Византия қалаларының құлдырау себептері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Ахмет Ясауи атындағы

Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті

Әлеуметтік-гуманитар факультеті

Тарих кафедрасы

Курстық жұмыс тақырыбы:

Орта ғасырлық қалалар және қол өнердің дамуы

Орындаған: Оңалбеков Нұрғали

6В01615 - Тарих

ТТА-211

Қабылдаған: т. ғ. к., доцент м. а. - Е. М. Тулегенов

Түркістан - 2024 ж

Жоспар

Кіріспе . . .
Кіріспе. . .:
:
Кіріспе. . .: І. ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛАЛАР - УРБАНИЗАЦИЯ КЕЗЕҢІ
:
Кіріспе. . .:
:
Кіріспе. . .: 1. 1 Орта ғасырлық қалалардың қалыптасуы мен даму тарихы . . .
:
Кіріспе. . .:
:
Кіріспе. . .: 1. 2 Қала қалыптастырушы кәсіпорындар . . .
:
Кіріспе. . .:
:
Кіріспе. . .: 1. 3 Византия қалаларының қалыптасуындағы ерекшеліктер және олардың гүлденуі
:
Кіріспе. . .:
:
Кіріспе. . .: ІІ. IX-XII ғғ ҚАЛАЛАРДЫҢ саяси-әлеуметтік және экономикалық ахуалы
:
Кіріспе. . .:
:
Кіріспе. . .: 2. 1 Византия қалаларында экономикалық шаруашылықтың дамуы
:
Кіріспе. . .:
:
Кіріспе. . .: 2. 2 Қала өмірінде билік пен діннің орны
:
Кіріспе. . .:
:
Кіріспе. . .: 2. 3 Византия қалаларының құлдырау себептері
:
Кіріспе. . .:
:
Кіріспе. . .: Қорытынды
:
Кіріспе. . .:
:
Кіріспе. . .: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
:
Кіріспе. . .:
:

кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Бір тұтас Рим империясының Шығыс және Батыс болып бөлінуіне байланысты ІV ғасырда өз алдына дербес мемлекет ретінде пайда болған Византия қалаларының байлығы, мәдениетінің көркеюі жөнінен Батысынан әлдеқайда басым түсетін. Осы кезеңде мәдениеттің жарқын көрінісі болған қалаларда өзін-өзі басқару, қалалық сайланбалы кеңестер, цехтар, гильдиялар және тағы басқалар пайда болды. Осыларды басшылыққа ала отырып ортағасырлар заманы мемлекеттілік институттың қалыптасуына әсер етуші іргелі негіз болды деп айтуға болады. VII ғасырдың орта шенінен бастап ХІІІ ғасырдың басына дейінгі бес жарым ғасыр Византия империясы тарихында гүлдену кезеңі болып табылады. Осы уақытта орын алған түпкілікті өзгерістер империяның және оның тұрғындарының барлық саяси-мәдени тұрмысында көрініс тапқан болатын. Міне осы уақытта Византия рухани құндылықтардың жүйесі болып табылатын өзінің жарқын сипаттарын көрсете алды. Сондықтан да көрсетілген уақыт аралығы Византия қалаларының да шарықтып, соның ішінде әсіресе елдің астанасы болған Константинополь сол кезеңдегі әлемнің ірі орталықтарының біріне саналған болатын.

Еуропада қалалардың өзіндік ерекшеліктері бар екі аймағы болды: Византия және Русь. Ортағасылар тарихында Византия тарихы ерекше орынға ие, өйткені бұл қоғам Батыс пен Шығыстың түйіскен жерінде орналасқан. Византиялық ортағасырлық қоғамның мыңжылдық тарихы бар (Византия ХҮ ғасырдың ортасына дейін өмір сүрді) . Зерттеушілер арасында Византияның саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени тарихы дамуы жайлы ортақ пікір жоқ. Византиятанушылардың қолдарында осы бір ерекше елді зерттеуге жетерлік деректер бар. Осы күнге дейін Византия тарихының әртүрлі мәселелері жайлы пікір таластар жалғасуда. Византиятанушылар өз көзқарастарын жеке монографиялар, мақалалар арқылы ғана емес, арнайы басылымдар арқылы да білдіруде.

Византия тарихының өзіндік ерекшелігі бар қырларының бірі оның қалалары. Византиятанушы тарихшылардың көпшілігі Византияның тарихи даму ерекшелігін қалалармен байланыстырады. Византия қалаларының құрылымын зерттеу өте өзекті тақырыптардың бірі. Қала - тіршіліктің ғана орталығы емес, сонымен қатар ол мемлекеттің даму деңгейінің көрсеткіші, саяси және экономикалық мүдделердің тоғысқан жері, барлық әлеуметтік топтард өкілдерінің жиналған жері. Ал ортағасырлық қала сауда мен кәсіптің дамуының көрсеткіші ғана емес, сонымен қатар аграрлық қатынастың, шіркеудің, мәдениеттің, т. б., дамуының көрсеткіші. Византияның қалалық құрылымының өзектілігін, осы тақырыпта жазылған ғылыми зерттеулердің көптігі де дәлелдей түседі, бұл үрдіс осы уақытта дейін де жалғасуда. Шет ел және Ресей тарихнамасында осы тақырыпқа деген қызығушылықты дәлелдейтін мысалдар жеткілікті. Солардың біршамасын біз өзіміздің жұмысымызда пайдаланып, тақырыптың мазмұнын ашуға тырысамыз.

Курстық жұмыстың мақсаты. Византия қалаларының ерекшелігі туралы сұраққа жауап беріп, басқа ортағасырлық баты сеуропалық қалалардан қандай айырмашығы болғандығын айқындау. Мақсатқа жету барысында алдыға қойылған міндеттер :

  • ІХ-ХІІ ғасырлардағы Византия қалаларының экономикалық, әлеуметтік, саяси дамуының ерекшелігін көрсету;
  • Еуропадағы ортағасырлық қалалардың қалыптасу тарихын, олардың құрылымдық ерекшеліктерін көрсету;
  • Византиялық қалалардағы шаруашылықтың дамуының негізгі бағыттарын айқындау;
  • Қалалардың ішкі және сыртқы өміріне дін мен биліктің қаншалықты деңгейде әсер еткендігін көрсету;
  • Ортағасырлық қаланы қалыптастырушы кәсіпорындардың түрлерін көрсетіп және олардың ықпалының негізгі бағыттарын зерделеу;
  • Қалалардың құлдырау себептерін айқындау;
  • Византия қалаларының әлемдік өркениетке берген басты құндылықтарын сипаттау.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Зерттеу жұмысы барысында тарихи оқиғаларды сараптауда, оларға объективті көзқарас қалыптастыруда, тарихи процесстерге нақты баға беру үшін, маңызды деректер мен зерттеулер қатары негізге алынды.

Осы тақырыпқа өз еңбектері мен зерттеулерін арнаған ғалымдар ішінде З. В. Удальцова, К. А. Осипова, Г. Г. Литаврин, М. М. Фрейденберг, А. П. Каждан, Г. Л. Курбатов және тағы басқалары бар. Енді осы аталған зерттеушілердің және тағы басқа ғалымдардың еңбектеріне талдау жасау.

Византияның әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы айтқанда М. В. Левченко елдің экономикалық ерекшелігі «қалалық өндірістік орталықтардың» дамымаған шаруашылық аудандармен қатар орналасқандығында деп атап өтеді [1] .

Е. Э. Липшиц ҮІІІ-ІҮ ғасырлар деректері негізінде Византияның феодалды деревнясы мен қалалары мәселесін зерттеді. 1953 жылы ол біз қарастырып отырған кезеңге байланысты Византия қалаларына арналған мақаласын жарыққа шығарды. Византияныі көрші елдермен сауда байланысы және сол уақытта «қызу тіршілігі бар» қалалардың болғандығын атай отырып Е. Липшиц византиялық қалалардың қол шаруашылығы ауыл шаруашылығымен тығыз байланыста болған ортағасырлық табиғатын мойындайды [2] .

Горянов Б. Т. Византия импреиясының экономикалық құрылымының ерекшелігін дамыған кәсіп, мануфактуралық өндірісі мен дамыған саудасы бар ірі қалалық орталықтардың сақталуымен байланыстырды [3] .

Сюзюмов М. Д. Византия қалаларын зерттеу арқылы елдің тарихи дамуының ерекшелігін шешуге ұмтылған. Византияның өзіндік ерекшелігін зерттеуші мықты қалалардың болуымен тығыз байланыстырған. Антика дәуірінен мирас болып қалған эмпорио-қалалармен қатар Сюзюмов сауды-шаруашылық орталықтары бар басқа византиялық қалаларды мойындаған, ол қалалардың дауы ХІ-ХІІ ғасырлаға тұспа-тұс келіп, «провинцияның феодалды экономикасының дауы» ұғымымен анықталған [4] .

Г. Г. Литавриннің зерттеулерінде басты назар ІХ-ХІ ғасырлардағы Византияның қоғамдық және әлеуметтік институттарын аударылған. «Как жили византийцы» атты еңбегінде зерттеуші империяның құлау себептеріне емес, мың жыл бойы еш нәрсеге қарамастан тіршілігін жалғастыруға күшті қайдан алғандығына көбірек көңіл бөледі [5] .

Келесі зерттеуші А. П. Кажданның еңбегінде Византия қалалары мен ауылдарының арасындағы тұрмыс-тіршіліктің ұқсастықтары қарастырылып, зерттеуші өзіндік ой қорытындылар жасаған. Оның пікірінше Византиядағы қала мәдениетінің дамуына ауылдағы дамыған кейбір қолөнер кәсіптерінің ықпалы болған. Зерттеуші осыларға мән бере отырып қала мен ауылдың қарам-қатынасын барынша ашып көрсетеді [6] .

Г. Л. Курбатовтың Византия тарихына арналған оқу құралында біздің тақырыбыздың кейбір тұстары қарастырылған. Автордың еңбегі негізінен оқулық ретінде болғанымен, ерте дәуірдегі қалалардың ортағысырларға өту мәселесі жақсы ашылып көрсетілген [7] .

Диплом тақырыбына байланысты алғашқы теориялық еңбектердің қатарына А. Сванидзенің «Средневековый город: вертикаль прогресса» атты мақаласы жатқызуға болады. Онда автор негізінен алғанда жалпы ортағасырлық қала мәдениетінің даму ерекшеліктерін жақсы ашып көрсетеді [8] .

Қарастырылып отырған тақырыптың мазмұнын ашуда «Городская жизнь в средневековой Европе» атты ұжымдық ғылыми зерттеу еңбектің маңызы зор. Онда негізінен алғанда ортағасырлық қаланың ішкі өмірі жан-жақты ашылған [9] .

Негізінен алып қарайтын болсақ жоғарыда аталған зерттеу еңбектері мен ғылыми мақалалар және оқу құралдары біздің тақырыбыздың зерттелу деңгейін көрсетеді. Бірақ бұл, аталған тақырыптың осы еңбектермен ғана шектеледі дегенді білдірмейді. Өйткені қарастырылып отырған мәселе басқа да көптеген еңбектерде шолу түрінде болса да қарастырылған. Сондықтан да жұмыс барысында біз ол еңбектерді де тақырыптың мазмұнын ашу үшін қолдандық.

І. Ортағасырлық қалалар - урбанизация кезеңі

1. 1 Ортағасырлық қалалардың қалыптасуы мен даму тарихы

Феодалдық қоғамның белгілі бір кезеңінде қаланың пайда болуы оның алғашқы феодалдық дәуірінен - өркендеген феодализм дәуіріне өтуімен байланысты болды. Соңғысына тән ерекшелік - қалалардың қолөнершілікпен сауда орталығы ретінде тууы және гулденуі болып табылады. Тауарлық өндірістің өркендеуі және қалалардың өсуі феодалдық қоғамның экономикасына, саяси құрылысына және рухани өміріне елеулі ықпалын тигізді. Сондықтан да XI ғасыр, яғни Еуропада қалалар негізінен қалыптасып болған бұл кезең алғашқы орта ғасыр (V-XI ғасырлар) мен феодализмнің толығырақ өркен жайған дәуірі (XI-XV ғасырлар) арасындағы хронологиялық шекара іспетті еді. Қаланың пайда болуы жөиіндегі буржуазиялық теорияларды сынау, орта ғасырлық қаланың шығуы жөнінде көптеген теориялар тудырған. Орта ғасырлық қалалардың пайда болу себептері жөніндегі сұраққа XIX және XX ғасырларда біршама ғалымдар да өздерінше жауап беруге тырысқан.

Ортағасырлық қалаларды батыс еуропалық феодализмнің парадигмасы ретінде қарастыру керек. Қалаларының көптігіне қарамастан Византия империясы мұндай қалалық феноменды білмеді. Ортағасырлық қала ерте феодализмнен дамыған феодализм кезеңіне өту барысында пайда болады. Ерте ортағасырларда қала типтес қоныстар болған, олар әдеттегідей антикалық қалалар орнында пайда болған. Италияда осындай қалалар қатарына Милан, Флоренция, Венеция, Болонья және т. б. кірген. Францияда - Париж, Лион. Неміс жерлерінде - Вена, Страсбург, Майнц, т. б. Англияда - Лондон, Глостер, Честер және т. б. ХІ ғасырда осы қалалар, олар көбін антикалық тамыры бар бар қалалар деп те атауға болады, негізінен әкімшілік орталықтар немесе бекініс пунктері, архиепископтар мен эпископтардың резиденциялыр, яғни, діни орталықтар болған. Батыс Еуропа жеріндегі қалалар біркелкі орналаспаған. Қалалардың көпшілігі Италияда, содан кейін вестготтық немесе арабтық Испанияда, Византияда, оңтүстік Даллияда шоғырланған. Қала тұрғындарының саны айтарлықтай көп болған. Тұрғындар әдетте қолөнердің белгілі бір түрімен ғана айналысқан. Қалаларда қала ішіндегі және қала сыртындағы сауда дамыған [1, 12 б. ] . Италия мен Византияның ежелгі қалалары Шығыспен сауда-саттықтың ірі орталықтары болып қала берді. Алайда, тіршілігі мен қызметі антика дәуіріндегіден алысқа ұзамаған бұл қалалар жаңа феодалдану үдерісінің катализаторына айнала алмады және феодализм генезисіне айтарлықтай әсер ете алмады. Бұл міндетті орындау үшін қаланың мүлде басқа типі пайда болуы қажет еді немесе антикалық қалалар мүлдем басқа негізде қайта жаңалануы орын алуы керек еді.

https://avatars.mds.yandex.net/i?id=88b954999137d831b00106c3c96a3bc1_l-4820974-images-thumbs&n=13

Х ғ. Византия қаласының кескіні

Ортағасырлық қаланың пайда болуын түсіндіруге ұмтылған келесі теория вотчиналық деп аталды. «Вотчиндік теорияға» (Эйхгорн, Нич) сенер болсақ, қалалар феодалдық вотчиналардан өрбіген және ортағасырлық қалалардың мекемелері тек қана вотчиндік басқарудың және вотчиндік құқықтың заңды жалғасы болған. Осы теорияны қалыптастырушылардың ішіндегі беделдісі Эйхгорн. Теорияны жақтаушылар қаланың пайда болуын вотчинамен байланыстырды. Маркалық теорияны да неміс ғалымдары Маурер мен фон Беловт және т. б. құрастырған. Қала генезисін олар неміс феодализміне тән еркін селолық қауымнан - маркадан іздеді. Келесі теориялардың бірі - бургтік (burg - қамал) теория. Теория авторлары феодалды қаланың пайда болуын бургтық құқықпен тығыз байланыстырды [28, 92 б. ] . Шредер, Зом сияқты ғалымдар қаланың пайда болып дамуын қалалардағы сауда орындарымен байланыстырды. «Маркалық теория» (Маурер, Белов) калалардың селолық қауымдық - маркалық құрылыстан өрбігенін уағыздауға тырысқан. «Бургтік теорияның» өкілдері (Кейтген, Метланд) каланың шығу төркіні бекіністерден («бургтерден») пайда болған және бекініс пункттерінің айрықша жағдайда болуы қалалық құқықтың пайда болуына әсер етті деп есептеген. «Рыноктық теория» (Р. Зом, Шредер, Шульте, біршама Ритшель де) қалалық құқықты сауда-саттық ұйымдастырылған жерлердегі, айрықша құқықтырдан, айрықша күзеттен туындатпақ болған. Кейбір буржуазиялық теориялар бірнеше түрлі көзқарасты біріктірмек болған [30, 48 б. ] . Мәселен, неміс тарихшысы З. Ритшельмен бельгиялық тарихшы А. Пиренн ортағасырлық қалалардың негізі болған қолөнершілікті, яғни өндірісті жоққа шығарып, қаладағы көпестердін, бекініс пункттерін («бургтерді») мекендейтінін сылтау етіп «бургтік теория» мен «рыноктық теорияны» біріктірмек болған. Пиренн мен Ритшель идеялары осы заманғы тарихи ілімде де аз орын алып отырған жоқ. Буржуазиялық ғылым қалалардың туу тарихына байланысты көптеген нақты материалдар жинағанына қарамастан, өзінің идеалистік методологияға сүйенетіндігіне байланысты, қалалардың өндіргіш күштердің өсуінен және сол өсу тудырған қолөнершіліктің ауыл шаруашылығынан ажырасуынан қоғамдық еңбек бөлісі дамуының жаңа сатысының пайда болуы жөніндегі ғылыми тұжырым дәрежесіне көтеріле алмады.

Деревнялардан шыққан қолөнершілер қолөнермен айналысуға ыңғайлы жерлерде қоныстанды. Италия мен Оңтүстік Францияда олар сол кезде әкімшілік, шіркеулік және әскери орталықтар болған, тамыры антика дәуіріне кететін қалаларда тұрақтанды. Осы қалаларға қолөнершілер келгеннен кейін қалалар қайта жанданды. Тығыз қоныстанған және саудасы дамыған қалаларда қолөнершілер өз өнімдерін өткізе алды. Романдық ықпалға түспеген Еуропа бөліктерінде, Солтүстік-Батыс және орталық аудандарда, қолөнершілер ірі феодалдық иеліктер - вотчина, қамалдар мен монастырлер жанынан өз өнімдерін феодалдар арасынан тұтынушы табу мақсатында арнайы жерлер таңдады. Олар сондай-ақ өз өнімдеріне сұраныс пен сатып алушылар табылатын сауда, әскери жолдардың түйіскен жерлерінде, кемелер тұрақтаған жерлерде қоныстанған. Уақыт өте осы шағын сауда орындарында тұрғындар саны өсе бастайды. Ақырындап, алдымен қолөнершілер қоныстанған осы жерлер бірті бірте ортағасырлық қалаларға айнала бастайды. Қалалар өсу темпы Еуропаның әр бөлігінде әртүрлі болды. Қалалардың саны Италияда интенсивті түрде өсті. Бұл жерде тек антикалық қалалар сақталып қойған жоқ, сонымен қатар ортағасырлық қалалар пайда болды. Италиядағы антикалық қалалар қайта жанданып, ортағасырлық қала-мемлекеттерге айналды. Х ғасырдан бастап Францияда ортағасырлық қалалардың өсуі ұлғайады, алдымен Оңтүстік Галлияда (Марсель, Тулуза), содан кейін Францияның орталығы мен солтүстігінде. Антикалық қалалар сақталған жерлерде қалалардың өсуі жоғары болды. Өйткені оларда қалалық өмірдің, қалалыұ өндірістің, Византиямен, Шығыс елдерімен сауда қатынастарының тәжрибесі болды [9, 26 б. ] . Романдық ықпалға аз ұшыраған Еуропаның кей бөлігінде қалалар төмен қарқынмен дамыды. Солтүстікке жылжыған сайын қалалар саны азайып отырды. Х-ХІ ғасырларда ортағасырлық қалалар Нидерландтарда, Англияда, Германияда пайда бола бастайды. Скандинавия елдерінде, Ирландияда, Дунай княздіктерінде, Еуропаның шеткері аймақтарында қалалар тек ХІІ-ХІІІ ғасырларда ғана пайда болады [9, 30 б. ] . ортағасырлық қаланың пайда болуы мен дамуы бүкіл феодалдық қоғам эволюцичсының сапалық қадам жасауына алып келді. Ортағасырлық қалаларда қарапайым тауар қатынасы маңызды орынға шықты. Қала тұрғындары о бастап алуан түрлі болды. Қалада негізінен қолөнершілер мен көпестер тұрды, олар бірінші болыр болашақ қалалардың орнына қоныстанған. Қала тұрғындарының ішінде маңыздылық категориясын бойынша бірінші орында қолөнершілер мен көпестер тұрды. Бірте бірте жаңа топтар қалыптаса бастайды. Қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін адамдар категориясы пайда болады. Ірі қалаларда діни және зайырлы феодалдар, король әкімшілігінің өкілдері тұрды. Енді енді пайда бола бастаған, шартты түрде интеллигенция деп атауға болатын тағы бір тұрғындар категориясын ерекше бөлік қарастыруға болады. Олар дегеніміз, дәрігерлер, мұғалімдер, мектептер мен университеттер оқытушылары, сондай-ақ заңгерлер, құқықтанушылар, нотариустер[1, 18 б. ] .

https://avatars.dzeninfra.ru/get-zen_doc/3048507/pub_61ec46edbfb7b420fe3bf105_61ed5a472972c870ccb4faee/scale_1200

Византия романизм дәуірінде

Қала пайда бола бастағаннан-ақ тұрғындардың әлеуметтік

және мүліктік теңсіздігі байқалады. ХІІ-ХІІІ ғасырлардан бастап-ақ қалаларда екі полюс пайда болады: байлар және кедейлер. Ауқыттылар мен байларға қарағанда кедейлердің саны қалада көбірек болды. Көлемі жағынан ортағасырлық қалалар әртүрлі болды: шағын, орташа, ірі. Шағын қалалардың тұрғындар саны көр емес, шамамен 1 мың адамдай боды. Орташа қалаларда 2 мыңнан 5 мыңға дейін жетті. ХІҮ-ХҮ ғасырларда қалалық өндірістің дамуымен және сауданың тұрақтануымен қатар қала тұрғындарынығ саны да өсті. Қала сондай-ақ деревнялар есебі үшін де өсті. Қала деревнядан өзіне көптеп шаруаларды тартты. ХІҮ-ХҮ ғасырларда 25-30 мың тұрғыны бар қала дамыған және кейінгі феодализм кезеңінің қалыпты қаласы болды. Тек аздаған қалаларда ғана (Париж, Венеция, Милан, Флоренция, Кордова, Севилья сияқты қалаларда) тұрғындар саны 80 мыңнан 100 мың адамға жетті. Бұлар ортағасырлық мегаполис ретінде болды, олардың жартысы қала-мемлекет (Италияда) болып қалыптасты [8] . Қала міндетті түрде дуалмен қоршалды. Дуалда кіретін және шығатын қақпалар болды. Бұл қақпаларда қарауыл орнатылып, олар белгілі бір уақытта жабылып тұрды. Көп жағдайда қалалар тек дуалдармен ғана емес, сонымен қатар су толтырылған немес бос орлармен қоршалды. Жалпы алғанда ортағасырлық қала феодалды замокты еске салып, оның архитектуралық прототипі болды. Қала ол қатып алған құбылыс емес, тірі организм. Қала өмір сүреді, өседі және тіршілік жасайды. ХІ ғасырда қаланы қоршап тұрған дуалдарХІІ-ХІІІ ғасырларда, әсіресе ХІҮ ғасырда оған таршылық етеді. бұл бірте бірте қала дуалының маңында қоныстардың пайда болуына алып келеді. Алғашқы қала маңындағы қоныстар сипаты жағынан қолөнершідердікі болды. Оларда қолөнердің белгілі бір түрімен айналысты. Осы қала маңындағы қоныстарды айналдырып қала және оның өндірісін, онда жинақталвп жатқан байлықты қорғау мақсатында бірте-бірте екінші дуал тұрғызыла бастайды [9, 118 б. ] .

Батыс Еуропада ортағасырлық қаланың орталығы базар алаңы болды, базардың жанында собор орналасты. Ал өзін өзі басқару құқығына ие қалалардың орталығы ратуша орналасқан алаң болды. ХІҮ ғасырдағы ортағасырлық қала тұрғындарының көбі шыққан деревнямен тығыз байланысын сақтап қалды. Қала қабырғасының сыртында, кейіннен қала маңындағы қоныс қабырғаларының сыртында қалалықтардың иелігі болған және бір жағынан олардың тіршілік ету көзіне айналған алқаптар, жайылымдар, бақшалар созылып жатты.

Қаланың эволюциясы барысында, өндірістің өсуімен байланысты қабырға қала тіршілігіне кедергі жасай бастады. Олар қаланың архитектоникасын айқындап тұрды. Ортағасырлық қалалар көшелерінің тар болғандығы соншалық, көше бойымен тек бір ғана ат арба жүріп өте алды. Екі ат арба жүруіне көше мүмкіндік жасамады. Феодализм дамуының бірінші кезеңінде (ІХ-ХІ ғғ. ) көше кеңдігі жайлы қызық шарт болды. Көшенің енін найза ұзындынан үлкен етуге тыйым салынды. Батыс Еуропадағы ортағасырлық қалаларға ортақ белгі - территорияның шектеулілігі. Яғни ортағасырлық батысеуропалық қалаларда құрылыс нысандары бір біріне өте жақын орналасты. Көше енінің кеңдігінен салынайын деген үйдің архитектурасы тәуелді болды. Үйлер әдетте екі (үш қабатты үйлер өте сирек кездесті) қабатты болып салынды және екінші қабатты тұрғызу барысында қосымша қабат бірінші қабаттан шығыңқырап, көшені одан ары тарылтты. Қалалардың ені емес биіктігі өсе бастады, сондықтан да екі қабатты үйлердің кесірінен ортағасырлық қалалардың көшелері тым жіңішке ғана болып қоймай сонымен қатар өте қараңғы да болды. Қалалардың көшелеріне сирек және әлсіз шамдар кеш бата жағылғанымен, кеш батып қараңғы түскеннен кейін бұл көшелермен серуендеу қауіпті еді [9, 76 - 77 бб. ] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ортағасырлық Византия қалалары
Ортағасырлық қалалардың қалыптасуы мен даму тарихы
Византия империясының құлауы
IX-XI ғасырлардағы Франция, Германия, Италия X-XIғасырдың ортасына дейінгі Англия. Испания мен Византия дамуының тарихи ерекшеліктері
Іv-хіі ғасырлардағы византия империясы
Орта ғасырлық Еуропа мәдениеті.Византия мәдениеті
ХI ғасырдың ақырына дейінгі Италия
Византия мемлекетінің құрылуы
Ежелгі Грекия мен Рим мәдениеті
Таяу Шығыстағы қақтығыстарды шешу перспективалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz