Конькимен жүгіру техникасы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
КАСПИЙ ЖОҒАРЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ САЛАЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ

КУPCТЫҚ ЖҰМЫC

Тaқыpыбы: Коньки спортындағы техника мен тәсілдері

Пәнi: Коньки спорты жаәне оны оқыту әдістемесі
Мaмaндығы: Дене тәрбиесі және спорт

Opындaғaн: тoбы 4ДТС А-20 бб cтyдeнтi
Ізбергенова Гүлназ
Жeтeкшi: Ильясов Мақсат

Жаңаөзен 2024

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...3

1. Дене тәрбиесіндегі коньки спорты туралы жалпы түсінік
1.1. Конькишіге қажетті дене шынықтыру сапасын дамытудың
әдістемелік негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5-8
1.2. Коньки спортын үйретудегі қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ..9-15
2. Коньки спортының техникасы мен тактикасы
2.1.Конькимен жүгіру техникасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .16-26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..29

Кipicпe
Курстық жұмыстың өзектiлiгi: Коньки Спорты - конькимен мұз үстінде шапшаң жүгіру және мұз айдынында мәнерлеп сырғанау. 1892 ж. конькимен жүгірушілердің Халықаралық одағы ұйымдастырылды. Қазір оған 40-қа жуық ел мүше. Қазақстанда Коньки Спортының дамуына Медеу мұз айдынының салынуы үлкен ықпал етті.
Курстық жұмыстың мақсаты: Мектеп жасындағы балаларды ауықтыру және үйлесімді дамыту мақсатында дене тәрбиесінің аса маңызды құралдардың бірі - шаңғы дайындығы. Айтылған кұрал өсіп келе жатқан ағза үшін маңызды сауықтыру мәнге ие. Бұл біріншіден, дене жаттығуларының арқасында қоршаған ортаның жағымсыз факторлары мен жұқпалы ауруларға ағзаның қарсылығы артатындығымен түсіндіріледі. Басқа сөзбен айтқанда, денесі мықты және шыныққан адам сирек ауырады. Екіншіден, өсу мен даму процесі ынталандырылады, жылуды реттеу реакциясы жетілдіріледі, яғни салқыннан болатын сырқаттануға қарсылық артады. Үшіншіден, ақыл-ой және дене қабілеттерінің артуына себепкер болатын шыдамдылық, күш, жылдамдық пен икемділік секілді қасиеттер дамиды. Ақырында, дене жаттығуларымен айналысу жағымды эмоционалды жағдайды туғызады, сергектік пен сенімділік қолдайды, балалардың шыдамдылығын, икемділігін, ептілігін дамытады

Зерттеудің өзектілігі: Зерттеу барысында жасалған сабақ өткізуге қойылатын тәжірибелік ұсыныстар мектептегі дене тәрбиесі бағдарламасында қолданыс табуы және оқушылардың шаңғы дайындығы әдісін өңдеуде, одан әрі зерттеуде теориялық база ретінде, жалпы ғылыми материал ретінде қолданылуы мүмкін.
Ғылыми болжамы: Классикалық коньки тебу қозғалысы бойынша жаттығулардың ойындық жаттығулармен және тапсырмалармен дұрыс сәйкес келуі оқушылармен шаңғы дайындығы сабағында білім сапасын жақсартуға әсер ететін боладыЗерттеу нысаны: арнайы спорт мектептеріндегі оқу үрдісі
Зерттеу жұмысының мақсаты мен нысанын негізге ала отырып, мынадай міндеттер қойылды:
- Жалпы коньки спорты туралы теориялық тұрғыдан зерттеп, мәнін ашып алу;
- Коньки спортының азамзат үшін мәні мен маңызын ғылыми-теориялық тұрғыдан айқындау;
Дене тәрбиесінде коньки спортын үйретуде қауіпсіздік шараларымен танысу;
- Конькишіге қажетті дене шынықтыру сапасын дамытудың жолдарын ұсыну және оның әдістемесін жасау.

1. Дене тәрбиесіндегі коньки спорты туралы жалпы түсінік
1.1. Конькишіге қажетті дене шынықтыру сапасын дамытудың
әдістемелік негізі

Коньки спорты - конькимен мұз үстінде шапшаң жүгіру және мұз айдынында мәнерлеп сырғанау.
1892 жылы конькимен жүгірушілердің Халықаралық одағы ұйымдастырылды. Қазір оған 40-қа жуық ел мүше. Қазақстанда Коньки спортының дамуына Медеу мұз айдынының салынуы үлкен ықпал еткен екен.
Кез келген сала немесе спорт түрінің өзінің шығу тарихы бар. Осы орайда, коньк спортының шығу тарихына тоқталатын бослақ.
Мұзы қатқан көл, өзендер бетінде сырғанақ заттар көмегімен жүгіруді адамдар ежелден-ақ білген. Конькимен мұз үстінде жүгірудің тарихы өте ежелде жатыр. ХХІ ғасырда алғаш рет голландықтар мұз үстінде сырғанауды ойлап тапқан. ХVI ғасырда конькимен жүгіру скандинавия елдерінде жарыс түрінде қалыптасты. 1676 жылы ең алғашқы конькимен жүгіру жарысы өткізілді. Спорттың бір түрі ретінде конькимен жүгіру спорты XIX ғасырдың екінші жартысында қабылданып, дами бастады.
Христиания скейте-клуб ұйымдастыруымен Норвегияда алғаш рет 1867 жылы конькимен жүгіруден ресми жарыс өткізілді. Бұл спорт түрі Еуропаның бір талай елдерінде кең өріс жайды және ХІХ ғасырдың 70 жылдарында халықаралық жарыстар ұйымдастырылды. 1889 жылы Амстердам мен Нидерландияда тұңғыш рет дүниежүзілік конькимен жүгірушілердің чемпионаты өтті. 1892 жылы Дүниежүзілік конькимен жүгірушілер ұйымы-ИСУ құрылды. Сол кездің чемпионаттарынан бастап төрт түрлі дистанцияда 500, 1500, 5000 және 10 000 метрге жүгіру дистанциялары болды.Конки спорты дамып келе жатқан уақыттарда осы спорт түрі бойынша жеңіске жетіп, тарих сахнасында қалған небір тарландар болған. Соларға тоқталатын болсақ:
- ХХ ғасырдың бірінші-екінші мың жылдығында осы спорт түрінен ең мықты дегені норвеждік Оскар Матисен болды. Ол әлем чемпионатын бес рет жеңіп алды, 1908,1909, 1912, 1913, 1914 жылдар аралығында жеңіске жетті.
- Ресейлік конькимен жүгіруші Николай Струнников екі рет: 1910 және 1911 жылдары әлем чемпионатының жеңімпазы атанды.
- Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін 1922 жылы конькимен жүгіруден норвегиялық Харальд Стрем әлем чемпионы болды.
- 1923 жылы әлем чемпионы финдік конькимен жүгіруші Клас Тунберг болды, 1924 жылы норвегиялық Руальд Ларсен әлем чемпионы болды.
1926 жылға дейін Еуропада және Әлем чемпионатында жеңімпаздар әртүрлі арақашықтықтар бойынша алынған орын санымен анықталды. Ал 1926 жылдан кейін чемпиондарды және басқа да орын алушыларды төрт арақашықтықты орындауы бойынша бағалау жүйесі қабылданды.
1936 жылы конькимен жүгіру жарысы ерлердің арасында ғана емес әйелдердің де арасында өткізіле бастады. Әйелдер арасындағы конькимен жүгіру жарысынын алғашқы чемпионы АҚШ-тық Китти Клейн болды, содан кейін әлем чемпионы норвегиялық Лайла Шоу-Нильсен болды. 1937 мен 1938 жылдары финдік спортшы Верне Леше әлем чемпионы атанды.
Әлем чемпиондарының арасында Кеңес Одағының да спортшылары бар. Олар:
- Мария Искакова 1948-1950 жылдараралығында.
- Лидия Селихова 1952-1954 жылдараралығындажәнеХалидаШеголеева 1953 жылы.
- Рима Жукова 1955 жылы,
- Софья Кондакова 1956 жылы,
- Инга Артомова 1957,1958, 1962, 1965 жылдары.
- Тамара Рылова 1959 жылыәлемчемпиондарыатанды.
Халықаралық конькимен жүгірушілер ұйымының шешімімен конькимен жүгіру жарысынан басқа әйелдер мен ерлер арасында спринтерлік жарыс өткізілетін болды. Ерлерге де, әйелдерге де төртдистанциядан: 500, 1000 метр біріншікүні, ал содан кейінтағы да 500, 1000 метр екінші күні жарыс өтетін болды.
Конькимен жүгіру спорты - бұл физикалық қозғалыстын бір түрі, яғни адам мұздың үстіңде арнайы аяқ киәімге бекітілген конькимен сырғанайды. Конькимен мұз үстінде жай екпінмен жүгіру бұл белсенд ітынығу болып табылады.
Конькимен сырғанау арқылы шапшаң жүгіруге, мәнерлеп сырғанауға, спорттық мұз үстінде билеуге, хоккей ойнауға болады. Конькимен жүгіру жарыстары мен жаттығулары қатырылған мұздың үстінде ұзындығы 400 және 333,33 метр жолдарда өткізіледі.
Конькимен жүгірушілерді дайындау үш этаптан тұрады. Олар:
Бірінші этап - отбасында және мектепке дейінгі мекемелерде жалпы физикалық тәрбие беру. Бұл этаптын мақсаты балалардың денсаулығын мықты ету және олардың дұрыс жетілуіне ықпал ету. Бірінші этапта балалар дене мәдениеті мен танысады, спорттың әртүрлерін біліп, оларды үйренуге деген ынтасы оянады. Балалар алғаш реет конькиді киіп, онымен қалай жүруді үйренеді. Бұл кезде балаларға мұғалімдер мен ата-аналар көмектеседі.
Екінші этап - балаларды жалпы білім беретін мектептерде дене тәрбиесіне тәрбиелеу. Бұл уақытта балалардың дене қуаты да, психологиясы да, қозғалыс сапасы да дамып, жетіледі. Жалпы білім беретін мектептерде балалар коньки спортымен белсене айналысады. Қабілетті де, дарындылары әртүрлі ДСО-лар мен ДЮСШ-ларға үйірмелерге жазылады.
ДЮСШ-лардың жаттықтырушылары екі тапсырманы шешуі керек: олар конькимен жүгіру спортынан әртүрлі тапсырмалар беру және осы арқылы барлық оқушыларды осы спорт түріне тарту; ынтасы, ықыласы бар оқушыларды іріктеп алу. ДЮСШ-ларда жастар мен жасөспірімдер екі фазалық спорттық жаттығулар түрлерінен өтеді: бастапқы жалпы жаттығулар және базалық мамандандырлыған жаттығулар.
Бірінші фаза - балалар ДЮСШ-ға келмей тұрып яғни 7-8 жас аралығында басталады және 4-5 жыл жалғасады. Жаттығулар бастауыш сынып мұғалімдерінің жетекшілігімен өткізіледі. Бұл уақытта оқушылардың жалпы физикалық қимылы, денсаулығы тексеріледі, мұзда сырғанаудың әдіс-тәсілдері үйретіледі. Бұл этапта жас конькишілер жасөспірімдер разрядын алуға сынақтар тапсырады, соларға дайындалады.
Екінші фаза - базалық мамандандырылған жаттығулар ДЮСШ-да оқу-жаттығуы біткенше пайдаланылады. Оның мақсаты- жас конькишіге арнайы физикалық, моралдық, техникалық дайындығының арқасында спорт шебері етіп дайындау.
Үшінші этап - мектептерде, жоғары оқу орындарында, әскери бөлімдерде, аудан-ауылдарда жалпы дене тәрбиесін қалыптастыру және конькимен жүгіру жаттығуларын ұйымдастыру. Осы арқылы жас конькишілер ауылдық, аудандық, қалалық құрама командалардың мүшесі болады. Осы командалар болашақта біздің еліміздің намысын қорғайтын, ел үшін жанын беретін ер-жүрек азаматтар болып шығады

1.2. Коньки спортын үйретудегі қауіпсіздік
Дене тәрбиесі мен адам психологиясы өзара тығыз байланысты. Балалар өміріндегі оның ой әрекетінен тыс ешбір процесс болмайды. Адамның жан дүниесіндегі әрбір түйсік, қозғалыс түрінде білінетіндігі және керісінше, әрбір қимыл-қозғалыс көңілге тікелей байланысты екендігі ғылыми түрде дәлелденген. Сөйтіп ақыл- ойға қозғау салмайтын бірде-бір қимыл жоқ, ой қызметі қимыл түрінде көрініс табады. Ойынға баланың дене мүшелері түгел қатысады, ойын оның барлық рухани әрекетіне қозғау салады, сөйтіп қандайда болмасын спорт түрі дене тәрбиесінің барлық даму түрлеріне әсер етіп, орасан мол міндеттерді атқарады. Осылайша алғанда адамзаттың күнделікті тіршілігіндегі қозғалыс белсенділігін арттыру мақсатында қолданылатын дене шынықтыру - сауықтыру жұмыстары дұрыс жүйелі түрде жолға қойылғанда ғана біздер дені сау ұрпақты тәрбиелей аламыз.
Әрбір баланың немесе жаттығушының бас амандығы мен денсаулығы жаттығу уақытында мұғалімдердің жауапкершілігінде. Сондықтан дене тәрбиесінде коньки спортын үйретуде барлық оқушылардың қауіпсіздігін қадағалау керек. Жалпы, дене шынықтыру сабағында әртүрлі қауіпсіздік шаралары жүргізіліп, басты назарда болады.
Дене шынықтыру сабағында басты назар аударатын мәселе - жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік. Сондықтан да мұғалім барлық жабдықтар мен снарядтардың жарамдылығы мен қауіпсіздігін мұқият қадағалауы қажет. Сонымен қатар, сабақ алдында барлық жағдайларда бірдей назарға алынатын төмендегідей маңызды ережелер бар:
- сабаққа спорт үйірмесіне келген оқушы арнайы спорт киімдерін киіп, оның таза болуын қадағалауды міндеттейді;
- сабақ басталарда оқушы денесінің ыстығы көтеріліп т. б. аурулармен ауырып тұрса мұғалімге өз денсаулығы жайында ескерту керек;
- спорт залда, алаңда дене тәрбиесі пәні мұғаліміне тағайындалған ойындар мен жаттығуларды орындамау керек;
- спорт залдағы электр розеткалары мен электрощиттеріне тиіспеу керек;
- спорт, алаңда орнатылған, құрылған спорт құралдарын мұғалімнің рұқсатынсыз тиіспеу керек;
- гранат, кіші доп т. б. құралдары алысқа және нысанаға лақтырған кезде қауіпті алаңға, сырттан адам, не мал кіріп кеткен кезде жаттығуды тоқтату керек.
Дене тәрбиесінде ең алдымен адамның денесін қыздырып, жаттуғыға бейімдеу мақсатында жеңіл атлетикалық жаттығулар орындалатыны мәлім. Осындай жаттығуларды орындау барысында да белгілі бір қауіпсіздік ережелерін ұстанған дұрыс.
Жеңіл атлетика кезінде назарға алынатын ережелер:
1. Дене шынықтыру және спортпен шұғылданған кезде табаны резина аяқ киім қию керек.
2. Қысқа қашықтықтарда тек қана өз жолымен жүгіру қажет. Жүгіріп келе жатып кілт тоқтауға болмайды.
3. Ойлы - қырлы жерлерде кездескен кедергілерден (тас, құлаған ағаш, бұта, төмпешік т.б.) аспай - саспай өтуді есте сақтаған жөн.
4. Жүгіру, секіру, лақтыру алаңдарын көлденең кесіп өтуге рұқсат етілмейді.
5. Тырма мен күректі сабақ өтетін жерде қалдыруға болмайды. Тырма, күректі т. б. жабдықтардың үшкір жағын (жүзін) қаратып қоюға болмайды.
6. Спорт құралдарын (граната, диск, найза т. б) лақтырғанда, лақтыру бағытында адамның болмауын қарап, бақылап алу қажет.
7. Ұзындыққа, биіктікке секірер алдында шұңқырдағы құмды майдалап, қопсытып алу керек.
8. Лақтырушының оң жағында тұруға, құралдарды рұқсатсыз алуға болмайды.
9. Жауын - шашында күндері лақтыратын құрал - жабдықтарды мұқият сүртіп, құрғатқаннан кейін пайдалану керек.
Дене тәрбиесінде коньки спортын үйретуде конькишінің формасына және қауіапсіздік ережелеріне тоқтала кетейік:
1. Ең алдымен дұрыс киіну керек.

Конькимен сырғанау үшін салмақ түсірмейтін әрі жылы киім кию қажет. Денеге қатты жабыспауы тиіс. Сырғанау физикалық жаттығу болғандықтан, жаттығу барысында жылынып алатынымыз белгілі. Қалың легинс шалбар, жеңіл жейде, күртеше, бас киім кию керек.

Әдеттегідей джинс киімдер кимей керек. Олар мұзға жығылған сайын су болып, артынша ауырлай түседі.

2. Конькидің сапасы жақсы болу керек.

Бірінші кезекте аяққа тура болуы тиіс. Сатып алар кезде отырып киіп көрген дұрыс.

3. Конькимен жүріп көру керек.

Кейбір мұз айдындарының бетіне резіңке жабындылар төселген. Бұл алғаш үйренушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында. Оның үстімен оңай жүруге болады. Көп жүрген сайын адамның денесі тепе-теңдікке үйрене бастайды.
4. Конькимен жүрген кезде бір нүктеге қарап жүруге тырысу керек. Бұл тепе-теңдікті жақсы қамтамасыз ету үшін.
5. Мұз бетіне абайлап шығу керек. Тепе-теңдікті ұстау керек.
6. Мұз айдынының ішіндегі қоршаудан немесе арнайы қолға ұстауға арналған тіреуіштерден ұстап жүру керек. Бұл мұзды сезінуге көмектеседі. Алғашында жасанды секілді көрінсе де, асықпай қозғалу керек. Конькиді бірінші рет киіп тұрған адам үшін жылдам қозғалу қауіпті. Кенеттен болатын қозғалыстардан сақ болу керек.
7. Тепе-теңдік сақтап үйрену керек. Үйрену барысында ақырындап қозғалу керек. Тепе-теңдік сақтап үйрену үшін қолдарын екі жаққа созып, иықты деңгейінен төмен ұстаған дұрыс.

8. Денені бос ұстау керек. Бұл тербелісті жеңілдетеді.
9. Тізені аз бүгіп, алға қарау иілу керек. Тізеңіз өзіңізге башпай көрінбейтіндей бүгіліп, иықтарыңыз тізеңізбен қатарласуы тиіс. Еш нәрседен ұстамай жүріп көруге тырысу керек.

Бірнеше рет құлайтыны анық. Тепе-теңдікті ұстап үйренген соң жылдам қозғалып көру керек. Құлайтынын сезген жағдайда екі қолды шетке созып, тізені бүгу керек.

10. Конькидің ұшы мұзға тимеу керек.

11. Коньмен сырғанау кезінде құлап үйрену керек,яғни техникасын білу керек. Спортпен шұғылданатын адам міндетті түрде құлайды. Дұрыс құлаудың арқасында ғана ауыр жарақаттардың алдын алуға болады.
Құлап бара жатқанды сезсе, тізені бүгіп, мұзға жүресінен отыру керек.

Қолдарыңызбен аз ғана тіреп, бірден жұдырық түйгендей етіп жұму керек. Құлаған кезде қолды ашып тұрған күйінде жерді тіремеу керек. Салмақпен қол жарақаты орын алуы мүмкін.

12. Тоқтаудыңда өзіндік техникасы бар. Тоқтап үйрену үшін тізені ішке бүгіп, бір немесе екі аяқты итеріп шығару керек.
Аяқ тайғанап кетпес үшін, мұзды қаттырақ басу керек. Тоқтаған кезде мұз үстіндегі қарды қырып өту керек.

2. Коньки спортының техникасы мен тактикасы

2.1 Конькимен жүгіру техникасы

Адамдар ертеден бері мұзда және қарда тез қозғалу үшін әртүрлі ағаштар мен сүйектерден жасалған конькилерді пайдаланып келді. Кейініректен барып, астыңғы сырғанау бөлігі металлдан , ал өзі ағаштан жасалған шұлық тәріздес және көбінде жылқының басы бейнеленген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коньки спортының техникасы мен тактикасы
Әр түрлі қашықтықта конькимен жүгіру тактикасы
Коньки Спорты - конькимен мұз үстінде шапшаң жүгіру және мұз айдынында мәнерлеп сырғанау
Коньки спортын үйретудегі қауіпсіздік
Конькимен сырғанау - мұз айдынында конькимен сырғанау және мұз айдындарында мәнерлеп сырғанау
Конькишіге қажетті дене шынықтыру сапасын дамытудың әдістемелік негізі
Қан айналым жүйесі
Шаңғы спорты
Жарысқа қатысудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру ерекшеліктері
Дене жатығуларына сипаттама
Пәндер