Етістік күрделі грамматикалық категория
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Етістіктің сөйлемдегі қызметі
Орындаған:
Тексерген:
Павлодар 2024 ж
МАЗМҰНЫ
І. КІРІСПЕ
1.1. Етістік туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
II. Негізгі бөлім
2.1.Етістік күрделі грамматикалық категория ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 6
2.2.Етістіктер жүйесінің айқындалуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2.3 Етістіктің морфологиялық сипаттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.4 Етістіктің сөйлемде атқаратын қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 24
Аннотация
Қазақ тіліндегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделі және қарымы ең кең грамматикалық категория. Етістік - қай тілде болмасын ең күрделі сөз табы. Басқа тілдердегі сияқты қазақ тілі сөз таптарының жүйесінен де ерекше орын алатын сөздер - етістік. Етістіктердің лексика - граматикалық мағыналары да, граматикалық тұлғалары да әр алуан, синтаксистік қызметі тек баяндауыш болу ғана емес, жай сөйлем мен құрмалас сөйлем мүшелері мен сөз тіркесінің жасалынуына тікелей ықпал етіп отыратыны белгілі.
Грамматикалық формаларының көптігі мен мазмұнының байлығы жағынан және қызметтерінің қарымдылығы мен сан-салалығы жағынан етістіктер тіліміздегі сөз таптарының жүйесінде төтенше орын алады. Етістіктің бұл төтенше орны, біріншіден, оның формаларының бәріне де тән, бәріне де ортақ, бәрінде де болатын жалпы сипаттарымен, екіншіден, сол формалардың өзді-өздеріне ғана тән,өзгелерінде жоқ жалқы ерекшеліктерімен байланысты. Өйткені етістік формаларының бәріне тән, бәріне ортақ, жалпы сипаттары оларды (формаларды) етістік деп аталатын үлкен категорияның айналасына шақтайтын жалпы белгі болса, әр формаға тән жалқы ерекшеліктер оларды (формаларды) алды-алдына саралап, бір-бірінен ажырататын семантикалық және грамматикалық сипаттарының көрсеткіші есебінде қызмет етеді.
І. КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Етістік - қазақ тіліндегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделілерінің бірі. Оның күрделілігі лексика-семантикалық, морфологиялық сипатынан, грамматикалық формалары мен категорияларының көптігінен, синтаксистік қызметінен айқын көрінеді. Етістіктің осындай сан кырларын зерттеуге арналған еңбектер аз жазылмаса да, оның грамматикалық категория ретіндегі барлық ерекшелігі танылып, толық зерттелді деуге бола қоймас. Өйткені етістіктің лексика - семантикалық сипатын, грамматикалық ерекшеліктерін зерттеуде толықтыра түсуді қажет ететін тұстар, сондай-ақ жекеленген мәселелердің төңірегінде ала-кұла пікірлер де кездеседі. Курстық жұмыс етістіктің негізгі мәселелерін жинақтап, тұжырымдауға бағытталған.
Жұмыстың мақсаты: Қазақ тіліндегі етістіктің құрылымдық жүйесін, сөйлемдегі негізгі қызметін айқындау, бұл мәселелер төңірігіндегі іргелі зерттеулерді тоғыстыру, нақты тілдік деректер арқылы түсіну.
Мақсатқа жетуде шешілуі тиіс міндеттер:
- етістікті категория ретінде тұтас қарау;
- категория түсінігі төңірегіндегі орныққан көзқарастарға сүйене отырып етістіктің сөйлемдегі қызметін анықтау;
Жұмыстың нысаны - қазақ тіліндегі етістіктердің сөйлемде қолданылуы, атқаратын қызметі.
Әдістері. Жұмыста салыстырмалы әдістер, жинақтау, сұрыптау, жүйелеу, топтастыру әдіс-тәсілдері қолданылды.
Жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Курстық жұмыстың деректік негіздері: зерттеу мәселесі бойынша филологтардың, ғалымдардың, әдіскерлердің еңбектері мен қосымша мәліметтері.
Етістік туралы жалпы түсінік
Қазақ тілінде етістік -- ең күрделі сөз табының бірі. Бұл оның лексика
семантикалык ерекшелігінен, түбір тұлғасынан және оған үстелетін
грамматикалық формаларының қат -- қабаттылығынан және олардың ара
қатынасынан, жаңа сөз жасау жүйесінен, колданылу аясынан, сөйлемде
атқаратын синтаксистік қызметінен, лексика- грамматикалык касиеттерінен
байқалады.
Заттың қимылын, күйін, белгінің, көңіл-күйдін, карым-қатынастың қимыл
түрінде өзгеру процессін білдіретін сөздер етістік деп аталады -- деп анықтайды Ы.Маманов.
Етістіктің лексика-грамматикалық мағыналары да, грамматикалық тұлғалары да әр алуан, синтаксистік қызметі де тек баяндауыш болу ғана емес жай сөйлем мен құрмалас сөйлем мүшелері мен сөз тіркесінң жасалуына тікелей ықпал етіп отыратыны белгілі.
Қазақ тілінде етістіктін кұрылымын жақсы түсіну үшін оның көптеген сөз тудырушы және форма тудырушы аффикстерін, олардың түрлі грамматикалык қызметтерін -- функцияларын осы тілдін өз тұрғысынан, аглютинативтік ерекшелігін ескере отырып айыру керек. Етістіктің түбір сөздерге әр түрлі жұрнақтар жалғану аркылы жасалуын синтетикалык тәсіл деп көрсетсек, сөздердің тіркесуі арқылы яғни аналитикалык тәсілмен жаңа мағыналы қимылдык ұғым тудыратын сөздер де жасалатындығын есте сақтаған жөн.
Етістіктің лексика-семантикалық мағынасы мен формаларының байлығы оның өзіне тән әр алуан лексика-семантикалық, лексика-грамматикалык және грамматикалык категорияларынан тіпті айқын көрінеді. Мәселен, етістіктің өзіне лайық сөз тудыру жүйесі, ол жүйенің неше қилы формаларымен қатар, өзіне ғана тән сөз түрлендіретін де формалары бар. Ал шақ, рай, етіс, амалдың жүзеге асу сипаты сияқты категориялары -- етістіктің семантикасы жағынан ең бай формалары, сондай-ақ етістіктің өзге семантикалық және морфологиялык формаларынан мазмұндары да, тұрпат түрлері де өзгеше есімше, көсемше деп аталатын категориялары бар. Бүлар бір жағынан етістікті баска сөз таптарынан ерекшелендіретін формалар болса, екіншіден, солармен ұштастыратын айрықша функциялары бар категориялар.
ІІ.Негізгі бөлім.
2.1. Етістік күрделі грамматикалық категория
Категория түрлері тілдік бірліктерді топтауға негіз болатын белгінің, қасиеттің сипатына қарай ажыратылады. Тілдік бірліктерді грамматикалық және лексикалық категорияларға топтастыруда белгілі бір ұқсастық бар. Етістік - тіліміздегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделі және қарымы кең грамматикалық категория. Етістіктің күрделілігі мен қарымдылығы оның аса өрісті лексика - семантикалық сипатымен, бай лексика - грамматикалық формалармен, көсіліңкі синтактистік қызметімен тығыз байланысты.
Қазақ грамматикасы атты 2002 жылы жарық көрген соңғы іргелі академиялық грамматиканың етістікке қатысты бөлімінің авторы - С.Исаев[6]. Ғалым етістіктің грамматикалық сипатын және етістік тұлғаларының жүйесін түсіну үшін олардың (етістіктің сөз табының) сөйлеудегі қолданылу ерекшеліктеріне көңіл бөлу қажеттігін айтады. Ол етістіктердің қолданысына талдау жасай келе, таза грамматикалық категориялар деп жақ категориясы, рай категориясы мен шақ категориясын ғана көрсетеді [6, 512-527 бб.]. С.Исаев бұл категориялардың жоғарыда санамалап көрсетілген грамматикалық (морфологиялық) категорияларға қойылатын талаптарға толық жауап бере алатындығын негізге алған. Яғни бұл категориялардың грамматикалық мағынасы өзара қарама-қайшылыққа құрылған мағыналардың парадигмалық жүйесін жасай алады. Ал қалған категориялардың морфологиялық категория талаптарына толық сай келмейтіндігін, олардың өзіндік семантика-грамматикалық ерекшеліктерге ие болып келетіндігін айтады. Формалардың ерекшеліктері олардың семантикалық және морфологиялық сипаттарын анықтау нәтижесінде ашылмақ. Грамматикалық формаларының көптігі мен мазмұнының байлығы жағынан және қызметтерінің қарымдылығы мен сан-салалығы жағынан етістіктер тіліміздегі сөз таптарының жүйесінде төтенше орын алады. Етістіктің бұл төтенше орны, біріншіден, оның формаларының бәріне де тән, бәріне де ортақ, бәрінде де болатын жалпы сипаттармен, екіншіден, сол формалардың өзді-өздеріне ғана тән, өзгелерінде жоқ жалқы ерекшеліктерімен байланысты. Өйткені етістік формаларының бәріне тән, бәріне ортақ, жалпы сипаттары оларды (формаларды) етістік деп аталатын үлкен категориясының айналасына шоқтайтын жалпы белгі болса, әр формаға тән жалқы ерекшеліктер оларды алды-алдына саралап, бір-бірінен ажырататын семантикалық және грамматикалық сипаттарының көрсеткіші есебінде қызмет етеді.
Етістік негізі, қашан да болсын, өзіне лайықты, үйреншікті болып, әбден қалыптасқан арнаулы қосымшалары қосылғанда ғана тиісті киімін киіп, дербес лексика-семантикалық мәніне ие болып, грамматикалық қызметін мүлтіксіз атқаратын формаға айналады. Өйткені етістік қосымшалары әрбір семантика-грамматикалық топтың (форманың өзіндік сипаттарын), еркшеліктерін ашады. Ендеше, етістік формаларында жалпы қасиет те, жалқы қасиет те болады. Олардың алды-алдына сараланатын жалпы қасиеттерінен бір-бірін толықтырып, бір-бірімен байланысып, өз ара ұштасатын жалқы қасиеттерінен бүтін сөз табының - етістікке тән барлық сипаттары құралады. Солай болса, етістік формаларының түп-түрін, олардың мағыналары мен қызметтерін анықтау - етістікке қатысты сөз формаларын жан-жақты етіп талдау, білу, баяндау болмақшы. Осы тұрғыдан қарағанда, талданылмақшы етістік формаларының жүйесі төмендегі грамматикалық категорияларға бөлінеді.
1. Етістік негізі.
2. Қимыл атауы категориясы.
3. Салттық және сабақтылық категориясы.
4. Етіс категориясы.
5. Болымдылық және болымсыздық категориясы.
6. Амалдың өту сипаты категориясы.
7. Есімшелер категориясы.
8. Көсемшелер категориясы.
9. Рай категориясы.
10. Шақ категориясы.
Бұл категориялардың әрқайсысының мазмұны мен формалары, сондай-ақ сөйлемде атқаратын қызметтері баяндалатын болады.
Қазақ тіліндегі етістік формасын лексика-грамматикалық қызметтеріне қарай, алдымен екі үлкен топқа бөледі: 1. Негізгі етістіктер.2. Функциялық етістіктер. Бұлар өзінің мынадай қасиеттері арқылы бөлінеді. Біріншіден, қазақ тілінде негізгі етістіктер өздігінен жіктелмейді, яғни оларға жіктік жалғаулары, есім сөздер сияқты, тіке жалғанбайды. Ал функциялық етістік тұлғалары жіктік және тәуелдік жалғаулары арқылы жаққа бөлініп жіктеледі[12].
Функциялық етістіктердің екінші ерекшелігі, бұлар басқа сөз таптарының грамматикалық фунциясын атқарады, яғни басқа сөз таптарымен мәндес болып келеді. Соған орай бұлар үш топқа бөлінеді. Бірінші тобы зат есімге бейім болып келеді. (тұйық етістік, -ғы формантты етістік, -с формантты етістік). Екінші топқа жататындары мағынасы, қызметі жағынан сын есімге бейім болады (есімше формалар). Үшінші топқа жататын функциялық етістік тұлғалары үстеуге бейім болады да, Қимыл үстеу деп аталады[13].
Бұған көсемше формалары, шартты рай формасы жатады. Осы функциялық етістіктердің жіктелуі арқылы етістіктің рай, шақ формалары пайда болады. Сөйтіп, етістік категорияларын мынадай тәртіппен сатылап бөлуге болады. Бірінші орында түбір етістіктер, екінші орында модификациялы етістіктер, үшінші орында функциялық етістік тұлғалары, төртінші орында рай, шақ категориялары.
Негізгі етістіктер - етістіктің грамматикалық категорияларының барлық формаларына негіз болады. Яғни, етістіктің есімше, көсемше, рай шақ формалары осы негізгі етістіктерге арнайы морфемалар жалғану арқылы жасалады. Функциялық етістіктерді негізгі етістіктерден айырудың басты критерийлері, біріншіден, етістіктің болымсыздық түрін жасайтын - ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе қосымшалары негізгі етістіктерге тікелей жалғанады. Функциялық етістіктердің грамматикалық көрсеткіштері - морфемалары осы болымсыздық қосымшаларынан соң жалғанады. Былайша айтқанда, болымсыздық қосымшалар - ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе негізгі етістік-тер мен функциялық етістіктердің шекарасын көрсетіп тұратын белгі ретінде жұмсалады.
Түс-пе-й негізгі етістік түс-пе болымсыз етістіктің қосымшасы-й көсемшенің жұрнағы.
Қорық-па-са негізгі етістік қорық- па болымсыз етістіктің қосымшасы - са шартты рай.
Айт-па-ған-ды ( негізгі етістік айт-па болымсыз етістіктің қосымшасы - ған есімшенің жұрнағы, - ды табыс септігінің жалғауы(нені)
Кешір-ме-йтін (негізгі етістік кешір - болымсыз етістіктің қосымшасы - йтін есімшенің жұрнағы).
Қазақ тілінде етістіктердің есім сөздерден басты бір айырмасы- жіктелу конструкциясында. Яғни, есім сөздердің түбіріне жіктік, тәуелдік жалғаулары тікелей жалғанып, жаққа бөлінетін болса, негізгі етістіктерге жіктік жалғаулары тікелей жалғанбайды.
Екіншіден, егер негізгі етістіктер тікелей жіктелмейтін болса, функциялық етістіктер жіктік және тәуелдік жалғаулары жалғану арқылы жаққа бөлініп түрленеді.
2.2. Етістіктер жүйесінің айқындалуы
Етістік жайында арнайы еңбек жазған Ы.Маманов етістіктер жүйесін айқындауда өзіндік тұжырымдама ұсынады. Ғалым қазақ тілінің жалғамалық қасиетін негізге алып, етістік категорияларын сатылай жүйелеу принципі бойынша жіктейді. Ол, ең алдымен, етістіктерді екіге ажыратады: негізгі етістіктер және функциялық етістіктер. Негізгі етістіктерге негізгі түбір етістік, туынды түбір етістік, тіркесті түбір етістік, қос түбір етістік, кіріккен түбір етістік сөздерді жатқызады және мұндай сөздердің лексикалық мағынаны білдіретіндігін айтып, оларды сөзжасамдық категорияға топтастырады. Ал осы етістіктерге жалғанып, грамматикалық мағына үстейтін тұлғаларды модификациялы етістіктер деп атайды, оларға етіс категориясын, күшейтпелі етістік пен күрделі етістіктерді жатқызады. Сондай-ақ, үшінші топ функциялық етістіктер деп аталады да, оларға тұйық етістік, есімше, көсемше жатқызылады [10]. Ғалымның тұжырымдамасы бойынша, етістіктер морфологиялық жағынан ең алдымен, лексикалық бүтін және грамматикалық бүтін болып екіге ажыратылады. Грамматикалық бүтін өз ішінде екіге бөлінеді: біріншісі - түбір етістіктің лексикалық мағынасына грамматикалық мағына үстейтін етістіктің формалары - модификациялы етістіктер; екіншісі - атқаратын функциясына қарай жіктелетін функционалды етістіктер. Ғалымның пайымдауынша, модификациялы етістіктер жалғанған түбірдің лексикалық мағынасын өзгертпей, оған грамматикалық мағына үстейтін формалар жатады. Олардың қатарына автор етістерді, күшейтпелі етістіктерді, күрделі етістіктерді жатқызады. Ал функционалды етістіктер қатарында тұйық етістікті, есімше мен көсемшені қарап, оларды топтастыруда тұйық етістіктің қимыл есімінің қызметін, есімшенің сын есім қызметін, ал көсемшенің үстеу қызметін атқаруын негізге алады.
Сонымен, жалпы грамматикалық категорияның жіктелуіне етістіктің түбіріне грамматикалық мағына үстеумен ғана шектелетін тұлғалардың және грамматикалық мағынаға қоса, лексикалық мағынасына қосымша жаңа мән үстейтін тұлғалардың сипаты негізгі белгі ретінде алынады. Соңғысы етістік түбіріне басқа грамматикалық тұлғалардан бұрын жалғанады. Бұл Ы.Мамановтың тұжырымдамасы бойынша болымдылықболымсыздық көрсеткіштерінің түбірге жалғану сипаты және оның негізгі етістікті функциялық етістіктен, жіктелетін формалардан ажырату шартымен сәйкес келеді. Ы.Маманов болымсыздықтың - ба-бе, -ма-ме, -па-пе көрсеткіштерінің тікелей түбірге жалғанатындығын, ал функциялы етістіктің грамматикалық көрсеткіштерінің осы болымсыздық қосымшаларынан кейін ғана жалғанатындығын айтады. Бұл тұрғыдан келгенде қазақ тіліндегі қимылдың түрлі ішкі өту ағымын білдіретін аналитикалық форманттар болымсыздық көрсеткіштерінен бұрын жалғанады. Яғни Ы.Мамановтың тұжырымдамасына сай тікелей жіктелмейтін тұлға болып табылады.
Ал басқа түркі тілдеріндегі етістік категорияларының жіктемесіне, оның ішінде етістіктің грамматикалық категорияларына қатысты айтылған еңбектерге шолу жасағанда түйгеніміз: қырғыз тілінде бірыңғай грамматикалық мағыналар мен грамматикалық формалардың жиынтығы грамматикалық категория деп анықталған [16, 85 б.]. Бұл анықтамаға сүйенсек, кез келген бірыңғай грамматикалық мағыналардың жиынтығы грамматикалық категория болып шығады. Анықтамада белгілі бір грамматикалық тұлғадағы бірыңғай мағыналардың өзара қайшы мәндес болып келу шарты қамтылмаған. Алайда бұл еңбекте грамматикалық категорияға ары қарай жасалған сипаттамада тектес мағыналардың кем дегенде екі тұлғада келу керектігі және осы ыңғайлас мағынаның өзара қарама-қайшы қатынас құрауы жайында айтылады.
рс
Лексика-грамматикалық категория
Грамматикалық категория
1.
Сөйлеуде көрінеді
Сөйлеуде көрінеді
2.
Лексикалық мағына мен грамматикалық мағына тоғысынан көрінеді
Грамматикалық мағынаға негізделеді
3.
ГК-ның морфологиялық көрсеткіштері мағынасы жағынан тектес болады
4.
ГК-ның грамматикалық көрсеткіштері өзара оппозицияда болады
5.
Грамматика деңгейінде қаралатын категория (форма жасам мен сөзжасам арасындағы аралық құбылыс болып табылады)
Морфология деңгейіне жатады
6.
Лексика-грамматикалық мағына, бірақ лексикалық мағынаның сипаты сәл де болса басымдау болады
Таза грамматикалық мағына
7.
Лексика-грамматикалық көрсеткіш жалғанған сөздің түбір тұлғасы тікелей жіктелмейді (ал қалып етістіктерінің тікелей жіктелу себебі оның тарихында жатыр)
Грамматикалық категория көрсеткіші жалғанған сөздің түбір тұлғасы тікелей жіктеледі
Енді жоғарыда көрсетілген категория түрлеріне қойылатын талаптардың негізінде қарағанда, қазақ тіліндегі морфология деңгейінде қарастырылып жүрген кейбір грамматикалық категориялар (тар мағынада) жоғарыда аталған талаптарға толық жауап бере алмайды. Мәселен, категорияларға жіктеуде ұстанатын таза формальді белгілер тұрғысынан келгенде қазақ тіліндегі қимылдың өту сипаты категориясы осыған дәлел бола алады.
2.3. Етістіктің морфологиялық сипаттары
Морфологиялық құрылымы жағынан етістіктер жалаң етістіктер мен күрделі етістіктер деп аталатын екі салаға бөлінеді.
Жалаң етістіктер
Жалаң етістіктер құрылымына қарай түбір етістіктер және жұрнақ арқылы жасалған туынды етістіктер деген екі топқа жіктеледі. Жалаң етістіктер мысалы: ек, жек, оқы, жаз, кел, аяқта, баста, қолда, арала, сабала, сүйреле, шапқыла, үймеле, кіріс, жуын, айтқыз т. т.
Түбір етістіктер
Түбір етістіктер деп арнаулы морфологиялық бөлшектері жоқ, демек, қазіргі кезде морфологиялық жағынан түбір және жұрнақ деп бөлшектеуге болмайтындай етістік формалары аталады. Мысалы: аз, ал, айт, алда, арба, ат, ас, аш, ақ, бар, бас, бат, бер, без, бол, бөр, байла, баста, бақырай, де, ез, ер, ес, жет, жала, жыла, же, жел, жебе, жорт, жи, жар, жаз, жүз, жүгір, илан, тасы, тара, тос, тол, тоқы, түс, үр, ұқ, шал, шай, шаш т. б.
Бірақ, өзге түбір сөздер сияқты, етістік түбірі де тарихи дамып отырғандықтан, олардың қатары да бірте-бірте толығып, көбейіп отырған, сол себептен түбір етістіктердің ішінде бұрын ұзақ замандар бойы, туынды сөз есебінде жұмсала-жұмсала келіп, бірте-бірте түбірі мен жұрнағын ажыратуға болмайтындай болып кеткен сөздер бар. Мысалы, жоғарыдағы етістіктердің ішінен: айт (ай+т), алда (ал+да), байла (бай+ла, бау+ла), бақырай (бақ+ырай), жыла (йығ+ла), баста (бас+та) дегендерді, сондай-ақ тоқта (тоқ+та), тоқыра (тоқ+ыра), болыс (бол+ыс), сөйле (сөз+ле), тула (ту+ла), шегін (шек+ін), шегер (шек+ер) т. т. тәрізді қазіргі шақта түбір саналып жүрген етістіктерді алсақ, жақша ішінде көрсетілгендей, әуелгі түбір сөздер мен жұрнақтардан кейбіреулері деформаланбай-ақ, кейбіреулері деформаланып бөлшектенбейтін түбірлерге айналып кеткен.
Туынды етістіктер
Туынды етістіктерге, әдетте, түбірлерден арнаулы жұрнақтар арқылы жасалған етістіктер жатады. Туынды етістіктерді тиісті түбірге және жұрнаққа бөлшектеуге болады, бірақ ол туынды тұлға есебінде қолданыла береді. Мысалы: ой+ла, той+ла, тер+ле, сүр+ле, ем+де, көз+де, тоқпақ+та, іс+те, сын+а, мін+е, мол+ай, ес+ей.
Есім негізді етістіктер
Есім негізді етістіктерге етістіктерден өзге сөз таптарынан жасалатын етістіктер жатады, олар арнаулы жұрнақтар арқылы көбінесе зат есімнен,сын есімнен, үстеулерден, еліктеуіш сөздерден әредік одағайлардан жасалады.
Есімдерден етістік тудыратын жұрнақтар мыналар:
-ла (-ле, -да, -де, -та, -те) жұрнағы;
-лан (-лен, -дан, -ден, -тан, -тен) жұрнағы;
-лас (-лес, -дас, -дес, -тас, -тес) жұрнағы;
-лат (-лет, -дат, -дет) жұрнағы;
-а (-е) жұрнағы;
-ай (-ей, -й) жұрнағы;
-қар (-ғар, -кер, -гер) жұрнағы;
-ар (-ер, -р) жұрнағы;
-ал (-әл, -ыл, -іл, -л) жұрнағы;
-ық (ік) жұрнағы;
-сы (-сі) және -ымсы (-імсі) жұрнақтары;
-сын (-сін) жұрнағы;
-сыра (-сіре) жұрнағы;
-ра (-ре, -ыра, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz