Дін саласындағы негізгі мемлекеттік саясат сектаның рухани рөліне қызмет ету


КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысында Қазақстан Республикасындағы діни тұрақтылықты қамтамасыз етуде мемлекеттік саясаттың құрылымдық моделі қарастырылады. Дінтану пәнінің ғылыми негіздерін ескере отырып, Қазақстанның дәстүрлі діндерінің толеранттылық қағидалары мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі діннің ролі талданады.
Зeрттeу тaқырыбының өзeктiлiгi. Дін мәселелері кез келген мемлекет үшін негізгі және маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қазақстандағы қазіргі діни ахуал басқа елдерге қарағанда ел ішіндегі және сыртындағы экономикалық және құқықтық жағдайға тікелей байланысты. Сонымен қатар, мемлекет ішіндегі ұлтаралық және конфессияаралық қатынастарға да байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықпен, түрлі ұлт пен конфессия өкілдері арасында өзара түсіністікпен ерекшеленді. Сондай-ақ, Мемлекетіміз толеранттылық, дінаралық шынайы диалогты қолдау және конфессияаралық мәдениетті қалыптастыру шаралары мен қоғамда діни экстремизмнің алдын алу жұмыстары қажетті деңгейде жүргізілді. Халықтың барлық топтары үшін экономикалық, әлеуметтік, мәдени және рухани дамуға тең мүмкіндіктері бар демократиялық және зайырлы мемлекет құру қазақстандықтардың көпшілігінің жетістігі болып табылады. Қазіргі қоғамда кез келген мемлекеттің ең қымбат құндылығы - қоғамдағы тұрақтылықты қорғау. Соңғы екі онжылдықта әлемде болып жатқан сан алуан өзгерістер қоғамның тұрақтылығына үлкен әсер ететіні бәрімізге түсінікті. Тұрақтылығын жоғалтқан қоғам, ертеңгі күннен үмітін үзген қоғам. Әрине, бұл қоғамның тұрақтылығы жер қойнауындағы қазба байлыққа, халық санына, жер аумағы мен елдің жағдайына байланысты. Тұрақтылық пен халықаралық сенім бар жерде ұрпақ тәрбиесіне, оның ғылыми тұрғыда дамуына көп көңіл бөлінетіні де мәлім.
Қоғамдағы тұрақтылықтың іргелі негізі - толеранттылық, сыртқы әлемге ашықтық, диалогқа ұмтылу және ұлттық құндылықтарды сақтау және дамыту кезінде ұлттық қауіпсіздікті қорғауға арналған жобаларды тиімді пайдалану. Мемлекетке ұйымдасқан қоғамнан асқан қолдау жоқ. Біріншіден, қазіргідей күрделі кезеңде мемлекет өмірінің маңызды факторына айналған тұрақтылық - қоғамдағы келісімнің жемісі, ұлттар достасығының алтын тамыры болмақ.
Диссертация тақырыбының зерттелу деңгейі. Тәуелсіздік жылдарында мемлекеттік биліктің қайнар көзі болып табылатын халқымыздың рухани өмірі мен діни көзқарасында көптеген өзгерістер болды. Көптеген этностар мен түрлі дін өкілдерінен тұратын зайырлы қазақ қоғамы қалыптасты. Қазіргі Қазақстандағы қоғамның тұрақтылығы - қазақ елінің үлкен жауапкершілігі, сынағы деуге болады. Қaзaқ даласын, қaзaқты доcтықтың киeлi шaңырaғынa тeңeceк, түрлi ұлттар оның aлтын уықтaры icпeттi. Бiр шaңырaқ acтындa түрлi ұлттар мәдениетінің өзaрa cыйлacтығы мeн құрмeтi Қaзaқcтaнның көпұлттылық, дін aрaлық қaтынacы, тұғыры биік caлиқaлы caяcaтын қaлыптacтырып, оны icкe acырып отырғaн Мeмлeкeт бacшыcының болaшaққa aйқын болжaм жacaуының, хaлқының күш-қaйрaтын eл игiлiгiнe acырудың caрa жолын тaбa бiлуiндe. Қазақтың ұлттық идеясы. Яғни, еліміз егемендігін алып, егемендігін жариялағалы бері қоғамдағы тұрақтылық, еліміздегі ұлтаралық келісімді нығайту, діни тәрбиеге көңіл бөлу, ұлтаралық және діни халықаралық ынтымақтастықты орнату еліміздің ең басты жетістігіне айналды.
Бүгінде елімізде жалпы адамзаттық және алуан түрлі діндердің тәжірибесі жаңа даму жолына түсті. Діни және ұлтаралық келісімнің қалыптасып келе жатқан жарқын үндестігі рухани-гуманитарлық және құқықтық caяcи істердің тиiмдi жүргiзiлуiнe орасан зор үлeciн қоcудa. Қазақстан Республикасындағы діни тұрақтылықты қамтамасыз етуде мемлекеттік саясаттың құрылымдық моделі - бүгінгі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі. Cондықтaн дa eл болaшaғы, caуaтты дa caнaлы жacтaр тәрбиeлeудe дiни, рухaни тәлімнің caлмaғын caрaлaй отырып, дінаралық қaрым-қaтынacтaғы толeрaнттық caнa мeн мiнeз-құлық үлгiciн қaлыптacтыру жәнe бүгiнгi дiни тәрбиeнiң жeтicтiктeрiнe cүйeнe отырып, діни тұрақтылықты қамтамасыз етуге арналған мемелекеттік жобалар мен бағдарламалар моделін дінтанулық және саяси тиiмдiлiгiн тәжiрибe aрқылы aнықтaуымыз қaжeт.
Жұмыстың нысаны мен пәні. «Қазақстан Республикасындағы діни тұрақтылықты қамтамасыз етуде мемлекеттік саясаттың құрылымдық моделі» тақырыбы аясында Мемлекеттік мекемелер мен органдардың Мемлекеттік жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асырудағы нәтижелері мен орындалу деңгейінің статистикасын анықтап, дінтанулық, саяси, ғылыми-тәжірибелік сараптама жүргізу.
Диcceртaциялық жұмыcтың мaқcaты мeн мiндeтi: Қазақстан Республикасындағы діни тұрақтылықты қамтамасыз етуде мемлекеттік саясаттың құрылымдық моделі: Қазақстандағы діни ахуал және ұлтаралық қарым-қатынас мәселелерінің теориялық және әдістемелік негіздерін анықтау (педагогикалық, дінтанулық, психологиялық) ; Қазақстан Республикасындағы экстремизм мен терроризмнің алдын алудағы мемлекеттік бағдарламалар жобасын талдау; Діни экстремизмнің алдын-алудағы мемлекеттік ұйымдар мен қоғамдық құрылымдардың жүйесін талқылау; Әлемдік саясаттағы діни ықпалдар: жахандану әлеміндегі ислам ұйымдарының рөлін анықтау; Діни тұрақтылықты қамтамасыз етудегі дінаралық толеранттылық принциптерінің мәнін ашу, ғылыми еңбектерді талдау, зерттеу пәнін қарастыру; Дүниежүзілік қоғамдастықтың діни әлемдегі шиеленістерді шешуге деген ұмтылысына қысқаша сипаттама беру және дінтанулық зерттеу жұмыстарында қолданылатын тиімді іс-шараларды саралап жинақтау; Діни экстремизмді ескерту, алдын-алу және оның жолын кесудегі құқық қорғау органдары әрекетінің тәжірибелік статистикасына шолу; Ғылыми зерттеулер арқылы Қазақстан Республикасы Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы заңының діни қатынастарды реттеудегі рөлін анықтау.
Теориялық маңыздылығы. Зерттеу жұмысы ғылыми деңгейде қарастырылғандықтан мұндағы келтірілген ғылыми деректер мен дәлел-дәйектер, дінтанулық, мәдениет пен өркениеттің дамуына өз үлесін қосады деген сенімдемін. Зерттеу тақырыбының алға қойған мақсатына жету жолында көптеген ізденістермен, теориялық және практикалық зерттеу тәсілдері қолданылды.
Диссертациялық жұмыстың жаңалықтары: Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келетін ғылыми жаңалықтар:
- Қазақстандағы діни ахуал және ұлтаралық қарым-қатынас мәселелерінің діни және тарихи тұрғыда талдау;
- Түркі мемлекеттерінің саяси және мәдени өміріндегі ислам дінінің рөлі мен маңызын және түркі ғалымдары мен ойшылдарының оң тәжірибесін Қазақстандағы ислам дініне қолдану мүмкіндіктерін ескеретін ұсыныстарды қабылдау;
- Қазақ халқының дәстүрлі діні - ислам құндылықтарының ұлтаралық келісімді қалыптастырудағы рөлі;
- Қазақстан Республикасындағы экстремизм мен терроризмнің алдын алудағы мемлекеттік бағдарламалар жобасы мен ұйымдар мен қоғамдық құрылымдар жүйесі статистикалық және ресми ақпараттық негізде сұрыптау;
- қазіргі әлемнің рухани жаңғыру үдерісіндегі діннің мүмкіндіктері және оның қауіп-қатерлерге қарсы әрекетін дәлеллдеу;
- тарих беттеріндегі Ислам дінімен байланысты барлық экстремистік, террористік, радикалды топтар мен ұйымдардың ішінде «Жиһадтың» орны және рухани ықпал ету деңгейі ғылыми психологиялық тұрғыда талдау;
Қорғaуғa ұcынылaтын тұжырымдaмaлaр . Ғылыми-зерттеу жұмысы барысында қол жеткізілген негізгі ғылыми жаңалықтарға сәйкес келесі ғылыми нәтижелер қорғауға жіберілді:
- көпұлтты және көпконфессиялы мемлекет бола отырып, қазақ халқының дәстүрлі діні - ислам құндылықтарының этносаралық келісімді қалыптастырудағы маңыздылығы;
- Қазақстан Республикасындағы экстремизм мен терроризмнің алдын алудағы мемлекеттік бағдарламалар жобасы және діни экстремизмнің алдын-алудағы мемлекеттік ұйымдар мен қоғамдық құрылымдардың жүйесі;
- Мемелкеттік бағдамаларды дін саласындағы отандық ғалымдардың діни ғылыми тұжырымдарымен толықтыру;
Қолданбалық маңызы. Осы диссертацияны жоғары оқу орындарында исламтанушы, дінтану, теолог мамандарға, тарихшыларға, медресе шәкірттеріне, жалпы осы салада ізденушілерге пайдалануға болады.
Зерттеу әдістемесі. Диссертациялық жұмыста төмендегідей әдістерді қолданып жазуға мән берілді:
- деректер жинау, сұрыпталған айғақтарды ғылыми жүйеге келтіру, яғни эмпирикалық әдісті ұстану;
- мағлұматтарға сипаттама жасап, салыстыру әдісі;
- талдау, жинақтау, тұжырымдау, жіктеу, яғни теориялық әдіс.
Зерттеу жұмысының талқылануы мен сыннан өтуі: «Қазақстан Республикасындағы діни тұрақтылықты қамтамасыз етуде мемлекеттік саясаттың құрылымдық моделі» атты тақырыбындағы диссертациялық жұмысында Қазақстандағы зайырлы қоғам принціптеріне сәйкес діни тұрақтылықты қамтамасыз ету саясаты қарастырылады.
Зерттеу жұмысы бойынша жарияланымдар. Диссертациялық жұмыстың желілері «Қазақстан жоғары мектебі» халықаралық ғылыми-педагогикалық журнал «ҚЖМ» №1-2024 03-04. айында жарияланды. Екінші
Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ДІНИ АХУАЛДЫҢ ТАРИХИ СИПАТТАМАСЫ
- Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстандағы діни ахуалдың қалыптасу негіздері
Тәуелсіздік жылдарында елімізде жүргізілген күрделі саяси-экономикалық реформалар мен өзгерістер барысында мемлекеттік биліктің қайнар бұлағы болып табылатын халқымыздың рухани өмірі мен діни көзқарастары толыға түсті. Алайда, әртүрлі бағытта дамып, бүгінде көптеген этностар мен түрлі діндерді ұстанатын зайырлы Қазақстан қоғамы қалыптасты. Халықсыз билік болмайды, дінсіз халық болмайды демекші - ұлт тұтастығы, дін тұтастығы мен мемлекет тұтастығы арасында тікелей байланыс орнады. Көптеген этностар мен діни нанымдардан тұратын қоғамымызда өтпелі кезеңде мемлекеттің ішкі тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі діннің рөлі, халықты өндіргіш күші ретінде ұйымдастырудағы күші, халықаралық қатынастардағы маңызы арта түсті.
Елімізде негізінен екі негізгі дін бар деп айта аламыз. Бұл ислам және христиандық. Ислам дінін ұстанатын 24 этникалық топ бар және халықтың шамамен 67-70 пайызын құрайды. Республика халқының 58 пайызын қазақтар құрайды, олардан басқа ұйғырлар, татарлар, өзбектер, түріктер, күрдтер, дүнген, шешендер, әзірбайжандар, башқұрттар, ингуштар, балқарлар ислам дінін ұстанады және ел ішінде сүнниттік жолды ұстанады [1] .
Қазір таңда Қазақстанда 3 мыңнан астам мешіт бар. Бұл арада исламның Қазақстанның негізгі діні екенін және үйлестіруші, ұйымдастырушы, біріктіруші күш ретінде халқымыздың тарихында маңызды орын алғанын айта кеткен жөн.
Христиандардың саны аз болғанымен, ең көп бөлінген топ протестанттар. Қазақстандағы негізгі протестанттық шіркеулер: Евангелиялық христиан баптистері, жетінші күн Адвентистері және Лютерандар. Біздің елдегі баптисттердің саны 10-15 мың адамды құрайды, бірақ олардың приходтарының саны 300-ден асады. Сондай-ақ, кейбір баптисттік топтардың ресми органдарға тіркелуден бас тартатынын атап өткен жөн. Лютерандық орталығы Астана қаласында орналасқан, 70-ке жуық діни бірлестіктер бар, негізінен немістер арасында кең таралған [2, 5-б. ] .
Елімізде шетелдік миссионерлерді атап айтқанда 8 мұсылман, 33 православ, 172 католиктер, 133 протестанттық діни ұйымдар жұмыс істейді. Кейінірек католиктік, протестанттық және дәстүрлі емес діни құрылымдар белсенді жұмыс істейді. Иегова куәгерлері бірлестігінің миссионерлік қызметі қарқын алуда. Иегова куәгерлері - Қазақстанда саны артып келе жатқан конфессия ретінде қарастыруға болады. «Иогова куәгерлері» діни орталығы Алматы облысының Есік қаласында орналасқан. Йогова куәгерлерінің 79 діни бірлестігі әділет органдарында ресми тіркелген, сондай-ақ 30-дан астам локалды қауымдастықтары да бар. Иогова куәгерлерінің саны шамамен 20 000-ға жуық. Діни бірлестіктердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында 1999 жылы Қазақстан діни бірлестіктер қауымдастығы құрылды. Бұл бірлестік 200-ге жуық діни бірлестіктерді тіркеуге алды деген статистикалық негідерге арқа сүйейміз.
Сонымен қатар, АҚШ-та ХХ ғасырдың басында «Жаңа Апостолдық» шіркеулер протестантизм, пятидесятник, методизм және меннонизм құрылды. Бұл ағымның ірі елді мекендері Қарағанды және Алматы қалаларында орналасқан. Евангелист христиандар елшілер рухындағы жұмысында белсенділік көрсетуде. Қазіргі уақытта 3000-ға жуық адамды біріктіретін 40 қауымдастық бар. Америкалық және Оңтүстік Кореялық уағызшылардың миссионерлік қызметі нәтижесінде елде Пресвитериандық қозғалыс кең өріс алуда. Шетелдегі діни орталықтар Американдық және Корейлік уағызшыларға өзара жәрдем акцияларын ұйымдастырады. Елде 20-дан астам Пресвитериандық бірлестіктер де бар. Белгілі бірлестіктер - «Грейс-Благодать», «Бірінші Пресвитериандық шіркеу», «Алматы аймақтық Пресвитериандық шіркеу».
Штаб-пәтері Лос-Анджелесте орналасқан «Грейс-Благодати» діни бірлестігі еліміздің заңнамасына қайшы әрекет жасады. Ал «Мун Сан Ман» діни бірлестігі халықаралық ұйымдардың атын жамылып дәріс оқыды. «Саентология» діни бірлестігі медициналық қызметпен айналысып, адамдардың денсаулығына зиян келтіргені анықталды. Осы діни бірлестікке тиесілі «Битса» клубы жабылды. «Жетінші күн Адвентистері» Республикалық қоғамдастық орталығы «Жетінші күн Адвентистері Христиандары» Солтүстік Қазақстан конференциясы Астана қаласында орналасқан «Жетінші күн Адвентистері» Оңтүстік Одағының құрамына кіреді. Елдегі Евангелиялық қозғалыс негізінен немістер арасында кең таралған. Елімізде лютерандық шіркеудің 70-тен астам діни бірлестіктері бар.
Шетелдік миссионерлердің «Агапе», «Жаңа өмір», «Жаңа Аспан», «Жақсы Хабар» және т. б. сынды дәстүрлі емес Протестанттық бағыттардың сандары артып келуде. Саентология шіркеуі 1950 жылдары АҚШ-та пайда болған. Оның негізін қалаушы Рон Хаббард (1911-1986 ж. ж. ) . Рон Хаббард өзінің идеясын «Дианетика: психикалық денсаулықтың заманауи доктринасы» атты кітабында топтастырды. «Саентология шіркеуі» діни бірлестігі Алматы, Қарағанды, Семей қалаларында ресми түрде тіркелгені мәлім. Саентология шіркеуі Ресей, АҚШ, Англия және Австралиядағы саентология ұйымдарымен тығыз байланыс орнатқан.
Елімізде ең алғашқы экстремистік ұйымдардың бірі «Хизбут-Тахрир» азат ету партиясының заңсыз қызметі қоғамның наразылығын тудырды. «Хизбут-Тахрир» ұйымының мақсаты - Ислам атын жамылып, дінаралық татулық мен келісімге нұқсан келтіріп, бейбітшілікті жою еді. Хизбут-Тахрир Орталық Азия елдерінің мемлекеттік құрылымын мойындамайды және осы аймақта халифат құруды көздейді. Бұл ұйымның күресі үш бағытта жүргізіледі: идеологиялық күрес, идеологиялық революция, билікті басып алу. Соңғы жылдары мұсылмандар арасында келіспеушіліктер мен талас-тартыстар пайда болды. Ал экстремизм, діни фанатизм, лаңкестік идяларға төзімсіздік исламға жат ұғым [3, 11-б. ] .
2008 жылы ҚР тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа жолдауында «Қазақстан халықтық терроризм мен діни экстремизмге қарсы күрес жөніндегі халықаралық коалицияның белсенді мүшесі ретінде өз позициясын толығымен нығайтуға ниетті» деп атап көрсетті [4, 31-б. ] .
Елімізде «Әл-Қаида», «Мұсылман бауырлар», «Талибан», «Лашкар-Тайба», «Сұр құрт», «Өзбекстан ислам қозғалысы» және т. б. Террористік ұйымдардың қызметтеріне тыйым салынады.
Қазіргі таңда жұмыссыздар, өмірден өз орнын таба алмағандар, рухани ізденіс үстінде жүргендер, жеке және отбасылық өміріндегі психологиялық қиындықтарға төтеп бере алмаған, діннен сауатсыз жастар жат пиғылды миссионерлердің үгіт-насихаттарының жетегінде кетті.
Еліміздегі жаңа культтердің бірі - Бахаи сенімінің негізін «Баб» лақап атымен танымал Сейед Әли Мұхаммед қойған. Бахаи сенімінің жоғарғы ұйымы - Әділдік Үйі. Израильдің Хайфа қаласында орналасқан. Елде 1994 жылы Бахаи дінінің Ұлттық рухани ассамблеясы тіркелген. Қазіргі уақытта Бахаи ұйымының 80-нен астам қауымдастығы бар. Кейбір деректерде бір ғасыр бойы қалыптасқан Бахаи дінін әлем бойынша бес миллионға жуық ұстанушылары бар делінген. Бұл айналып келгенде Қазақстандағы діни бостандық вакумын өз мүдделеріне пайдаланып, жат пиғылды идеологиялар топтап келді.
Ислам діні елімізге күшпен емес, бейбіт жолмен келді. Шығыстанушы А. Дербісәлінің айтуынша, «Ислам діні барша адамзатты, оның ішінде жастарымызды ненің жақсы, ненің жаман екенін түсінбейтін етіп тәрбиелеудің айқын жолы екенін дәлелдеудің қажеті жоқ. Дін - барлық ғылымның, рухани дамудың, мәдениеттің негізі», -деген [5, 142-б. ] .
Қазақстан Республикасының Конституциясында ар-ождан бостандығы мен діни сенім бостандығы принциптері, әртүрлі конфессиялы азаматтардың өз діни бірлестіктерін құруға тең құқығы, мемлекет пен шіркеудің бөліну қағидаттары бекітілген. Сондай-ақ діндер мен діни бірлестіктердің әлеуметтік қызметтерін реттеудің халықаралық тәжірибесіне сүйене отырып, басқа да бірқатар нормативтік-құқықтық актілер дайындалды. Қазақстандағы кез келген діни бірлестіктердің қызмет етуінің нормативтік-құқықтық базасы белгілі бір дәрежеде дамығанына қарамастан, діннің мәртебесі, оның қоғам өміріндегі нақты орны мен рөлі, яғни діни бірлестіктердің мәртебесі, кеңістігі мен шекаралары, діннің қоғамның әлеуметтік-саяси және рухани салаларына әсері әлі нақты анықталған жоқ. Бұл елдегі белгісіздік, әсіресе оның жағымсыз салдары елдегі қазіргі діни ахуалда орын алған жаңа тенденцияларға байланысты анық байқалады.
Әрине, бұл күдік туғызатын жаңа діни ағымдар мен ұйымдардың рухани догмалары негізінде жансақ діни наным-сенімнің пайда болғанын байқаймыз. Мұндай белгілер діни фундаментализм және діни экстремизм ретінде көрінісін табады [6, 210-б. ] .
Еліміздегі діни ахуалдың біршама өзгергенін көріп отырмыз. Діни жағдайлардың бір орталыққа емес, түрлі формада жұмыс істеп, елдегі секталарда өз мүддесін қорғап, ұлтымыздың болашағы саналатын жастарымыздың санасын улап жатқан жағдайларда аз емес.
Қазіргі «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» діни қызмет туралы заң 1992 жылы 15 қаңтарда асығыс қабылданғаны белгілі. Еуразияның кіндігінде орналасқан біздің заңнамамыздағы кейбір осал тұстардың кесірінен қазақ жерінде дін атын жамылған кейбір шетелдік діни топтар пайда болды. Ислам дінінің атын жамылған кейбір радикалды топтар өз идеяларын дәріптеп, елімізде халқымыздың санасын улап, өз қатарларына кіргізіп, халқымыздың өмір салтын, өмірге көзқарасын кері қарай бағыттап, халқымыздың мәдениеті мен өркениетін бұзу үстінде.
Жат ағымдарға кіріп кеткен қарагөз қазақ жастары да аз емес. Олар өздерінің адасқандарын бірден ұғына алмады. Әсіресе тағдыры бұзылған, қиын жағдайға түскен яки жұмыстан шығып қалған, өзінің отбасынан да қайырым көрмей, азап шегіп жүрген жандарға қайырымдылық жасаған болып, өз іштеріне тартатын секталар да елімізде кең жайылғаны жасырын емес. Азаматтарымыздың бастарын арам уағыздарымен, тәтті уымен улаған секталар оның және ағайындарының дүние мүлкін иемденді. Осындай кедергілерге тап болған азаматтарымыз да секталардан пайда тауып жатқанын түсінбейді. Оның уланған санасына жақындарының сөзі де өтпейді [7] .
Көптеген жас жеткіншектер, еліміздің болашағы саналатын жас ұрпағымыз Иегова куәгері, Кришна сектасы, Саентология шіркеуі т. б. секталарға кіріп, қай бағытта, қай сектанттық бағытта өмір сүретінін білмей жүріп, өмірде ата-ана өсиетін тастап, теріс те бұрыс жолдарға түскен жағдаяттар белең алды.
Ел ішіндегі адамдарды ішкі қақтығыстарға, тіпті бір ұлттың өзі ыдырап, бір-бірімен күресуге апаратын келеңсіздіктерден аулақ болу үшін алдын ала тәртіп орнату керек. Сондықтан діни ұйымдар мемлекеттің қатаң бақылауында болуы тиіс. Елімізде қабылданған жаңа заң осы мақсатқа қызмет ететініне сенім артты. Бұл кез-келген мемлекетті ішкі және сыртқы қауіп-қатерден қорғап, қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттің заңы. 1992 жылғы заң асығыс қабылданды, ал жаңадан қабылданған заң теория және практикалық негізде мемлекеттің игілігі мен халық бірлігіне, мемлекеттің тыныштығы мен одан әрі дамуына әсерін тигізеді деген ізгі ниетке сүйенді [8, 4-б. ] .
Қазақстан зайырлы мемлекет болғандықтан ресми идеология дінге қатысты салыстырмалы түрде бейтарап: ол діни де, дінге қарсы да емес. Қазіргі Қазақстандағы дін жағдайы авторитарлық, тоталитарлық және теократиялық басқару жүйесі бар мемлекеттерден түбегейлі ерекшеленеді.
Қазақ жерінің діни толеранттылық пен конфессияаралық келісім бастамасының тамыры тереңде жатқанын және ежелгі дәстүрге өте бай екенін айта кеткен жөн. Ежелгі заманнан бері Қазақстан әртүрлі мәдениеттер мен діндердің тоғысқан жері болды. Қазіргі Қазақстан жерінде бірнеше ғасырлар бойы атеизм, зороастризм, манихейлік, буддизм, христиандық және Ислам сияқты әртүрлі наным-сенімдер бейбітшілікте қатар өмір сүрді, яғни толеранттылық пен конфессияаралық келісімнің үлгісі болғаны баршаға аян.
Сондықтан, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев: «Қоғамдағы ұлтаралық және конфессияаралық келісім мен ізгі ниетті одан әрі нығайту үшін қажетті қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету», -деген сөзі конфессияаралық татулықтың бстамасы болды [9, 66-б. ] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz