Халықтық педагогиканың бала тәрбиесіне ықпалы


Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрлігі
Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі
«Қорғауға жіберілді»
«___»2024 ж.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Халықтық педагогиканың бала тәрбиесіне ықпалы»
Мамандығы: 0111000 «Негізгі орта білім беру»
Біліктілігі: 0111063 «Математика мұғалімі»
Орындаған 20-ММ -1
тобының білім алушысы Ж. Е. Ерболова
Ғылыми жетекшісі Г. М. Солтангалиева
«___» 2024 ж.
Өскемен, 2024 ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ3
І. ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНЕ ЫҚПАЛЫ5
1. 1 Халықтың рухани мұрасы - халық педагогикасы. 5
1. 2. Халық педагогикасындағы тәрбие бағыттары, олардың мақсаты мен міндеттері9
1. 3. Халықтық педагогиканың бала сана - сезімін қалыптастырудағы орны. 15
1. 4. Қазақтың халықтық педагогикасы арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу. 19
ҚОРЫТЫНДЫ24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. 26
КІРІСПЕ
Бүгінгі таңдағы педагогика ғылымында әлі де толық шешімін таба алмай отырған өзекті мәселелердің бірі жеке тұлғаның рухани - адамгершілігін дамыта тәрбиелеуді, бүгінгі таңда оқу үрдісін халық шығармашылығы негізінде жүргізудің маңызын анықтау болып табылады. Педагогика ғылымын халық педагогикасымен ұштастыра отырып, Мағжан ұлттық тәрбиенің ғылыми негіздерін жасады. Ол: «Әр тәрбиешінің қолданатын жолы - ұлт тәрбиесі. Әрбір ұлттың бала тәрбиесі туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесін баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиісті», деп жазды. Сөйтіп, ол педагогика ғылымының негіздерін халық педагогикасымен және халық психологиясымен байланыстырып, баланы тәрбиелеудің, дамытудың, оған дүниетанудың жолдарын талдап көрсетіп берді. Бастауыш сыныптағы кез келген оқу пәнін, тәрбие жұмысын ұйымдастыруда халық шығырмашылығының элементтерін пайдалану балалардың адамгершілігін, жақсы мінез құлығын қалыптастыру құралы болып табылатынын қазіргі мектеп мұғалімдеріне жеткізу өз қиыншылықтарын туғызуда. Егеменді пердесі ашылмай, шіркеуленіп келген ұлттық тәрбиесі жиырмасыншы ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан бастап, еркін қолға алынды да, көптеген оқыту бағдарламалары мен оқу құралдары пайда болды.
Қазақстанның егеменді ел болуымен байланысты оқу-ағарту ісінде оның басшылыққа алатын негізгі идеялық бағыты, «Қазақстандық патриотизм мемлекеттің территориялық тұтастығын, салт-дәстүрдің, ұлттық мәдениеттің сақталуын, Қазақстанда тіршілік етуші ұлттардың бірлігін қамтамасыз етуді, олардың саяси экономикалық және мәдени байланысын жетіліп көркеюіне баса назар аудару» т. б. болмақ. Ұлттық тәрбие беруде көзделетін мақсат келер ұрпақтың денсаулығын сақтау үшін қамқорлық жасау, оларға қажетті білім беру және дүниетану көзқарасын қалыптастыру, бүгінгі нарықтық қатынас жағдайында өздерінің ата-бабаларының дәстүрін сақтай отырып еңбек етуге әзір болуын қамтамасыз ету болмақ. Келер ұрпақ бейбіт өмірде шапшаң қарқынмен дамушы, гүлденген отанының патриоты болып өсуі тиіс.
Қазақстан үкіметі қабылдаған «Білім туралы» заңның «білім жүйесі» аталатын екінші бөлімінде «Білім беру жүйесінің басты міндеттері: Қазақстан Республикасына шын, адал патриот азамат даярлау . . . олар мемлекеттік белгілердің мәні мен маңызын терең түсінген, халықтық дәстүрлерді қастерлейтін халықтар достығының негізінде. Тәрбиеленген халық, отан, отбасы алдындағы жеке бастың міндеттері мен құқықтарын сезінген . . . Қазақстанда тіршілік етуші қазақ халқы мен басқа да халықтардың тілін, тарихын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын қадір тұтып игеруге пейілді азамат болуы керек» - делінген. Осы міндеттерді ойдағыдай орындап шыға алатын азаматтарды тәрбиелеу.
Ал оқушы жастарға халықтың қыры мен сырын, ғылыми негіздері мен тәлімдік мәнін ғылыми - педагогикалық тұрғыда игерудің теориясы мен әдіс - тәсілдерін меңгерту мәселесімен арнайы ғылым саласы айналысады.
Сондай-ақ ұлттық салт-сананың өмірдегі қолданылмалы көріністері: рәсімдер, рәміздер, ырымдар, тыйымдар, жөн-жоралғылар, діни уағыздар, сенімдер, кісілік рәсімдері, перзенттік парыз, адамгершілік борыш, ұрпақтық міндет арқылы іске асырылып, ұлттық қасиеттерге айналады.
Оқушының ұлттық қасиеттері: меймандостық, кісілік, сыйласымдылық, имандылық, кішпейілділік, кеңпейілділік, салауаттылық, өнерпаздық, шешендік, ақынжандылық, сыпайылық, мәдениеттіліқ, т. б. қасиеттері арқылы ерекшеленеді.
Халық педагогикасы халықтардың ғасыр бойы ұрпақ тәрбиелеу тәсілдеріне негізделген тағылымдарының бай тәжірибесінің эмпирикалық жиынтығы болып табылады.
Ал этнопедагогика халық педагогикасының ұрпақ тәрбиелеудегі тағылымдарын ғылыми жүйеге келтіріп зерттейтін, оны тәжірибеде қолданудың әдіс-тәсілдерін теориялық тұрғыда сөз ететін ғылыми педагогиканың бір саласы.
Зерттеудің тақырыбы: «Халықтық педагогиканың бала тәрбиесіне ықпалы».
Зерттеу жұмысының мақсаты: бірнеше ғасырларға созылған халық тәжірибесіне сүйене отырып, болашақ ұрпақты еңбекке, өмірге ең жоғарғы адамгершілік, имандылық қасиеттерге тәрбиелеу.
Зерттеудің міндеттері: халықтық тәрбие түрлерін оқушы жастардың бойына сіңіріп, білім, білік дағдыларын дамыту және дене еңбегі мен ой еңбегіне қабілетін жетілдіру нышандарын айқындау.
Зерттеудің объектісі: оқу-тәрбие үрдісінде қолданылатын ұлттық мұралар.
Зерттеудің болжамы: халықтың тәрбие үлгілері арқылы оқушы жастардың бойында ізгілік қасиеттері шыңдалып, нарық жағдайына, өмір сүруге икемді, жан-жақты жетілген азамат тұлғасы қалыптасар еді.
Зерттеудің мақсаты мен болжамына сәйкес төмендегідей мідеттер қойылады:
- Халықтық педагогиканың мәнін ашу;
- Халықтық педагогиканы сипаттайтын ұлттық құндылық үлгілерінің негіздерін ашу;
- Халықтық педагогикада бала сана-сезімін қалыптастырудағы ықпалын көрсету;
- Жалпы бала тәрбиелеуде халықтық педагогиканың үлгілерінің маңыздылығы.
Қазіргі замандағы мектепке дейінгі балаларға арналған шетелдік қызықтырушы материалдармен, жаһанды жайлаған компьютерлік ойындармен халық педагогикасын қатар қою күрделі мәселе екені анық. Кез келген мектеп оқушысы қазіргі уақыттағы сынды кейіпкерлерді Тазша бала, Алдар көсе, Қожанасырдан жақсы білетіні ешкімге жаңалық емес екені анық. Осы ретте қоғамды, ақпарат құралдарын жаулаған жаңалықтармен қатар заман талабына сай деңгейде талаптарға жауап беретін халық педагогикасы негізінде нағыз қазақы болмыс қалыптастыру кезегін күттірмес мәселе болып қала бермек. Сондықтан да бұл өзекті мәселе дегім келеді.
І. ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНЕ ЫҚПАЛЫ
1. 1 Халықтың рухани мұрасы - халық педагогикасы.
Тәуелсіз мемлекетіміздегі болашақ ұрпағымызды жан-жақты жетілген, бойында ұлттық санасы мен психологиясы бар етіп қалыптастыру ― отбасының, балабақшаның, орта және жоғары білім беру орындарының, бүкіл халқымыздың міндеті.
Ата-бабаларымыздың өмір сүрген кезінен бастау алып, күні бүгінге дейін кәдесіне жарап келе жатқан рухани мұраның бірі - халық педагогикасы. Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәлім-тәрбиені жас ұрпақ бойына сіңіріп отыратын арнаулы жолдар, тиісті тәсілдер бар. Мәселен мақал-мәтелдер адамды имандылыққа, адамгершілік тәрбиесіне насихаттаса, жұмбақтар мен айтыстарда - ақыл - ой тәрбиесі, өлең, жыр - дастандарда - әсемдік, эстетикалық тәрбие, ал ертегілер халықтық тәрбиенің әралуан мәселелерін қозғайтын тәлімдік материал ретінде пайдаланылған. Сонымен халық педагогикасы - тәлім-тәрбиенің қайнар көзі, халықтың рухани мұрасы. Осындай халықтық мұралар заманымыздың талап - тілегіне байланысты пайдаланылып, ұшталып жаңара береді.
Халық педагогикасы - халқымыздың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерін, тұрмыс күйлерін дамытуды негізгі мақсат етіп қойып, ұрпаққа тәрбие берудің барлық жақтарын қамтитын, адамның жан дүниесін тәрбиелейтін ілім. Жалпы халық педагогикасының даму жолдарын сараласақ, ол әртүрлі тағдырға ұшырап, бірқалыпты даму жолына түсе алмағандығын байқаймыз. Оның көптеген себептері бар. Көп уақытқа дейін халық педагогикасын ғылыми тұрғыдан алшақтатып, оны ғылым емес деп келді. Қазіргі кездің өзінде де халық тағылымының ғылыми жүйеленбегендігінің әсерінен халқымыз рухани азғындауға жиі ұшырағандығын байқаймыз. Халық педагогикасының ғылыми дамымауы тікелей империялық саясаттың салдарынан екені анықталып отыр (мысалы, Рим империясы, Орыс империясы) . Империялық саясат өзінің езгісіндегі халықтың ұлттық санасын, тарихын таптап, олардың дамуын қаламайды. Өйткені, осы екеуінен қай халықтың болмасын ұлттық санасы оянады.
Халық педагогикасы - ұлт тәжірибелері мен тағылымынан туған бай қазына. Оның келер ұрпаққа берер үлгісі, тәлім-тәрбиесі көп. Халық педагогикасында маңызды сала ұлттық әдет - ғұрыптар мен дәстүрлер болып табылады. Олар ұрпақтан - ұрпаққа беріліп отырады. Ұмытқалған салт -дәстүрлерді, халқымызға тән ұлттық асыл қасиеттеріміздің барлығын да жүйелеп, өмір тәжірибесінде қолдануда, келер ұрпаққа тәлім - тәрбие беруде ғылыми тұрғыдағы зерттеулердің көбірек болғандығы үздіксіз үрдіске айналуы керек.
Халық педагогикасы көптеген ғасырлар бойы тіпті жазу - сызу пайда болғанға дейін қалыптасып, дамып отырды. Оған оның тамаша идеялары мен дәстүрлерін сақтап, ұрпақтан - ұрпаққа жеткізуде халықтың ауызекі шығармашылығы мен қолданбалы өнері айрықша рөл атқарады. Олар халық педагогикасында адам тәрбиесінің таптырмайтын құралы, әдіс - амалы, тәсілі, белгілі ережелері мен әдет дағдыларына айналды.
Халық педагогикасы мәселелері тек 50 - жылдардың екінші жартысынан бастап арнаулы зерттеу нысанасына айналды. Бүгінге дейін жарық көрген ғылыми зерттеулер халықтық педагогиканың түрлі бағыттарын қарастырды.
Халқымыздың педагогикалық мұраларын оқу - тәрбие жұмысына пайдалану, мектеп тәжірибелеріне еңгізуге керектігі заман талабы екенін сезінген жөн. Себебі заман талабына орай бүгінгі жас ата - ана ата - баба дәстүрін толық қамти алмағандықтан, өткеннен өнеге боларлық салт -дәстүрлерді, нақыл сөздерді сабақ ретінде мектеп бағдарламасына еңгізген абзал. Жеті атасын біліп, олардың ерлігін, өрлігін жанына сақтап өскен ұрпақтан зұлымдық, жауыздық шықпаған болар еді. Бүгінгі таңда мұндай негізді тек мектепте қалаған дұрыс. Халықтық педагогика - көп арналы, қыр-сыры мол, күрделі ғылым. Ол жастардың рухани, материалдық мәдениетін толық меңгерген, тарихын, әдет - ғұрып, салт - сана, дәстүр, тәлім - тәрбие, имандылық сияқты қасиеттерін бойына сіңіріп, ұлтын сүйетін азаматтар болып өсуін қамтамасыз етеді.
Енді «Халық педагогикасы деген не?» сұраққа жауап іздесек, Халықтық педагогика - тәрбие мен оқыту саласындағы халық бұқарасы білімдерінің, іскерліктерінің, дағдыларының жиынтығы. Солардың негізінде ұрпақтан-ұрпаққа халық шығармашылығы арқылы (поэтикалық, музыкалық, сәнді-қолданбалы өнер) беріліп отыратын әдет - ғұрыптар мен дәстүрлер қалыптасқан. Халықтық педагогиканың мақсаты - жас ұрпақты ата - бабалар тәрбиесінің ең жақсы мұраттарына тәрбиелеу.
Этнопедагогиканың зерттеу объектісі ретінде халық педагогиканы алған. Халық педагогикасы - халықтардың ғасырлар бойы ұрпақ тәрбиелеу тәсілдеріне негізделген тағылымдарының бай тәжірибесінің эмпирикалық жиынтығы. Ал этнопедагогика - халық педагогикасының ұрпақ тәрбиелеудегі тағылымдарын ғылыми жүйеге келтіріп зерттейтін, оны тәжірибеде қолданудың әдіс - тәсілдерін теориялық тұрғыда сөз ететін ғылыми педагогиканың бір саласы. Сонымен қатар халық педагогикасын қағидаларға бөліп, ғылыми педагогикамен байланысын зерттей отырып - халық педагогикасы ғылыми педагогиканың ережелері мен заңдылықтарының қалыптасуына бастау бұлақ болған. Халық педагогикасы ғылыми зерттеулердің тек объектісі ғана емес, сонымен қатар ол педагогикалық теориялардың, әсіресе отбасындағы тәрбиенің дамуына үлкен әсер ететін ынтымақтастық педагогиканың іргетасы болып табылады.
«Халықтық педагогика - тәлім - тәрбиелік ой - пікірдің ілкі бастауы, халықтың рухани мұрасы. Халықтық педагогикамен қатар «Этнопедагогика» дейтін атау жиі қолданылады. Этнопедагогика - халықтық тәлім - тәрбиені, оның тәжірибесін қорытындылап, жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылым саласы. Ол - халықтық педагогиканы ғылыми педагогикамен байланыстырып отыратын өткел іспеттес ғылым».
Жоғарыда айтылған ой - пікір, анықтамаларды қарасақ, олар мазмұны жағынан жақын, бір - бірін өзара толықтыра түседі және этнопедагогика, ғылыми педагогика, т. б. халық педагогикасынан бастау алатыны көрсетілген. Әрбір автор анықтама бере отырып, өзінің басты назарының нысанасы болған саланы көрсетуге тырысады. Ал осы халық педагогикасын ең алғаш ғылым деп таныған халқымыздың белгілі жазушысы, педагогика ғылымдарының докторы Советхан Ғаббасовтың «Халық педагогикасының негіздері» атты монографиясында халық педагогикасының алғаш рет 2 сатылы методологиясын, одан шығатын «жүрек тәрбиесі» және «ақыл тәрбиесі» атты жүйелерін және 7 түрлі негіздерін бөліп қарастырады. Шын мәнінде қарасақ, «Халық педагогикасы» дегеніміз көп қырлы, мағынасы өте терең және тұрақты негіздері бар ғылым екенін көреміз. Автор: «Халық педагогикасын адамның жан - дүниесін тәрбиелейтін және зерттейтін ілім» десе, ал этнопедагогиканы «Адамның тән - құрылысының дұрыс жетілуіне әсер етуді зерттейтін ілім» деп бөліп даралап көрсеткен. Халық педагогикасы бұған дейін ғылым ретінде танылған емес. Оның негіздері мен методологиясы анықталмаған. Ендеше кез келген пәннің негіздері анықталмаса, онда оның териясы да жоқ деген сөз. Ал осы теориясы қалыптаспаса пән дами алмайды. Осы уақытқа дейін айтылып жүрген тәрбие, оқыту, білім беру педагогика пәнінің негізі бола алмайды, бұл тек категориялық ұғымдар. Себебі кез келген пәннің өз ішінен тек тұрақты бірліктің сипатын аңғартса, ал «тәрбиенің, оқытудың, білімнің түрлері көп . . . » деп С. Ғаббасов ашып айтты. Автор өз еңбегінде адам тәрбиесін физиологиялық кезеңдерге бөліп, халық педагогикасының (жеті) негіздерін ұсынды. Бірінші негізде адам тәрбиесін ең әуелі отбасы құруға дайындық және ұрық тазалығынан басталатындығына ерекше мән береді. Өйткені, адамның жан - дүниесі мен тән құрылысы әуел баста сол тарыдай ғана бір жасушаның ішінде орналасқан ғой. Ол сәл уланып дертке шалдықса, бүкіл жан-дүниесіне қатысты ішкі бес сезім (ұят, жігер, зерде, мінез, қабілет) мен сыртқы бес сезім (көру, есту, иіс сезу, ойлау, сөйлеу) әлсіреп, ауруға шалдығады. Не себепті қазір ауру балалар, зерделері төмен балалар көбейіп кетті? Осының бәрі - жастардың арақ ішіп, темекі тартып, нашақорлыққа ұрынуының салдары. Осыдан барып ұрпағымыз уланады. Сондықтан ұрық тазалығы - адам тәрбиесінің алғашқы баспалдағы. Сол ұрық тазалығын сақтай отырып, ана құрсағындағы тоғыз ай тоғыз күнге созылған жан иесіне жүрек тәрбиесін берумен жалғаса береді.
Атақты педагог И. Г. Песталоцци, А. С. Макаренко « . . . баланы дүниеге келген сәтінен бастап тәрбиелеу керек . . . » десе, біз ұсынып отырған жаңа іліміміз: « . . . тәрбие тәсілдері бала дүниеге келместен, тіпті ана құрсағында пайда болмастан бұрын, болашақ ата - ана болар жастардың танысқан сәттерінен басталуын . . . » талап етеді. Баланы дүниеге келген бастап тәрбиелеу өте кеш. Бала пайда болмас бұрын болашақ ата - аналар ұрық тазалығын сақтауы керек, себебі барлық тіршілік иелері ең алдымен ұрықтан бастау алады емес пе? Сондықтан жаңа өмір басталғалы отырған екі жас отбасын құруына алдын ала дайындалып, келер ұрпағының дені сау, ақылды, өнегелі болып өсуіне үлкен ден қоюы керек. Осыған байланысты екі жас мынадай үш түрлі мәселеге ерекше мән беруі қажет:
1. Ғасырлар бойы халқымыздың тәлімімен жетілген ата - баба дәстүрлерін қадағалау арқылы ұлттық генофонымызды көздің қарашығындай сақтау.
2. Отбасы құруға саналы түрде дайындалу арқылы ұрық тазалығын сақтаудың мәнін түсіну.
3. Ата - ана мен бала арасындағы сыйластық.
Халық педагогикасының 1 - негізін қалыптастырмақ физиологиялық кезеңнің сипатын шартты түрде «Отбасы құруға дайындық және Ұрық тазалығы» деп ерекшелеуге тура келеді.
Адам тәрбиесінің екі жүйесі бар. Ол - жоғарыда айтылып өткен жүрек тәрбиесі және ақыл тәрбиесі. Олардың өзара үндестіктері бар. Ақыл тәрбиесі жүрек тәрбиесінен кештеу басталып, бірте - бірте күрделене береді. Сонымен бірге тән құрылысының дұрыс сақталуын өзін - өзі сақтау түйсігі арқылы, физиология заңдылықтарына бағындырса, ал бұрынғыдай емес өзгеше қалыпқа ауысқан жан дүниесін жетілдіруді . . . өзі шыққан тіршілік әлеміндегі - түйсіктік тәрбиеден - қазіргі айтып отырған халық педагогикасы бастау алады екен. Бұл екеуін де ұстап тұрған тек түйсіктік ақыл. Тән қуатынсыз жан дүние жетіле алмайды. Сондықтан халық педагогикасының ғылыми негіздерін іздесек, тек ғылыми физиологиялық заңдылықтардан табамыз. Өйткені, адам тәрбиесі тікелей физиологиялық кезеңдермен ұштасып жатыр. Сондықтан физиологияның әрбір кезеңінің тәрбиесі халық педагогикасының негіздері болып қаланады.
Халық педагогикасының жеті түрлі негіздерін екі жүйемен жетілдіре алатын, әуелі биологиялық индивид ретінде қарастырып, содан кейін қоғамдық тұлғаға ауысатын методологиясы бар екен.
Бұл жаңалық - бұрын - соңды айтылмаған пікір, теориялық методологиялық, логикалық қана жұмыстардың жиынтығы емес. Жаңадан ұсынылып отырған екі жүйе де, жеті түрлі негіздің кезеңдері де арнайы тәжірибеден өткен. Әрине бұның бәрі адам тәрбиесіне тікелей байланысты, сондықтан әйел баласы да, ер адам да өмірге ұрпақ әкелер алдында ең әуелі ұрық тазалығын сақтау керек. Халқымыздың «жеті атаға дейін қыз алыспау керек» деген салт-дәстүрін қадағалап сақтауымыз тиіс. Ата - бабамыз ұрпақ қамын о бастан ойлап, қағида ретінде сақтап келеді. «Жеті атасын білудің маңыздылығы жоқ» деп ойлайтындар өте қатты қателеседі. Өйткені, адам бойында жеті атаға дейін туыстық қандары болады. Әрбір жас тұрмыс құрар алдында осы қағиданы ұстанып, келер ұрпақтың саналы, дені сау ұрпақ әкелуіне мән беруі керек. Жеті атасын біліп, олардың ерлігін, өрлігін жанына сақтап өскен ұрпақтан зұлымдық, жауыздық шықпайды.
Әрине, халық педагогикасының асыл қазынасын тере берсек, айтатын нәрсе жеткілікті. Оның ұшан - теңіз мұралары бар. Қағидалары тілге орамды, құлаққа жатық болса да, белгілі бір жүйеге түсе қоймаған, ғылыми тұрғыдан жүйелеп, зерттеуді әлі де қажет етеді.
Халқымыз көптеген жылдар бойы аңсаған азаттығына қол жеткізді. Енді осы аңсаумен алған азаттығымызды көздің қарашығындай сақтаумен қоса, ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәлім - тәрбиені біліммен байытып, ғылыммен жетілдіруіміз керек. Шығыс ғұламасы Әл - Фарабидың: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы» деп аманатында айтқандай, ең бастысы - «тәрбие» екенін ұмытпайық. Әрине, ұрпақ тәрбиесі ең әуелі ата - анаға байланысты. Халқымыздың белгілі халық тағылымын өз өнерімен ұштастырып жүрген қаламгер Жанат Ахмадидің: «Ата қайратты болса, бала ғибратты болады» деген сөзі осы жерде ойға оралады.
Елімізде болып жатқан әлеуметтік - экономикалық, рухани өзгерістердің балабақшадан бастап, жоғары оқу орындарының педагогикалық үрдістеріне, оның ішінде ұлттық тәлім - тәрбие беру саласына өзіндік ықпал жасауы - заңды құбылыс. Сол ой елегінен өткен ғылыми тәжірибе нәтижелері ұрпақ тәрбиесіне игілікті үлес қосып келеді.
Өткен тарихымыздың өткелдеріне ой жіберсек, ұрпақ тәрбиесі үшін маңызы зор бүгінгі этнопедагогика, этнопсихология ғылымдарына рухани азық болаған мұралардың молдығына көзіміз жете түседі. Әр халықтың бала тәрбиесі жөніндегі атам заманнан бергі жиып - терген мол тәжірибесі. Ғасырлардан қалған асыл қазыналары бар. Ол қазыналарды филологтар, тарихшылар, этнографтар, өнер зерттеушілері, психолог және педагог ғалымдар жан - жақты зерттеп, өз зерттеулерінің мақсат - міндеттеріне орай ғылыми зерделеу сүзгісімен өткізуде.
1. 2. Халық педагогикасындағы тәрбие бағыттары, олардың мақсаты мен міндеттері
Халықтық педагогикада бала дүниетанымын қалыптастыру және оның ақыл - ойын дамытудың бастау көзі ретінде - ең алдымен оның қоғамға, қоршаған дүниеге және мұндағы адамның орнына көзқарастарды тірек еткен дүниетанымы алға шығады. «Арманы жоқ жас - қанатсыз қарлығаш» - дейді халық.
Қазақтың халық педагогикасы баланың пайымдауын қалыптастырып, ойлау жүйесін дамытып, үлгі - өнегелі іс - әрекеттерді үйретіп, кісілігін кемелдендіру арқылы ақыл - ой тәрбиесін іске асырады. Ол үшін халық мақал -мәтелдерді, өнегелі өсиет сөздерді, даналық уағыздарды, шешендік сөздерді пайдаланады.
«Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар», «Кітап - білім бұлағы», «Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні көріп» деп халық мақал - мәтелдер арқылы ғылым - білімді зерттеп, ақыл - ойдың негізі - пайымдауда екендігін ұрпаққа ұғындырып отырады.
Білімнің білігіне шығу үшін еңбек сүйгіштік, аса төзімділіктің қажеттігін мақал - мәтелдер арқылы топшылау жасаған.
«Оқу - инемен құдық қазғандай» - дей отырып білімнің өздігінен келмейтіндігін, көп ізденудің қажет екендігін осы мақал - мәтелдер арқылы көрсеткен.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz