Баланың күйзеліс жағдайының топтағы алатын орнына әсері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

Мектеп жасына дейінгі балалардың эмоциялық күйзеліс мәселелерін педагогиклық-психологиялық тұрғыдан қарастыру және шешу.

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

ІБөлім: Мектеп жасына дейінгі балалардың эмоциялық күйзеліс мәселелерін педагогиклық-психологиялық тұрғыдан қарастыру және шешу . . . 7

1. 1. Күйзеліс - эмоциялық шеңбердін көрінісі . . . 7

1. 2. Күйзелістін пайда болу себебі және оның мектеп жасына дейінгі балаларда көрінісінің ерекшелігі . . . 10

1. 3. Мектеп жасына дейінгі балалардың өзіндік баға қоюының

ерекшелігі . . . 16

1. 4. Баланың күйзеліс жағдайының топтағы алатын орнына әсері . . . 21

ІІ Бөлім: Мектеп жасына дейінгі балалардың эмоциялық күйзеліс жағдайын педагогикалық - психологиялық тұрғыдан зерттеу . . . 24

2. 1. Балалардың эмоциялық шеңберін сипаттау . . . 24

2. 2. Мектеп жасына дейінгі блалардың топтағы тұлғааралық қатынастарының сипаты . . . 43

2. 3. Әртүрлі күйзеліс деңгейіндегі балалардың жағдайын педагогикалық-психологиялық тұрғыдан қарастырып нәтиже шығару . . . 49

2. 4. Балалардың күйзеліс мәселесін педагогикалық-психологиялық тұрғыдан шешу және коррекциялау . . . 51

Қорытынды . . . 57

Әдебиеттер тізімі . . . 59

Қосымша . . . 61

Кіріспе

Қоғамымыздың зиялық ресурстарын белсендіру қажеттілігі қазіргі жағдайдың ең маңызды мәселесінің бірі болады. Жеке тұрғыдан ол әлеуметтік парасатты дамыту мәселесін шешуді болжайды, яғни адамдардың бірін бірі ұғынып тани алуы, сөйте отырып басқа адамның ішкі жан дүниесің түсіну өсіп келе жатқан баланың ішкі қобалжу, күйзелістерін анықтап дер кезінде көмек беру. Қазіргі ғылыми білім тұлғаның сана сезімінің мәселесіне қызығушылық танытады. Бұл қызығушылық психологиялық және де басқа тұрғыдан орталық орын алып талданып ғылыми зерттеулерде бейнеленеді.

Тұлғаның сана сезімін психологиялық талдау деңгейінде зерттеу үшін сенімді негіз болатын адамның қоршаған орта мен өзін өзі түсіну болып жатады. Осы үсінік тұрғысынан сана сезімді объект санасы ретіндегі субъект деп анықтауға болады. Нәтижесінде адам өз білімін бағалауға, адамгершілік сипатын, қызығуын, идеалын, әрекет-қылық мотивін бағалауға өзін тұтас бағалауға деген қабілет меңгереді.

Сана сезімнің пайда болуы тұтас психикалық дамуды сипаттайды, яғни онсыз тұлға қалыптасуы мүмкін емес. Ол қоршағандардың тікелей әсерімен, ең алдымен, бала тәрбиелейтін ересектердің әсерімен жүреді. Балалардың сана сезімінің ерекшеліктерін білмей олардың қылықтарына жауап беру, сәйкес мадақтау немесе жазалау әдісін таңдау, мақсатты түрде тәрбиені басқару қиынға соғады.

Қандай болмасын адам жылы ахуал және силастықта өмір сүргісі келеді, қоршағандардың жылы шырайын сезінгісі келеді. Бұны тек біздерге, қоғамда нормада өмір сүру үшін қажет «әлеуметтік қорғаныс» сезімі бере алады. Егерде біз бір себептерден басқа адамдардың қолдауына, жәрдеміне, мейірімділігін күтпесек, онда ауыр және ауыршн күйзеліс кешеміз.

Бұл күйзелістер көптеген адамдарда болады. Бірақ кейбіреулерінде басқаларға деген сенімсіздік, күмәндік, абайлық мінезінің тұрақты бітісіне ауысады- бұл тұлға қасиеті, сонында шет формасында психикалық нормадн шығып көптеген невроздар мен психоздар себебі болады.

Бәріне таныс сезім, тұлға ерекшелігі, ауыр патология, ал осындай әр түрлі заттардың негізінде психологтар тұлғааралық мазасыздық деп атайтын бір кешенді күйзеліс жатады.

Мектепке дейінгі балаларда ең көп мазасыздықты тудыратын балабақша тәрбиешілері. Объекивті баламен тәрбиеші қатынасы жақсы, мейірімді деп балалардың өздері бағалайтын тәрбиешілермен қатынастың өзі балларда мазасыздық тудырады. Бірақ егерде, бала үшін тәрбиешілермен қатынастары нашар қалыптасса, онда оларда мазасыздық күйзелісі одан да жоғары көтеріліп, ол аналадағы бәрінен ұнамсыздық күтетін болады. Бұл жағдайда тұрақты үрей, сенімсіздік, тұлға ерекшелігі туралы айтамыз. Мұндай мінез отбасында эмоциялық жылу көрмеген немесе тым көп алған балаларда қалыптасады.

Өсіп кележатқан адамның ең қысымды әлеуметтік қажеттілігінің бірі - өзін таныту қажеттілігі. Маңыздысы, адамның даму жолы жанама тәуелсіз әлеуметтік бірлік - тұлға, ретінде өзін таныту жолы болады, бірақ өзін таныту- бұл кен және қарама-қайшы процесс. Мектеп жасына дейінгі бала үлкендердің мақтауы арқылы өзін өзі танытады. Белгілі, кішкентай балалар, үлкендердің сөзін қайталай отырып өздерін бағалайды.

Бала әлі кішкентай, ол әлі балабақшаға барады, балалармен « қатар, бірақ бірге емес» ойнайды, оның өзіне жақсы қатынасы «ол онды» және «үйдегі ең жақсы бала» болып анықталады. 5-6 жасқа таман ол «қатар» емес, «бірге» қатарластарымен ойнай бастайды, ол үшін маңызды болып алғашқы тобында, яғни балабақша тобында негізгі орын алуы.

Баланың бұл жағдайы тәрбиешінің баға беру мен қатынасына байланысты келеді. Бұл жастағы балаларда өзін және басқаларды бағалауға деген тұрақты критериялары жоқ, оны олар үлкендерден, тәрбиешілерден алып пайдаланады. Балаға тәрбиешінің берген бағасы басқа балалардың бағаларында екі есе өседі. Міндетті түрде баланың орын алуыда тәрбиешінің баға беруіне байланысты келеді. Сондықтан тәрбиешінің мақтауы немесе сөгуі бала үшін өте маңызды болып келеді.

Әр даму кезенде адам жаңа қарым-қатынас шеңберін меңгереді, сонымен бірге тәуелдік алады: қарым-қатынас шеңбері менгерілді, сол шеңберге жататын адамдар енді онда мазасыздық тудырмайды, адам тендер арасында өзін тен сезінеді.

Бірақ, не себептен маңызды бір кезендерде адамдар мазасыздық тудырады? Мүмкін, жаңа қарым-қатынас саласында жоғары назар, жағыр сезімділік, жақсы позицияға ие болу тілегі адамды болар болмас сәтсіздік күйзеліс тудырады. Жетістікке жету қажеттілігі соншалықты үлкен, сәл ауытқу сәтсіздік болып қобалжу тудырады. Сәтсіз қарым-қатынас тәжірибесі пайда болады да жаңа жағымсыздықты күтеді, қорқады. Осының бәрі біздің денсаулығымызға, өмірімізге қауіп төндіретін сияқты үрей сезіміне ұқсайды.

Белгілі, үрей сезімі, организмнің қоршаған ортаға нормада бейімделу үшін қажет - құтылу үшін ол қауіп туралы, әрекет-қылықты өзгерту қажеттілігі туралы сигнал береді.

Осындай ұқсас қызметті қарым-қатынаста үрей, мазалану орындайды. Олар адамды маңызды ситуация туралы ақпараттайды, жұмылдырады, ерекше абайлы болуға мәжбүрлейді, әрекет-қылықтарын бағыттайды, атап айтсақ нақты бір деңгейде қалаған нәтижеге жетуге мүмкіндік береді.

Барлық жастағы баларда мазасыздық тұлға қасиеі ретінде байқалды, бірақ бала ның есі кірген сайын бұл қысы, үрей түсе бастған болды, оның бәрі қарым-қатынастағы баланың шыңайы сәттілігі немесе сәтсіздік тәжірибесіне байланысы болап келеді. Ерте балалық шақтағы шыңайы сәтсіздіктер, кейін өзіне сенімсіздік болып ауысады да қарым-қатынаста мазасыздық күйзеліс фоның тұдырады.

Әсіресе, осы өзіне деген сенімсіздік адамның өзін өзі танытуға кедергі болады, адамдармен қарым қатынастың қалыптасуына дұрыс баға беруіне мүмкіндік бермейді, шынайы табысқа жетуге күмәнданады.

Сол себептен бұл тақырып өте өзекті болып келеді.

Менің диплом жұмысымның мақсаты : Мектеп жасына дейінгі баллардың эмоциялық күйзелісінің себептерін анықтау.

Ғылыми болжам : Баланың топта статустық жағдайы сәтсіз болса, эмоциялық күйзелістері жоғары болады.

Зерттеу міндеттері:

1) Естияр жастағы мектепке дейінгі балалрдың эмоциялық шеңберін зерттеу;

2) мектепке дейінгі балалардың топтағы тұлғааралық қатынастарын зерттеу;

3) әртүрлі күйзеліс жағдайындағы балардың топтағы статусын зерттеу.

Зерттеу пәні : мектепке дейінгі баланың статусына байланысты мазасыздық күйзеліс деңгейін анықтау.

Зерттеу объектісі : естияр жастағы мектепке дейінгі балалар тобы.

Топтағы баллардың эмоциялық жағдайын зерттеу үшін , қолданамыз:

«Үй-Ағаш-Адам» тестісі, «Жоқ жануарлар» әдістемесі.

Балалардың қатынастарын анықтау үшін социометрия және аутосоциометрия әдістемелері қолданылды

Зерттеу базасы : Қөкшетау қаласының «Қарлығаш» атты №9 Балабақшасы.

ІБөлім: Мектеп жасына дейінгі балалардың эмоциялық күйзеліс мәселелерін педагогиклық-психологиялық тұрғыдан қарастыру және шешу.

1. 1. Күйзеліс - эмоциялық шеңбердін көрінісі

Эмоция және сезім күйзелу формасындығы шыңдықты бейнелеу болып көрінеді. Қобалжу сезімінің әртүрлі формалары (эмоция, аффект, көңіл, стресс, құштарлық т. б. ) адамның эмоциялық шеңберінің жиынтығын құрайды.

Сезімнің адамгершілік, зиялық және эстетикалық түрлері болады. К. Изард ұсынған классификация бойынша эмоция іргелі және өнімді болып бөлінеді. Іргеліге жататындар:

1) қызығу - тыңышысдану, 2) куаныш, 3) таңдану, 4) қайғы-қасірет, 5) ашу, 6) жеркенушілік, 7) жек көрушілік, 8) үрей; 9) ұят, 10) кінә.

Қалғандары - өндіруші болады. Іргелі эмоцияның қосындысынан үрей, кінә, ашу, қызығу - қозу тіркестерінен тұратын мазасыздану сияқты комплексті эмоциялық жағдай пайда болады.

«Мазасыздану - абыржу реакциясының төмен табалдырықта пайда болумен сипатталатын, абыржуға дара адамның бейімділігі»

Мазасызданудың нақты деңгейі - тұлғаның белсенді іс-әрекетінің табиғи және міндетті ерекшелігі. Әр адамда, өзіне тиімді немесе қалаулы мазасыздану денгейі болады - ол, пайдалы мазасыздану деп аталады. Адамның өз жағдайын бағалау бұл жағдайда өзіндік бақылау және өзіндік тәрбиенің маңызды компоненті болады. Бірақ, мазасызданудың жоғары деңгейде болуы тұлғаның сәтсіздігінің субъективті көрінісі болады.

Әр түрлі жағдайда мазасыздану көрінісі бірдей болмайды. Бір жағдайда адамдар барлық жерде және әрқашан өздерін мазсызданып ұстайды, келесі бір жағдайларда жағдайятқа байланысты бір уақыттарда ғана өз мазасыздануын байқатады.

Ситуативтік тұрақты мазасызданудың көрінісін тұлғалық деп атаймыз және адамның сәйкес тұлғалық бітісімен байланыстырамыз («мазасыз тұлға» деп) . Субъектінің мазасыздануға бейімділігі және көптеген жағдайларды кәуіпті ретінде қабылдап соған нақты реакция беруі бұл тұрақты жеке дара сипат, яғни мінездемесі болады. Бейімділік ретінде, жеке тұлғалық мазасыздану, адамның нақты стимулдарды қабылдауында кауіпті болып бағаланып, оның өздік бағасына, жеке басын силауына, намысна әсер етер жағдай болып саналғанда белсенділе түседі.

Мазасызданудың жағдаятты құбылмалы көрінісі ситуативті болып аталады да, адамның мұндай мазасыздану көрініс ерекшеліктері «ситуациялық мазасыздану » деп аталады. Бұл жағдай субъективті қобалжу эмоциясымен сипатталады: титықтану, қам істеушілік, мазасыз хал, қысым т. б. Мұндай жағдай стрестік жағдайға эмоциялық реакция ретінде пайда болады және мерзімге орай қарқындылығымен және динамиклығымен әр түрлі болып келеді.

Тым мазасыз категорияға жататын тұлғалар, өзінің өздік бағалауына және тіршілігіне кен диапазонда қауіпті қабылдауға бейім келетіндер адамдар жатады.

Тым мазасыз адамдардың іс-әрекетте табысқа жетуге деген әрекет-қылықтары келесідегідей:

1. Тым мазасыз дара адамдар төмен мазалы адамдарға қарағанда сәтсіздікке қатты реакция береді;

2. Тым мсазыс адамдарға қарама-қарсыларға қарағанда ситуациялық жағдайларда нашар жұмыс атқарады;

3. Сәтсіздіктен қорқу - тым мазасыз адамдардың бітіс сипаты. Бұл үрей оларда табысқа жету үстемдігінен де басым келеді.

4. табысқа деген мотивациялары төмен мазалы адамдарда басым келеді. Оларда ол сәтсіздікке ұрынып қалу мүмкіндігінен де басым келеді.

5. тым мазасыз адамдарда күшті ынталандыратын күш болып олардың сәттілігі туралы хабар болсы;

6. төмен мазасыз адамдарды ынталандыратын күш болып олардың сәтсіздікке ұшырағаның хабарласа;

7. Жеке тұлғалық мазасыздық адамды ешбір қауіпсіз жағдайдын өзін қауіпті деп қабылдауына бейімділік етеді.

Адамның іс-әрекеті нақты жағдайларда, тек ситуацияларға ғана немесе адамның тұлғалық мазасыздығына байланысты болып қоймайды және де жағдаяттар ықпалымен пайда болатын жағдайдын мазасыдығының өзіне де байланысты келеді.

Адамның қажетілігі, ойы, сезімі, өзінің мазасыз тұлғалық қасиеті, пайда болған жағдайлар әсері нақты пайда болған жағдайды когнетивтік тұрғыдан бағалауды талап етеді. Бұл бағалау, өз ретімен нақы эмоция тұдырады (нерв жүйесінің автономды жұмысын белсендіреді және сәтсіздікті күтуге байланысты мазасыздану жағдайын күшейтеді) . Бұл жайлі барлық ақпарат кері байланыс жүйке механизмі арқылы адамның ойына, қажеттілігіне және сезіміне әсер ете отырып бас миына беріледі.

Осы жағдайды когнетивтік бағалау бір мезгілде және автоматты түрде организмнің қауіпті стимулдарға деген реакция тудырады, соның негізінде ситуациялық мазалануды төмендетуге бағытталған сәйкес жауапты реакция пайда болуына әкеледі.

Осының қорытындысы тікелей іс-әрекеті орындауда байқалады. Бұл іс-әрекет тікелей мазасыз жағдайға байланысты келеді.

Сонымен, адамның ситуация туғызатын мазалануында іс-әрекет тікелей ситуациялық мазасыздық күшіне тәуелді келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың эмоциялық күйзеліс мәселелерін педагогиклық-психологиялық тұрғыдан қарастыру және шешу
Мазасыздану факторлары
Тұтықпасы бар балаларда тұтығудың теориялық аспектілер
Стресті тудыратын факторлар
Мектепке дейінгі тұтығатын балаларда коммуникативті сөйлеу тілін қалыптастыру
ТҰТЫҚПАСЫ БАР МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДА ҚАРЫМ
Тұлғалық факторлар
Психофизиологиялық құбылыс жағдайы, мінез-құлқы және қызметі (зілзала апаты ошағынан зардап шеккен адамдар)
Салауатты өмір сүру деңгейі
ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ЭМОЦИЯ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz