Терісі бағалы аңдарды өсіру



Мазмұны

Аннотация
Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Қысқарған сөздер мен белгілер
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1 Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.1Терісі бағалы аңдар туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.2Терісі бағалы аңдарды ұстау гигиенасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.3 Терісі бағалы аңдарды бағу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1.4 Терісі бағалы аңдарды азықтандыру гигиенасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
1.5 Терісі бағалы аңдарды өсіру гигиенасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
1.6 Терісі бағалы аңдардың терісін күту гигиенасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
1.7 Терісі бағалы аңдарды тасымалдағанда қойылатын
гигиеналық талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2 Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
2.1 Терісі бағалы аңдарды бағуды ұйымдастыру және азықтадыру ... ... ... ... ... ...23
2.2 Орын анықтау тәсілі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
3 Техникалық қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
Кіріспе

Терісі бағалы аңдарды ң көп түрлері шет мемлекеттерден әкеліп, осы біздің елімізге жерсіңдірілген. Кейбір түрлері қолайсыз климатқа бейімделе алмады,сол үшін оларды тек жеке кәсіпорындарда арнайы дайындалған қоражайларда ғана кездестірге болады. Терісі бағалы аңдарды асыраудың негізгі міндеттері олардың қалың да көркем бағалы терісін өндіру үшін асырайды. Олардың терісін өндірісте пайдаланып, қымбат киім ретінде дайындалып шығарады. Ал елтірісінің өзі де жеуге жарамды болады келеді.
Терісі бағалы аңдардың бірнеше түрлері бар: Ондатр, саз кәмшаттары, күзен, құндыз, бұлғын, түлкі.
Жоғары сапалы тері алу және дені сау аңдарды өсіру үшін аңдарды биологиялық циклын және олардың организімінің қоршаған ортамен байланысын білу керек. Осы аталған жағдайларды ескерген кезде ғана мал шаруашылығының бұл бағытын жақсы өркендетуге болады. Аңдарды бағудың үш тәсілі бар: торлы, жартылай еркін және еркін.
Аңдарды тек сапасы жоғары азықтармен азықтандыру – аурулардың алдын алу кепілі. Ашыған азықтармен азықтандыруға жол берілмеуі керек. Ал тез ашитын азықтарды мырыш жалатқан ыдыста сақтауға болмайды, жануарлардың улануына соқтырады, себебі қышқыл ортада цинк тез еріп малды уландырады. Жаз кезінде азық науалары өте таза болуы керек. Саз камшаттарын, бұлғындарды, түлкілерді, поляр түлкілерін суық кезде азықтандыру үшін азықтарды науаларға, ал жылы кезеңдерде торлардың торлы төбелеріне салады. [1,2,3,4].
Түлкі, поляр түлкісі, күзен және бұлғын ет қоректі, ал құндыз шөп қоректі аң. Саз камшатын азықтандыру қояндарды азықтандыруға ұқсайды. Олар бұршақ тұқымдастарды, бидайды, тамыр жемістілерді, сүтті, жұмыртқаны, жемді және тағы басқаларды жаратады. Бұлғындарға арналған рационда кедр жаңғағы, жас піскен немесе кептірілген жемістер болу керек.
Малды шаруашылық жағдайында әртүрлі себептермен тасымалдауға тура келеді.
Көп шаруашылықтар өзінің жағдайын жақсарту ретінде басқа терісі бағалы аңдарды, асыл тұқымды шаруашылықтан немесе арнайы мамандырылған ұжымшардан жоғарғы өнімді асыл тұқымды малды сатып алады немесе ауылшаруашылық малдарын әртүрлі көрмелерге және көрсету орындарына шығарады. Сондай- ақ шет елдерден асыл тұқымды малды сатып алады және экспорт- импорт жұмыстары жүргізіледі. Осы жұмыстарды жүргізу ретінде тиянақты мал дәрігерлік- санитариялық шараларды шаруашылықтарға ұсынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.“Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы”, 4 – том 1521 б
2. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - ISBN 9965-08-286-3 1028 б.
3. Мырзабеков Ж.Б., Сағындыков К.Л., Асылбеков Б.Л: ж.б. Зоогигиена. Лабораториялық-практикалық сабақтардың мктодикалық нұсқаулары. – Алматы, 1991. 65 б
4.Мырзабеков Ж.Б., Ибрагимов Ж.Б. Жануарлар гигиенасы. Оқулық Бшм баспасы, Алматы, 2005. 19 б
5. Храбустовский И.Ф., Демчук М.В. Практикум по зоогигиене. Учебное пособие. – М.:Колос, 1984. 157 б
6. Мырзабеков Ж.Б., Сағындықов К.Л., Ибрагимов П.ш., Тоқаева М.М., «Зоогигиена» пәнінен зертханалық практикалық сабақтарды орындауға арналған оқу-әдістемелік нұсқауы. Алматы, 2006. 89 б
7 .Волков Г.К., Репин В.И. Зоогигиенические параметры для животноводческих обьектов. Справочник. – М.: Агропромиздат, 1986. 217 б
6. Гершук В.И., Туякова Р.К. Ветеринарная гигиена. Учебник. – Костанай, ТОО «Костанайский печатный двор», 2005. 74 б
8. Кузнецов А.Ф., Баланин В.И. Справочник по ветеринарной гигиене. М.: Колос, 1984. 33 б
9. Кузнецов А.Ф., Демчук М.Ф.и др. Гигиена сельскохозяйственных животных. – М.: Агропромихдат, 1991. 47 б
10. Кузнецов А.Ф., Найденский М.С. и др. Гигиена животных. Учебник. Москва, 2001. 86 б

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Аннотация
Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Қысқарған сөздер мен белгілер
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1 Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.1Терісі бағалы аңдар туралы жалпы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.2Терісі бағалы аңдарды ұстау
гигиенасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1
1
1.3 Терісі бағалы аңдарды бағу
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
...12
1.4 Терісі бағалы аңдарды азықтандыру
гигиенасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...14
1.5 Терісі бағалы аңдарды өсіру
гигиенасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1
6
1.6 Терісі бағалы аңдардың терісін күту
гигиенасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...18
1.7 Терісі бағалы аңдарды тасымалдағанда қойылатын
гигиеналық
талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...20
2 Өзіндік
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
2.1 Терісі бағалы аңдарды бағуды ұйымдастыру және азықтадыру
... ... ... ... ... ...23
2.2 Орын анықтау
тәсілі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... 24
3 Техникалық
қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...26
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... .32

Аннотация

Ветеринарлық гигена пәнінен Терісі бағалы аңдар гигиенасы
тақырыбына жазылған курстық жұмыс 32 беттен тұрады. Кіріспе, негізгі
бөлім, (7тақырып,2-кесте) өзіндік зерттеу, техникалық қауіпсіздік,
қорытынды және пайдаланған әдебиеттер, қосымша материалдар
қарастырылған.

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға
сілтемелер жасалған:
МЖМБС 2.104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД).Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2.301 -68 КҚБЖ (ЕСКД).Форматтар.
МЖМБС 2.601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД).Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2.304-81 КҚБЖ (ЕСКД).Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2.701-84 КҚБЖ (ЕСКД).Схемалар.Түрлері мен типтері.Орындауға
қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2.321-84 КҚБЖ (ЕСКД).Әріптік белгілеу.
МЖМБС 2888-68 - Ветеринарлық термометр
МЖМБС 1770-74 - Мөлшерлі лабораториялық шыны ыдыстар. Цилиндрлер,
мензуркалар, колбалар, пробиркалар
МЖМБС 5556-81- Гигроскопиялық медициналық мақта. Техникалық жағдайлар
МЖМБС 5962-67 - Этил спирті. Техникалық жағдайлар.
МЖМБС 6709-72 - Дистилденген су. Техникалық жағдайлар
МЖМБС 9147-80 - Лабораториялық ыдыстар және қондырғылар. Шынылы,
фарфорлы. Техникалық жағдайлар
МЖМБС 24861-91 - Бір реттік инъекциялы шприцтер
МЖМБС 26678-85 - Тоңазытқыштар және мұздатқыштар. Жалпы техникалық
жағдайлар
МЖМБС 28085-89 - Биологиялық препараттар

Анықтамалар

Ветеринариялық гигиена – мал күтімін жақсартып, ауруларын
болдырмауға, олардың мол өнімділігі мен өнімнің сапасын арттыруды
қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүйесі.
Климат - ұзақ уақыт бойы байқалатын ауа райының жиынтығы.
Ауа райы - атмосфераның төменгі бөлігінің бір аумақта қысқа мерзім
ішіндегі жағдайы.
Ветеринариялық емхана - бұл цикл аяқталғанша қызмет ететін
малдәрігерлік үлкен мекеме.
Ветеринариялық орын(пункт ) - әртүрлі мал шаруашылықтарына қызмет
етуге арналған.
Изолятор – барлық мал шаруашылықтарында орналасқан. Дизенфекциялық
өткел болуы тиіс.
Дезтөсеніш – мұны қораға кірер алдында аяқ киімді дезенфекциялау
үшін төсеп қояды.
Санөткел - бұл малшыларға арналған санитариялық бөлме.

Қысқарған сөздер мен белгілер

мл - миллилитр
г – грам
мг – миллиграм
л – литр
% - пайыз
м –метр
сағ- сағат
ҚЗ- құрғақ зат
МДж – мегаджоуль

Кіріспе

Терісі бағалы аңдарды ң көп түрлері шет мемлекеттерден әкеліп, осы
біздің елімізге жерсіңдірілген. Кейбір түрлері қолайсыз климатқа
бейімделе алмады,сол үшін оларды тек жеке кәсіпорындарда арнайы
дайындалған қоражайларда ғана кездестірге болады. Терісі бағалы аңдарды
асыраудың негізгі міндеттері олардың қалың да көркем бағалы терісін
өндіру үшін асырайды. Олардың терісін өндірісте пайдаланып, қымбат киім
ретінде дайындалып шығарады. Ал елтірісінің өзі де жеуге жарамды болады
келеді.
Терісі бағалы аңдардың бірнеше түрлері бар: Ондатр, саз
кәмшаттары, күзен, құндыз, бұлғын, түлкі.
Жоғары сапалы тері алу және дені сау аңдарды өсіру үшін аңдарды
биологиялық циклын және олардың организімінің қоршаған ортамен
байланысын білу керек. Осы аталған жағдайларды ескерген кезде ғана мал
шаруашылығының бұл бағытын жақсы өркендетуге болады. Аңдарды бағудың үш
тәсілі бар: торлы, жартылай еркін және еркін.
Аңдарды тек сапасы жоғары азықтармен азықтандыру – аурулардың алдын
алу кепілі. Ашыған азықтармен азықтандыруға жол берілмеуі керек. Ал тез
ашитын азықтарды мырыш жалатқан ыдыста сақтауға болмайды, жануарлардың
улануына соқтырады, себебі қышқыл ортада цинк тез еріп малды уландырады.
Жаз кезінде азық науалары өте таза болуы керек. Саз камшаттарын,
бұлғындарды, түлкілерді, поляр түлкілерін суық кезде азықтандыру үшін
азықтарды науаларға, ал жылы кезеңдерде торлардың торлы төбелеріне
салады. [1,2,3,4].
Түлкі, поляр түлкісі, күзен және бұлғын ет қоректі, ал құндыз шөп
қоректі аң. Саз камшатын азықтандыру қояндарды азықтандыруға ұқсайды.
Олар бұршақ тұқымдастарды, бидайды, тамыр жемістілерді, сүтті,
жұмыртқаны, жемді және тағы басқаларды жаратады. Бұлғындарға арналған
рационда кедр жаңғағы, жас піскен немесе кептірілген жемістер болу
керек.
Малды шаруашылық жағдайында әртүрлі себептермен тасымалдауға тура
келеді.
Көп шаруашылықтар өзінің жағдайын жақсарту ретінде басқа терісі
бағалы аңдарды, асыл тұқымды шаруашылықтан немесе арнайы мамандырылған
ұжымшардан жоғарғы өнімді асыл тұқымды малды сатып алады немесе
ауылшаруашылық малдарын әртүрлі көрмелерге және көрсету орындарына
шығарады. Сондай- ақ шет елдерден асыл тұқымды малды сатып алады және
экспорт- импорт жұмыстары жүргізіледі. Осы жұмыстарды жүргізу ретінде
тиянақты мал дәрігерлік- санитариялық шараларды шаруашылықтарға ұсынды.

1 Негізгі бөлім

1.1 Терісі бағалы аңдар туралы жалпы түсінік

Қазақстанда терісі бағалы аңдарды өсірудің негізгі міндеттері
олардың өндірісте пайдаланылатын қымбат терісі үшін және елтірісі үшін
оларды бағады. Негізінен олардың біразын басқа шет елдерден әкеп
жерсіңдірген, ал кейбір түрлері біздің климатқа бейімделе алмаған.
Терісі бағалы аңдардың бірнеше түрлері бар
1.Ондатр ( Ondatra zibethicus ) – кеміргіштер отрядына жататын
бағалы аңдар. Дене тұрқы 35-см дей, құйрығының ұзындығы 25-см дей,
салмағы 1,5 кг дай. Құрлықтада, суда да тіршілік етеді. Мойны қысқа арты
аяқтарында жүзу жарғақтары бар. Құйрығы ұзын, жүзген кезде денесін
бағыттап отырады. Түгі қалың да тығыз, қоңыр кейде қара түсті. Ұйығу
кезінде аталықтарының шап безінен муксис заты бөлінеді. Шыққан жері
Солтүстік Америка Қазақстанға 1935 жылы әкелінген, Сырдария мен Іле
өзендерінің бойында ( 570-дей дарасы ) жіберілген. Қазір Республикада
барлық өзен- көлдерінде 350 мыңдай ондатр кездеседі. Бұлар өзен жағасы
биік болса, бұраңдата ің қазады, аласа, батпақты келсе үйшік салады.
Қоек талғамайды,негізінен су өсімдіктерімен қоректенеді жылына 2-3 рет
көбейіп, 25-30-ға дейін ұрпақ бере алады. Ондатрлар шілде-тамыз
айларында көбеюге қатыса береді. Олар туляремия және паратиф ауруын
таратушы. Терісі үшін көп ауланады. [1,2].
2.Саз кәмшаттары- нутрия ( mycoastor coypus )- өзі аттас
тұқымдастарына жататын кемірушілер. Негізгі мекені Оңтүстік Американың
тропиктік және субтропиктік аймағы. Оңтүстік Батыс Европа елдерінен
жерсіндірілген. Өзендердің жағалаулары мен батпақты жерлерде тіршілік
етеді. Дене тұрқы 60, құйрығының ұзындығы 45 см, салмағы 8 кг дай. Артқы
аяқтарының саусақтарында жүзу жарғақтарымен көмкерілген. Жүнінің қылшығы
ұзын, қоңыр түсті. Тіршілігінің көбі қыста қатпайтын су қоймаларында
өтеді. Жақсы жүзеді және сұңги алады.Қорегін ымырт түсте не түнде
аулайды.Су өсімдіктерінің бұтақтарымен және тамыр молюскаларымен
қоректенеді. Өсімдік сабағынан ұя жасайды, кейде ің де қазады. 4-5
айында жыныстық жағынан жетіледі. Жыл бойы көбейеді. Буаздық мерзімі 127-
133 күн, дүниеге 4-6 (сирек12) ұрпақ әкеледі. Табиғи жағдайда 8-10
жылдай тіршілік етеді. Саз камшаттарының терісі бағалы, еті де жеуге
жарамды.(әр аңнан 2,5-4 кг ет алуға болады). Саз кәмшаттарын 20 ғасырдың
30-50 жылдары Қазақстанға Сыдария, Іле және Үлбі өзендерінің жағасына
жерсіңдіруге жіберген, бірақ қатал климат жағдайында тіршілік етуге
бейімделе алмады. Қазір тек әуесқойлық қана жолмен қолда ғана өсіріледі.
[1.4]
3.Күзен- (Мustela) сусар тұқымдастарының бір туысы. Қазақстанда
орманды далалар мен шөлейт аймақтарда әсіресе жусанды және астық
тұқымдас өсімдіктер өскен жерде мекендейді. Күзендердің негізгі 7 түрі
белгілі:сарғыш күзен, европалық қара күзен, сасық күзен, ақ қалақ,
ақкіс, су күзені бар. Бұлар көбінесе шаршұнақтардың, қосаяқтылардың,
аламандардың іңдерін пайдаланады. Өздері ің қазбайды. Тұрқы 13-53 см,
салмағы 0,1-2,2 кг денесі ұзынша келген. Жүні үлпілдеп, жұмсақ, түсі
алуан түрлі. Қорегін іңірде түнде аулайды. Ақпанда ұйығып,мамыр айында 8-
12 (кейде19-20 дан) балалайды. Күзеңдердің ішінде ең ірісі- дала күзені.
Оның тұрқы 29-52 см. Бұлар өздеріне қауіп төнгенде аналық безіне
жағымсыз иіс шығарады, сондықтан оларды сасық күзен деп те
атайды.Күзендердің терісі бағалы, кәсіптік маңызы бар аң. Сондай-ақ олар
зиянкес кемірушілерді жеп те пайда келтіреді. [2,2].
4.Құндыз- (Lutra-lutra) –жыртқыштар отрядына жатады. Сусар
тұқымдастар. Терісі бағалы аң. Қазақстанның орманды дала аймақтарын
кәдімгі құндыз және Орта Азиядан құндызды кездестіруге болады. Дене
тұрқы 65-70, құйрығы 41-44 см, салмағы 5-8 кг, Қүндыздың арқасы мен
құйрығының түсі қара қоңыр. Бауыры ақшыл, төсі сарғыш қоңыр келеді.
Саусақтарының арасы жүзу жарғақтарымен көмкерілген. Қазақстанның
Оңтүстік Шығысында таралған. Іле өзеніне құятын Шілік, Үсік сияқты таулы
өзендерінің сағаларын және Көксу, Қар, Тентек өзендерінің жағалауларында
мекендейді.Көбіне шабақтар мен балықтармен қоректенеді. Сондай-ақ
сұстарды,сүтқоректілерді, қоян, су тышқандарымен мен ұсақ кеміргіштерді
ұстап жейді. Құндыздар көбіне өзеннің тік жағалауларынан ің қазып, сонда
паналайды. Іңінің аузы су астында болады. Іңінің аузы су астында болады.
Жылына бір рет түлейді. Аналығы 2-4 құнай табады. Көп аулануына
байланысты саны күрт азайып кеткен. Осы кезде тек кәдімгі құндызды ғана
аулауға рұқсат етілген. Орта Азия мен Қазақстанда өте сирек кездесетін
болғандықтан оларды Қазақстанның “Қызыл кітапқа” енді.Бұл аң Кирсанов
қорықшасында арнайы қорғалып өсіріледі. Жылына 100-150 құндыз елтірісі
дайындалады.(2004)
5.Бұлғын- (Mandes zibellira) сусар тұқымдасына жататын жыртқыш
аң. Дене тұрқы 40-55 см, құйрығы 20 см дейін,салмағы 0,4-1,6 кг.
Қазақстанда Алтайдың қылқан жапырақты ормамдарында кездеседі. Құлақ
қалқаны жалпақ, дөңгеленген ұшы үш бұрышты. Денесіндегі жүндері қалың
қою жібектей,, бұлынңғыр сарғыш, қара қоңыр, алқымында кішкене ақшыл
бар. Жыныстық жағынан 3 айда жетіледі. Бұлар 2 рет (наурыз-маусым және
тамызда-қарашада) түлейді.Бұлғын маусым-тамызда шағылысып, 245-300
күннен кейін наурыздыңаяғында, 2-6 соқыр күшіктен туады.Күшіктердің
салмағы 30кг дай. Дене тұрқы 11-12 см. 30-36 күнде олардың көздері
ашылып, тістері шыға бастайды, ал 3,5 айда тұрақты тістері
қалыптасады.Бұлғын- терісі өте бағалы аң. Терісінен сырт және бас киім
тігіледі.
6.Түлкі- (Vulpes vulpes) – жыртқыштар отрядының ит тұқымдасына
жататын аң. Қазақстанның барлық аймақтарында кездеседі. Түсі жирен,
сұрғылт сары. Құлағының сырты қара не қара қоңыр, құйрығы ұзын (ұзындығы
60 см дей), қысқа сирақты,жүні тығыз,әрі жұмсақ. Реңі жыл маусымына
қарай өзгеріп отырады. Жан мен бүйірі көбінесе сарғыш жирен, бауыры мен
құйрығының ұшы ақшыл тартады. Тұрқы 70-77 см.Түлкілердің терісі бағалы
болып саналады. Бұлардың терісінен сырт және бас киім тігіледі.
7.Калан, Камчатка құндызы (кәмшаты), теңіз құндызы (кәмшаты)
(лат. Enhydra lutris) – сусар тұқымдасына жататын жыртқыш аңдар. Калан,
көбінесе, Тынық мұхитта (Аляскадан Калифорнияға дейін), Алеут, Командор
аралдарында және Камчаткада таралған. Тіршілігінің көп уақытын суда
өткізеді. Тұрқы 1,5 м-дей, салмағы 40 кг-ға дейін. Алдыңғы аяқтары
қысқа, артқы аяқтары ескек тәрізді, жүзуге бейімделген. Басы жұмыр, ұзын
мұрттары танауы мен құлағын жауып тұрады, құйрығы жалпақ және оның
ұызндығы 35 см-ге жуық. Каланның терісін жібектей қарақоңыр немесе қара
түсті қалың түк басқан. Калан теңіздің жартасты жағалауына жақын
жерлерде кездеседі. Құрлықта баяу қозғалады, суда жақсы жүзеді (кейде су
астында 45 мин-қа дейін болады). Суда шалқасынан жатып дем алады және
ұстаған жемін (теңіз кірпісі, моллюскі, балық, шаяндарды) осылай жатып
жейді, қорегін күндіз аулайды. Калан 9 ай көтеріп 1, кейде 2 күшік
туады. Калан терісі бағалы аң болғандықтан, өте көп ауланған, соның
нәтижесінде 19 ғасырдың ортасына қарай саны күрт азайып кетті. Қазір өте
сирек кездесетін аң болғандықтан қорғауға алынып, Ресейдің “Қызыл
кітабына” енгізілген (1999).
Калан, камчатка құндызы, ұзындығы 100-150 см, құйрығы, 30-36 см.
Алдыңғы аяқтары қысқа, тұяқтары бунақталмаған, аяқтарының табаны мен
саусақ сүйектері тұтас, жарғақты ескекке айналған. Суға сүңгігенде
құлақ және танау тесіктері жабылады. Жүні қалың, жібектей биазы,
қарақоңыр, кейде қара. Тынық мұхит жағалауы мен Калифорниядан
Жапонияға дейін таралған. Күндіз белсенді тіршілік етеді. Ұрғашы
құндыздар 8-9 ай тұқымын көтереді. 2 жылда бір ұрпақ береді.
Теңіз кірпісі, былқылдақ денелілер және балықтармен қоректенеді.
Бакылаудағы жануар.

1.2 Терісі бағалы аңдарды ұстау гигиенасы

Терісі бағалы аңдарды бағып-ұстау ерекшеліктерімен қатар оларды
азықтандыру мен өсірудің санитариялық-гигиеналық талаптарын жақсы білу
керек.
Жоғары сапалы тері алу және дені сау аңдарды өсіру үшін аңдарды
биологиялық циклын және олардың организімінің қоршаған ортамен
байланысын білу керек. Осы аталған жағдайларды ескерген кезде ғана мал
шаруашылығының бұл бағытын жақсы өркендетуге болады. Аңдарды бағудың үш
тәсілі бар: торлы, жартылай еркін және еркін. [2.5]
Аңдарды өсіруде көп жағдайларда тиімді әдіс болып торлы әдіс
саналады. Бұл кезде негізгі жануарлар және олардың төлдері торларда
күтіп бағылады. Бұндай күтіп бағу кезінде жоғары сапалы өнім және мол
төл басын алуға болады.
Аңдарды еркін күтіп бағу кезінде олар табиғи жағдайда болады, бірақ
белгіленген аймақтан шыға алмайды. Шаруашылық территориясы торлы
қоршаумен қоршалып, оның төменгі жағы 30-40 см төмендіктекөмілуі керек.
Қоршаудың биіктігі түлкі, құндыз және бұлғын асырайтын шаруашылықтарда
2м, ал күзендер үшін 1,5 м. Түлкілер мен құндыздардың торлы
қоршауларының үстіңгі ішкі жағынан қалқан жасалады.
Аңдарды, әсіресе табиғи азықтар жетіспеген жағдайда олар ашығып
қалмауы үшін қолдан азықтандырып тұрады. Аңдарды азықпен алдау арқылы
жыл сайын арнайы кезеңде жүргізіліп барлық аң саны уақытылы саналып
отырады.
Бірақ бұндай күтіп-бағу жүйесінде барлық мал дарігердік шаралар
жүргізуге жағдай болмайды, соның салдарынан аңдардың сапасы жоғары
болмайды.
Жартылай еркін күтіп-бағу жүйесі- бұл аралас әдіс, яғни торлы және
еркін еркін күтіп бағу жүйелерінен тұрады.Аңдардың негізгі басын
(ересек) торларда ұстайды, ал төлдерін керекті мезгілге дейін табиғи
жағдайда ұстайды.
Терісі бағалы аңдард бағу шаруашылықтарын құрған кезде климаттық
жағдайларды және керекті азық базасының бар жоғын ескеру қажет. Мысалы,
құндызды бағу үшін климаты жұмсақ, әрі жылы келетін аудандар
керек.Сондықтан сарай(шед) төбесін жеңіл материалдардан(асбестті цемент)
жасайды.Еденді асфальттайды немесе бетондайды.
Сарайдың ені 4м, ұзындығы 60м кем болмауы керек.Түлкі мен поляр
түлкілері еркектеріне арналған бөлек торларды бір қатарда 50 қояды.
Тор қатарлары арасындағы қашықтық 4 м, ал серуен алаңындағы
үйшіктер арасындағы қашықтық 1,8 м кем болмау керек. Торларды көбінесе 1
қабаттан орналастырады (екі қабаттан сирек салады).
Бұлғындар, күзендер, түлкілер үшін сарайлардың (шедтердің) сыртқы
ұзынша жағынан және азық беретін жол бойымен тор тартылады, тереңдігі
20см кем болмау керек. Сарайлардың бүйірінен торлы есіктер жасайды.
Жануарларды сарайларда ұстау қолайлы жағдай туғызады (оларды жаңбырдан,
желден және қардан қоргайды), азық беруді, суғаруды, көң шығаруды
механикаландыруға мүмкіндік береді. [2.1]
Жас аңдар рационы өздері тапқан табиғи азықтардан тұрғандықтан
олар азықты аз қажетсінеді. Сонымен қатар төлдерге арналған торларды
салуға қаржы жұмсалмайды.
Аналарды жабық қораларда ұстау ірі фермаларда жыл бойы тері
өндіруге мүмкіндік береді. Осы мақсатта торларды қолданады, торлардың
конструкциясы және көлемі климаттық жағдайларға, жануар түріне, жасына,
жынысына және шаруашылық мақсатына байланысты болып каркасты және
каркассыз болып бөлінеді. Әртүрлі типті торлар жасайды. Оларды көбінесе
ағаш каркасты металды тордан жасайды.

Кесте 1
1.3 Терісі бағалы аңдарды бағу әдістері

Жануар Жас Бағу Торайларды Таралу аудандары
түрі топтары әдістері орналастыру
Кұзендер, Негізгі Жеке торларда Сарайларда Ауа температурасы
бұлғындар, топтар 35 ͦ̊С және одан да
түлкілер, немесе жоғары және
поляр төлдер күннің тұрақтануы
түлкілері 4сағ
Ітәул.болатын
аудандардан
басқа жерлерге
түлкілер, Негізгі Жеке тұрған Сарайларда Ауа температурасы
поляр топтар торларда 35 ͦ̊С және одан да
түлкілері жоғары және
күннің тұрақтануы
Ітәул.болатын
аудандардан
басқа жерлерге
Саз кәмшаттарыНегізгі Жеке торларда Сарайларда Температура минус
топтар немесе 20 ͦ̊С және одан
ашық да төмен
алаңдарда
Жеке алаңдарда,Жабық Температура минус
бір ярусты алаңдарда 20 ͦ̊С және одан
батареяларда да төмен
Жас төл Топтық Температура Сарайларда немесе
торларда(загон)минус 20 ͦ̊С ашық алаңдарда
және
одан да төмен
ТоптықалаңдардаТемпература Жабық алаңдарда
,бір минус 20 ͦ̊С
не екі ярусты және
батареяларда одан да төмен

Аталық түлкі мен бұлғындарда арналған жеке тор екі бөлімнен
тұрады- үйшік және серуен алаңы. Аңдарды желден және жауын- шашыннан
қорғау мақсатында үйшігі жан-жағынан төбесімен қоса жақсы қымталып
жабылу керек, ал серуендеу алаңы торлы болады. Торды негізінен бағанаға
жерден 0,7-0,8 м биіктікте орнатады.
Үйшіктің қабырғасында серуендеу алаңында азық өткізетін есікше
және аңдар өтетін есік орнатылып, сөре, науа қойылады.
Ұрғашы түлкілер мен поляр түлкілерін ұстайтын тор тік бұрышты
тордан жасалған параллепипедті құрайды (ұзындығы-290 см,ені-100 см,
биіктігі-65 см). Күшіктеу және күшіктерін емізу кезеңінде торға
жабыстырып ұяшығы бар үйшік орнатады (70*60*60см). Үйшіктің қабырғасы
бітеу жабылған, тек қана аң кіретін жер болуы қажет; оның төбесіне бір
жақ қабырғасы ұяны бақылау үшін алынбалы-салынбалы болуы қажет. Бұл
қабырға немесе төбесі аң астына төсейтін төсенішті өзгерту үшін де,
күшіктерін бақылау үшін де қолданылады; түбі екі қабатты ағаштан және
тордан тұрады. Ағаш түбі алынатын немесе жылжытылатын болуы мүмкін.
Жеке тордағы күзендер мен бұлғындар торлы серуендеу
алаңынапараллелипипед түріндегі және биіктеу орналасқан үйшікте
(150*100*80 см)тұрады. Аңдар серуенге шығу үшін үйшік қабырғасынан
кішкене орын қалдырады. Үйшік төбесі екі қабатты: біріншісі (беткейлігі)
ағаштан жасалған алынбалы-салынбалы, ал екінщісі торлы ашылатын етіп
жасайды. Үйшіктің түбі де екі қабаттан тұрады: тұрақты торлы және
ағашты. Соңғысы алынатын немесе жылжымалы болады. Торда осылармен қатар
науа және есік орнатады.
Терісі бағалы аңдард бағу шаруашылықтарын құрған кезде климаттық
жағдайларды және керекті азық базасының бар жоғын ескеру қажет. Мысалы,
құндызды бағу үшін климаты жұмсақ, әрі жылы келетін аудандар
керек.Сондықтан сарай(шед) төбесін жеңіл материалдардан(асбестті цемент)
жасайды.Еденді асфальттайды немесе бетондайды.
Сарайдың ені 4м, ұзындығы 60м кем болмауы керек.Түлкі мен поляр
түлкілері еркектеріне арналған бөлек торларды бір қатарда 50 қояды. Тор
қатарлары арасындағы қашықтық 4 м, ал серуен алаңындағы үйшіктер
арасындағы қашықтық 1,8 м кем болмау керек. Торларды көбінесе 1 қабаттан
орналастырады (екі қабаттан сирек салады). [2.6]
Саз кәмшаттарының негізгі бір табынында арналган, торлар
үйшіктен,серуендеу алаңынан және бассейннен (немесе бассейнсіз) тұрады.
Үйшік (0,64 м) қүндыздарды жауын-шашыннан қорғайды және күшіктерге
арналган. Үйшікті серуендеу алаңынан бөлетін бөлігінде кішкене аң кіріп-
шығатын тесік орнатылады.

1.4 Терісі бағалы аңдарды азықтандыру гигиенасы

Аңдарды тек сапасы жоғары азықтармен азықтандыру – аурулардың
алдын алу кепілі. Ашыған азықтармен азықтандыруға жол берілмеуі керек.
Ал тез ашитын азықтарды мырыш жалатқан ыдыста сақтауға болмайды,
жануарлардың улануына соқтырады, себебі қышқыл ортада цинк тез еріп
малды уландырады. Жаз кезінде азық науалары өте таза болуы керек.
Саз камшаттарын, бұлғындарды, түлкілерді, поляр түлкілерін суық
кезде азықтандыру үшін азықтарды науаларға, ал жылы кезеңдерде торлардың
торлы төбелеріне салады.
Түлкі, поляр түлкісі, күзен және бұлғын ет қоректі, ал құндыз шөп
қоректі аң. Саз камшатын азықтандыру қояндарды азықтандыруға ұқсайды.
Олар бұршақ тұқымдастарды, бидайды, тамыр жемістілерді, сүтті,
жұмыртқаны, жемді және тағы басқаларды жаратады. Бұлғындарға арналған
рационда кедр жаңғағы, жас піскен немесе кептірілген жемістер болу
керек.
Ет қоректі терісі бағалы аңдардың рационы жануар тектес және
өсімдік азықтын көптеген қосындысынан тұрады. Ол аңдарды азықтандыру
үшін етті, балықты, сүт өнімдерін, витамин концентраттарын қолданады.
Түлкі, поляр түлкісі және жанат рационында 50 пайызға дейін жарманың
орнына пісірілген картопты енгізуге бодады. Жарманы ботқа түрінде, ұнды
азыққа араластырады немесе одан нан пісіріп, оны кептірген күйде береді.
Ет азықтарының 50 пайызын балықпен немесе ірімшікпен араластыруға
болады. Азықты быламық түрінде береді. Аңдарға бауыр, балық майын,
ашытқы, өскен дән беру аса пайдалы. Ересек аңдарға және олардың
күшіктеріне минералды азықтар (аз тұзы, ұнтақталған сүйек немесе сүйек
ұны) беру олардың өсуіне және өнімділігіне мол ықпалын тигізеді. Арнайы
азықтандыру бөлімдерінде аталған азықтарды мұқият уақтап арнайы
машиналарда араластырып, ботқа түрінде аңға береді.
Аңдарға көкеністерді шикі ұсақталған түрде немесе басқа азықтармен
араласқан паста түрінде береді. Ішектен басқа субөнімдерді аңдарға шикі
күйінде, ал шошқа қаның пісіріп береді.
Уақытысынан ерте ет және ет өнімдерін дайындауға болмайды, себебі
осының салдарынан аңдарға азықпен улану және ауыр түрде өтетін ас қорыту
жолдары ауруларын тудырады. Уақталған азықты өте мұқият араластырып тез
және сол уақытта аңдарға тарату керек.
Майдаланған ет және балықты әсіресе жылы кезеңдерде 1-1,5 сағат
сақтауға рұқсат етіледі. Мұздатылған азықтар пайдаланар кезде
жібітіледі. Барлық тұздатылған азықтарды қолданар алдында суға салып
тұзын азайтады. Бұл талаптар негізінен терісі бағалы аңдардың азыққа
өте сезімталдығынан туындаған.
Инфекциялық және инвазиялық аурулар негізінен аңдарды осы
аурулардың қоздырушысымен зақымдаған азықпен (етпен) азықтандыруынан
туындайды.
Органолептикалық тексеруден ірі қара, жылқы және бұлғындардың
еттері шикі түрінде азыққа қолданылады. Аңсарды ауески ауруы вирусынан
сақтау үшін шошқа етін температуралық өңдеуден өткізеді. Қой етін күзен
мен бұлғындарға энцефалопатия ауруын тудырмас үшін пісірілген түрде,
түлкі және поляр түлкілеріне аталған ауруларға сезімтал болмағандықтан
шикі күйінде беруге болады.
Бұзау және қоян етін сальмонеллез бен пастереллезден сақтану
есебінде пісірілген түрдк ғана береді. Лажсыздан сойылған ауыл
шаруашылығы малдарының және аңдардың еттерін рационға тек қана
термиклық өңдеуден өткен соң қосады.
Азықтағы микробтардың көлемі мен аңдардың ауруы бір- біріне
тікелей байланысты. Бұл жағдайда тек қана белгілі бір патогенді
микробтардың болуы ғана емес, сонымен қатар жалпы азықтың бактериялармен
ластануы азықта кейбір ингриедиенттердің сапасыздығынан немесе
санитариялық жағдайының төмендігінен және дайын азықтық ботқалардың
бұзылуынан болады.
Ересек аңдарды және асыл тұқымды емес жас аңдарды тәулігіне тек
бір рет азықтандырады, ал асыл тұқымды жас және буаз ұрғашы аңдарды
күніне екі рет азықтандырып және үнемі сумен қамтамасыз ету керек.
Биологиадлық циклына байланысты аңдардың азыққа қажеисіңуі
өзгереді. Сондықтан олар үшін әр кезеңге- буаздық лактация және т.б.
байланысты азықтандырудың арнайы ретін анықтайды. Буаз және бауырында
күшіктері бар аңдардың рационына сапалы шикі бауыр және қан (20-40 г)
қосқан тиімді.
Терісі бағалы аңдарды ұзақ уақыты көмір суы жетіспейтін азықпен
азықтандырғанда жас аңның өсіп өнуі тежелденіп, терісінің сапасы бірден
төмендеп кетеді. Түлкінің, поляр түлкісі азығының құрамында С
жетіспегеннен қызыл табан ауруы дамиды. Аңдар майда еритін (А, Д, Е)
және суда еритін витаминдерге- В1, В2, РВ, биотин, аскорбин қышқылына
өте мұқтаж болады. Анемияның алдын алу үшін аңдардың рационында темірі
бар препараттар қосылады.
Күзенді, түлкіні, бұлғынды және құндыздарды арнайы автоматты
немесе қарапайым суару тәсілдерімен суарады. Қыста аңдарға ереже бойынша
серуенде және тордың сыртында болғанда қар немесе мұз береді.

1.5 Терісі бағалы аңдарды өсіру гигиенасы

Жыртқыш терісі бағалы аңдардың биологиялық циклі басқа ауыл
шаруашылық жануарларға қарағанда неғұрлым айқын: көбею мезгілі
шектелген, күйі белгілі бір уақытта келеді, зат алмасуының маусымдық
өзгеруі байқалады (жаз айларында зат алмасу неғұрлым интенсивті, күзде
төмендеп, қыста айтарлықтай төмендеп, көктемде қайтадан артады).
Саз кәмшатында мұндай маусымдық биологиялық цикл жоқ. Олар жыл бойы
көбейе береді,күйлеуі ұзаққа созылады. Алғашқы көбею кезеңі күзендерде 9
айында, поляр түлкілерінде және түлкілерде 9-11 айында, Құндызда 3-4
айында басталады. Биологиялық циклге байланысты шағылысу және күшіктеуі
белгілі бір уақытта бір жылдың маусымында жүреді. (2 кесте)
Шағылысуға дайындаудың негізгішарттары- аңдарды құнарлы
азықтандыру. Ересек ұрғашылар сүттену кезеңінен кейін азып кетеді.
Сондықтан оларға құндылығы жоғары азық береді. Ұрғашылардың қондылығы
қалыпты деңгейге жеткенде оларды шағылысуға дайындайтын рационға
ауыстырады. Күйлеу аңдардың шағылысуға дайын екенін көрсетеді. [1.9]
Ұрғашылардың буаздық кезеңі де толық, сапалы қоректенуді қажет
етеді. Осы талаптарды оындамау түсікке және дұрыс тумауға әкеліп
соқтырады. Буаздық және сүттену кезеңінде аңдардың рацонындағы балықты
азайту керек, себебі олар ауруға шалдықтырады (қан азаю, авитаминоз, В1
және т.б.)
Түлкі, поляр түлкісі, саз кәмшаттары буаздарын үйшіктері бар
торларда жеке бағады. Үйшік пен ұяларын күшіктеуге 10-15 күн қалғанда
дайындайды.

Кесте 2
Терісі бағалы аңдардың биологиялық циклі

Уақыты Жас төлдің
Буаздық енесінен
Ұзақтығы ажырату
Жануар түрі тәулік кезіндегі
жасы, тәулік

Шағылысу Күшіктеу
Күзен Ақпанның Көкек айының
екінші аяғы, мамыр 37-80 35-45
жартысы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Терісі бағалы аңдар
Қазақстанның терісі қымбат және кәсіптік аңшылықтың аңдары. Тиімді пайдалану және қорғау
Терісі бағалы аңдарды азықтандыру
Үлбір және үлбір шикізаттарын консервілеу әдістері
Аңшылық өнімдерін өңдеу
Аңдар биологиясы жайлы мәлімет
Күзенді өсіру
Мамық жүнді аң терілерінің географиялық және мезгілдік өзгергіштігі
Солтүстік Қазақстандағы аңшылық аңдар биологиясы
Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Талдықорған орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі
Пәндер