Ортағасырлық қалалардың қалыптасуы мен даму тарихы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Ахмет Ясауи атындағы

Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті Әлеуметтік-гуманитар факультеті

Тарих кафедрасы

Курстық жұмыс тақырыбы:

Ортағасырлық қалалар. Византиядағы қолөнердің дамуы

Қабылдаған: т. ғ. к., доцент м. а. - Е. М. Тулегенов

Орындаған: Оңалбеков Нұрғали

Мамандығы: 6В01615 - Тарих

Тобы: ТТА-211

Түркістан - 2024 ж

Жоспар

Кіріспе . . .
Кіріспе. . .:
:
Кіріспе. . .: І. ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛАЛАР - УРБАНИЗАЦИЯ КЕЗЕҢІ
:
Кіріспе. . .:
:
Кіріспе. . .: 1. 1 Ортағасырлық қалалардың қалыптасуы мен даму тарихы . . .
:
Кіріспе. . .:
:
Кіріспе. . .: 1. 2 Қала қалыптастырушы кәсіпорындар . . .
:
Кіріспе. . .:
:
Кіріспе. . .: 1. 3 Византия қалаларының қалыптасуындағы ерекшеліктер және олардың гүлденуі
:
Кіріспе. . .:
:
Кіріспе. . .: ІІ. IX-XII ғғ ҚАЛАЛАРДЫҢ саяси-әлеуметтік және экономикалық ахуалы
:
Кіріспе. . .:
:
Кіріспе. . .: 2. 1 Византия қалаларында экономикалық шаруашылықтың дамуы
:
Кіріспе. . .:
:
Кіріспе. . .: 2. 2 Қала өмірінде билік пен діннің орны
:
Кіріспе. . .:
:
Кіріспе. . .: 2. 3 Византия қалаларының құлдырау себептері
:
Кіріспе. . .:
:
Кіріспе. . .: Қорытынды
:
Кіріспе. . .:
:
Кіріспе. . .: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
:
Кіріспе. . .:
:

кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Бір тұтас Рим империясының Шығыс және Батыс болып бөлінуіне байланысты ІV ғасырда өз алдына дербес мемлекет ретінде пайда болған Византия қалаларының байлығы, мәдениетінің көркеюі жөнінен Батысынан әлдеқайда басым түсетін. Осы кезеңде мәдениеттің жарқын көрінісі болған қалаларда өзін-өзі басқару, қалалық сайланбалы кеңестер, цехтар, гильдиялар және тағы басқалар пайда болды. Осыларды басшылыққа ала отырып ортағасырлар заманы мемлекеттілік институттың қалыптасуына әсер етуші іргелі негіз болды деп айтуға болады. VII ғасырдың орта шенінен бастап ХІІІ ғасырдың басына дейінгі бес жарым ғасыр Византия империясы тарихында гүлдену кезеңі болып табылады. Осы уақытта орын алған түпкілікті өзгерістер империяның және оның тұрғындарының барлық саяси-мәдени тұрмысында көрініс тапқан болатын. Міне осы уақытта Византия рухани құндылықтардың жүйесі болып табылатын өзінің жарқын сипаттарын көрсете алды. Сондықтан да көрсетілген уақыт аралығы Византия қалаларының да шарықтып, соның ішінде әсіресе елдің астанасы болған Константинополь сол кезеңдегі әлемнің ірі орталықтарының біріне саналған болатын.

Еуропада қалалардың өзіндік ерекшеліктері бар екі аймағы болды: Византия және Русь. Ортағасылар тарихында Византия тарихы ерекше орынға ие, өйткені бұл қоғам Батыс пен Шығыстың түйіскен жерінде орналасқан. Византиялық ортағасырлық қоғамның мыңжылдық тарихы бар (Византия ХҮ ғасырдың ортасына дейін өмір сүрді) . Зерттеушілер арасында Византияның саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени тарихы дамуы жайлы ортақ пікір жоқ. Византиятанушылардың қолдарында осы бір ерекше елді зерттеуге жетерлік деректер бар. Осы күнге дейін Византия тарихының әртүрлі мәселелері жайлы пікір таластар жалғасуда. Византиятанушылар өз көзқарастарын жеке монографиялар, мақалалар арқылы ғана емес, арнайы басылымдар арқылы да білдіруде.

Византия тарихының өзіндік ерекшелігі бар қырларының бірі оның қалалары. Византиятанушы тарихшылардың көпшілігі Византияның тарихи даму ерекшелігін қалалармен байланыстырады. Византия қалаларының құрылымын зерттеу өте өзекті тақырыптардың бірі. Қала - тіршіліктің ғана орталығы емес, сонымен қатар ол мемлекеттің даму деңгейінің көрсеткіші, саяси және экономикалық мүдделердің тоғысқан жері, барлық әлеуметтік топтард өкілдерінің жиналған жері. Ал ортағасырлық қала сауда мен кәсіптің дамуының көрсеткіші ғана емес, сонымен қатар аграрлық қатынастың, шіркеудің, мәдениеттің, т. б., дамуының көрсеткіші. Византияның қалалық құрылымының өзектілігін, осы тақырыпта жазылған ғылыми зерттеулердің көптігі де дәлелдей түседі, бұл үрдіс осы уақытта дейін де жалғасуда. Шет ел және Ресей тарихнамасында осы тақырыпқа деген қызығушылықты дәлелдейтін мысалдар жеткілікті. Солардың біршамасын біз өзіміздің жұмысымызда пайдаланып, тақырыптың мазмұнын ашуға тырысамыз.

Курстық жұмыстың мақсаты. Византия қалаларының ерекшелігі туралы сұраққа жауап беріп, басқа ортағасырлық баты сеуропалық қалалардан қандай айырмашығы болғандығын айқындау. Мақсатқа жету барысында алдыға қойылған міндеттер :

  • ІХ-ХІІ ғасырлардағы Византия қалаларының экономикалық, әлеуметтік, саяси дамуының ерекшелігін көрсету;
  • Еуропадағы ортағасырлық қалалардың қалыптасу тарихын, олардың құрылымдық ерекшеліктерін көрсету;
  • Византиялық қалалардағы шаруашылықтың дамуының негізгі бағыттарын айқындау;
  • Қалалардың ішкі және сыртқы өміріне дін мен биліктің қаншалықты деңгейде әсер еткендігін көрсету;
  • Ортағасырлық қаланы қалыптастырушы кәсіпорындардың түрлерін көрсетіп және олардың ықпалының негізгі бағыттарын зерделеу;
  • Қалалардың құлдырау себептерін айқындау;
  • Византия қалаларының әлемдік өркениетке берген басты құндылықтарын сипаттау.

Тақырыптың зерттелуі. Зерттеу жұмысы барысында тарихи оқиғаларды сараптауда, оларға объективті көзқарас қалыптастыруда, тарихи процесстерге нақты баға беру үшін, маңызды деректер мен зерттеулер қатары негізге алынды.

Осы тақырыпқа өз еңбектері мен зерттеулерін арнаған ғалымдар ішінде З. В. Удальцова, К. А. Осипова, Г. Г. Литаврин, М. М. Фрейденберг, А. П. Каждан, Г. Л. Курбатов және тағы басқалары бар. Енді осы аталған зерттеушілердің және тағы басқа ғалымдардың еңбектеріне талдау жасау.

Византияның әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы айтқанда М. В. Левченко елдің экономикалық ерекшелігі «қалалық өндірістік орталықтардың» дамымаған шаруашылық аудандармен қатар орналасқандығында деп атап өтеді [1] .

Е. Э. Липшиц ҮІІІ-ІҮ ғасырлар деректері негізінде Византияның феодалды деревнясы мен қалалары мәселесін зерттеді. 1953 жылы ол біз қарастырып отырған кезеңге байланысты Византия қалаларына арналған мақаласын жарыққа шығарды. Византияныі көрші елдермен сауда байланысы және сол уақытта «қызу тіршілігі бар» қалалардың болғандығын атай отырып Е. Липшиц византиялық қалалардың қол шаруашылығы ауыл шаруашылығымен тығыз байланыста болған ортағасырлық табиғатын мойындайды [2] .

Горянов Б. Т. Византия импреиясының экономикалық құрылымының ерекшелігін дамыған кәсіп, мануфактуралық өндірісі мен дамыған саудасы бар ірі қалалық орталықтардың сақталуымен байланыстырды [3] .

Сюзюмов М. Д. Византия қалаларын зерттеу арқылы елдің тарихи дамуының ерекшелігін шешуге ұмтылған. Византияның өзіндік ерекшелігін зерттеуші мықты қалалардың болуымен тығыз байланыстырған. Антика дәуірінен мирас болып қалған эмпорио-қалалармен қатар Сюзюмов сауды-шаруашылық орталықтары бар басқа византиялық қалаларды мойындаған, ол қалалардың дауы ХІ-ХІІ ғасырлаға тұспа-тұс келіп, «провинцияның феодалды экономикасының дауы» ұғымымен анықталған [4] .

Г. Г. Литавриннің зерттеулерінде басты назар ІХ-ХІ ғасырлардағы Византияның қоғамдық және әлеуметтік институттарын аударылған. «Как жили византийцы» атты еңбегінде зерттеуші империяның құлау себептеріне емес, мың жыл бойы еш нәрсеге қарамастан тіршілігін жалғастыруға күшті қайдан алғандығына көбірек көңіл бөледі [5] .

Келесі зерттеуші А. П. Кажданның еңбегінде Византия қалалары мен ауылдарының арасындағы тұрмыс-тіршіліктің ұқсастықтары қарастырылып, зерттеуші өзіндік ой қорытындылар жасаған. Оның пікірінше Византиядағы қала мәдениетінің дамуына ауылдағы дамыған кейбір қолөнер кәсіптерінің ықпалы болған. Зерттеуші осыларға мән бере отырып қала мен ауылдың қарам-қатынасын барынша ашып көрсетеді [6] .

Г. Л. Курбатовтың Византия тарихына арналған оқу құралында біздің тақырыбыздың кейбір тұстары қарастырылған. Автордың еңбегі негізінен оқулық ретінде болғанымен, ерте дәуірдегі қалалардың ортағысырларға өту мәселесі жақсы ашылып көрсетілген [7] .

Курстық жұмыстың тақырыбына байланысты алғашқы теориялық еңбектердің қатарына А. Сванидзенің «Средневековый город: вертикаль прогресса» атты мақаласы жатқызуға болады. Онда автор негізінен алғанда жалпы ортағасырлық қала мәдениетінің даму ерекшеліктерін жақсы ашып көрсетеді [8] .

Қарастырылып отырған тақырыптың мазмұнын ашуда «Городская жизнь в средневековой Европе» атты ұжымдық ғылыми зерттеу еңбектің маңызы зор. Онда негізінен алғанда ортағасырлық қаланың ішкі өмірі жан-жақты ашылған [9] .

Негізінен алып қарайтын болсақ жоғарыда аталған зерттеу еңбектері мен ғылыми мақалалар және оқу құралдары біздің тақырыбыздың зерттелу деңгейін көрсетеді. Бірақ бұл, аталған тақырыптың осы еңбектермен ғана шектеледі дегенді білдірмейді. Өйткені қарастырылып отырған мәселе басқа да көптеген еңбектерде шолу түрінде болса да қарастырылған. Сондықтан да жұмыс барысында мен ол еңбектерді де тақырыптың мазмұнын ашу үшін қолдандым.

І. Ортағасырлық қалалар - урбанизация кезеңі

1. 1 Ортағасырлық қалалардың қалыптасуы мен даму тарихы

Феодалдық қоғамның белгілі бір кезеңінде қаланың пайда болуы оның алғашқы феодалдық дәуірінен - өркендеген феодализм дәуіріне өтуімен байланысты болды. Соңғысына тән ерекшелік - қалалардың қолөнершілікпен сауда орталығы ретінде тууы және гулденуі болып табылады. Тауарлық өндірістің өркендеуі және қалалардың өсуі феодалдық қоғамның экономикасына, саяси құрылысына және рухани өміріне елеулі ықпалын тигізді. Сондықтан да XI ғасыр, яғни Еуропада қалалар негізінен қалыптасып болған бұл кезең алғашқы орта ғасыр (V-XI ғасырлар) мен феодализмнің толығырақ өркен жайған дәуірі (XI-XV ғасырлар) арасындағы хронологиялық шекара іспетті еді. Қаланың пайда болуы жөніндегі буржуазиялық теорияларды сынау, орта ғасырлық қаланың шығуы жөнінде көптеген теориялар тудырған. Орта ғасырлық қалалардың пайда болу себептері жөніндегі сұраққа XIX және XX ғасырларда біршама ғалымдар да өздерінше жауап беруге тырысқан. Ортағасырлық қалаларды батыс еуропалық феодализмнің парадигмасы ретінде қарастыру керек. Қалаларының көптігіне қарамастан Византия империясы мұндай қалалық феноменды білмеді. Ортағасырлық қала ерте феодализмнен дамыған феодализм кезеңіне өту барысында пайда болады. Ерте ортағасырларда қала типтес қоныстар болған, олар әдеттегідей антикалық қалалар орнында пайда болған. Италияда осындай қалалар қатарына Милан, Флоренция, Венеция, Болонья және т. б. кірген. Францияда - Париж, Лион. Неміс жерлерінде - Вена, Страсбург, Майнц, т. б. Англияда - Лондон, Глостер, Честер және т. б. ХІ ғасырда осы қалалар, олар көбін антикалық тамыры бар бар қалалар деп те атауға болады, негізінен әкімшілік орталықтар немесе бекініс пунктері, архиепископтар мен эпископтардың резиденциялыр, яғни, діни орталықтар болған. Батыс Еуропа жеріндегі қалалар біркелкі орналаспаған. Қалалардың көпшілігі Италияда, содан кейін вестготтық немесе арабтық Испанияда, Византияда, оңтүстік Даллияда шоғырланған. Қала тұрғындарының саны айтарлықтай көп болған. Тұрғындар әдетте қолөнердің белгілі бір түрімен ғана айналысқан. Қалаларда қала ішіндегі және қала сыртындағы сауда дамыған [1, 12 б. ] .

Италия мен Византияның ежелгі қалалары Шығыспен сауда-саттықтың ірі орталықтары болып қала берді. Алайда, тіршілігі мен қызметі антика дәуіріндегіден алысқа ұзамаған бұл қалалар жаңа феодалдану үдерісінің катализаторына айнала алмады және феодализм генезисіне айтарлықтай әсер ете алмады. Бұл міндетті орындау үшін қаланың мүлде басқа типі пайда болуы қажет еді немесе антикалық қалалар мүлдем басқа негізде қайта жаңалануы орын алуы керек еді.

Деревнялардан шыққан қолөнершілер қолөнермен айналысуға ыңғайлы жерлерде қоныстанды. Италия мен Оңтүстік Францияда олар сол кезде әкімшілік, шіркеулік және әскери орталықтар болған, тамыры антика дәуіріне кететін қалаларда тұрақтанды. Осы қалаларға қолөнершілер келгеннен кейін қалалар қайта жанданды. Тығыз қоныстанған және саудасы дамыған қалаларда қолөнершілер өз өнімдерін өткізе алды. Романдық ықпалға түспеген Еуропа бөліктерінде, Солтүстік-Батыс және орталық аудандарда, қолөнершілер ірі феодалдық иеліктер - вотчина, қамалдар мен монастырлер жанынан өз өнімдерін феодалдар арасынан тұтынушы табу мақсатында арнайы жерлер таңдады. Олар сондай-ақ өз өнімдеріне сұраныс пен сатып алушылар табылатын сауда, әскери жолдардың түйіскен жерлерінде, кемелер тұрақтаған жерлерде қоныстанған. Уақыт өте осы шағын сауда орындарында тұрғындар саны өсе бастайды. Ақырындап, алдымен қолөнершілер қоныстанған осы жерлер бірті бірте ортағасырлық қалаларға айнала бастайды. Қалалар өсу темпы Еуропаның әр бөлігінде әртүрлі болды. Қалалардың саны Италияда интенсивті түрде өсті. Бұл жерде тек антикалық қалалар сақталып қойған жоқ, сонымен қатар ортағасырлық қалалар пайда болды. Италиядағы антикалық қалалар қайта жанданып, ортағасырлық қала-мемлекеттерге айналды. Х ғасырдан бастап Францияда ортағасырлық қалалардың өсуі ұлғайады, алдымен Оңтүстік Галлияда (Марсель, Тулуза), содан кейін Францияның орталығы мен солтүстігінде. Антикалық қалалар сақталған жерлерде қалалардың өсуі жоғары болды. Өйткені оларда қалалық өмірдің, қалалық өндірістің, Византиямен, Шығыс елдерімен сауда қатынастарының тәжрибесі болды [9, 26 б. ] .

Романдық ықпалға аз ұшыраған Еуропаның кей бөлігінде қалалар төмен қарқынмен дамыды. Солтүстікке жылжыған сайын қалалар саны азайып отырды. Х-ХІ ғасырларда ортағасырлық қалалар Нидерландтарда, Англияда, Германияда пайда бола бастайды. Скандинавия елдерінде, Ирландияда, Дунай княздіктерінде, Еуропаның шеткері аймақтарында қалалар тек ХІІ-ХІІІ ғасырларда ғана пайда болады [9, 30 б. ] . ортағасырлық қаланың пайда болуы мен дамуы бүкіл феодалдық қоғам эволюциясының сапалық қадам жасауына алып келді. Ортағасырлық қалаларда қарапайым тауар қатынасы маңызды орынға шықты. Қала тұрғындары о бастан алуан түрлі болды. Қалада негізінен қолөнершілер мен көпестер тұрды, олар бірінші болыр болашақ қалалардың орнына қоныстанған. Қала тұрғындарының ішінде маңыздылық категориясын бойынша бірінші орында қолөнершілер мен көпестер тұрды. Бірте бірте жаңа топтар қалыптаса бастайды. Қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін адамдар категориясы пайда болады. Ірі қалаларда діни және зайырлы феодалдар, король әкімшілігінің өкілдері тұрды. Енді енді пайда бола бастаған, шартты түрде интеллигенция деп атауға болатын тағы бір тұрғындар категориясын ерекше бөлік қарастыруға болады. Олар дегеніміз, дәрігерлер, мұғалімдер, мектептер мен университеттер оқытушылары, сондай-ақ заңгерлер, құқықтанушылар, нотариустер[1, 18 б. ] .

Қала пайда бола бастағаннан-ақ тұрғындардың әлеуметтік және мүліктік теңсіздігі байқалады. ХІІ-ХІІІ ғасырлардан бастап-ақ қалаларда екі полюс пайда болады: байлар және кедейлер. Ауқыттылар мен байларға қарағанда кедейлердің саны қалада көбірек болды. Көлемі жағынан ортағасырлық қалалар әртүрлі болды: шағын, орташа, ірі. Шағын қалалардың тұрғындар саны көр емес, шамамен 1 мың адамдай боды. Орташа қалаларда 2 мыңнан 5 мыңға дейін жетті. ХІҮ-ХҮ ғасырларда қалалық өндірістің дамуымен және сауданың тұрақтануымен қатар қала тұрғындарының саны да өсті. Қала сондай-ақ деревнялар есебі үшін де өсті. Қала деревнядан өзіне көптеп шаруаларды тартты. ХІҮ-ХҮ ғасырларда 25-30 мың тұрғыны бар қала дамыған және кейінгі феодализм кезеңінің қалыпты қаласы болды. Тек аздаған қалаларда ғана (Париж, Венеция, Милан, Флоренция, Кордова, Севилья сияқты қалаларда) тұрғындар саны 80 мыңнан 100 мың адамға жетті. Бұлар ортағасырлық мегаполис ретінде болды, олардың жартысы қала-мемлекет (Италияда) болып қалыптасты [8] . Қала міндетті түрде дуалмен қоршалды. Дуалда кіретін және шығатын қақпалар болды. Бұл қақпаларда қарауыл орнатылып, олар белгілі бір уақытта жабылып тұрды. Көп жағдайда қалалар тек дуалдармен ғана емес, сонымен қатар су толтырылған немесе бос орлармен қоршалды. Жалпы алғанда ортағасырлық қала феодалды замокты еске салып, оның архитектуралық прототипі болды. [9, 118 б. ] .

Батыс Еуропада ортағасырлық қаланың орталығы базар алаңы болды, базардың жанында собор орналасты. Ал өзін өзі басқару құқығына ие қалалардың орталығы ратуша орналасқан алаң болды. ХІҮ ғасырдағы ортағасырлық қала тұрғындарының көбі шыққан деревнямен тығыз байланысын сақтап қалды. Қала қабырғасының сыртында, кейіннен қала маңындағы қоныс қабырғаларының сыртында қалалықтардың иелігі болған және бір жағынан олардың тіршілік ету көзіне айналған алқаптар, жайылымдар, бақшалар созылып жатты.

Бастапқыда ортағасырлық қаладардағы үйлер ағаштан тұрғызылды. Сол себепті қалаларда үйлердің өртенуі жиі болып тұрды. Дамыған феодализм кезеңінің соңына таман үйлерді тастан тұрғызуға көшеді. Қалалардың көшелері тар болғанымен қатар, бірті-бірте көшелер үйдің терезелерінен бірден далаға төгілген қоқыстарға тола бастайды. Қалалардың санитарлық жағдайы көшелердегі қозғалысты тежегенімен қоса өте қауіпті салдарға да алып келді. Қоқыс, тамақтың қалдықтарымен толған көшелерде егеуқұйрықтар қаптады, олар өз кезегінде жұқпалы аурулардың тарау көзі. Сол себепті ортағасырлық қалаларда обалар жиі жиі орын алып тұрды. Оба тараған тұста шағын қалардың тұрғындары толығымен қырылып қалуы мүмкін еді. Тарихта мұндай мысалдардың болғаны белгілі. Обалар кесірінен ортағасырлық Еуропа қалаларының саны бірнеше рет азайған.

Ортағасырлық қалалардың не феодалдардың не корольдің жеріне пайда болады. Сол себепті өмірінің бірінші күнінен бастап қалалар корольге немесе ақсүйектер немесе шіркеу сеньорлары тәуелділікке түсті. Дамыған феодализм кезеңінің бастапқы кезінде (ІХ-ХІ ғасырлар) қалалардағы билік сеньордың немесе король әкімшілігі өкілдерінің қолында болды. Әрине, король де, феодалдар да қаланың гүлденуіне мүдделі болды, өйткені бай қала олардың табыс көздерінің айтарлықтай маңызды көздерінің бір болды. Осындай жағдайда қала тұрғындарының тәуелділіктен құтылуға ұмтылулары түсінікті жағдай еді, алайда король де, феодал да қалалардың тәуелсіз болуын мүлдем қаламады. Өйткені, қалалар тәуелсіздік алып, өзін-өзі басқаруға қол жеткізсе, олар корольге де, феодалға ешқандай салық төлемей, ешқандай міндеттеме атқармайды. Сондықтан король билігі қалаларды өз уысынан шығармауға тырысты [8] .

Батыс Еуропаның әр аймағында коммуналық қозғалыс түрлі сипатқа ие болды. Солтүстік және Орталық Италияда және Оңтүстік Францияда қалалар Х-ХІІ ғасырлардың өзінде тәуелсіздікке қол жеткізеді. Италияда солтүстіктегі ірі қалалар мен орташа қалалар қала-мемлекет деген статусқа ие болады. Қала өзін-өзі басқару жүйесін көшеді. Неміс жеріндегі көптеген қалалар да тәуелсіздік алады. Осы қалалардың кейбіреуі қала-республика статусын иемденеді. Оларды басында бургоминистр отырған қалалық кеңес басқарды. Бұл қалалар Магдебкрг қаласы арналып арнайы жасалған Магдебург құқығы бойынша өмір сүрді. Қалаға өзін-өзі басқарудың ең кең және жоғары формасын беретін Магдебург құқығы қалалық тәуелсіздіктің классикалық құқығы. Коммуналық қозғалыс нәтижесінде неміс жерінде тәуелсіздік алып қала-республика атағына қалалар: Гамбург, Бремен, Майнадағы Франкфурт, т. б.

Қалалардың көпшілігі, әсіресе, шағын қалалар, коммуналық қозғалыстардың нәтижесінде сеньорларға тәуелді болып қалады. Батыс Еуропа қалаларындағы коммуналық қозғалыстардың әртүрлі сипатта және нәтижелерінің түрлі болуына қарамастан осы қаладағы қозғалыстарды бір ортақтыққа ие болды, ол - Батыс Еуропа қалаларының тұрғындары крепостнойлық басыбайлылықтан айрылып, еркін тұрғындарға айналды [30, 48 б. ] . Осы коммуналық қозғалыстардан кейін қалыптасқан дәстүрге сай қалада бір жыл және бір күн өмір сүрген адам еркін деп есептелінді. «Қаладағы ауа адамды еркін қылады» деген қанатты сөз коммуналық қозғалыстардың нәтижесін сипаттайтын ұғымға айналды.

1. 2 Қала қалыптастырушы кәсіпорындар

Қала өндірісінің негізін құраған қолөнер өндірісі дамыған феодализм бірінші кезеңдерінде ұйымдастырудың ерекше түрі - цехтар немесе қолөнер гильдияларына ие болды. Византиядағы қолөнер бірлестіктері - корпорациялар мен киондар батыс еуропалық бірлестіктерден әжептәуір ерекшеленді.

Киония тұрақсыз, құрамындағы мүшелері көп емес қолөнер ұйымы болды. Цех немесе немес гильдия бастапқыда шағын қолөнершілердің ұйымы болды, алайда гильдия көбінесе көпестердің ұйымы еді. Цех өндірісінінің үстінен қатаң бақылау орнатылды, сонымен қатар қолөнер өнімдерерінің сатылуы да бақылауға алынды. Цехты мастер басқарды. Көбінесе қолөнерші-мастер өзінің шеберханасында жұмыс жасады. Оған 2-3 қосалқы шеберханалар немесе бірнеше шәкірттері көмектесті. Цехтардың пайда болған алғашқы жылдарында шебердің шәкірті бірте бірте белгілі бір уақыт ішінде мамандығын игеріп шебер болуға мүмкіндігі болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алтын Орда дәуіріндегі Сыр бойы қалаларының қалыптасу тарих
Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолының тарихы
Ортағасырлық қалалық мәдениеттің қалыптасуы
Византия қалаларының құлдырау себептері
Ортағасырлық Византия қалалары
Алтын Орда дәуіріндегі Сыр өңірі қалаларының тарихы
Батыс Еуропаның орта ғасыр кезеңдері
Сыр бойының орта ғасырлық қалалары
Оңтүстік Қазақстандағы ортағасырлық қалалар
Қала мәдениеті тарихын оқыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz