Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың моделі
Тақырыбы:Тұлғаға бағдарлап оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру
Мазмұны
І. Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
2.1. Танымдық қызығушылықты қалыптастырудың алғы-шарттары
2.2. Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың моделі
2.3. Оқушылардың танымдық қызығушылығын сабақтан тыс тәрбие жұмыстары арқылы қалыптастыру жолдары
ІІІ.Іс тәжірибелік бөлім
ІV.Қорытынды
V.Қолданылған негізгі және қосымша әдебиет
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазақстан Республикасының "Білім туралы заңында"[1], "Қазақстан Республикасы азаматтарының жаңа әлеуметтік мінез-құлқын қалыптастыру"[2],"Қазақстан Республикасы мәдени-этникалық білім беру"[3], "Білім мазмұнын гуманитарландыру"[4] тұжырымдамаларында білім беру ісінде жаңа рухани-мәдени құндылықтарды игеруге, ұлттық сананың қалыптасып өсуіне жағдай жасау, үздіксіз білім берудегі сабақтастыққа кең жол ашу талап етіледі.
Олай болса, қазір қоғам алдындағы негізгі міндеттердің бірі- заман сұранысына сай оқу-ағарту, тәрбие мәселелерін сараптап, оқушылардың кәсіптік бағдарын қалыптастыруда университет пен мектеп арасында сабақтастықты орнату, бүгінгі таңның кезек күттірмейтін келелі мәселелерінің бірі болып отыр. Оқушылардың танымдық үрдісін тиімді етіп ұйымдастыру арқылы оқу белсенділігін арттыру және танымдық қызығушылығын қалыптастыруды психологиялық тұрғыдан А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурьея, С.Л.Рубинштейн, Л.В.Занков, Л.В.Эльконин, А.В.Петровский т.б. ғалымдар қарастырса, педагогикалық тұрғыдан П.И.Пидкасистый, Т.И.Шамова, Т.Н.Щукина, т.б. болса, отандық ғалымдардан Ж.И. Намазбаева, Т.С.Сабыров, Н.Д.Хмель т.б. зерттеді.
Әдістемелік тұрғыда бұл мәселені Н.А.Ахметова, А.Е.Әбілқасымова, Т. Әбілова, А.А. Бейсенбаева, М.Х. Балтабаев, Ж.Т.Дәулетбекова, Р.К. Дүйсенбінова, М.Ж.Жадрина, Қ.Қайым,
Қ.Қ. Қабдықайыров, И.Д.Синельникова,О.С. Салимбаев, А.Т.Томаев, Б.Т.Набиева, Н.А.Рыков т.б. ғалымдар зерттеп, жеке пәндерді оқытуға байланысты және сабақтан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктерін анықтауға үлес қосты.
Мәселен, Б.Т.Набиева "Сабақтан тыс және сабақ байланыстылығы арқылы пәнге деген оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру" [5] тақырыбындағы ғылыми зерттеу еңбегіндегі мәселеге ғылыми талдау жасай келе, оқушының танымдық қызығушылығын қалыптастырудың әдістемелік негіздерінің мәнін айқындап және сыныптан тыс оқытуды теориялық негізде байланыстыруға әрекет жасаған. Ал, белгілі ғалымдар К.Қ.Құнантаева мен И.Р.Халитова "Абай мұрасы және мектептегі тәрбие жұмыстары" тақырыбындағы еңбектерінде Абай мұраларын тәрбие іс-шараларында пайдалану үлгілерін көрсеткен.
Оқушылар бойына танымдық қызығушылықты сіңіру көп уақытты, мерзімді қажет ететін үрдіс. Жоғары оқу орындарында педагогикалық үрдісті мектеп бітірушілердің бойындағы ізгі қасиеттерді ескере отырып, ұйымдастырған жағдайда ғана жұмыстың нәтижесі жоғары деңгейде көрінеді. Бұл мәселеден мектеп пен жоғары оқу орындары арасындағы сабақтастық қажеттілігі туындайды.
Оқушылардың таным үрдісін тиімді ұйымдастыру арқылы оқу белсенділігін арттыру және танымдық қызығушылығын дамыту мәселесі бірқатар еңбектерде қарастырылған. Соның ішінде А.Тамаевтың "Әдебиет сабақтарында жоғары класс оқушыларының оқырмандық қызығушылығын қалыптастыру"[6] тақырыбындағы ғылыми зерттеуінде оқушылардың оқырмандық қызығушылығының психологиялық негіздерін,оны тәрбиелей отырып әдеби білім беру мәселелеріне мән берілген. Әртүрлі таным белсенділігі мен танымдық қызығушылықтары табиғи құбылыстарға субъектінің қайта бейнелеу көрінісі (Л.П.Аристова), тұлғаның танымдық қасиетін сипаттаудың еріксіз жағдайы (Р.А.Низамов), ал оқушының өмірлік позициясындағы іс-әрекеттілігі (Г.И.Щукина), тұлғаның оқыту сипатына, мазмұнына, таным мақсатына еріктік-күш жігерін жұмсау іс-әрекеті сапасын (Т.Н.Шамова) сараптаған болса, танымдық қызығушылық мәселесі Т.А.Буянова, Э.К.Васильева, О.А.Золотарева және т.б., еңбектерінде көрініс тапқан.
Біздің ойымызша оқушылардың кәсіп таңдау кезінде көбінің ата-аналарының ақыл-кеңесіне сүйенетіне немесе талапкерлердің мамандықтарды таңдаудағы білімсіздігі, сондықтан өзінің көңілі қаламаған мамандықты таңдауларына байланысты оқуды тастап кетулері, болашақта мамандықтары бойынша жұмыс істемеулеріне негіз болады. Сондай-ақ, оқушыларды кәсіптік бағдарлау жұмыстарының мектеп қабырғасындағы соңғы жылдары ғана қолға алатынын ескерсек, танымдық қызығушылықты қалыптастыру жүйелі түрде мектеп пен жоғары оқу орындары арасында ұдайы іске асыруды талап етеді. Яғни, университет пен мектеп арасындағы сабақтастық, олардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастырудың сенімді құралы болмақ. Зерттеу барысында айқындағанымыздай бұл өзекті, тың тақырып бүгінгі күнге дейін өз шешімін таппаған, оқушының танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы мектеп пен университет арасындағы сабақтастықтың өз дәрежесінде іске асырылмауы мен аталмыш мәселенің бүгінгі сұранысқа қажеттілігі арасындағы қарама-қайшылық туындап отырғанын көреміз.
Зерттеу мақсаты: оқушылардың танымдық қызығушылығын сабақтан тыс тәрбие жұмыстары арқылы қалыптастырудағы теориялық тұрғыда негіздеп, оны оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану бойынша ұсыныстар жасау.
Зерттеу объектісі: мектептегі оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні: оқушылардың танымдық қызығушылығын сабақтан тыс тәрбие жұмыстары арқылы қалыптастыру жолдары.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, оқушылардың танымдық қызығушылығын педагогикалық тұрғыда негізделіп, оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың педагогикалық шарттары анықталса, оқушылардың білім сапасын арттырып және тұлғалардың жан-жақты қалыптасып, жоғары мәдениетті маман болып шығуының негізі қаланады.
Зерттеу міндеттері:
- танымдық қызығушылықты сабақтан тәрбие жұмыстары арқылы қалыптастыруды ғылыми-практикалық тұрғыдан қарастыру, алғышарттарын анықтау;
- оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы сабақтан тыс тәрбие іс-шараларының сабақтастығының мәні мен педагогикалық мүмкіндіктерін айқындау;
-оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастырудың моделін құру,оның өлшемдері,көрсеткіштері, деңгейлерін анықтау;
-оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтау, тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру;
- оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру негізінде ұсыныстар жасау;
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздерін жалпы адамзаттық, адамгершілік, философиялық қағидалар, таным теориясы, іс-әрекет теориясы, дамыта оқыту теориясы, ақыл-ой әрекетін кезеңдеп қалыптастыру теориясы айқындайды.
Зерттеудің жетекші идеясы: танымдық қызығушылықты дамытудың жолдарын ғылыми-теориялық тұрғыда талдау және оның бағыттарын айқындай келе оқу-тәрбие процесінде пайдалану арқылы жан-жақты дамыған, тұлға қалыптастыру.
Зерттеудің әдістері: зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерді талдау, қорыту және жүйелеу; педагогикалық зерттеу әдістері (теориялық, эмперикалық) қолдану; озық тәжірибелерді меңгеру; арнайы ұйымдастырылған тәжірибе жұмыстары бойынша зерттеу нәтижесін қорытындылау.
Зерттеудің көздері: Қазақстан Республикасы Үкіметінің білім саласына қатысты және ҚР Білім және ғылым министрлігінің, әлеуметтік институттардың ресми құжаттары (заңдар, қаулылар т.б.) еліміздің алыс-жақын шетелдік философтардың, психологтардың, педагогтардың зерттеліп отырған мәселе бойынша диссертациялық зерттеулер мен монографиялық еңбектері, мерзімді басылым ақпараттары, білім беру мекемелерінің іс-тәжірибе жұмыстары т.б.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Бірінші кезеңде (2010ж.) зерттеу жұмысының тақырыбы анықталып, теориялық негіздері, зерттелу деңгейі қарастырылды, ғылыми аппараты жасалды. Философия, педагогика, психология, физиология салаларындағы әдебиеттерге талдау жасалып, материалдар жиналды.
Екінші кезеңде (2011ж.) жиналған мағлұматтар, педагогика ғылымының теориялық негіздері тұрғысынан талдауға алынып жүйеленді. Зерттеу жұмысы бойынша эксперимент жүргізіліп, нәтижелер сараланды.
Үшінші кезеңде (2012ж.) жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижелері қорытындыланды. Бірнеше ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық конференцияларға ұсынылды. Эксперимент жұмысының нәтижелері жүйеге келтіріліп, диссертация түрінде баяндалды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
- оқушылардың "танымдық қызығушылықғы","сабақтастық" ұғымдарына анықтамалар беріп, оларды қалыптастырудың теориялық негіздері айқындалды;
оқушылардың танымдық қызығушылығын сабақтан және аудиториядан тыс тәрбие жұмыстары арқылы қалыптастырудағы мектеп пен университет арасындағы сабақтастықтың мәні алғышарттары сарапталып, тәрбиелік мүмкіндіктері айқындалды;
-мектеп пен университет сабақтастығы негізінде оқушылардың танымдық қызығушылығын сабақтан және аудиториядан тыс тәрбие жұмыстар арқылы қалыптастырудың моделі ұсынылды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
- мектеп-колледж жүйесіндегі оқушылардың танымдық қызығушылығының қалыптасуын анықтайтын бағдарлама ұсынылды;
- "Педагогикалық технологиялар арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру" атты оқу-әдістемелік құрал дайындалып, мектеп пен колледждің педагогикалық үрдісінде қолданылуға ұсынылды;
- жоғары оқу орындарына арналған " Тұлғаға бағдарлап оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру " тақырыбындағы арнаулы курс бағдарламасы жасалынды;
- зерттеу нәтижелерін университеттер мен жалпы орта білім беретін мектептерде сабақтан және аудиториядан тыс тәрбие үрдісінде пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
- "танымдық қызығушылық","сабақтастық" ұғымдарының мәні мен мазмұны, оқушыны қалыптастырудың ғылыми-практикалық негіздері;
- мектеп пен колледж арасындағы сабақтастық негізінде сабақтан және аудиториядан тыс тәрбие жұмыстары арқылы оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру моделі ;
- мектеп пен университет сабақтастығы негізінде оқушылардың танымдық қызығушылықтарын сабақ және аудиториядан тыс тәрбие жұмыстары арқылы қалыптастырудың әдістемесі;
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі:
- педагогикалық қағидалардың әдіснамалық және теориялық айқындылығымен, зерттеудің ғылыми аппаратына мазмұнының сәйкес келуімен, зерттеу міндеттеріне сай келетін әдіс-тәсілдерді қолданумен, тәжірибелі-педагогикалық жұмыстың жоспарлылығымен, тәжірибелердің мақұлдануымен қамтамасыз етілген.
Диссертацияның құрылымы: диссертация кіріспеден, екі бөлімнен,тұжырымдардан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі,ғылыми аппараты объектісі, пәні, мақсаты, болжамы, міндеттері, жетекші идиясы, теориялық, әдіснамалық негіздері, деректі көздері, базасы, ғылыми жаңалығы, практикалық маңыздылығы, қорғауға ұсынылатын қағидалары,зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі, мақұлдануы мен практикаға енгізілуі баяндалады.
" Тұлғаға бағдарлап оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру " атты ғылыми жұмыстың бірінші бөлімінде танымдық қызығушылықты қалыптастырудың психология-педагогика ғылымдарындағы мәні мен маңызы, оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы сабақтастықты зерттеудің алғышарттары, мектеп пен университет арасындағы сабақтастықтың зерттелу жайы қарастырылып, моделі көрсетілді.
" Танымдық қызығушылықты қалыптастырудың педагогикалық алғы-шарттары " атты екінші бөлімде оқушылардың танымдық қызығушылығын мектеп пен колледж сабақтастығы негізінде қалыптастыру тәжірибелік-экспериментте тексеріліп, қорытынды нәтижесі талданады.
Қорытындыда зерттеудің нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ұсыныстар берілді.
Қосымшада тәжірибелік-эксперименттен, сабақтан және аудиториядан тыс тәрбие жұмыстарының үлгілері топтастырылып берілді.
2.1.Танымдық қызығушылықты қалыптастырудың алғы-шарттары
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсібін шыңдауға бағытталған рөлі атап көрсетілген: педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің көрініп, дамуы үшін жағдай жасауға міндетті, - делінген.
Оқытудың танымдық қызуғышылығын қалыптастырудағы маңызын бірқатар педагогтардың И.Я. Лернер, Б.Г. Ананьев, М.А. Данилов, М.И. Махмутов, Ю. К. Бабанский, Б.П. Есипов, Г.И. Щукина, Т.И. Шамова, және т.б. еңбектерінде зерттелген. ХҮI ғасырда өмiр сүрген француз ғалымы Мишель Монтень оқытудағы танымдық әрекеттiң маңыздылығын ерекше атап көрсеттi: Оқушыға мұғалiмнен алған бiлiмiн түгел сүзбеден өткiзiп, өз бетiнше талдау жасату қажет. Нәтижесiнде бiлімге құштарлығы дами түсетiнi сөзсiз, - деп атап көрсеткен.
Республикадағы ғалымдар Ж.А. Қараев, Н.Д. Хмель, М.Ә. Құдайқұлов, А.Е. Әбілқасымова, Қ.К. Жанпейісова, т.б. ғылыми еңбектерінде таным жөніндегі идеяларын уақытқа үйлесімді, танымдық қызығушылығын қалыптастыру, өз бетімен білім алу, дағдыларын қалыптастырудың тиімді негіздерін зерттеген.
Мемлекеттік тілде білім алатын оқушылардың ағылшын тілін оқытуда танымдық жолдары арқылы білім сапасын арттыру. Жеке дара тапсырмалар, ойындар, деңгейлік жаттығулар, тестер, дидактикалық материалдар, шығармашылыққа арналған тапсырмалар арқылы балалардың қызығушылығын, іздемпаздығын, тапқырлық, ұстамдылық әрекеттерін, ойын ұштай келе, қиялын дамытып, баланы өз бетімен жұмыс істеуге икемдеу.Егер оқушылардың танымдық іс- әрекетінде тілдерді оқытудың педагогикалық мүмкіндіктері тиімді пайдалынылса, онда оқушылардың мотивациясы мен танымдық қызығушылықпен әрекет жасау дағдылары дамиды, сөйтіп оқушылардың пәнді зерттеуге деген қызығушылығын тудыруға негіз болады, білім сапасы артады.
Білім берудің әдісін қалыптастыруда танымдық қызығушылық ерекше маңызды. Сондықтан оқу материалдарының мазмұны, жан-дүниені қызықтыруға бағытталуы керек. Танымдық қызығушылықты дамытудың үш шарты бар:
Мазмұнның жаңғыртылуы, бұрын жарияланып өтілген фактілерді жаңаша сипаттау, хабарланып отырған мәліметтерге тарихи бағдар беру, білімнің тәжірибелік мәнін ашып көрсету және ғылымның соңғы жаңалықтарын, табыстарын жүйелі баяндау.
Өз бетінше жұмыс істеудің әр-түрлеріне негізделген, оқытудың проблемалық тұрғыда алған мәліметтерді зерттеу негіздеріне және оқушының шығармашылық, тәжірибелік жұмыстарына бағытталған оқыту тәсілдері.
Оқушының қабілетін ұштау, оқытушының оқушыға көмек беруге дайын тұруы, олардың күш - мүмкіндіктеріне қолдау көрсету қабілеті, талап қоюшылығы мен адалдығы, оқушыларды көтермелей білу, сондай-ақ оқушылардың өзара бәсекесіне көмек көрсете білу қасиеті.
Қазіргі оқыту технологиялары мұғалімнің дайын білімді баяндауымен байланысты. Оқушылардың танымдық білімі мен білігін қалыптастыру мақсаты арнайы үш әдістемелік ұсыныс жүйесінің негізінде ұйымдастырылуы тиіс: жаңа білім беруге дайындық, жаңа білім беру және жаңа білімді бекіту. Бұл ұсыныстар оқытудың әдіс-тәсілдерін құралдары мен түрлерін жетілдіру, қазіргі технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Осының арқасында жаңа сабақ түсіндіру, бекіту, қайталау сияқты кезеңдерден тұратын дәстүрлі сабақтардың орнына оқу процесінің кезеңдерінен тұратын қазіргі заманда жаңа талапқа сай жаңа технологиялар пайда бола бастады. Бұлар - кабельдік және спутниктік теледидарлар, бейнеконференциялар, телефорумдар, телемарафондар, партфолио, интербелсенді тақта, электрондық оқулықтар.
Оқушы мен мұғалімнің біріккен қызметі мұғалімнің оқушыларға ұсынатын тапсырмалары, тәжірбиелік жұмыстар т.б. арқылы ұйымдастырылып, жүзеге асып отырады. Дамытушылық алғы шарттарына сәйкес оқушыларға ұсынылатын оқу тапсырмаларының түрлеріне тоқталайық:
Оқушылардың ғылым негіздерін оқып үйренудегі басты қозғаушы күш-оқу барысында кездесіп отыратын танымдық және сарамандық тапсырмалар мен оқушының білім, білік, ақыл-ой дамуының арасындағы қарама-қайшылықтар.
Балалардың жаңа біліммен қаруланудағы белсенділіктері. Олардың білімнің логикалық негіздерін меңгеруі. Жаңа білім алу үшін қажетті бұрынғы қағидалар мен анықтама, қасиеттерді қайта жаңғыртып, нақтылап, ойша пайымдап, еске түсірмейінше, ескі мен жаңаның байланысын білмейінше мүмкін емес.
Бұл алғы шарттарға талдау жасаған кезде жаңа білімді меңгеру барысында үш түрлі дайындық тапсырмаларын ұсынуға болады:
а) жаңа білім алу үшін қажет болатын қайталауға, нақтылауға, оқушының білетін материалдарын толықтыруға арналған тапсырмалар;
ә) бұрыннан белгілі оқуматериалдары мен жаңа білімнің логикалық байланысын орнықтыратын, ойлауға берілетін тапсырмалар;
б) оқулықта берілген жаңа оқу-танымдық міндеттерді меңгеруге және оларды шешудегі қиындықтарды жеңуге үйрететін тапсырмалар.
Танымдық қызығушылық - бұл оқушының болашағы үшін табысқа жету дағдыларын қалыптастыру тиіс. Тіл арқылы қалыптасқан танымдық сапаны арттыруда қолданылатын әдістемеде көрнекілік, үлгі көрсету, проблемалық ізденістер туғызу, нақты өмір деректеріне жүгіну. Оқушылардың танымдық қызығушылығын тілдерді оқыту үрдісінде қалыптастыру, оқушылардың тіл сабақтары арқылы іс- әрекетке ұмтылдыратын танымдық қызығушылығы, білім алуға даярлығы, меңгерген біліміне сүйене отырып, танымдық тапсырмаларды өздігінен шешуі, шығармашылық қабілетінің қалыптасуы, өз жұмысын өздігінен шешуі, өз жұмысының сапасын бағалауы болып табылады.
Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамытуға арналған зерттеулердің нәтижелері оқушылардың танымдық қызығушылығының көрсеткіштері ретінде төменде берілген:
таным үрдісіндегі белсенділігі, білімге қызығушылығы;
өздігінен ізденушілік әрекет жасауға ынтасы;
орындалатын жұмыстың мақсаты мен міндеттерін анықтай білуі;
оқу- танымдық қызметтегі негізгі түйінді анықтау білігі;
игерілген білімді тасымалдай білуі;
өз іс- әрекетін бақылауы, бағалауы;
Оқушылардың танымдық қызығушылығының ең жоғарғы деңгейі танымдық міндеттерді өздігінен шешуге ұтымды жолдарды қолдана білуімен, жаңаны білуге деген қызығушылығының жоғары болуымен және өз іс- әрекеттерін бақылап, бағалай білуімен сипатталады. Орта деңгейде оқушы танымдық іс- әрекет деңгейін өздігінен орындауды оқытушының көмегін қажет етуімен сипатталады, төменгі деңгейде оқушы танымдық тапсырманы қайталаумен шектеліп, оқытушының көмегімен орындалады.
Қазақстандағы жалпы әлеуметтік, саяси экономикалық, тәрбиелік және білімдік, мәдениеттік деңгейлеріміздің жаңа сатыға көтеріліп, жаңаша реңге ие болады. Жеке тұлғаны оқыту,білім беру, дамыту жүйесін жақсартуды талап етеді. Сол себепті еліміздің болашағын дамытатын, жетілдіретін болашақ мамандардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру ерекшеліктеріне назар аударуымыз қажет. Болашақ маман тұлғасының қандай да ғылымды меңгеруі оның дүниетанымдық, қызығушылық, шығармашылық ерекшеліктеріне байланысты болмақ. Қазіргі жағдайда қоғамда болып жатқан өзгерістерді терең тану, оның рухани дамуының дәрежесін айқындау, халқымыздың дәстүрлі мұраларынан сусындай отырып, оның даму қасиеттерін бойына сіңіре отырып өзі өмір сүріп жатқан қоғамның даму үрдісіне елеулі үлес қоса алады. Болашақ маман жеке тұлға болып қалыптасуы үшін- ол қоғамдық сананың,адамның тұрмыс тіршілігінің барлық түрлерінен хабардар болуы керек. Дүниетаным- ғылыми, көркемдік, құқықтық, саяси, діни болуы мүмкін. "Дүниетаным- адамның табиғат,қоғамдық өмір туралы білімдерінің жүйесі. Адамның алдына қойған мақсатының айқын болуы, дүниетанымның өмірмен байланыстылығынан және берік сенімінен туады. Дүниетаным жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарын түсіндіру туралы пайымдауы, ой тұжырымы"деп қарастырады З. Серікқалиұлы [21,6].
2.2.Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың моделі
Қазақстанның XXІ ғасырда өркениетті әлемнен орын алып, дамыған елдердің деңгейінде болуына ықпал ететін бірден-бір құдірет-білімді, тәрбиелі, ақыл-парасаты мол ұрпақты жетілдіру. Қазіргі кезде Қазақстан сияқты мемлекеттің алдында тұрған міндет біртұтас білім кеңістігін қалыптастыру және мемлекетті құрушы негізгі ұлттық озық дәстүрлерімізге сүйене отырып,жастар санасына туған халқының дүниетанымына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып, әлемдік деңгейдегі өркениет құндылықтарын тиімді пайдалана білетін ұлттық рухты сіңіру.туған халқының мемлекеттік тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, салт-дәстүрін меңгере білуге баулып, оны қалыптастыру.
Сонымен, оқушылардың әр түрлі шығармашылық оқыту іс материалдарын -әрекетінде жаңа білімді игеруде, іздену іс-әрекетіне, олардың оқыту проблемасын өз бетімен немесн коллектив болып шешуіне басшылық етеді. Міне, проблемалы оқытудың мәні осында [ 98, 23].
Танымдық қызығушылық-табысқа жетудің,яғни нәтиже алудың кілті. Ал, оны меңгертудің мотивінде адамзат құмырындағы ЮНЕСКО (Біріккен ұлттар ұйымының білім,ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі комитеті) көрсеткен мына құндылықтарға ерекше зейін қойылды: ақиқат, парыз, бейбітшілік, сүйіспеншілік , қиянат жасамау. Білім беру жүйесіндегі елеулі мәселелердің бірі тәрбие мен білімнің нәтижеге жетуі. Жалпы адамзаттық мұратпен іштей қабысып бірлік тапса ғана қойылған мақсаттың нәтижелі болатындығын өмірдің өзі-ақ дәлелдеп отыр. Бұл көрсетіліп отырған тағылымдық бес қағида - әрбір тұлғаны білімдендіру, оқыту, тәрбиелеумен қатар оларды дамытудың негізі болуға тиіс. Әрине, әрбір тұлғаның іс-әрекетіне тосқауыл жасайтын зұлымдықтың мына салаларынан қорғанарлық болас, педагогикалық ізденістер мен атқарылған еңбек нәтижелі болмақ. Олар мыналар: ашу, ыза, кектену, сараңдық, қомағайлық, ашкөздік, паңдық, менмендік, өркөкіректік, күншілдік, көре алмаушылық,қызғаншақтық, қараниеттік, ынтықсыз, құмарлық, сұқтанушылық т.б. жағымсыз қасиеттерден қорғанарлық болса, педагогикалық ізденістер мен атқарылған еңбек нәтижелі болмақ.
Адамның адамгершілік, имандылық таным-түсінігіне зиян келтіретін жаман қылықтарды болдырмау түрткілерін оқыту барысында, тәрбие саласындағы іс-әрекет жүйесінде жүзеге асыру - тиісті көзқарас қалыптастырып, тұлғаның сенімін бекітумен шарттас.
Тұлғаның шын мәніндегі ынталы іс-әрекеті ғана білім мен тәсілдің практикада көрніс береді. Біздің тәжірибеміз көрсеткендей, білімдендіру, тәрбиелік өнеге, әрине зорлықпен, немесе күш көрсетумен игерілмейді. Керсінше, адамның рухани жігерін тұншықтырып, келеңсіздікке душар етеді. Осы орайдан келгенде отандық және дамыған шетелдік алдыңғы қатарлы тәжірибелері мен ғылыми зерттеулері көрсеткендей және халқымыздың ежелден келе дәстүрі, әлеуметтік жағдай, "гуманистік", "демократиялық" ұғым түсініктеріне байланысты жасалатын пайымдау-тұлғаның мойындарлықтай сенімін қалыптастыруға мүмкіндік туғызады. Айтылған саланың нәтижеге жетуі үшін ЮНЕСКО көрсеткен білімдік технологияның қағидаларын басшылыққа алуды мақұлдаған абзал. Дәлірек айтқанда, тұлғаның ішкі қуатындағы, яғни өз бойындағы мүмкіндіктер мен техникалық мүмкіншіліктерді тоғыстыра отырып,педагогикалық үрдістің тиімділігін жетілдіру әдістемесін арнайы мақсатты бағыттай білу-мотивтің, мазмұнының тереңдеуі ұйымдастырудың өміршеңдігін арттырады. Осы жағынан қарағанда оқыту технологиясы педагогикалық категорияның бірлігін сақтап, іс-әрекеттегі мотивтің жүзеге асудағы мән-мазмұнын тереңдете түседі [99,101].
Педагогика ғылымының дидактика саласын зерттеуші ғалымдардың орта және жоғары оқу орындарындағы білімдендірудің сабақтастығы мен ерекшеліктерін сараптай келе орта оқу орындарында, жүйелік моделі-сабақ төмендегідей тұжырымдадық.
- сабақ шәкіртті білімдендіреді, оқытады,тәрбиелейді, дамытады;
- білім, білік, дағды, машық қалыптастырады;
- жаңа тәрбиені, білімді ,меңгертіп, бекітіп, қайталайды;
- білім,тәрбие деңгейін тексереді,бағалайды;
- білім деңгейінің мемлекеттік стандартқа үйлесімді болуын, бағдарламаның жүзеге асуын орындайды;
- әр сабақтың негізгі мақсатқа жетуі көзделеді;
- сабақтың оқыту принциптерімен үйлесіміне орай, әдістеме, тәсіл, амал, көркекті бірлікте қарастырылады;
- әртүрлі сабақ типімен қатар (аралас сабақ, ойын, конференция, бақылау, проблемалық сабақ т.б.) дәріс түріндегі сабақ та өткізіледі. Білімді ала білу, меңгере білу, ұғыну, түсіну;
Жоғары мектептегі жүйелік моделі;
- тақырыпқа орай жоспар және өздігінен жұмыс атқару үшін тиісті әдебиеттер ұсынылады;
- ақпардың ғылымилығы және оның тиісті көзқарас алыптастыруға бағытталуы ескеріледі;
- берілетін ғылыми ақпардың жүйелілігі,уақыт талабына үйлесімділігі ескеріледі;
- дәлел, деректің тұжырымға үйлесімділігі;
- келтірілген факт, мысал, құжаттардың сенімділігі;
- пікірдің айқындығы тыңдаушыны өздігінен ізденуіне бағдар беретіндіктей ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz