Банктік тәуекелдер



ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І. БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1 Банк тәуекелдерінің ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2. Банк тәуекелінің жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

ІІ. БАНК ТӘУЕКЕЛДЕРІН БАСҚАРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.1. Пайыз тәуекелін басқару . банк пайдасын ұлғайту құралы ... ... ... ... ... ... ...17
2.2. Валюталық тәуекел ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
2.3. Несиелік тәуекел ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының нарықтық аймағында орын алатын барлық экономикалық реформалардың табысты жүргізілуінің негізі тұрақты ақша айналымының жақсы қызмет етуі болып табылады. Нақты ол шаруашылық жүйенің барлық қатысушылары мен оның құрамдас бөліктері арасындағы байланыстарды жүзеге асыруға көмектеседі. Банктер - іскерлік серіктестік басталатын және аяқталатын негізгі орталық болып табылады.
Мемлекетте банктер негізгі қаржы экономикалық институттар болуына байланысты олардың қызметі экономиканың тұрақсыз даму жағдайында қарастырылуы маңызды болып келеді. Барлық банктік операциялар олардың жүргізілу тәуекелділігімен байланысты болғандықтан, банктік қызметті реттеу және қадағалаудың барлық процесінде коммерциялық банктер тәуекелін қарастыру және оны басқару ең қажетті мәселе болып келеді.
Осы оқу құралы коммерциялық банктердің тәуекелділігін оқып үйренуге студенттер мен магистранттарға көмектеседі.
Осы материалда ҚР-ң коммерциялық банктер қызметін толық ұйғаруына көмектесетін ақпараттар бар. Теоретикалык материал практикалық мәліметтермен бірге берілген.
Пайдаланған әдебиеттер:

1.Астахов А.В. Системный подход к управлению рисками крупных российских банков // Деньги и кредит, №1, 1998. с.23-28
2.Диана МакНотон. Банки на развивающихся рынках. М:1994.-Т.1,2.
3.Жданов А.Ю. Банковские риски и управление персоналом // Деньги и кредит, №7, 1998. с.62-68
4.Жуков Е.Ф. Банки и банковские операции.- М:Банки и биржи, «ЮНИТИ», 1997.
5.Кулмагамбетов А.Р. Управление финансовыми рисками // Рынок ценных бумаг, №9, 1998. с.18-24.
6.Мажитов Д.Современная банковская система РК: отдельные аспекты теории и практики. // Азия – ЭЖ, №2, 1997. с.9.
7.Сейткасымов Г.С. Банковское дело. Алматы: Қаржы – Қаражат, 1998.
8.Садвакасова А.Б., Хаджиева А.Б. Управление кредитными рисками в банковской сфере РК // Вестник КазГУ. Серия экономическая, №9, 1998. с.111-117.
9.Сейткасымов Г.С., Шаяхметова К.О., Абдраимова Г.Т. Бухгалтерский учет и отчетность в банках. Алматы, Қаржы-Қаражат,2000
10.Сейткасымов Г.В. Деньги, кредит, банки. Алматы, 1996.
11.Шаяхметова К.О. Банктік тәуекелдер: Оқу құралы.- Алматы: Қазақ университеті, 2004 – 78бет.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І. БАНКТІК
ТӘУЕКЕЛДЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...4
1.1 Банк тәуекелдерінің
ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 4
1.2. Банк тәуекелінің
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .5

ІІ. БАНК ТӘУЕКЕЛДЕРІН
БАСҚАРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
2

2.1. Пайыз тәуекелін басқару - банк пайдасын ұлғайту құралы
... ... ... ... ... ... ...17
2.2. Валюталық
тәуекел ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 20
2.3. Несиелік
тәуекел ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 23

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...29
ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...30

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының нарықтық аймағында орын алатын барлық
экономикалық реформалардың табысты жүргізілуінің негізі тұрақты ақша
айналымының жақсы қызмет етуі болып табылады. Нақты ол шаруашылық жүйенің
барлық қатысушылары мен оның құрамдас бөліктері арасындағы байланыстарды
жүзеге асыруға көмектеседі. Банктер - іскерлік серіктестік басталатын және
аяқталатын негізгі орталық болып табылады.
Мемлекетте банктер негізгі қаржы экономикалық институттар болуына
байланысты олардың қызметі экономиканың тұрақсыз даму жағдайында
қарастырылуы маңызды болып келеді. Барлық банктік операциялар олардың
жүргізілу тәуекелділігімен байланысты болғандықтан, банктік қызметті реттеу
және қадағалаудың барлық процесінде коммерциялық банктер тәуекелін
қарастыру және оны басқару ең қажетті мәселе болып келеді.
Осы оқу құралы коммерциялық банктердің тәуекелділігін оқып
үйренуге студенттер мен магистранттарға көмектеседі.
Осы материалда ҚР-ң коммерциялық банктер қызметін толық ұйғаруына
көмектесетін ақпараттар бар. Теоретикалык материал практикалық
мәліметтермен бірге берілген.

І. БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДЕР

1.1 Банк тәуекелдерінің ұғымы

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында қызметтің барлық салаларында
экономиканың қайта құру процесі жүріп жатыр. Әрине, тәуекел қаржылық және
өндірістік қызметтен басты проблема болып табылады. Тәуекел біздің өмірде
күрделі шешілмейтін, перманентті болады. Тәуекелді ескере отырып, біз өз іс-
әрекеттерімізде тәуекелді минимумға жеткізуге тырысамыз. Сонымен қатар
тәуекелдің ең тиімді түрін таңдауға тырысамыз.
Банк тәжірибесіндегі тәуекел – белгілі бір жағдайда банк шығындарының
тәуекелі. Тәуекел - өндірушінің, сонымен қатар банк қызметінің қорытындысын
нәтижесінің анықталмағандығы және мүмкін шығындар. Тәуекел келесідей
жағымсыз нәтижелерге тап болуы мүмкін:
• Табысты жоғалту;
• Берілген несие бойынша қайтарылмау жағдайында шығындар;
• Ресурстық базаның қысқаруы; т.б.
Бірақ тәуекел деңгейі төмен болса, жоғары табыс алу мүмкіндігі де аз
болады. Сондықтан да әр өндіруші – тәуекел деңгейін төмендетуге тырысады
және де көптеген альтернативті шешімдерден ең тиімдісін, нарық деңгейінің
оптималды қатынасы мен іскерлік деңгейді, табыстылықты таңдауы қажет.
Тәуекелдік деңгейі көбейеді, егер:
• қиындық аяқ астында және күтпеген жағдайда пайда болса;
• банктің бұрынғы тәжірибесіне сай емес жаңа мақсаттардың қойылуы
немесе белгілі бір мәселеге қатысты шараларға тиімді шешімдерді
шешуде заңдардың әлсіздігі.
Тәуекелдегі төмен немесе ең ұтымды түрін таңдау үшін біз тәуекелді сандық
жағынан анықтауымыз қажет. Тәуекелді уақыт өлшеуде немесе бағалаудағы басты
мақсаты адамның қаншама тәуекелге ұшырауына байланысты анықталады. Іскерлік
өмірінде тәуекелді бағалаудағы ең көне түрі болып сақтандыру табылған:
саудагерлер ғасырлар бойы тәуекелді болдырмау үшін өз тауарларын бір немесе
бірнеше мүмкін шығындардан сақтандырған, мысалға ұрлықтан, соғыстан және
т.б. Қазіргі уақытта Батыс елдерінде көптеген адамдар өз өмірін
сақтандырады. Осыдан сұрақ туындайды: сақтандырушылар сақтанушыларға
қарағанда тәуекелге аз ұшырайды ма? Әлбетте олай емес: олар тәуекелді
өлшеуде эксперт болып алған. Себебі ол арқылы оның қызметінің жағдайы
анықталады.
Бүгінгі күні тәуекелді талдауда және бағалауда негізгі басымдылық
мүмкіндік теориясына негізделген, яғни болашақта қандай жағдай болатынын
анықтау үшін жүйелік сатистикалық мүмкіндік әдісі қолданады (әлбетте ол
пайызбен көрсетілсе). Ол ғылым мен бизнес саласында, банк ісі мен қаржыны
да қоса кең қолданыста. Тәуекелге банк операцияларының барлық түрі
Қазақстанның коммерциялық банктерінің қазіргі кезеңде тәуекелдерін талдай
отырып келесілерді ескеру қажет:
• экономиканың өтпелі кезеңдегі өндірістің төмендеуі, ұйымдардың
қаржылық тұрақсыздығы ғана емес, сонымен қатар көптеген шаруашылық
байланысының тоқтауына әкеледі;
• саяси жағдайдың тұрақсыздығы;
• банктік жүйенің қалыптасуының аяқталмауы;
• кейбір негізгі заңдылық актілердің жоқтығы мен жетілмегені, құқықтық
баға мен нақты бар ахуалдар арасындағы қарама қайшылық.
Барлық банктер осындай тұрақсыздықта өзінің бәсекелестерінің іс-
әрекеттерін, сонымен қатар Заңның өзгеруін ескеру қажет. Осындай
белгісіздік пен тәуекелдің жоғары деңгейі – алған экономикалық
тәуелсіздіктің бағасы. Тәуекел банктік операциялардың барлығында бар, бірақ
ол әр түрлі масштабта және әр түрлі “орын толтырылуы”, өзгеруі мүмкін, яғни
барлық тәуекелді жоятын және ертерек қаржылық қорытындыны қамтамасыз ететін
банктік операциялар нұсқасы жоқ.
Сонымен банктік қызметте маңызды болып тәуекелді жою емес, ол тіпті
мүмкін емес, оны болжау мен минималды деңгейге жеткізу табылады. Әрине банк
басшылары күтілетін шығын көлемін азайтып, табысты көбейтуге тырысады. Осы
екі мақсат бір-біріне қайшы болады, ол нарықтық экономиканың классикалық
ережесімен белгіленген, онда мүмкін жоғары табыспен бірге мүмкін жоғары
тәуекел де қатар жүреді. Табыстылық пен тәуекел арасындағы оптималды
қатынас ұстап тұру банкті басқарудың ең маңызды және күрделі проблемалардың
бірі. Қазіргі кезде банкирлер өзгермелі экономикада қызмет жасау үшін
тәуекелді басқару мәселесіне көп көңіл бөлетін болады.

1.2. Банк тәуекелінің жіктелуі

Тәуекелдердің пайда болу көздерін және себептерін дұрыс түсіну үшін
негізгі банктік тәуекелдердің жіктелуін және олардың сипаттамасын
келтірдік. Бұл банктік тәуекелдердің жіктелу құрылымын осы пәннің
белсенді зерттеушісі, біздің отандық экономист Новиков И.А. ұсынған. Пайда
болу көздеріне қарай ішкі және сыртқы тәуекелдерді ажыратуға болады.Сыртқы
тәуекелдер сыртқы ортада пайда болады және басқарылмайтын және жартылай
басқарылатын болып бөлінеді.
Басқарылмайтын тәуекелдерге келесілер жатады:

Апаттық тәуекел - бул жер сілкініс; тасқынның дауылдың, өрттікң және т.б.
салдарынан банкке материалдық келтіруді айтамыз. Бұл банкке, сонымен қатар
оның клиенттері мен қарыз алушыларына залал келтіре алады.

Саяси тәуекел - бул саяси биліктің немесе мемлекетпен жүргзілетін саяси
бағамның ауыстыруы салдарынан, соны мен қатар соғысты, революцияны,
азаматтық соғысты жариялауынан банкке жағымсыз әсесерінен тигізетін
тәуекел. Саяси тәуекел банкті ұлттандыру кезінде немесе банктің және оның
клиентінің жағдайын төмендетуі мүмкін жаңа шектеулер мен заңды
өзгерістерді бекіту кезінде көрініс табады. Жаксы дамыған бағдарламалары
бар банктер несиелік рейтингтің күрделі жүйеісн құрастырады. Оның бірі -
қурамдас рейтинг жуйесі. Бул жуйеде әр мемлекет 1-ден 9-ға дейін шкала
бойынша курамдас рейтингті алады. Рейтингті негізінен несиені бағалау
ушінде қолданылады қолдану қажет Мысалы, АҚШ банктері елге төнуі мумкін
қауіптер жөніндегі Үкіметаралық Комитеті дайындаған рейтингтерін қолдана
алады. Саяси тәуекелдің рейтингі сыртқы міндеттемелерін төлеуден белгілі
бір үкіметтің қалауы мен саяси мумкіншілігін өлшейді. Сонымен қатар бұл
рейтинг укіметтің турақтылығын және сыртқы қарызын төлеуге қатынасын
бағалау үшін де қолданылады.

Жалпы экономикалық тэуекел- елдің экономикалық. жағдайының төмендеуі
яғни ЖҮӨ деңгейінің төмендеуі, мемлекеттік бюджет
жетіспеушілік, инфляция деңгейінің жоғарлауы, эконо- миканың құрылымдық
дағдарысы, мемлекеттің теріс төлем балан- сы үкіметтің тұрақсыз
экономикалық саясаты ұлттық валютаның құнсыздануы мемлекеттік шенеуніктер
арсындағы же мк,орлықтыңөсуі кезіндегі пайда болатын тәуекел.

Елдік тәуекел - шетелдік серіктестер мен несие берушілер ушін банктің
орналасуы тәуекелін, сонымен қатар егер банктің клиенті экспорттық-
импорттык кызметпен айналысса, не банктің шетел қарыз
контрәріптесі басқа елде болс, не банк алушыларды несиелендіретін болса,
онда осы тәуекел бел алуы мүмкін.Елдік тәуекел саяси,жалпы экономикалық
және заңнамалық, тәуекелдерді қамтиды. Банктер әлемдік экономиканың
интеграциясы нәтижесінде кез келген елдермен олардың тәуекел дәрежесіне
қарамай операцияларды жүргізуге мәжбүр болады. Демек, банк тәуекелі төмен
елдермен ғана қарым-қатыныс жасауға өз бетінше таңдау жасай алмайды.
Сонымен қатар, сыртқы басқарылмайтын тәуекелдерге каржылық тәуекелдердің
бір бөлігін жатқызуға болады. Мысалы, банк егер әлемдік нарықтағы
пайыздық ставкалардың өзгеруіне әсер ете алмаса, депозиттер

мен ссудалар бойынша өзінің пайыздық ставкаларын басқаруға мүмкіндігі бар
. Сондықтан да, бул тәуекелдердің сытрқы және ішкі ортаның әсеріне ұшыраған
кездегі анықтамаларын беріп, ажырата алайық:

Депозиттік тәуекел - бул сыртқы ортадан салымдарды, депозиттерді,
зайымдарды және баска да қаржыландыру көздерін тарту бойынша
тәуекел. Яғни егер олар банктен мерзімі жетпей алынса, онда банктің осы
міндеттерін орындай алмау тәуекелі немесе банктің ағымдағы
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ақша ресурстарын тартудың мүмкіндігнің
жоқтығы салдарынан болатын тәуекел. ІшкІ ортаның әсерінде бұл осы
операцияларды орындау кезіндегі банктің пайыздык саясаттың дұрыс таңдалмауы
немесе басқару кезіндегі қателердің пайда болу тәуекелі.

Несиелік тәуекел - бұл қарыз алушының қаржылық жағдайының төмендеуі мен
немесе банкроттылығымен және несиенің
толық немесе бір бөлігін, олар бойынша пайыздар сомасын қайтара алмаумен
байланысты тәуекел. Ішкі ортаның әсеріне қатысты бул банк
қызметкерлерінің клиенттің нәтижелерінің қаржылық және қызметінің
болашагын дұрыс бағаламау салдарынан потенциалды несие қабілеттіліп жоқ
клиентке несие беру.

Валюталық тәуекел - бұл әлемдік нарықта шетел валюта бағамының күрт
өзгеру нәтижесіндегі шығындар тәуекелі.
Валюталық тәуекелге шетел валютасы бойынша ашық позициялары бар банктер
ұшырайды. Ішкі ортада бұл шетел валю-
тасын сату, сатып алу кезінде банктің ашық позициялары бойынша валюталық
бағамының өзгеруі нәтижесінде шығындар тәуекелі.

Пайыздық тәуекел - бір немесе бірнеше кұралдар түрлері бойынша елде
немесе әлемдік нарықтә пайыз ставкаларының жағымсыз өзгеру тәуекелі. Ішкі
ортаның шеңберінде бұл тартылған және орналастырылған каражаттар бойынша
банктік пайыздан келетін таза пайданының потенциалды өзгеруі тәуекелі.

Инвестициялық тәуекел - әлемдік нарығының коньюктурасының өзгеруі
,спекуляция, пайыз ставкасының өзгеруі саяси және экономикалық дағдарыстар
эмитенттің банкроттылығы салдарынан бағалы кағаздардың құнсыздану
тәуекелі. Банк инвес- тициялар саласындағы стратегияны және нақты бағалы
қагаздарды өзі таңдай алады, сол себептен бул тәуекел
басқарылуы мүмкін. Инвестициялық тәуекел жүйелік және жүйелік емес болады.
Жүйелік тәуекел бағалы қағаздардың бағасы, табыстылығы пайыз ставкаларының
деңгейі, күтілетін дивиденттердің деңгейі өзгерген кезде керінеді. Жүйелік
емес тәуекел сыртқы ортаға байланыссыз және әрбір нақты банктің қызметінің
ерекшелігімен байланысты болады. Бұл тәуекелге әсер ететін негізгі фактор
нарық коньюктурасына сәйкес альтернативті инвестициялардың болу мүмкіндік.

Банк бағытының тәуекелі – банк қызметінің мақсаттылы бағы -тына. Оның
қызмет ету аясына және даму өркениетімен түсіндіріледі. Банк бағытының
келесідей типтері бар: аймақтык бағытта : өнім өткізу бағытында; клиентпен
жұмыс істеу бағытында.
Банк бағытының тәуекелі банк дамуының приориттерін
дұрыс емес таңдауын білдіреді, яғни, оның ұзақ мерзімді стратегиясы,
географиялық орналасуы мен пайдаланатын құралдары, дұрыс емес ұзак
мерзімді несиелік және зайымдық саясаты, перспективті құралдарға мамандану,
банк филиалдар жүйесінің қажетті деңгейде дамымауы, марке-
тингтік зерттеулер жүргізудөгі қателер кіреді.

Жартылай басқарылатык тәуекел- дер бұл сыртқы ортада қалыптасатын,
бірақта банк оларды толық немесе жартылай басқара алатын тәуекелдерді
айтамыз. Оларға келесідей тәуекел- дер жатады.

Клиент тәуекелі мен контрәріптестің тәуекелі – банкті шығындарға алып
келуіне мүмкін экономикалық жағдайының немесе контр -әріптестің
банкроттылығын білдіреді.

Ішкі тәуекелдер – бұл банк ішінде пайда болатын тәуекелдер. Олар
әкімшілік, қаржылық, операциондық болып бөлінеді.

Стратегия тәуекелі – бұл ішкі стратегияны, құралдарды қолдану приориттерін
дұрыс таңдамау қате аналитикалық болжамдарды пайдалану және т.б
тәуекелдер.

Құрылым тәуекелі – шешім қабылдау мүмкіндігіне кедергі жасайтын немесе
дәлелсіз кеңейтін банктің тиімсіз құрылымы, жауапкершілікті өзіне алумен
байланысты банк қызметін басқару немесе операцияларды орындау тәуекелі.

Басқару тәуекелі – банкті мамандырылмаған және авантюралық басқарудың
салдарынан пайда болатын тәуекел.

Кадрлық тәуекел- кадрларды дұрыс таңдамау немесе ұйымда жұмыс істеу
атмосферасын туғызуға кедергі болатын қызметкерлердің психологиялық
мінездемелердің сәйкес келмеу тәуекелі.

Ынталандыру тәуекелі – келесілерді қамтиды: қызметкерлерді дәлелсіз
жоғары ынталандыру тәуекелі; еңбектің соңғы нәтижесіне қызметкерлердің
қызықтырмауға әкелетін дәлелсіз төмен немесе әрқашанда бейқам еңбекті
ынталандыру; тең емес ынталандыру тәуекелі, яғни бірдей еңбек үшін әр
түрлі ынталандырулар.

Қиянат ету тәуекелі – қылмыстық топтармен , туған туысқандарына несиелеу
бойынша жеңілдіктер мен т.б байланысты банктік жемқорлықтың болу
қаупі.

Бақылау тәуекелі - банктік бөлімшелердің қызметтеріне, құралдардың бөлек
түрлеріне немесе бөлек операцияларына бақылау жүйесінің тиімсіз болу
тәуекелі.

Қаржылық тәуекелдер – банктің қаржылық қызметімен байланысты тәуекелдер.
Олар келесілер:

Қаржыландыру тәуекелдер – банктің өзінің операцияларын қаржыландыруға
немесе нарықта өзінің қызметін кеңейтуге мүмкіндікті таба алмау
тәуекелі.

Өтімділік тәуекелі – төлемдер бойынша есеп айрысуға мүмкіндіктің
жоқтығына немесе банктің төлем қаблетсіздігінің жалпы дағдарысына әкелетін
талаптар мен міндеттемелердің қысқа мерзімді және орта мерзімді
сомалардың сәйкессіздігі

Диверсификация тәуекелі – бөлек қарыз алушыларға, не бағалы қағаздардың
бөлек түрлеріне немесе бөлек салаларға ірі салымдар жасау нәтижесіндегі
мүмкін болатын шығындар тәуекелі.

Операциялар түрлері бойынша тәуекелдер - әрбір нақты кұралдың ерекше-
лігіне сәйкес операциялардыңбөлек түрлері бойынша тәуекелдер. Мысалы
,лизингтік,факторинг,фьючерстік немесе опциондық операциялар.
Сауда тәуекелі-депозиттер,бағалы қағаздар,валюталар,қаржылық құралдаржәне
т.б сияқты сауда құралдарын сату-сатып алу нәтижесіндегі шығындар тәуекелі.

Пайданың төмендеу тәуекел-банктік тәуекелдердің біреуін немесе бірнеше
түрлерін дұрыс емес басқарудың нәтижесінде банктік паиданың төмендеуімен
сипатталатын банктік тәуекелдердің жалпы көрсеткіші.

Баластан тыс операциялар тәукелі-бұл тәуекел көбінесе банктің потенциялды
міндеттемелеріне жатқызылады. Бұл тәуекелге банктің қаржылық кепілдемесі,
әр турлі саудалық аккредивтер немесе қандайда да бір акцептелген
бағдарламаларға қатысу, сонымен қатар форвардтық міндеттемелер, фьючерстік
мәмілелер, опциондар, СВОП-тар және т.б кіреді.

Операциондық тәуекелдер – бөлек банктік бөлімшелерді басқару деңгейіндегі
банктік күнделікті қызметі процесіндегі пайда болатын ағымдық тәуекелдер.

Ақпараттық тәуекелдер - банк операцияларының нәтижесінде әсер ететін
қажетті нарықтан ақпаратты ала алмау немесе жалған ақпаратты алу
тәуекелі. Сонымен қатар қызметкерлердің банк басқа- рушыларынан дұрыс емес
жүргізілген операциялар бойынша ақпаратты жасырып қалу қаупі.

Қызметкерлермен байланысты тәуекелдер – қызметкерлердің ерекше тәртібі
салдарынан шығындарға ұшырау қаупі.

Техниканы қолданумен байланысты тәуекелдер – комьпютерлік немесе басқа
да техникалық жұмыстан шығу салдарынан шығындарды тарту тәуекелі.

К. Шаяхметова.
э.ғ.к, доцент Аль-Фараби атындағы. Қаз.ҰУ.

Банктік тәуекелдер.

Сыртқы
Ішкі.

Жартылай басқарылатын Әкімшілік
тәуекелдер.

1.Банк бағытының тәуекелі 1. Стратегиялық
тәуекел.
2.Банк клиентінің тәуекелі 2. Құрылым
тәуекелі.
3.Контрәріптестің тәуекелі 3. Басқару
тәуекелі.

4. Ынталандыру тәуекелі.

5. Қадрлық тәуекелі.

6. Қиянат тәуекелі.

7. Бақылау тәуекелі.

Басқарылмайтын.
Қаржылық тәуекелдер.

1. Саяси (1)
Қаржыландыру тәуекелі
2. Жалмыэкономикалық (2) Өтімділік
тәуекелі
3. Апаттық тәуекел (3)
Девисификация тәуекелі
4. Елдік тәуекел (4)
Операциялар турлері бойынша

тәуекелдер.
5.Депозиттік тәуекел (8) (5) Сауда
тәуекелі
6.Несиелік тәуекел (9) (6) Баланстан
тыс операциялар
7.Валюталық тәуекел (10) бойынша тәуекел
8.Пайыздық тәуекел (11) (7) Пайданың
төмендету тәуекелі.

Операциялық тәуекелдер

1. Ұйымдастыру тәуекелі
2. Ақпараттық тәуекел
3. Қызметшілерге байланысы
тәуекел.
4. Техниканы қолданумен байланысты
тәуекел.

ІІ. БАНК ТӘУЕКЕЛДЕРІН БАСҚАРУ

Банкте кездесетін тәуекелдердің бәрі банк саясатының және де ҚР ҰБ-нің
бекіткен нормативтерінің бұзылуына жол бермейтін қатаң басқару жүйесінде
болуы тиіс.
Банктік тәуекелдерді басқару негізінде тәуекелдің деңгейін төмендету
бойынша мақсатты бағытталған іздестірулер мен жұмыстарды ұйымдастыру,
табыстылық пен тәуекелдің тиімді қарым-қатынасын табу, белгісіз қаржылық-
шаруашылық жағдайындағы пайданы табу және оны көбейту өнері жатыр. Біздің
республикамыздьң ірі банктері үшін қызметтерінің барлығы тәуекелмен
байланысты мақсатты бағытталған деп айтуға болады.
Тәуекелді басқаруға жүйелі тәсілді қолдану және оны ірі банктің
активтері мен пассивтерін басқару жүйесін қалыптастыру кезінде (алдағы
уақытта дамуы үшін де) қолданылуын есептеуге болады. Банктік тәуекелдерді
басқаруға жүйелі ықпал ету негізінде шет елдік тәжірибенің негізінде
зерттелген жалпыға белгілі қағидалар жатыр.
Бұл қағидалар банктердің өз тәуекелдерін басқару мен бөлуіне болатын
және басшылар басқармамен заңгерлер жақсы жұмыс тәжірибесіне салыстырмалы
талдау жасау үшін қолдануьша болатын жалпы құрылымды (89 қағиданы)
білдіреді.
Бақылау тиімділігі көзқарасы жағынан тәуекелдерді басқаруды
құрылымдастыруды қолданады. Бұл кезде банктің басқару ролі тәуекелмен
байланысты стратегия, тәуекелдерді жалпы басқару, қолдау функциясының
құрылымдық басқарудың тиімділігі, кадрлар сапасы, ақпарат сапасы
ескеріледі.
Банкті басқарудың ролі жоғары бағаланады, себебі ірі банктерде жиі
кездесетін тәуекелдерді түсіну мен осыған сәйкес бақылау жауапкершілігі
нақты басқарылады.
Тәуекелдерді жалпы басқару тәуекелдердің картасын жасаумен
түсіндіріледі:
* несиелік тәуекел;
* портфельді топтау;
* ағымдық тәуекел (операциондық);
* бизнес тәуекелі.
Қағидалар келесідей түрде топтастырылады: тәуекелдерді стратегиялық
басқару; тәуекелдерді басқару бойынша функциялар; тәуекелді өлшеу бойынша
есеп беру және оларды бақылау; тәуекелдерді басқару жүйесі.
Тәуекелдерді стратегиялық басқаруға жауапкершіліктің біртұтас
жүйесіне тәуекелдерді анықтау және бағалау, тәуекелдердің шегі
кіреді. Қорытынды жауапксршілікті басқарма өз мойнына алады. Тәуекелдері
басқару қызметі тәуекелдерді жедел басқару, тәуекелдерді өлшеу және бағалау
арқылы жүзеге асады.
Осындай тәуекелді болдырмау үшін пайда мен шығынға шек қою керек,
персоналдарды қадағалау және кадрларды ауыстыруды жоспарлау, нарықтағы
мінез-құлық ережесін үйрету, бір операцияны бірнеше жұмыскерлердің есепке
алу кезінде жеке бөлімшелер қарасынан кезеңдік бақылауды жүргізу, аудиттің
көмегімен бақылау, персоналдарға жоғары қысым көрсетуді алыптастау керек.
Техникамен байланысты тәуекелдер Рейтер, Телерейт сияқты
димененттік жүйе және де СФИФТ пен Телекс төлемдік жүйесін жаппай
қолданып жатқандықтан туындайды. Бұл тәуекелділіктер банктік операцияларды
жаңарту кезінде персоналды компьютерлерді колданумен байланысгы. Банк
құрылымында осы жүйелерді техникалық қолдау бойынша талдаушылардың және
жүйелерге кіруді қадағалау үшін құпия сөздерді қолдану тәуекелдің деңгейін
азайтуға мүмкіндік береді.
Басқарудағы қиындықтар, банктің жекелеген бөлімшелеріндегі
ұйымдас-тырушылықтың тиімсіздігі және жауапкершілікті бөлу кезіндегі
келіспеушілік осының бәрі ұйымдастырушылық тәуелсіздігі сияқты тәуекел
түрінің тууына әкеледі. Оны төмендету үшін басқарудың қағндалары мен
әдістерін уақтылы қайта қарап отыру, бөлімдер мен жеке жұмыскерлердің
функцняларының бөлінуін қадағалау,бөлімшелер құрылымының құқықтары мен
міндеттемелерін қолданудың тиімділігін талдау және банктің қызметін
кезендік тексеру мен қайта ұйымдастыруды жүргізу автоматты бақылау жүйесін
жасау қажет.
Ақпараттық тәуекел жалған немесе бұрмаланған ақпараттың түсуі банк
құзырындағы тауарлары, қызмет көрсетулері, материалды мүліктері немесе
заңды құқықтарына ақпараттардың сәйкес келмеуімен байланысты. Ақпарат
өңделген және дұрыс талданған болуы мүмкін, бірақ есеп берудің мәліметтері
дұрыс толтырылмаған. Бұл қағидаларға сәйкес, банктерде тәуекелдерді
күнделікті өлшеу, басқару мен бағалауға жауап беретін тәуекелдерді басқару
бойынша арнайы бөлімше болуы қажет.
Тәуекелдерді өлшеу, есеп берушілік және бақылау, несиелік тәуекел,
өтімділік тәуекелі, нарықтық тәуекел, тәуекелді басқару, тәуекел
көрсеткіштерін біріктіру, шектеу, табыс пен шығындарды бөлу, қызметті
бағалау сияқты мәселелерге ерекше көңіл аударуды түсіндіреді. Бұл кезде
несиелік тәуекелді, өтімділік тәуекелін, нарық тәуекелін бағалау қиынға
түспейді деп есептеледі, ал ағымдық және заңдық тәуекелді, бухгалтерлік
есеп беру тәуекелін, сатып алу тәуекелін, заңдылық тәуекелін, жағдайлық
тәуекелін бағалау қиынға түседі.
Несиелік тәуекелді бағалау банктік қызмет көрсетудің құрылымдық
бөлімшелері мен түрлері бойынша бағалау біртектес қағидаларының сақталуын
білдіреді.
Есеп айырысу тәуекелділігіне несие бойынша төленбеген мөлшерін қосу,
өтеу мерзімін ескеру, әр тараптың тәуекелділікті бекітуін және қарыз
тәуекелінің есептеу мүмкіншілігін анықтау мақсатты ойластырылған деп
есептелінеді. Несиелік және нарықтық тәуекелдердің салыстырмалылығы ерекше
мәнге ие болады.
Өтімділік тәуекелін бағалау тек елдің тәжірибедегі өтімділік
тәуекелінің үш түрін бөлуді ұсынады:
* ақша қаражатының және ақша қаражатында қысқа мерзімдік
талап етуді қанағаттандыру үшін құнды қағаздар нарығында айналысатын
қажетті деңгсйін ұстап тұру;
* қаржы құралдарын тарту үшін капитал нарығына өту;
- нарықта позицияны табу үшін немесе жою мүмкіншілігі. Нарықтық
тәуекелді бағалау күнделікті уақыт құнын анықтауды барлық
құрылымдық бөлімшелер бойынша тәуекелді өлшеудің бірыңғай қағидасының
сақталуының тәуекелді өлшеудің қосымша әдістемесін нарықтық тәуекелдің
күнделікті есептелуін бекітілген шектеулермен салыстыруды білдіреді.
Тәуекелдің компоненттерін анықтау маңызды жағдай болып табылады. Бұл
мақсатта әрбір операцияны қалыптастырушы компоненттерге барлық тәуекелдерді
анықтайтын мүмкіншілік болатындай бөліп” тастау қажет. Осыдан
кейін, барлық анықталған тәуекелдер бақылау жүйесімен салыстырылады, ол әрі
қарай тәуекелді басқару процесіндегі жетіспеушілік пен әлсіз жерлерін алып
тастау бойынша шаралармен анықталады.
Егер айырысу тәуекелі төмендеген салалардың фирманың есептеп қойған
төлем бойынша әріптестердің міндетін орындамауға қатысы ретінде бағаланады.
Батыс тәжірибесінде мұндай тәуекел алдын ала есептеген тәуекелден бөлек
бағаланып, бақыланады. Ағымдық тәуекел, егер серіктес міндетін бүгін
орындамаған жағдайда жасалған мәселенің ағымдық қайта қалыптастыру құнын
білдіреді. Оның бағалануы нарықтың көрсеткіштері бойынша бағалаумен ұқсас.
Потенциалды тәуекел - бұл егер партнер операцияны жүзеге асыру кезінде
алдағы уақытта өз міндетін орындамайтын жағдайдағы мүмкін залалдар.
Біздің республикамыздағы банктер тәжірибедегі несиеге шектеу қою үшін
несиені бағалаудың тәуелсіз процесі, несиелік тәуекелді бағалаудың
келісілген стандарты, делдалдармен есеп айырысу орталықтары үшін шектеулер
қажет. Бақылау жүйесі жаңа операциялардың тек несиелік сызықты қолдану
мүмкіншілігі анықталғаннан кейін ғана жасалуы керектігіне бағытталған болуы
қажет. Бұл кезде процедура серіктесте заңдылық құқық пен осы келісімдерді
жасауға өкілеттілігінің болуын қамтамасыз ету қажет.
Мемлекеттік құрылымдар және басқарушы тараптар занды құқықтар мен
өкіметгердің әсер ету аймағын бекіту үшін қосымша зерттеулер жүргізуді
талап етуі мүмкін.
Тәуекелді бақылау мен шектеулерді салыстыру күнделікті жүргізіледі.
Несиелік тәуекел, өтімділік тәуекелі және нарықтық тәуекел барлық
ұйым масштабында жинақталып және бақыланады.
Жинақтау тәуекелдің нақты бағасын осы құнның шегімен салыстырғанда
есебі үшін негіз болып табылады.
Тәуекелді банктік операцияны және клиентгі басқарудың басты міндеті осы
немесе басқа тәуекел түрін өзіне алдын ала сақтау дәрежесін анықтау және
операциялар бойынша мүмкін болатын залалдарды шектеуге бағытталған оңтайлы
шешім қабылдау болып табылады. Банк қызметінің басты мақсаты - пайда табу
негізінде басшылық ететіні белгілі. Әлемдік банк жүйесінің даму тарихы
әлемде болса, банк операцияларының табыстылығын арттыру және мүмкін болатын
барлық шығындардың ықтималдык азайтудың ашылмаған көздерін іздеу үстінде.
Банктің барлық бөлімшелері мен қызметтері бойынша тәуекелділікті
үйлесімді бақылау, тәуекелді басқару іс-әрекетінің тиімділігін қадағалау.
Осының бәрі әрбір банктің жеке тәуекелді басқару стратегиясын жасауын
ұсынады, яғни шешім қабылдаудың негізгі саясаты банктің дамуына өз
уақытында және кезегімен барлық мүмкіншіліктерді қолдану және осымен қатар
тәуекелдерді қабылдауға болатын, әрі басқаратын деңгейде ұстау.
Тәуекелдерді стратегиялық басқару мақсаты мен міндеті банктің жұмыс
істеуге мәжбүр сыртқы экономикалық ортадағы жиі өзгерістермен анықталады.
Қазақстанның банк ісіндегі сыртқы ортаның өзгеруінің негізгі белгісі соңғы
уақыттарда: инфляцияның үдейе түсуі; банктің және оның филиалдарының
санының өсуі; Ұлттық банк тарапынан банктер арасындағы бәсекелестіктің
шартын реттеу; Ұлттық қатысуымен банктер арасында тәуекелдерді қайта бөлу;
ақша және қаржы нарығының кеңеюі; жаңа (дәстүрлі емес) банктік қызмет
көрсету түрлерінің пайда болуы; ірі банктердің ұсақ бәсекелестерді қосып
алу жағдайында банктер арасындағы бәсекелестіктің үдейе түсуі;
технологияның өзгеруі нәтижесінде несиелік ресурстарға тұтынушылықтың өсуі;
айналым капиталына кәсіпорынның тұтынушылық өсуі және клиенттерінің
меншікті капиталдағы банктік үлесінің азаюы жағына қарай қаржыландыру
құрылымының өзгеруі; несие берушілердің талаптарынан жалтаруымен қатар
шағын және орта бизнес аясындағы банкроттықтың тиімді несиелік қайтару
бойынша нақты кепілдердің жоқтығы болып табылады.
а) Қарыз құралдарының диверсификациясы:
- мерзім бойынша (қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді).
Қарыздарды барынша ұзак уақытқа берудің артықшылығы мол;
тартылу түрлері бойынша (заңды тұлға депозиттері, азаматтардың
салымдары, банкаралық несиелер, халықаралық қарыздар). Тартылу көздері көп
болған сайын, өте жақсы;
тартылу көздері бойынша (салалар, клиент топтары, азаматтардың
әлеуметтік жағдайы бойынша). Әр түрлі тарту көздері көп болған сайын,
тәуекелдік барынша төмен;
б) Қолданылатын құралдардың диверсификациясы: актив портфелдеріне
сенімді құралдарды барынша көбірек үлестіруі қажет. Сонымен қатар,
активтерді жаңа және экзотикалық үлестіруде құралдар (құрылғылар)
шектеулі болуы қажет.
в) Ссуда (қарыз) портфелінің диверсификациясы:
мерзім бойынша. Несиелеу көбінесе қысқа мерзімдік және орта мерзімдік
уақытқа берілуі тиіс;
қарыз алушылар бойынша. Ссудалық портфель мүмкіндігінше түрлі қарыз
алушылар арасында аз сомалармен үлестірілуі қажет;
Таңдау және нәтижелер туралы қосымша ақпараттарды иелену барысында
келесідей әдістердің көмегімен тәжірибе барысында іске асырылады:
- Банк құрылымдарында, банк операцияларын жоспарлауда және
болжауларды үйренуде аналитикалық (талдау) бөлімшелердің, заңды тұлға
бөлімшелерінің және маркетингтік зерттеу қызметтерінің бар болуы;
* Банк клиенттері бойынша, банктің қауіпсіздік бөлімінің материалдары және
мерзімдік баспа сөз бойынша ақпараттарды қадағалау;
* Мерзімдік басылуларға жазылулар аналитикалық агенттіктер және
электронды ақпарат қызметтерін алулар, арнайы бағытталған фирмалардан,
мысалы: Интернет, Рейтер, Телерейт, Блумберг және тағы басқалар болып
табылады.
Лимиттеу - банктің көлемі, құралдары, әріптестері және т.б. бойынша
жүргізілетін операцняларын шектеу. Банк операцияларының тәуекелділігін
шектеу түрлері кең тараған:
* әрбір жеке контр-партнер операцияларына шектеу;
* әрбір құралдарға, актив түріне, нақты бөлімшелерге немесе
дилерлерге шектеулер;
* бір қарыз алушы үшін максималды ссуда мөлшерін бекіту;
* бір күн ішіндегі ссуда үшін сауда шектеулері;

- баланстан тыс міндеттемелердің максималды көлемі;
* келесі күнге ауыстыру мүмкіншілігінің ашық бағыттағы көлемінің
максималдылығы;
* банк бөлімшелерінің әрбір инструменттері, әрбір бағыттары, әрбір пайда
және шығындары бойынша шектеулер;
Өзіндік сақтау. Банктің өзіндік резервті қоры болуы тиіс, ол банк
пайдасынан немесе қаражаттардан құралған, сондай-ақ ссудалар бойынша
үмітсіз қарыздардан құтылулар және операциялар бойынша мүмкін шығындарды
жабу үшін мемлекеттен немесе құрушылардан, акционерлерден қосымша алынған
қаржылардан құрылуы тиіс.
Сақтандыру. Барлық банк активтерінің тәуелділігі, оған қоса депозиттер,
ссудалар, инвестицияларды сақтандыруы тиіс. Сондай-ақ банктің өзіндік мүлкі
де сақтандырылуы тиіс.
Хеджирлеу. Қаржы құралдарын ашық бағытта сату-сатып алу барысында кері
байланыстар немесе кері бағыттағы орнын толтырулардың ашылуларының
көмектері арқылы хеджирленуі тиіс.
Сапалық басқару. Тәуекелділікті басқарудағы қазіргі заманға сай бірден
бір әдіс болып табылады. Бұл негізінен жоғары маманданған басқарушылардың
банк үшін қатаң қиыншылықтар туғанға дейін пайда болған мәліметтерді
шектеудегі әдістері негізінде қорытындыланады. Негізгі сапалық басқару
барысында жақсы маманданған басқарушылардың болуы осыған саяды.
Біздің қарастырып жатқан әдісіміз ҚР-сы Банк жүйесіндегі
тәуекелділіктің потенциялын едәуір төмендетуін көрсетеді.
Қазақстан экономикасы тұрақты, ірі, шоғырланған банктік жүйеге мұқтаж
болуда, сондай-ақ болашақта үлкен экономикасы күшті болуына уәде беретіндей
өз алдына құралдарды дербес тартуға және перспективалы жобаларға
салымдардың салынуын қажет етеді.
Яғни, банктік сектор, өзі көптеген макроэкономикалық факторларға
тәуелді, бірақ тиімді банк жүйесі болып, маңызды компоненттермен және
ұлттық экономиканы дамытудағы бірден бір қажетті шарттардың бар болуынан
табылады.
Есте сақтай отырып айтуға болады, бізбен қарастырылған банктің
тәуекелділік басқаруы бойынша жұмыс аспектісі, кез банкке практикалық кең
мағынада қолдануға болады, бірақ әрбір нақтылы банкке толықтай емес.

2.1. Пайыз тәуекелін басқару - банк пайдасын ұлғайту құралы

Нарықтық кұрылымдар жүйесінде коммерциялық банктер маңызды орынға ие.
Олардың қызметінің дамуы нарықтық механизмді құруды қажетті жағдайы болып
отыр. Экономикалық қайта құрулар процесі банк жүйесі қалыптасуымен
басталып, бүгінгі күнге дейін де жалғастырып отыр. Қазіргі уақытта банктер
тәуекелмен байланысты операцияларды атқарады. Сондықтан да тәуекелдер
шектеулі, бағаланған және банктің қаржылық мүмкіндіктер шеңберінде болуы
қажет.
Қазіргі уақыттағы банктік нарықта тәуекелдің болмауы мүмкін емес. Ол
кез келген операцияларда көрініс табады, бірақта ол әртүрлі көлемде
кездеседі. Сол себептен де банк қызметі үшін бастысы тәуекелді мүлдем жою
емес, оны болжау және ең төменгі деңгейіне жеткізу болып табылады. ҚР-да
барлық қызметтер саласында экономикалық қайта құрулар процесі жүрзілуде.
Банк ісіндегі тәуекел - бұл банкті шығындарға және банкроттылыққа әкеп
соқтыратын, банк қызметіне байланысты немесе байланысты емес жағымсыз
жағдайлардың нәтижесінде мүмкін болатын шығындарды айтамыз.
Пайыз тәуекелі басқа да тәуекелдер сияқты өзінің белгісіздігімен
сипатталады. Бұл жердегі белгісіздік пайыздық мөлшерлеменің қозғалысы мен
деңгейінің болашақтағы бағытымен байланысты болады.
Пайыздық мөлшерлеме өзгергенде банктің табыстары мен шығындары,
активтердің нарықтық құны, пассивтер және баланстан тыс шоттары да
өзгереді. Бұл өзгерістердің нәтижесі банктің пайдасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк тәуекелдері туралы
Банктік тәуекелдердің экономикалық құрылымы
Банктік тәуекелдердің жіктелуі
Банктік тәуекелдер, банк тәуекелдерін басқару
Банктік қызмет бабындағы тәуекелділіктер
Шығындар тәуекелі
Банктік тәуекелдерді басқару туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының ІІ-ші деңгейлі банктерінің банктік тәуекеліндерін басқару
Банк тәуекелдері
Қаржылық тәуекелдерді басқару
Пәндер