Орман ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
1 ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖӘНЕ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ КӨГАЛДЫРУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ.КҮЙІН ТАЛДАУ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
1.1 Қазақстан Республикасының орман қоры және орман ресурстарын қорғау әрі ұтымды пайдалану. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
1.2 Орманды молықтыру мен орман өсірудің проблемалық мәселелері. . . . . . . .8
2 ОРМАН ӨСІРУДІҢ 2008.2010 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН «ЖАСЫЛ ЕЛ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТАЛДАУЫ». . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .11
2.1 Елді мекендердің жасыл аймақтарын құру және оларды көгалдандыру. . . .11
2.2 Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .13
3 ОРМАН ҚОРЫН КҮЗЕТУ, ҚОРҒАУ, ПАЙДАЛАНУ, ОРМАНДАРДЫ МОЛЫҚТЫРУ МЕН ОРМАН ӨСІРУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .16
3.1 Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар жүйесi. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 16
3.2 Ормандардың экологиялық маңызы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 18
ҚОРЫТЫНДЫ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .22
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .24

КІРІСПЕ
Жер планетасының ғасырлар бойы барлық жануарлар дүниесі мен адамзат баласы үшін тіршілік негізі – таза ауа. Ол тек өсімдіктер дүниесінен бөлініп шығатын оттегі. Бізді қоршаған тропосфералық ауа қабатының 20,9% осы оттегіден тұрады, ол тұрақты ең қажетті газдың бірі. Су оттегін бөліпшығаратын негізгі жасыл фабрика – көпжылдық ағаштар.
Қазақстан аумағының 3,8 %-ын орманды жер алып жатыр. «Қазақстан - 2030» стратегиясында бұл көрсеткішті 5,1 %-ға дейін көтеру жоспарланған.
Кейінгі жылдары республикамыздың орман қоры аумағында 2257 орман өрті орын алды. Бұл өрттердің 70 %-ы отты дұрыс пайдаланбаудың салдарынан болған.
Өрт 4 млн. текше метрге жуық ағашты жойды. Ірі орман өрттері Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Алматы облыстарында болды.
50 мың гектар орман алқабында зиянкестер мен ағаш аурулары анықталды. Ең ірі орманды аумақтар – Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында. 1997 жылы орман заңын бұзушыларға қарсы 500 іс тіркелді[1,3].
Қазақстан солтүстігінде өзенді жағалай өскен ормандары мен оңтүстігіндегі тоғайлары жеке-жеке алқаптар болып есептеледі.
Барлық таулы жерлердегі ормандардың топырақ пен су қорғауға тигізетін әсері көп. Олардың арқасында тау бөктерлерінің шымы қалпында сақталып, су ағысы біркелкі мөлшерде реттеліп отырады.
Орманның азып-тозуы антропогендік және табиғи факторлардан туындайды. Мысалы, Қызылқұм шөлейт даласын суаруға Сырдариядан су алуға байланысты жер асты суларының деңгейі төмендеп, бұталы ағаш өсімдіктерінің жағдайы нашарлап, бұл жер сексеуіл өсіруге жарамсыз болып қалды. Малды жөнсіз бағудан шөлейттегі орман едәуір зардап шекті. Далалық орман, ең алдымен аса бағалы қарағайлы орман ретсіз кесуден таусылған. Өзендердің реттеліп тежелуінен және өрттен тоғай қатты азып-тозып кетті. Оның ішінде сирек кездесетін биогеоценоз – тораңғы да таусылып бітті. Сондықтан Шардара ауданында соңғы онжылдықта осы тұқымның 30 %-ын маңызы шамалы шеңгел тобы ауыстырған. Жоғары табиғи таулы жердегі ерекшелігіне қарай тау орманы өрттен көп зардап шекті[2,6].
Тақырыптың өзектілігі:Елімізде орман ресурстарына деген сұраныстың шиеленісуі жағдайында тұрғындар мен шаруашылықты орманмае қамтамасыз ету проблемасын шешудің жалғыз жолы- оны қорғау мен үнемді пайдалану. Қазіргі кезеңде орман ресурстарын тиімсіз пайдаланудың бірнеше бағыттары бар. Адамзат баласы орман ресурстарын тиімсіз пайдалануда. Соның салдарынан орманның қоры азаюда.
Тақырыптың мақсаты:Орман ресурстарын пайдаланудың әрі ұдайы өндірудің аймақтық және жалпы мемлекеттік қорларды қалыптасқан жөн. Бұл қорлар табиғи қорларды пайдаланудың әрі ұдайы өндірудің республикалық қорының бір бөлігі болуы керек. Оларды табиғатты пайдалану саласын қаржыландыру мақсатында құру керек.
Қоршаған ортаны, оның ішінде орманды қорғау үшін, осындай мақсаттарға сүйену керек:
•Орман ресурстарын үнемді пайдалану мен қорғаудың республикалық бағдарламасын құрастыру;
•Орман ресурстарын үнемді пайдалану мен қорғау бойынша экономикалық механизмін құрастыру;
•Экономикалық механизмді ендіру үшін жағдай жасау;
•Орман ресурстарын үнемді пайдалану мен қорғау саласында әрекет етуші нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру;
•Пайдаланылған орман ресурстарының жағдайына анализ жасап, кешенді баға беру үшін орманды пайдаланудың ақпараттық мониторингін құру;
Тақырыптың міндеті: Орман ресурстары мемлекеттің жалпы меншігі болып табылады. Орман ресурстары заңға сәйкес тек кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың пайдалуына беріледі. Орманды пайдаланудың мына міндеттерін бөліп көрсетіледі:
• Орман қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты жүргізу;
• Орман қатынастарын реттеу;
• Орман қорын қорғауды қолдау мен дамытудың құқықтық негiздерiн қамтамасыз ету;
• Орман қорын пайдаланудың және қорғаудың негiзгi принциптерi мен бағыттарын айқындау;

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. «Орман ресусртары»
2. Е.М.Үпішев , С.Мұқаұлы « Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау » Алматы Экономика 2006
3. Г.С.Оспанова, Г.Т.Бозшатаева «Экология оқулық» Алматы Экономика 2002ж.
4. М.Қ.Гильманов , Л.Ү.Әбшенова , А.Р.Соловьева «Биология 9 сынып» Алматы « Атамұра » 2005
5. «Атамекен» газеті ,10 шілде 2002 жыл
6. Л.Серікова. Қоршаған ортаны қорғау – баршаның міндеті// Л.Серікова. Қазақстан Жоғары мектебі– 2001
7. Қазақстанның экологиялық экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы. -Дүние 2002ж.№4
8. К.Бозтаев.Семей полигоны. «Қайнар қасіреті»// К.Бозтаев.- Алматы.1997ж.
9. Заң газеті.23 шілде.2005 ж.№3.
10. Республикалық құқықтық ғылыми- практикалық «Заң » журналы №6
11. М.Әкімжанов. «Адам және атом»//М.Әкімжанов. Заң журналы ,1999ж.№6
12. К.Бозтаев. «Невада - Семей» мақала// К.Бозтаев. Зерде журналы №13
13. Б.Ә.Төлеубаев.Ядролық тарихы бар табиғи орта экологиясы// Б.Ә.Төлеубаев - Павлодар қ. 2001ж.
14. Радиациялық ластаудың құқықтық жауапкершілігі.Заң журналы- 2002ж.
15. К.Т.Адамов. «Қоршаған орта және экологиялық саясат,қылмыс»// К.Т.Адамов. - Дүние журналы №6. 2002ж.
16. А.Б.Молдахметова, М.Ө.Өтебаев. Микроэкономика, Астана - 2008,
17. Қ.С.Есенғалиева. Микроэкономика. Алматы –2009ж.
18. Ұ.Б.Асқарова «Экология және қоршаған ортаны қорғау»
19. Әлімбеков.А «Табиғатты пайдалану және оны қорғау негіздері»
20. «Табиғаттағы тепе-теңдік ғажайыптары»кітап
21. «Орталық Қазақстан» газеті. 22 қараша, 2003ж. Қ. Бекішевтің «Жасыл желекті тиімді пайдаланайық» атты мақаласы.
22. Р.С. Оразбаева «Экология негіздері», Астана-2003
23. Мәмбетқазиев Е., Сыбанбеков Қ. «Табиғат қорғау» Оқу құралы. Алматы, «Қайнар», 1990.
24. А.Б.Молдахметова, М.Ө.Өтебаев. Микроэкономика, Астана - 2008ж.
25. Сағымбаев Ғ. Экология негіздері. Алматы, 1995.

Пән: Экология, Қоршаған ортаны қорғау
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
1 ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖӘНЕ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ КӨГАЛДЫРУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІН ТАЛДАУ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
1.1 Қазақстан Республикасының орман қоры және орман ресурстарын қорғау әрі ұтымды пайдалану. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
1.2 Орманды молықтыру мен орман өсірудің проблемалық мәселелері. . . . . . . .8
2 ОРМАН ӨСІРУДІҢ 2008-2010 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ЖАСЫЛ ЕЛ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТАЛДАУЫ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .11
2.1 Елді мекендердің жасыл аймақтарын құру және оларды көгалдандыру. . . .11
2.2 Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .13
3 ОРМАН ҚОРЫН КҮЗЕТУ, ҚОРҒАУ, ПАЙДАЛАНУ, ОРМАНДАРДЫ МОЛЫҚТЫРУ МЕН ОРМАН ӨСІРУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .16
3.1 Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар жүйесi. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 16
3.2 Ормандардың экологиялық маңызы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 18
ҚОРЫТЫНДЫ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .22
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .24
КІРІСПЕ
Жер планетасының ғасырлар бойы барлық жануарлар дүниесі мен адамзат баласы үшін тіршілік негізі - таза ауа. Ол тек өсімдіктер дүниесінен бөлініп шығатын оттегі. Бізді қоршаған тропосфералық ауа қабатының 20,9% осы оттегіден тұрады, ол тұрақты ең қажетті газдың бірі. Су оттегін бөліпшығаратын негізгі жасыл фабрика - көпжылдық ағаштар.
Қазақстан аумағының 3,8 %-ын орманды жер алып жатыр. Қазақстан - 2030 стратегиясында бұл көрсеткішті 5,1 %-ға дейін көтеру жоспарланған.
Кейінгі жылдары республикамыздың орман қоры аумағында 2257 орман өрті орын алды. Бұл өрттердің 70 %-ы отты дұрыс пайдаланбаудың салдарынан болған.
Өрт 4 млн. текше метрге жуық ағашты жойды. Ірі орман өрттері Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Алматы облыстарында болды.
50 мың гектар орман алқабында зиянкестер мен ағаш аурулары анықталды. Ең ірі орманды аумақтар - Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында. 1997 жылы орман заңын бұзушыларға қарсы 500 іс тіркелді[1,3].
Қазақстан солтүстігінде өзенді жағалай өскен ормандары мен оңтүстігіндегі тоғайлары жеке-жеке алқаптар болып есептеледі.
Барлық таулы жерлердегі ормандардың топырақ пен су қорғауға тигізетін әсері көп. Олардың арқасында тау бөктерлерінің шымы қалпында сақталып, су ағысы біркелкі мөлшерде реттеліп отырады.
Орманның азып-тозуы антропогендік және табиғи факторлардан туындайды. Мысалы, Қызылқұм шөлейт даласын суаруға Сырдариядан су алуға байланысты жер асты суларының деңгейі төмендеп, бұталы ағаш өсімдіктерінің жағдайы нашарлап, бұл жер сексеуіл өсіруге жарамсыз болып қалды. Малды жөнсіз бағудан шөлейттегі орман едәуір зардап шекті. Далалық орман, ең алдымен аса бағалы қарағайлы орман ретсіз кесуден таусылған. Өзендердің реттеліп тежелуінен және өрттен тоғай қатты азып-тозып кетті. Оның ішінде сирек кездесетін биогеоценоз - тораңғы да таусылып бітті. Сондықтан Шардара ауданында соңғы онжылдықта осы тұқымның 30 %-ын маңызы шамалы шеңгел тобы ауыстырған. Жоғары табиғи таулы жердегі ерекшелігіне қарай тау орманы өрттен көп зардап шекті[2,6].
Тақырыптың өзектілігі:Елімізде орман ресурстарына деген сұраныстың шиеленісуі жағдайында тұрғындар мен шаруашылықты орманмае қамтамасыз ету проблемасын шешудің жалғыз жолы- оны қорғау мен үнемді пайдалану. Қазіргі кезеңде орман ресурстарын тиімсіз пайдаланудың бірнеше бағыттары бар. Адамзат баласы орман ресурстарын тиімсіз пайдалануда. Соның салдарынан орманның қоры азаюда.
Тақырыптың мақсаты:Орман ресурстарын пайдаланудың әрі ұдайы өндірудің аймақтық және жалпы мемлекеттік қорларды қалыптасқан жөн. Бұл қорлар табиғи қорларды пайдаланудың әрі ұдайы өндірудің республикалық қорының бір бөлігі болуы керек. Оларды табиғатты пайдалану саласын қаржыландыру мақсатында құру керек.
Қоршаған ортаны, оның ішінде орманды қорғау үшін, осындай мақсаттарға сүйену керек:
::Орман ресурстарын үнемді пайдалану мен қорғаудың республикалық бағдарламасын құрастыру;
::Орман ресурстарын үнемді пайдалану мен қорғау бойынша экономикалық механизмін құрастыру;
::Экономикалық механизмді ендіру үшін жағдай жасау;
::Орман ресурстарын үнемді пайдалану мен қорғау саласында әрекет етуші нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру;
::Пайдаланылған орман ресурстарының жағдайына анализ жасап, кешенді баға беру үшін орманды пайдаланудың ақпараттық мониторингін құру;
Тақырыптың міндеті: Орман ресурстары мемлекеттің жалпы меншігі болып табылады. Орман ресурстары заңға сәйкес тек кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың пайдалуына беріледі. Орманды пайдаланудың мына міндеттерін бөліп көрсетіледі:
:: Орман қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты жүргізу;
:: Орман қатынастарын реттеу;
:: Орман қорын қорғауды қолдау мен дамытудың құқықтық негiздерiн қамтамасыз ету;
:: Орман қорын пайдаланудың және қорғаудың негiзгi принциптерi мен бағыттарын айқындау;
1 ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖӘНЕ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ КӨГАЛДЫРУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІН ТАЛДАУ
1.1 Қазақстан Республикасының орман қоры және орман ресурстарын қорғау әрі ұтымды пайдалану
Орман ресурстары (Лесные ресурсы) -- табиғи ресурстардың маңызды түрлерінің бірі; орман қорлары және ағаш тұқымдарына жатпайтын құндылықтар (азықтық, аңшылық косіпшілік ресурстары, жабайы өсімдіктердің жемістері мен жидектері, саңырауқұлақтар, емдік өсімдіктер және т.б.).
1. Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық орман, сондай-ақ орман өсiмдiктерi өспеген, бiрақ орман шаруашылығының қажеттерiне арналған орман қоры жерлерi Қазақстан Республикасының орман қорын (бұдан әрi - орман қоры) құрайды[3,12].
2. Орман қоры мемлекеттiк және жекеше орман қорларынан тұрады.
3. Мемлекеттiк орман қорына:
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерiндегi (орманды және ағаш өспеген алқаптарды қоса алғанда) табиғи және қолдан өсiрiлген ормандар;
2) табиғи және қолдан өсiрiлген ормандар, сондай-ақ мемлекеттiк орман қоры жерлерiндегi орман шаруашылығының қажеттерi үшiн берiлген, орман өсiмдiктерi өспеген жер учаскелерi;
3) халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темiр жолдар мен автомобиль жолдарының, каналдардың, магистральды құбырлардың және басқа желiлiк құрылыстардың белдеулерiндегi енi он метр және одан көбiрек, алаңы 0,05 гектардан астам қорғаныштық екпелерi жатады.
4.Жекеше орман қорына Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға жеке меншiкке немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануға орман өсiру үшiн нысаналы мақсатпен берiлген жерлерде, солардың қаражаты есебiнен жасалған:
1)қолдан өсірілген екпелер;
2)табиғи тұқымдық және (немесе) вегетативтік жолмен пайда болған екпелер;
3)жекеше орман питомниктерi;
4)арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер;
5)агроорман-мелиорациялық екпелер;
6)жеке меншіктегі шаруашылық автомобиль жолдарына бөлінген белдеулердегі қорғаныштық екпелер жатады[4,32].
5. Орман қорына:
1) мемлекеттiк орман қорының жерiнен тыс орналасқан жекелеген ағаштар және көлемi 0,05 гектардан кем шоқ ағаштар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегi бұта өсiмдiктер;
2) қала ормандарын қоспағанда, елдi мекендер шекарасы шегiндегi жасыл желектер;
3) үй маңындағы, саяжайлар мен бау-бақша учаскелерiндегi ағаштар мен бұталар кiрмейдi.
Орман ресурстары және орманның пайдалы қасиеттерi.
1. Орман ресурстары сүрек қорынан, шайыр мен ағаш шырындарынан, қосалқы сүрек ресурстарынан, жабайы өсетiн жемiстерден, жаңғақтардан, саңырауқұлақтардан, дәрiлiк өсiмдiктер мен техникалық шикiзаттан, орман қорында болатын, жинақталатын және өндiрiлетiн өзге де өсiмдiк пен мал өнiмдерi қорынан тұрады.
2. Орманның өсiп тұрған кезiнде өзiне тән экологиялық және әлеуметтiк мәнi бар функциялары (оттегiн бөлiп шығару, көмiр қышқыл газын бойына сiңiру, топырақты су және жел эрозиясынан сақтау, топырақтың жоғары қабатындағы ылғалды iшкi қабатына тарту, бальнеологиялық және климат реттеушiлiк қасиеттерi) оның пайдалы қасиеттерiне жатады[5,11].
2005-2007 жылдарға арналған орман шаруашылығының қазіргі жағдайы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің қарауында 22 мемлекеттік мекеме бар, оларға 3,4 миллион гектар алқапта мемлекеттік орман қоры немесе республикалық мемлекеттік орман қоры алқабының 13,0 % бекітіліп берілген.
Облыстар әкімдерінің қарауында 22,6 миллион гектар алқапта 124 мемлекеттік орман шаруашылығы мекемесі жұмыс істейді, бұл мемлекеттік орман қорының жалпы алқабының 85,6 % құрайды.
2007 жылғы 1 қаңтарға орман қоры есебінің деректері бойынша орман қоры мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің жалпы алқабы 26,4 миллион гектарды (республика аумағының 9,7 %) құрайды, оның орман көмкерген жерлері 12,3 миллион гектар алқапты алып жатыр. Мемлекет аумағының ормандылығы 4,5% құрайды[6,14].
Көп жылғы стратегиялық деректер бойынша орта есеппен өрт қаупі бар кезең ішінде мемлекеттік орман қорының аумағында орман өрттерінің мыңға жуық оқиғалары болады. Олардың таралу алқабы көптеген факторларға байланысты, негізінен ауа райы-климаттық жағдайлар болып табылады.
Табиғи факторлар да, адамның қызметі де орман өрттерінің себептері болып табылады, олар өрт қаупінің көктемгі және күзгі шырқау шектерінде барынша қауіп төндіреді. Мәселен, көктемгі және күзгі кезеңдерде далада ауыл шаруашылығы жұмыстарының жүргізілуіне байланысты егістік қалдықтарын өртеуден және отқа сақ болмаудан шығатын өрттер саны да күрт көбейіп кетеді. Табиғи факторлардан найзағай жарқылдары елеулі қатер төндіреді, Ертіс өңірінің жалды ормандарында өрттердің көпшілігі солардан шығады.
Республика бойынша ірі орман өрттеріне жасалған талдау ең үлкен алқапты - 62% - дала өрттерінің мемлекеттік орман қорының аумағына ұласу себебінен болатын орман өрттері құрайтынын көрсетті.
Орман секторын дамыту басымдықтарының бірі ормандарды молықтыру болып табылады. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясында және Қазақстан халқына барлық жыл сайынғы жолдауларында Президент осы бағытты мемлекет аумағын экологиялық сауықтыруға жәрдемдесетін басым бағыттардың бірі ретінде бөліп көрсетеді. Орман дақылдарын өсіріп шығарудың республика аумағының орманды жерлерін арттыруда зор маңызы бар. Бүгінгі күнге жасанды екпелер 1029,3 мың гектарды немесе орман көмкерген жерлердің 10%-ға жуығын құрайды[7,9].
1990 жылға дейін ормандарды қалпына келтіру жұмыстары жыл сайын 80 мың гектардан астам алқапта орындалып келді. Бұл орайда тұқым себу мен ағаш отырғызу үлесіне 80%-дай тиетін. Жаңадан өсірілетін орман дақылдарының жалпы көлемінде қылқан жапырақты тұқымдар 16%, ал жапырақты тұқымдар - 84%, оның ішінде сексеуіл - 77% құрайды.
2005 жылы ормандарды молықтыру көлемі 30,7 мың гектар, оның ішінде ағаш отырғызу мен тұқым себу - 24,9 мың гектарды құрады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі 2005-2007 жылдарға арналған Жасыл ел салалық бағдарламасын әзірлеп, оны 2005 жылғы 25 маусымдағы № 632 қаулысымен бекітті, ол ормандарды сақтау және молықтыру, елді мекендерді көгалдандыру жөніндегі жұмыстарды кеңейтуді, осы жұмыстарға жастардың қатысуын көздеді[8,26].
2005-2006 жылдары оны іске асыру барысында ормандарды молықтыру және орман өсіру жөніндегі жұмыстар 67,6 мың гектар, оның ішінде ағаш отырғызу және тұқым себу әдісімен 55,3 мың гектар алқапта жүргізілді.
Орман дақылдары жұмысын қамтамасыз ету үшін қазіргі кезде республикада 143 орман питомнигі бар, оларда жыл сайын әртүрлі дақылдардың 150-200 миллион дана стандартты екпесін өсіруге болады.
270 артықшылығы бар ағаштан, 45 гектар артықшылығы бар екпелерден, тұрақты орман тұқымы учаскелерінен және 850 гектардан асатын орман тұқымы плантацияларынан тұратын селекциялық негіздегі орман тұқымы базасы қалыптасып келеді. Оны одан әрі дамыту үшін екі республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын - Алматы және Көкшетау орман селекциялық орталықтары жұмыс істейді.
Әртүрлі нысаналы мақсаттағы ағаш тұқымдарын плантацияда өсіруді дамыту Қазақстанның орман шаруашылығындағы маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Осы процеске жеке инвестицияларды тарту, яғни жеке орман иелену институтын дамыту басым мәселе болып табылады, оған мемлекеттік қолдау көрсетілуге тиіс[9,31].
Республика ормандарын сақтау және оның аумағының орманды жерлерін көбейту атты толық көлемді жоба әзірленді, ол Ертіс өңірінің жалды ормандарын және Қызылорда облысында сексеуіл екпелерін сақтауға және қалпына келтіруге, республиканың орман шаруашылығы саласына қолдау білдіруге, сексеуіл ормандарында жайылымдық жерлерді пайдаланудың экологиялық нормаларын әзірлеуге және практикаға енгізуге бағытталған.
Мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелері мен табиғат қорғау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту жөнінде жұмыстар жүргізілуде, өртке қарсы және орман қорғау іс-шаралары жүзеге асырылуда.
Ормандарды авиациямен күзету Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылдың 19 қаңтарындағы № 53 қаулысымен бекітілген нормативтерге сәйкес 5639,5 мың гектар алқапта жүргізіледі[10,52].
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында қорғаныштық екпелер құру және оларды күтіп ұстау жұмыстары атқарылды, мұнда 353 мың түп қалемше отырғызылды.
Темір жолдар бойында 0,15 мың гектар алқапта қорғаныштық екпелер отырғызылды және 62,4 мың гектар алқапта қорғаныштық екпелерге күтім жасау жөнінде іс-шаралар кешені жүргізілді.
1,25 мың гектар алқапта су қорғау екпелерін құру және күтіп ұстау жөнінде іс-шаралар жүргізілді.
Облыстық орталықтарда жалпы алғанда 430 гектар алқапта саябақтар мен жасыл желекті белдеулер отырғызылды.
Елді мекендерді көгалдандыруға студенттік экологиялық отрядтарының сарбаздары қатысты, олардың қатысуымен 2088,5 мың екпе отырғызылды.
2005-2007 жылдары Астана қаласының әкімдігі саябақтар, жасыл желекті белдеулер, бульварлар отырғызу бағдарламасын жүзеге асырды. Жаңадан отырғызылған скверьлер мен саябақтардың жалпы көлемі 34,5 гектар болды [2].
Жасыл ел жастар еңбек жасақтарының қызметін қамтамасыз ету үшін Жасыл ел жастар еңбек жасақтарының Республикалық штабы құрылды.
Барлық облыстар мен Астана және Алматы қалаларында оқу орындарының базасында 2005 жылы 28 мың, 2006 жылы 32 мың адамнан тұратын отрядтар құрылды [11,13].
1.2 Орманды молықтыру мен орман өсірудің проблемалық мәселелері
Ағаш отырғызу мен ағаш тұқымын себу 8,9 мың гектарға дейін қысқарған 1992 жылдан 2002 жылға дейінгі кезеңде осы жұмыстар көлемінің сан мәрте азайып кетуі тұқымбақтардың (питомниктердің) және орман тұқымы шаруашылығы объектілерінің бір бөлігінің жойылып кетуіне, ағаш отырғызу материалын өсіру көлемінің қысқаруына әкеп соқты.
Елді мекендерде көгалдандыру екпелері ретінде ағаш және бұта тұқымдарының шектеулі ассортименті отырғызылған, қолданыстағы нормативтерге сәйкес жасыл аймақтар, саябақтар, скверьлер елді мекендердің бәрінде бірдей құрылмауда.
Темір және автомобиль жолдарының бойында қорғаныштық екпелер, егістік қорғайтын, жайылымдық қорғайтын және эрозияға қарсы екпелер жеткілікті мөлшерде құрылмаған[12,47].
Орман шаруашылығы саласында қызметкерлер саны соңғы жылдары күрт қысқарып кетті, бұл қаржыландырудың азаюымен және жұмыс көлемінің төмендеуімен байланысты. Мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелері мен табиғат қорғау мекемелері инженер-техник қызметкерлерінің 30 % жуығының жоғары білімі жоқ. Орта техникалық білімді мамандар жетіспейді. Республикада орманшы-қорықшылар даярлайтын орта техникалық оқу орындары жоқ.
Орман шаруашылығы мамандарын оқыту кезінде қажетті оқу базасының, жабдықтардың, мамандандырылған зертханалардың, жаңа оқулықтар мен арнайы әдебиеттің болмауы, профессор-оқытушы құрамының жетіспеуі талап етілетін біліктілік деңгейіндегі мамандар даярлауды жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді.
Кеңестік өкіметтен кейінгі кезеңде ормандарды молықтыру мен орман өсіру көлемінің азайып кетуінің маңызды себептері мемлекеттің орман шаруашылығының жеткілікті мөлшерде қаржыландырылмауымен, білікті кадрлардың жетіспеуімен қатар:
- орман саласына жергілікті атқарушы органдарды, өзін өзі басқару органдарын және халықты, сондай-ақ экономиканың жеке секторын кеңінен тартпай, ормандарды иелену және пайдалану функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік институттарға ғана бағдар ұстанған ормандарды басқару жүйесінің орынсыз орталықтандырылуы;
- сапалы отырғызу материалын жедел өсіру жөніндегі инновациялық технологиялардың, ормандарды молықтырудың және тез өсетін ағаш тұқымдарының өнеркәсіптік плантацияларын құрудың тиімді тәсілдерінің жетіспеуі болып табылады [13,35].
Мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелері мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар аумағында ормандарды молықтыру және орман өсіру Қазақстанның кең-байтақ аумағын ескере отырып (272,49 миллион км2), мемлекеттің орманды жерлерін бір пайызға ғана ұлғайту үшін 2724,9 мың гектар алқапқа ағаш отырғызу және екпелер өсіру қажет. Салыстыру үшін - өткен алпыс жыл ішінде республика аумағында 1025,9 мың гектар жасанды екпелер алқабы құрылды.
Сондықтан ормандарды молықтыру мен орман өсіруге мол шығын жұмсалатынын назарға ала отырып (орташа есеппен 1 гектар 700 АҚШ долларына жуық), бірінші кезекте орман екпелері мына аумақтарда:
1 шөлейттену процесіне ұрымтал алқабы басым бұрын орман өскен жерлерде;
2 ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін қолайсыз жерлерді пайдалана отырып, елді мекендерге жақын маңда (жасыл аймақтар, әртүрлі нысаналы мақсаттағы өнеркәсіп плантациялары);
3 гидрографиялық желі, арналар мен су қоймалары бойында;
4 автомобиль және темір жолдар бойында;
5 жайсыз табиғи факторлардың әсерін азайту үшін ауыл шаруашылығы жерлерінде құрылуға тиіс[14,93].
Ормандарды молықтыру және орман өсіру жөніндегі іс-шараларды сапасы жақсартылған тұқымның және отырғызу материалының қажетті мөлшерімен қамтамасыз ету үшін селекциялық-генетикалық негізде тұрақты орман дақылдары тұқымы базасын құру жөніндегі жұмыстар одан әрі жалғастырылатын болады және отырғызу материалын өсіру жөніндегі озық технологияларды қолданып, тұқымбақ шаруашылығы кеңейтіледі.
Ормандарды молықтыру орман дақылдарын себу және отырғызу, сондай-ақ ормандарды табиғи жолмен қалпына келтіру үшін қолайлы жағдайлар жасау арқылы жүзеге асырылатын болады. Ормандарды табиғи жолмен қалпына келтіруге жәрдемдесу тұқымдардың өсіп-өнуіне жағдайлар жасау және ағаш кесілетін жерлерді қоршау мақсатында кеспе ағаштарды жоспарлау, жерді ішінара өңдеу кезінде шаруашылық жағынан бағалы тұқымдардың өркендері мен жас талдарын сақтау арқылы жүргізіледі.
Ең алдымен орман дақылдарын құру өртеңдер мен ағашы кесілген жерлерде жүзеге асырылатын болады. Осындай алқаптардың басым бөлігі Ертіс өңірінің жалды ормандарында, Қазақ шағын адырлы шоқыларының қарағайлы ормандарында, сексеуіл ормандары өсетін аймақта орналасқан.
2007 жылдан бастап Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің (бұдан әрі - ХҚДБ) қарызы қаражатының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қосымша қаржыландыруының және Ғаламдық Экологиялық Қор грантының есебінен ірі көлемді Ормандарды сақтау және республика аумағының орманды жерлерін көбейту жобасы (бұдан әрі - Жоба) іске асырылуда, ол 7 жылға есептелген[15,41].
Жоба шеңберінде Ертіс өңірінің жалды ормандарының аумағында 9 мың гектар орман дақылдары, Арал теңізінің құрғап қалған табанында және Қызылорда облысының мемлекеттік орман қорының аумағында - 22 мың гектар сексеуіл екпелері құрылатын болады.Облыстық атқарушы органдардың қарауындағы мемлекеттік орман қорының 120,63 мың гектар алқапта ормандарды молықтыру жұмыстарын жүргізу, оның ішінде 88,62 мың гектар алқапта орман дақылдарын құру көзделуде. Жергілікті атқарушы органдардың қарауындағы мемлекеттік орман қорының аумағында ормандарды молықтыру көлемі облыстар бойынша 1-кестеде келтірілген.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ормандарды молықтыру жөніндегі жұмыстарды Семей орманы және Ертіс орманы мемлекеттік орман табиғи резерваттары және мемлекеттік ұлттық табиғи парктер жүргізетін болады.Көгалдандыру жұмыстарын көшет материалымен қамтамасыз ету бағыттарының бірі жеке орман тұқымбақтарын құру болып табылады.Селекциялық орман орталықтары орман дақылы өндірісін селекциялық негізге көшіру және негізгі орман құрайтын және интродукцияланған тұқымдардың тұрақты орман тұқымы базасын құру жөніндегі жұмыстар жалғастырылатын болады.
2 ОРМАН ӨСІРУДІҢ 2008-2010 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ЖАСЫЛ ЕЛ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТАЛДАУЫ
2.1 Елді мекендердің жасыл аймақтарын құру және оларды көгалдандыру
Жасыл аймақтар - қорғаныштық және санитариялық-гигиеналық функциялар орындайтын және халықтың демалыс орны болып табылатын ормандар мен орман саябақтары орналасқан қала шегінен тыс аумақ. Ауаны оттегімен байытумен, табиғат келбетін әдемілеп безендірумен қатар дұрыс өсірілген екпелер аумақтардың желдетілуіне, лас ауаны тұрғын үйлер мен өндірістік аймақтардан алып кетуге көмектеседі, тік ауа қабаттарының пайда болуына және ластанған ауаның атмосфераның неғұрлым жоғары қабаттарында сейіліп кетуіне жәрдемдеседі, сондай-ақ ауаны әртүрлі аэрозольдардан, шаң-тозаңнан, күйеден, майда күлден оларды жұтып қою арқылы тазартады.
Қазіргі Қазақстанның халық қоныстанған жерлерінің жүйесі 86 қаланы, 181 кент пен 7681 ауылды (селоны) қамтиды. Қазақстанда қала халқының саны 8,48 миллион адам.
17.5.3.01-78 Қалалардың жасыл аймақтарының құрамы және мөлшері мемлекеттік стандартының нормаларына сәйкес халықтың санын және аумақтың ормандылығын ескере отырып, жасыл аймақтардың жалпы көлемі 248,6 мың гектарды құрауға тиіс.
Қазіргі кезде мемлекеттік орман қоры аумағында 155,7 мың гектар жасыл аймақтар және 45,3 мың гектар қала ормандары мен орман саябақтары бар. Елді мекендерді көгалдандыру жөніндегі жұмыстарды дамыту:
Елді мекендерде белгіленген нормативтерге сәйкес жалпы жұрт пайдаланатын екпелер құруды;
Өте әдемі және орнықты ағаш тұқымдары мен бұталар қалемшелерін өсіру үшін мемлекеттік және жеке орман тұқымбақтарының желісін дамытуды;
Олардың аса шығымдылығын, өсіп-өнуі мен дамуын қамтамасыз ететін тамыр жүйесі жабық қалемшелерді жыл бойы отырғызу технологияларын қолдануды көздейді[16,32].
Жасыл желек құрылысы жоспарларын іске асыру облыстық, қалалық және аудандық атқарушы органдардың басқаруымен Жасыл ел республикалық штабымен бірлесіп жүзеге асырылатын болады.
Барлық облыс орталықтарында Қазақстан Республикасы Бірінші Президентінің саябақтары құрылады.
Астана қаласында ботаникалық бақ отырғызу басталды.

Әртүрлі нысаналы мақсаттағы ағаш тұқымдарын плантацияда өсіруді дамыту Қазақстанның орман шаруашылығындағы маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Осы процеске жеке инвестицияларды тарту, яғни жеке орман иелену институтын дамыту басым мәселе болып табылады, оған мемлекеттік қолдау көрсетілуге тиіс.
Iргелес жатқан және бөлiнiп берiлген аумақтарды, көшелерден оларға кiретiн жолдарды тазарту мен күтіп-ұстау жұмыстарын, бөлiнiп берiлген аумақтарда орналасқан, меншiгi мен пайдаланылуында құрылыстары бар, өз күштерiмен немесе мамандандырылған кәсiпорындармен жасалған шарт бойынша заңды және жеке тұлғалар жүргізеді.
Жеке тұрған жарнама объектiлерiне iргелес жатқан, жарнама құрылғысынан радиусы бес метрдей жерде орналасқан аумақтарды тазарту жұмыстарын жарнама таратушылар және жарнама таратушылармен шарт бойынша тазарту жұмыстарын жүргiзушi мамандандырылған ұйымдар жүргізеді.
Сыртқы жарықтың бағаналарының құрылғысы мен дiңгегi аумағын және жаяужолдарда орнатылған байланыс желiлерiнiң маңайын тазарту жұмыстарын жаяужолдарды тазартуға жауапты кәсiпорындар жүргiзедi.
Трансформаторларға немесе таратушы қосалқы станцияларға, автоматты түрде жұмыс iстейтiн, басқа инженерлiк имараттарға (қызмет көрсететін персоналдың қатысуынсыз), сондай-ақ электр беру желiлерiнiң бағаналарына iргелес жатқан аумақтарды тазарту жұмыстарын осы объектiлердiң иелерi жүргiзедi. Жер үстi құбырларының астындағы қорғалатын аумақтарды тазарту мен күтіп-ұстау жұмыстары желiлердiң иелерiмен жүргiзiледi.
Сауда объектiлерiнiң иелерi сауда объектiлерiне iргелес жатқан, көшеде уақытша сауда жасау аумағының орындарын (базарлар, сауда павильондары, жылдам салынатын сауда кешендерi, төбесі жабылған сауда ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz