Білім алушыларды үйде оқытуды ұйымдастырудың ерекшеліктері


«2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҚазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ»
Нұр-Сұлтан 2022
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми-әдістемелік кеңесі шешімімен ұсынылды
(2022 жылғы 21 шілдедегі №8 хаттама) .
«2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы». Әдістемелік нұсқау хат. - Нұр-Сұлтан: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2022. - 320 б.
Әдістемелік нұсқау хатта Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының мектепалды және 1-11-сыныптарында 2022-2023 оқу жылындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру жөніндегі материалдар берілген.
Әдістемелік нұсқау хат орта білім беру ұйымдарының басшыларына, педагогтеріне, әдіскерлерге, білім басқармалары мен бөлімдерінің, білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің басшылары мен мамандарына арналған.
© Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2022
Құрметті әріптестер!
Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы Әдістемелік нұсқау хат жыл сайын орта білім беру ұйымдарына жолданады. Дәстүрлі түрде бұл хатты педагогтер оқу жылының басында алады.
Әдістемелік нұсқау хаттың мақсаты - еліміздің білім беру ұйымдарына әдіснамалық және оқу-әдістемелік қолдау көрсету.
Пандемияның екі жылдық кезеңінен кейін білім беру ұйымдары дәстүрлі оқыту форматына көшті. Білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру алдағы оқу жылында да өзекті міндет болып қала береді.
Мектеп басшылығы мен педагогтер білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтау, олардың орнын толықтыру жұмысын ойластыру және тиімді жүргізу маңызды. Оқу үлгерімі төмен білім алушылармен арнайы жұмысты ұйымдастыру қажет.
Білім беру процесі білім алушыларға бағытталғандықтан оған қолайлы да, қауіпсіз орта құруға негізделуі тиіс. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру кезіндегі басым бағыт баланың жеке басына тілектестік қарым-қатынас, құрмет пен сенім, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, оларды кемсітушілікке жол бермеу болып табылады.
Алдағы оқу жылының ерекшеліктерінің бірі балалардың қауіпсіздігі мен көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға қойылатын талаптарды күшейту, ерекше білім беруге қажеттігі бар білім алушылар үшін жағдай жасау болып табылады.
Орта білім беруде білім алушылардың метапәндік дағдылары мен құндылықтарын қалыптастыруға және дамытуға, ерте кәсіптік бағдар беруге, инклюзивті орта мәдениетін қалыптастыруға баса назар аударылатын болады.
Құрметті педагогтер! Осы әдістемелік нұсқау хат Сіздерге алдағы оқу жылында білім беру процесінің тиімділігін қамтамасыз етуде сенімді бағдар болады деп үміттенеміз.
ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ 2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
- Мектепалды даярлық сыныптарына арналған Үлгілік оқу жоспарлары мен Үлгілік оқу бағдарламаларын өзгерту
- Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда 35 оқу аптасын, 2-11 (12) сыныптарда - 36 оқу аптасын құрайды
Анықтама:
Бір күнтізбелік жылда:
демалыс күндері-117
демалыс және мереке күндері - 75 күн оқу күндері-173
Мектептерде білім алушылар үшін демалыс күндерінің жиыны-192 күн
- 1 сыныптар үшін Үлгілік оқу жоспарындағы өзгерістер:оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептердің 1-сыныбында
«Әліппе» және «Ана тілі» пәндері,
- қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде - «Букварь», «Обучение грамоте» және «Қазақ тілі» пәндері оқытылады
- «Өзін-өзі тану» пәні Үлгілік оқу жоспарының инвариантты компонентінен шығарылды
- «Көркем еңбек» пәні 1 сыныпта екі пәнге бөлінді: «Еңбекке баулу» және
«Бейнелеу өнері»
- Білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толықтыру
- Үлгерімі төмен білім алушылармен жеке жұмыс жүргізуді ұйымдастыру
- Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға оқу бағдарламаларын бейімдеу
- Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға тиімді психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету
- Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу (4, 9 сыныптар)
- «Алтын белгі» белгісіне үміткерлер үшін білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу тәртібіне өзгерістер енгізу
- Халықаралық пәндік олимпиада жеңімпаздары мен олардың педагогтеріне бір реттік ақшалай сыйақы беріледі
- 5-11-сыныптар аралығында «Жаһандық құзыреттер» таңдау курсын оқытуды жалғастыру
- Ұлттық құндылықтар негізінде мектептің мәдени ортасын қалыптастыру
- Балалар жылына арналған іс-шараларды өткізу
- «Оқуға құштар мектеп», «Дебат қозғалыстары», «Мектеп парламенті»,
«Балалар және театр» «Жылыжайлар» және т. б. жобаларын іске асыру
- «Мектеп-ата-ана консилиумы» мектеп-ата-ана қарым-қатынасының жаңа форматын енгізу
- Ертеден кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу
- «Кәсіби бағдарлаушы педагогі» лауазымын енгізу
- Жан басына шаққандағы қаржыландыру механизмін жүзеге асыру
- Педагогтерді жұмысқа қабылдаудың жаңа ережелерін енгізу
- Аймақтарға үздік педагогтерді тартудың арнайы бағдарламасын енгізу
- «Тірек мектебі - магнитті мектептер» кешені», «Виртуалды мектеп»,
«Цифрлық мұғалім» пилоттық жобаларын енгізу
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ 2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ» ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы
№ 726 қаулысымен бекітілген «Білімді ұлт» сапалы білім беру» Ұлттық жобасына сәйкес тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ету қажет.
Әрбір білім беру ұйымының міндеті-ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарланған, функционалдық сауаттылық дағдылары бар және оны қоршаған болмыста бәсекеге қабілетті бола алатын білім алушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуы үшін қолайлы білім беру ортасын құру.
2022-2023 оқу жылында білім беруді ұйымдастыруда келесі міндеттерге назар аудару керек:
- білім алушылардың білімін толықтыру;
- қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасымен қамтамасыз ету;
- білім алушыларға сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- цифрлық инфрақұрылыммен және ресурстармен жабдықтау;
- инклюзивті білім беруді қамтамасыз ету.
2022-2023 оқу жылында білім беру ұйымдары білім беру процесін ұйымдастыру кезінде «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа алуы және оқу-тәрбие процесін келесі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асыруы тиіс:
-«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі - МЖМБС) (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы;
-«Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» (ҚР МП 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығы) ;
- «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары мен факультативтер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығы) ;
- «Білімді ұлт» «Сапалы білім» Ұлттық жобасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 Қаулысы;
- «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы) ; «Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығы) ; «ҚР БҒМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (ҚР БҒМ 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығы) ; «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығы) ; «Арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2017 жылғы 14 ақпандағы № 66 бұйрығы) ; «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2017 жылғы 27 қарашадағы № 596 бұйрығы) ; «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 қаңтардағы №70 бұйрығы) ; «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығы) ;
- «Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығы) ;
- «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2021 жылғы 11 қарашадағы № 559 бұйрығы) ;
- «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығы) ;
- «Мамандандырылған Білім беру ұйымдарының желісін және дарынды балалармен жұмыс жөніндегі оқу-әдістемелік Кеңес туралы ережені бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2015 жылғы 1 шілдедегі № 428 бұйрығы) ;
- «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы) ;
- «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 137 бұйрығы) ;
- «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес қызметін ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2008 жылғы 16 мамырдағы № 272 бұйрығы (өзгерістер мен толықтырулар ҚР БҒМ 2020 жылғы 2 сәуірдегі №125 бұйрығымен енгізілген) ;
- «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығы;
- «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» (ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығы) ;
- «Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» (ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы №175 бұйрығы) ;
- «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» (ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығы) ;
- «Педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығы) ;
- «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығы) ;
- «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы) ;
- «Орта білім беру ұйымдарындағы сынып жетекшілігі туралы ережені бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 18 бұйрығы) ;
- «Жеңімпаздар, жүлдегерлер және оларды дайындаған педагогтер бюджет қаражаты есебінен біржолғы сыйақымен марапатталатын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың тізбесін бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 333 бұйрығы) ;
- «Білім беру деңгейлері бойынша сапаны қамтамасыз ету жөніндегі басшылықты бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 23 маусым № 292 бұйрығы) .
- МЖМБС, Үлгілік оқу жоспарлары, Үлгілік оқу бағдарламалары Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Altynsarin Academy (uba. edu. kz) сайтында орналастырылған.
- Орта білім беру ұйымдарының әкімшілігінде МЖМБС, үлгілік оқу жоспарлары, үлгілік оқу бағдарламаларының бір данада шығарылған қағаз нұсқасы болуы керек.
- Педагогтер МЖМБС, Үлгілік оқу жоспарлары, Үлгілік оқу бағдарламаларының электронды нұсқасымен жұмыс жүргізе алады. Жоба. 2022-2023 оқу жылына арналған ҮОЖ осында орналасқан

Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі
- ҮОЖ) сәйкес жүргізіледі (өзгерістер мен толықтырулармен) .
Меншік және оқыту түріне қарамастан, білім беру ұйымдарына оқу процесін жүзеге асыруда педагогикалық кеңестің шешімі негізінде Үлгілік оқу
жоспарын таңдауға академиялық еркіндік беріледі.
Білім беру ұйымы педагогикалық кеңестің шешімімен:
- әр сыныпқа жеке-жеке;
- параллель сыныптарға;
- мектеп бойынша Үлгілік оқу жоспарының біреуін таңдай алады.
Күтпеген жағдайларға байланысты оқу апталарын қысқарту кезінде оқыту мақсаттарын оқу материалдарының күрделілігін және білімдегі олқылықтарды талдауды ескере отырып, оларды интеграциялау арқылы оңтайландыру қажет.
2022-2023 оқу жылынан бастап мынадай өзгерістер енгізіледі:
Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда 35 оқу аптасын, 2-11 (12) сыныптарда - 36 оқу аптасын құрайды.
Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарының о қыту қазақ тілінде
жүргізілетін 1 сыныптарына мынадай өзгерістер енгізілді:
- «Әліппе» және «Ана тілі» пәндері оқытылады;
- «Шетел тілі» және «Орыс тілі» пәндері оқытылмайды;
- «Көркем еңбек» пәні екі пәнге бөлінді:
«Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері»;
Оқыту орыс тілінде жүргізілетін 1-сыныптарға арналған бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарына мынадай өзгерістер енгізілді:
- «Қазақ тілі», «Букварь» және «Обучение грамоте» пәндері оқытылады;
- «Шет тілі» пәні алынып тасталды;
- «Көркем еңбек» пәні екі пәнге бөлінді: «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері».
Ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде оқытатын 1-сыныпқа арналған Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарына мынадай өзгерістер енгізілді:
- «Қазақ тілі», «Әліппе» және «Ана тілі» пәндері оқытылады;
- «Орыс тілі» және «Шет тілі» пәндері алынып тасталды;
- «Көркем еңбек» пәні екі пәнге бөлінді: «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері».
- Ата-аналардың қаражаты есебінен оқулықтар мен жұмыс дәптерлерін (бастауыш сыныптарға арналған жазуларды) сатып алуға жол берілмейді.
- ОӘК бюджет қаражаты есебінен ғана сатып алынады.
Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы) жалпы білім беретін білім беру ұйымдарында сыныпты екі топқа бөлу сыныптарда 24 және одан да көп білім алушылар болған кезде жүзеге асырылады:
- қазақ тілінде оқытпайтын сыныптардағы қазақ тіліне;
- шет тіліне;
- цифрлық сауаттылық (1-сыныптан басқа) негізінде жүзеге асырылады.
... жалғасыЕскертпе: «Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша 1-сыныпта сынып екі топқа бөлінбейді.
«Шет тілі» пәні 2022-2023 оқу жылы ҮОЖ сәйкес 2 сыныптарда оқытылады
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz