Өзіндік жұмыстың маңызы
Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі: А.Байтұрсынов: Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керек. Балалар қиналмай, керек білімін кешікпей кезінде алып отыруы үшін балаға жұмысты әліне шағындап беріп, бетін белгілеген мақсатқа қарай түзеп отыруы керек.К.Ушинский: Оқушы білімді өз бетімен жұмыс жасай білгенде ғана тиянақты игереді. Ал білім алу барысында ешқандай өз бетімен жұмыс жасау қабілетін танытпаса, алған білімі тез ұмытылып, қажет жерінде оны қолдана алмайды. Білім - қоғамның дамуы мен болашақтағы жағдайын анықтаушы болып табылады. Кез келген елдің экономикалық және саяси тәуелсіздік жағдайы халықтың жалпы білімі мен кәсіптік деңгейіне байланысты. Осы ретте Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында атты 2005 жылғы 18-ақпандағы халыққа жолдауында: ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз - деді [1]. Білім жүйесінің мазмұны өмірдің түрлі жағдайларында әрекет ете алатын тұлғаны дайындау. Осы мақсатта оқу жоспарын оқушыларға азаматтық білім беруге бағыттау керек. Бірінші кезекте әлемдегі болып жатқан өзгерістерге байланысты білім жүйесін ұлттық модульде құру және ол үшін өркениетті елдерде берілетін біліммен ортақ көзқарастарын табуға ұмтылу қажет. Қазіргі қоғамдық сұраныс - өз ісіне мығым, жұртшылықпен араласуда жеке басындағы барлық шынайы жағымды қасиеттерін байқата алатын бүгінгі студент, ертеңгі маманды тәрбиелеуді талап етеді. Адамның қоғамдық мәні - өмір сүрген ортасы, әлеуметтік жағдайы, білімі, санасының жоғары немесе төмен болуы оның жеке адамға тән қасиеттерінің қалыптасуының шарты. Ал, әлеуметтендіру тәрбие берумен тікелей байланысты. Тәрбиенің түрлері де әр алуан: жас бала өмірге келгеннен бастап, қартайып өмірінің соңына дейін тәрбиеден өтеді. Тәрбие екі жақты: жас өспірімдерге тәрбие беру, ересек адамдарға тәрбие беру, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.
ХХІ-ші ғасырдағы алдыңғы қатарлы, бәсекеге қабілетті, өркениетті елдер қатарына қосылу мақсатында Қазақстан ғылым мен білімді әлемдік деңгейге, ұлттық ерекшелікке сай үйлесімді дамыту жолдарын қарастыруда. Қазақстанның болашақ дамуына арналған Қазақстан-2030 бағдарламасында тәуелсіз мемлекет құруда еліміздің әрбір азаматы өзінің қоғамдағы алатын орнын саналы түсінуі және ел экономикасының бүгінгі сұранысына жауап бере алатын тәрбие мен білім алу қажеттігіне баса назар аударылған.
Қазақстан республикасы және Ғылым министрлігі дайындаған бағдарламасында "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы" бойынша бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыру мұғалімдер алдында тұрған негізгі міндет.
Қазақстан-2030 бағдарламасы ұзақ мерзімді мақсаттарды атап, нақтылы нәтижелерге жету үшін мектеп алдына күрделі міндеттер қойды. Осыған орай мектептердегі білім саласын және тәрбиені жақсартып, оқушылардың дүниетанымы мен өмірлік көзқарасын барынша шыңдаудың қажеттігі атап көрсетілген. Бұл міндет әрбір сабақтың білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мүмкіндігін жеткілікті ойластырып, жете пайдаланған жағдайда ғана іске асады [2].
Орта мектепте оқу пәндерінің қазіргі өзгерісті кезеңінде жүзеге асыруға тиісті негізгі мәселенің бірі өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру арқылы оқушылардың дұрыс ойлау дағдыларын, ізденімпаздығын, пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру. Оқушылардың дұрыс ойлау дағдылары олардың таным белсенділігімен тығыз ұштасып жатады.
Тез өзгеріп отырған экономикалық жағдайда іргелі пәндік білім жеткілікті деңгейде оқытуды талап етеді.
Оқушылардың өзін барынша көрсете білу және қоғам өміріне пайдалы түрде араласу үшін білімді өз бетінше іздену, талдау және тиімді пайдалану дағдысын бойына сіңіру маңызды да күрделі.
Өзіндік жұмыстарға баулуға арналған химия курстарына дидактикалық тапсырмалар жүйесін жасап шығару; зерттеу мәселесі бойынша ұсынылып отырылған әдістеменің тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру.
Алдыға қойылған проблеманың басты мақсаты - оқушылардың таным белсенділігін, ойлау қабілетін сабақ үстінде және сабақтан тыс уақыттарда арттыру, өз бетінше еңбектене білуге дағдыландыру.
Зерттеу пәні өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық ізденімпаздығын, есте сақтау, ойлау қабілетін арттырып, білімі мен білігін бір жүйеге келтіруге мүмкіндік береді.
1. ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАР ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ФОРМАСЫ
1.1 Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру
Қазіргі сабақ оқушылардың өзіндік жұмыстарынсыз бола алмайды. Ол - оқушылардың алдына қойған мақсаттарын орындау қызметі. Өзіндік жұмыстарды орындау арқылы оқушылар көрсетілген бағдарламалық білімді, жаңа білімдер мен дағдыларды игереді, өзіндік шығармашылық қабілетін дамытады, ғылыми танымдық әдістерді меңгереді.
Химия сабағындағы оқушылардың өзіндік жұмыстары сан алуан сарамандық сабақтар, сарамандық тәжірибелерді орындаулары, есептерді шешуі, формулалар бойынша реакциялардың теңдеуін құрастыру, жаттығуларды орындау, бақылау және тексеру жұмыстарын орындау, оқулықпен жұмыс, анықтамалар және әр түрлі қосымша әдебиеттермен жұмыс, сарамандық жұмыстардың есебін жазып орындау, танымжорық материалдарын өңдеу, т.б.
Өзіндік жұмыстар оқытудың әр түрлі кезеңдерінде жүзеге асады, арнаулы сабақ түрінде де өтуі мүмкін. Оқушылардың әрбір дербес жұмыстарын өзіндік жұмыс деп санауға болады. Мысалы, оқушы тәжірибе жасағанда басшы нұсқауларды басшылыққа алып, тәжірибенің орындалуы. Бұл жұмыстардың репродуктивті өзіндік сипаты бар. Жоғары деңгейдегі өзбетінше жұмыс істеу ізденушілік сипатта жүзеге асады. Оқушы тапсырманы алғаннан кейін, оқу мақсатын анықтап, ойланып, өз бетінше орындау жолдарын белгілейді, оны шешудің тиімді әдісін таңдап алады. Мүмкін бұл есепті шешудің жаңа жолын табуы, осындай өзіндік ізденістер шығармашылық шешуге әкеледі. Өзіндік қиындықтарына, танымдық сипатына карай берілетін тапсырмалар күшті оқушыларға, орташа және әлсіз оқушылар деп топтастырылады, оқушылардың өздері нұсқаларды таңдайды. Нұсқаның бірінші тобына шығармашылық шешімді қажет ететіндері алынады, ал екіншісі - болжаудың дұрыстығын тексеретін, ал үшіншілеріне - репродуктивті сипаттағы тапсырмалар беріледі.
Мұғалім оқушыға өздігінен жұмыс істету арқылы оқушылардың дербестігін, өз бетінше ойлау жүйесін, жүйелі білім алу тәртібін қалыптастырады.
1-кесте
№
Өздік жұмысты жіктеу
Өздік жұмыстар
1
Дидактикалық мақсаты
Негізгі ұғымдарды қайталау, жаңа материалды қабылдау. Жаңа материалды ұғындыру. Білімдерін жүйелеу. Жаттығу арқылы білімін бекіту. Жаңа ұғымдарды қолдану біліктіліктерін қалыптастыру. Тексеру, бақылау.
2
Оқушылардың танымдық белсенділігінің сипаты
Берген үлгілер бойынша көшіру. Жартылай іздену сипатында. Зерттеу.
3
Оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыру формалары
Ұжымдық, топпен, жеке.
4
Білімнің қайнар көзі
Оқулық және анықтамалармен жұмыс істеу. Оқыған тақырып бойынша жоспар жасау, баяндама жазу. Ұлестірмелі материалмен жұмыс істеу. Химиялық тәжірибелер жасау. Химиялық диктант жазу. Ауызша, жазбаша сандық және сапалық есептер шығару. Графиктік жұмыс.
Оқушылардың сабақ үстінде өздігінен жұмыс жасай білу дағдыларының қалыптасуы - олардың білімінің тиянақты болуының басты шарты[3].
1.2 Өзіндік жұмыстардың міндеттері мен мақсаттары
Оқушылар шығармашылығын дамытуда өзіндік жұмыстар үлкен рөл атқарады. Ол үшін өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың ең тиімді деген түрлері мен әдістерін іріктеп ала білудің маңызы зор.
Өзіндік жүргізілетін жұмыстар химия пәнінің негіздерін оқушыларға үйретіп қана қоймайды, сонымен қатар болашақ жастарды өмірге әзірлеп, мамандықты еркін таңдай білулеріне көп септігін тигізеді. Мұның өзі жеке мемлекет болып, білім берудің жүйесіне жаппай бетбұрыс жасалып жатқан қазіргі шақта жаңа мазмұнға ие болып отыр.
Химия пәні бойынша өзіндік жүргізілетін жұмыстар көп уақыттан бері қолға алынып, зерттеліп келеді. Бұл жөнінде әдістемелік мақалалар мен кітапшалар да басылып шықты.
Дегенмен, бұл салада әлі де зерттеліп, жетілдіріле түсетін түйінді мәселелер баршылық. Орта мектеп түлектерінің бірсыпырасы оқу бағдарламасына сәйкес алған білімін іс жүзінде пайдалануда шорқақтық танытса, енді бірқатары химиялық тәжірибелерді институт қабырғасының өзінде де жете меңгеріп кете алмай жүр. Мұның мектепте химияны оқытудың сапасына да байланысты екені белгілі. Орта мектептерде химиядан сабақ беретін кейбір мұғалімдер оқушыларды өз беттерінше шығармашылықпен жұмыс істеуге әлі де жете үйрете алмай келеді. Жас мұғалімдер тек сабақ беруді ғана біліп, сыныптан тыс білім беру мәселесіне аз көңіл бөледі.
Бірқатар мектептер сыныптан тыс жұмыстарды оқушылардың көпшілігі қатысатын, атап айтқанда, химиялық кештер, ойлан-тап ойындарын өткізумен ғана шектеледі. Оның өзінде оқушылардың өз беттерінше жұмыс істеуіне, жеке белсенділіктері мен шығармашылығын дамытып отыруына жете көңіл бөлінбейді.
Соңғы кездерде оқушылар шығармашылығын дамыту, қызығушылығын арттыру үшін, химия апталығы, танымдық сөзжұмбақтар, химиялық ойындар, жарыс кештері, т.б. көптеген білім беретін материалдар кең түрде қолданыла бастағанына қарамастан, оларды қызықты етіп ұйымдастыру жағы жетіспейді. Бұл салада да оқушылар шығармашылығы аз пайдаланылады. Әсіресе оқушыларды жаппай қатыстыратын элективті курстар: мептепішілік химиялық олимпиядалар, өндірістік мәні бар танымжорықтар, оқушылар білімін тексеруге арналған алғырлар, тапқыштар жарыс кештері сирек өткізіледі.
Оқушыларға жеке пәннен тек білім беріп қана қою жеткіліксіз, оларды сабақ үстінде де, элективті курстарда да, өзіндік жұмыстарда да сол ғылымды сүйе білуге тәрбиелеп, өз беттерінше білім ала білуге үйрету керек. Ұстаздар тәжірибесі өзіндік жұмыстардың сабақтан басталатынын көрсетеді. Сондықтан да сабақты қызықты етіп өткізу арқылы оқушылардың білімді өз беттерімен тереңдете алатын болуына негіз қалау қажет.
Өзіндік жұмыстар белгілі бір мақсатқа сай жүйелі де нәтижелі болуы керек. Оқу-тәрбие барысында сабақ пен сыныптан тыс жұмыстардың өзара байланыстылығын жетілдіру, мұнымен бірге оқушылардың білімге, жеке пәнге деген құштарлығын дамыту, сондай-ақ оларды қоғамдық пайдалы еңбекке неғұрлым белсенді қатыстырып, белгілі бір кәсіптік мамандықты игеруге әзірлеу - мұғалімдердің негізгі міндеті. Сондай-ақ мұғалімнің оқу материалын түсінікті етіп, әсерлі баяндауы, тәжірибелерді шеберлікпен көрнекі көрсетіп, сабаққа танымдық ойын қисындарын енгізіп отыруы оқушылардың пәнге деген қызығуын арттырады, қиялын қозғауға әсер етеді. Мұғалім сыныптан тыс жұмыстарды жеке оқушыға ғана әсер ететіндей емес, көпшілік оқушыларды қызықтыратындай етіп ұйымдастырылуы тиіс.
Оқушылардың пәнге деген ықыласы артып, қызыға бастаса, онда пәнді меңгеруге деген құштарлық тереңдей түседі. Қазіргі кезеңде сабақтың мазмұны мен оны түсіндірудің негізгі әдістері оқушылардың өз беттерінше танымдық іс-әрекеттерін дамытатындай, әрбір нақты материалды жүйелі меңгертетіндей етіліп құрылғаны жөн. Осы мәселелердің бәрі оқушылардың жасы мен жеке басының ерекшеліктерін білуді қажет етеді.
Өзіндік жұмыстар оқушылардың химиялық білімін дамытып қана қоймайды, оларды жан-жақты тәрбиелеудің де міндеттерін шешеді. Әрбір оқушы өзінің еріктілігімен қатар, өз бетінше жеке дара жұмыс істейтінін де, ұжым алдындағы жауапкершілігін де жақсы сезінуі керек. Өзіндік жұмыстардың жоспарын жасаған кезде мақсаттары мен міндеттері де көрсетіледі. Ұжымдық жұмыстардың нәтижесі сан алуан түрде тұжырымдалады. Оқушылар факультативтік сабақтарда бастаған жеке тапсырманы ұжымдық тапсырмаға ұластырып, қоғамдық пайдалы жұмыстарды атқаратын болады. Ондай тапсырмаларға қарапайым құралдарды құрастырудан бастап химия кабинетін толық жабдықтауға дейінгі жұмыстар жатады. Осыдан қоғамдық пайдалы жұмыстардың сарамандық сипаты мен қажеттігі айқын көрініп тұрады.
Оқушылардың сабақтан бос уақытын пайдалы істерге жұмсауда балалар қайткенде бір нәрсемен шұғылданса болды деген негізде құруға болмайды. Бұл істе кездейсоқтыққа, жоспарсыздыққа, немқұрайлылыққа жол бермеген жөн. Бос уақыт ұғымы - күрделі санат. Бұл уақыт (оқушылар үшін шынында бос болғанымен) - әрқашан мектептің, мектептен тыс мекемелердің бақылауындағы уақыт.
Оқушылардың пәнге қызығуын оқу бағдарламасы шеңберінде қанағаттандыру мүмкін емес, сондықтан да әр түрлі өзіндік жұмыстар жүргізіледі. Мұндай жұмыстар білім сапасын арттыруға септігін тигізіп, кәсіптік бағдар беріп, мамандықты еркін таңдауға көмектеседі.
Бұдан шығатын қорытынды, яғни өзіндік жүргізілетін пәндік жұмыстардың негізгі мақсаты - оқушылардың қоғамдық және шығармашылық белсенділігін көтермелеу. Оқушы өз күші жететін іспен айналысса ғана оның үйірмедегі не бірлестіктегі ісі жемісті болады. Өзіндік жұмысты ұйымдастырушылар түрлі үйірмелердің, клубтардың жұмысына факультативтік сабақтарға оқушылардың жаппай қатысуына көңіл бөлгендері абзал. Химиядан жүргізілетін өзіндік жұмыстар оқушылардың ықыласы мен қабілетін арттырып қана қоймай, мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жоғары деңгейге көтеруге көмектесуі тиіс. Ең бастысы - оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарға, пәнге деген қызығушылығы мен жауапкершілігі артып, алған білімдерін біріне-бірі үйрететін дәрежеде болуы.
Оқушылардың қалауы бойынша ұйымдастырылатын оқу-тәрбие жұмысын өзіндік жұмыстар деп атайды. Дегенмен, оқушылардың бос уақыттарында білімін дамытуға байланысты жұмыстары әр түрлі мағынадағы терминдермен аталып жүр. Біз баспасөзден сабақтан тыс, мектептен тыс, сыныптан тыс деген термин сөздерді жиі естиміз. Бұл терминдердің кейбір ұқсастық жақтарымен қатар, бірінен-бірінің елеулі айырмашыдықтары да бар.
Сабаққа байланысты мұғалімнің тапсырмасы бойынша бүкіл бір сыныптың оқушылары орындайтын өзіндік жұмыстар бар. Бұлар күнделікті сабақпен, зертханалық және сарамандық жұмыстармен байланысып жатады. Осы жұмыстарды орындағаны үшін оқушыларға сынып журналына баға қойылады. Өзіндік жұмыстарға сарамандық сипаттағы үйге берілген есептерді шешіп, жаттығуларды орындауы да жатады.
Мектептен тыс жұмыстар сабақтан бос уақытта оқушылар сарайында, жас натуралистер стансиясында, институт зертханаларында, аудандық, қалалық мектептен тыс мекемелерде, зауыт, фабрикаларда агрохимилық зертханаларда өткізіледі. Бұған да мектеп мұғалімі басшылық жасайды, оның арнаулы бағдарламасы болады.
Өзіндік жұмыстар мектепте, оқушылардың сабақтан бос уақыттарында, өз еріктері бойынша түрлі факультативтік сабақтар, үйірмелер арқылы жүргізіледі. Бұл оқу бағдарламасынан өзгеше танымдық, іскерлік пен дағдылар қалыптастыруы оқушылардың өз беттерінше қоғамдық пайдалы жұмысты атқаруын көздейді. Оған қатысатын оқушылардың білім дәрежесі, сыныптағы жас ерекшелігі бірдей болмауы мүмкін, осыған орай орындайтын жұмыстары да әр түрлі болады[4]
1.3 Өзіндік жұмыстың маңызы
Мектепте мұғалімнің қатысуымен өткізілетін сабақ алғашқы орында тұрғанмен, оқушылардың қызығушылықтарына, бейiмдiлiктерi мен қабiлеттерiне қарай олардың шығармашылық дамуына қосымша қажеттi жағдайлар жасалады. Білім алу - адам өмірінің ең басты қажеттілік. Білім арқылы оқушының дүниетанымы дамиды, ой-өрісі кеңейеді, белгісізді таниды, өзін толғандыратын сауалдарға жауап табады. Оқушы бойында қалыптасатын осы қажеттіліктердің барлығы сабақ үдерісінде орындалатын түрлі тапсырмалар мен жатты-ғуларға байланысты болады. Жүйелі түрде тиянақты тапсырмалар беру арқылы оқушы зейінін шоғырландырып, назарын нақтылы тақырыпқа аудару оларды ғылыми негізде ойлауға, өмірді танып-білуге, өзін-өзі дамытуға үйретеді. Мұғалім тарапынан берілген мазмұнды тапсырмаларды орындап, тиянақты білім алуға ұмтылады.
Соңғы кезде оқушыларды өмірге, еңбекке бейімдеуге, олардың бойында өздік ойлау, белсенді өмір позициясын қалыптастыруға көп көңіл бөлінуде.
Білім мен білігін, икемділік дағдысын үнемі жетілдіру, өз бетімен білім алуға ұмтылу әрдір маманның өмірінің негізгі бөлігі екені даусыз. Сол себепті мектеп табалдырығынан бастап жас жеткіншектерді осындай икемділіктер мен біліктілікті игеруге тиімді. Ол үшін пәннің барлық мүмкіндіктерін, мазмұнын, оқу жұмысының әдістері мен формасын қоданған тиімді.
Педагогикалық ғылысда оқушының өздік жұмысы деген түсінікке бірыңғай анықтама берілмеген. Бұл сұрақ әлі даму үстінде.
Оқушы білімді өз бетімен жинақтау қажеттігін дамытуы керек. Ал осы педагогикалық міндетті шешу мұғалімнен оқытудың ғылыми-әдістемелік деңгейін көтеруді, пән ішілік және пән аралық байланыстарды дамытуды талап етеді.
Химияны оқытуда өз бетімен жұмысты ұйымдастыру үшін оқушы негізгі заңдылықтарды меңгеріп, химиялық білімді тұжырымдап, ғылыми мәселелерді шешу мәселесін көрсетіп, оларды шешудің тиімді жолдарын анықтай білуі тиіс. Оқушыларды химиялық мәселелерді өз бетіме шешуге үйрете отырып, оқытушы алдымен бірқатар мысалдар негізінде болжам құруға, мәселе қоюға, оның дұрыс шешімін табуға жол көрсетеді.
Оқушының өз бетімен жұмысқа икемділігінің дамуы әсіресе үйірме жұмысында айқын көрінеді. Олар мектептің химия кабинетінде өз бетімен жұмыс жасауға, заттар қасиетін, олардың өзгерісін сол заттарды зерттеу арқылы анықтап, эксперименттік есептерді шығаруға жаттығады.
Өздік жұмыс дегеніміз - оқушылардың жаңа білім, дағды, икемділіктер мен ғылым әдістерін меңгерудің маңызды жолы. Өздік жұмыс тұтасымен алғанда оқу процесі сияқты біліи беру, тәрбие, дамыту функцияларын атқарады.
Өздік жұмыстың білімділік функциясы химия ғылымының негізгі әдістерін игеруде көрінеді. Оған жататындар: сараптау іскерлігі, есептеу есептерін шығару дағдысы, химиялық тілді дұрыс меңгеруі және т.б.
Тәрбиелік функциясы дара тұлғаның кейбір ерекше қасиеттерін қалыптастыруға байланысты. Олар еңбек сүйгіштік, қиыншылық жеңе білу, табандылық, өз-өзіне сенімділік.
Дамытушы функциясы - дербестік пен тәуелсіздікті, зияттылық шеберлігін дамыту (өздік бақылау, негізгіні бөліп көрсету, тұжырымдау, ой қорыту, байқағыштық, сезімтадық және т.б.)
Өздік жұмыс ол алдымен оқушы әрекетінің бір түрі. Ол оқытушы бақылауымен жүргізілетін әрекеттер мен операциялардан тұрады. Өздік жұмыс әр түрлі ұйымдасу формасында өтуі мүмкін: Ұжымдық, топтық, жекеше. Мысалы әр оқушы жеке тапсырма алады немесе оқушылра тобына беріледі. Сол сияқты өздік жұмыс оқыиудың кез келген кезеңінде жүруі мүмкін немесе арнайы сабақтың үстінде өтіледі. Өздік жұмысты өткізу уақытына, оны мұғалімнің қадағалауына және нәтижесін бақылауына байланысты келесідей жіктеуге болады:
өткізу уақытына, оны мұғалімнің қадағалауына және нәтижесін бақылауына байланысты
сыныптағы кесте бойынша өткізілген сабақ үстіндегі (дәстүрлі сабақ, дәстүрлі емес сабақ, дәріс сабақ, сарамандық сабақ)
мұғалімнің басшылығымен орындалатын шығармашылық жұмыстар, тақырыптық есептер, емтихан, сынақтар
сыныптан тыс орындалатын шығармашылық жұмыстар, үй жұмысы
Оқушылардың өздік жұмысының маңызы мынада:
oo Оқушылардың саналылық деңгейін арттырып, білімді меңгеру беріктігін көтереді;
oo Оқушылар бойында белігіл бір икемділік пен дағдыны қалыптастырады;
oo Алған білімін өмірде қолдана білуге үйретеді;
oo Оқушылардың танымдық қабілетін дамытып, ойлау әрекетін жоғарылатады.
Өзіндік жұмыс дегеніміз - сабақ үстінде алған білімді мұғалімнің көмегімен және бақылауымен, бірақ оның қатысынсыз орындайтын жоспарлы жұмыс.
Өзіндік жұмыстың тиімділігі:
1. зерттелетін тақырыптың, қарастырылатын мәселенің төңірегінде білімді тереңдетуге;
2. өз пікірін айтып, оны дәлелдей алуға; ізденушілік қабілеті ұшталады
3. теория мен практиканы ұштастыра қолдануға мүмкіндік жасайды.
Өзіндік жұмыс тапсырмаларының түрлері
Өздік жұмыс тапсырмалары
1. мәтін құрастыру, әңгіме жазу; сурет бойынша мәтін құрастыру; іскерлік ойындар;
2. түрлі кестелерді толтыру; сөзжұмбақтар құрастыру;
3. өзіндік жұмысын ұйымдастырудың тиімді жолы - оқушыға шамасы жетіп, орындауға мүмкіндігі болатындай және танымын арттыратындай, өзіндік көзқарасын білдіріп, шығармашылықпен орындай алатындай тапсырмалар беру. Тапсырма арқылы оқу материалы жан-жақты әрі үлкен қызығушылықпен меңгеріледі;
4. тест тапсырмаларын құрастыру; тірек-сызбалар құрастыру; реферат жазу;
слайдтар жасау; презентация жасау; альбом жасап, газет шығару т.б
Өзіндік жұмыстың орындалуы мұғалім мен оқушы қарым-қатынасына негізделгенімен, мұғалімнің қатысынсыз орындалатынын айттық. Алайда, мұғалімнің басшылығымен жүзеге асатыны ақиқат. Кез келген өзіндік жұмысты орындаудың негізгі алғышарттары мынандай:
1. мұғалім тарапынан тапсырманың мәні, мақсат-міндеті түсіндіріледі;
2. оқушыға қалай орындауы керектігі туралы бағыт-бағдар беріледі;
3. нақты нұсқаулар беріледі;
4. күрделі мәселелер туралы қосымша ақпарат беріледі;
5. қажет болғанда дайын үлгілермен таныстырады;
6. талапқа сай орындалған жұмыстар үшін ынталандыру шаралары ұйымдастырылады.
Өзіндік жұмысы оқушының өз бетімен жұмыс істей алу мүмкіндігін байқатады. Өзіндік жұмыстарды өз бетінше орындау үшін тек теориялық білімнің болуы ғана жеткілікті емес, оқушыда қалыптасқан әрекеттік дағдылар мен ой әрекеті тәсілдерін жақсы меңгеруі тиіс.
Жеке тұлғаның танымдық құзыреттілігін арттырудағы өзіндік жұмыстың алатын орны
Өзгеріске, жаңалыққа толы бүгінгі заман мұғалімге XXI ғасыр бәсекесіне сай, жан-жақты білімді, дарынды, әлемдік білім кеңістігіне ұмтылатын жеке тұлғаны дайындауды міндеттейді.Мемлекеттің күшейіп гүлденуі ,әрине, жеке тұлғаға,яғни болашақ дарындыларға тәуелді екені сөзсіз.Ұстазға, алдында отырған бірі шапшаң, бірі баяу, енді біреулері төмен қабылдайтын зейіні, қабілеті, қабылдауы, есте cақтауы әрқилы жеке тұлғаның жүрегіне жол тауып, олардың танымдық құзіреттіліктерін дамыту күрделі құрылым екені даусыз.Сондықтан ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім тұлғаны тек жаңа тұрпатты тың көзқарасы бар педагог қана қалыптастыра алады.
Оқу-тәрбие үрдісін даралауда оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдау, яғни оқушының өзіндік танымдық құзіреттіліктерін қалыптастыруға бағыттау білім беруде жеке оқытуды дамытуға көзделуі қажет. Мұғалім үнемі жеке тұлғаға танымдық қабілеттерін дамыту жолдарын нұсқап отырса, онда балалардың өздері де ізденіске түседі. Қазіргі өзекті мәселелердің бірі-осы. Ал жеке тұлға-қоғам мүшесі ретінде, өзіндік өмір сүру бейнесіне сай, жеке құқыққа, танымдық қаиетке ие, саналы әрекет, қарым-қатынас жасай алатын, рухани құндылықтарды бойына жинаған, дүниетанымдық, интеллектуалдық мінез-құлық ерекшеліктерімен дараланған, өздігінен іздену арқылы білім мен іскерлігін жетілдіріп ұдайы даму үстінде болатын жан.
Құзыреттілік - оқушылардың іс-әрекеттің әртүрлі тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білімнің нәтижесі, оны өмірде қолдана алу қасиеті.Құзіреттілік адамдардың қарым-қатынас жүйесін игеріп, өзара іс-әрекетке қосылу барысында қалыптасады. Сонымен қатар, құзіреттіліктер арқылы жеке тұлғаның өмір байлығы-ақыл тереңдігі, күйіну-сүйіну қалпы, қиялдауы, ерік-жігері, икемділігі мен мінез-құлық сипаты ашылады.
Өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар:
- Мұғалімнің нақты тапсырмалар беруі;
- Жұмысты өз еркімен және мұғалімнің қолдауымен жасауы;
Өзіндік жұмыстардың маңызын түсіну үшін өзіндік жұмыстардың негізгі міндеттерін атауға болады:
- Жеке тұлғаның дербестік қасиетін мейлінше арттыру;
- Оқушылардың таным, ақыл-ой қабілетін дамыту;

Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру мәселесіне көптеген зерттеулер арналған. Өзіндік жұмысқа берілетін анықтамалардың әртүрлілігіне қарамастан, оларды бірнеше шағын топқа бөлуімізге болады.
Г.Н. Дари өзіндік жұмыстың мәнін былайша ашады: Бұл жұмыстарды жеке тұлға өз бетімен орындайды, ол өзінің біліміне, сеніміне, дүниетанымына сүйене отырып атқарады. Г.Н. Кулагина өзіндік жұмысты жеке тұлғаның іс-әрекет құралы, белсенділігі мен өз бетімен білім алуға дайындығы деп түсіндіреді. И.Т. Протасовтың ойынша, өзіндік жұмыс - біліктілік пен құзіреттіліктер жиынтығы. Профессор Т.С. Сабыров өзіндік жұмысты ұйымдастырудың негізгі жолдары мен шарттарын анықтай отырып былай деп көрсеткен: Оқушылардың өздігінен білім алуға деген қажеттері мен дағдылары өзінен-өзі пайда болмайды, мұндай қасиеттер мектепте мұғалім мен оқушылардың сабақ пен сабақтан тыс жұмыстарда бірлесе отырып,оқу-таным әрекетін ұйымдастыру үрдісінде қалыптасады. Оқушылардың әр түрлі деңгейдегі өзіндік жұмыстарды орындауы олардың өзіндік танымдық қабілеттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді: танып білу қабілеттерінің дамуына, өзіндік ойлауға талпынуға, жаңа жағдайда дұрыс бағыт-бағдар жасай алуға, өз ойын еркін, дәлелді жеткізуге, ақпаратты сыни бағалауға, жаңа дерек көздерін дәйектілікпен талдауға, танымдық құзіреттіліктерде басшылыққа ала білуін қамтамасыз етуге, өз Отанының саналы азаматы болып өсуіне көмектеседі. Оқушының өзіндік танымдық құзіреттілігі көбінесе оқушының жасына, шамасына, білімді қабылдай алу деңгейіне, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz