Дәстүрлі сабақ Шығармашылық сабақ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Оқушылардың тілдерін дамытудың құралы ретінде қазақ тілі сабақтарындағы шығармалық жұмыстар

Жоспары:

Кіріспе

1. Жаңартылған білім беру аясында оқыту әдістері

1. 1. Жаңартылған білім беру аясында қазақ тілін оқытудың әдіс-тәсілдері

1. 2. Қазақ тілі сабақтары арқылы оқушылардың тілін дамыту

2. Қазақ тілі сабақтарында шығармашылық жұмыстар жүйесі

2. 1. Тіл дамыту құралдарының түрлері

2. 2. Қазақ тіл сабақтарында тіл дамытудың тиімді тұстары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: Тіл мәдениетіне дағдыландыру, көркем, әдеби тілін жетілдіруде қазақ тілі сабағының орны ерекше. Шебер мұғалім тіл дамытуда осы екі сабақты үндестіріп, бір бағытқа жұмсайды. Қазақ тілі сабағында да тіл дамытуға арнайы сағаттар бөлінеді, әрі әдебиетке бөлінген сағаттардан көп. Міне, осы сағаттарды тиімді пайдаланса, мұғалім оқушылардың көркем тілін қалыптастыруда біршама жұмыстар атқарады.

Курстық жұмыстың мақсаты: Оқушылар бойындағы шығармашылық қабілеттерін анықтай отырып, бала бойындағы рухани адамгершілік құндылықтар арқылы түрлі іс-әрекетін қалыптастыру. Балалар бойындағы шығармашылық қабілеттің белгілерін анықтау жолдарын іздестіру, қиындықтар мен қарама-қайшылықтарды есепке алу.

Міндеті:

1. Оқушылардың бойында жасырын жатқан қабілеттерін шығармашылық жұмыстар арқылы жарыққа шығару;

2. Оқушы бойындағы дара ерекшеліктерді анықтау және жүйелеу.

3. Қазіргі заман талабына сәйкес жаңа технологиялар негізінде оқушылардың шығармашылық деңгейін көтеру.

Күтілетін нәтиже:

Тіл дамыту

Ойы, қиялы, есте сақтау қабілеті дамиды.

Шығармашылық қабілеті артады.

Қоршаған ортаны танып біледі.

Дүниетанымы, ой-өрісі кеңейеді.

Рухани адамгершілік құндылықтарды бағалауға үйренеді.

Өз ой-пікірін ашық, еркін айта білуге төселеді.

Қазіргі заман талабы-ғылым мен техниканың деңгейін әрбір оқушыға саналы да терең білімнің берілуін талап етеді. Сондықтан да мектептегі оқу үрдісінің негізгі мақсаты-әртүрлі педагогикалық әдіс-тәсілдермен жүйелі түрде оқушылардың шығармашылық ойларын дамытып, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру болып саналады. Ертеңіне лайық ұрпақ тәрбиелемеген елдің келешегі жоқ десек, сол ұрпақты тәрбиелеудегі ұстаз еңбегі ұлы еңбек. «Ұстазын сыйламаған елдің ұрпағы азады»-дейді халық даналығы. Бастауыш сынып оқушысы тұлғасы мен санасының дамуы қатар жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш білім - үздіксіз білім берудегі алғашқы басқышы қиын да жауапты кезең.

Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бала ешқандай жазу түспеген ақ парақ тәрізді. Ол кіршіксіз ақ параққа жазуды қалай түсіру сол баланың алғашқы ұстазына байланысты. Себебі айнала қоршаған ортаны, дүниені әлі танып білмеген балаға айнала қоршаған орта туралы түсінік беріп, оқу, жазуға үйретіп, айналаға зер сала қарап, мәнін түсінуге баулитын білім, ұғымдар мектеп өмірінің алғашқы сатысында қалыптасады. Осы сәттен бастап оқушы мен ұстаз арасында белгілі бір қарым-қатынас арқылы бірлескен жүйелі жұмыс жолға қойылады. Осындай нәтижеге бағытталған жүйелі жұмысты жүргізуде әрбір ұстаз балаға бала көзбен қарай алатын, баламен балаша тіл табыса алатын, терең білімді, жаңалыққа жаны құмар, ізденуден жалықпайтын, еңбексүйгіш болуы қажет. Ұстаз еңбегі-оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі әрбір оқушы жүрегіне жол таба білуінде. Алдына келген әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді танып білуге, қоғам алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр. Бала мектеп табалдырығын алғаш аттап, жаңа өмірге бейімделе бастағаннан бастап баланы шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту -бүгінгі күннің басты талабы. Шығармашылық - бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі.

Шығармашылық дегеніміз-адамның өмір шындығына, өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Шығармашылықтың негізгі сипаты жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер табуға ұмтылу деп айтуға толық негіз бар. Шығармашылық әрекетке оқушының мәселені көре білуі, өз іс-әрекетінің бағдарламасын жасай білуі және ойды іске асыру үшін жаңа идеялар алуы жатады. Жалпы шығармашылық туынды өмірге келгенге дейін ұстаз оқушының өнеге тұтар ақылшысы, пікірлес досы, бапкері болуы тиіс. Баланың шығармашылы, жетістігі әруақытта ұстаз, сынып ұжымы, ата-аналар тарапынан қолдау тауып отыруы тиіс. Сондықтан баланы шығармашылыққа баулуда ұстаз бойында мына қасиеттер болуы керек.

Мұғалім өз шәкіртінің басқаға ұқсамайтын қасиеттерін аша білуі керек;

Мұғалім, ой-өрісі кең, жан-жақты білімдар, өз мамандығының шебері болуы керек;

Мұғалім өз білімін өз бетінше үздіксіз шыңдай түсуі қажет;

Мұғалім оқушының кішкене жетістігін байқап, аңғарымпаз болуы қажет;

Мұғалім оқушының жетістігіне бірге қуанып, мадақтап қолдап отыруы қажет;

Мұғалім күнделікті сабағын жаңа технология әдіс-тәсілдерін тиімді пайдаланып, шығармашылықпен өткізуі қажет;

Ал ұстаз шәкірттерінен мына төмендегідей қасиеттерді күтеді.

Оқушы ой-жүйесі өзінің біліміне берік болуы тиіс;

Оқушыда сабаққа деген құлшыныс тұрақты болуы керек;

Оқушы білімі, талғамы барлық пәнге дұрыс көзқараста болғаны жөн;

Оқушы білімінің тереңдігі пәнаралық байланыста болғаны жөн;

Оқушы өз пікірін жеткізуде ойын жинақтап жүйелі түрде айтуы тиіс;

Оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерін, ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарын дамыту негізінен ана тілі арқылы жүзеге асады. Бастауыш мектептердегі оқытудың мазмұнында ерекше орын алатын пән -ана тілі. Ана тілі бастауыш сыныптарда оқытылатын барлық пәндермен өзара тығыз байланысты. Ана тілі арқылы оқушының рухани дүниесі байиды. Балаға ана тілі арқылы тек білім беріп қана қоймай, өмірдің ең қымбаттысы, ең асылы-жақсылық пен ізгіліктің ұрығын себеді. Ана тілі пәнінің маңызы туралы Ж. Аймауытов былай дейді: «Оқытатын пәндердің бәріне бірдей керекті, бәрін қаусырып орап алатын пән ана тілі екені даусыз. Ана тілін жақсы меңгеріп алмай, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес. Ана тілін үйрену -сөздерді жаттау, олардың жүйесін, өзгеру заңдарын білу ғана емес, тіл үйренумен қатар, бала тілдің сансыз көп ұғымдарын, ойларын, сезімдерін, сұлу үлгілерін ойлау жүйесін, ой пәлсапасын да меңгереді».

Біздің міндетіміз-оқушыға оның бойында көзге көрінбей тұрған мүмкіншіліктерін ашу, ана тілін оқыту арқылы шығармашылық іс-әрекетті қалыптастыру, өмірде өзін-өзі тануға жетелеу. Осы міндеттерді орындауда мұғалімге бірден-бір керегі-дұрыс, тиімді өдіс-тәсілдерді пайдаланып, ана тілін оқыту әдістемесін барынша терең меңгеру. Мұғалім сабақты ұйымдастырудың заманауи технологияларын ұтымды түрде қолданған жағдайда, тиімді әдіс-тәсілдерді дұрыс ұйымдастырған жағдайда ғана өз шәкірттерінің ойын шыңдап, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Бастауыш буында шығармашылықтың алғашқы сатысын іс-әрекет және ойын арқылы бастаған дұрыс. Себебі: ойын баланың дамуындағы ең күшті әсер ететін негізгі фактор. Бала ойын ойнауға қызығу арқылы оның ойлау өрісі және қиялдауымен шығармашылық ойлауы тәрбиеленіп, қалыптасып дамиды. Балаларды шығармашылыққа баулуда бірінші сыныпқа қабылданған балаға әлі кішкентай деп қарамай жас ерекшелігіне сәйкес шығармашылыққа баулу керек

Бір нәрсені жасауға, тудыруға деген талпыныс, қабілеттілік бала бойында мектеп жасына дейін де көрінеді. Мектепке келген бала бойында бар сол қабілеттерді шыңдап жетілдіру мұғалім шеберлігіне байланысты. Бұл кезде шығармашылық қабілетті дамыту ойын әрекетінде жүзеге асады. 1-сыныпта балалардың зейіні тұрақсыз, сәл нәрсеге алаңдағыш, тынымсыз болады. Сабақ соңына дейін тыныш отырып, мұғалімнің айтқанын тыңдап, берілген тапсырманы орындау олар үшін үлкен де қиын жұмыс. Сондықтан бастауыш сынып мұғалімі шыдамдылықпен бала жүрегіне жол тауып, әрбір сабағын түрлі ойынмен, ойын арқылы орындалатын шығармашылық тапсырмаларды орындатумен өткізе білуі керек. Әрбір сабақта оқушының шығармашылық ролін арттырып, еркіндігін қамтамасыз ету арқылы даралық және шығармашылық қабілеттерін, бейімділіктерін ашып, дамыту қажет. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз сол оқушы бойындағы қабілеттің шығуына мүмкіндік жасау. Ол үшін мұғалім ана тілі пәнінен өтілетін әрбір тақырыптың өн бойынан шығармашылық тапсырмаға лайықты жағдайларды іздеп табуы керек. Сабақ барысында кездесетін кейбі практикалық тапсырмаларды да шығармашылық арнаға бұрып өзгертуге болады. Бастауыш сынып оқушыларының қиялы әдеттегіден тыс, ерекше. Олар естіген әңгімелер, ертегі желісі мен өзі де оларды құрастыра алады. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін шығармашылық қабілеттерін сабақта дамытуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Олар мыналар:

Мәтін, әңгіме, ертегіні өз беттерінше аяқтау;

Ақын, жазушылардың дайын мәтіндерін басқаша өз ойларымен аяқтау;

Белгілі мақал негізінде әңгіме жазу;

Мәтін бойынша мақал құрастыру;

Кейіпкерлерге мінездеме беру;

Өлең құрастыру;

Әңгімелерді бөліктерге бөліп, ат қою;

Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды тексеру(анаграмма, сөзжұмбақ, ребус, құрастырмалы ойындар)

Шығарма бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу, қиялдау арқылы суреттеу

Эссе жазу;

Ролге бөліп оқу, сахналау;

Салыстыра отырып, сипаттау;

1. Жаңартылған білім беру аясында оқыту әдістері

1. 1. Жаңартылған білім беру аясында қазақ тілін оқытудың әдіс-тәсілдері

Оқушыларды тіл мәдениетіне, ауызша және жазбаша тіл шеберлігіне баулу.

«Өнер алды - қызыл тіл», - дейді халқымыз. Мектепте берілетін бүкіл білім мен тәрбие ең алдымен сөз арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да оқушылардың тілін дамыту - тек әдебиетші, тілшілер мақсаты ғана емес, ол бүкіл мектептің, барлық пән мұғалімдерінің де басты мақсаты, борышы, барлығына тән бірыңғай талап.

« - Ең әдемі сөз - аз сөз» дейді халық. «Көп сөз көмір, аз сөз - алтын» дегені тағы бар. Мәдениетті, әдемі сөйлеу үшін, көп сөйлеу міндетті емес. Қай жерде болсын, айтарыңды қысқа айтуға тырыс. Сөйлемдерің шұбалыңқы, шашыраңқы болмасын. Мәдениетті сөйлеудің бір жолы - қыстырма сөздерді, жергілікті жерлерде ғана пайдаланатын сөздерді пайдаланбау, «әй, өй» деп, өзіңді, тыңдаушыны да мазалай беру әбестік болады.

Сөйлеу мәдениеті деген - ең алдымен әдепсіз, көргенсіз сөздерді қолданбау. Осыған абай бол. Екіншіден, айғайлап, дабырланып, екіленіп сөйлеме. Пікір таластырып тұрсаң да, сабырлы басыңқы сөйлеуге тырыс. Басқаны толық тыңда, сөзін бөле берме. Өзің де айтарыңды жинақы етіп жеткіз.

Тіл дамыту - әдебиетті оқыту әдістемесінің ең бір күрделі де маңызды саласы. Ол жүйелі түрде шығармашылық бағытта жүргізіледі. Оқу бағдарламасында тіл дамытуға арнайы сағаттар бөлінген, бірақ оны тек сол сағаттарда ғана жүргізу керек деп ұқпау керек. Жоғарыда айтылғандай, тіл дамытуға мұғалім әдебиеттің әр сағаты, сыныптан тыс жұмыстарда үнемі көңіл аударып отырады. Әдебиет сабағындағы тіл дамыту оқытылып жатқан көркем шығарма негізінде, оның көркем тілін жаңғырту негізінде жүзеге асуы керек. Оқушылардың әдебиет сабағында көркем тілін дамыту үшін де басқа пәндермен байланыстырып оқытудың маңызы ерекше.

Әсіресе, оқушылардың ауызша тілін, сөйлеу мәдениетін, шеберлігін арттыруда пікірталасы, айтыс сабақтар, баспасөз конференциясы, брифинг, көзқарас сабақтарының маңызы ерекше. Ал жазбаша тіл дамытуда реферат қорғау, конференция, семинар, семинар-сабақ, т. б. сабақтардың орны зор.

Практикалық сабақтар тіл дамыту жұмыстарына қолайлы болып келеді. Мысалы, І. Жансүгіров шығармашылығын оқытып болған соң, қорытынды сабақты ақын поэзиясының тіл көркемдігі, поэтикалық, эстетикалық нәрі, табысы айналасында өтуге болады. Мұндай жұмыстар тек бала білімін тереңдетіп қана қоймай, тілін дамытуға қазақтың бай тілін меңгертуге, оны бейнелі, образды, көркем түрде пайдалана білуге де жетелейді.

Тіл дамыту жұмыстарын сондай-ақ тарих, биология, т. б. сабақтармен де байланыстыра жүргізуге болады. Әдебиет сабағының басым көп уақыты оқушылардың да, мұғалімдердің де ауызекі сөйлеу тіліне кетеді. Оқыған әңгімелерін не басқа көркем туындыларын мәнерлеп оқу, мазмұндау - әдебиетті оқытудың дәстүрлі әдіс-тәсілдері. Мұғалім 5-7 сыныптар оқушыларының көркем тілін, ауызекі сөйлеу мәдениетін дамытуда жауаптарының жоспарын жасап үйретулері керек. Ол жоспарды тиімді пайдалануға дағдыландыру - мұғалімнің басты міндеттерінің бірі. Жоспар, нұсқау немесе тезис құрылысы мынадай бөлімдерден тұрады:

Кіріспе сөз.

Негізгі ойлар. Ой мен кіріспе арасындағы байланыс.

Негізгі ойды баяндау.

Негізгі ойдың шарықтау шегі.

Ойды аяқтау.

Қорытынды пікір.

Тіл тарихы - халық тарихы. Тіл халық тарихымен бірге дамиды, өзгереді, халықтың рухани дүниесінің жетістіктерін бойына сіңіреді. Ұлттық сананың дамуын сөз төркіндерінен іздеп, олардың сөз шежіресін келешекке жеткізіп, жаңа мағына беру, оларды ғылымиландырып, жаңа сапаға көтеру - мәдениетті, өркениетті елдердің ғылымы мен мәдениетін қалыптастырудың сара жолы. Б. Момышұлы: «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту», - дейді. Тіл - сан сөздердің жиынтығы. Көркем әдебиеттің негізгі құралы тіл.

Сөйлеу тілі - адамның ой-сезімін басқаларға білдіру үшін көркем сөйлеуге әрекеттенеді. Тіл - қатынас құралы ретінде қызмет етеді.

1. 2. Қазақ тілі сабақтары арқылы оқушылардың тілін дамыту

Қазақ тілі мұғалімнің оқушыға тіл үйрету ынтасының күштілігі, тапқырлығы үйірмелерді дұрыс, тиімді үйымдастыруға көмектеседі. Пән мұғалімі үйірмелерді белгілегенде, өз аймағының материалдарымен байланыстыруға тырсуы қажет. Сонымен бірге оқушылардың сұрнысын, қабілетін есепке алу өте қажет.

Викторина. Бұл - сыныптар арасында өтетін сұраққа жауап ойыны. Сұраққа дұрыс жауап беру үшін оқушылар көп оқуы және көп іздену керек. Бұл - жарыс.

Викториналарды әр түрлі өткізуге болады.

Сұрақтарды ертерек беріп қойып, соған оқушылардың жазбаша түрде жауап беруі.

Сұрақтар ауызша қойылады да, оқушылар сол арада жауап береді.

Сұрақтар жазбаша беріледі де, оқушылар сол арада жазбаша жауап береді.

Дұрыс жауапты әділ қазылар алқасы бағалайды. Жауап ұпаймен бағаланады. Көп ұпай жинаған оқушы (не топ) жеңімпаз атанады.

Мазмұнына қара викториналар екі түрлі болып келеді:

Әр сыныпқа арналған қазақ тілінің бағдарламасы бойынша сұрақтар.

Оқу бағдарламасынан тыс қосымша сұрақтар. Викторинаны сыныпаралық, мектепаралық түрде де өткізуге болады.

Олимпиада. Олимпиада да викторина сияқты сұраққа жауап болып келеді. Викторинадан айырмашылығы: бұл - мектеп оқушыларының қазақ тілінен бөлімін жинақтау, бекіту, тексері. Олимпиадалар: мектепаралық, аудан (қалааралық), республикалық (облыстық) болып өтеді. Ұлттық мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылатын олимпиада мынадай міндеттер қояды:

Ұлттық мектептерде қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың танымдық қыметін дамыту.

Ұлттық мектеп оқушыларының сөдік қорын байыту, ауызша және жазбаша тілін дамыту.

Оқу орыс тілінде жүретін мектеп оқушыларына қазақ тілін үйретуде сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ең тиімді деген жолдарын іздестіру және факультатив, үйірме жұмыстарының жылдық қортындысын шығару.

Қазақ тілінің қоғамдағы әлеуметтік және тәрбиелік қызметінің мәнін арттыру үшін, аталған пәнінен олимпиада өткізудің барлық кезеңдеріне (мектепшілік, аудан, облыс аралық, республикалық) халыққа білім беру жүйесінің қызметкерлерін ғылым методистерді, жоғары оқу орындарының оқытушыларын тарту.

Олимпиада өткізу тәртібі. Олимпиаданы өткізудің жауапкершілігі білім беру жүйесіне жіктеледі. Бірінші (мектепшілік) кезең мектепте өтеді. Оған IV-XI сынып оқушылары қатысады. Өткізу мезгілі - қараша. Аудандық ұйымдастыру комитеті бекіткен тапсырмалар бойынша өтеді. Аудандық (қалалық) олимпиада мезгілі - желтоқсан. Олимпиада тапсырмаларын облыстық ұйымдастыру комитеті бекітеді. Үшінші кезең (облыстық) өткізу мезгілі - қаңтар (демалыс кезі) . Олимпиада республикалық ұйымдастыру комитеті бекіткен тапсырмалар бойынша өтеді.

Облыстық білім беру әкімшілігі 15 күн бұрын республикалық ұйымдастыру комитетіне облыстық олимпиаданынң өтетін жері мен мезгілін хабарлайды. Респуликалық ұйымдастыру комитетінің өкілі жергілікті ұйымдасту комитетімен әділ қазылар алқасы құрамына кіреді. Мектеп олимпиадасына қатысуына ниет білдірген IV-XI сынып оқушыларының бәрі енгізіледі. Аудандық, облыстық олимпиадаға қатысуға бұрынғы кезеңінің жеңімпаздарынан құралған командала жасақталады. Олимпиада екі турмен өтеді. I - тур - ауыша. ІІ-тур - жазбаша, олимпиаданың екі турының да тапсырмалары бес балмен бағаланады. Бағалау - әділ қазылар алқасының міндеті.

Қазақ тілінің ертеңгіліктері. Ертеңгілік бұл маңызды да күрделі сыныптан тыс мейрамның бірі болып табылады. Ертеңгілікті маңыздылығы бүкіл оқушыларды қамтуы болып табылады. Ертеңгіліктер бастауыш сыныптарда жиі өтеді.

Баланы шығармашылықпен жұмыс жасай білуі үшін алдымен ойын дамытып, әрбір жұмыс барысында ойлана білуге жетелеу керек. Онда балаларға ойлануға жетелейтін мынадай тапсырмаларды жиі орындату өз нәтижесін береді.

Мен өз тәжірибемде оқушыларымды шығармашылыққа баулуда төмендегіше жұмыстар жүргіздім. Мысалы: 1 сыныпта балаларды ойлануға жетелейтін мынадай жұмыстар жүргіздім.

1-тапсырма. Тізбектердің суретін заңдылығына сәйкес аяқтап сал.

2-тапсырма. Әр қатардағы жетпей тұрған пішінді сал.

3-тапсырма. Екі үйді мұқият қара. Өзара 10 айырмашылығын тап.

4-тапсырма. Әріптерден сөз құрау

5-тапсырма. Заңдылығын тауып, қатарды жалғастыр.

6-тапсырма. Суреттер арқылы сөз жасау.

7-тапсырма. Ойлан не жөнінде айтылған?

Өзі дөңгелек, жасыл, ала, үлкен әрі дәмдІ .

2. Бұдыр-бұдыр, кіртілдек, ұзын, жасыл .

3. Ұзын құлақ, сұр, қорқақ .

4. Азулы, сұр, ашқарақ .

8-тапсырма. Заңдылығына сәйкес сқздің сыңарын тап.

1. Дәрігер-аурухана, мұғалім- .

2. Кеш-кешкі ас, таң- .

Құс-аспан, балық- .

Күз-жаңбыр, қыс- .

5. Күндіз-күн, түнде- .

Бұл жұмыстарды әр сабақта уақыт тауып орындатуда баланың ойлау қабілеті дамуымен қатар қиялы дамып, аңғарымпаздық қабілеті шыңдалады. Сонымен бірге бала қаламды дұрыс ұстап, түсті ажыратып, суретті тегіс бояуға үйренеді. Әр сабақтағы жұмыстың жақсы нәтижеге жетуі бала мен мұғалімнің көңіл-күйіне байланысты. Сондықтан балалармен жұмыс жасауды баланың көңіл-күйіне жағымды ықпал арқылы бастау керек. Сонда ғана іс нәтижелі болмақ.

Бала сыныптан-сыныпқа көшкен сайын дене дамуы жағынан да ой қиялы жағынан да өсіп ілгерілеп отырады. Баланың жас ерекшелігіне орай тапсырма түрлерін де күрделендіріп отырдым. Мысалы 4- сыныпта ана тілінен Шыбын мен көбелек тақырыбын өткенде балаларға мынадай тапсырма бердім.

-Әңгіменің соңғы жолдарын оқып, қандай қорытынды пікір айтар едіңдер?

Осы сұрақ төңірегінде балалар өз ойларын былайша бідірді.

Айжан Қорғауова: Шыбынның ісінде ешқандай береке жоқ. Ол тек адамдардың ызыңдап мазасын алып, қонған жерін ластап бүлдіреді. Адамның денсаулығына да зиянын тигізеді. Сондықтан шыбынды ешқайсымыз да жақсы көрмейміз. -деп өз пікірін еркін білдірді.

3-сыныпта М. Шахановтың Достық өлкесінің заңы өлеңін өтькенде балаларға мынадай сұрақ қойдым.

- Сол баланың орнында өзің болсаң қайтер едің?

-Достық шынайы болса ол ең ұлы сезім. Мен де шын, адал досым үшін бәріне де көнер едім. Алданышова Нұрлы

Сонда байқағаным балаға барынша түрлендіре тапсырмалар берсең, олар бәрін өз әлдерінше жоғары деңгейде қызығушылықпен орындайды.

Бастауыш сыныпта жүргізіле бермейтін шығармашылыққа үйрету жұмысының бірі - өлең жазуға баулу. Бұл жұмысты бірінші сыныптан бастауға болады. Ол үшін алдымен оқушыларға ұйқас сөзінің мәнін түсіндіріп, өлеңдердегі ұйқастарды табуға беріледі. Содан кейін ғана алдымен жеке дыбыстар, сосын буындар, одан кейін берілген жол арқылы ұйқас жасау үйретіледі. Мысалы:

1) - а, а, а 2) - е- е- е,

Шашыңды дұрыстап тара Барамыз мектепке.

3) - да- да- да, 4) - ға- ға- ға,

Қызықты оқуда. Ұшып кетті қарға.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәстүрлі сабақ пен дәстүрлі емес сабақтар
Дәстүрлі емес ілім
Бастауыш сыныптардағы математика пәнінен дәстүрлі емес сабақтарды ұйымдастыру
Даралап оқыту технологиясы
Жаңартылған бағдарламаларда оқыту мақсаттарын жүйелеу
Балалардың жаңа біліммен қаруланудағы белсенділіктері
Шет тілі сабағына қойылатын негізгі талаптар
Оқушылардың өзара оқыту сабақтары
Шетел тілі сабағын қазіргі талаптарға сай ұйымдастыру және жүргізу
Әдебиет сабақтарының инновациялық түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz