Қазақ журналистикасындағы шешендік сөз бен шешенсөз
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКACЫНЫҢ БIЛIМ ЖӘНE ЖОҒАРЫ ҒЫЛЫМ МИНИCТРЛIГI
ӘЛ-ФAРAБИ AТЫНДAҒЫ ҚAЗAҚ ҰЛТТЫҚ УНИВEРCИТEТI
Журнaлиcтикa фaкультeтi
Баспасөз және электронды БАҚ кaфeдрacы
Кaфeдрa мeңгeрушiciнiң
рұқcaтымeн қoрғaуғa жiбeрiлдi
ф.ғ.д., прoфeccoр__________________________
Диплoм жұмыcы
тaқырыбы:
Қазақ журналистикасындағы шешендік сөз бен шешенсөз
Oрындaғaн 4-курc cтудeнтi
Ахунбай А. ___________________
(қолы, күні)
Ғылыми жeтeкшi
Аға оқытушы
Сағатбек Медеубек ___________________
(қoлы, күнi)
Нoрмa бaқылaушы
PhD., аға оқытушы
Ш.Нұржанова ___________________
(қoлы, күнi)
Aлмaты, 2024
МAЗМҰНЫ:
КIРICПE ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
I ТAРAУ ЗАМАНСӨЗ БЕН ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ ДАМУ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Шешендік өнердің даму ерекшеліктері
1.2 Шешенсөз бен көсемсөздің сөз өнерімен байлыныса қалыптасуы
1.3 Шешенсөз түрлеріне айқындама беру тәсілдері
II ТAРAУ. ҚАЗАҚ ЖУРНАЛИСТИКАСЫНДАҒЫ ШЕШЕНСӨЗ БЕН ШЕШЕНДІК СӨЗ
2.1 Тележурналистикадағы шешенсөз қолданысы;
2.2 Радиожурналистикадағы шешенсөз қолданысы;
2.3 Шешендік сөздердің заман келбетіндегі трансформациясы
ҚOРЫТЫНДЫ.
ПAЙДAЛAНЫЛҒAН ӘДEБИEТТEР
РЕФЕРАТ
Зерттеу жұмысының тақырыбы: Қазақ журналистикасындағы шешендік сөз бен шешенсөз бен
Зерттеу жұмысының бет саны: 25
ГЛОССАРИЙ
ДЕСКРИПТИВТІ: латын тілінен аударғанда баяндау деген мағынаны білдіреді. Мұнда нақты деректерге сүйене отырып хабар баяндалады.
ПРЕСКРИПТИВТІ-көзқарастық ақпарат яғни, мұнда белгілі бір жайт туралы журналист көзқарасы, болжамы баяндалады.
ВАЛЮАТИВТІ-латын тілінен баға, құн деп аударылады. Журналистің белгілі бір жайтқа берген бағасы.
НОРМАТИВТІ - іскерлік ақпарат. Тексте: не істеу керек? деген сұраққа жауап беріледі.
СЕМАНТИКА- Грек тілінен маңызды, көрсететін деген мағынаны білдіреді . Яғни, негізгі маңызды ақпарат.
СИНТАКТИКА - Мәтіннің синтактикасы - текстің ішкі құрылымы.
ПРАГМАТИКА - Мәтіннің прагматикасы-пайда,іс деген мағына. Берілген мәліметтің пайдалылық коэффициенті
Жұмыcтың жaлпы cипaттaмacы. Сөйлеу шеберлігін меңгермеген адам ешқандай салада карьера жасай алмайды,-деп Напалеон Бонопарт айтқандай, бүгінде дұрыс сөйлеуді меңгермеген адам олжалы жерде үлесінен қағылып жатады. Ұтқыр да ұтымды ойлар айту-тек БАҚ өкілі үшін маңызды емес. Сондықтан кез келген мамандық иесі тіл шеберлігін игеріп, ақпаратқа деген сауаттылықты білгені абзал. Жаһандану заманында тауарды өткізу үшін де, балаңыздың тілін табу үшін де тіл шеберлігі ауадай қажет. Бір қызығы ғаламтор желісінен сөйлеу машығы тақырыбында 90 млн ақпарат алуға болады екен. Ал, сол шеберлікті зерттейтін шешенсөз және шешендік сөз салалалырының қызметі қандай деңгейде? Журналиске ораторлық өнерді игеру-мамандығын қалыптастыру жолында маңызды болмақ. Бернард Шок айтқандай, иә немесе жоқ сөздерін жазудың бір ғана тәсілі бар, ал айтудың 50 түрі бар. Журналист кез келген мәтінді-ауа-райы болжамынан бастап, елең еткізер оқиғаларға дейін-ресми түрде яки селқос баяндауға болады. Немесе тыңдаушыны толғандырып, әрі кеуде сарайын байытатындай,мақамымен көркем жеткізуіне де болады. Десек те, 21 ғасырды ғалымдар атағандай мағынасыз ғасыр дәуірінде нигилизм салдары көрініс бере бастады. Тарихқа көз жүгіртіп қаншалықты бақытты ғұмыр кешіп жатқанын түсінгенмен, кеудедегі қуыс сезім бәріне маза бермейді. Нигилизмнің көрінісі ретінде адамдардың тарихи фонын дұрыс көрмеуін айтады. Ал, осы ақаумен күресу, әрине БАҚ маманының да мойнына жүктелмек. Күпірлік шығар, бірақ расы-сол. Жасаған ием журналистердің пешенесіне халықтың мұңын түсініп, бірге болуды жазды деп Кәкен Хамзин айтқандай-ақ, журналистикамыз қилы кезеңдердің бәрінде де елімен бірге болды. Сондықтан, жұмысымыздың бұл бағыта жазылуы, осы мәселені шешеуге деген ұмтылыстан туындап отыр. Дипломдық жұмыста сөз өнерін жетілдіру арқылы қандай мәселелердің алдын алуымызға болатыны баяндалады.
Зeрттeу жұмыcының мaқcaты мeн мiндeттeрi.
Дипломдық жұмыстың басты міндеттеріне:
Шешенсөз бен Көсемсөздің сөз өнері сапындағы қызметіне көз жүгірту;
Журналистиканың даму кезеңдеріне тоқтала отырып, сөз өнерімен байланысын сипаттау;
Қазақ журналистикасының телеөнімдерінің хабар тарату тіліне компрамативті талдау;
- Жас, кәсіби журналистердің сөйлеу машығы мен шығармашылық жолын қарастыру;
̶ Шешенсөздің заман келбетіндегі трансформациялық қолданысына тоқталу.
Зeрттeу жұмыcының ғылыми жaңaлығы. 21 ғасырдың табалдырығын аттағалы бері адамзаттан маза кетті. 2000 жылдары Жаңа ғасыр бізге таныштық пен бақытты молынан беретін сияқты көрінді. Уақыт өте келе бір нәрсенің мүлт кеткенін анық сезе бастадық. Ең жаманы ол нәрсе жай ғана көп мұқтаждықтың бірі емес, адам болмысы үшін аса маңызды, ең керекті, ең шешуші рухани құбылыс еді. Осы мәселе төңірегінде жазушы Санжар Керімбайдың басшылығында Отбасы хрестоматиясы баспасы белсене жұмыс атқаруда. Түйткілдің түйіні ретінде бірқатар шаралар ұйымдастырып, шығармаларын көпке ұсынып жүр. Жазушы балық басынан шірігенімен, құйрығынан тазаланады деген түсінікті тілге тиек ете отырып, нигилизмдік әрі қуыскеуделік дертінен арылу үшін тамыры терең халқымыздың фольклорлық мұраларын оқытып, түсіндіруден бастағанымыз жөн дейді. Кейбір теоретиктердің айтуынша, ақпарат дегеніміз- хабардың ғана сипаты емес, хабар мен оны тұтынушының арасындағы қарым-қатынас сипаты. Сондықтан, ақпарат тұтынушысына, өз оқырманы мен көрерменіне жанашыр БАҚ өкілі осындай дерттің дендеуіне жол бермейді. Аталмыш мәселелерді назарға ала отырып, тілшінің сөздігі қойындәптерін жарыққа шығаруды басты жаңалық ретінде қарастырамыз.
Зeрттeу тәciлдeрi. Журналист Ардақ Құлтай: Шешен, оратор болу - қанатты сөзі таусылмайтын, дерегі аз қызыл сөз емес деген еді. Десек те, мұқым ел БАҚ өкілінен өтімді де, өткір сөздер күтеді. Журналист деген кім? деген тақырыпта сауалнама алдық. Сіздің ойыңызша "нағыз журналист кім?" деген сауалға 45 адамның 96%-ы
Сөз саптауы анық, қоғам мәселесін көтеретін БАҚ өкілі деген жауапты таңдаған.
Журналист үшін көркем сөйлеу қаншалықты маңызды? деген сауалға 80% адам:
Маңызды, құлаққа тұрпайы тиетін сөздерден қашып, көркем сөйлегені абзал деп жауап берген. Тақырыпты зерттеу барысында сауалнама алу тәсілі; сарапшы пікірілері қолданылды.
;зАКЕЧВСВЛРКРЛАРЛВАРВАЛМОВАДЛАДМзЗе
Зeрттeу пәнi. Сөз өнері-публицистика мен әдебиеттің негізгі құралы. Екі әдістемелік саланы бірге қарастырдық.
Зeрттeу жұмыcының дeрeккөздeрi: Тақырыпты зерттеу барысында сөз өнері мен шешенсөзге қатысты әдеби оқулықтар мен мақалаларды сараптадық.
Жұмыcтың тeoриялық жәнe прaктикaлық мaңызы:
Кейбір баспасөз мәліметтеріне сүйенер болсақ, адам уақытының 70 пайызы сөйлеуге, әңгімелесуге кетеді екен. Ал, сөйлеу қызметін қолдану барысы былай жүйеленеді:
оқу - 16%;
жазу - 9%;
сөйлеу 30%;
тындау, есту 45%
Байқап отырғанымыздай, адам баласының есту мен тыңдауға уақыты көбірек кетеді. Дегенмен, сол уақытта естіген ақпараты, тыңдаған мәліметі құнды ма, өзіне пайдасы бар ма? Күнделікті күйбеңге кететін уақыты онсыз да сылдыр сөзге кетіп жатқандықтан, БАҚ-ты,медианы, экранды қосу кезінде оқырман-көрермен біздіңше, өрелі сөз, мәуелі ақпаратқа ие болғаны абзал.
Зeрттeу жұмыcының құрылымы. Диплом жұмыcы 2 тараудан тұрады. Әр тарау бірнеше бөлімдерге бөлінген. І тарауда: 1.1 Шешендік өнердің даму ерекшеліктері ;1.2 Шешенсөз бен көсемсөздің сөз өнерімен байлыныса қалыптасуы ;1.3 Шешенсөз түрлеріне айқындама беру тәсілдері ; ІІ тарауда:
2.1 Тележурналистикадағы шешенсөз түрлері ; 2.2 Радиожурналистикадағы шешенсөз қолданысы ; 2.3 Шешендік сөздердің заман келбетіндегі трансформациясы.
Зерттеу жұмысымның соңында қорытынды бөлімде өз ұсынысымды жазып өтемін. Қорытынды бөлімінен соң, сілтемелер мен пайдаланылған әдебиеттер қатары тізіліп жазылады.
Кіріспе
Шешенсөз яғни устная публицистика, шешендік сөз ораторское слово екі діңі бөлек бірақ тамыры бір ұғымдар. Дәлірек айтар болсақ, сөз өнерінің пұшпағын илейтін, атқарар функциялары бір баламалар. Екеуінің аражігі: біреуі шығармашылықтың көркем түріне, біреуі публицистикалық түріне жатады. Орыс тілінен тікелей аударып ауызша публицистика деп жүрген устная публицистика ұғымына Ахмет Байтұрсынұлы шешенсөз деген анықтама берген. Ұлт ұстазы: егер сөз әлеуметке дегенін істету үшін ауызша айтылса-шешенсөз, жазбаша айтылса-көсемсөз деп публицистиканың екі түрін бөліп береді. [11,12] Ал, публицистиканың өзін журналистика факультетінің аға оқутышысы Сағатбек Медеубекұлынша замансөз деп қарастырамыз. Сөйтіп, замансөз: жазбаша айтылса-көсемсөз, ауызша айтылса-шешенсөз. Десек те екеуі де қоғамдық санаға ой салу, бұқара санасын қозғау мақсатында қызмет етеді. Біздің қарастыратын нысанымыз-ол шешенсөз яғни, устная публицистика. Сондай-ақ, шешендік сөздің (ораторское слова) шешенсөзбен(устная публицистика) байланысы, аталмыш салалардың журналистикадағы маңызы. Шешендік сөз де, шешенсөз бен көсемсөз де белгілі бір тіл арқылы дүниеге келеді. Қаруы да, құралы да сол. Шешендік сөз-көркем ойлау жемісі, замансөз-нақты ойлау нәтижесі. Профессор Бауыржан Жақыптың: Публицистика БАҚ-сыз да өз міндетін атқара алатындығын биік мінберден қоғам алдында тұрған елеулі мәселелерді оңынан шешу жолын ту еткен ел басқарушылардың баяндамасы- саясатсөз, академиктің ғалымдар алдында немесе, тіпті, оқытушының студент, жастар ортасында ауызекі айтқан ойы- білімірсөз, жиындарда, шапада белгілі бір ойды қолдау үшін айтылған қошеметсөз, сот залында әлдекімді айыптау немесе ақтау үшін айтылған биліксөз, жиналған жамағат алдында дін ақидаларын тарқата түсіндірген уағызсөз дәлелдейді. Аталмыш барлық сөзжинақтар-замансөздің өз функциясы. Яғни, журналистика араласпаса да жүзеге аса береді,-деген пікірінен сөз өнерінің қай шақта болмасын, өз қызметін әртүрлі формада атқарғанын байқаймыз.[2,27] Байқап отырғанымыздай, замансөздің тамыры өте тереңде жатыр. Шешенсөз көсемсөзден де бұрын пайда болып, шешендік сөздермен біте қайнасып өз міндетін әлдеқашаннан атқарып келе жатыр деп айтуға болады.
Шешендік өнердің қалыптасуы
Сөйлеу мәдениетінің ең жоғарғы формасы шешендік. Өнер алды қызыл тіл екенін білген адам сол шешендік өнерді үйренуге ұмтылады, бірақ жұрттың бәрі даңқты шешен бола алмайды. Әркімнің білім дәрежесі, ақыл-ойы, парасаты әр түрлі болатыны, жалпы тіл мәдениетінің, әсіресе шешендік өнерінің өзі де түрлі болады. Соның өзінде ел бастайтын көсем де, аузына қарататын шешен де бола алмаспын деген сауатты, мәдениетті кісінің де қоғамда атқаратын қызметіне сәйкес шешендік өнері болуға тиіс. Сөйлеушілердің өздеріне тән тілдік қатынасының болуымен қатар, ол бүкіл халыққа ортақ әдеби тілдің де байлықтарын бойына сіңіруі тиіс. Кез келген адам да ойын дұрыс әрі жатық, әсерлі жеткізуге тырысады. Себебі, сол арқылы басқалармен оң қарым-қатынас орнатып, көздеген мақсатына жетуге мүдделі болады. Нақтырақ айтсақ, мәнсіз, мағынасыз сөздің өзі оны тиісті жерінде мәнерлеп, әсерлеп жеткізе білгенде ғана құдіретті күшке айналады. Сөз байлығы сөз сапасының аса маңызды белгілерінің бірі. Бұл қасиет шешеннің жалпы мәдениетіне, біліміне, оқыған-тоқығаны мен топ алдында сөз сөйлеу тәжірибесіне тікелей байланысты. М. Балақаевтың пікірінше, қазақ тілінде 100 мыңдай сөз болуы керек. Әрбір тілдің сөз байлығына сол халықтың өміріне, тіршілігіне, тұрмысына керекті, солардың негізінде танымал болған заттардың аттары енеді де, іс-әрекет, тіршілігінде керек болмаған, танылмаған заттардың аты бола бермейді,-дейді. Сондай-ақ, ғалым шешендік сөздерді публицистиканың сөйлеу ретіндегі түрі,- деп айкын көрсетіп кеткен.[4,64] Қай заманды алып қарасақ та, сөз қан төгуді болдырмаған. Сөз - бейбіт өмірдің берекесін кіргізген. Сөз - тәрбие құралы болған. Ағылып айтқан, екпіндеп айтқан, сынап айтқан, мінеп айтқан, түйіп айтқан, жығып айтқан, қауып айтқан, тауып айтқан бабалардың інжу-маржан сөздерінде - жалпы қазақ сөз өнерінің таусылмас кені жатыр. Сондықтан да бүгінгі қазақ публицистикасының нәр алар бір бастау бұлағы да сол би-шешендерден қалған сөздер. Яғни, тіл шеберлігін зерттейтін ғылым саласы-риторика деп аталады. Риторика-ол шешендік сөз. Ал, шешендік сөз қазаққа таңсық ұғым емес. Сөйлей, сөйлей шешен боласың деген дана халқымыз үшін асыл сөз алтын табаққа жеткізген. Мысалы, тілі мірдің оғындай болған Қазыбек бидің жау қолынан тоқсан туысын құтқарғанын асқан ерлік ретінде айтып жатамыз. Яғни, қай дәуірде де, қай ұлт өкілі болмасын бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ екенін жете түсінген. Сондай-ақ, шешенсөз яғни публицистиканың да негізгі нысаны қоғам санасына сөз қаруы арқылы ой салу, ойды қозғау болғандықтан тамыры бір бірақ діңі бөлек екі ұғымның БАҚ саласындағы маңызын айқындау маңызды. Шешендіктану (риторика) ең көне замандарда қалыптасқан ғылым саласы. Жазба әдебиеттер оның мыңдаған жылдарға созылған тарихы бар екенін көрсетеді. Адамзат тарихының түрлі кезеңдерінде бұл сала бірде жоғарылап, бірде бәсеңдеп өмірден өшпей, ұдайы даму үстінде болды. Шешендіктануда басқа ғылым салаларына қарағанда, дәстүрлер жалғастығы, тарихилық, ұлттық ерекшеліктерді қамту, сонымен бірге әлемдік рухани құндылықтарға үлес қосу сияқты ерекшеліктер айқын байқалады. Қазіргі кезде қазақ білім беру салаларында шешендік өнерге баса көңіл бөлінуде. Бүл заңды құбылыс. Себебі, кез келген қоғамдық жүйенің еркіндікке бет бұруына байланысты адам құқығына, оның бас бостандығына, оның ішінде сөз еркіндігіне де ерекше назар аударылады. Тіл өнерін меңгеру қай кезде де қажет болған. Ертедегі шешендікті ел басқару ісіне араласа алатын билердің, әкімдердің, ақсақалдардың ғана өнері деп түсінсек, енді шешендікті көпке ортақ қасиет деп түсінеміз, - дейді ғалым М. Балақаев.[12,4]Яғни, бүгінгі заман келбеті коммуниккация негізіне құрылатынын елей отырып, ойды дамыту, сөзді байыту осы аталмыш мәселелерді ортақтастырып, адамның рухани әлеміне әсер ету мақсатында шешендік қабілетті шыңдауды қолға алғанымыз бек маңызды деп санаймыз.
Шешендіктанудың негізі қайдан басталады деп білеміз?
Тарих фактілері шешендік өнердің шарықтап дамуын көне Грек және Рим империяларының гүлденген кезеңімен байланыстырып көрсетеді. Риториканың гүлденуі афиналық құл иеленуші демократияның даму кезеңіне тура келді. Бұл кезде Афина мемлекетінде жетекші рөлді үш мекеме: халық жиналысы, бес жүздік кеңесі, халық соты атқаратын. Осы үш мекеменің үшеуінде де шешендік өнердің маңызы жоғары болды: істің мәнісін ашу және оны ойдағыдай шешу үшін әсерлі сөздің ықпалы, күші пайдаланылды, ал сотта ділмарлық арқылы қажетті үкімге қол жеткізуге болатын еді.[12,56] Софистер (б.д.д. V ғасыр) өздерінің теориялық және практикалық дәрістерінің мақсатын жастарды шешендікке баулу оларды қоғамдық өмірге әзірлеу деп білді де, кәсіпқой шешендерді, риторларды дайындады. Олар пікірталас өткізуді өрбіту арқылы дәлелдер құруды дамытты, қисынды ойлау мәдениетін көтерді. Қисынды ойлау, яғни логикалық ойлауды дамытудың ең негізгі аспектісі ретінде пікірталас сайыстарының алатын орны ерекше екенін түсінді. Әсіресе, шешендік теориясының дамуына Аристотель еңбектерінің алатын орны ерекше. Ол риториканы ғылым ретінде дамыта отырып, өзіне дейінгі көзқарастарды жаңа белеске көтерді. Аристотельдің айтуынша, риторика жеке пән ретінде тұйықталып қалмайды. Ол барлық басқа пәннің мүддесі үшін кез келген пәннің ережесін дәлелдеуге жұмсалады. Оның өзге пәндерден, мәселен арифметика, геометрия, т.б. айырмашылығы да осында. [12,57] Яғни, Аристотель риториканың мақсатын айқындап және оның жалпылама сипатын көрсетіп, шешен мақсатына жету үшін нені пайдалану керек екенін атап айтады. Дәлелдеу әдістеріне қарай риториканы үш бөлімге бөледі: бірінші бөлімде шешеннің тыңдау арқылы әлденеге итермелеу (иліктіру), көндіру принциперіне талдау жасайды. Екінші бөлімде шешен тыңдаушылардың сеніміне кіріп, сол арқылы өз мүддесіне қол жеткізуге себін тигізетін жеке қасиеттер мен ерекшеліктерді сипаттайды. Үшінші бөлімде ол риториканы техникалық жағына, яғни сөйлеу кезінде пайдалануға болатын сөйлеу әдістері мен сөз құрылымдарына көңіл бөледі. Сондай-ақ, Аристотель сөйлеудің төрт бөлігін атап көрсетеді, олар: алғы сөз, әңгімелеу, дәлелдеу, шешім. Сөйленген сөздің тиянақты болуы үшін бұлардың әрқайсысының мән-маңызына тоқталады. Мұнда шешендік қабілеттің де тыңдау сатысынан басталанытын, Сағатбек Медеубекұлы атаған оратордың айтушы сатысына көтерілу үшін өткеретін алғышарттарының ұқсастығын байқауға болады. Аталмыш сатылардың маңызы ретінде Аристотель көңілге түюді, Сағатбек Медеубекұлы ақпаратты түйсігіне бекемдеу үшін тыңдаушының құлшынысының маңыздылығын атайды. Римдіктер сөз өнерінің серкелерін: шешендер, философтар, ақындар, тарихшылар деп төрт топқа бөлген. Яғни, аталмыш саланың мамандары, сөздің асыл уытын қанып ішкен зергер иелері болған. Сондай-ақ, жалпы шешендікті: материал іздеп табу, ақпаратты орналастыру, сөзбен киіндіру, дайын ақпарды есте сақтау мен оны көпшілікке жеткізе білу шеберлігі деген сатыларға жүйелеген. [18,7] Ежелгі замандағы шешендік қағидаттары, бүгінгі заманның БАҚ өкілдері игеріп, атқарып жүрген қызметтік қабілетіне дәлме-дәл келіп тұр.
Инвенция бұл бөлімнің негізгі мақсаты тақырып таңдап анықтау, шешен сөзге материал жинау.
Диспозиция бұл бөлімде материалды жүйелеу принциптері мен шешен сөздің құрылысы қарастырылады.
Элокуция - бұл бөлім шешен сөзді әшекейлендіреді.
Мемория - бұл бөлімнің негізгі мақсаты сөйлеушінің есте сақтау қабілетін жаттықтыру және есінде сақталған ақпаратты пайдалану.
Акция - бұл сөздің айтылуы мен оны сан түрлі дене қимылдарымен толықтыру (жест, мимика, позаны қолдану).
[18, 45б]
Ежелгі грек шешендік өнерінің тағы бір көрнекті өкілі Демосфен (б.д.д. 384-322) болып есептеледі. Демосфен шешен болуды мақсат тұтып, өз бойындағы табиғи кемшілік тұтықпадан арылуға әрекет етеді. Ол сөйлеу мүкістігінен арылу үшін аузына ұсақ тастарды толтыра салып, күнде екі сағат теңіз жағасында жүруі арқылы танылды. Табандылығының арқасында оның тұтықпалығы кетіп, Демосфен шешен деңгейіне дейін жетті. Бұл кімге болса да ғибрат аларлық өнеге. [12,56] Демосфеннен 170 қолжазба, 60 шешендік сөз, 56 жазба сөз, 6 хат сақталған. Алғашқы шешендер, философтар, саясаткерлер, қолбасшылар, қоғам қайраткерлері, атақты мемлекет қайраткерлерінің арасынан шыққан. Шешендік өнер Грециядан кейін Рим мемлекетінде дамыған, онда Крас, Анатия, Кортенция бастаған атақты шешен қолбасшылары болған.
Цицерон ескірген немесе жаңадан енген сөздерге, фи- лософия мен риториканың ара-қатынасына, ырғақ келісіміне ой жарығын түсіреді. Айтулы шешен сондай-ақ жан-дүниенің қозғалыстары дене қимылымен ұштасуы ке- рек деп жазады. Әрине, мұндағы қимыл сахналық болмау керек, ойды, пікірді, сөзді мазмұн жағынан ишаратпен, тұспалмен, түсіндіріп, толықтыру қажет. Денемен бұрылғанда сахнадағы ойыншыныкіндей болмау керек, со- ндай нағыз ерге тән сенімді қимыл болуға тиісті, яғни қару ұстаған жауынгердей қолдың саусағы тым ойнақшымағаны дұрыс, сөзге демеу болғаны жөн, қолдың алға ұсталуы, шешендіктің жебесіндей, табанның жерді соққылауы құлшыныспен сөйлеген тұстардың не басында, не аяғында болғаны қонымды. Мәселенің мәселесі адамның жүзінде. Барша қуаттың ұясы - көз. Орындаудың қозғаушы күші жан дүниесі болса, жанның бейнесі бет, оның ішіндегі ерекшесі -- көз. Бұл дененің бірегей, ең жалқы үздік мүшесі. Үйткені ол көңіл-күй толқындарын, өзгерістерін, елеусіз реңктерін мейлінше то- лық, жетік, жан-жақты жеткізетін құдіретті мүше.
Сөз сөйлеу - әсем, шебер орындаумен тамырлас. Бұл біздің денеміздің тілі іспетті. Және ой әлемімен үйлесуі қажет. Ал көз болса, бұл жылқы мен арыстанға табиғат сыйлаған жал, құйрық, құлақ сияқты. Бұлар ішкі дүние құбылыстарын бейнелеуге мүмкіншілік береді. Ойлы сөйлеп, мәнерлі жеткізуде дауыстан соң, бет-жүз, ал ол көз арқылы көріктенеді деп ой толғайды атақты шешен, Шешендердің жүйрік ой толғауы тыңдаушылардың талғамына тәуелді. Ол 1) не айтатынын, 2) қай жерде айтатынын және 3) қалай айтатынын жете түсінуге тиісті.
Ал, қазақ халқының ұлттық шешендік өнер тарихы Түркі қағанаты мен сонау қараханидтер, моңғолдар дәуірінен бастау алады. Сондай-ақ, зерттеуші ғалымдарымыз айтып жүргендей, (VI-IX ғасырлардағы) түркі тілдес халықтардың шешендік сөздері, сонау Орхон-Енисей жазба ескерткіштеріндегі (Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк ескерткіштері) қашалып жазылған жырлардан бері таратылады. Жүсіп Баласағұнидің Құтадғу білік (Құтты білік), Махмұд Қашқаридің Диуани лұғат-аттүрік (Түркі сөздігі), Қожа Ахмет Иасауидің Диуани хикмет (Даналық кітабы) сияқты көптеген кемеңгерлер еңбектерінің өркениет әлеміндегі орны ерекше. Айтулы тұлғалар 10-13 ғасырда тікелей сөз өнерін бойына сіңіріп, ой қорытушы әрі айтушы санатына көтерілген кемеңгерлер болған. Қай дәуірде болмасын ел алдында, мінберде төгілтіп сөйлеген абыздар, шешендер, билер халық қазынасының мән-мазмұны мен тіл тазалығын сырттан келетін жат әсерлерден қорғаушылар, ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, қазақ халық әдебиетін сақтаушылар бола білді.
Таным мақсаты, Әл-Фарабидің түсіндіруінше, ең алдымен сол текке жататын нәрсе біткеннің барлығының болмысын анық білу. Өмірдегі заттардың табиғи түрде болатын заттар және адамның еркімен жасалатын заттар болып бөлінетіндігін, соңғылары теориялық ғылымдар арқылы емес, кәдімгі ұйымдар арқылы танылатындығын айқындайды. Сөйтіп барлық халықтарға жеке халыққа немесе қалаға ортақ ең пайдалы, ең әдемі нәрсені анықтауға жұмсалатын ізгілік деп шешендерде болатын ойшылдық қабілетті атайды.
Қайырымды дала туралы ұғым -- түсініктерінде Әл-Фараби қайырымды қала бес түрлі адамдардан құралады деп, ең құрметті адамдарға даналарды, пайымдағыштарды, маңызды істе беделді адамдарды, солардан кейін шешендер мен діни қызметкерлерді, сөзге шебер ақындарды жатқызады. Әл-Фарабидің айтуында, даналар мен пайымдағыш шешендерде болатын ақыл парасат күші адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнерді ұғынуына және жақсы қылық пен жаман қылықты айыруына көмектесетін күш. Бұл күш практикалық және теориялық болып бөлінеді. Теориялық күш адамның дүниеде бар және қасиеті жағынан біздің жасауымызға немесе бір қалыптан екінші қалыпқа өзгертуімізге келмейтін заттарды танып-білуге көмектесетін күш.
Қазақ шешендік сөздер тарихы бірнеше кезеңге бөлінеді: 10-13 ғасыр аралығын Майқы би мен Аяз бидің шешендік өнерді қалыптастырған дәуірі, 14-15 ғасыр Асан қайғы мен Жиренше шешеннің шешендік өнерді өрбіткен кезеңі, 16-18 ғасыр шешендік өнердің шарықтау шегіне жеткізген Төле би, Қазыбек би, Әйтеби бидің заманы деп қарастырамыз. Яғни, қазақ шешендік өнерінің бастауы Майқы би мен Аяз биден бастау алады. Осыған байланысты қазақта Түгел сөздің түбі бір, түп атасы-Майқы би деген тәмсіл бар.
Осы екі дәуірдің шешендерін Ел құрасқан шешендер деп атайды. 3.17-18 гасыр Ел қорғасқан шешендер Төле би, Әйтеке, Қазыбек бидің
Ел аузында Әйтеке жарып айтады, Қазыбек қазып айтады, Төле тауып айтадыдеген ұлағатты сөз бар
Риториканың нағыз кемеліне жеткен шағы он алтыншы ғасырдан басталған еді. Қазақ шешендік өнеріне елеулі үлес қосып, тарихта өшпес із қалдырған би - Төле би Әлібекұлы. Ол 1663 жылы Жамбыл облысының Жайсаң жайлау мекенінде дүниге келген. Тәуке ханның кезінде Билер кеңесінің мүшесі болып, жеті жарғы заңдар жинағын жасауға тікелей ат салысқан. Төле би тек сөз өнерінің шұрайлығын ғана арттып қоймай, қара қылды қақ жарған әділ бола білді. Сондықтан халық арасында Қарлығаш әулие деген атпен құрмете ие болған. Төле бидің даналығы, шешендігі, тапқыр сөздері, мақал-мәтел, нақыл сөздері ел арасында мол тараған. Қалмақ ханына елшілікке барғанда жасқанбай өз ойын жалынды сөздермен бұршақтай жаудырып, мірдің оғындай өткір сөздерімен жоңғар ханының аузын аштырмай тұтқындағы ұл-қыздарды босатып алған Қазыбек бидің де даналыңы көпке мәлім. Қалмақ ханы Қазыбектің саңқылдағын даусына орай Қаз дауысты Қазыбек деген ат береді.[12,78] Оқиғаны қайта еске салсақ: Қалмақтың ханы Қонтажы қазақ елін үш рет шауып, малдан бөлек, бірталай қазақ ұл мен қызын тұтқынға әкетеді. Сонда қазақ билері: Қалмақта ұлымыз құл, қызымыз күң боп кеткенше, шайқасайық!-деп Абылайға келеді. Сонда Абылай хан Біз әлі де тілі өткір елші жіберіп сынасқанымыз жоқ, іріктеп елші жіберейік, оған есе бермесе сонсон шайқасайық,-дейді. Бұл жұмысты Қаракесек Келдібек биге жүктейді. Келдібек өзі бара алмай, ақыры Қазыбек деген баласын сынамақшы болады. Әуелі Қонтажы:
-Өзің жөніңді айтшы, атың кім?-депті.
Атым Қазыбек, әкем Келдібек, халқым қазақ, руым Қаракесек-, депті.
Дауысың қаз дауысындай қаңқылдап тұр екен. Ал датыңды айтшы...
Сонда Қазыбек:
-Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз деп бастап, Сен қабылан да біз арыстан. Алысқалы келгенбіз. Жаңа үйреткен жас тұлпар, жарысқалы келгенбіз. Берсең жөндеп бітімді айт, не тұрысатын жеріңді айт,- деп бастап қазақ елінің беріспейтінін қызыл сөзбен көсілткен. Тіпті, Жиделі Байсын жерінде, Байбөрі деген бай шықты,-деп басталатын батырлар жырының тарихи шындыққа негізделіп өрілуінің өзі -жырдың тұтас публицистикалық сарынға құрылғандығын дәлелдейді. Мұнда ескере кететін жайт, батырлар жырының айтылу сарыны да сөз өнері негізінде жазылған. Сондай-ақ, жыраулар поэзиясы да публицистиканың дамуында үлкен рөл атқарды. Нақыл, қанатты сөздерден құрылған. Елді жақсы қонысқа көшірмегені үшін, Асан Қайғы: Ай, хан мен айтпасам білмейсің, Айтқаныма көнбейсің деп Жәнібек ханды өткір ирониямен сынға алды. Яғни, шешендік өнердің бастау бұлағында тұрған тұлғалардың шығармаларында да публицистиканың санаға қозғау салу міндеті де анық байқалады. Шешендік сөздің бастамасы, ұсынбасы,мазмұндамасы, қыздырмасы, қорытпасы болатынын ескерсек, дәл осындай мысалдар публицистикадағы ақпаратты ұсыну мен оның негізгі дереккөзі, шарықтау шегі мен ұсыныс беру сынды тұстарына дәлме-дәл келеді. Орыс сыншысы Белинскийдің: көркем әдебиет пен публицистика да өнер. Бір-біріне тым жақын деген пікірімен ой түйіндесек болады.
Шешен сөздің айқындығын айғақтайтын негізгі факторлар:
айтушының ой өрісінің дербестігі, қозғалған тақырыпқа шығармашылықпен қарай білу;
шешеннің айтылып отырған мәселеге қызығушылықпен қарауы;
аудиторияға өзінің ықыласын білдіре білу;
тілдің көркемдік мүмкіндіктерін жете қолдана білу;
сөйлеу машықтарын жүйелі түрде жаттықтыру;
тілдің түрлі стильдерін пайдалана білу; өз сөзін қадағалай білу;
шешеннің көркем сөйлеуге саналы түрде баруы².
Сөзге образдылық пен эмоционалдықты арнайы көркемдік тәсілдер береді. Аса көп кездесетіні сұрақ-жауап тәсілі. Ол шешеннің монологын өзіндік диалогқа әкеліп, тыңдаушылардың чазарын айтушының ойына аударады. Бұл тәсіл бойынша айтушы аудиторияда туындайтын сұрақтарды алдын-ала сезіп, баяндау кезінде өзі жауап беруге негізделген
Сөйлеушінің сөзінде сүйенетін ақпаратқа қарай материалдың үш түрі болады. Біріншісі - эмпирикалық. Ол айтушының жеке бақылау, өмірлік тәжірибе, зерттеулері арқылы алған мәліметтерінен тұрады. Материалдың екінші түрі энциклопедиялық. Оның негізін жазбаша деректерден алынған және болмыс туралы қалыптасқан ұғымдарды білдіретін мәліметтер құрайды (мысалы, анықтамалықтар, сөздіктер, ғылыми, мұрағаттық, ресми құжаттар т.б.). Үшінші түрі - компаративті материал. Бұл кезеңде алғашқы екеуінің apa қатысы анықталады. Ол эмпирикалық және энциклопедиялық материалдың күрделі синтезі болып табылады
[12:35, 08.05.2024] ...: Алаштың ардақтысы, көрнекті математик Әлімхан Әбеуұлы Ермеков 1920 жылы Ленин басшылық жасаған Үкіметтің алқалы жиынында Қазақ автономиялы респуб- ликасын құру және оның шекарасын айқындау турасында төрт сағат бойы айғақ-дәлелі, мән-дәнегі, мағына-мәйегі мол таңғажайып сөз сөйлеген. Сонда Ахмет Байтұрсынов: Япырмай, жас сұңқар Әлімханмен төрт сағат сөз сайысына төтеп берген орыстан да Ленин тәрізді бір ұл туған екен деп разы болған екен.
Ойы теңіздей толқыған қазақ арыстарының бірегейінің тегі де осал емес. Әлімханның ұлы атасы Ермек Жиым- байұлы 20 жасында болыс болып сайланса, Құнанбай қажының құрметтейтін замандасы болса, ал өз әкесі Әбеу өрі-қыры бірдей шоқтығы бұланайдай, асқан шешен бо- лыпты. "Көзі бүркіттің көзіндей, қызыл қоңыр, жанары от шашатын, үні қаздың үніндей. Алты қанат ақ орданың ішінде жиналған қауым гуілдесіп сөйлегенде, киіз үйдің сыртындағы адамдар Әбеудің саңқылдаған даусын айныт
[12:36, 08.05.2024] ...: пай айырады екен". Нар кілемдей түрленіп, оза шауып, олжа алып, қайран сабаз, жұлдыздай ағады екен!
"Терең ой, түзу тәжірибесі бар адам ғайыптан хабар береді. Әулие деген сол болса керек" деген Шәкәрім Құдайбердіұлының лебізіне жүгінер болсақ, Әлімхан Ер- мековтың болмыс-бітімінде ерекше бекзаттық бар.
Мінеки, қазақ шешенінің заңғар тұлғасы, ұлтының ұшан-теңіз сөз дариясында еркін жүзген ғазиз ердің кесек бейнесі (өң-әлпеті, отты жанары, орындау шеберлігі, тұт- қиылдан тапқырлық танытатындығы, көсіле сөйлейтіндігі, ақыл-парасаты) жарқын түрде сипатталған
Шешендік сөздер мазмұнына қарай үшке бөлінеді:
1) шешендік арнау; 2) шешендік толғау; 3) шешендік дау.
Шешендік арнауға шешендік бата, тілек сөз, көңіл айту сөзі, ақыл-насихат сөздер жатады. Шешендік толғау мақал-мәтел, сұрақ-жауап, шешендік нақыл, қанатты сөз, шешендік жұмбақ, шешендік мысал түрінде келеді. Шешендік дау мазмұнына қарай жер дауы, жесір дауы, құн дауы, ар дауы болып бөлінген. Сондай-ақ, шешендік сөздерді мазмұны мен түрі жағынан А. Байтұрсынұлы алтыға бөліп саралаған:
1. Саясат шешен сөзі.
2. Билік (соттағы) шешен сөз.
3. Қошемет шешен сөз.
4. Ділмар шешен сөз.
5. Діндарлар сөзі.
6. Көсем сөз.
Р. Сыздықова бұрынғы шешендік сөздерді мазмұнына қарай былайша топтайды:
Әлеуметтік-саяси мазмұнды сөздер;
Әлеуметтік-тұрмыстық мазмұнды сөздер;
Билік мазмұнды сөздер.
Байқап отырсақ, шешенсөз бен шешендік сөздердің мазмұндық жұмсалу жағы да өзара ұқсас келеді.
Саяси-әлеуметтік шешендік сөздер:
патриотизм сарынындағы елдің рухани көсемдерінің сөздері;
көрші мемлекеттермен саяси қарым-қатынас мәселесін шешуге арналған елшілердің сөздері;
шаруашылық-әлеуметтік мәселелерді талқылау;
заман туралы философиялық толғау сөздер.
2. Шешендік дау сөздері:
жер дауы, жесір дауы, құн дауы;
адамның ары мен ұжданына қысым жасалғанда, оларды
қорғау, үкім шығару, билік айту; ру мен рудың, тайпа мен тайпаның арасындағы барымта, тартыс;
хандардың, феодалдардың психологиялық және экономикалық үстемдігіне қарсы кедей-шаруылардың наразылық білдіруі.
3. Тұрмыс-салтқа байланысты айтылатын шешендік сөздер:
арнау сөздер;
қыз ұзату, келін түсіру, шілдехана тойларында айтылатын шешендік сөздер;
үй ішіндегі семьялық мәселелерді талқылау;
ас пен тойдағы салтанатты сөздер;
ата-аналардың баталары;
жақсылық, жамандық туралы ойшылдардың сөздері
Жалпы, сөз өнері адам санасының үш негізіне тіреледі.
Ақылға
Қиялға
Көңілге
Ақыл ісі-аңдау, яғни нәрселердің жайын ұғу, тану, ақылға, салып ойлау, қиял ісі-меңзеу, яғни ойдағы нәрселердің тұрпатына, бейнесіне ұқсату. Көңіл ісі-түю, талғау.[16,6]Тағы аңғаратын жайт сөз өнерін игерудің үш негізі журналиске керек: эрудиялық жан-жақтылық, жазу стильінің әртүрлілігі, ақпаратты тез ұғына білу сынды қабілеттеріне дәлме-дәл келеді. Сөз қоғамның бұрынғы даму дәрежесін белгілеп, оның болашаққа қадам басу мүмкіндіктерін айқындайды. Сонымен бірге сөз адамдардың ақыл-ойына тікелей әсер етудің, оларға білім берудің, рухани тұлғасын қалыптастырудың және белгілі бір іс-әрекетке жұмылдырудың пәрменді құралы ретінде де пайдаланылады. Қазақ шешендік өнерінің тарихы тым әріге кетсе де оны теориялық тұрғыдан толық зерттеу А.Байтұрсынұлынан басталады. Кезінде Ш.Уалиханов, :: С.Сейфуллин, М.Әуезовтер шешендік сөздерді жинастырып, билер сөзінің тәрбиелік мәнін, философиялық сипатын, билердің қоғамдағы орнын түсіндіріп берді. Кейін Ә.Мәметова, Б.Адамбаев билер шешендігін арнайы тақырып етіп алып, кандидаттық диссертациясын қорғады.
Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы деген дей, атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келер ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелеуді арман етіп, шыншыл, әділетті иманды болу сонау ата-бабамыздан келе жатқан дәстүріміздейді де, кейінгі ұрпақтың ата салтын мықтап ұстауын талап еткен. Ата-бабамыздың-төкпе ақындық пен сұңғыла жыршылық, айыр көмей шешендік пен төгілдірген күйшілік секілді киелі өнерлеріміздің ірге тасы бала санасына сәби шақта қалатынын ерекше ескеріп, осынау балдәурен балалық кезеңге айрықша мән берген. Көшпенді ата-балаларымыз ұрпақ тәрбиесіне қатысты жайыттарды топтастырғанда да ғылым үшін аса маңызды жүйелілік принципіне ерекше мән берген.Осы айтылғанға орай жас буын тәрбиесін бесіктен бастап бұларды ақыл-ой, имандылық, еңбек, көркемдік, сымбаттылық секілді сан салаға жұптастырған. М.Әуезовтың: Ел болу үшін бесігінді түзе деген сөздің мән-мағынасына ой салсақ, тәлім-тәрбие ісі жас ұрпақ дүниеге келгеннен басталады екен
Көне Грекияда риториканы өнердің патшасы деп есептеді.
Келісім мен мағына бір-біріне орайлас. Бұл ретте Ғұмар Қарашевтің бала ананың құрсағында-ақ өз тілінің музыкасын естиді, туған соң да- мытады деген лебізі ойға оралады.
Баланың бүлдіршін шағынан ән, күй, жыр, ертегі-аңыз естіп өсуі ең мәнді, қисынды, табиғи құбылыс болып саналады. Шешендік өнерге баулудың бұлжымас шарты осы.
Квинтилиан шешенді тәрбиелеу ісінде балаға сөзді анық, нақ-нағымен сұлу айтатын ұстаз тандау қажет де- ген. Тамаша табиғи сипаттарымен тұңғыш рет естіген және әдемі дауыспен оқылған текст оның ойлау қабілетін, іштей сөйлеуін оятады.
Адам әрбір мезетте өз ойын іштей дауыстап айта- ды" - деп жазады Эгзер.
Ал Риварол: "Адам өз көкірегінің түпсіз тереңінен құпия дыбыс үнін естиді, ол ой әлеміндегі көлбеңдеген заттың көріністері" деген тұжырым жасайды. Әрине, адам- ның терең ойын, көңіл-күйдің нәзік реңктерін, жан толғаныстарын, жасырын әуендерін жатық, жүйрік тілмен жеткізу үшін шешеннің биік дүниетанымы, жан-жақты көркемдік-өмірлік тәжірибесі болуы абзал.
Сондай-ақ шешен сөйлеуге төселу үшін, сөздің дабы- сталуын әсем қабылдау үшін ерекше есіту қабілеті үлкен қызмет атқарады

Қай заманда болмасын қоғам үшін маңызды мәселелерді қозғап, ел бірлігін сақтап отырған көсемдер, шешендер, абыздар болған. Яғни, замансөз журналистика қалыптаспас бұрын да өз қызметін атқарып келді. Ойымызға Ахмет Байтұрсынұлы беске бөліп қарастырған шешен сөздің салалық түрлері дәлел болады.
Ертеде шешендер мемлекет ісіне араласып, ел бірлігі жолында мәселелерді қаузап, бүгінше айтқанда қарар-қаулы шығару кезінде төгілтіп сөйлеген сөздері-саясат шешен сөз;
Сот істері кезінде айыпкер адамды ақтау, я қаралау мақсатында сөйлеген сөзі-билік шешен сөз;
Біреудің халық алдында еткен еңбегін, өткізген қызметін айтып, қошеметтеп сөйлеген ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz