Орыс географиялық қоғамының тарихы


Қaзaқстaн Республикaсы Ғылым және жоғарғы білім Министрлігі
Академик Е. А. Бөкетов атындығы Қарағанды Университеті
Тарих факультеті Археология, этнология және Отан тарихы кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тaқырыбы: «Орыс гоегрфиялық қоғамының Қазақстандағы қызметі»
Oрындaғaн: ГИ-22-2К тобының студенті- Ақжан А
Қaбылдaғaн: PhD доктор, профессор ассистенті-Бөдеев Қ. Т
Қaрaғaнды: 2024
Жоспары
- Кіріспе 3
- Орыс географиялық қоғамының тарихы. 51845-1861жылдар аясындағы қоғамдық қызмет 5Қоғамның заманауи бастамалары мен жобалары 8
2. Қазақстандағы географиялық ғылым мен зерттеулердің дамуына қосқан үлесі 12
- Қоғамның зерттеуіндегі Қазақстан 12
- Түркістан және Семей бөлімшелерінің құрылуы және зерттелуі 16
Қoрытынды 26
Пaйдaлaнылғaн әдебиеттер 27
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Орыс географиялық қоғамының Қазақстандағы қызметін зерттеу өзекті, өйткені орыс географиялық қоғамы Қазақстанның ғылыми, экономикалық және мәдени дамуына әсер еткен аймақтың табиғи ресурстары мен мәдени мұрасын зерттеуде маңызды рөл атқарды. Халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың дамуына ықпал етті және аумақтың географиялық және этнографиялық дамуына айтарлықтай үлес қосты.
Курстық жұмыстың мақсаты: Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты- орыс географиялық қоғамы қоғамының географиялық ғылымдарды дамытуға және Қазақстанның табиғи ресурстарын зерттеуге қосқан үлесін талдау, сондай-ақ осы аймақтағы орыс географиялық қоғамының қазіргі қызметін бағалау.
- Қоғам құрылған сәттен бастап орыс географиялық қоғамының тарихын және оның Қазақстандағы қызметін зерделеу.
- Қазақстандағы орыс географиялық қоғамының негізгі жобалары мен экспедицияларын, олардың мақсаттары мен нәтижелерін айқындау.
- Орыс географиялық қоғамының зерттеулерінің Қазақстанның ғылыми және мәдени салаларын дамытуға әсерін талдау.
- Қазақстандағы орыс географиялық қоғамының қызметінің қазіргі жағдайы мен перспективаларын бағалау.
Курстық жұмыстың нысаны: Орыс географиялық қоғамының Қазақстанда зерттелуі.
Курстық жұмыстың тарихнамасы: Ресей мен Қазақстандағы орыс географиялық қоғамының қызметіне арналған ғылыми еңбектерді зерттеу.
Орыс географиялық қоғамының қызметі туралы мұрағаттық деректерді талдау.
Ғылыми қоғамдардың аймақтардың дамуына әсерін зерттейтін заманауи ғалымдардың жарияланымдарын зерттеу.
Қазақстандағы орыс географиялық қоғамының ағымдағы қызметін сипаттайтын қазіргі заманғы көздерді бағалау.
Осылайша, осы тақырыптағы курстық жұмыс орыс географиялық қоғамының Қазақстанның дамуына қосқан үлесін тереңірек түсінуге және география мен сабақтас пәндер саласындағы халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтуге мүмкіндік береді.
Курстық жұмыстың құрылымы: Зерттеу тарихи құжаттарды, мұрағаттық материалдарды, әдеби дереккөздерді, сондай-ақ заманауи басылымдарды талдауға негізделген аналитикалық жұмыс түрінде ұсынылады. Жұмыста кіріспе, теориялық бөлім, аналитикалық бөлім, практикалық бөлім және қорытынды болады.
1 Орыс географиялық қоғамының тарихы.
1. 1 1845-1861жылдар аясындағы қоғамдық қызмет
Қазақ тарихын зерттеу ісінде Орыс географиялық қоғамының қызметі мен қосқан үлесі айрықша маңызды. Өйткені құрылған уақытынан бастап қыруар еңбек атқарған қоғам мүшелері халқымыздың өткен тарихы мен этнографиясы туралы бай, әрі ғылым үшін құндылығы шексіз мол материалдар қалдырған еді. Осы тұрғыдан алып қарағанда Қазақстан тарихын тың мәліметтермен, құнды мұрағат құжаттары арқылы зерттеп, оның өзіндік ерекшелігін айқындау, осы арқылы нақты шындыққа негізделген біртұтас ел тарихын жасауда бұл қоғамның атқарған жұмысы орасан зор. Әсіресе қоғам мүшелерінің әр кезде жинап, жүйелеген деректері, жазған еңбектері Шығыс өңірінің тарихынан терең сыр шертеді. Сонымен қатар Орынбор, Оңтүстік Қазақстан және еліміздің басқа да өңірлерін этнографиялық, археологиялық, топографиялық, тарихи тұрғыдан зерттеуде Орыс географиялық қоғамының мүшелері мен экспедицияларының жүргізген зерттеулері, сондай-ақ қазақ халқының арасынан шыққан зиялылардың ғылыми еңбектері, очерктері мен монографиялары, мақалалары мен альбомдарын ғылыми тұрғыдан саралау төл тарихымыздың толыға түсуіне септігін тигізеді. Орыс географиялық қоғамы құрылған кезінен өзінің ғылыми зерттеу жұмысын әртүрлі салада және көптеген аймақтарда бастаған еді. Сондай аймақтар қатарына қазақ даласы да кірген-ді. Бұл істе Ресей империясының отарлық саясатының мүддесі ең маңызды түрткі болғандығы да шындық еді. Сол уақытта Ресей үшін әлі тың, мүлде зерттелмеген қазақ жері, оны мекендеген халық қызығушылық туғызды. Бұл халықтың тыныс-тіршілігін, мінезін, әдет-ғұрпын, дінін, жерінің берер байлығын білу отарлық үкіметтің басты мақсаты болды. Сол себептен қоғам қызметінің бастапқы кезеңінде ұстанған позициясы осы сипатта болған еді. Дегенмен қоғамның құрамында болған шенеуніктер мен ғалымдар ең алдымен ғылым үшін қызмет етті. Орыс географиялық қоғамы 1845 жылы 6 (18) тамызда Санкт-Петербург қаласында құрылды. Қоғамды құру туралы мәселені үкімет алдына қойған сол тұстағы белгілі теңіз саяхатшылары, әскерилер, академиялық ғылым қайраткерлері, сонымен бірге жекелеген географтар мен ғалымдар болды. Атақты теңіз саяхатшысы Ф. П. Литке Орыс географиялық қоғамын ұйымдастырудың қажеттілігі туралы ішкі істер министрі Л. А. Перовскийге берген баянхатында: «Қоғамның басты міндеті Ресей мен одан шеткері жерлерде біздің Отанымыз туралы толық әрі сенімді мәліметтер жинау және тарату болады», - деп көрсетті [1, с. 80] . Қоғамды құрған 17 құрылтайшының қатарында болған Г. Гельмерсен, Ф. Берг, А. И. Левшин, В. Даль, В. Струве, В. Перовскийлер қазақ жерiн ғылыми зерттеулерге үлес қосқан ғылым және мемлекет қайраткерлерi еді. Орыс географиялық қоғамының төрағасы болып патша әулетi - ұлы князьдар белгiленгенімен, бiрақ нақты басқару жұмысын вицетөраға, кейiн президент атқарып келдi. Вице-төраға қызметiне Ф. Литке, П. Семенов-ТянШанский, Ю. Шокальский, президенттiкке Л. С. Берг, Е. Павловский, С. В. Калесник, т. б. сайланды. Императорлық орыс географиялық қоғамына ең алғаш мүше болған қазақ ғалымы Ш. Ш. Уәлиханов еді. Ол 1857 жылы 21 ақпанда орыс ғалымы П. П. Семеновтың ұсынысымен Қоғамның толық мүшесі болып қабылданды. Кейіннен Орыс географиялық қоғамы мүшелiгiне қазақтан шыққан зерттеушi ғалымдар М. -С Бабажанов, Ы. Алтынсарин, т. б. сайланды. Шоқаннан кейін қазақтар арасынан екінші рет бұл қоғамға 1861 жылы 20 ақпанда мүше болып қабылданған М. -С. Бабажанов этнографиялық зерттеулерi үшiн қазақтан тұңғыш рет ресми түрде осы қоғамның күмiс медалiмен марапатталды. Ал, қазақтың тұңғыш географ-ғалымы Ш. Ш. Уәлиханов еңбектерiнiң алғашқы жинағын жинақтап, бастырып шығарған осы Орыс географиялық қоғамы еді. Орыс географиялық қоғамы құрылған кезден бастап Ресей және оған iргелес елдер туралы географиялық мәлiметтер жинады. Қоғамның жаңа игерiле бастаған Сiбiр мен Қиыр Шығысқа, Қазақстан мен Орта Азияға, Орал мен Кавказға, ғылымға беймәлiм Орталық Азия мен полюстiк аймақтарға, т. б. ұйымдастырған экспедициялары дүниежүзіндегі география ғылымына теңдесi жоқ үлес қосты. Орыс географиялық қоғамының мақсат - міндеттері география шеңберімен ғана шектелмеді. Сонымен қатар оған iргелес көптеген ғылым салалары: статистика, этнография, картография, биогеография, климатология, гидрология, көлтану, топырақтану, т. б. бойынша зерттеулер ұйымдастыруға ұйтқы болды. 1851 жылдан бастап Ресейдiң iрi қалаларында Орыс географиялық қоғамының бөлiмшелерi құрыла бастады. Әсіресе, 1861 жылғы реформадан кейінгі Ресейдің әлеуметтік-экономикалық дамуы тез қарқынмен алға басты, сондықтан күн тәртібіне Орыс географиялық қоғамының қызметін кеңейту мәселесі қойылды. Оған империяның отарлық шет аймақтарының байлықтарын игеру, олардың ресурстарын зерттеу қажеттігі әсер еткен-ді. 60-жылдардың өзінде-ақ қоғамның Орынбор бөлімін ашу туралы мәселе қойылды. Орынбор генерал-губернаторы бөлім ашудың практикалық пайдасын көздей отырып, 1867 жылдың басында Ішкі істер министріне: «Мысалы, көп жерлерден белгілері табылса да, 2 тас көмір кен орындарының болуы белгісіз, дала өңіріндегі егіншіліктің, демек, отырықшылықтың жағдайлары мен көлемінің мүмкіндіктері белгісіз. Оның бер жағында мәселелер және өте елеулі мәселелер туындап отыр, оларды шешу кезінде өлкені егжей-тегжейлі ғылыми зерттеудің кемшіліктері сөзсіз дерлік қателерге ұрындырады», - деп жазды [2, 684 б. ] . Ф. П. Литке 1867 жылы 18 наурыздағы жауап хатында Орынбор генерал-губернаторына: «Географиялық қоғам кеңесі Орынборда бөлім құру бойынша мәселені талқылауға кірісуді кешіктірген жоқ, мен, аталған ұсыныстың Кеңес мүшелері тарапынан толық қолдау табатындығына еш күмәнданбаймын», - деп хабарлады. Сонымен Орыс географиялық қоғамының Орынбор бөлімін құру туралы бастама Орынбор генерал-губернаторы Н. А. Крыжановский тарапынан көтерілген болатын. Оның бұл бастамасы 1867 жылы 30 мамырда император ІІ Александрға баяндалып, ол бөлім құруға келісімін береді. Көп ұзамай 1867 жылы 17 шілдеде Үкіметтік Сенаттан императордың Орыс географиялық қоғамының Орынбор бөлімін құру туралы № 4728 жарлығы шықты [1, с. 81] . Алайда бөлімді ұйымдастыру дайындығына уақыт пен күш қажет болды. Содан 1868 жылдың 14 қаңтарында өткен бөлімнің алғашқы отырысында оның ережесі бекітіліп, қоғамға мүше болып кіруге өтініш білдірген тұлғалардың тізімі оқылды. «Бескорыстная любовь к общей пользе и желание добра России, - деп сөйледі өз сөзінде бөлімнің қамқоршысы Н. А. Крыжановский, - привлекли всех нас в открываемый сегодня Отдел географического общества… Будемте изучать наш край с целью определить: какую может он принести пользу нашему общему отечеству, как пользу эту сделать наибольшею, какие встречаются к тому препятствия со стороны природы и людей и какими способами преодолеть эти препятствия» [3] . Кейіннен Орынбор бөлімінің Орынбор өлкесінің тарихын, табиғи жағдайы мен ресурстарын, тұрғындардың этнографиясы мен статистикасын, экономикасы мен саудасын зерттеу үшін ұйымдастырылғаны ресми түрде жарияланды. Мәселен, 1881 жылы Географиялық қоғамның жергілікті бөлімінің отырысында зерттеудің пайдасы туралы сөз сөйлеген генерал-губернатор тез арада төрт комиссия ұйымдастыру туралы ұсыныс жасады. Ол комиссиялардың әрқайсысына, яғни, біріншісіне өлкенің географиясы, екіншісіне статистика, үшіншісіне табиғи байлықтар, төртінішісіне өлкенің тарихы бойынша жазбалар жасауды тапсырды. Мәліметтерді жинау барысында Орынбор генералгубернаторы ғалымдарға кеңінен әкімшілік қолдау көрсетуге уәде берді [4. с. 262] . Орынбор бөлімінің мүшелерінің саны тұрақты болмады және 1917 жылға дейін 60 адамнан 110 адамға дейінгі шамада құбылып отырды. Орыс географиялық қоғамының Орынбор бөлімі Қазақстанның батыс және солтүстік бөліктерін ғылыми зерттеу бастамасын өз қолына алып, өлке тарихын зерттеуде өз үлесін қосты. ХІХ ғасырдың 70-80 жылдарында қазақ халқының қоғамдық-экономикалық өміріне: қазақтардың этникалық әлеуметтік жағдайының мәселелері бойынша Д. Беркімбаев, қазақ фольклорын зерттеу жөнінде С. Жантөрин, Николаев уезі қазақтарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын зерттеу жөнінде Б. Дауылбаев, қазақтар арасында егіншіліктің дамуы жөнінде Т. Сейдалин, қазақтардың этнографиясы туралы М. -С. Бабажанов елеулі зерттеу жүргізді. М. С. Бабажанов этнограф, тарихшы, географ ретінде императорлық Орыс география қоғамының хабаршысына, этнографиялық жинақтарға да мақалалар жариялап, артына мол ғылыми мұра қалдырды. Автор өзінің мақалаларында көбінесе қазақ халқының тұрмысы мен шаруашылығы, діни нанымы мен сенімі, бақташылық және саятшылық кәсібі, жылқы өсіруі, қымыздың шипалық қасиеті т. б. жөнінде жазады. Сонымен бірге ол қазақ халқының адамгершілік ар-намысы мен абыройын қорғады, олардың тұрмыс халін жақсартуға, оқу оқып, білім алуына жағдай жасауға шақырды. 1862 жылы Мұхамедсалық Үлкен Боғда қыратынан биіктігі екі аршыннан астам әйелдің балбал тас мүсінін тауып, Петербургтегі этнография-география қоғамына тапсырады. Сондай-ақ империялық Орыс география қоғамына Басқұншақ көлінен шығып жатқан күкірт қышқылының шаруашылық маңызы туралы хабарлайды. Ол 1731 жылы патшалық Ресейге қосылғанға дейінгі қазақ жерінің, оның ішінде Бөкей ордасының картасын жасап, патшаның қабылдауында болады. Қазақ даласына отаршылдық саясаттың кеулеп енуіне, Орал-Жайық казактарының озбырлығы мен содырлығына қарсы Ішкі орда қазақтарының наразылығы Мұхамедсалық жарияланымдарында мазмұнды көрініс тапты. Петерборда шығатын «Ведомость» журналының 1861 жылғы № 136-санында жарық көрген «Тұрмыс пен тіршілік және туыстар тағдыры жайынан қырғыздың (қазақтың) байқағандары» [5], «Деятельность» газетінің 1868 жылғы № 109-санында басылған «Орал - Жайық казактарының Ішкі орда қазақтарымен таласы» [6] және осы газеттің 1870 жылғы № 127-санында жарияланған «Ішкі қырғыз ордасы» [7] т. б. мақалаларында халқының тағдырына қатты абыржыған Мұхамедсалық оған жанашырлық, жүрекжарды сөздерін арнайды, оның ауыр азабы мол тұрмыстіршілігін жеңілдетудің жолдары туралы жазады. Мәселен, «Орал - Жайық казактарының Ішкі орда қазақтарымен таласы» деген еңбегінде: «Қазіргі уақытта Ішкі орда қазақтарының ерекше көңіл қойған мәселесі биылғы жылы Оралдық казак әскери қауымымен екі арадағы жер дауын шешу. Жер - қазақтар үшін ең бірінші қажетті мүлік, негізгі байлық көзі, сонымен қатар өмір сүрудің басты көзі, 3 сонымен қатар өмір сүрудің ең басты тірегі. Мал шаруашылығын басты тірек еткен қазақтар үшін жеткілікті түрде жайылымдық жермен қамтамасыз етілмесе, ол ешқандай пайда келтірмейді, өсім де бермейді. Сондықтан оларды жалғыз ғана күнкөріс көзіне айналған шаруашылығынан қол үздіру қазақтардың құрып, қырылып қалуымен пара-пар» деп атап көрсетті [8, с. 120-121; 9, 99 б. ] . М. С. Бабажанов Оралдың казак-орыстары жөніндегі пікірін көптеген мақаласында жасырмай айтты. «Северная пчела» журналының 1861 жылғы №3 санында басылған «Қырғызды (қазақты) дәріптеу» деген мақаласында ол Орал казактарының жергілікті халыққа жасап отырған қиянатын, өктемдігін батыл сынады. Ол казактардың жүгенсіздігі жөнінде айта келіп, оған көптеген дәлел келтіреді.
1. 2. Қоғамның заманауи бастамалары мен жобалары
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz