Функционалдық сауаттылықтың сипаттамалық белгілері


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
«Қорғауға жіберілді»
Мектепке дейінгі және арнаулы білім
кафедрасы меңгерушісіС. Е. Досжанова
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: «Ата-аналардың функционалдық сауаттылығын
арттырудағы мультимедиялық құралдардың тиімділігі»
«5В010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша
Орындаған А. Б. Шаненова
Ғылыми жетекшісі, аға оқытушы А. Ж. Сисенбердиева
Ақтөбе, 2016
«Бекітемін »
Кафедра меңгерушісі
п. ғ. к., доцент
С. Е. Досжанова
«___» 201__ж.
Диплом жұмысын орындау
ТАПСЫРМАСЫ
Студент: Шаненова Айнұр Боранбайқызы
Жұмыстың тақырыбы: Ата-аналардың функционалдық сауаттылығын арттырудағы мультимедиялық құралдардың тиімділігі
Жұмыстың аяқталу уақыты:
Жұмыстың шығыс мәліметтері: зерттеу проблемасына байланысты педагогикалық, психологиялық әдебиеттер, ой-пікірлер, зерттеліп жатқан мәселенің мәнін ашатын философтардың, педагогтардың, психологтардың еңбектері, ата-аналар, сауаттылық, педагогикалық сауаттылық, мультимедиялық құрал туралы жазылған ғалым-педагогтардың, әдіскерлердің ғылыми еңбектері,
Диплом жұмысында қарастырылуы тиіс сұрақтар тізімі немесе қысқаша мазмұны:
- Ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын арттырудағы мультимедиялық құралдардың тиімділігінің теориялық негіздері .
- Сауаттылық, пункциональдық, педагогикалық сауаттылық мәселелерінің зерттелуі.
- Мультимедиялық құралдар туралы жан-жақты мәліметі.
- Отбасы, ата-ана сауаттылығы мәселелері.
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:
- Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары (ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 Қаулысы) .
- Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары: / Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы №832 қаулысы // ресми мәтін. Астана: Әділет, 2012. - 14 б.
- Сейдалиева Г. О., Мақұлбекова Ә. С. Мультимедиялық білім ресурсын құру. -Алматы, 2015. Ғаламтор материалы. makulbekova_asel@mail. ru
Графикалық материалдар тізімі (кесте, схема, сызба, диаграмма т. б. ) : кесте 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9; сурет 1, 2; диаграммалар.
Тапсырма берілген күн:
Ғылыми жетекшісі А. Ж. Сисенбердиева
Тапсырманы орындауға алушы студент А. Б. Шаненова
«Бекітемін »
Кафедра меңгерушісі
п. ғ. к., доцент
С. Е. Досжанова
«»201___ж.
Диплом жұмысының күнтізбелік жұмыс кестесі
Диплом жұмысының тақырыбы: Ата-аналардың функционалдық сауаттылығын арттырудағы мультимедиялық құралдардың тиімділігі.
Студенттің аты-жөні: Шаненова Айнұр Боранбайқызы
Шолу - желтоқсан
1-б. - қаңтар
2-б. - ақпан
3-б. - наурыз
Наурыз
Сәуір
Ғылыми жетекші А. Ж. Сисенбердиева
Студент А. Б. Шаненова
Мазмұны
Кіріспе5
1 Ата-аналардың функционалдық сауаттылығын арттырудағы мультимедиялық құралдардың тиімділігінің теориялық негіздері
1. 1 Сауаттылық, функциональдық сауаттылық мәселелерінің зерттелуі10
1. 2 Мектеп жасына дейінгі балалар ата-аналарының сауаттылығын арттыру мәселелері15
1. 3 Мультимедиялық құралдардың теориялық-практикалық негіздері28
2 Ата-аналардың функционалдық сауаттылығын арттырудағы мультимедиялық құралдардың тиімділігіне бағытталған педагогикалық тәжірибелік эксперимент
2. 1 Анықтаушы эксперимент материалдары, нәтижелері45
2. 2 Қалыптастырушы эксперимент материалдары, нәтижелері54
Қорытынды61
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі __64
Кіріспе
Өзектілігі
