Тіл экологиясының қалыптасуы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универсиеті» КеАҚ
Филология факультеті
Мадиярова Дариға Мадиярқызы
Тіл экологиясы: Жастар тілінің ерекшеліктері
тақырыбында
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
6В01717 - «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» білім беру бағдарламасы
Астана, 2024
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
“Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті” КеАҚ
«Қорғауға жіберілді»
Қазақ тіл білімі кафедрасы
меңгерушісінің м. а.,
ф. ғ. к., қауымд. профессор
Қ. Қ. Сарекенова
«___»2024 ж.
6В01717 - «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша
«Тіл экологиясы: Жастар тілінің ерекшеліктері» тақырыбындағы
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Орындаған: Мадиярова Д. М.
Ғылыми жетекші: Мамаева Г. Б.
Астана, 2024
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
І. Лингвоэкология ұғымының жалпы сипаты
1. 1. Тіл экологиясының қалыптасуы
1. 2. Лингвоэкология ұғымы. Қазақ лингвоэкологиясының дамуы………
1. 3. Лингвомәдениеттану - тіл мен мәдениет байланысы
ІІ. Жастар тілінің ерекшеліктері
2. 1. Қазақ тіліндегі англицизмдер
2. 2. Жастар сленгі және сөйлеу мәдениеті
2. 3. Жастар тілінің жаргондық лексикасы және арго тілі
2. 4. Қазақ тіліндегі арабизм сөздер. .
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Тіл мәдениетінің өзектілігі әрқашан ескеріліп, қай халық болса да бұл мәселені айналып өткен емес. Қазіргі таңда, тіл мәдениетінің қарапайым нормаларын ұстанбау, тілді шұбарлап, ойды дұрыс, түсінікті етіп жеткізе алмау, басы артық бос сөздерді көп қолданып, ойын шашыратып жіберу, мағынасы жоқ қате қолданыстағы сөздерді қолдану мәселелері жетерлік. Әсіресе, жастардың кейбіреуі шалағай, өзге тілдің детальдарын қосып, араластыра сөйлесе, бірі жаргон-диалектілермен сөйлегенді сән көреді. Тіл экологиясын, тіл мәдениетін зерттеу лингвистикалық зерттеулер үшін үлкен қызығушылық тудырады, өйткені бұл тілдегі тұлғааралық қатынастардың көрсеткіштерінің бірі. Тіл экологиясы мәдениеттің маңызды элементтерінің бірі және қоғамдағы адамның әдеп мінез-құлқының жалпы жүйесінің ажырамас бөлігі. Тіл тазалығын зерттеу лингвистика, мәдениет теориясы мен тарихы, этнография, елтану, психология және басқа да гуманитарлық пәндер қиылысында ерекше орын алады. Дипломдық жұмыс осы тақырыптарға негізделген. Сөз әдебі мен қоғамның тығыз байланысы және маңызын көрсету, тілді шұбарлаудың зияны мен салдарының алдын алу - қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі. Дипломдық жұмыс адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынастың, тілдесудің жұртшылық қабылдаған, ұлттық сипаты бар ережесі мен этикеті - тіл мәдениеті, тіл тазалығы туралы зерттеулерді қамтиды. Тіл экологиясының қоғамдағы орны, рөлі, жағдайы туралы ақпарат беріледі. Сондай-ақ, жастар арасында дұрыс қолданылмай жүрген сөздерге ерекше тоқталады.
Диплом жұмысының мақсаты. Тіл мәдениетінің қоғамдағы рөлін қарастыру және қазіргі таңда дұрыс қолданылмай жүрген сөздер мен сөз тіркестеріне шолу жасау. Сөзді дұрыс, анық, нақты қолданудың маңыздылығын ашып-көрсету.
Диплом жұмысының міндеттері:
- «тіл экологиясы» ұғымына жалпы сипаттама беру;
- оның мазмұны мен маңызын анықтау;
- қате қолданылып жүрген сөздерді анықтау, түсіндіру және түзету.
Зерттеу нысаны. Тіл экологиясының қалыптасуы. Жастар тілінің ерекшеліктері.
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы. Зерттеу жұмысында жастар тілінің ерекшеліктеріне тоқталып, оның шығу себептерін анықтайды.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері . Зерттеу жұмысында тақырыпқа қатысты Э. Хауген, Иванова Е. В, Потеряхина И. Н, Сущенко Е. А, Крысин Л. П, Попов А. И, Александрова О. И, Белкин В. М, Добродомов И. Г, Леонтьев А. А, Гумбольдт В, А. Байтұрсынұлы, Р. Сыздық, Уәли Н, Қалиев Ғ, Ш. Сарыбаев, Мұсаев Қ. М ғылыми еңбектеріндегі деректер негізге алынды.
Зерттеудің әдістері мен тәсілдері. Зерттеу барысында сипаттау, баяндау, жинақтау әдістері қолданылады.
Диплом жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмысы кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған деректер мен әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Лингвоэкология ұғымының жалпы сипаты
1. 1 Тіл экологиясының қалыптасуы
Қазіргі біздің қоғамда экология термині көптеген салаларда өз ауқымын кеңейтуде. Күнделікті бізге таныс қоршаған орта мәселесінде, биология салаларында ғана емес, тіл тазалығы мәселесінде де белсенді түрде қолданылып жүр. Бұл мәселе тіпті мемлекеттік мәртебесі жаһандық деңгейде танылған тілдерге де ортақ. Алғаш рет тілге қатысты "экология" терминін Джон Трим енгізді. Тіл білімінде "экология" термині американдық әлеуметтік лингвистика саласының танымал өкілі Хауген Эйнардың арқасында кең тарады. Оның 1972 жылы "Тіл экологиясы" кітабы жарияланғаннан бері осы бағыттың қарқынды дамуы байқалады.
Еуропа ғалымдары тіл экологиясының дамуын үш кезеңге бөлінетінін жеткізеді:
1) ХІХ ғ. қалыптасқан «тіл - жанды құбылыс» идеясы;
2) ХХ ғ. ортасында қалыптасқан Л. Витгенштейннің «тіл - өмір сүру формасы» тұжырымы;
3) Э. Хаугеннің еңбектерінен басталған тіл экологиясының кезеңі.
Ресей тіл білімінде тіл экологиясы туралы ғылымның қалыптасуы толық экологияға, мәдени экологияға, сөз экологиясына негізделе отырып қалыптасқан. Осы ойды басшылыққа алып, С. Потеряхина тіл экологиясының дамуын үш кезеңге бөледі:
1. ХІХ ғасырдың ІІ жартысында экология ғылымының қалыптасуы. Экологиялық мағына атауларында «эко» ұғымы бар бірнеше пәнаралық салалардың қалыптаса бастауын көрсетті. Қазіргі кезде экология - адам мен әлеуметтік топтардың, сонымен қатар, олардың арасындағы байланыстарының мәселелерін зерттейтін ғылым саласы.
2. ХХ ғасырдың екінші жартысында «мәдениет экологиясының» пайда болуы ғылымның жаңа бағыты лингвистикалық экологияның қалыптасуының тағы бір алғышарты болды. Д. С. Лихачев «Мәдениет экологиясы» ұғымын адам өмір сүретін мәдени ортаны, оның қалыптасуын, дамуын, басқаларға септігін және шығармашылыққа бағдарлануын анықтау мақсатында енгізген. Экология ұғымы табиғи қоршаған ортаны қорғау міндетімен ғана шектелмейтінін атап өтті.
3. ХХ ғасырдың аяғында тілдер тірі организмдер секілді бір-бірімен тепе-теңдік жағдайда бәсекелеседі, тілдер біршама тілді меңгерген адам санасының аясында тәуелді деген идеяны дамытатын эколингвистика пайда болды. [10] .
Е. А. Сущенко лингвоэкология дамуының екі кезеңін көрсетеді:
1. Лингвоэкологияға дейінгі кезең (дайындық кезеңі) ;
2. Лингвоэкологиялық кезең (осы уақыттағы) . Екінші кезең лингвистикалық экологияның ғылыми бағыт ретінде қалыптасуы, отандық және шетел ғалымдарының еңбектеріндегі лингвистикалық, экологиялық ой-пікірлердің дамуымен ерекшеленеді. 1987 жылы Ресейде Краснояр мемлекеттік университетінде риторика кафедрасының, 1990 жылы Тіл экологиясы және тіл мәдениеті зертханасының құрылуы аталған кезеңнің үлкен жаңалығы болып есептеледі. [11] .
Лингвоэкологиялық ойлардың дамуы қазақ жерінде әлдеқайда ерте басталған. Сақтар дәуірінен туған, көне түркі дәуірі мен ортағасырлық дәуірде де жалғасын тапқан тіл тазалығы, сөздің тұлғаға әсері, тіл мен ұлттың байланысы сынды ойлар, әдеби мұралар қазақ мақал-мәтелдерінде, жыраулар поэзиясында және ақындардың өлеңдерінде көрініс тапты.
Қазақ тілі экологиясы дамуының бес кезеңін атауға болады:
1. Ежелгі дәуірден 19 ғасырдың аяғына дейін «Тілді сақтауымыз - ұлтты сақтауымыз, тілдің тазалығы - ойдың тазалығы» идеясының қалыптасуы, лингвистикалық-экологиялық ғылымының алғы шарты;
2. 20 ғ. басындағы Алаш зиялыларының еңбектеріндегі тілдік және экологиялық ой-пікірлердің дамуы;
3. 20 ғ. лингвистикалық экологияның ортологиялық бағытын зерттеу;
4. 20 ғ. ортасынан бастап қазақ жеке сала болып қалыптасуы;
5. Қазақ лигвоэкологиясының көпсалалы ғылым саласы ретінде танылуы.
Э. Хаугеннің ойынша тіл экологиясының негізі бағыты - психологиялық және әлеуметтік жағдайдың салдарын анықтау және оның осы тілге әсерін зерттеу деп санайды. Сондай-ақ ол алғаш рет тіл экологиясының мәселелерін жеке бағыт ретінде дәстүрлі экология ұғымын метафоризациялау арқылы қалыптастырды. Ол қалыптастырған ережелерде биологиялық қызметтер сияқты біздің тіліміз басқа тілдермен және қоршаған ортамен байланыса отырып өзара өзгереді, өмір сүреді және жойылады делінген. Табиғат адамның биологиялық өмірін қалай қажет етсе, мәдени орта рухани өмірді дәл солай қажет етеді. Э. Хауген 1970 жылы "Тіл экологиясы" баяндамасында әлеуметтік лингвистика мен психолингвистикаға өзара әрекеттесу аспектісін енгізді. Тілді ортақ код ретінде қолданатын қоғам үшін тіл экологиясын - тіл мен оның қоршаған орта арасындағы қарым-қатынас туралы ғылым ретінде анықтауға болатынын жеткізеді. Тіл тек сауатты қолданушы адамдардың санасында болады және олардың әлеуметтік, табиғи ортасымен қарым-қатынас кезінде ғана белсенді жұмыс істейді. Тіл экологиясының бір бөлігі физиологиялық сипатқа ие (яғни сөйлеушінің санасындағы басқа тілдермен өзара әрекеттесу), ішінара әлеуметтік (яғни тіл қарым-қатынас құралы ретінде қолданылатын қоғаммен өзара әрекеттесу) . Тіл экологиясы адамдардың қаншалықты орынды қолданғандарына байланысты [1] . Хаугеннің негізгі идеясы - жануарлар мен өсімдіктердің түрлері сияқты тілдер де тепе-теңдік күйінде, бір-бірімен бәсекелеседі және олардың өмір сүруінің өзі мемлекет ішінде де, басқа әлеуметтік топтарда да, бірнеше тілді меңгерген адамның санасында да бір-біріне тәуелді [3] .
Эколингвистиканың пәні - адамның тілдік тұлға ретіндегі және оны қоршаған ортасының өзара әрекеті. Тіл адам, қоғам және табиғат арасындағы қарым-қатынастар тізбегінің ажырамас құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Тілдің қызметі мен дамуы экожүйе ретінде, ал қоршаған дүние лингвистикалық ұғым ретінде беріледі [4] .
Харальд Хаарманн лингвистикалық мінез-құлықты анықтайтын 7 сыртқы факторды анықтайды:
- Демографиялық;
- Әлеуметтік;
- Саяси;
- Мәдени;
- Психикалық;
- Интерактивті;
- Лингвистикалық.
Осы теорияға сәйкес, бұл факторларды бөлуге болмайды, олар бір-бірімен тығыз байланысты және өзара әрекеттеседі, осылайша «экологиялық жүйені» құрайды. Сонымен, экологиялық жүйе - бір тұтастықты құрайтын жеті экологиялық факторлар арасындағы өзара байланыс.
Элвин Филл эколингвистиканың әртүрлі салаларына арналған нақты терминологияны алғаш жасаған. Ол үш бағытты анықтады:
- Эколингвистика - экология мен тіл білімін біріктіретін барлық зерттеу салаларына арналған ортақ термин;
- Тіл экологиясы - тілдің жан-жақтылығын сақтау мақсатында тілдердің өзара әрекеттесуін зерттейді;
- Экологиялық лингвистика экологияның терминдері мен принциптері арқылы тіл жүйесіне өзектілік береді (мысалы экожүйе ұғымы) .
Лингвистикалық экология тіл мен «экологиялық» мәселелердің арақатынасын зерттейді. Қазіргі уақытта тіл экологиясының үш аспектілері бөлінеді:
- Интралингвалдық (сөйлеу мәдениетіне, стилистикаға, риторикаға қатысты және сөйлеудің дұрыстығын, анықтығын, логикасын, экспрессивтілігін және басқа коммуникативті қасиеттерін бұзуын зерттеуді қамтиды) ;
- Интерлингвалдық (жеке этникалық тілдің мекендеу орнындағы көптілділікпен және тілдердің жойылу проблемасымен байланысты) ;
- Транслингвалдық (көркем әдебиетте, фольклорда, публицистикада бір тілдің, бір мәдениеттің басқа мәдениетке жататын басқа тілдің контекстіндегі бірліктерін, құралдарын қолданумен байланысты) .
1. 2 Лингвоэкология ұғымы. Қазақ лингвоэкологиясының дамуы
Тіл - адам қатынасының, ойлаудың, мәдениеттің құралы. Тіл тазалығы - ана тілін басқа тілдің сөзімен шұбарламау. Ана тілінің шұбарлануы ауызекі тілде ғана емес, жазба тілде де орын алған. Өз тарихына, дәстүріне, туған жеріне, туған тіліне құрметпен қарап, қадірлеген адам ғана мәдениетті. Қоғамдағы сөйлеу ортасы адамдардың тілі мен мәдениетінің жай күйін көрсетеді. Қоғамдағы сөйлеу ортасы адамдардың тілі мен мәдениетінің жай күйін көрсетеді. Ерте заманнан бастап тіл экологиясы, тіл мәдениеті, лингвоэкология жайында қазақ ғалымдарының да құнды пікірлері біршама. А. Байтұрсынұлы айтқандай «Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» демекші бұл мәселе сол кезеңдегі қоғам жанашырларында толғандырған.
А. Байтұрсынұлы сөз өнерінің ғылым екендігі жайында, тіл қисыны, сөз талғау мәселелеріне тоқталып, сөз талғаудың 5 түрлі шартын көрсетеді:
1. Сөз дұрыстығы;
2. Тіл тазалығы;
3. Тіл анықтығы;
4. Тіл дәлдігі;
5. Тіл көрнектілігі.
Сөз дұрыстығы деп әр сөздің, әр сөйлемнің дұрыс күйінде жұмсалуы айтылады. Олай болу үшін керек:
- Сөздердің тұлғасын, мағынасын өзгертетін түрлі жалғау, жұрнақ, жалғаулық сияқты нәрселерді біліп әрқайсысын өз орнына тұтыну.
- Сөйлем ішіндегі сөзді дұрыс септеп, дұрыс көптеп, дұрыс ымыраластыру;
- Сөйлемдерді бір-біріне дұрыс орайластырып, дұрыс құрмаластырып, дұрыс орындастыру.
Тіл тазалығы дейтініміз - ана тілдің сөзін басқа тілдің сөзімен шұбарламау.
А. Байтұрсынұлы: «Қазақ әдебиеті қатып-пісіп жетпеген уақытта біз қазақ сөзін ескі, жаңа деп талғамаймыз, жергілікті сөз екен деп, ол жағынан қатал қарап, қашып тұрмаймыз. Жалғыз-ақ біздің мықтап қашатынымыз жатшылдық (жат сөзшілдік) . Біз сияқты мәдениет жемісіне жаңа аузы тиген жұрт өз тілінде жоқ деп мәдени жұрттардың тіліндегі даяр сөздерді алғыштап, ана тілі мен жат тілдің сөздерін араластыра-араластыра ақырында ана тілінің қайда кеткенін білмей айрылып қалуы ықтимал. Сондықтан мәдени жұрттардың тіліндегі әдебиеттерін, ғылым кітаптарын қазақ тіліне аударғанда пән сөздерінің даярлығына қызықпай, ана тілімізден қарастырып сөз табуымыз керек. Сонда біздің әдебиетіміздің тілі таза болып, жоғарыда айтылған талғау салтының шарты орындалған болады».
Кез- келген ұлттың негізгі айнасы - тіл. Тілдің сақталуы, ұрпақтан ұрпаққа аман жетуі тіліміздің тазалығын сақтаумен байланысты. Әлемде алты мыңнан аса тіл бар. Зерттеулерді қарасақ, тілдің шұбарлануының әсерінен түбегейлі жоғалып кеткен немесе тілдік қасиетінен айырылған тілдер аз емес. Осындай күңгірттіктің алдын-алуы үшін лингвоэкология ұғымы ғылымның өзекті бір саласы болып танылды.
Лингвоэкология тілді сақтауды, оны дамытудың жолдарын қарастырады. Осы тұрғыда ғалым А. Жұмағұлова «Лингвоэкология тілдің екі жағынан қызмет атқарады: орынды қолданылса тіл мен адам денсаулығы сақталады, кері болған жағдайда бұзылады» деп тұжырымдайды. [1]
Қазақ ғалымдарының ішінде осы салаға айрықша көңіл бөлген Н. Уәлиев тіл экологиясы сөз мәдениетін ғана қалыптастырып қоймай, жаргон сөздерден, варваризмдерден сақтайтынын айтады. Н. Уәлиев «Сөз мәдениетінің теориялық негіздері» атты еңбегінде: «Адамдар тілдік ортада өмір сүреді. Қоғамды былапыт сөздермен бұзбай, керсінше өркендетіп, дамыту - рухани жетілуге оң септігін тигізеді». [9] Тіл экологиясында зерттелетін негізгі аспекттер - дәстүрлі бағыт, сөйлеу әдебінің, тіл мәдениетінің бұзылу себебін зерттейді. Екіншісі - қостілділік, көптілділіктің әсерінен ұлттың жойылып кету қаупін зерттейді. Үшіншісі - белгілі бір тілдің бірліктерін басқа тілде қолдану.
Тілімізге өзге тілден енген залалдарды зерттеу, тіл тазалығы туралы тақырыптардан туған тіл білімінің жаңа бағыты ретінде лингвоэкология ұғымы тілдік нормаларды үйретуді көздейді. Өзге тілдің басқыншылығынан сақтану, сөз этимологиясы, тілге әсер ететін дағдарыстардың себебін қарастыру сараланады. Нигилизммен күресу де тіліміздің дамуына кері әсер ететін болғандықтан аталған саланың зерттейтін аумағына жатады. Сөздердің мағыналық жарасымына назар аудармай, стильдік қателерге бой алдыру, лингвомәденитанымдық қасиетіне зер салмау лингвоэкологияның қарастыратын, күресу керек негізгі мәселелері.
Лингвоэкология тіл білімінің сөйлеу мәдениеті мәселелерін қамтитын салаларының бірі ғана емес, сонымен бірге адамның рухани адалдығын сақтай отырып, оны жаман сөздерден, мәдениетсіз, дөрекі лексикадан қорғайды. Осылайша мәдени және рухани құндылықтарды сақтайды, тілге деген қызығушылықты арттырады. Лингвоэкологияның бір ерекшелігі - бұл тіл мәселелерін шешуге көмектесетін ғылым, өйткені тіл - болашақ ұрпаққа өз тәжірибесін беретін әр ұлттың рухани-мәдени мұрасының сақтаушысы.
Лингвоэкологияда басқыншы тіл ұғымы бар. Басқыншы тіл тілдік ортаны тарылта бастайды. Ана тілі өзінің жерінде, өзінің үйінде азап шегеді. Мұның бәрі тілдің ақпараттық, интеллектуалды және танымдық мүмкіндіктерін әлсіретеді.
Әлемдік билингвизм, полилингвизм мәселесі де - лингвоэкология саласының еншісінде. Негізгі міндет - тілдік норманы, ұлттық сөйлеудің ерекше мәнерін сақтау. Кейбір ғалымдардың айтуынша лингвоэкологияның мақсаты - әлемнің тілдік әртүрлілігін сақтау. Бүгінгі таңда Қазақстанның лингвоэкологиясының негізгі мақсаты - ұлттық тілді сақтау.
Қорыта келе, лингвоэкология - тілді қоршаған ортамен, мәдениетпен арақатынасын, сөздің халық салтымен, тағдырымен қатысын зерттейттін сала. Шетелдік профессор Д. Уиллис «Тілдің өлуі - тұтас бір мәдениеттің өлуі» дегендей тілімізге зиян келтірер залалдармен күреспесек, күн сайын тілдік қасиетінен айырылып, санамыздан жоғала бастайды. Әлем бойынша туған ана тілін байыту мақсатында неше түрлі іс-шаралар өткізіп жатқан мемлекеттер саны артуда. Оған мысал, ағылшындар сөздік қорының бір миллионға жеткенін арнайы мейрам ретінде тойланғанын айтуға болады. Осы ретте бізде өзіміздің қазақ тілінің байлығы жайында сөз қозғай бермей, оны қазіргі дамыған заманда қалай сақтап қалудың, оны әрі қарай дамытудың жолында ойлануымыз қажет сияқты. Әлемдегі жойылу қаупі төніп тұрған тілдердің мысалдарын алып қарасақ, жазба тілінің жоқтығынан, ауыз әдебиеті деңгейінде қалып, әдеби тілге жетпегендерін байқауға болады. Бізге берілген ата-бабамыздан қалған аманатқа қиянат жасамай, тілімізді көзіміздің қарашығындай сақтау - біздің міндетіміз. Тіл экологиясының да өзектілігі де, мәні де осы тұста. Тіліміздің тазалығына назар аудару патриоттылығымыздың белгісі. Сол себептен, отандық лингвоэкологияның дамуына ден қоюымыз тиіс.
1. 3 Лингвомәдениеттану - тіл мен мәдениет байланысы
Тіл және әдебиет - лингвистермен қатар, тарихшылардың, философтардың психологтар мен этнографтардың, әдебиетшілердің де назарын аударып келе жатқан көп аспектілі мәселердің бірі. Мәдениет пен тіл үздіксіз өзара қарым-қатынаста болатындықтан бұл мәседенің тілдік аспектісі екі жақты болып келеді. Осы тұрғыдан алғанда лингвистика бұл мәселені шешу жөніндегі бірқатар қызықтыда батыл қадамдарды ұсынады.
Тіл мен мәдениет ара-қатынасы лингвистикада, тіл философиясы мен мәдениеттануда түрлі қырынан сөз болып жүр. Тіл білімінде бұл сауалға тарих пен мәдениеттің, этнография мен лингвистиканың ортақ мәселерін сөз ететін пәнаралық этнолингвистикалық зерттеулер жауабы болады.
Тіл білімі, этномәдениет және этнолингвистика қазіргі тіл біліміндегі антропоцентризм мен этноцентризм ұстанымдарына сүйене отырып, тілдің табиғатын оны тұтынушы этноспен қатар қарастыру міндетін қойды. ХІХ ғасырда өмір сүрген неміс ғалымы В. Гумбольдттың пікірі мынадай: «Среди всех проявлений, посредством которых познается дух и харахтер народа, только его язык и способен выразить самые своеобразные черты народного духа и харектера и проникнуть в их сокровенные тайны» [44. 69] . Тілді ұлттық құбылыс ретінде танып, қазіргі тіл біліміндегі жаңа жолдарға бағыт көрсетті.
Тіл мәдениетпен бір тұтас тұтастық құрап, мызғымас бірлікте өмір сүреді. Ол мәдени өсу процесінде қалыптасады және оның дамуының алғышарттарын міндетті түрде басқарушы қызметін атқарады, сол арқылы кез келген жерде және кез келген уақытта өмір сүретін халық мәдениетінің маңызды бөлігін құрайды. Мәдениеттің басқа жақтарынан айырмашылығы тілдің өз ортасы бар. Белгілі бір тілде сөйлейтін кез келген халық сыртқы физиологиялық ерекшеліктерімен басқа топтардан ерекшеленетін адам қауымының белгілі бір нәсіліне жатады. Тіл мәдениеттен тыс өмір сүрмейді, яғни ол біздің өмір салтымызды толтыратын тәжірибеміз бен идеяларымызға байланысты [44, 185] .
Е. Сепир тіл мен мәдениеттің бірлігін ашатын маңызды әдіснамалық концепцияларды келтірді: «Мәдениет - белгілі бір қоғамның іс-әрекеті мен ойлауының көрінісі, ал тіл - қалай ойлау керектігінің көрінісі. Демек, тілдік мазмұн мәдениеттің бөлінбейтін бөлігі», - дейді. [45, 193-194] .
Тіл тек ойды жеткізу мен қарым-қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар мәдени білімді жинақтаудың негізгі құралы. Күрделі таңбы жүйесін құрай отырып, тіл кез келген ақпаратты беру, сақтау, пайдалану және жаңғырту қызметтерін атқарады. Мәдениет, тіл сияқты, белгілі бір хабарды жеткізу қабілеті бар символдық жүйе (семиотикалық), бірақ тілге қарағанда, оның өзін-өзі ұйымдастыру қабілеті төмен, өйткені мәдениет ең алдымен есте сақтау, оның басты белгісі жинақтау, сақтау [45, 227] және абсолютті толық коммуникацияға деген ұмтылыс. Өзінің абсолютті ерекшеліктерін білдіруге тырысқан адам қарым-қатынасқа түсіп, мәдени диалогты жасамай тұра алмайды. Демек, «тіл - ұлт (ұлттық бірегейлік) - мәдениет» қазіргі лингвомәдениеттану зерттеулерінің орталық үштігі, осы ғылым саласындағы маңызды мәселелерді шешуге жетелейтін бағдар. [46, 12-13] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz