Желіннің флегмонасы


Мазмұны
Белгілер мен қысқартулар
Анықтамалар
Нормативтік сілтемелер
Кіріспе . . . 8
1. Негізгі бөлім . . . 9
1. 1 Желінді күту және сауу әдістері . . . 9
1. 2 Желіннің флегмонасы. Себептері. Емі . . . 16
1. 3 Желіннің ісінуі. Емдеу . . . 21
1. 4 Желін терісінің кабынуы . . . 24
2. Өзіндік зерттеу . . . 24
3. Техникалық қауіпсіздік . . . 24
Қорытынды . . . 32
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 33
Аннотация
Мал акушерлігі және гинекологиясы пәнінен «Желін флегмонасы, этиологиясы, және емі» тақырыбы бойынша жазылған курстық жұмыс 30 беттен тұрады.
Курстық жұмысында кіріспе бөлімі, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техникалық қауіпсіздік, қорытынды қамтылды.
Анықтамалар
Желін - негізінен без аппараттарынан тұратын, дәнекер ұлпадан және теріден құралған симметриялы орналасқан орган.
Желінсау - желін безінің қабынуы, барлық мал түрінде болады, әсіресе сиыр мен қойда жиі кездеседі.
Желіннің флегмонасы - бұл ауруда шел мен телімаралық ткань іріңдеп қабынады.
Желінің ісінуі - туар алдынан малдың желіннің ісінуін айтады. Бұл желінге қан көп кіріп тоқтап қалуына болады.
Гиперимия - малдың желініне артериялық қанның көп келуін айтады.
Кіріспе
Желін - ұрғашы сүтқоректілердің сүт безі. Сиыр желіні төрт бөліктен, ал жылқы, түйе, қой мен ешкі желіні екі бөліктен тұрады. Әр бөлікте бір емшектен болады. желін оң және сол жарты бөлікке, олардың әрқайсысы алдыңғы және артқы болып бөлінеді. Емшекте ерекше сезімтал жүйке ұшы - рецепторлар орналасқан. желіннің бездік не секреторлық тіні көптеген көпіршіктер (альвеол) мен шығарғыш түтікшелерден тұрады. Түтікшелердің қабырғасы жиырылғыш клетка қабатынан, сондай-ақ, ішкі қабаты сүт түзілетін бездік әпителийден тұрады. Шығарғыш түтікшелер қосыла келе сүт астауына ашылатын сүт түтіктерін құрайды. Сүт астауының емшек бөлігі емшек түтігімен аяқталады, ал ол дөңгелекше бұлшық ет - сфинктермен қапталған. Сауын қиындығы осы сфинктердің тонусына тікелей байланысты. Сиыр желінінің сыйымдылығы 15 л және одан да көп болады. Сүттің 40%-і сүт астауында және түтікте, қалғаны көпіршіктерде жиналады. Желінді пішініне, сыйымдылығына және еніне қарай бағалайды. Сүтті сиырлардың сауылған желіні босап, терісі жиырылады. Мұны “астау желін” деп атайды. Сүті аз сиырлардың желінінің көлемі сауғаннан кейін өзгермейді. Мұны “ет желін” не “тас желін” дейді. Кейде қой желінін аумағына қарай “саптыаяқ желін”, “қара желін” (желін безі қатты, сүті аз) дейді. Желінқап - мал желінін қорғау мақсатында байланатын жапқыш. Желін, шап, үйек айналасын жауып тұратындай, ал түбі емшектерін қаусыра ұстайтындай пішінде жұмсақ матадан тігіледі. Жоғары ұштарында белден асырып байлайтындай ұзын бауы болады. Оны қыстың аязынан, қан сорғыш ұсақ жәндіктерден қорғауға және төлімен бірге жібергенде емізбеу үшін пайдаланады. Сондай-ақ, топжелін, желінсау, іріңді жараға айналған желін ауруларын емдегенде шаң-тозаңнан қорғау үшін де тағылады. Желінсау (Mastіtіs) - желіннің қабынуы. Көбінесе, сауын сиырларында бұзаулау және суалу кезінде байқалады. Ауру қоздырғышы - стафилококк, стрептококк, диплококк, микрококк бактериялары, микоплазмалар, вирустар мен саңырауқұлақтар. Желінсаудың негізгі себептері: желіннің жарақаттануы, тазалық сақтамау, дұрыс саумау, т. б. Сондай-ақ, аусыл, актиномикоз, күл сияқты жұқпалы аурулар да желінсауға шалдықтырады. Ауру малдың температурасы көтеріліп, жемшөпке тәбеті болмайды, желіні ісініп кетеді. Сауған кезде іртіктелген сүт немесе ірің тәрізді сұйық зат бөлініп шығады. Кейде желінде іріңді ісік жара пайда болады. Желінсаудың жасырын түрінде малдың сүті біртіндеп азая береді және сүттің физикалық-химиялық қасиеті өзгереді. Аурудың өту және көріну белгілеріне қарай серозды, катаральді, фибринозды, іріңді, геморрагиялық желінсау деп бөледі. Бие, қой, ешкі желінсаумен ауырғанда да жоғарыдағыдай белгілер байқалады. Кейде оларда желінсаудың өзгеше түрі дамиды: биеде - ботриомикоз, қойда - іріңді желінсау. Ауру малды клиникалық белгілеріне қарап немесе сүтті лаб-лық тексеру арқылы анықтайды. Тез емдемесе ауру асқынып, желіннен қайтып сүт шықпай қалуы мүмкін. Ауру малды оқшаулап, астына құрғақ төсеніш салады.
1. Негізгі бөлім
1. 1 Желінді күту және сауу әдістері
Сауу алдынан желін таза, жылы сумен жуылып, әрбір сиырға арналған орамалмен немесе лигнинмен жақсы сүртіледі. Желінді жай ғана шелекпен шаюдың орнына көптеген товарлы сүт фермалары аспалы сыммен жүргізілетін шүмекті және резинкадан түтігі бар бидондарды қолданады.
Сиыр желінінің төрттен бір бөлігінің кесілген түрі. 1 - ұлпа бездері; 2 - ішкі шандыр (фасция) ; 3 - тері; 4 - сут цистернасының жоғарғы бөлігі; 5 - емшек цистернасы; 6 - емшек каналы; 7 - сүт цистернасының кілегей қабығы; 8 - сүт жолдары.
Желінде қан тамырларының орналасуы.
1 - артерия; 2 - лимпо түйіні; 3 - шығаратын тамыр;
4 - вена; 5 - лимпо артериясы; 6, 7, 10, 11 - сүт цистернасы, артериясы, венасы; 9 - желін терісі; 12, 13 - сыртқы, ішкі веналар; 14 - альтериялар; 15 - лимпо тамырлары.
Тәжірибеде көбінесе сиырды қолмен сауады. Сауардан бұрын сауыншы тырнақтарын алып, оларды тазалап, қолын жақсылап сабынмен жууға тиіс. Үстіне таза ақ халат киюі керек. Сауыншының қолы мен сиырдың емшегіне ештеңе жағылмауы керек.
Сиырларды қолмен сауғанда уыстап сауу әдісі қолданылады (146-сурет) . Емшек барлық саусақтармен ұсталуы керек, мұнда сұқ қол бас бармақтан төмен, қалған саусақтар сүқ қолдан төмен тұруға тиіс, ал шынашақ емшектің
Бұл әдіспен сауған уақытта әуелі бас бармақпен және сұқ қолмен емшектің
түбінен ұстайды, бұлай ету үшін алдымен желіннің тиісті төрттен бірін жоғары көтереді. Емшекті бас бармақпен және сұқ қолмен үстап алып, қысып, оның ішіндегі сүтті төмен қарай жібереді де, емшекті саусақтардың бірінен соң бірімен қысып, сүтті сыртқа шығарады. Емшекті саусақтармен қысу тәртібі мынадай: алдымен сүқ қолдың ұшымен, содан соң ортанқолмен, аты жоқ саусақпен, олардан кейін шынашақпен қысады. Мұңда қолдың өзі қозғалмауы қажет.
Бұл әдістің маңыздылығы сол, мүнда емшек созғыланбайды, ткань жыртылмайды және сиырдың емшегі де ауырмайды. Сауғанда желінде сүт қалмауға тиіс, өйткені сауылмай қалған сүт ұйып, сүт арналарын бітеп тастауы мүмкін. Оның үстіне, сарқын сүт өте майлы болады. Сүтті толық сауып алу үшін желінді ұқалау керек. Үқалау тәртібі мынадай: бір қолмен желін жартысының алдыңғы жақ төрттен бірінің ең жоғарғы жағын ұстап, екінші қсшмен сол жартының артжақ төрттен бірін ұстайды . Сонан кейін желіннің екі жартысыньщ арасына батырылған қолдарды төмен қарай қозғап, желіңді қысыңқырап отырады. Қолдың мұндай қозғалысы бірнеше минут қайталанады. Желінді ептеп ұқалаған дұрыс, өйткені ауыртқыш тітіркеніш сезім нерв таліпықтары арқылы жұлынға барып, онан импульс ретінде симпатикалық нерв талшықтарымен желінге қайтыл келіп, сүт шығуын тежеп тастауы мүмкін. Желіңді ұқалаудың нәтижесінде, оның үстіңгі жағындағы сүт емшектің түбіне қарай ауады, бұл орыннан ол жоғарьща айтьиған әдіспен сауып шығарылады. Желіннің солжақ жартысын да осылай ұқалайды, бірақ мүнда бас бармақтарды желіннің оң жағы мен сол жағының арасындағы жікке тіреп, қалған саусақтар желін жартысының тысқы жақ бетіңде болады. Желінді соңгы үқалаумен қабат, саумай түрып алдын-ала үқалаған да жөн.
Сиырды дұрыс сауудың тағы бір қажетті шарты - оған ақырып-зекірмей, ұрып-соқпай, жақсы қарау.
Тәжірибеде сиырдың емшегін созып, екі немесе үш саусақпен сауу әдісі кездеседі. Бұл әдіспен сауғаңда, сиырдың емшектері созылады және желіні ауырады, осының салдарынан ол көбінесе жөнді иімей қояды. Мүндай жағдай кейде желін ауруының пайда болуына себеп болады.
Қолмен сауғаңға болсын, машинамен сауғанда болсын, үріптен алғашқы шыққан сүпі сауын шелегіне саумай, басқа ыдысқа сауу керек. Бұл сүттің микробтары көп, майы аз болады. Мұндай сүтті қайнатқаннан кейін шошқа және ит сияқта жануарларға беруге болады.
Қолмен сауумен қатар, сиырды әлектр машинасымен сауу тәжірибеде кең өріс ала бастады. Сталиндік сыйлықтың лауреаттары В. Ф. Королевтің, В. С. Красновтың және Д. Д. Мартюгиннің үш тактылы машинасын колданып сауғанда желін ауырмайды және емшектің формасын көп өзгертпейді. Оның үстіне, тиісті тазапық және дезинфекция болған жерде машинамен сауып алынған сүт бактерия жөнінен тіпті қолмен өте таза жағдайда сауылған сүттен де тазарақ болады.
Аппаратты пайдалану тәртібі негізінде мынадай: машинаның барлық бөлшектері ұқыпты түрде тазаланып, дезинфекңияланып отыруы керек, бұл үшін олар кем дегенде 30 минут ыстық суға (80-85°) салып алынады, бұдан кейін ол бөлшекгерді кептіріп, тазажәне қүрғақ орында сақтайды. Сиырды сауу 3-5 минутқа созылады, содан кейін қалган сүт қолмен сауып алынады, бұл үшін желінді ұқалау қолданылады.
Машинамен сауылатын сиырдың желініне әрдайым малдәрігерлік бақылау жүргізіп отыру қажет. Егер сиырдың желіні бүзыла бастаса, оны қолмен саууға айналдыру керек.
Тұмса туған сиырларды алғашқы екі айда, сонымен қатар, барлық жаңа бұзаулаған сиырларды 5-10 күн бойы және суалуына 10-15 күн қапған сиырлардың барлығын машинамен саумаған жөн. Машинамен сауғанда кейбір сиырлар сүтін толық бермейді немесе тіпті бермей де қояды. Оның үстіне, сиырдың желінінің телімдері бірдей болмаса, машинамен сауғанда, ондай сиыр «тасжеліш» болып, соның салдарынан сүті кемуі мүмкін. Әрине, желінсау (мастит) болған немесе емшегінің жарасы бар сиырларды машинамен саууға болмайды.
Ешкілер мен саулықтарды тек қана қолмен уыспен сауады.
Желін аурулары көбінесе сауылатын жануарларда кездеседі (сиыр, ешкі, сүтті қойлар) . Басқа жануарларда (жылқы, шошқа, ит) желін аурулары сиректеу болады.
Төлдегеннен кейін сүтею кезінде малдың желіні, буаз болып, сүті өте азаятын кезіндегісінен гөрі, ауруға көбірек шалдығады. Қызметі біркалыпты кезінде желіннің кемшіліктері білінбейді немесе білінер-білінбес қана болады. Олар мал туғаннан кейін желіннің қызметі күшейген кезде айқын білінеді.
Желін ауруына диагноз қою үшін оны және сүтті мұқият зерттеу керек, бұл үшін алдымен толық анамнез (сұрастыру) жинау қажет.
Желінді зерттеуді теріден бастайды, өйткені онда жара, бөртпе болуы немесе оның түсі өзгеруі мүмкін; онан кейін желіннің әр бөлімдерінің көлемдерінде айырмашылық бар-жоқтығын қарайды.
Көзбен қарап шыққаннан кейін желінді түгелімен және емшектерді қолмен басып көреді. Бұл әдіспен желіннін температурасын, ауыратынын я ауырмайтынын және қаттылығын немесе бостығын айыруға болады. Қолмен басып карағанда, желіннің кейінгі жоғарғы шегіндегі желінүстілік сөл түйіндеріне ерекше назар аударады. Олар үлғайып, қатайса, желінде жұқпалы ауру болғаны.
Сүттік субклиникалық маститте зертханалық
диагностикалық зерттеу
Сүт ірімшігін табу
Бромтимол әдісі:
пробиркеде
Ақ керамикалық пластинкада
Қағаз
индикаторлық
Сүті сүзеді, марлемен не майда елекпен, сутті пробирканың кабыргасында көреді. 5мл сүтке+1 мл индикатор (0, 1 г. бромтим сини + 20 мл спирт + 80 мл су)
Пластинкага 1-2 тамшы сүт тамызып, оган 1-2 тамшы индикатор қосады. Карточкадағы әрбір ұяга 1 тамшы сүт тамызады.
Пробиркаға 10-15 мл сутсауының
Сут сарғыш не көкшіл (рн-6, 3- 6, 8)
Сүтте 5 мм қаймақтурган түнба жоқ. Сут кып-кызыл (рн-6, 3-6, 9) .
Түнба жоқ.
Желінді қолмен басып қарағаннан кейін барлық емшектерден сүт сауып көреді. Сауған уақытта сүт жіңішке болып ақса, емшектің үрпі тарылғаны немесе сүт қисық ақса, емшектің үрпінің ауыз жағы жабысып қалғандығы. Әрбір емшектің сүтін жеке сауып алып, оның түсін, иісін, қоспаларын (ірің, ірімтік) зерттейді. Желіннің саулығын толық айыру үшін сүтті ең кем дегенде екі рет зерттеу керек. Бұл жөнінде бірнеше әдістер бар, бірақ олардьщ ішіндегі жеңілдеуі және жасауға оңайы - сүтті арнаулы аппарат арқылы зерттеу. Әрбір емшектің сүтін ұшталған пробиркаларға сауып алып, оларды штативке қояды.
Егер бірнеше сағаттан кейін пробиркалардың біреуінде немесе бірнешеуінде түнба пайда болса, ондай малды желінсаумен ауырған деп санайды (төменнен қараңыз) . Мүндай түнбаларды микроскоппен зерттегенде, ішінен стрептококктер немесе басқа микроорганизмдер және ірің түйіршіктерін табуға болады.
Сиыр желінінің кұрылысы.
Желіннің терісінің астында қопсық дәнекер ткань бар, оның ішінде веналардың жиі торы, сөл түйіндері, сөл тамырлары мен май болады. Бұлардан тереңіректе үстінгі және астынғы шандырлар жатады. Желіннің астынғы шандыры құрсақтың сары шандырының созылған жалғасы. Ол ақүйектің төменгі жағымен желін жартыларынын арасынан өтіп, олардың арасын бөліп тұрады және ол желінді ұстап тұратын тарамыс деп аталады. Шандырдьщ астында бұтақтары бар дәнекер ткань мен май капсулалары жатады. Бұл бұгақтар желіннің барлық жерлеріне өтіп, оньщ паренхимасын телімдер мен телімшектерге бөлетін қаңқа құрайды. Оның ішінде қан тамырлары мен нервтер болады.
Дәнекер тканьдық негіздің ішіндегі без аппараты түтік тәрізді секреторлык альвеолалардан құралады, бұлар бітеу көпірік бұлтықтары бар түтік сияқты болады. Без аппаратының альвеолаларының қабырғалары үш қабаттан құралады. Ішкі қабаты альвеоланың куысы жағында, ол қос кабат не үш қабат цилиндрше әпителимен астарланған (секреторлық процестің кезеңіне қарай) . Ортаңғы қабаты мускулды-әпителишік клеткалардан құралады, бұлардын жиырылуы альвеоладан секреттің шығуына себеп болады. Сыртқы қабаты дәнекер тканьнан құралады.
Желін телімшектерінің құрылысы. I, 3, 4, 5, 6 - сут жолдары, 2 - альвеолалар.
Телімдерден телімаралық, одан кейін үлкен сүт арналары басталады. Егер телімаралык шығару өзектерінің күрылысы альвеолалардың қабырғасыныкіндей болса, шығару арналары қабырғасының құрылысы басқаша болады. Олар қосқабаттық эпителимен астарланған, мускулды-эпителилік клеткалармен, өзінің қабығымен қоршалған. Мұнан әрі мускул талшықтары басталып, олар емшектің мускулатурасына айналады.
Ірі сүт өзектері сүт қоймасына, яки сүт цистернасына айналады (жылқы мен күйістілерде) немесе тікелей келіп, емшектердің кеңейген каналына қосылады (талғаусыздар мен етқоректілерде) . Сүт қоймасының кілегей кабығының емшек жағындағысы ғана көп қабатты жалпак әпителимен астарланған.
Емшектің каналы (үрпі) кілегей кабықпен астарланған, оның бет жағын көп қабатты жалпақ әпителий жауып тұрады.
Емшектің сырт жағы терімен қапталған. Кілегей қабық пен терінің арасыңда дәнекер ткань болады, оның ішінде сүттің ағып кетуіне жол бермейтін тегіс мускулдардан құралған сфинктер (жапқыш) бар.
Желін үстіңгі жылыс артериясының бір тармағы арқылы қанмен жабдықталады. Қан желіннен артқы үңгір венаға барып косылатын сырткы және ішкі жыныс веналарымен қайтады. Мұнымен қабат, қан тері астындағы веналармен де қайтады, олар төссүйектің «атжүйрік» шеміршегінен асып барып, көкірек арқылы ішке өтеді де, мүнда қосылғаннан кейін алдыңғы үңгір венаға қосылады.
Желін нервтері белдеме-құйымшактық нерв шоғыры мен симпатикалық нерв системасынан пайда болады. Желіндегі сөл түйіндері желіннің кейінгі жағындағы шелдерде болады.
Желін екі санның арасында тұрады. Ол төрт телімнен қүрылған, формасы - шардың жартысы тәрізді, төменгі жағында төрт емшек болады. Кейде желіннің кейінгі жағында екі шала емшек те болады. Төрт емшекке сәйкес төрт сүт безі болады, желіннің бір жақтағы екі телімі бір-бірімеін байланысты болса да бүпардың әрқайсысының шығару арнасы бар. Желіннің терісі өте жүка, сирек түгі болады, тер және май бездері бар.
Сүт цистернасы өте үлкен. Оның тупкі жағы кең, емшекке терең еніп тұрады. Емшек бір арналы болады.
Емшектің терісінде тердің де, майдың да бездері болмайды.
Сиырдың қақ жарып тілінген емшегі. 1 - емшектің үрпі; 2 - емшек үрпінін турқын бойлай кыртыстанған кілегей кабығы бар жапқыш бөлімі; 3 - емшек бөлімі; 4 - сут жолдары шығатын әртурлі ойпаттары бар цистернаның без бөлімі; 5 - емшектің қабырғасы.
Сиыр желінінің беткі жақ веналары мен сөл тамырлары. 1 - веналар; 2 - сел тамырлары.
Бие. Желін сиырдікі сияқты, екі санның ортасында, әрбір жағында бір- бірден телімі болады (екі сүт безі) . Бүп телімдерде конус тәрізді екі емшек бар.
Емшектің түп жағыңда 2-3 сүт цистернасы бар, олар бір-бірімен қосылмайтын куыстар. Әрбір цистернадан бір емшек үрпі келіп шығады, соңдықтан әрбір емшектің үшында 2-3 тесік бар.
Желіннің өз терісінде де және емшектікінде де тер мен май бездері көп.
Көптеген веналар - үстіңгі жыныс венасының тараулары.
Інген. Желін төрт телімнен құралады (төрт сүт безі) және солжақ, оңжақ жартыларға бөлінген (сиырлардыкіндей) . Артқы телімдері алдыңғыларынан үлкен. Емшектері кысқа. Лактация (сүтею) маусымының ұзақтығы 17 ай шамасында.
Ешкі. Желіннің орналасуы сиырдыкі сиякгы. Ол екі үлкен, салбыраңқы телімдерден құралады (екі сүт безі) . Желінде екі үзын емшек бар, олар сәл ілгері қисайып тұрады. Емшектерде жүн жоқ, тер мен май бездері бар. Әрбір емшектің бір тесігі бар.
Саулық. Желін екі телімнен құралады (сүт бездері екеу) . Алшайған екі емшегі бар, оларды түк басқан. Басқалары жөнінен ешкіден айырмасы жоқ.
Мегежін. Желіні бауыр жағында болады, оның 5-8 телімі бар (орта есеппен), әрбір жағында тиісті санды емшектері болады. Олар кеуде сүйектен сыртқы жыныс органдарына дейін орналасады. Емшектер жүнсіз, емшек арналары екеу-үшеу, өзінің санына сәйкес сүт цистерналарымен қосылады.
Қаншық. Желіні бауыр жағында. Ол 4-5 телімнен құралады, әрбір жағында тиісті санды емшектер болады. Әрбір емшектің 8-12 сүт жолдары бар. Сүт цистернасы болмайды.
Мысық. Желіні бауыр жағында, төрт телімнен құралады, әрбір жағында тиісті санды емшектері бар. Әрбір емшектің екі сүт жолы болады.
Ұрғашы қоян. Желіні бауыр жағыңда, оның әрбір жағында төрт телімнен болады.
Әртүрлі жануарлардың сүтінің құрамы
Туғаннан кейін сүттің көп шығатын себебі - желінге қан көп келеді, өйткені жыныс органдарының қанмен жабдықталуы кемиді. Сүттің мөлшері мен сапасына азықтандыру, бағу, күту жағдайлары және жануардың жеке ерекшеліктері мен түқымы әсер егеді. Осымен қатар, оған сауын малдарын сауудың жиілігі мен сауу әдісі де әсерін тигізеді.
Бұзылмаған сүттің түсі сәл сарғылт тартқан ақ болыл көрінеді, ішінде түйіршектер мен қан болмайды, иісі үнамды, тұтқырлығы жоқ, дәмі тәттілеу келеді.
Қанға сіңген заттардың дәмі сүтке шығады. Мысалы, малға ішінде люпин, жусан және ащы шөптері көп пішен берсе, сүттің дәмі ащы болып кетеді. Сиыр су фиалкасын жесе, оның бояғыш заты сүтке шығады. Онан сүттің түсі көкке айналады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz