Қазақстандағы шаңғы спортының дамуы
КАСПИЙ ЖОҒАРЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ САЛАЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ
КУPCТЫҚ ЖҰМЫC
Тaқыpыбы: Шаңғылардың пайда болуы және алғаш пайдалануы
Пәнi: Шаңғы спорты және оны оқыту әдістемесі
Мaмaндығы: Дене тәрбиесі және спорт
Opындaғaн: тoбы 4ДТС А-20 бб cтyдeнтi
Хыдырнияз Бейбіт
Жeтeкшi: Рахманов А
Жаңаөзен 2024
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.Шаңғылардың пайда болуы
1.1 Шаңғының шығу тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5-6
1.2 Шаңғының құрам-бөліктері мен дұрыс пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... 7-9
2. Шаңғымен қозғалудың классикалық тәсілдерін алғашқы пайдалану
2.1 Қазақстандағы шаңғы спортының дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..10-15
2.2 Шаңғылардың пайда болу техникасының ерекшелігі ... ... ... ... .16-20
2.3 Алғашқы шаңғыларға жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...21-26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Кipicпe
Курстық жұмыстың өзектiлiгi: Шаңғы спорты - қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Балалардың жан - жақты дамуын дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес. Денесі жақсы дамыған деп күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз. Біздің елімізде кәсіподақтардың бірыңғай ерікті дене шыңықтыру- спорт қоғамдары құрылған. Оның негізгі міндеттерінің бірі балалар мен жеткіншектердің арасында дене шынықтыру - сауықтыру және спорт жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады, өйткені дене тәрбиесінің негізі балалық және жеткіншектік жаста қаланады. Тек қана осы кезеңде дене жаттығуларымен айналысу кажеттілігі қалыптасады, дағдылар мен іскерліктер жинақталады, спортқа қызығушылық калыптасады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Мектеп жасындағы балаларды ауықтыру және үйлесімді дамыту мақсатында дене тәрбиесінің аса маңызды құралдардың бірі - шаңғы дайындығы. Айтылған кұрал өсіп келе жатқан ағза үшін маңызды сауықтыру мәнге ие. Бұл біріншіден, дене жаттығуларының арқасында қоршаған ортаның жағымсыз факторлары мен жұқпалы ауруларға ағзаның қарсылығы артатындығымен түсіндіріледі. Басқа сөзбен айтқанда, денесі мықты және шыныққан адам сирек ауырады. Екіншіден, өсу мен даму процесі ынталандырылады, жылуды реттеу реакциясы жетілдіріледі, яғни салқыннан болатын сырқаттануға қарсылық артады. Үшіншіден, ақыл-ой және дене қабілеттерінің артуына себепкер болатын шыдамдылық, күш, жылдамдық пен икемділік секілді қасиеттер дамиды. Шаңғымен қозғалу кезінде ағзаға оң әсерін тигізетін қолдың, аяқтың және кеуденің барлық негізгі бұлшық еттері жұмыс істеуге қатысады. Шаңғымен жүру және жүгіру оқушының жүрек-қантамырына, тыныс алуына және жүйке жүйесіне пайдалы әсер етеді. Ақырында, дене жаттығуларымен айналысу жағымды эмоционалды жағдайды туғызады, сергектік пен сенімділік қолдайды, балалардың шыдамдылығын, икемділігін, ептілігін дамытады
Зерттеудің өзектілігі: Зерттеу барысында жасалған сабақ өткізуге қойылатын тәжірибелік ұсыныстар мектептегі дене тәрбиесі бағдарламасында қолданыс табуы және оқушылардың шаңғы дайындығы әдісін өңдеуде, одан әрі зерттеуде теориялық база ретінде, жалпы ғылыми материал ретінде қолданылуы мүмкін.
Ғылыми болжамы: Классикалық шаңғы тебу қозғалысы бойынша жаттығулардың ойындық жаттығулармен және тапсырмалармен дұрыс сәйкес келуі оқушылармен шаңғы дайындығы сабағында білім сапасын жақсартуға әсер ететін болады
1.Шаңғылардың пайда болуы
1.1 Шаңғының шығу тарихы
Шаңғының алғашқы пайда болуы адамдарға қысқы уақытта тамақ немесе көшіп қонуға көмегі тигендіктен өз орнын тапты.Ең алғаш рет бірінші шаңғы Псков облысының шекарасында табылды,яғни осы соңғы табылған шаңғы ең көне болып есептеледі.Оған шамамен 4300 жыл болған.Оны А.М.Микляев, 1982 жылы тапқан.Бірінші жазба құжаттарға сүйенсек шанғы 6-7ғ.ғ.з Готтық монах Жорданес 552 жылы.,грек тарихшылары Иордан 7 ғ., Авел Диакон 770 жылы жазылған.7 ғасырдың аяғында тарихшы Верефрид шаңғының толық анықтамасын жақды. Норвегия ханы Олаф Тругвассон 925 жылғы жазбалар бойынша жақсы шаңғышы ретінде танылған.Бірінші шаңғы сөзі 12ғасырда Русьқа жатады.Митрополит Никифор Киев князі Владимер Мономахқа жазған хатында шаңғы сөзін қолданған.Шаңғылар Петр 1-ші және Екатерина 2-шінің армиясында қолданылды.Біріншіден шаңғы тебуге Норвеждіктер көңіл бөлген.Шаңғы туралы бірінші журналға енгізген 1733 жылы Ганс Эмахузен болды. 1767 жылы шаңғы спортының бірінші жарысы өткізілді.
Әлемде бірінші рет шаңғы спортының көрме залы ашылды,ол яғни Тронхеймада 1862-1863 жылы өткізілді.Норвегияда ең алғаш рет шаңғы спортының қоғамы ашылды,содан соң Финляндияда спорттық клубы ашылды.Одан әрі қарай басқа да елдерде,яғни Европа,Азия және Америкада өз жалғасын тапты.Норвегияда шаңғы атағына арнап Холменколлндік ойыны 1883 жылы,Финляндияда Лахтиндік ойындар 1922 жылы Швецияда көптік шаңғы жарысы Васалоппет 1922 жылы мейрамдары өткізілді.19 ғасырдың аяғында бүкіл елдерде өткізіле бастады.Шаңғы тебу түрлері әр елде әртүрлі болған.Норвегияда шаңғымен секіру өте жақсы дамыған,ал Японияда шаңғы тебу Австриялық жаттықтырушылардың әсерінен тау шаңғысы дамыды.
1910 жылы Ослода бүкіл әлемдік шаңғышылардың конгрессінде он мемлекет қатысты.19 ғасыр ортасында Ресейде ұйымдастырылған спорттық жарыстар өтілді.
1895 жылы 29 желтоқсанда Мәскеуде шаңғы тебушілердің ашылуы болды.Бұл күні біздің елімізде шаңғы тебу спорт күні болып жарияланды.Мәскеуде жүз спортшы қатысып,сонын ішінен рекордтық санға жеткен он сегіз.Шаңғы спорты алғаш рет неолит дәуірінде солтүстікті мекен еткен тайпалар арасында пайда болды. Шаңғы тепкен адам өзін шапшаңдық пен төзімділікке шыңдап қана қоймай, сонымен қатар жақсы тынығады. Бұл спорт түрі жасқа қарамайды, онымен жас та, кәрі де айналысады. Шаңғы тебуді үйрену арнайы ережелерді талап етпейді. Жаттығуларды қарапайым жай жүрістен бастаған дұрыс. Егер сіз шаңғы тебуді үйренем десеңіз, келесі бірнеше кеңеске құлақ түріңіз.
Шаңғы тебуді үйренудің қарапайым тәсілі - екі аяқпен адымдап, алға қарай сырғанау. Осы әдіс екі аяққа салмақты алма-кезек түсіруге негізделген. Адам сол аяқпен адымдағанда таяқ ұстаған қолды алға, ал оң аяқпен адымдағанда сол қолды алға қарай сермейді. Осылайша, алма-кезек адымдау кезінде таяқ жерді бір рет қана тірейді. Бұл әдіс шаңғы ізімен жүргенде де, қар енді қана түскенде де қолданылады. Шаңғы ізімен немесе өрден төмен сырғанағанда, екі аяқты қатар қойып, таяқпен қос қолдап, серпе сырғанаған тиімді. Осындай әдісте екпін алу үшін бірнеше адым алға жасап, қос қолдап таяқпен серпу керек. Шаңғы тебудің қарапайым әдістерін меңгеріп алғаннан кейін, оның күрделі түрлерін серуенге шыққан сайын жетілдіруге болады. Егер сіз шаңғыға алғаш рет тұрсаңыз, сіздің серуендеріңіз 3 шақырымнан аспауы тиіс. Әдетте шаңғы тебуді кәсіпке айналдырған адам үшін 10 шақырым түк емес.
1.2 Шаңғының құрам-бөліктері мен дұрыс пайдалану
Бұл спорт түрімен айналысқанда киетін киім-кешекке де көңіл бөлген дұрыс. Ең бастысы киетін киіміңіз жеңіл әрі жылы болуы тиіс. Тізеден төмен түймеленетін қысқа шалбар мен жүннен тоқылған жылы шұлық кисеңіз артық болмайды. Шаңғышының іш киімі де жүн матасынан тігіледі. Шаңғы тебудегі ең басты атрибутика ретінде аяқ киімді айтсақ, қателеспейтін шығармыз. Шаңғы тебудегі ең ыңғайлы әрі жылы аяқ киім - табаны қатты, былғарыдан тігілген етік. Әдетте, аяқ-киімнің өлшемі күнделікті киіп жүрген етіктен кең болады. Сондықтан, аяқ-киім таңдауда арнайы кеңесшілердің сөздеріне құлақ түрген жөн деп санаймыз. Қолыңызға бес саусақты биялай емес, былғары қолғап киген дұрыс.
Қандай зат болмасын уақыт өте келе тозатын бір қасиеті бар. Шаңғыны дұрыс пайдаланып, табанына арнайы май жақсаңыз, бұл спорттық бұйымның ескіруін мейлінше баяулата аласыз. Ауа райына байланысты жағылатын майдың бірнеше түрі болады. Егер ауа райы құбылмалы болып, жерде көбік қар жатса, сарғыш түсті май пайдалану керек. Шаңғыны майлаған кезде бірнеше ереже есте сақтаған дұрыс. Біріншіден, шаңғы табаны құрғақ әрі таза болуы тиіс; майды шаңғының табанына біркелкі етіп жағу керек. Шаңғымен айналысатын адамның шаңғы баптайтын өз құралдары болған дұрыс.
Шаңғы спорты, дене тәрбиесі жүйесіндегі қысқы спорт түрлері негізгілерінің бірі. Бұл спорт түрлерінің қатарына шаңғымен жарысу, шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы және тау шаңғысы, биатлон түрлері енеді. Бұлардың барлығы да қысқы Азия ойындардың, қысқы Олимпиялық ойындардың бағдарламаларында бар. Шаңғы спортынан жаттығулар мен жарыстар ашық аспан астында, таза ауада өтетін болғандықтан адамның денсаулығына өте пайдалы. Ол адамның бойындағы шыдамдылық, күш шапшаңдық, батылдық, ептілік, табандылық, айналаңды бақылау сияқты аса керек қасиеттерді өкпенің сыйымдылығын жан-жақты дамытады. Ш. Спортымен айналысу кезінде адамның барлық дене мүшелері жұмыс істейді. Сондықтан ол жан-жақты жетілуге, дамуға, шынығуға негіз салады. Ш.спортынан алғашқы ресми жарыс 1767 жылы Норвегияда өтті. Соған қарамастан Ш. Спорты XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында қашан Ш. Спорты клубтары құрылып біткенше қалыптасу кезеңінен өтті деуге болады. 1924 жылы құрамына 24 мемлекеттердің өкілдері енген халықаралық шаңғы бірлестігі құрылды. Осы жылы ол алғаш рет ұйымдастырылған қысқы Олимпиялық ойындардың бағдарламасына енді (әрине барлық түрлері бірден емес) жене ерлер арасында Ә.ч-ты өтті. Әйелдер арасында Ә. Ч-ты 1924 жылдан бастап өткізіле бастады. В) дәліздің нөмірлері жазылған жол сілтегіштер болады (бұл нөмірлер команда қатысушыларының нөмірлеріне сәйкес келуі тиіс. Жарысқа қатысушы сәйкес нөмірлердің сол жағындағы шаңғы жолына түседі; Кезеңде сөреден шығатын жарысқа қатысушылар сөре сызығында тұрады. Қатысушылар ортаңғы жолмен N2 - оң жақтағы, N3 - одан сол жақтағы және осындай ретпен қалған қатысушылар сөреден шығады (жұп нөмірлер оң жақтан ... Ортаңғы сызықтың сол жағынан)
Тау Шаңғы Спорты - шаңғы спортының бір түрі. Тау шаңғы спорты слалом, алып слалом, жылдам сырғанау болып бөлінеді.Слалом жарысы тапталған қалың қарлы тау бөктерінде өткізіледі. Жарыс жолының қашықт. 500 - 700 м, көлбеулігі - 100 - 200 м. Жол бойына қызыл не көк жалау ілінген кедергілер қойылады. Олардың арасы - 3 м. Жарыс кезінде слаломшылар трассаны екі рет өтеді. Соның орташа уақыт көрсеткішінен қорытынды нәтиже шығарылады. Алып слаломда жолдың көлбеулігі 200 - 500 м, ұзындығы 800 - 2000 м, қақпаның ені - 8 м, олардың арасы 15 - 20 м. Жылдамдық сағатына 65 километрге жетеді.Жылдам сырғанауда жолдың көлбеулігі 500 - 1000 м, ұзындығы 2000 - 4000 м, жылдамдығы сағатына 90 - 100 километрге жетеді. Тау шаңғы спортының алғашқы ережесін 1920 жылдары ағылшын А.Лунн құрастырған. Жылдам сырғанаудан 1923 жылы Швейцарияда тұңғыш жарыс өтті. Әлем чемпионаты 1930 жылдан өткізіліп келеді. 1936 жылы олимпиадалық ойындар бағдарламасына енгізілді.Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы біріншілігі 1934 жылы басталды. Тау шаңғы спортынан федерация құрылып, ол 1948 жылы халықаралық ұйымға (ФИС) мүше болды. ҚазақстанҚазақстанда Тау шаңғы спорты 2- дүниежүзілік соғыс жылдарында пайда болды. Республиканың тау шаңғы спортшылары А.Артеменко, Ю.Кабин, В.Митрозаев, Г.Минаев, П.Дельвер, О.Жайшыбеков, В.Духанин, Р.Ақжанов, Н.Еремеева, М.Хусайнов, тағы басқалар спорттың бұл түрін дамытуға зор үлестерін қосты.[1] Тарихи деректерді сараптасақ, адамзат қоғамы пайда болып, алғашқы өмір сүру кезеңінен-ақ дене тәрбиесіне көңіл бөлініп, сол еңбек пен тұрмыстық өмірдің шарты ретінде дамыды. Алғашында дене тәрбиесі арнайы ұйымдастырыған ойындар мен ойындық-қимыл қозғалыстар түрінде көрініс берді. Бұл кезеңдегі ойындар мен денені шынықтыру жаттығулары қарапайым түрде болғанымен, олардың тұлғаны қалыптастыру мен тәрбиелік маңызы зор болды.
Бүкіл әлемде спорттық шаңғы тебу түрі қысқы спорт түрінде белгілі болды. Оның табиғатпен байланысы және адамға деген пайдалылығымен үлесі зор. Шаңғы спорты адам денесін қалыптастыруға үлесі зор. Адам тұлғасының мәдениеті - бұл оның маңызды, материалдық және рухани құндылықтарды құру мен тұтынудағы шығармашылық қызметінде қолданатын әдісінің жоғарғы даму деңгейі. Адамның негізгі күш-қуаты тек оның қызметінде, ең алдымен еңбек нәтижесінде көрінеді. Тек қана, еңбек іс-әрекеті арқылы адам қоғамға өзгеріс енгізе алады және өзінің күші мен қабілетін іс жүзінде көрсете біледі. Мұндай іс-қимылды педагогикалық зерттеулерде мәдени әрекет деп түсіндіріледі. Дене мәдениеті қоғамдық кұбылыс ретiнде пайда болып, калыптасты және дамыды. Құрылу ерекшелiктерi мен қызмет ету жүйесi жайлы өзiнiң заңдылыктары бар ғылымның саласы болып табылады. Дене мәдениетінің мәнiн түсiну үшiн алдымен олардың мағыналы мазмұнын анықтап алу қажет. Бiрiншiден, дене мәдениеті -- адамның денсаулығын нығайтып, күш -- жiгерiн арттыруға, козғалыс белсендiлiгiн жетiлдiру мақсатында қоғамның жасайтын және пайдаланатын рухани, материалдық құндылықтарының жиынтығы.
Сырғанау адымының әрбір фазасының өзінің жеке сипаттары бар - орындалу уақыты, жылдамдығы, сырғанау ұзынды және т.б.Жалғыз сырғанау адымы екі кезеңге нақты бөлінген - шаңғының сырғанауы, мұнда шаңғышы бір шаңғымен сырғанайды және шаңғының қозғалыссыз тұруы, мұнда итерілістің алдында сырғанаудың соңынан сол шаңғымен кідіріс жасалады. Бұдан кейін екінші шаңғымен екінші сырғанау адым жасалады. Сөйтіп, шаңғышы оң және сол аяқтарын ауыстырып сырғанау адымдарын жасайды.Ауыспалы адым жасағанда шаңғышы-жарысушы екі шаңғымен қатар жүрмейді.Шаңғымен сырғанау кезеңі үш фазаға бөлінеді, ал итеріліс кезеңі екі фазаға бөлінеді.
І фаза - амортизациямен еркін сырғанау. Итерілістен кейін, мәселен, оң аяқпен итерілгеннен кейін шаңғышы сол аяқпен сырғанайды. Оң жақтағы шаңғы және екі таяқ ауада орналасады және қарға сүйенбейді. Еркін сырғанау жасалады. Бұл шаңғышының жылдамдықты ұлғайта алмайтын жалғыз фазасы. Фазаның шекаралары болып келесі сәттер табылады: басы - оң жақтағы шаңғының тіректен кетуі және соңы - оң жақтағы таяқтың қарға тірелуі.
ІІ фаза - тірек аяғын тік қою арқылы сырғанау . Бұл қимыл бұл фазада тік жүрген тірек аяқтың тізе буындары бүгілгенге дейін жалғасады. Бұл сәт ІІ фазаның соңы. Фазаның барысында шаңғышы жылдамдықты барынша төмендетпеуге ұмтыла отырып, таяқпен белсенді итеріледі. Таяқпен итерілу келесі екі фазада да жалғасады. Сондықтан ІІ фаза бұл маңызды қимылмен емес, жақсы ажыратылатын сипат - тірек аяғын тік қоюмен аталады.
ІІІ фаза - жартылай отырып сырғанау . Бұл сырғанаудың соңғы фазасы. Ол сирақты түсіру сәтінен басталып, шаңғының тоқтауымен аяқталады.
ІV фаза - жартылай отырып алға қарай ұмтылу. Ол тізе буынында итерілетін аяқтың тік қойғанға дейін жалғасады. Бұл фазада тізе буынында жартылай отыру аяқталады. Ортан жіліктің ұршық басындағы белсенді жазуды үлкен жылдамдықпен нәтижелі итеріліс қамтамасз етеді.
V фаза - аяқты жазу арқылы итеріліс. Бұл фаза жартылай отырыстың соңынан сол жақтағы шаңғының тіректен үзілуіне дейін жалғасады. Аяқпен алға ұмтылу фазаның соңында аяқталады. Сырғу адымы аяқталды, осы сәттен бастап келесі сырғу адымы басталады, ендігі жерде оң жақтағы шаңғыдан басталады.
Шаңғы жүрісінің көп түрлілігіне қарамастан, олардың жалпы негізгі элементтері бар.
Отыру. Дененің және оның жеке бөлшектерінің оптималды жағдайы, олар қиылысқан жерде шаңғымен жүру үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
Сырғу. Бір шаңғымен сырғу кезеңін (жүрістің қандай да тәсілі болса да) анализ қолайлылығы үшін үш бөлікке бөлуге болады: амортизациямен еркін сырғу, тік аяқтармен сырғу және жартылай отырып сырғу, топпен.
Бір шаңғымен сырғанау кезінде екіншісін салмақ салмай алға жылжытады.
Жүрудің ауыспалы тәсілінде, сондай-ақ бір шаңғыда бір жүрістен екінші жүріске ауысудың бірқатар ауысымында қолдардың белсенді жұмысы да қолданылады.
Аяқпен қозғалу. Шаңғышы аяқпен қозғалу арқылы дене салмағын бір аяқтан екінші аяққа ауыстырып отырады және түсетін жылдамдыққа ие болады. Мәселен, тек ауыспалы екі адымды жүрісте аяқтың ауыспалы қозғалысында жалпы жылдамдықтың 80 пайызын жетілдіруге болады. Аяқпен қозғалу - бұл ортан жіліктің ұршық басындағы аяқты тік қою және тізені бір уақытта бүгу және тік қою арқылы денені алға қарай жылжыту қимылы .
Қимылдардың жалпы үйлесімі.
Шаңғышының қимыл үйлесімінде маңызды фактор болып ритм саналады. Қатаң белгіленген уақыт және кеңістік сипаты бар қимылдардың заңды қайталануының бұзылу қажығандыққа әкеліп соқтырады. Жүріс бір қалыпты, жеке жағдайда артық кідіріссіз, қимыл біркелкі болуы тиіс.
Жүрістің цикліндегі қимылдардың жалпы үйлесімділігінде біркелкіліктің маңызы зор: сол қолды оң аяқпен алға шығару, оң қолмен оң аяқты белсенді алға шығару арқылы қозғалысты бастау.
Ауыспалы екі адымды жүріс. Қозғаушы және тежеуші күштің өзара байланысына байланысты екі адымды жүрістегі цикл ұзындығы 3,5-6,5 м шамасында құбылады, ал ұзақтығы 0,8-1,5 сек шамасында. Ең кең тараған қарқындық - минутына 40-75 цикл; жазықтағы қимылдың орташа жылдамдығы 4-6,4 мсек тең келеді.
Ауыспалы екі адымдағы жүрістегі сырғу адымы анализінің қолайлылығы үшін шартты түрде оны екі кезеңге бөліп қарастырайық - қозғау салу және сырғанау. Қозғау салу кезеңі екі фазаға бөлінеді: аяқты бүгу және тік ұстау арқылы итерілу; сырғанау кезеңі үш фазаға бөлінеді: амортизациямен сырғанау, аяқты тік қою және топпен.

2.1 Қазақстандағы шаңғы спортының дамуы
Шаңғының алғашқы пайда болуы адамдарға қысқы уақытта тамақ немесе көшіп қонуға көмегі тигендіктен өз орнын тапты. Ең алғаш рет бірінші шаңғы Псков облысының шекарасында табылды, яғни осы соңғы табылған шаңғы ең көне болып есептеледі.Оған шамамен 4300 жыл болған.Оны А.М.Микляев, 1982 жылы тапқан.
Бірінші жазба құжаттарға сүйенсек шанғы 6-7ғ.ғ.з Готтық монах Жорданес 552 жылы, грек тарихшылары Иордан 7 ғ., Авел Диакон 770 жылы жазылған.7 ғасырдың аяғында тарихшы Верефрид шаңғының толық анықтамасын жазды.
Норвегия ханы Олаф Тругвассон 925 жылғы жазбалар бойынша жақсы шаңғышы ретінде танылған.Бірінші шаңғы сөзі 12 ғасырда Русьқа жатады.Митрополит Никифор Киев князі Владимер Мономахқа жазған хатында шаңғы сөзін қолданған.Шаңғылар Петр 1-ші және Екатерина 2-шінің армиясында қолданылды.Біріншіден шаңғы тебуге Норвеждіктер көңіл бөлген.Шаңғы туралы бірінші журналға енгізген 1733 жылы Ганс Эмахузен болды. 1767 жылы шаңғы спортының бірінші жарысы өткізілді.
Әлемде бірінші рет шаңғы спортының көрме залы ашылды,ол яғни Тронхеймада 1862-1863 жылы өткізілді.Норвегияда ең алғаш рет шаңғы спортының қоғамы ашылды,содан соң Финляндияда спорттық клубы ашылды.Одан әрі қарай басқа да елдерде, яғни Европа,Азия және Америкада өз жалғасын тапты.
Норвегияда шаңғы атағына арнап Холменколлндік ойыны 1883 жылы,Финляндияда Лахтиндік ойындар 1922 жылы Швецияда көптік шаңғы жарысы Васалоппет 1922 жылы мейрамдары өткізілді.
19 ғасырдың аяғында бүкіл елдерде өткізіле бастады.Шаңғы тебу түрлері әр елде әртүрлі болған.Норвегияда шаңғымен секіру өте жақсы дамыған,ал Японияда шаңғы тебу Австриялық жаттықтырушылардың әсерінен тау шаңғысы дамыды.

1895 жылы 29 желтоқсанда Мәскеуде шаңғы тебушілердің ашылуы болды. Бұл күні біздің елімізде шаңғы тебу спорт күні болып жарияланды.
Шаңғы спорты - қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Жастардың жан - жақты дамуын дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес. Денесі жақсы дамыған деп күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз. Біздің елімізде кәсіподақтардың бірыңғай ерікті дене шыңықтыру- спорт қоғамдары құрылған. Оның негізгі міндеттерінің бірі балалар мен жеткіншектердің арасында дене шынықтыру - сауықтыру және спорт жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады, өйткені дене тәрбиесінің негізі балалық және жеткіншектік жаста қаланады. Тек қана осы кезеңде дене жаттығуларымен айналысу кажеттілігі қалыптасады, дағдылар мен іскерліктер жинақталады, спортқа қызығушылық калыптасады.
Шаңғы спорты Қазақстанда орта ғасырдың бастапқы кездерінен белгілі болса керек. Мұны археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған заттар дәлелдейді. Тіпті Қытайдың көне жазбаларында олар өздерінің солтүстіктегі көршілерін "ағаш атты түркілер" деп атағандары белгілі. Сондықтан XX ғасырдың алғашқы ширегінде Қазақстанның кейбір қалаларында алғашқы шаңғы жарыстары өткендегі ешкімді таңқалдырмаса керек
Шаңғы спортының даму сатылары.
1934- Петропавлда алғашқы Жалпықазақстандық шаңғы жарыстары бойынша жарыс өтті. 3 км қашықтықты құрайтын жарыста спортшы А.Гершунова (Алма-Ата), 5 км-де - Воронцова (Ақтөбе) жеңімпаз деп танылды. Ерлер арасында 10 және 30 км қашықтықты жүріп өту жарысында қарағандылық В.Голубенко топ жарды.
1935- Семей қаласында балалар ұжымы арасында шаңғыдан жарыс өтті.
1936- Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында Бірінші Жалпықазақстандық қысқы шаңғы жарысы өтті.
1937- Семейде 1-ші Республикалық қысқы спорт түрлері бойынша спартакиада өтті.
1938- Семейде 1-ші Республикалық қысқы спорт түрлері бойынша спартакиада өтті.
1941- 1941-1945 жж. дене шынықтыру ұйымдарының қызметі Кеңес Әскері резервінде тұратын қызметшілерді дайындауға бағытталған. ҰОС майданында көптеген атақты спортшы-шаңғышылар болды.
1946- Шаңғы жарыстары бойынша Қазақ КСРО біріншілігі жаңартылды.
1949- Шаңғы спорты кафедрасы құрылды, ол бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасында әдістемелік және спорттық жұмыстар орталығының бірі болып табылады.
1960- Қазақстанда Шаңғы спортының федерациясы құрылды. Оның бірінші төрағасы А.А.Брыжин болды.
1962- Бірінші ведомствоаралық облыстық жарыс. Оған Спартак, Қайрат, Динамо, Еңбек резервтері, Буревестник, Еңбек сынды спорттық қоғамдар қатысты.
1968- Шаңғы жарыстары мен биатлонның даму тарихының басталуы. Зеренді балалар-жасөспірімдер спорттық мектебінің ашылу датасы. Бірінші директор: Кайль Арнольд, бірінші жаттықтырушылар: Шаров Валерий Григорьевич и Райфегерсте Иван Оттович.
1972- 1972-1990 жылдары Шаңғы спорты федерациясын көп уақыт, КСРО ыдырағанға дейін А.М.Зайцев басқарды.
1980- Зерендіде шаңғыроллер бойынша Бірінші Қазақстан Чемпионаты. Бұл құрылыстан соң осыған ұқсас трассалар Щучинскіде және Алма-Атада салынды.
Зерендіде Қазақстан бойынша бірінші шаңғыроллер трассасы салынды, онда шаңғыроллері бойынша бірінші Республика Чемпионаты өтті.
1984- Жыл сайын шаңғыдан Зеренді марафоны өте бастады. Қысқы спорт түрлері бойынша Ақмола облысының БЖСМ-нің ашылуы.
Жоғары спорттық көрсеткіштерге қол жеткізгеннен кейін, бұл мекемеге олимпиада резервін дайындау бойынша мамандандырылған БЖСМ мәртебесі берілді. Щучье, Зеренді, Сандықтау, Бұланды, Ақкөл, Аршалы, Жарқайың аудандары мен Степногорск (Шаңтөбе) және Көкшетау қалаларында шаңғы бөлімшелері жұмыс істейді.
Қазақстан кубогы, Владимир Смирновтың юниорлық эстафетаға 4-тен 5 километрге дейін алғашқы қатысуы.
1992- 1992-1994 жж. Егемен Қазақстанның Шаңғы спорты федерациясын Р.К.Мергалиев, ал Шаңғы жарыстары федерациясын В.Л.Мутовин басқарды.
Қазақстан Республикасы Халықаралық шаңғы спорты федерациясының (FIS) құрамына кірді. Құрылтайшы конференциясында Зеренді селосында Қазақстандық әуесқой шаңғы одағының құрылуы.
КСРО ыдырағаннан кейін қазақстандық шаңғышы-ардагерлер Ресейден бөлінді. Қазақстандық әуесқой шаңғы одағы жұмыс істеп тұрған уақытта спортшылар Әлем чемпионатына (ӘЧ) қатысып, түрлі атақ бойынша 39 медаль жеңіп алды. Қазақстан туы Әлем чемпионатында қазақстандық жеңімпаздардың құрметіне бірнеше рет көтерілді, сонысымен-ақ, елімізде әуесқой шаңғы спортының қызметі мен атағын асқақтатты.
1994- жылдан бастап 1996 жыл аралығында ҚР шаңғы спорт түрлері федерациясын М.В.Ли, шаңғы жарыстарын Ю.М.Бергалиев басқарды. Кейінгі 4 жылда ҚР Шаңғы спорт түрлері федерациясы президентінің қызметін В.А.Сорокин атқарды. 2002 жылға дейін отыз жыл шамасында Бас хатшы П.Г.Семенов болды.
Қазақстан Республикасының шаңғы спорты ардагерлерінің Әуесқой Одағының мүшелері бірінші рет Германияның Финстерау қаласында Әлем чемпионаттарына қатысты.
2000- Шаңғы спорты түрлері федерациясының атауы өзгерді, оны З.Х.Кәкімжанов басқарды.
2005- Ұзындығы 1,6 километрлік екінші жарақтандырылған шаңғыроллерлі тарсса салынды. Зеренді, Ақмола облысы.
2006- Ұлттық шаңғы жарыстары федерациясы құрылды.
2010- Қазақстанның Ұлттық шаңғы жарыстары федерациясының президенті болып Өмірзақ Естайұлы Шүкеев тағайындалды. Осы жылы Федерация штабын Астанаға көшіру туралы шешім қабылданды.
2011- Алматы принимал на спортивных объектах комплексные международные соревнования -- VII-е Азиатские игры. К этому мероприятию в ущелье Салдат-сай был построен лыжно-биатлонный комплекс, проложены лыжные трассы для соревнований по лыжным гонкам, биатлону и спортивному ориентированию на лыжах. Соревнования по сноуборду, фристайлу проводились на склонах горнолыжного курорта Табаган. Горнолыжные дисциплины проходили на Чимбулаке.
2014- Сұңқар шаңғы трамплиндерінің халықаралық кешенінде трамплиннен секіру бойынша Әлем кубогының кезеңдері, солтүстік тәртіп бойынша юниорлар арасында Әлем чемпионаты өтеді.
2017- Алматыда XXVIII Қысқы Универсиада. Бұл шараға әлемнің 57 елінен 2000 астам спортшы қатысты. Жарыс 12 спорт түрі бойынша 8 спорт нысанында өтті, 85 жиынтық медаль ойнатылды. Жалпы медальдық есепте Қазақстан 11 алтын медалімен, 8 күміс және 17 қола медалімен екінші орын алды. Барлығы Қазақстан 36 медаль жеңіп алды.
Қазіргі таңда шаңғы спортында өзіміздің жерлестеріміз құрама командаға ілігіп, өз өнерлерін ортаға салып жүр. Айтып өтсек Асет Дюсенов, Иван Люфт, жастар құрама командасында да жерлестеріміз бар
1921 жылдан Ш. Спорты мектептеріндегі оқу бағдарламасына енді. Ал 1927 жылы респ-ның алғашқы ресми жарыс өтті. Бірақ жарыс протоколдары 1934 жылдан бастап сақталыпты. Сондықтан құжаттарда алғашқы респ. Ч-ты өткен жыл 1934 деп есептелініп келеді. Шаңғымен жарысудан алғашқы ч-дардың есімдері де белгілі. Олар: Г.Гершунова (3 км. - Қарағанды), А.Воронцова (5 км. - Ақтөбе), В.Голубенко (10 және 30 км. - Қарағанды). Респ-дағы ш.спортының бастауында М.Серғазинов, В.Филимонов, М.Танекеев, К.Гакильберг, Д.Мартюшин, Г.Терещенко, Т.Копылов, С.Лактионов, Л.Бурнашев, И.Ерютин, И.Мальков, Е.Жиров, В.Клядов, Г.Авустин, А.Трунов, А.Унгефук т.б. тұрды. Қазақстанда тәрбиеленген шаңғышылардың арасынан шыққан бірінші Ә.ч-ны В.Кузин (СҚО), бірінші КСРО ч-ны И.Гаранин (Рудный қ-сы.), қысқы О.о-дардың бірінші ч-ны В.Смирнов (1989, 1994 жж. Көкшетау облысынан шықты. Әр жылдары ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz