Сабақтың тиімділігін арттыру мақсатында оқыту технологиясын тиімді пайдалану жолдары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан республикасының оқу ағарту министрлігі
Семей жоғары көп салалы колледжі мекемесі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырып: Сабақтың тиімділігін арттыру мақсатында оқыту технологиясын тиімді пайдалану жолдары
Пән: Педагогика
Мамандығы: 01140600 - Қазақ тілі мен әдебиеті

Қорғауға жіберілді:___________ Орындаған: Шаяхметов Дәулет Баға___________ Ғылыми жетекші:Акбайталова Ж.М.

Семей, 2024

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

I Тарау Оқыту технологиялары және оның тиімділігі ... ... ... ... ... ... . 6

1.1.Оқытудың технологиясы туралы түсінік және оның түрлері ... ..6
1.2.Оқыту технологияларын сабақта пайдалану тиімділігі ... ... ... ..17

II Тарау Дифференциалдап оқыту технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... 19

2.1.Дифференциалдап оқыту туралы ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ..19
2.2.Дифференциалдап оқыту арқылы сабақты тиімді өткізу ... ... ...22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..25

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Оқыту - үйрету және білім алу" үрдісінің жүргізуші күші. Оқыту процесінің басты басқарушы субъектісі - Мұғалім.Мұғалімнің басты мақсаты тиімді оқыту үрдісін жүргізу және балалардың танымдық белсенділігін арттырудың жолдарын жасау.Оқыту процесін әділ әрі адал атқару қазіргі заманның басты талаптарының бірі.
Демек, оқыту дегеніміз - оқушылардың ғылыми білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруі, шығармашылық қабілеттерін дамыту, дүниетінымын, адамгершілік, эстетикалық көзқарастары мен сенімдерін қалыптастыру үшін мұғалімнің белсенді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыруы және ынталандыру іс-әрекеті. Бірақ оқытудың нәтижелі болуына негізгі себепші мұғалім. Жақсы мұғалім өз пәнін жете білумен қатар, өз мамандығын және балаларды сүюі қажет. Сабақ үстінде балалар еркін болуы керек, мұғалім сабақты қызу қарқынмен жүргізу арқылы, олардың ақыл-ойын дамытып, еркін шынықтырып, мінез-құлқын қалыптастыруы қажет. Оқушылар өзінің алға қарай дамып отырғанын үнемі сезініп отыратындай болуы керек.
Мұғалімнің еркінің күшті болуының, жақсы мінезінің, әсіресе табанды болуының тәрбиелік мәнін өте жоғары бағалады. Мұғалім қатаң талапкер болуымен қатар, әділ болуға тиісті, сонда ғана ол балалар алдында беделді бола алады.Мұғалім тәлім-тәрбие мақсатында талап қою әдісн қолдана білу тиіс
Талап - мінез-құлық нормасының көрінісі, балаларды әлеуметтік тәжірибеге қатыстыру. Оқушыға талап қоярда мұғалім әр оқушының тәжірибесін ескеруі қажет.
Оқытудың маңызды міндеттері:
:: Оқушылардың танымдық белсенділігін ынталандыру.
:: Оқушылардың ғылыми білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруіне керекті оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру.
:: Ақыл-ойды, ұғымталдықты, қабілетті, дарындылықты дамыту.
Осы процесте оқушылар ғылыми білімдер алып, іс-әрекет жасауға үйреніп, жақсы мен жаман туралы көзқарастарын алдында қалыптастырады. Оқыту баланы дамытады. Ол мынадай бөліктерден тұрады: мақсат, міндет, мазмұн, нәтижелері, оны бағалау.
Білім беру деп - табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны омірде тиімді етіп қолдана білуін айтады.
Оқыту процесінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Оқыту процесі тәрбие процесіне қарағанда анағұрлым оңай басқарылатын, тез іске асырылатын, нәтижесі тез тексерілегін процесс. Мысалы, әрбір сабақ үстінде бақылау, жаттығыу жұмыстары және сұрақ-жауап арқылы оқушылардың білімін іскерлігін, дағдысын тексеріп, тез қорытынды шығаруға болады.
Педагогикалық технология - бұл педагогикалық əрекеттер табысына кепіл болардай қатқыл ғылыми жоба. Əрі сол жобаның дəл жаңғырып іске асуы.

Педагогикалық технология кешенді, бірігімді процесс. Ол өз құрамына адамдарды, идеяларды, құрал-жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау жəне білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі проблемалар шешімін басқаруды қамтиды.
Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі - теориялық негізде орындалуы (В.Б.Беспалько, В.В.Данилов, В.К.Дьяченко жəне т.б.), екіншісі - тəжірибемен жүзеге келуі (Е.Н.Ильин, С.Н. Лысенкова, В.Ф.Шаталов жəне т.б.).
Сонымен, технология астарында не жатыр? Оқу технологиясы жөніндегі идея қай заманда пайда болған?
Мұндай ғылымдық мəні бар ой жаңалықты емес. Кезінде оны Я.А.Коменский де дəріптеген. Ұлы педагог - ғұлама 16-ғасырда-ақ оқудың техникалық (яғни технологиялық) болатынын уағыздап, оның мүлтіксіз тиімді нəтиже беретін жолдарын іздестіріп бақты. Я.А.Коменский еңбектеріне үңіле түссек, педагогикалық технологияға бастау берген даналық пікірлерді табамыз: Дидактикалық машина үшін қажет нəрсе - 1) түбегейлі ойластырылған мақсаттарды; 2) сол мақсаттарға жетуге дəл икемдестірілген жабдықтарды; 3) мақсаттың орындалмауына мүмкіндік бермейтін нақты жабдықтарды қолданудың мызғымас ережелерін табуымыз керек.
Коменский заманынан бастап, оқуды мүлтіксіз əрекеттегі механизмге сəйкестендіру ұмтылысының талайы күні бүгінге дейін басылған емес. Кейін оқу технологиясы жөніндегі көптеген тұжырымдар толықтырылып, нақтыланып отырды. Əсіресе, техникалық прогрестің əрқилы теориялық жəне практикалық қызметтер аймағына енуімен оқуды технологизацияластыру идеясы нығайып, іске асырыла бастады (П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина, Ю.К.Бабанский жəне т.б.).
Осы заманғы дидактикада əрқилы оқу технологиялары көрініс беріп жүр. Олардың көп түрлі болу себебі - əр автор мен орындаушының педагогикалық процеске өзінше жаңалық қосып, технологияға өзгеріс ендіріп баруымен байланысты.
Дидактикада оқу технологиялары төмендегідей сипаттарымен жіктеліп, топтастырылады:
- қолдану деңгейі: жалпы педагогикалық, пəн əдістемелік, бөлімдік (модульдік);
- философиялық негізі: ғылыми жəне діни, гуманистік жəне əміршіл- əкімшіл (авторитарлы);
Оқудың дəстүрлі (қайта жасау- репродуктивті) технологиясы білім, ептілік жəне дағдыларды ұсынуға бағытталған. Ол өтіліп жатқан материалдың игерілуін, қайта жасау деңгейіндегі білім сапасының бағалануын қамтамасыз етеді. Бұл технологияның ежелгі түрі. Ол бүгінгі таңда да кең таралған (əсіресе орта мектепте). Оның мəні: жаңаны игерту - бекіту - қадағалау - бағалау сұлбасы (схема) бойынша оқу процесін жүргізу. Технология негізіне табысты өмір тіршілігін қамтамасыз ететіндей білім ауқымын анықтауға мүмкіндік беретін жəне оны оқушыға жеткізу жолын көрсететін білімдік бағыт-бағдарлама (парадигма) алынады. Осыған орай оқу- оқытудың басты əдістері ретінде 1) көрнекілік жəне онымен бірге жүретін түсіндіру, 2) оқушының жетекші іс-əрекеттері түрлеріне - тыңдау мен есте қалдыру, 3) басты талап жəне тиімділіктің негізгі көрсеткішіне - игерілгенді қалтқысыз қайталап жаңғырту ептілігі алынады. Мұғалім қызметтері - түсіндіру, əрекеттерді көрсету, оқушылар орындағандарды бағалау жəне реттеу, түзету.
Оқу технологиясы бірқатар маңызды да ұнамды тараптарымен еленген. Олар - үнемділігі , күрделі материалды түсінуді жеңілдетуі, білім-тəрбие процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етуі, білім ұсынудың жаңа əдіс - тəсілдерін пайдалануға икемді келуі. Сонымен бірге дəстүрлі технология біршама кемшіліктерге де жол береді - оқу процесін дараландыру мен жіктеуге қолайсыз, оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға мүмкіншілігі кем.

Курстық жұмыстың мақсаты: Оқыту технологиясының ерекшеліктерін зерттеу және сабақты тиімді етіп өткізудің шарттарын жасау.

Курстық жұмыстың зерттеу міндеті:
-Оқыту заңдылықтарын талдау;
-Оқытудың тиімді жолдарын қарастыру
-Сабақты өткізудің шарттарын жасау

Курстық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тараудан, төрт тараушадан,қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.Кіріспеде тақырыптың өзектілігі анықталады, мақсат-міндеттері нақтыланады.

I Тарау Оқыту технологиялары және оның тиімділігі
1.1.Оқытудың технологиясы туралы түсінік және оның түрлері

Оқыту технологиясы - мектепте жалпы білім беру бағдарына, оқытудың мақсаты мен мазмұнына негізделген, жақсы нәтижелерге жету кепілдігін беретін оқыту жүйесін құрастыру.
Майкл Кларк бiлiм беруде технология жаңа нәрсе емес, ол тек оқытудың жаңа жолдары ашылған кездерде ғана қызықтырады деп атап көрсетедi де, одан әрi педагогикалық технологияларға "бiлiм сапасын тексеруге болатын бақылау жүйесi", сондай-ақ "бiлiм, дағдыны бағалау әдiстерiн әзiрлеу" ретiнде анықтама бередi. П.Буга мен В.Карпов оқыту технологиясы дегенiмiз ғылыми ұйымдастырылған бiлiмдi практикалық тапсырмаларды орындауда жүйелi түрде iс жүзiнде қолдану деп түсiндiредi және оқыту технологияларын оқытудың әртүрлi әдiстерiн қолданудың ғылыми негiзi ретiнде анықтайды. Жапон педагог ғылымы Т.Сакамотоның сипаттауынша, өз мәнi бойынша педагогикалық технология барлық басқарылатын компоненттер: 1. Бiлу, түсiндiру, пайдалану, бағалау, түсiну, қолдану, жасау, атап көрсету және т.б. 2. Қайта құру, болжау, сауал, қою, қайта ұйымдастыру, топтастыру, жүйелеу, жеңiлдету және т.б. 3. Белгiлеу, қорытынды жасау, мәнерлеп оқу, айту және т.б. 4. Пiкiрiн айту, қолдау, ынтымақтаса қызмет ету және т.б. Оқу процесiнің мақсаттарын нақтылау (Б.Блум таксономиясы негiзiнде) технологиясының қисынды қорытындысы педагог қызметiнiң күнтiзбелiк - тақырыптық және күнделiктi сабақ жоспары түрiнде көрiнiс табады.Дәстүрлі оқытудың кейбір толымсыз жақтарын бағдарламалап (жоспарлап) оқыту технологиясы толтырады. Бұл технология XX-ғ. 60-шы жылдары педагогика, психология, кибернетика ғылымдарның тоғысында пайда болды. Оның негізіне оқыту туралы үш ұғым- 1)оқыту-басқару үрдісі ретінде;2)ақпараттық үрдісс;3)жекелендірілген үрдісс ретінде алынған.[10.б.110-118]
Профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясы бірқатар пәндерде қолданылып жүр. Деңгейлеп оқыту сабағы -- оқушылардың жаңа материалды өз бетінше оқып үйренуін қамтамасыз ететін сабақ. Бұл сабақта оқытушы ақпарат беруші ғана емес, ұйымдастырушы әрі кеңес беруші болып саналады.
Педагогикалық əдебиеттерде қандай да педагогикалық технологиялар сипатын айқындаушы көптеген терминдер ұшырасады, мысалы: оқу-үйрену, тəрбиелеу, оқыту технологиялары, білімдендіру жəне дəстүрлі технологиялар, бағдарламаластырылған жəне проблемді оқу технологиялары, авторлық технология жəне т.б.
Алғашқыда педагогтар педагогикалық технология, оқу-оқыту технологиясы жəне тəрбиелеу технологиясы ұғымдарының өзіндік мəн-мағыналарына назар аудармай келді. Ал бүгінде педагогикалық технология оқу жəне тəрбие аймағындағы педагогикалық міндеттердің шешілуіне байланысты орындалатын педагог іс-əрекеттерінің бірізді жүйесі ретінде танылуда. Осыдан педагогикалық технология мəні оқу технологиясы, тəрбие технологиясы ұғымдары мəндерімен салыстырғанда тереңдеу де ауқымдылау.

Мұндағы деңгейлік тапсырмаларды енгізгендегі мақсат:
Оқушыларды ұлттық бағытқа
Бағдарлай отырып, қоғамның даму үрдісін, білімнің технологияларын меңгерту; қосымша оқулық және баспасөз көздері арқылы оқушыларды ақпараттандыру; жоғары дәрежедегі білім деңгейіне жету;
Оқушылардың шығармашылық қабілетін тереңдету.
Тиімділігі: Жұмыс қорытындысы тез, уақытында шығады.
Уақытты тиімді пайдалануға, жинақылыққа үйретеді.
Баланың сенімге ие болуы, оның жауапкершілігін арттырып, өзін-өзі бағалауға үйретеді.
Оқушы мен мұғалім арасында өзара сыйластық, еңбек бірлестігі қалыптасады.
Мұғалім еңбегі жеңілдейді.
Деңгейлік тапсырмаларды бір тарауды аяқтаған кезде нәтижесін қорытындылау үшін қолдануға болады.
Елімізде жаңа ақпараттық технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізу негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Соңғы жылдары оқытудағы жаңа ақпараттық технология аса қажетті педагогикалық мәселелердің шешімін табуға, ой еңбегін арттыруды басқаруға негізделген. Бұл бағыт жаңа ақпараттық технологияларды, көрнекілік құралдары пайдалану арқылы дамыта, қашықтықтан және жеке тұлғаға бағдарлап оқыту мақсаттарын жүзеге асырады.
Бағдарламалап (жоспарлап)оқыту-оқыту бағдарламасына негізделген. Бұл бағдарламада 1)оқу материалының өзі; 2)оны меңгерудегі оқушының іс-әрекеті; 3)меңгеруді бақылау формасы қатаң жүйеге келтірілген. Оқу материалы бірнеше шағын бөліктерге бөлінеді, әр бөлік логикалық тұрғыдан аяқталған. Студентбір бөлікті меңгергеннен кейін бірнеше вариантта құрастырылған бақылау сұрақтарына жауап береді. Жауап дұрыс берілсе, тапсырманың келесі бөліміне көшіріледі, дұрыс берілмесе материал қайталанып беріледі. Жоспарлап отырудың негізін салушы АҚШ ғалымы Скинер бұл технологияның негізін екі талапқа сай құрған:[9.б.24-27]
1. Жай бақылаудан өзін-өзі бақылауға көшу
2. Педагогикалық жүйені оқушының өз бетімен білім алуына бейімделу.
Бұл әдіс бір бағытты деп аталады.
Оқыту процесінде интербелсенді әдістерді қолданудың ерекшелігі
Интербелсенді оқыту оқу процесінің тиімділігі мен нәтижелігін үйренушілердің есте сақтау дәрежесімен өлшемей, олардың әрекеттерімен бағалайды, тек әрекет арқылы ғана үйрену ықтимал деген қағида ұстанады.
Интербелсенді оқыту оқушының өз тәжірибесі қарым-қатынасқа негізделеді. Ал, үйренушілердің тәжірибесі дегеніміз олардың өзіндік пікірлері мен көзқарастары, ойлары мен идеялары, тұжырымдары мен қорытындылары, дәлелдері мен уәждері. Оқушы таным процесінде бір-бірімен осы тәжірибесімен бөліседі, міне осындай байланыста, қарым-қатынаста жаңа білім құрастырылып, саналы түрде игеріледі.
Интербелсенді оқуда білім алушылар келесідей білім, білік, дағды, машықтарға үйренеді:
Терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту; Өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру; Ақпаратты өздігімен түсініп, оны таразылап, екшеп, оның ішінен керектісін таңдап алу;Ақпаратты жан-жакты талдау;Өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру[17.б.3-7]

Кейс-технология -- оқушылардың дәстүрлі және қашықтықтан кеңес алуын ұйымдастыру кезіңде мәтіндік, аудиовизуалды, мультимедиалық оқу-әдістемелік материалдарды жинау және оларды пайдаланушылардың өз бетінше меңгеруі үшін жіберуте негізделген.
Кейс технологшсы (ағылшынның case -- портфель) оқытуда жасалынған әдістемелік материалдармен іске асырылады.[4.б.23]

Проблемалы оқыту кезінде мұғалімнің жетекшілігімен проблемалы жағдай жасалып, оқушылар оны шешуге белсенді түрде қатысады, осы іс-әрекеттің нәтижесінде оқушылар кәсіби білімді, дағды мен біліктерді меңгеріп, ойлау қабілеттерін дамытады.

Проблемалы оқыту ынталандырудың ерекше проблемалы түріне негізделеді, сондықтан материалдық дидактикалық мазмұнының тиісті дәрежеде, яғни проблемалы жағдайдың тізбегі ретінде берілуін талап етеді.

Ғылыми білім логикасының түп-төркіні проблемалы жағдайлардың логикасы болып табылады. Проблемалы жағдайлар мазмұнның белгісіздігіне қарай, проблемалықтың деңгейіне қарай, ақпарат сәйкессіздігінің түріне қарай, басқа да әдістемелік ерекшеліктеріне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Проблемалы оқыту технологиясы - бұл роблемалы жағдайларды, оқушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыруға негізделген технология. Педагогикалық проблемалы жағдай белсенділікті оятатын әрекеттердің, таным обьектісінің жаңалығын, маңыздылығын, сұлулығын және басқа да ерекшеліктерін айқындайтын мұғалім сұрақтарының негізінде туындайды. Психологиялық - проблемалық жағдай жасаудың өзіндік жеке ерекшеліктері бар. Тым қиын не тым жеңіл танымдық міндет оқушылардың ойында проблемалық жағдай туғызбайды.

Проблемалы жағдайларды оқу үрдісінің барлық, яғни жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде, жаңа сабақты бекіту, тексеру кезеңдерінде ойластыруға болады. Мұғалім проблемалы жағдай (ситуация) туғызып, оның шешімін іздеуге оқушыларды бағыттайды. Сөйтіп, бала өз оқуының субьектісіне айналады, соның нәтижесінде бала жаңа білім игеріп, әрекет әдістерін меңгереді.

Психологтар оқу процесіне оқушының іс-әрекетін енгізу керектігін, оның маңызын дәлелдеді. Дамыта оқыту арқылы оқушыға берілетін білім бұрынғыдай репродуктивтік жолмен омес, керісінше арнайы ұйымдастырылатын баланың жан-жақты теориялық іс-әрекеті арқылы берілетін болды.

Дамыта оқытудық екі жүйесінің де оқу бағдарламалары, оқулықтары бар, олар Ресей мектептерінде кең қолданылуда. Көбіне бастауыш мектепте қолданылады. Дамыта оқыту принциптері орта және жоғары сыныптарға әлі кең түрде енгізілмей отыр.

Жақын даму аймағы көрнекті кеңес психологы Л.Выготский (1896-1934) оқыту мен дамудық байланысын (О-Д) зерттеп, егер оқыту баланың өзекті даму аймағында жүрсе, онда ол баланы дамытпайды деді.

Өзекті даму аймағы - баланың өз бетімен істей алатын жұмыстары. Ал ересектермен ынтымақтаса істей алатыны -- жақын даму аймағы. Мысалы, баланың сөйлей алуы - актуальды даму аймағы. Бұл жерде даму жүрмейді. Сондықтан бала мектепке келген бірінші күннен бастап жақын даму аймағында, дәлірек айтсақ, баланың жазба тілін қалыптастыруға кірісу керек. Ол үшін алдымен жеңіл тапсырмалар беріледі. Мысалы, Ш. Амонашвили және оның мұғалімдері әріптер мен сөздерді белгілеуге Д.Б.Эльконин жасаған шартты белгілерді қолданады. Тақтаға сөйлем және оның астына шартты белгісі жазылады.
Жақын даму аймағында жұмыс істейтін В.Ф.Шаталов әлі өтпеген ережемен оқушыларға есеп шығартады. Е.Ильин оқушыларға мұғалімнің өзі біржақты жауап бере алмайтын сұрақтар қояды.

Сонымен жақын даму аймағы баланың ақыл-ой жұмысы басталар тұсы. Мұғалім мұнда оқушыға тапсырма, әдістемелік нұсқау береді, ізденуге бағыттайды, ізденістің бағдарламасын береді. Мұғалімнің жақын даму аймағындағы жұмысының тиімділігінің көрсеткіші - әр оқушының мұғалімнің көмегін алуға өзір тұруы.

Дамыта оқытуда мұғалім жақын даму аймағында жұмыс істеу керек. Ол оқушыға ақпараттар беруші, ынталандырушы, бейне туғызушы, баланың кемшіліктері мен табысына назар аударушы, себебі әр оқушының өзінің жақын даму аймағы бар, онда жалпы тәсілмен жұмыс істеуге болмайды. Л.В.Занков жүйесі.

Оның тұжырымдамаларының дидактикалық принциптері:

:: оқытуды түсінуге қиын етіп жүргізу;

:: теориялық білімнің жетекші рөлі. Теорияны құрғақ жаттамай, ондағы мәнді байланыстарды, заңдылықтарды ашу;

:: оқушының ізденуі. Мұғалімнің өзінің түсіндіруі - дамудың қауіпті жауы;

:: оқу процесін оқушылардың сезуі. Оқушы өзін оқу іс-әрекетінің субъектісімін деп сезінеді. Материал қайткенде есімде жақсы қалады, жаңа не нерсе білдім, менің дүние туралы түсінігім қалай өзгерді, мен өзім қалай өзгердім деген сұрақтарға жауап береді;

:: барлық оқушыларды дамыту үшін жүйелі түрде жұмыс істеу. Қабілетке қарай бөлуге жол берілмейді. Бала басқа балалармен ынтымақта дамиды.

Бұл принциптер Б.Тұрғынбаеваның зерттеуінде толығырақ түсіндірілген.

Л.В.Занков өз экспериментінде оқушылардың психологиясын зерттеу әдістерін кең қолданды.

Дамуда оқыту жетекші рөл атқаратынын, ол балаға жанама түрде әсер ететінін, баланың ішкі жан сарайының ерекшелігі оқытудық оған өтуіне жол беретінін, оқыту тиімділігінің көрсеткіші, мақсаты баланы жалпы дамыту екенін іс жүзінде дәлелдеді.

Занков жүйесінің басты міндеті - баланың жалпы психикасын дамыту еді. Оғанақыл, ой, ерік-жігер, сезіменді. Осыларды дамыту білім, іскерлік дағдыларды түсініп, есте саңтаудық сенімді негізі деп саналды. Оның түсінігінде бала өзінің қызығатын нәөрсесі, талап-тілегі бар, мектепке тек білім алу үшін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық технологиялар және оқыту технологиялары жөніндегі түсінік
6-сынып биология пәнінен «Өсімдіктің өсімді вегетативті мүшелері арқылы көбею жолдары» тақырыбында тірек-сызба технологиясын пайдаланып өткізу әдістемесі
Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан ерекшелігі
Химия сабақтарында сыни тұрғыдан оқыту технологиясын қолданып оқытудың әдістемесі
Қазақ тілі сабақтарында АКТ пайдалану жолдары
Сыртқы саралап оқыту
Оқытудың инновациялық технологиясын қолданудың теориялық негіздері
Бастауыш мектеп оқушыларының инновациялық білім беру ортасына өзбеттілігінің қалыптасуының теориялық қағидалары
Химия сабақтарында сыни тұрғыдан оқыту технологиясын қолданып оқытудың әдістемесі орта
Оқытудың компьютерлік технологиясы
Пәндер