Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ Ш. ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

Автореферат
Тақырыбы: Бала құқығы

Орындаған: Орақбаева Қаламқас
Тексерген: Исакова.А

Ақтау 2024

Жоспары
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Қазақстандағы балалардың заңды құқықтары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 4
2. Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8



КІРІСПЕ
Ана атану мен әке болу бақыты - Алланың адамға берген ең үлкен нығметі. Бұл сыйдан саналы жанның бас тартпасы, осы қасиетті міндетті ешкімнің табанға салып таптамасы анық. Алайда арамызда ата-ана құқығынан айырылғандар бар. Ал сорақысы - әлеуметтік жетімдер санын арттырып жүрген осындай жандардың қатары жыл сайын қалыңдап барады. Тағдырдың жазуымен емес, көзі тірі әке-шешесінің ұрыс-керісі, кикілжіңі, одан қалды әзәзіл ащы су мен жоқшылықтың кесірінен тұтас бір ұрпақ - тірі жетім.Ана сүті ернінен кеуіп те үлгермеген жас бүлдіршіннің қайыр сұрауга машықтандырып, оның қалбырына түсер аздаған тиын-тебенін арағы мен тіске басарына жұмсап отырған ата-ана бейнесіндегі азғындарымыз да баршылық.Қоғам неғұрлым жариялыққа бет бұрған сайын, ондағы кем-кетіктеріміз теріге шыққан сүйелдей жарқырай айшықталып, жасырын ұстау, күбірмен айту шегінен шығып кеткені құпия емес. Әрбір бала нәсіліне, түр түсіне, жынысына, тіліне, дініне, саяси немесе өзге де сенім-нанымдарына, ұлттық, этникалық немесе әлеуметтік шығу тегіне, мүліктік жағдайына, баланың денсаулығының және туылуының жай-күйіне немесе өзге де жағдайларына қарамастан барлық құқыққа бірдей ие. Бірде-бір бала әділетсіздікке ұшырамауы керек. Бұған ешқандай себеп жоқ.

1.Қазақстандағы балалардың заңды құқықтары
Баланың құқықтары - баланың заңды құқықтары. Әрбір баланың отбасында тұрып, тәрбиеленуге құқығы бар. Отбасылық тәрбие кәмілеттік жасқа толмаған баланы тәрбиелеудің ең тәуір түрі, сондықтан да оған басымырақ маңыз беріледі. Баланың өз ата-анасының отбасында және өзге де туысқандарымен тұруына, олармен қарым-қатынас жасауға қақысы бар. Неке бұзылған кезде бала көбінесе анасының жанында қалып, сонымен бірге тұрады, ал әкесімен, әдетте, демалыс күндері жолығып тұрады. Ата-аналарының ажырасуы бұдан кейін бөлек тұра бастаған әкесі мен баласының арасындағы қатынастарды тоқтатуға әсер етпеуі тиіс. Бірақ сот практикасында баланың әкесімен кездесіп тұруына анасының рұқсат бермейтіндігінің, не әкесінің баласын және оны тәрбиелеуге міндетті екендігін ұмытып кететіндітінін: сансыз мысалдарын кездестіруге болады. Заң ажырасқан, ата-аналарға, екі жақта баланы тең тіррде тәрбиелеуді міндеттейді. Егер олардың біреуі өз міндетін орындамаса, сот оны орындауға мәжбурлеуге құқылы. Мысалы, сот баланың әкесімен кездесу уақытын және орнын белгілейді немесе анасының талабы бойынша әкенің бала тәрбиесімен айналысуын міндеттейді. Баланың өз ата-анасының тәрбиесінде болуға, мүдделері мен жан-жақты дамуының қамтамасыз етілуіне, оның адамдық кадір-касиетінің қүрметтелуіне қақысы бар. Бала өз мүддесіне қатысты кез келген отбасылық мәселелерді шешкенде өз ой-пікірін еркін білдіруге құқылы. Бала 10 жасқа толған соң, оның пікірімен де санасады. Мысалы, тегі мен атын өзгерткенде, бала асырап алғанда немесе оның кажеттігі болмағанда ескеріледі.
Көптеген Еуропа мемлекеттерінде, АҚШ-та, Канадада арнаулы қызметтер (полиция) жұмыс істейді. Балалар соларға телефон соғып, ата-аналарының дәрекі қылықтары, күш қолданып жөбірлеуі туралы хабарласса, олар тездетіп сол араға жетіп шаралар қолданады, ата-аналарынан айыппұл алады.Баланың мүліктік құқығы да бар, ол көбінесе баланың өз ата-аналары мен отбасының өзге де мүшелерінен асырап-бағу үшін қаражат көмегін алуына байланысты. Алименттер, зейнетақы мен жәрдемақылар ата-анасының атына келіп түседі, бірак олар балаларды асырап-бағуға, білім беруге және тәрбиелеуге жұмсалуы керек.Қазақта Баланың бас ұстазы -- ата-ана деген мақал бар. Баланы ата-анасынан айыруға болмайды. Ондай жағдай тек баланың мүддесін қорғау үшін ғана орын алуы тиіс. Мысалы, егер бала ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық құқықтың түрлері, қайнар көздері
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ АДАМ САУДАСЫНЫҢ МӘСЕЛЕСІ
Балалар құқықтарын халықаралық қорғау
БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРНАЙЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Халықаралық бала асырап алу
Адамды сату және құлдық қылмыстарымен күрестің халықаралық реттелуі
Балалардың табиғи құқықтарын қорғау мәселелері
Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары халықаралық құқық қорғау стандарттарының аясында
Бас бостандығынан заңсыз айыру және адамды саудаға салу
Адам саудасы қылмыстарына қарсы күрес мәселелерін теориялық тұрғыдан қарау, әсіресе, Қазақстандық және халықаралық дәрежеде осы мәселенің шешілу жолдарын көрсету, адам саудасы қылмыстарының пайда болуының себептері мен олармен күрес жолдарын көрсету
Пәндер