Медиацияда отбасылық дау - жанжалдың шешу механизмдері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

Жоба

Тақырыбы: Отбасылық қатынастарды сақтаудағы делдалдың рөлі

Орындағандар: Азиева Меруерт, Орақбаева Қаламқас,
Нұрманова Қарақат, Калбаева Таншолпан

Тексерген: Аға оқытушы
Көбегенова Гүльмира Жеделбаевна

Ақтау 2023

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1. Отбасылық дауды шешудің дәстүрлі тарихи тәсілдерінің жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
2. Медиацияда отбасылық дау-жанжалдың шешу механизмдері ... ... ... ... ..9
3.Отбасылық дауға делдалдың қатысуымен реттеудің балама тәсілі ... ... .13
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ...,., ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 22

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының медиация туралы заңы 2011 жылғы 28 қаңтарда қабылданды. Адамзат өркениетінің тарихы түрлі дау-жанжалдарға толы. Кейбір жанжалдар тіпті тұтастай континентті және ондаған елдер мен халықтарды қамтыса, өзгелері ірі және шағын әлеуметтік қауымдастықты тартты, үшіншілері жекелеген адамдар арасында болды. Адамдар ғасырлар бойы адалдық пен мейірімділіктің ізгі, үйлесімді қоғамын армандаған еді. Көне заманнан бері олар өзара туындайтын қайшылықтарды шешуге және дау-жанжалсыз қоғам құруға тырысты.
Мемлекеттегі қолданыстағы құқықтық нормалар юрисдикция (құқықтық) деп аталатын ерекше саланы құрайды. Құқық нормалары сан алуан қоғамдық қарым-қатынастарды реттейді. Заңмен белгіленген құқықтар мен міндеттемелерді осы не өзге қоғамдық қатынастар аясында іске асыра отырып, адамдар өзара қайшылықтарға тап болып, бұлардың соңы кейін үлкен дау-жанжалдарға ұласуы мүмкін.
Құқық тұрғысынан қақтығыстардың ерекшеліктерін қорытындылайтын және зерделейтін құқықтық конфликтология құқықтық нормалар мен құқықтық жүйенің сан алуан дау-жанжалдарды реттеудің маңызды механизмі ретіндегі рөлін баса көрсетуге арналған.
Құқықтық конфликтологияның теориялық маңызы дау- жанжалдарды мемлекеттік институттармен (шындығында - олардың бірі) түйіндесу мүмкіндігінде, ендеше, қақтығыстарды абстрактылы әлеуметтік кеңістікте емес, қолданыстағы құқықтық инструменттер және құрылымдармен байланыста қарастыруда болып табылады. Осыдан барып келесі практикалық мән пайда болады: құқық нормалары жүріс- тұрыстың мемлекетпен белгіленген ережесі ретінде дау-жанжалдың туындауына, дамуына және шешілуіне әсер ете ала ма, егер де әсер ете алса, онда осы әрекеттің тиімділігін қалай арттыруға болады.
Зерттеу мақсаты. Отбасылық конфликтілер - ерлі-зайыптылар мен отбасының өзге мүшелерінің отбасылық (жеке тұлғалық, сондай-ақ мүліктік) қатынас саласындағы қайшылықты жүріс-тұрыстары, олардың отбасының өмірлік тұрғыдан алғандағы аса маңызды мәселелерін шешудегі өзіндік артықшылығын айқындау масқатындағы менмендіктерінің қақтығысы.
Отбасылық конфликтілерді келесі негіздемелер бойынша топтастыруға болады:
1) даулы жағдайлардың субъектілері бойынша - ерлі- зайыптылар арасындағы; ерлі-зайыптылар мен олардың балалары арасындағы; ерлі-зайыптылар мен олардың әрбіреуінің ата-аналары
арасындағы; аталар мен әжелер және олардың немерелері арасындағы конфликтілер және т.б.;
2) конфликті мазмұны бойынша - ерлі-зайыптылардың көңілдерінің жараспауы мен нақты қарым-қатынастарының үйлеспеуі; бала тәрбиесіне, үй шаруасына қатысты көзқарастарының үйлеспеуі; ерлі-зайыптылардың ата-аналарының отбасылық өмірге араласуы және т.б.
3) конфликтілер көрінісінің саласы бойынша - ерлі- зайыптылар арасындағы тұлғалық және мүліктік конфликтілер, туыстар арасындағы қарым-қатынастардағы даулар және т.б.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.Отбасылық дауды шешудің дәстүрлі тарихи тәсілдерінің жалпы сипаттамасы

Адамзаттың бар тарихы дау-жанжалдың кез келген салада және қызметте болатынын барынша дәлелдейді. Ағылшын жазушысы Ч.Диккенс былай деген: егер де сіздің өміріңізде дау-жанжал болмаса, тамырыңыздың соғысы бар ма, соны тексеріңіз деген екен. Конфликт- бұл адамдардың өзара қарым-қатынасының мәңгі серігі, ол - қоғамның ақиқаты және әлеуметтік прогресс стимулы. Конфлик (дау-жанжал) сөзі латын тіліндегі conflictus сөзінен шыққан, ол қақтығыс деген мағынаны білдіреді. Уэбстер (1983) сөздігі бойынша конфликтұғымы бастапқыда төбелес, ұрыс, соғыс ретінде түсіндірілді, кейін оның мағынасы кеңейіп, ол мүдделер, пікірлер мен т.б. кенет алшақтау немесе қарама-қайшылығын білдіре бастады. Осылайша, бұл термин тек физикалық қарсылық қана емес, сонымен қатар психологиялық қарсылық та болып табылады.
Медиация ұғымы қазаққа ежелден таныс. Ата-бабаларымыз ел арасындағы дау-дамайды мәмілемен, өзара ымырашылдықпен шешкен. Ол заманда медиатор міндетін ақсақалдар мен данагөй қариялар атқарып, ел ішінің тұтастығы мен беріктігін сақтаған. Билер тәжірибесінен бастау алып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан медиация бүгінде заңдастырылып, дауларды сотқа дейінгі сатыда, тіпті сотқа жүгінбестен қарауды көздейді.
"Бір әйелге екі еркектінталасы". Бұл оқиғаны дала аймағының батыс бөлігінде күнелткен қазақтардың аузынан орыс шенеунігі И. Крафт жазып алған: Көп жылдар бұрын би алдына бір әйелді ерткен екі еркек келіп жүгінеді.Еркектердің біреуі сол уақыттың өлшеміне сай сауатты екен, өз кезіндегі сауаттылар өздерін молда санап, ру әміршісінің қасында хатшылық және Бүқара мен Ресей елшілері келгенде, аудармашылық қызметін атқаратын. Ал екіншісі билеушінің босағасында жүрген сауатсыз малай екен. Соңдарынан еріп келген сымбатты, жалғызбасты әйел де әміршінің сарайында қызмет ететін көрінеді. Әлгі екі еркек осы нәзік жандыға таласып жүр екен. Бүл орайда, олар сұлудың қалауын сүрамастан, би сотына бас үрады. Билер сотының ережесіне сәйкес, алдымен екі жақ та қазының кесіміне сөзсіз көнетіндерін бекітетін жоралғыларды орындайды. Сосын кезектесе, әйелдің тек өзіне тиесілі екендігін растайтын айғақтары мен дәлелдемелерін ортаға салады. Би екі жақты да мүқият тыңдаған соң, әйелді қалдырып, үш күннен кейін келулерін өтінеді. Еркектер кеткен соң би үй шаруасымен айналысып жүрген әйелдің жүріс-түрысын бақылап, тамақ әзірлеу әдісі мен дастарқан жаю мәнеріне назар салады. Және оның жазу құралдарын жақсы жинай білетінін, отырықшылардың өміріне тән астарды даярлауға үмтылып, мәдениеттірек еркекке үнағысы келетінін байқайды. Осыдан-ақ би әйелдің көшпелі емес ортаның тұрмысына бейімделген сауатты еркек үйінде жиі болатынын түсінеді. Үш күндік мерзімнен кейін қазы түсініктеме бере отырып, өз кесімін айтады, дауласушы екі жақ та қисынды шешімнің әділдігін мойындайды.
Медиация сөзі шет тіліндегі бейтаныс ұғым болғанымен, тамыры терең тарихымыздағы дау мұраты-бітім деген билеріміздің игі істерінің бүгінгі таңдағы бейнесі. Медиацияның басты мақсаты-тараптарды бірдей қанағаттандыратын, араларындағы даудың деңгейін төмендететін, өзара тиімді, қолайлы әрі бейбіт келісімге келтіру. Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, азаматтар мен заңды тұлғалар медиацияға белсенді түрде бет бұрған жағдайда, бұл өз кезегінде сотқа түсетін ауыртпалықты айтарлықтай жеңілдетіп, соның арқасында анағұрлым күрделі істердің шешілу сапасын арттыруға көмектеседі. Елімізде Медиация туралы Заң 2011 жылдың 5 тамызында күшіне енді. Медиация азаматтық, соның ішінде еңбек, отбасылық және басқа да құқықтық қатынастарға қатысты, сонымен қатар ауырлығы шағын және орташа, сондай-ақ кәмелетке толмағандар, жүкті әйелдер, жас балалары бар әйелдер, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектер, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдер, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектерге қатысты алғаш рет жасалған қазаға ұшыратумен немесе адамның денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес ауыр қылмыстық істер бойынша қолданыла алады.Осының ішінде отбасылық даулардағы медиацияның маңызына тоқталсақ, себебі қоғамның негізгі буыны болып табылатын отбасының, оның мүшелерінің арасындағы даулар азаматтық істердің басым бөлігін құрайды. Статистикаға сүйенсек, елімізде әрбір үшінші неке ажырасумен аяқталады. Шаңырақтың шайқалуы әрі қарай ортақ мүлікті бөлу, алимент өндіріп алу, балалардың тұрғылықты жерін айқындау, бөлек тұратын ата-анасының баламен араласу тәртібін анықтау, ата-ана құқықтарынан шектеу, айыру секілді дау-дамайға ұласып жататыны жаңалық емес. Отбасылық мәселелерді медиацияны қолдану арқылы шешу - отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, олардың моральды түрде шаршауын болдыртпау, жанжалды азайту, бір-біріне кешірім жасау, ата-аналар мен балалар арасындағы татулықты сақтау, материалдық шығындардан арылу, уақыттарын үнемдеу тағы басқа оңтайлы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретіндіктен өте тиімді тәсіл.
Әдеп- ғұрып-ол рухани және мәдени құндылықтардың сақталуы жолындағы үлкен мүмкіндік, ал, отбасылық құндылық-салт-дәстүр негізінде өз типін жоғалтпайтын бір-бірімен өте тығыз жүйеде байланысқан қатынас немесе үдеріс. Әрбір ақылды адамға иман парыз, әрбір иманды адамға ғибадат парыз деген екен ұлылардың ұлысы Абай Құнанбаев. Ақылдылық пен парыз, иман мен ғибадат қазақ халқының отбасылық құндылықтарының ішіне еркін кіріктірілетін рухани азық. Қазақы отбасы үшін құндылықтар мен әдет-ғұрыптардың ретті сақталып қана қоймай, әрі қарай тамырымен жайылуы маңызды және ол хақ. Ежелден қалыптасқан құндылықтардың қазіргі заманда сақталу деңгейі әр отбасында әртүрлі дәрежеге тең. Адам-ол тұлға, бірнеше тұлға-отбасы, отбасы-Отан, Отан-тұтасып жатқан мемлекет. Мемлекеттің сақталуы жолындағы құндылықтар мен әдет-ғұрыптардың маңызына тоқталайық. Отбасылық құндылықтар-бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан екі маңызды тұлғаның отбасын сақтау жолындағы іс-әрекетке салт пен әдетті арқау етуі. Салт пен әдет-отбасының негізгі қүндылықтары.
Ертеде Қазақ халқының отбасылық дауды бітімгерлікке би шешендеріміз әкелетін болған. Ертеректе шешiмi қиын даумен би алдына жүгiнiске баpған кiсiлеp ақ және қара қылдан ескен жiп ала баpған. Егеp дауласқан екi жақта би шешiмiне тоқтаса, билік айтушы айттым - бітті, кестім - үзілді деп, даудың шешілгенін білдіреді де, жiптi қақ оpтасынан қияды. Бұл - билiк айтқан адамның ақ пен қараны ажыратып, қаpа қылды қақ жаpған әдiлдiгiн білдіретін семиотикалық таңба. Кейбір деректерге қарағанда, жіпті қарала киінген кемпір кесетін болған.
Қазақ халқының отбасылық , ағайын арасындағы даулар немесе кез келген дауды билер соты шешкен деседі. Дәстүрлі билер соты - XIX ғасырдың бас кезіне дейін қазақтардың өздеріне тән бірегей дәстүрлі билер соты болды. Ол көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтына бейімделген еді. XIX ғасырдың 20-жылдарынан бастап патша үкіметі былер сотын бірте-бірте жоя бастады.
Ресей Қазақстан аумағына азаматтық және әскери сот жүйесін енгізгенге дейін мұнда дәстүрлі билер соты болатын. Ол қылмыстық, мүліктік, ішкі отбасылық тәртіп бұзушылықтар мен қылмыс түрлерін қарап, қоғамның құқықтық өмірін ретке келтіріп отыратын.
Қазақ қоғамында билер ешқашан сайланып та, тағайындалып та қойылмаған. Би лауазымына бекіту деген атымен болмаған. Би қызметі атадан балаға мұра болып та қалмайтын. Би болатын адамның бойынан бірнеше қасиет табылуы тиіс еді. Би,
-біріншіден, қазақтың дәстүрлі әдет құқығын жете білуге міндетті. Мәселен, ол Қасым ханның қасқа жолын Есім ханның ескі жолын, Тәуке ханның Жеті жарғысын жатқа білуі керек.
-Екіншіден, би атағынан үміткердің шешендік өнер мен аталы сөзді жақсы меңгеруі қажет.
-Үшіншіден, барынша адал, ешкімге бұра тартпайтын әділ болуы шарт. Ондай билердің атақ-даңқы жөніндегі хабар дала тұрғындары арасына тез таралатын. Кейде билердің баласы да өзінің бойындағы қасиеттеріне қарай би бола алатын. Бірақ мұндай жағдай ілуде бір рет кездесетін.Өзінің беделіне дақ түсірген би сот ісіне араласу құқығынан айырылды. Дала тұрғындары өзіне жүгінуін тоқтатқан кезден бастап ол би аталудан қалады. Өз ұлының бойында би боларлық қасиеттері бар екенін байқаған ата-ана оның дүниеге көзқарасын дұрыс қалыптастырудың амалын қарастырған. Оны жас кезінен атақты билердің нөкерлері қатарына қосуға тырысты. Сөйтіп бала жастайынан далалық сот билігінің небір нәзік тұстарын меңгеруге ден қоятын. Болашақта би болудан үміткер бала қылмыстық істер қаралатын сот процесіне үнемі қатысып отырған.Сот процесі шағымданушының тілегі немесе хан мен сұлтан, старшындардың тапсыруы бойынша басталды. Дәстүрге сай ежелгі салт-жоралар қатаң сақталынды. Мәселен, белгілі бір бидің билік жүргізуін таңдау үшін сотқа қатысушылар оның алдына қамшы тастайтын. Билер соты әдеттегі ұсақ тәртіп бұзушылықтан бастап ең ауыр қылмыс саналатын кісі өлтіруге дейінгі қылмыстыістерді қарастырды.Билер соты ауызекі сөз жарыстыру түрінде өтетін. Куәлардан жауап алу да қарастырылатын. Билер сотының бір артықшылығы ол халықтың көз алдында ашық өткізілетін, оған кез келген адам өзінің қалауынша қатыса алатын. Екі би айтысқанда жалпы үкімді шығару үшін Төбеби сайланған.
Би сотының шешімін сұлтандар мен старшындар жүзеге асыратын. Билердің әділетсіз шешіміне шағым жасау ілуде бір рет, өте сирек кездесетін. Би дұрыс үкім шығармаған жағдайда өзінің абыройы мен беделінен жұрдай болып, би атағынан айырылып қалатын. Би өзінің сіңірген еңбегі үшін бидің билігі деген сыйақы алатын. Ол кінәлі жақтын есебінен өндірілетін. Сыйақының мөлшері дауда өндірілетін мүліктің оннан бір бөлігіне тең болатын.
XVIII ғасырда мемлекеттік және қоғамдық кызметінің маңыздылығы, шешендік өнерінің күші мен поэтикалық шеберлігі жағынан Қазақстан тарихында өшпес із қалдырған атақты билер болды. Олар :
Ұлы жүздегі Төле би,
Орта жүздегі Қазыбек би,
Кіші жүздегі Әйтеке би.

2. Медиацияда отбасылық дау жанжалдың шешу механизмдері.

Медиацияның соттан ең басты айырмашылығы -- медиацияда ұтқан, ұтылған деген тарап жоқ, себебі олар екі жаққа қолайлы мәмілеге келуі керек. Сот ісін ашу үшін бір тараптың арызы жеткілікті, ал медиацияға қос тарап келісіп барады.Медиация рәсімі сотқа жүгінуге қарағанда оңай. Сотқа жүгіну үшін тұлға талап арыз жазып, мемлекеттік бажды төлеуі қажет. Сот талап-арызды қабылдағаннан кейін тұлға бірнеше айға дейін сот отырысын күтеді. Сотқа жүгіну үшін заңгерге барады, қызметі үшін ақша төлейді. Ал медиацияда тараптар медиаторлар тізімінен қажет маманды таңдап, еңбек ақысын (егер ақылы болса) бөліп төлейді. Сотта даудың жүру ұзақтығы сотқа байланысты болса, медиацияда тек қана тараптарға байланысты болады. Олар тіпті бір күннің ішінде мәмілеге келе алады.
Сотта тараптар бір-біріне қарсы әрекет етеді, ал медиация барысында өзара ынтымақтаса қимылдайды.Сот тағайындалады, ал медиатор таңдалады.Сот шешімді заңға сәйкес қабылдайды, ал медиатор тараптардың мүдделерін ескере отырып, бірақ заң аясында қабылдайды. Сот - жария үдеріс, ал медиация құпиялылықты қамтамасыз етеді, бұл медиатордың рәсім барысында мәлім болған ақпаратты оны ұсынған тараптың келісімінсіз жария қылуына жол бермейді. Сәйкесінше, медиатордан куәгер ретінде жауап алуға рұқсат етілмейді.
Медиаторға жүгіну керек пе, жоқ па дегенді тараптар өзара келісіп шешеді. Мұндай жолмен мәселенің шешілуі мүмкін болмаған жағдайда олардың сотқа жүгіну құқығы сақталады. Медиация барысында тараптардың тең құқылықты көздейтіні сөзсіз, сондай-ақ оларға тең міндеттер жүктеледі.Сонымен қатар тараптар өз қалаулары бойынша медиацияны жүргізу орны мен медиацияны жүргізу барысында қай тілдің қолданылатыны жайында келісе алады.
Медиация аясында не қарастырылады?
· Корпорацияаралық және корпорацияішілік даулар.
· Банк және сақтандыру саласындағы даулар.
· Жүзеге асырылуы көптеген тараптардың мүдделерін қамтитын жобаларды сүйемелдеу.
· Жұмыстағы даулар.
· Отбасылық даулар.
· Авторлық құқыққа және зияткерлік меншікке қатысты даулар.
· Білім саласындағы медиация.
· Мәдениетаралық даулар және басқалары.
Осының ішінде отбасылық даулардағы медиацияның маңызына тоқталсақ, себебі қоғамның негізгі буыны болып табылатын отбасының, оның мүшелерінің арасындағы даулар азаматтық істердің басым бөлігін құрайды.Отбасылық медиация - мүдделі тараптардың көмегімен даудың тараптар арасында бейбіт жолмен шешуді қамтамасыз етеді. Отбасы құқықтық-қатынастарда медиацияны қолдану кез келген отбасы мүшесінің құқықтарын қорғауға және дауларды шешуге мүмкіндік береді.Отбасылық медиация - ерлі-зайыптылардың арасындағы конструктивтік диалогтың негізінде құрылған, отбасы мүшелерінің әрқайсысының мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып, екі тарап үшін де өзара тиімді келісімге қол жеткізу мақсатында отбасылық дау-дамайды шешудің ерікті, нәзік және құрылымды әдісі. Статистикаға сүйенсек, елімізде әрбір үшінші неке ажырасумен аяқталады. Әділет министрлігінің мәліметі бойынша, былтыр елімізде 140 840 неке тіркелген.Шаңырақтың шайқалуы әрі қарай ортақ мүлікті бөлу, алимент өндіріп алу, балалардың тұрғылықты жерін айқындау, бөлек тұратын ата-анасының баламен араласу тәртібін анықтау, ата-ана құқықтарынан шектеу, айыру секілді дау-дамайға ұласып жататыны жаңалық емес. Отбасылық мәселелерде медиацияны қолдану өте тиімді процесс. Себебі, медиацияны қолдану отбасы мүшелері арасында қарым-қатынастарды жақ-сарту, даулардағы тараптар арасындағы жанжалдарды азайтуға, дауды шешудің баламалы жолдарының дамытуға мүмкіндік береді, ата-ана мен балалар арасындағы өзара қарым-қатынастардың сақталуы тараптар үшін де әлеуметтік және экономикалық шығындарды болдырмауға жағдай жасайды, сондай-ақ, аталған саладағы дауларды шешуде уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.
Шетелдегі отбасылық медиация қалай жүргізіледі?
1980-ші жылдардың аяғында Ирландия Республикасында. Отбасылық және әлеуметтік мәселелер департаментінде отбасылық медиация ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сот медиациясы Пилоттық жобасы
Топтар арасындағы қақтығыстың жағы - әлеуметтік топ
Медиация дауларды реттеудің соттан тыс тәсілі ретінде
Медиация еңбек дауларын шешу технологиясы ретінде
Халықаралық іс жүргізу құқығындағы медиация мәселелері
Дауды шешудің консультативті жолы
Саяси медиацияның Қазақстанға қатысы
Басқалары түсіндіреді агрессивті мінез - құлық ашулануға реакция ретінде
Қарым - қатынас стилдері
Отбасындағы проблемеларды анықтау, оларды шешу жолдары
Пәндер