БӨЛІМ
3: 7
IБӨЛІМ:
КІРІСПЕ:
3: 8
IБӨЛІМ:
КІРІСПЕ:
3: 22
IБӨЛІМ: Ш БӨЛІМ
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
3: 30
IБӨЛІМ:
КІРІСПЕ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
3: 33

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Ғылым мен техника қатар дамыған заманда адамзат керемет жетістіктерге жетіп жатыр. Бұның барлығында білімнің қосқан үлесі өте зор.

Елімізді жаңаша дамуының шешуші факторы ретінде білім беру саласына қойылып отырған басты талап әлемдік стандарттар деңгейіндегі сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізу.

Білім алу саласында әрбір жеке тұлға өзінің белсенді, танымдық және шығармашылық іс-әрекеттерін дамытуы қажет және білімді өз бетінше қызығып қарау керек. Оның айқын бір жолы ғылыми шығармашылық ізденіс болып табылады. Білім өркениеттіліктің әрі өлшемі, әрі тетігі болып табылатындықтан кез- келген мемлекеттің рухани және әлеуметтік дәрежесі білім деңгейіне байланысты бағаланады. Республикамыздың білім беру жүйесінің даму бағытындағы негізгі мәселелердің бірі, уақыт талабына сай білім сапасын жақсарту, әлемдік стандарт деңгейіндегі білім беру болып табылады. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына енуінің негізгі міндеті, жоғары мамандандырылған, білікті де білімді адамзат ғылыми технологияны оңай меңгеріп, нарықтық экономикада өзін-өзі басқара алатын және алған білімін өмірде пайдалана білетін болса, тек сол уакытта ғана жүзеге асыру мүмкін екендігі түсінікті. Шынында да, әлемнің дамыған елдеріндегі білім беру жүйесі білім дағдыларын механикалық түрде беру емес, ақпараттық зияткерлік ресурстарды өз беттерінше тауып, талдап және қолдана білетін, жедел өзгеріп отыратын техникалық прогресс, инновациялық өрлеу жағдайында өзін-өзі ашып көрсете алатын, нарықтық талап-талпыныстарға еркін бейімделе алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға басымдық беретіндігі белгілі. Бүгінгі таңдағы тәуелсіз мемлекетіміздің білім саласындағы басты мақсаты жан-жақты дамыған, шығармашылықпен жұмыс жасай білетін, өздігінен білім алу жолдарын таңдай алатын білімді де білікті жеке тұлға болу міндеті тұр. Кез-келген қоғамға дарынды адамдар керек, және қоғамның міндеті сондай адамдардың қабілетін дамыту. Өкінішке орай, кез-келген адам өз дарынын аша алмайды. Бәрі отбасына және мектепке байланысты. Отбасының міндеті баланың дарынын ертерек байқау болса, мектептің міндеті баланы қолдап, сол дарынын әрі қарай ашу, дамыту болып келеді. Әсіресе мектепте оқушының өзіндік шығармашыль шығармашылығының негізі қаланады. Кез-келген мұғалім мектеп оқулығындағы тақырыптарды ары қарай ізденбей қызықсыз етіп балаларға өтеді. Содан сол тақырыптарды терең ғылыми кітаптарды, энциклопедияларды оқитын, өздігінен ізденетін, әр түрлі салада өз сұрақтарына жауап іздейтін дарынды балалар азая бастайды. Сондықтан да оқушыға жол көрсету, оның өмірлік жоспарлары мен армандарына көмектесу мектепте жүзеге асу керек. Мұндай оқушыларды әр түрлі шығармашылық жұмыстармен, ғылыми жобалармен айналыстырып, олимпиадаларға, сайыстарға қатыстыру керек. Ал оларды ең алғашқы қызықтыру осы жалпыға бірдей оқу стандартындағы оқулықтардан шығады. Сондықтан оқулықтағы кейбір маңызды тақырыптарды қайтадан жүйелеп оқушыға қарапайым әрі түсінікті тілде жеткізетін оқыту әдістемелері керек. Осылайша оқушының өз қабілетін көрсетуге мүмкіндік туады. Оқушыларды жеке тұлға етіп тәрбиелеуде математика пәнінің де алатын орны, салмағы зор. Мектептегі математика пәні мазмұнын жан-жақты зерттеп, орынды қолдану окушылардың жалпы мәдени даму деңгейінің, білімінің жоғары болуына тікелей әсер ететіні сөзсіз. Математика сабағында есеп шығару оқыту үрдісінің ең маңызды түрі болып табылады. Өйткені, есеп шығару арқылы оқушы математикалық теорияны меңгереді және логикалық ойлаумен қатар шығармашылық қабілеті дамиды. Оқушының кейбір тақырыптарға қызығушылығы ашылып ізденушілігі мен қызығушылығы пайда болады.

Мәселенің зерттелу деңгейі: Ықтималдықтар теориясы мен статистика элементтері есептерін шығару әдістері мен жолдары көптеген педагогтардың, ғалымдардың, әдіскерлердің еңбектерінде кездеседі. Колмогоров А. Н., Шарыгин И. Ф., Гусев В. А., Агаханов Н. Х., Терешин Д. А., Фарков А. В., Галкин Е. В., Гальперин Г. А., Құрманалин Х. М., Күнғожин А. М., Байсалов Е. Р., Елеусізов Д. А., Ырысбек М., И. Р. Высоцкий, Ю. А. Цимбалов, И. Яковлев, И. В. Ященко еңбектерінде келтірілген. Ал жалпыға бірдей білім беретін мектеп курсындағы оқулықтарда, яғни, мектеп баспасы бойынша Абылкасымова А. Е., Кучер Т., Корчевский В., Жумагулова З. және Атамұра баспасы бойынша Шыныбеков А. Н., Шыныбеков Д., Жумабаев Р. авторлардың еңбектерінде кездеседі.

Сонда да, ықтималдықтар теориясының және статистика элементтерінің есептерін мектеп курсында шығарылу жолдары жеткіліксіз және түсіндірілу әдістемесі оқушылар үшін қиын болғандықтан осы тақырып зерттеуге таңдалып алынды. Бұл зерттеу жұмысымызда мектеп оқушылары үшін ықтималдылық теориясы және статистика элементтерін түсіндірудің біршама оңтайлы әрі тиімді тәсілдері көрсетіледі. Осы айтылғандар біздің зерттеу жұмысымыздың көкейкестілігін анықтап, зерттеу тақырыбын « Негізгі мектеп оқушыларына ықтималдық теориясы мен математикалық статистика элементтерін оқыту әдістемесі » деп тұжырымдауға негіз болды.

Зерттеу мақсаты : Мектеп курсында кездесетін ықтималдықтар теориясының және статистика элементтері есептерін шешудің және оқушыға ұғындырудың әдіс - тәсілдерін жүйелеп, сұрыптау және тиімді болатын әрі жиі қолданылатын негізгі тәсілдерін көрсету

Зерттеу нысаны :Орта мектептегі математика курсын оқыту үрдіс.

Зерттеу пәні : Жалпыға білім беру стандартында қолданылатын оқулықтар. - Зерттеу міндеттері :

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математикалық статистика мен ықтималдықтар теориясының мектеп математика курсындағы ұғымдары
Кездейсоқ шамаларды бөлу функциялары
Ықтималдық теориясы мен математикалық статистика
Кездейсоқ оқиғалардың заңдылықтарын математиканың арнайы бөлімі зерттейді ықтималдық теориясы
Математикадан факультативтік сабақтар өткізу әдістері
Жалпы білім беретін орта мектепте математикадан экономикалық білім берудің өзекті мәселелері
Комбинаторика және ықтималдық теориясын оқыту әдістемесі
Үздіксіз кездейсоқ шамалар
МЕКТЕП МАТЕМАТИКА КУРСЫНДАҒЫ ЫҚТИМАЛДЫҚТАР ТЕОРИЯСЫ
Статистикалық мәліметтерді жинақтау, топтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz