Қалижан Бекхожин өмірі мен шығармашылығы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Білім беру бағдарламасы: Тіл, әдебиет және ақпарат

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Қалижан Бекхожин өмірі мен шығармашылығы

Орындаған: Мухамбетова Д. (Фил-31)
Тексерген: Сұлтаниязова И.С

Орал, 2024 жыл

Қалижан Бекхожин - 1913 жылы 15 желтоқсанда Павлодар облысы, Баянауыл өлкесінде әулиелі Қызыл тауда дүниеге келген (азан шақырып қойған шын аты Қали - Мұхаммед). Әкесі мәшһүр Нұрғожа Троицк қаласындағы Зейнолла ишанның медресесін үздік бітірген. Мәшһүр Жүсіппен, Ақан серімен, Исамен айтысқан, кейбір болыстарды шенеп сын айтқан ақын болған адам. 1932 жылы Сәкен Сейфуллин Ақан серінің өлеңдерін шығарған. Сол жинақта Ақан сері мен Сүйіндік Нұрғожаның айтысы келтірілген. Бала кезінде жалдамалы молдадан арабша хат таныған Қалижан бала кезінде қиссажырларды көп оқып, әдебиетке ерте құмартады. 1924 жылы дін оқуынан кеңес мектебіне ауысқан. 1929 жылы комсомол қатарына өтеді. 1930 жылдың басында Ертіс бойындағы Ақсу ауылында мұғалім болып істеген. 1932 жылы 19 жасында аудандық Колхоз газетінде 8 наурыз - әйелдер күніне арналған тырнақалды өлеңі басылып шықты. Содан кейін осы газеттің жауапты хатшысы қызметіне жұмысқа шақырылады. 1934 жылы мамыр айында Алматыға Қазақстан жазушыларының І съезіне Павлодардан делегат болған. 1934 жылы ҚазПИге оқуға түседі. 1938 жылы 4курста жүріп Қазақстан Орталық Комитетінің Комсомол баспасында бас редактор, кейіннен директор болып қызмет атқарған. 68 - 10 сыныптар оқулықтарының авторы болған. Ағылшынның атақты ақыны Байронның Чайльд Гарольд поэмасының бірнеше тарауларын аударып, ол қазақ әдебиетінің 8 сыныбына арналған хрестоматияда (1937) жарияланады. 1938 - 1939 жж. Партизан Балтабай (Кек), Орман қызы, Ақсақ құлан атты үш дастан жазған. Орман қызы Қазақстан Орталық комсомол комитеті жариялаған бәйгеде жүлде алған. 1939 жылы аты шулы Кенесары, Наурызбайды мадақтайтын Батыр Науан атты поэма жазған, кейін 1950 жылдары осы поэмасы үшін қуғын көрген, кітаптарын шығаруға тыйым салынған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан оралысымен, әуелі Тіл әдебиет институтында, кейін Жазушылар одағында поэзия бөлімін басқарған. 1959 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін шығармашылық жұмыста болған. Шеру атты алғашқы өлеңдер жинағы 1944 жылы, ал Көктем атты екінші өлеңдер жинағы 1948 жылы жарық көрді. 1949 жылы Советский писатель баспасынан Под звездами Москвы атты өлеңдер жинағы шықты.
Қырықтан астам өлеңдер мен поэмалар жинақтары шыққан: Алты асқар. Таңдамалы поэмалар мен өлеңдер, екі томдығы (1973, Жазушы), Үш томдық шығармалар жинағы (1983, Жазушы), Мариям Жагор қызы (1950, Көркем әдебиет), Ақан Ақтаев (1957, Көркем әдебиет), Жеті дастан (1966, Жазушы), Дала комиссары (1960, Жазушы), Бақытстан - байтағым (1968, Жазушы), Мамырстан (1970, Жазушы), Аппақ намә (1974, Жазушы), Ұландарым (1979, Жалын), Кешкі жаңғырық (1987, Жалын), Мария дочь Егора (1956, Советский писатель), Избранное. Стихотворения и поэмы (1980, Художественная литература), С поэзией иду (1974, Советский писатель), Вершины (1976, Жазушы), Степной комиссар (1968, Жазушы), т.б.
Сын еңбектері: Дәстүр және жаңашылдық (1969), Өлең өткелдері (1986, Жазушы).
40қа тарта поэма жазған: Мариям Жагор қызы, Ақан Ақтаев, Тұрлаулы тағдыр, Дала комиссары, Ақсақ құлан, Сұңқар туралы аңыз, Кремль сақшысы, Мамырстан, Әппақнаме, Сері күйші, т.б.
Драматургия саласындағы туындылары: Егер жүрек шын берілсе (1962) Қазақтың жастар мен балалар театрында, Ұлан асу (Ақтабан шұбырынды, 1970) Қазақтың М.Әуезов атындағы драма театры мен Шымкент облыстық драма театрында, Нөсерден кейін, Гималай сарыны облыстық театрларда қойылды.
Пушкин, Лермонтов, Гете, Байрон, Некрасов, Горький, Науаи, Назым Хикмет, Якуб Колас, Микола Бажан, Маяковский, Симонов, Вургун, Ғұламның және Қырғыз эпосы Манастың бірнеше тарауларын т.б. еңбектерін қазақ тіліне аударды. Қытай, араб, Куба, Индия ақындарының бірқатар жырларын аударған. Шығармалары орыс, украин, армян, әзербайжан, татар, өзбек, тәжік, түркімен, қырғыз, венгр, т.б. тілдерге аударылды. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1978), Халық жазушысы (1986), екі рет Еңбек Қызыл Ту (1959, 1973), Халықтар Достығы, ІІдәрежелі Отан соғысы ордендерімен (1983), Қазақ КСРнің Құрмет Грамотасымен және көптеген медальдармен марапатталған. Павлодар қаласының Құрметті азаматы. Жазушының есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында Алматы, Павлодар қалаларының бір көшесі және Павлодар қаласындағы №12 мектеп ақынның есімімен аталады. 2002, 2007 жылдары Батыр Науан, 2004 жылы Өлеңім - өмірім (Қ.Бекхожин жайлы естеліктер), 2005 жылы Алты асқар кітаптары жарық көрді.
Абаймен сырласу (Қазақ әдебиеті, 1972, 18 ақпан) атты өлеңіңде Бекхожинұлы ақынның қазақ әдебиет тарихындағы орны мен маңызына тоқталады. Бүгінгі поэзиямыздың жай-күйін талқылаған ақындар жиынын тілге тиек ете келіп, қабырғадағы суреттен қараған Абайға сұрақ қояды:
- Абай аға,
Дауымыз жақпады ма?
Мұрамыз жоқ
Өзіңдей баптануға -
Жыр шіркінді
Түйдектеп жазамыз да
Асығамыз
Жарыла мақтануға.
Бұдан кейін жазық далада асқар таудай болып дара тұрған, даналық биігіндей Абайдың дарабоз даңқы мадақталады. Абаймен сырласу елеңінің мәні мұнымен ғана тәмәмдалмайды. Бекхожин қазіргі заман поэзияға ауыр жүк артып отырғанын ескерте келіп, бізге бір емес, жүз Абай қажеттігін мойындайды. Ол Абай жөнінде бірнеше мақала жазған. Оның Абай аудармаларын сөз ететін
Лермонтов және Абай (Социалистік Қазақстан, 1939 ж., 15 қазан),
Абай және Крылов (Сталин туы, 1939, 15 тамыз) деген мақалалары жарияланған.
Абай және біздер (Лениншіл жас, 1939, 23 маусым),
Ақын, жыраулар өнері - халқымыздың қасиетті қазынасы (Қызыл ту, 1945, 30 қаңтар),
Абай - гуманист (Ленин туы, 1945, 21 шілде;
Жаңа ауыл, 1954, 19 тамыз),
Қазақ ағартушылары туралы соны деректер (Қазақстан мұғалімі, 5 мамыр),
Толғанта беретін тақырыптар (Қазақ әдебиеті, 1959, 10 көкек),
Қазақ халқының ұлы ақыны - Абай (Коммунист, 1940, № 9) тағы басқа мақалаларында абайтану мәселесі жан-жақты сөз болады.
Абай және абайшылар (Екпінді, 1940, 28-29 мамыр)мақаласында Бекхожин әдебиетшілер Ә.Жиреншин мен Е.Ысмайыловтың Социалистік Қазақстан газетінде жарияланған (1940, 6 маусым) Қазақ халқының ұлы ақыны деген материалындағы жаңсақ пікірлерге тойтарыс береді. Бекхожин 6 класс оқушыларына арналған әдебиеттік оқу кітаптарына (1941-1951) арнап Абайдың өмірбаянын жазды.
Қалижан Бекхожин шығармашылығы әдебиеттану тұрғысынан көбірек зерттелгенімен,тіл білімі тұрғысынан әлі де толық зерттеліп, қарастырылмаған. Зерттеу жұмысында қазақ тілі байлығын Қалижан Бекхожин қалай қолданды, щығармаларында кездесетін көркемдегіш-бейнелеуіш құралдарды пайдаланудағы жаңашылдығы, даралығы неде деген сұрақтардың жауабын табу ауқымды бір зерттеу жұмысын қажет етеді. Оны жай ғана қарап шығу мүмкін емес. Сондықтан да бұл дипломдық жұмысымызда Қалижан Бекхожин шығармаларындағы теңеулердің танымдық сипатын лингвистикалық тұрғысынан ашуды өз алдымызға бір мақсат етіп қойдым. Қазіргі қазақ тілінің даму үдерісі зерттеушілерге тақырыптың нысаны барынша нақты, мейілінше дәл болуы керек деген талабын қойып отырғанын біз анық білеміз. Мұның өзі де тақырыптың ғылыми тұрғыдан жан-жақты ашылып,тілдік құбылыстарлы терең талдап,белгілі бір тұжырым жасауға мүмкіндік берелі.Осы аталған бағыттардың барлығы жұмысымыздың өзектілігі болып табылады.
Зерттеудің нысаны. Қалижан Бекхожиннің поэзиялық шығармалары,өлеңдері мен поэмаларындағы теңеу мен оның түрлерін зерттеу жұмысының негізгі нысаны ретінде алынды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Қалижан Бекхожин шығармаларындағы теңеудің танымдық сипатын лингвистикалық тұрғыдан ашу. Ақын поэзиясындағы теңеу мен оның түрлерінің тілдік сипатын көрсете отырып,оның қолданыстағы ерекшеліктері мен еөркемдік құпиясын таныту:
Тіл біліміндегі теңеу және оның түрлеріне қатысты теориялық көзқарастарды қарастыра отырып, басқа да көркемдегіш тәсілдерден айырмашылығы мен ерекшеліктрін анықтау;
Ақын тіліндегі теңеу мен зпитеттің лексика-грамматикалық құрылымын,жасалу жолдарын саралай отырып, синтаксистік қызметін көрсету;
Ақын поэзиясындағы теңеу мен эпитеттің семантика-стильдік ерекшеліктері мен түрлерін ажырату;
Ақын шығармаларындағы теңеу мен эпитеттің бейнелеуіш құрал ретіндегі көркемдік-стильдік қызметін таныту;

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізі. Зерттеу барысында жасалған тұжырымдарды алуда әдіснамалық негіз ретінде жалпы тіл біліміндегі ғылыми көзқарастар мен теориялар негізге алынды. Атап айтатын болсақ, А.Байтұрсынұлы, Р. Сыздық , Қ.Жұбанов, І. Кеңесбаев, Т. Қоңыров, М. Балақаев т.б. ғалымдардың құнды пікірлері басшылыққа алынды.
Зерттеудің әдістері. Зерттеуде ақын тіліндегі теңеу мен эпитеттің тілдік табиғатын ашуда лингвистикалық талдау әдістері кеңінен қолданылады..
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Зерттеуде Қалижан Бекхожин шығармашылығы тіл білімінде талқылауға түсті. Ақын өз поэзиясында көркем бейне жасауда теңеу мен оның түрлерін талғамға сай пайдаланады. Қалижан Бекхожин поэзиясындағы теңеу мен оның түрлері көркемділігімен, бейнелілігімен, сонымен қатар мазмұнымен ерекшеленеді. Тіл біліміндегі теңеу мен эпитет туралы теориялық көзқарастарға ғылыми тұрғыда зерделеніп,олардың басқа түрлерінен ерекшеліктері көрсетілді.
Зерттеудің теориялық маңызы. Көркем әдебиет тілін зерттеу- қазақ тіл білімінің жедел дамып келе жатқан саласы.Поэзиялық шығармаларды лингвистикалық тұрғыдан талдаудың қазақ тіл білімінде қалыптасқан ерекшеліктері мен түрлері сараланды. Қалижан Бекхожин поэзиясындағы теңеу мен эпитеттің қолданысына байланысты айтылған түйінді тұжырымдар айтылғандықтан, зерттеуіміз осы салада теориялық тұрғыдан толыға түсуіне өз үлесін қосады.
Зерттеу жұмысының құрылымы, Кіріспеден,екі негізгі бөлімнен,пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеу жұмысының мазмұны
Зерттеу жұмысының кіріспе бөлімінде жұмыстың жалпы сипаты анықталды. Атап айтқанда зерттеу жұмысының өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, ғылыми жаңалығы, әдіснамалық негіздері, теориялық және де практикалық жұмыстары қарастырылды.
Зерттеудің алғашқы тарауында тақын шығармаларындағы теңеудің танымдық сипаты жан-жақты қарастырылды және оның мағыналық ,құрылымдық түрдері анықталды. алғашқы тараудың Теңеудің танымдық сипаты деп аталады. Бұл тарауда теңеу туралы тіл біліміндегі және әдебиеттану саласындағы көптеген ғылыми деректер қарастырылып, зерттеліп,оның басқа троп түрлерінен айырмашылықтары мен ерекшеліктері,жасалу жолдары көрсетіледі.
1 тарау. Теңеулердің табиғаты. Теңеудің зерттелуі
Жалпы тілдегі бейнелеуіш- көркемдеуіш құралдардың ең бір көнесі- теңеу деп атап көрсететін болсақ қателеспейміз. Бейнелеу тәсілдерінің қайсы болмасын өзінің бастауын осы теңеуден алған. Теңеудің көне құбылыс болуы көркемдегіш құралдардың ішіндегі ең қарапайымы деген белгілі бір тұжырым жасауға негіз бола алмайды. Көркем шығармалардағы теңеу тек қана автор тілінің үлттық нақышын айқындап қана қоймай, ол өзіндік қолтаңбасын қалдырып, айқындай түскен. Себебі теңеудің басты қасиеті- бейнелеу болып табылады. Осы арқылы теңеу өз алдына жаңа бір көркем бейне жасауды мақсат етіп қоятын поэзия үшін таптырмайтын құрал.
Теңеу- адамның рухани дүниесінің аса қуатты көріністерінің бірі. Ол тіл мен ойлау проблемасыының ауқымындағы өте күрделі құбылыс..Бұны логика пәні таным құралы ретінде зерттесе, филососфияда оны эстетикалық құбылыс ретінде қарастырады,ал әдебиеттану ғылымы теңеуді көркемдеу,бейнелеу тәсілдерінің бірі десе, тіл білімі оны лингвистикалық категориялардың қатарына қосады.Теңеу арқылы біз заттар мен құбылыстардың байланыстарын,қарым-қатынасын айқындаймыз.Теңеу таным құралы болуымен қатар, эстетикалық категориялардың бірі болып табылады. Көркем әдебиетті теңеусіз елестету мүмкін емес. Ол әдебиет саласында ерекше орын алып, әдеби портрет жасауда, табиғат көріністерін суреттеуде, кейіпкерлердің мінез құлқын сипаттауда, сонымен қатар стилдік тәсіл ретінде ерекше қолданылады. Көпшілік ғалымдардың пікірі бойынша, теңеулердің барлығы обьект бола бермейді. Себебі қазіргі әдебиетшілердің зерттейтіні - еркін теңеулер болса, тіл білімінің зерттейтіні - тек қана тұрақты теңеулер ғана. Тұрақты теңеулер тұрақты сөз тіркестері сияқты, тілдің фразеологиялық жүйесіне кіреді. Қазақ тілінде тұрақты теңеулер өте көп. Сондықтан да тұрақты теңеулерді басқа да тұрақты тіркестерден бөліп алып,оларды өз алдына компаративтік фразеология деп атаған жөн. Тұрақты теңеулердің құрамына кіретін сөздер бір-бірімен міндетті түрде және тек қана-дай-,дей-,ша-,ше-,құрлы-,ғұрлы м-,сияқты тәрізді көрсеткіштермен байланысады. Теңеу терминін қазақ филология саласында ең алғаш қолданып,ғылыми бір анықтама берген қазақ тіл білімінің, әдебиеттану ғылымының негізін салған Ахмет Байтұрсынұлы болды. Ғалымның пікірі бойынша:
Теңеу көріктеу нәрсені айыра көрсетіп, айқын шығаруға жаралғанмен, нәрсенің бейнесін- суреттеп көрсетуге күші жетпейді. Ондай орында білгісіздеу сипатты белгілі сипатқа, белгісіздеу нәрсені белгілі нәрсеге теңеп, көрнектеп,ашығырақ айтамыз.Теңеудің түрлері көбінде ескі өлеңдерде кездеседі.Ахмет Байтұрсынұлы теңеудің екі түрін атап көрсетеді: әншейін теңеу және әдейі теңеу. Екеуінің айырмашылығы: әншейін теңеу- әдетті теңеу болады. Мысалы удай ащы,айдай жарық,күйедей қара деген сөздердегі жарық,айдай,күйедей деген сияқты сөздер. Әдейі теңеу осы келтірілген мысалдардағы теңеулер. Жалпы теңеулер туралы жан-жақты түсінік Т. Қоңыровтың еңбегінде баяндалады. Ғалымның берген анықтамасы: Теңеу дегеніміз - ұқсас, ортақ белгілердің негізінде бір затты екінші бір затқа салыстыру арқылы сипатталушы нәрсенің бейнелілік, көркемдік, эмоционалды- экспресивтік санасын күшейтетін, сол нәрсені жаңа қырыннан танытатын стилдік тәсіл, әрі сонымен қатар таным құралы-,деп анықтама береді. Сондықтан теңеуді таным құралы ретінде философияда, стилдік әдіс арқылы әдебиеттану ғылымында, тілдің бейнелі конструкциясы ретінде тіл білімінде зерттейді. Бейнелеу тәсілдерінің барлығы өз бастауын осы теңеулерден алады. Теңеуге арналған орыс тіл білімінің өзінде ғана, әдебиеттану ғылымын қоспағанда,100-ден артық еңбектер бар. Теңеуге берілген анықтама мен зерттеулердің ішндегі көңіл аударларлығы- З. Ахметовтың тұжырымы болды. Ол басқа да ғалымдардың берген анықтамаларын сараптап, қортындылап талдай келе мынандай анықтама берді: Теңеу- белгісіз бір нәрсені белгілі бір нәрсе арқылы,алысты жақын нәрсе арқылы, күрделі нәрсені қарапайым нәрсе арқылыы, алысты жақын нәрсе арқылы айқындап көрсету. Белгілі ғалым Зейнолла Ққабдоллов: Әдеби тілге үстеме мағына беріп, оның көркіне көрік қосатын, сол арқылы әдеби шығарманың мазмүнын құнарлататын, пішінін ажарландыратын көркемдеу құралдаарының бірі- ткңеу (орысша сравнение).Мүнда суреткер заттың, құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей- ақ, оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттейді. Теңеудің қай түрін алсақ та, суреттеліп отырған нәрсені не құбылысты тура біздің көз алдымызға әкеліп , олар туралы дәл, нақты ұғым қалыптастырады.
Бүгінгі күнге дейін қазақ теңеулері толық қарастырылып, зерттелмегенін білеміз. Әрине қазақ әдебиетінде теңеулердің образдылығы, көркемділігі жөнінде бірқатар пікірлер болғанымен,оның лингвистикалық табиғаты,яғни оның синтаксистік құрылымы мен жасалу жөніндегі піуірлер өте аз десек те болады.бүл бөлімде қазақ теңеулерінің зерттелуімен қоса теңеулердің семантика-грамматикалық табиғатын ашамыз. Атап айтқанда: Теңеулердің жасалу жолдарын,синтаксистік құрылымын зерттейтін боламыз.
Теңеулердің грамматикалық құрылымы
Қазақ теңеулерінің грамматикалық табиғаты жөнінде зерттеулер жоқтың қасы. Дегенмен кейбір оқулықтар мен моногафиялық зерттеулерде белгілі-бір ақын жазушының шығармаларындағы теңеулер және олардың жасалу тәсілдері жөнінде айтқан бірлі-жарым пікірлер де жоқ емес. Мысал ретінде айта кетсем қазақ теңеулерінің жасалу тәсілдері жөнінде академик Қ. Жұмалиев былай дейді: Орыс тіліндегі теңеулер как,так,то что, будто,подобно, что арқылы жасалынатыны тәрізді, қазақта да кейбір теңеулер секілді деген сөздер арқылы жасалынады. Бұл орыс тіліндегі теңеулердің будто,подобно деген сөздер арқылы келетін теңеулеріне дәл келеді. Бірақ орыс тіліндегі теңеулердің көпшілігі творительный падеж арқылы жасалынады. Бұл қазақ тілінде жоқ. Біздің қазақ тілінде мұның орнына теңеудің өзіне тән белгілі бір жұрнақтары бар.
Белгісіз нәрсені жұртқа мәлім белгілі нәрселерге салыстыру осы жұрнақтар арқылы жасалынады: -тай-,тей-,дай-,дей-,дайын-,дейін-, ша-,ше-,дай жұрнағымен байланысты келетін 'мын." Қазақ тіліндегі теңеулердің көпшілігі осы жұрнақтар арқылы жасалынады немесе зат есімдерге, есімше, етістікке жалғанған -тай-,тей-,дай-,дей-,ша-,ше-,дайын- ,дейін жұрнақтары арқылы жасалады. Қазақ теңеулерінің жасалуы жөнінде мұнан басқа айтылған пікірлер жоқ. Ал болғанның өздері осы пікірді қайталаумен қанағаттанып жүр. Сонымен Қ. Жұмалиевтің бұл пікірінен шығатын қорытынды мынау: қазақ теңеулерінің жасалу жолының 3 түрлі тәсілі бар:
- дай-,дей-,тай-,тей-,дайын-,дейін-,т айын-,дейін жұрнақтары арқылы;
Ша-,ше-, жұрнағының көмегімен;
Секілді,сияқты,тәрізді сөздері.
Қ. Жұмалиевтің қалдырған пікірлері мен тұжырымдары дұрыс болғанымен, теңеудің жасалу тәсілдерін түгел қамти алмады. Сонымен қорыта айтқанда теңеудің жасалу жолының 10 түрлі тәсілі бар:
1. дай-,дей-,тай-,тей-,дайын-,дейін-,т айын-,тейін жұрнақтарының көмегімен
2. ша-,ше жұрнағының көмегімен
3.шығыс септігінің жалғауыының нан-,нен-,дан-,ден-,тан-,тен көмегімен
4.секілді, сияұты, тәрізді,іспетті сөздерінің көмегімен
5.бейне сөзінің көмегімен
6. тең сөзінің көмегімен
7. ұқсас сөзінің көмегімен
8. паралеллизм сөзінің көмегімен
9. аралас тәсілдің бейне және дай-,дей бейне және секілді көмегімен
10. қосалқы тәсілдер көмегімен жасалады. Қазақ тілінде бұд аталған тәсілдерден басқа теңеу тудыратын тәсілдер бар. Соның бірі- ұқсас сөзінің теңеулік қызметі. Бұл тәсіл- теңеу тудыратын ең пәрменді тәсілдерінің бірі. Ұқсас сөзінің қатысуымен жасалған теңеулік конструкция да, басқа теңеулік конструкция сияқты үш мүшеден тұрады да,теңеулік мағына,теңеулік образ жасайды. Жалпы алғанда, ұқсас сөзінің қатысуымен жасалған теңеулердің басым көпшілігінің үш элементі қатар жүреді, сол себептен бұдан теңеулік мағына айқын аңғарылып тұрады.Ұқсас сөзінің көмегімен жасалатын теңеулік конструкция- қазақ тілінің ертеден бері келе жатқан тәсілі. Бірақ осы күнге дейін теңеудің бұл тәсілі теңеу категориясында қарастырылмаған. Қазақ тілінде дәл бүгінгі күнге дейін қалып келе жатқан тағы бір осындай тәсіл бар. Ол- шығыс септігінің жалғаулары арқылы теңеулік образда жасайтын тәсіл. Мәселен, ауыз екі тілде қазақтар қойдан жуас,иттің етінен жек көру, бетегеден биік, жусаннан аласа, сүттен-ақ, судан таза,деген тәріздес сөз тіркестерін мейілінше көп қолданады. Мұндай тіркестер бірінің екінші бір нәрседен артық немесе кем екенін көру үшін өздері сұранып тұрады. Бұл тәсілдің көмегімен сапалық ұғымдар бір- бірімен салыстырылып, сол салыстырудың нәтижесінде теңеулік образ жасалады.Қалижан Бкхожин поэзиясында қазақ тіліндегі теңеу жасаудың барлық тәсілі көрініс тапқан. Теңеу жасаудың синтетикалық тәсіліне үш тұлға қатысады:1)-дай-,дй-,тай-,тей 2)-ша-,ше 3)-нан-,нен-,дан-,ден-,тан-,тен шығыс септік жалғауы. Осылардың ішінде Қалижан Бекхожин поэзиясында ең жиі қолданылатын - дай-,дей-,тай-,тей жұрнағы болып табылады. - дай-,дей жұрнағының тілдік табиғаты күрделі. Оны сөз тудырушы немесе сөз түрлендіруші деп қана қарастыруға болмайды. Біздің басты назарға алатынымыз бұл жұрнақтың теңеу жасаудағы қызметі болмақ.-дй-,дей жұрнағы көбінесе зат есімдерге жалғанып, теңеу жасауға қатысд.Атап айтқанда, Қалижан Бекхожин поэзиясындағы зат есімдерге неғұрлым көп жалғанады.Мысалы :
Секіріп кемерінен кең арнаның,
Күркіреп өрген шығар көк жалдарың.
Үстіңнен тобыр бұлттай сендер ауып,
Алқабың жазған шығар заңғар жырын. Бұл мысалда да - дай-,дей жұрнағы бұлт деген деректі зат есіміне тікелей жалғанып, көктемдегі өзен бетіндегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қалижан Бекхожин шығармаларындағы теңеудің танымдық сипатын лингвистикалық тұрғыдан ашу
Қайран, Хамаң!
Қазақ поэзиясындағы батыр ақын бейнесі
Исаны тани алдық па?
Ақындар шығармалары
Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті
Сарыарқа самалы
Иса Байзақов
Ұлттық шығармашылық интеллигенция тарихының теориялық мәселелері
М.Әуезов – үлкен ойшыл ғалым, ұлағатты ұстаз
Пәндер