Бағалаудың дидактикалық негіздері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Қызылорда облысының білім басқармасы
М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі
Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Көркем еңбек және дизайн ПЦК-сы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Бағалаудың дидактикалық негіздері

Мамандығы: 0111000 - Негізгі орта білім беру
Біліктілігі: 0111143 - Көркем еңбек пәні мұғалімі
КЕ-20 оқу тобының студенті: Ерболатқызы нұрайым

Пән оқытушысы: А.Б.Карамурзаева (қолы) ... ... ...
Курстық жұмыстың бағасы: ... ... ...

Қызылорда, 2024 жыл

Мазмұны
І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІ.Негізгі бөлім
2.1.Дидактика туралы ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2.2.Бағалаудың дидактикалық негіздеріне жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2.3.Білім алушыларды бағалау тарихындағы проблемалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2.4.Бағалауда ынталандыру әдістері,өзің-өзі бағалау және оны ықпалы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2.5. Қалыптастырушы бағалау үдерісін жоспарлау мен ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2.6. Дәстүрлі бағалау жүйесі және оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың заманауи тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ІІІ.Іс-тәжірибелік бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ІV.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

V.Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Мұғaлім мамaндығы - жауaпкeршілігі мoл мaмaндық. Жеке тұлғаны қалыптастыруын дамыту мен оған жан-жақты терең білім беру мақсатында баланы оқыта отырып оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыра отырып, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру жолында неғұрлым тиімді шараларын енгізу бүгінгі ұстаздың жауапты істері болу керек. Әсіресе, бағалау үдерісінің маңыздылығына ерекше мән беріп, сабақта бағалаудың бірнеше түрлерін қолдануға мүмкіндігіміз бар. Бұрынғы дәстүрлі сабақ барысында тек мұғалім ғана бағалай алады деген түсінік қалыптасқан, ал енді біз оқушыларға өз білімі үшін жауапкершілікті арта аламыз. Бағдарлама бойынша біз бағалаудың екі түрін ажырата аламыз: формативтік (қалыптастырушы) және жиынтық. Жиынтық бағалау немесе оқуды бағалау деп айтуға болады, бізге оқушының, мұғалімнің, мектептің мәртебесіне ықпал ететін жалпы сертификаттау үшін пайдаланатын бағалаудың бір түрі. Осы бағалау түрін біз үнемі дәстүрлі сабақ барысында пайдаланғанбыз. Ал енді қалыптастырушы бағалаудың мақсаты - оқушылардың оқуына ықпал ету. Қалыптастырушы бағалау немесе оқыту үшін бағалау деп айтуға болады.
Оқыту үшін бағалау - оқушылардың өз білім деңгейлерін анықтауға, даму жолдарын қарастыруға, өз жетістігіне жауапты тұлға ретінде қалаптасуына мүмкіндік береді. Оқыту үшін бағалау оқушыға өз жетістіктеріне сыни көзқараспен қарауға мүмкіндік беріп, өз іс-әрекетін терең сараптай алуға үйретеді. Бағалау термині жақын отыру дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайындағы өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады.
Оқушылар өз әрекетін ғана емес, сыныптасының әрекетін сараптан өткізіп, бағалауға үйренеді. Әр оқушы өзіне қойылған баға неғұрлым әділ болғанын талап етеді және өзі қойған бағасы да соғұрлым әділ болады.
Зерттеудің мақсаты: Білім алу үшін талпыну, алға ұмтылу керек. Білім алушылар өз білімін жетілдіру мақсатында, міндетті түрде бағалауды үйренуі қажет. Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында тек қана обьективті немесе жеткілікті дәрежеде обьективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес,сондай-ақ баланың дамуы,оқуы және уәжі туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтарға жатады (Александер, 2001).
Зерттеу объектісі: мектептегі оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні: оқу жетістіктерін бағалау-бұл нақты қол жеткізілген нәтижелер мен жоспарланған мақсаттарға сәйкестік дәрежесін анықтауға бағытталған процесс. Педагогикада білімнің көлемі, жүйелілігі, сондай-ақ интеллект,
дағдылар мен құзыреттердің даму деңгейі бағаланады.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Бағалау - одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын маңызды әдіс-тәсіл, сабақ жоспарын құруда осы мәселеге міндетті түрде ерекше назар аудару керек. Бағалау түрлері балалардың жас ерекшіліктеріне сай болу керек және ерекше көңіл дарынды балаларға бөлу керек. Оқушылардың бағалау жөніндегі түсінігін дұрыс қалыптастыру керек, формативті бағалаудың маңыздылығын анық түсініп, нәтижелерді жақсарту мүмкіндіктерін қарастыру керек.
Зерттеудің міндеттері: Оқушылар мұғалім тарапынан, сыныптастар тарапынан әрқашан қолдауды күтеді, уақытында жасаған қолдау болашақта үлкен жетістіктерге әкелуі мүмкін. Қолдаудың да бірнеше түрі бар: мадақтау, мақтау, шапалақ арқылы қолдау, бастауында көмек көрсету. Әр жұмыстың нәтижесі, әр әрекет, әр алға деген ұмтылыс, әр жетістік дұрыс және әділ бағалануы тиіс деп ойлаймын. Дұрыс бағалау - баланы алға жетелейді, білім алуға ынталандырады, ал керісінше уақытында қолдау жасамаған бала өз-өзіне сенімсіз, еріксіз тұлға болып өсуі мүмкін.

2.1. Дидактика туралы ұғым.
Дидактика (гр. διαλεκτική -- тәлімді) -- білім беру, оқыту, тәрбиелеу теориясы; педагогиканың үйренушілерге білімді, машық пен дағдыны меңгерту және тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін, әр кезеңде берілетін білім мазмұнының көлемі мен құрылымын айқындайтын, білім берудің әдістері мен ұйымдық формаларын жетілдіру жолдарын ғылыми негіздеумен айналысатын саласы.
Дидактика ежелгі Грекияда жас ұрпақты оқыту-үйрету тәжірибесінің негізінде пайда болды. Қайта өрлеу дәуірінде жалпы мәдениеттің, ғылымның дамуына, оқыту жүйесі мен тәлім-тәрбие ісін жаңаша құру міндетіне байланысты, педагогика ғылымының негізгі саласы болып қалыптасты. Дидактика терминін XVII ғасырда чех ғалымы Я.А.Коменский өзінің Ұлы дидактика (1657) деген зерттеуінде алғаш рет пайдаланды. Ол білім берудің мазмұнын, дидактикалық принциптер мен көрнекілікті, дәйектілікті және табиғатпен сәйкес келуді негіздеп, сабақ өткізу жүйесін ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан тұжырымдап берді. Коменскийдің дидактикалық идеялары XVIII - XIX ғасырлардағы швейцариялық педагог И.Г.Песталоцийдің, неміс ғалымы Ф.А.Дистервегтің, Ресейде К.Д. Ушинскийдің еңбектерінде одан әрі дамытылды.
Қазақстанда дидактикалық ой философиялық, әлеуметтік, этникалық, әдеби шығармалар арқылы дамыды. Көне түркі жазуында, Қорқыт ата кітабында, ежелгі жыр-аңыздарда, мақал-мәтелдерде, ертегілерде ұрпақ тәрбиесіне қатысты ойлар мен толғаныстар мол. Әбу Наср әл-Фараби өзінің философиялық трактаттарында адамгершілігі мен білімі кемел адамды әділетті қоғам құрудағы шешуші тұлға ретінде қарастырды. Қожа Ахмет Иасауи адамның өзін-өзі жетілдіріп, рухани кемелдену арқылы хаққа (ақиқатқа) жетуге болатынын өсиет етеді. Қыпшақ тіліндегі Кодекс Куманикус сөздігі мен Махмұт Қашқаридің Диуани лұғат ит-түрк сөздігінде де тәлім-тәрбиеге қатысты мақал-мәтелдер, өлең-жыр үлгілері көп. Ал, Жүсіп Баласағұни, Иүгінеки Ахмед, Сүлеймен Бақырғани, т.б. дидактикалық дастандарында бала тәрбиесіне, оқу-білімнің маңызына, адамгершілік негіздеріне жан-жақты тоқталған.
Қазақ әдебиеті тарихында жыраулық поэзия деп аталатын Асан Қайғыдан Бұқар жырау шығармаларына дейінгі ауызша жыр-толғаулар ұлттық педидактика ойдың да терең қазынасы болып табылады. Отандық қоғамдық ойдың тарихында ұлттық үрдістерді әлемдік өркениет үлгілерімен ұштастырған ұлы ғұлама Абай Құнанбайұлы болатын. Абайдың философиялық ойларында ұрпақ тәрбиесіне, жалпы тәрбие проблемаларына да қатысты тұжырымдар мол. Отандық педагогика ғылымы тарихында таза ағартушылық қызметпен айналысып, тәрбие мен оқу-ағарту ісін дамытуға кәсіби теориялық тұжырымдамаларымен ат салысқан ғалым - Ы.Алтынсарин.
Оның мақалалары мен хаттарында, Қырғыз (қазақ) хрестоматиясы,
Қырғыздарды (қазақтарды) орыс тіліне оқыту ісіне алғашқы басшылық, т.б. кітаптарында сол замандағы дидактика мәселелері әр қырынан сөз болады. XX ғасырдың басында балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселелері А.Байтұрсынұлы, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, т.б. кітаптарында жан-жақты талқыланды. Әсіресе, Байтұрсынұлының сол замандағы әлемдік дидактика ғылымындағы оқыту әдістерін талдаған мақалалары, әдістемелік Баяншы кітабы отандық кәсіби дидактика ғылымының дамуына негіз қалады. Кейін оқыту теориясымен айналысқан педагог ғалымдар (Қ.Жұбанов, Т.Тәжібаев, Р.Г.Лемберг, Н.Көшекбаев, т.б.) әлемдік дидактиканың заңдылықтары мен принциптерін отандық оқу-ағарту ісіне қатысты тұжырымдап, тәжірибеге енгізді.
Қазіргі заманғы дидактика ғылымы білім беру теориясы болып табылады. Оның зерттеу пәні - оқытудың мақсаты, мазмұны, заңдылықтары мен принциптері. Дидактика өзінің алдына қойған мақсаттарға жету үшін белгілі бір дидактикалық принциптерге негізделеді. Дидактикалық принциптер оқу-тәрбие жұмыстарының заңды жүйесін көрсетеді, оқыту ісінде табысқа жетудің қажетті шарты болып табылады. Олар бір-бірімен тығыз байланысты құрылған.[[1]][[2]][[3]]

2.2.Бағалаудың дидактикалық негіздеріне жалпы сипаттама
Білім беру саласындағы бақылау және бағалаудың жүйесін модернизациялаудың қажеттілігі туралы білім беру оқу орындарындағы ғалым-педагогтар,оқытушылар мен мектеп мұғалімдері өз пікірлерін үздіксіз көтеріп келді.
Білім алушының білімін бағалау мен бақылауда қолданылатын сөздердің көп мәнділігі, оның ұғымдық аппараттарын анықтау қажеттілігін аса көтерді.Ш.А.Амонашвли мұғалімдер ортасында бағалау мен баға көп жағдайда синоним ретінде қолданылады.Ол ұғымдар бір-біріне ұқсас мазмұнда және анықтамада түсіндіріліп келеді.
Бағалау мен бағаның мұндай шатасуы білім алушының оқу жетістігін бағалаудың бақылау тәртібіндегі нәтиже ретінде қабылданды.Бірақ педагогика ғылымындағы зерттеушілердің пікірі бойынша баға мен бағалау оқу жетістігі нәтижесі ғана емес, сонымен бірге, процесте болып табылатынын анықтайды.
С.А.Архангельский бағаға мынандай анықтама береді: баға-градацияның қабылдаған жүйесіндегі педагогикалық шама мәнін анықтайтын символ.
В.И.Звонников пен М.Б.Челышкова процесс пен нәтиже арасындағы шатасуды жою мен оларды ажыратуға мынандай анықтама берді. Бағалау қойылған педагогикалық мақсатқа жеткен нәтижені қатынасқа қарастыру үшін оқу жетістігін бақылау тәртібі деді.Олай болса, осы қатынастағы талдау нәтижесі педгогикалық бағаны көрсетеді.Педагогикалық баға сандық,әрәптік, таңбалы болып,педагогикалық баға осы үш белгіде жазылып көрсетіледі.Бағалау жүйесіндегі бағаның сандық шамада немесе мәнде жазылуы-балды жүйе болып табылады.Осылай, терминдер мынандай тізбекте жүреді екен: оқу жетістігін бақылау-бағалау,баға-сандық мәндегі бағаға көшу-балдық баға.
Бұл жерде оқу жетістігін бақылау жалпы түсінік бола отырып, ол өзінің әрекетінде мынандай алгоритмді қурайды екен:бақылаудың мақсаты,өңдеу әдісін анықтау, алған мәліметтерді түсіндіру,қажетті шешімдер қабылдау.Осы иерархияның әрбір деңгейінеде бірнеше шешілмеген кешенді проблемаларды құрайды.Зерттеу жұмыстарында соның ең төменгі деңгейі ғана тексеріліп келді-баға мен бағалау балдары.Бұл жерде нәтижені бағалаудың сандық,әріптік және таңбалық символда белгілеулер өзгергенімен,олардың бағалау жүйесіндегі педагогикалық мәні бәрі бір жойылмай келді.Мұндағы бағалау жүйесі,балдық жүйе,баға жүйесі бір бірінен бірдей мәнге ие болып отыр.
Жоғарыдағы негізгі ұғымдарды анықтай отырып мектептің бағалаудың балдық жүйесінің өміршеңдігіне қайтып оралсақ,онда оның орнықты сақтау себебін анықтау үшін екі әдіс пайдаланылады:тарихи және салыстырмалы.
Тарихи тұрғыда жағдайларды салыстыратын болсақ, онда білім беру саласында бағалаудың балдық жүйесі бірде болды,бірде жойылып отырғаны байқалады.Салыстырмалы талдау бағалаудың баға жүйесін пайдаланбау мүмкіндік шартының болуы анықталды.
Бағалаудың әртүрлі жүйесінің функциясын талдау арқылы бағалау жүйесінің сипатына әсер ететін төрт фактор айқындалады:бағаның қолдану саласы;мұғалім мен білім алушының арасындағы қатынас;білім алушының оқу пәніне қатынасы;оқу процесін басқаруға қажетті құралдардың болуы.
Әдістемелік нұсқаулар мұғалімге жоспарлауға көмектесу үшін құрастырылады,1-сынып оқушылары үшін "Көркем еңбек" пәні бойынша жиынтық бағалауды ұйымдастыру және өткізу. Әдістемелік нұсқаулар оқу жоспары мен оқу жоспары негізінде дайындалады. 1-сыныптағы жиынтық бағалау 3 және 4-тоқсандарда жүргізіледі. Бөлімортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар мұғалімге оқушылардың тоқсанға жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Бөлімортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды жүргізу үшін әдістемелік ұсыныстарда тапсырмалар, дескрипторлары мен ұпайлары бар бағалау критерийлері ұсынылады. Сондай-ақ жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін болатын деңгейлері (айдарлар) сипатталған. Дескрипторлары мен ұпайлары бар тапсырмалар ұсынымдық сипатта болады. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін мыналар ұсынылады балл қою сызбасы бар спецификация. Бұл құжат стандартталған
және тоқсандық жиынтық бағалау үшін міндетті болып табылады. Әдістемелік нұсқаулар бастауыш сынып мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалаудың мектептік және аймақтық үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.Әдістемелік нұсқауларды дайындау барысында ашық аспан астындағы ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, бейне және аудиоматериалдар, т.б.) пайдаланылды.
ресми интернет-сайттарға кіру.

Қолданылатын шартты белгілер:
* тоқсанның бірінде мақсаттарды (мүмкіндігінше) біріктіру ұсынылады
есептеуге негізделген ортақ тақырыптар бойынша оқыту - 2 ортақ тақырып
тоқсан
** оқу бағдарламасының оқу мақсатының бір бөлігі пайдаланылады

Алайда, әдістемелік болжамдар жиынтығын қатаң сақтау бағалау саласын негізгі аудитория үшін қолайлы етуі мүмкін, бірақ бұл ұстаным бағалаушылардың бағдарламаларда кездесетін көптеген мәселелерді шешудің жаңа стратегияларын жасауына жол бермеуге бағытталған.[9] Бағалау туралы есептердің тек аз бөлігі ғана пайдаланылады деп мәлімделедіжәне (клиент) (Деректер, 2006).[6] Мұның бір негіздемесі: "бағалау нәтижелеріне наразылық білдіргенде немесе кәдеге жарату сәтсіздікке ұшыраған кезде, мүдделі тараптар мен клиенттер қорытындыларды әлсіз немесе кепілдемелерді сенімсіз деп тапқандықтан болды" (Фурнье және Смит, 1993).[6] Бұл жағдайдың кейбір себептері бағалаушының бағалаумен ортақ мақсаттар жиынтығын құра алмауы немесе тым өршіл мақсаттарды құруы, сондай-ақ ымыраға келмеуі және жеке тұлғалар мен бағдарламалардың мәдени айырмашылықтарын бағалау мақсаттары мен үдерісіне енгізбеуі болуы мүмкін. .[5] Бұл проблемалардың ешқайсысы бағалаудың анықтамасының болмауына байланысты емес, керісінше бағалаушылардың клиенттерге бағалаудың бейімді түсініктері мен анықтамаларын енгізуге тырысуына байланысты. Бағалаудың нашар пайдаланылуының басты себебі болып табылады[кіммен?] бағалауды клиенттің қажеттіліктеріне сәйкес келтірудің болмауына байланысты, клиенттің қажеттіліктерінен гөрі бағалаудың не екендігі туралы алдын-ала анықталған идеяға (немесе анықтамаға) байланысты (Үй, 1980).[6] Бағалаудың стандартты әдістемесін әзірлеу агент-директор, құпиялылық, мүдделі тараптардың анықтамасы, жауапкершілігі шектеулі серіктестік сияқты этика мәселелері бойынша сұрақтар қоюдың және олардың нәтижелерін көрсетудің қолданыстағы тәсілдеріне келуді талап етеді; және ақшаны ақылмен жұмсауға болатын мәселелер.

2.3. Білім алушыларды бағалау тарихындағы проблемалар

Дүниежүзілік білім беру кеңестігіндегі бағалау жүйесінің тарихы тәжірибеге негізделсек,бес балдық шкаламен білім алушының білімін бағалау,әсіресе,бұрынғы Кеңес Одағының қалыптасу алдында және кейін бірнеше рет қайталану циклінен өтіп отырхан екен.Оның өзгеріп отыруына бірнеше себептер ықпал еткені байқалады.Соның ішінде,біздің білім алушылардың психологиялық күйзеліс пен дағдарыстан айыру үшін бес балдық жүйені әртүрлі формада өзгертуі (мәтіндік,жалпы бағалау),балдық бағаны сөз түрінде жазу,оқушылардың білімін бес балдық шкаламен бағаламай жалпы білім жетістігін,оның оқу-тәрбие процесіндегі қасиеттеріне негізделе баға беру,бағасыз сыныптан сыныпқа көшу сияқты.Соңғы екі жүйеде білім беру барысында Ресейде білім алушылардың білім деңгейінің күрт төмендеп кетуі байқалған.Соның нәтижесінде Кеңес Одағының алғашқы кезеңдеріне қайта бес балдық шкаламен білім алушының білімін бағалауға қайта оралған.Кеңес Одағы кезіндегі білім беру жүйесінде ұзақ уақыт білім алушылардың білімін бағалаудың жалғыз бір бағалау критериясы болып келді.
Оқушылардың білімін бағалау жүйесі 16-17 ғасырлардағы иезуит мектептерінен басталған.Топтағы білім алушының білімі разряд бойынша,яғни сан белгісімен ажыратылып отырхан.Білім алушылардың бір разрядтан екінші разрядка өтуінде, олардың артықшылықтары болған.Осының негізінде бірлік санының алғашқы реті,яғни,бір жоғары балл болып табылған.Сондықтан,Батыс европалықтардың білімді бағалау шкаласы біздің бағалау шкаласына қарағанда кері қарай жоғары жетістік көрсеткішін білдіреді.1737 жылдары Киевтегі духовной академиясының түлектерінің білімін бағалау мәтіндік сипатта орын алған. Бірінші топтағы студенттерге жақсы табыстарын белгілеген: сенімді,қайырымды,адал,жақсы,мақт ауға тұрарлық;екінші топтағы студенттерді орташа табысты: учения посредственного,мерного,нехудого; үшінші топтағы студенттердің орташадан төмен үлгерімін: үйренуі төмен,подлый,прехудой,сенімсіз,жалқ ау бағалаған екен.
19 ғасырда осы бағалау жүйесін қолдану көптеген оқу орындарында кең таралған.Кейін келе баға бір тұрпатта және қысқа мазмұнда мәнерленуі орын ала бастаған.Орыс мектебі 3,5,8,10 және 12 балдық шкаламен білімді бағалауды өткізген.Соның ішінде Ресей территориясындағы мектептерде кеңінен таралған балдық шкала бес балдық жүйе болып табылған екен.Ол 1837 жылы ресми түрде Халық ағарту министрлігімен қабылданған: 1-төмен табысы, 2-орташа, 3-жеткілікті, 4-жақсы, 5-өте жақсы.
Осы балдық жүйенің қолдану барысында қызу қызу даулар оқушылардың білімін бағалаудың бес балдық жүйесі бойынша жүрген.С.Мирпольскийдің балдық жүйеге айтқан пікірі смерть баллам грозит неизбежно;не нынче,завтра,но дни сочтены.
Алғаш рет оқушылардың білімі мен мінез-құлқын бағалау үшін сандық
белгілерді XVII-XVIII ғасырларда тамаша мұғалімдер мен оқытушылар ретінде беделге ие болған иезуиттер өз мектептерінде қолдана бастады. Алдымен олардың сандары оқушылар тобын көрсетті. Үздіктер бірінші топта болды және 1 Саны біздің қазіргі "5"белгісіне сәйкес келді. Ең нашар оқушылар бесінші топта болды, бұл "1"белгісіне сәйкес келді. Болашақта 1, 2, 3, 4, 5 сандары оқушының үлгерімі мен мінез-құлқын бағалау мәніне ие болды. Алғашқы үш балдық жүйе ортағасырлық неміс схоластикалық мектептерінде ата-аналардың немесе тәрбиешілердің балаға әсерін күшейту тәсілі ретінде, сондай-ақ оқушыларды олардың қабілеттері мен білімдері бойынша ажырату әдісі ретінде пайда болды. Әр балл дәрежені, оқушының басқа сынып оқушылары арасындағы үлгерімі бойынша орнын белгіледі (1-ші -- үздік, 2-ші -- орта, 3-ші -- нашар). Кейінірек оқушылардың ең көп санына жататын орта деңгей сыныптарға бөлінді. Ұпайлар басқа мағынаға ие болды: олардың көмегімен олар оқушылардың білімін бағалауға тырысты.
Жиырмасыншы ғасырдың 1960 және 90 жылдары сынып сабақ жүйесінде білім алушының білімін бағалаудың модернизациялау мен ізгілендіруде үш тұрғы қалыптаса бастады.
1990 жылдары көптеген оқу орындарында,соның ішінде мектептерде,кәсіптік білім беру оқу орындарында білім алушының танымдық іс-әрекетін бағалаудың жаңа формалары мен әдіс тәсілдерін зерттеу және тәжірибе жүргізу кеңінен жүргізілді.Оның продуктивті түрінің бірі-модулді-рейтингті білімді бағалау жүйесі болып табылды.Ол дегеніміз бес балды бағалау жүйесінен жүз балдық бағалау шкаласына көше ауыстыруды көздеді.
Көптеген мемлекеттердің білім беру жүйесінде білім алушының оқу жетістігін бағалау көп сандық шамадағы шкалалармен бағалау кеңінен таралып келеді.Мысалы:Польшада 6 балдық шкала тәжірибеде жүрсе,Жапонияда 100 балдық шкала,Молдова,Белоруссия,Латвияда 10 балдық шкала,Украинада 12 балдық шкала,Францияда 20 балдық шкала болса,АҚШ-та 5 балдық шкала болғанымен, оны әріптік жүйеге баламалап бағалайды- A,B,C,D,F.Емтихандарды тест арқылы қорытынды балл шығаруды 100 балдық шкаламен бағалайды.Енді осы балдық шкаламен бағалауда оқушылардың білім жетістігін бағалауға қойылатын жоғары балдар қандай? Мысалы,Украинада үздік оқушы тек 10, 12, 11 балл алған категориядағы білім алушылар алтын медальға иеленуге үміткер бола алады.Францияда 20 балдық шкаламен оқуға байланысты,олардың ең жоғарғы баллы-18 балл,француздардың пікірі бойынша өте жоғары балды-20 балды тек құдайдың өзі ғана ала алады 19-баллды педагогтың өзі алады деп санауда.Германияда бес балдық шкаламен бағалағанымен,бағалау кері қарай жүреді.Өте жоғары-1 балл,5-балл керісінше төмен баға болып табылады.
"Бағалау" сөзінің әр түрлі мағыналары бар коннотациялар әр түрлі адамдар үшін осы процеске қатысты мәселелер көтеріледі, олар мыналарды қамтиды; бағалаудың қандай түрін жүргізу керек; неліктен бағалау процесі болуы керек және білім мен хабардарлықты арттыру мақсатында бағалау бағдарламаға қалай біріктірілген? Сондай-ақ, бағалау үдерісіне тән әр түрлі факторлар бар, мысалы; бағдарлама туралы салыстырмалы ақпаратты жинау мен талдауды көздейтін бағдарлама ішіндегі әсерлерді сыни тұрғыдан зерттеу.

Майкл Куинн Паттон бағалау процедурасы мыналарға бағытталуы керек деген тұжырымдаманы алға тартты:

Іс-шаралар;
Сипаттамалары;
Нәтижелер;
Бағдарлама бойынша пайымдаулар жасау;
Оның тиімділігін арттыру;
Бағдарламалаудың ақпараттандырылған шешімдері;
2003 жылы Томсон мен Гофманның бағалаудың басқа перспективасына сүйене отырып, процесті орынды деп санауға болмайтын жағдайға тап болуы мүмкін; мысалы, бағдарлама болжанбайтын немесе негізсіз болған жағдайда. Бұған жүйелі тәртіптің болмауы жатады; немесе мүдделі тараптар бағдарламаның мақсатына қатысты келісімге келе алмайды. Сонымен қатар, ықпал етуші немесе менеджер бағалау шеңберінде өзекті, маңызды орталық мәселелерді қосудан бас тартады

2.4.Бағалауда ынталандыру әдістері,өзің-өзі бағалау және оны ықпалы

Оқушылардың білімін есепке алу және бағалаудың қалыптасқан түрлерінің негізгі кемшіліктерінің бірі - оқушылардың бақылау жұмыстары мен өздігінен істейтін жұмыстарын күнделікті тексеру кезінде мұғалім өнімсіз еңбекпен көп шұғылданады. Білім тексеру мен бағалауда біраз уақытын жеке оқушыға бөліп, не болмаса, жазбаша бақылау жұмыстарын кешенді талдау арқылы бағаламақ болып көп уақытын ысырап етеді. Тексеру мен бағалаудың озық технологиялық әдіс-амалдарын ойластырып жатпайды. Бұның соңы білім бағалаудағы субъективизмге әкеліп: баға оқушы мен мұғалімнің өзара қатынасына негізделеді, өзге оқушылардың білім деңгейімен салыстырала қойылады. Мұғалімдердің арасында бағаны оқушыға қысым көрсетудің, қорқытып тәрбиелеудің құралына айналдырушылар да кездеседі. Ондайлар сабақта тыныш отырмаған оқушыларға да екілік қояды. Кейбір ұстаздар бағаны қалтасынан беретіндей тым сарандық жасайды. Керісінше, жақсы атты болуға, оқушы тілін табуға тырысып жомарт ағай, апай атануға ұмтылатын әріптестеріміз де жоқ емес. Түптеп келгенде осы әрекеттердің бәрі оқушылардың сабаққа байланысты еңбегіне жасалған қиянат.
Бұл - жекелеген мұғалімдердің өз мамандығы бойынша теориялық білімі таяз, әдістемелік шеберлігі төмен, педагогика мен психологиядан білім деңгейі әлсіз, дидактикалық озық тәжірибелерді күнделікті жұмысына шығармашылықпен пайдалана алмайды деген сөз.
Менің түйгенім бойынша: білім бағалаудың бұлжымас төрт ұстанымы бар. Біріншіден, бағалау және баға - оқу үрдісінің ажырымас біртұтас құрамдас бөлігі. Бұл үш дәйектемеден тұрады:
а) Бағалау - ынталандыру әдісі мен құралы, оқыту мен оқудың қозғаушы факторы;
ә) Бағалау - емтихан не сынақ алу - білім сапасын жетілдірудің, оқышының басқа да қасиеттерін дамытудың, ұштаудың кепілі;
б) Бағалау мұғалім мен оқушының жан-жақты ынтымақтастық қарым-қатынасын қалыптасырады, жағымды ықпал етеді.
Екіншіден, бағалау және баға оқушыларды өмірге үйретеді, дайындайды, бейімдейді. Бұл ұстанымда өзара сабақтас үш дәйектемеден тұрады:
а) Үлгірімді жоғарылату ісіне етеді;
ә) Тәрбиенің маңызды құралы;
б) Оқушылардың белсенділігі тасын арттырудың құралы.
Үшіншіден, бағалау мен баға барлық оқушылардың дамуына ықпал етеді.
Төртіншіден, бағалау әрқашанда әділетті сипатта болуы керек, сонда ғана оның ғылыми-дидактикалық тұрғыдан нәтижелілігі қамтамасыз етіледі.
Ш. Амонашвилидің пікірінше, өзін-өзі бағалауды қалыптастыру үшін жеке бағалаушылық пайымдауда оқушы бетке ұстайтын ерекше бағалау өлшемдері құрылуы қажет. Ол, белгілі бір үлгі өлшемдерді, олармен жұмыс істеу жолдарын меңгерген бағалаушылық пікірлер үлгілерін, жолдастарының жұмыстарына қатысты мазмұнды бағалау тәжірибесін игерген оқушы өзінің жеке оқу-танымдық әрекетіне бағалау бөлігін белсенді енгізе алатындығын атап көрсетеді.
М. Львов зерттеулерінде оқушының өзіндік бағалауын қалыптастырудың маңызды қыры ашылады. Оның пікірінше, оқушыны әрекет субъектісі ретінде қалыптастырудың келесі міндеті мынадай шарттармен қамтамасыз етіледі:

- сыныптағы еркін хал ахуал;

- мұғалім тарапынан оқушыларға сенім білдіру және құрмет;

- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім алушыларды бағалау тарихындағы проблемалар
Жобалап оқыту жағдайында оқушылардың білімін бақылау мәселелеріне талдау жасау
Жоғары мектеп жасындағы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда компьютерлік оқыту және бақылау бағдарламаларының рөлін анықтау
Дидактика-педагогикалық ғылымдар жүйесінде
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ САПАСЫН БАҚЫЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Біліммен дағдыны бақылау және бағалау
Казіргі окыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау, бағалаудың жаңа технологиясы
Ойын технологиясы - оқушылардың математикалық біліктілігін дамытудың бір тәсілі
Мектептегі оқу-тәрбие процесіндегі педагогикалық диагностика үрдісі
Модульдік оқытудың модульдік технологиясы
Пәндер