: Қазіргі кезде сауаттылық соның ішінде функциональдық сауаттылық қоғамның өрлеуі мен тоқырауының көрсеткіші болып саналады. Оның дәлелі Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» [1] Жолдауындағы маңызды тапсырмасы бес жылға арналған оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі Ұлттық іс-қимыл жоспарын әзірлеу болып табылады. Осыған байланысты оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспары әзірленді, аталған жоспар шеңберінде функционалдық сауаттылық бойынша шетелдердің адыңғы қатарлы тәжірибелерін зерделеу және Қазақстан Республикасының орта білім беру мазмұнының ерекшеліктерін ескере отырып, функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың жолдарын әзірлеу міндеттері қойылды [2] . Функционалдық сауатсыздық барлық ұлттың экономикалық, интеллектуалды және әлеуметтік мәдени болашағы үшін елеулі қауіп төндіреді. Бүгінде әртүрлі зерттеу материалдары көрсетіп отырғандай, функционалдық сауатсыздық бүкіл әлем бойынша ілгерілеп барады. Функционалдық сауатсыздықтан келіп жатқан жыл сайынгы шығындар әлем бойынша миллиардтаған долларлармен есептеледі. Функционалдық сауаттылық жастардың қоршаған ортаға сәтті бейімделуінің міндетті шарты болып отыр, ал функционалдық сауатты адамдардан тұратын қоғам елдің динамикалық дамуының негізі болып табылады. Ақпараттық қоғамға тән әлеуметтік динамиканың өсуі тек жеке тұлғаның функционалдық сауаттылығын анықтайтын білім көлемін кеңейтіп қана қоймайды, сонымен қатар адам өмірдің жаңа талаптарына бейімделу үшін қажетті әлеуметтенуді жылдамдатады. Сондықтан, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік мәдени дамуына байланысты қолданбалы білімге қойылатын талаптар күшеюде (олардың ауқымы кеңеюде, жаңа сапалық белгілер қалыптасуда) және қоғам мүшелерінің функционалдық сауаттылығына қажеттілік артып келеді.
Тұлғаның функциональдық сауаттылығының негізгі белгілері:бұл ұқыпты, адамдар арасында өмір сүре алатын, негізгі сапасы, кілттік компетенциялары бар адам. Әрбір білім беру аймағы функциональдық сауаттылықтың барлық түрлерінің дамуына қатысады. Олар:оқу мен жазуда сауаттылық, жаратылыстануда сауаттылық, матерматикалық сауаттылық, компьютерлік сауаттылық, отбасы мәселелеріндегі сауаттылық, денсаулық мәселесіндегі сауаттылық, заңды сауаттылық, педагогикалық сауаттылық т. б.
Сауаттылық туралы ғылыми зерттеулерге шолу жасасақ: о тандық және шетел әдебиеттерін талдау ғалымдардың функционалдық сауатсыздықтың себептерін анықтау және оны қалпына келтіру жөнінде белсенді зерттеулер жүргізіп жатқандығын көрсетіп отыр. В. В. Гаврилюк «функционалдық сауаттылық» деген ұғымның өткен ғасырдың 60-шы жылдарының соңында ЮНЕСКО-ның құжаттарында пайда болғанын және кейінірек зерттеушілердің қолданымына кіргенін атап көрсетсе, С. А. Тянган [3] «функционалдық сауаттылық» ұғымын талдай келе ұғымды кеңейте түседі: бастапқыда, шамамен 1970 жылдардың ортасына дейін зерттеудің тұжырымдамасы мен стратегиясы адамдардың кәсіби қызметімен байланысты болған: осы саладағы жетіспейтін білім мен шеберліктің орнын толтырды; кейінірек мұндай тәсіл бір жақты деп танылды; функционалдық сауаттылық одан да кеңірек мағынада қарала бастады: компьютерлік сауаттылықты, саяси, экономикалық сауаттылықты және т. б. қосылды. Американдық зерттеуші Е. Д. Херш «мәдени сауаттылық» деген ұғымды енгізді. Көп тер төккен зерттеудің нәтижесінде ол өзін мәдени тұрғыда сауаттымын деп санайтын әрбір американдық білуі тиіс 4500 пәндердің атауларын, аттарды, даталарды, оқиғаларды іріктеп алды. Сауалдамалар нәтижелері 1988 жылы (Hirsch E. D. Cultural literacy. What every American needs to know. N. Y. 1988) жарияланды [4] .
В. А. Ермоленконың, Р. Л. Перченоктың, С. Ю. Черноглазкиннің «Қазіргі жағдайда функционалдық сауаттылықтың дидактикалық негіздері» [5] атты еңбектерінде қазіргі жағдайда функционалдық сауаттылықтың қалыптасу ерекшеліктері қарастырылған, функционалдық сауаттылықтың жаңа деңгейін қалыптастырудың тәсілдері сипатталған, функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың тәрбиелік аспектісі ашылған, жалпы білім беретін мекемелердегі ақпараттық, кәсіпкерлік және технологиялық дайындық бағдарламалары ұсынылған. Қазіргі заман қоғамының талап-сұраныстарына сәйкес адамдардың функционалдық сауаттылығына қойылатын жаңа талаптар П. Терешкович пен С. Крупниктің еңбектерінде қарастырылған.
Функционалдық сауаттылық мәселесі білім беру философиясы деңгейінде қарастырылады (Б. С. Гершунский [6], В. В. Мацкевич, С. А. Крупник [7] . Бұл ұғым С. А. Тангянның, И. А. Колесникованың еңбектерінде үздіксіз білім беру аспектісінде ашылып көрсетілген, А. В. Хуторскийдің, О. Е. Лебедевтің еңбектерінде құзыреттілік амалдар контексінде қарастырылған. Т. И. Акатова [8] тілдік функционалдық сауаттылықты студенттердің тілдік мәдениетімен өзара байланыста; Л. М. Перминова, О. Е. Лебедев и др. оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру технологиясын; Л. Н. Полищук орта арнайы білім беру мекемелерінде технологиялық типті функционалдық сауаттылықты қалыптастыруды; П. И. Фролова [9] гуманитарлық пәндерді оқыту үдерісінде техникалық жоғары оқу орындары студенттерінің оқу-танымдық құзыреттіліктерін дамытудың негізі ретінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыруды қарастырады.
Келесі авторлардың еңбектерінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мәселесі жалпы орта және ортадан кейінгі білім беру жағдайларында қарастырылған. Авторлар В. А. Ермоленко, Р. Л. Перченок, С. Ю. Черноглазкин [10] функционалдық сауаттылықты қалыптастыру технологиясын жалпы, кәсіптік және қосымша білім беру жүйесінде қарастырады; М. А. Холодная [11] социумға және интеллектуалдық даму мен тәрбиеге бейімделуге қабілетті, қазіргі заманғы мектептегі білім беру басымдықтарына ерекше назар аударады.
Мектептегі білім беру жағдайындағы функционалдық сауаттылық соңғы жылдарда зерттеулер объектісіне айналды. Мысалы, Н. Н. Сметанникова [12] функционалдық сауаттылықты оқуға үйретудің стратегиялық тәсілдері шеңберінде зерттеді. М. И. Губанова, Е. П. Лебедева [13] функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мәселелерін зерделей келе, мектептің кіші буын оқушыларын оқыту үдерісіндегі тиісті мазмұнды енгізудің перспективасын ашты. С. Г. Вершловский, М. Д. Матюшкин [14] соцологиялық зерттеулерді жүргізудің негізінде қазіргі заманғы мектепті бітірушілердің функционалдық сауаттылық деңгейін талдайды. Дегенмен, жекелеген пәндерді оқыту кезінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мәселесі бойынша нәтижелері мектептегі білім берудің мазмұнына әлі жаппай енгізілмеген бары-жоғы бірнеше ғана еңбектер бар. Оларды атап өтсек. Қазақстандық зерттеушілер Ж. Ж. Ордабаева [15], А. Ж. Мұрзалинова [16], А. К. Рауадина [17] оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мәселесін қазақ тілінде оқытатын мектептерде физиканы, орыс тілін оқыту, орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілін оқыту барысында қарастырады, ресейлік әдіскерлер Г. Д. Клок, В. И. Анурова [18, 19] функционалдық сауаттылықты қалыптастыру жолдарын химия және шет тілі сабақтарында көрсетеді.
Байқап отырсаңыз мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарының функциональдық сауаттылығн арттыру мәселелері әлі күнге зерттеу пәні болмағаны байқалады. Бұдан мектепке дейінгі білім беруде тақырыптың өзекті мәселе екендігі көрініп-ақ тұр. Функционалдық сауаттылықты арттырудың ата-аналар жиналысы, баяндама, отбасына бару, әңгімелесу, т. б. түрлі жолдары бізге белгілі.
Дегенмен, адамды дамыту үшін оқу-тәрбие берудің үйреншікті жағдайынан қызығушылықтарын арттыратын жаңа белсенді әдісіне көшу әлдеқайда тиімді екенін өмір өзі дәлелдеп отыр. Бұл тапсырманы білім саласында тек жаңа технологияларды қолдану арқылы жүзеге асыруға болады. Іс-әрекеттің әртүрлі салаларында, соның ішінде білім саласында ақпараттық технологиялардың жаңаша құралдарын пайдалану бүгінгі күні үлкен өзектілікке ие болып отыр. Қазақстандық, шетелдік әдебиеттерде, зерттеулерде білім үрдісін сандық технологиялармен қамтамасыз ету ең өзекті факторлардың бірі ретінде қарастырылады.
Республикамыздың «Білім туралы» заңында (3 бап) айтылғандай білім беру жүйесін ақпараттандыру, мемлекеттік білім саясатының негізгі қағидаларын жүзеге асырудың маңызды бір механизмі болып табылады [20] . Ақпараттық ортаны құруға негізделген білім берудің жаңа жүйесін құрып, дамыту және практикаға жаңа ақпараттық құралдарды, жаңа технологияларды енгізу білім жүйесін дамытудағы стратегиялық тапсырма болып саналады. Сондай құралдардың бірі- мультимедиалық құралдар.
Жаһандану дәуірінде білім жүйесінде мультимедиялық құралдардың рөлі бар екенін мойындауымыз керек. Көптеген зерттеушілер, практиктер видеофильм, электрондық пошта (e-mail), мультимедиялық презентация, т. б. көмегімен жан-жақты дамыту мүмкіндіктерін қарастыруда. Нәтижесінде, ақпарат алушы мәліметті оңай әрі тез қабылдайды және ынтасы мен қызығушылығы жоғарылайды. Мультимедиялық құралдар тәрбиеленушіні, ақпарат алушыны дамытудың бірден бір құралы болып табылады. Білім саласында мультимедиялық құралдарды пайдаланудың функциональдық сауаттылықты, әсіресе, қазір жиі айтылып, күн тәртібіне өзекті мәселе етіп қойылып ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын дамытуда тиімділігі жоғары.
Ата-аналардың функциональдық сауаттылығын арттыруда мектепке дейінгі мекемелерде мультимедиялық құралдарды қолданбауы, осы зерттеу жұмысының маңызды мәселесі (проблемасы) болып табылады. Яғни, жаңа технологиялардың білім саласына қажеттілігі мен оның тиімді қолданбауы арасында қарама-қайшылық байқалады. Бұл мәселе зерттеу жұмысының өзектілігін айқындап диплом жұмысының тақырыбын: «Ата-аналардың функциональдық сауаттылығын арттырудағы мультимедиялық құралдардың тиімділігі» деп таңдауға себеп болды.
Зерттеу мақсаты: Ата-аналардың функциональдық сауаттылығын мультимедиялық құралдар арқылы дамыту тиімділігін теориялық негіздеп, тәжірибеде дәлелдеу.
Зерттеудің мақсатына жету үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
- тақырыпқа сай ғылыми-әдістемелік еңбектерге талдау жасау;
- сауаттылық, функциональдық сауаттылық мәселелерін ғылыми-теориялық негіздеу;
- мультимедиялық құралдардың теориялық-практикалық негіздерін айқындау;
- мектепке дейінгі бала ата-анасының рөлін айқындау;
- анықтаушы экспериментке материалдар дайындау, жүргізу, талдау;
- қалыптастырушы экспериментке материалдар дайындау, жүргізу, талдау;
- алынған нәтижелерді сандық және сапалық талдау.
Зерттеу нысаны: Ата-аналармен жұмыс үрдісі
Пәні : Ата-аналардың функциональдық сауаттылығын арттырудағы мультимедиялық құралдардың тиімділігі.
Зерттеу болжамы: егер ата-аналардың функциональдық сауаттылығын мультимедиялық құралдарды пайдалану арқылы арттыру тиімділігі теориялық негізделіп, эксперимент жүзінде дәлелденсе, онда ата-аналардың педагогикалық сауаты артып, тәрбиеші еңбегін түсініп, бала тәрбиелеуде табыстарға жету мүмкіндігі артады.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері функциональдық, сауаттылық, мультимедиялық құралдар туралы жазылған ғалым-педагогтардың, әдіскерлердің ғылыми еңбектері, зерттеу проблемасына байланысты педагогикалық, психологиялық әдебиеттер, ой-пікірлер, зерттеліп жатқан мәселенің мәнін ашатын философтардың, педагогтардың, психологтардың еңбектері, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту), мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламалары, басылым ақпараттары, ресми құжаттар, нормативтік құжаттар, автордың эксперименттік жұмысы.
Зерттеу әдістері ғылыми әдебиеттерді талдау, сауалнама, талдау, жинақтау, қорыту; педагогикалық эксперимент; педагогикалық бақылау, статистикалық өңдеу әдістері, жалпылау, алынған нәтижелерді жүйелеу және сипаттау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және практикалық маңызы сауаттылық, функциональдық сауаттылық, мультимедиялық құралдар туралы мәселелер ғылыми-теориялық тұрғыда негізделіп, мазмұны анықталды, ата-аналармен жұмыста мультимедиялық құралдардың мүмкіндіктерін көрсетуге бағытталған жұмыс жоспарлары құрылып, оның тиімділігі сынақтан өткізіліп, тәжірибеде дәлелденді; зерттеу жұмысының барысында жинақталған теориялық және практикалық материалдарды, ұсыныстарды мектепке дейінгі мамандар, ата-аналар өз жұмыстарында қолдана алады.
Зерттеу базасы Ақтөбе қаласы №38 «Әлем» балалар бақшасы, ересектер тобы
Диплом жұмысының құрылым жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеу мақсаты, нысанасы, пәні, болжамы, міндеттер, зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері, зерттеудің дерек көздері, әдістері, ғылыми жаңашылдығы мен практикалық мәні, зерттеудің практикалық базасы, диплом жұмысының құрылымы туралы баяндалады.
Ата-аналардың функциональдық сауаттылығын арттырудағы мультимедиялық құралдардың тиімділігінің теориялық негіздері тарауында сауаттылық, функциональдық сауаттылық мәселелерінің зерттелуі, мультимедиялық құралдардың теориялық-практикалық негіздері, мектепке жасына дейінгі балалар ата-аналарының жалпы ерекшеліктері туралы мәселелер қарастырылады.
Ата-аналардың функциональдық сауаттылығын арттырудағы мультимедиялық құралдардың тиімділігіне бағытталған педагогикалық тәжірибелік эксперимент тарауында анықтаушы, қалыптастырушы эксперимент материалдары, нәтижелері баяндалады.
Қорытынды бөлімде зерттеудің нәтижелері, қорытынды және әдістемелік ұсыныстар беріледі.
1 Ата-аналардың функциональдық сауаттылығын арттырудағы мультимедиялық құралдардың тиімділігінің теориялық негіздері
1. 1 Сауаттылық, функциональдық сауаттылық мәселелерінің зерттелуі
Білім берудегі сауаттылық мәселесі, нақты бір елдегі халықтың әлеуметтік жағдайына, мемлекеттің экономикалық дамуына, елдегі мәдени ахуалға тәуелді болатындығы айқын. Бүгінгі өркениеттің даму деңгейі білімділік пен сауаттылық ұғымдарының мазмұны мен оны түсіну жолдарын іздестіруді қажет етіп отыр. Ғылыми еңбектерде сауаттылық ұғымының белгілі бір деңгейде ана тілінің
грамматикалық нормаларына сай оқу, дұрыс жаза алу дағдыларын игеру екені
байқалады. Әйтсе де адамның өмір сүруіне қажетті деп танылып, меңгеруге
ұсынылған сауаттылық қазіргі кездегі әлеуметтік сұраным талаптарымен сәйкес келе бермейді. Сауаттылық тұлғаның тұрақты қасиеті болып табылатындықтан, функционалдық сауаттылық сол тұлға меңгерген белгілі бір білім-біліктерден көрініс табады. Өйткені функционалдық сауаттылыққа адам нақты білім алу кезеңдерінен өткеннен кейін қол жеткізеді. Бұл орайда білім белгілі бір сауаттылық деңгейін қамтамасыз ететін құрал және нақты іс-әрекеттердің нәтижесі ретінде қарастырылады. Ендеше, білімнің түпкі нәтижесі деп саналатын құзыреттіліктердің біртұтас бірлігі ретіндегі функционалдық сауаттылықтың мәнін, рөлін айқындаудың, оны тәжірибеге ендірудің уақыт талабымен толық сай келуі де зерттеу тақырыптың өзектілігін дәлелдей түседі.
Сауаттылық ұғымы - дәстүрлі түрде жеке тұлғаның грамматикалық
нормаларға сай оқу, мен жазу дағдыларын игеру дәрежесі [21] . Ұлттың мінез -құлқына сай - бірден - бір базалық көрсеткіштер мен әлеуметтік - мәдени дамуының бет - бейнесі болып табылады. Сауаттылық ұғымының мазмұны тарихи тұрғыда қоғамдық талаптар мен индивидке қойылатын талаптардың ең төменгі шектік деңгейінің өзгеруіне байланысты өзгеріске ұшырады. Өйткені, бүгінгі күні тек сауатты болу жеткіліксіз, өйткені қазір екінің бірі, үлкен-кіші түгел сауатты. 1969 жылы қыркүйек айында Тегеран қаласында өткен сауатсыздықты жою бойынша ағарту саласы министрлерінің Дүниежүзілік конгресінде «функционалдық сауаттылық» термині енгізілген болатын, ал 1978 жылы БҰҰ ұсынысы бойынша конгресс шешімі қайта қаралып, «Білім беру саласы статистикасын халықаралық стандартизациялау» туралы құжатқа өзгерістер енгізілді. Сауаттылық ұғымының нақты мазмұны дара тұлғаның дамуына қойылатын қоғамдық талаптарға байланысты құбылмалы сипатқа ие болады. Ол қарапайым оқу, жазу, санау біліктіліктерінен бастап адамның әлеуметтік үдерістерге саналы түрде қатысуына мүмкіндік беретін, қоғамдық қажеттігі айқын кешенді білімдер мен біліктерден құралатын функционалдық
сауаттылықты меңгеруді де қамтиды.
С. И. Ожеговтың сөздігінде «функция» сөзінің мәні «Вызванный функционированием чего-нибудь, зависящий от деятельности, а не от структуры, строения чего-нибудь (книжн) » - деп анықталса, Қазақ тілінің түсіндерме сөздігінде: «фукционалдық ұғымы бір нәрсенің құрылысы, құрамынан емес, қызметінен болатын, соның әрекетіне байланысты болады» - деп сипаттама беріледі. Бұдан «функция» ұғымы белгілі бір заттың атқаратын қызметіне немесе іс-әрекетіне қатысты айтылатыны танылады [22, 23] . Мысалы, техникалық құрал-жабдықтарды алар болсақ (компьютер, сканер, принтер, т. б. ), олардың өз функциялары бар. Ал «функция» ұғымы адамға қатысты айтылғанда, оның іс-әрекетіне байланысты қарастырылады. Кез келген маманның атқаратын белгілі бір функциясы немесе қызметі болады, ол соның дұрыс атқарылуына жауап береді. Айталық, балабақша меңгерушісінің, әдіскерінің т. б. әрқайсысының өз функциясы бар және әрқайсысы өз бағыты бойынша жауап береді. Жалпы, сауаттылық адамның білімділігіне қатысты ұғым екені белгілі. Яғни, сауатты деген сөздің түпкі мағынасы оқу, жазу, санау біліктіліктері қалыптасқан, грамматикалық тұрғыда таза, қатесіз жаза, сөйлей, оқи алатын, сондай-ақ дұрыс есептей білетін адам сауатты ретінде танылады.
Ал «функционалдық сауаттылық» белгілі бір кезеңге сай субьектінің алған білімі мен білігі негізінде сауатты іс-әрекет ете алуы деген мағынаны білдіреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz