Көркем шығарманың оқытудың тиімді жолдарын қарастыру
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
университеті
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Ақан сері Қорамсаұлының лирикасы
Орындаған:
Тексерген:
2022 жыл
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.1.Әдебиет пәнінің негізі -көркем шығарманы оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2.Ойын технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 11
1.3.Көркем шығарманы ойын технологиясының түрлері арқылы меңгерту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
Тәжірбиелік бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі:Көркем шығарма -- әдебиеттің құндылығы. Көркем шығарманы оқыту - оқушының сөз қадірін түсінерлік ойлау әрекетін дамыту, рухани дүниесін байыту, эстетикалық талғамын жетілдіру, адамгершілік қасиетін қалыптастыру. -- деген болатын әдебиет зерттеуші - ғалым, белгілі жазушы, ұлағатты ұстаз Қажым Жұмалиев. Әдебиет пәнін оқыту бұл -көркем шығарманы оқытумен тікелей байланысты.Ал оны оқыту тікелей мұғалімнің құзыреттілігінде.Әдебиет сабағының маңызды бөлігі-көркем шығарма.Көркем шығарманы оқытуды,бір сарынды жүйеде емес,ойын арқылы өткізуді қолға алмасқа деген ой келді.Сабақты үйреншікті дәстүрлі жүйеде оқыту,оқушылардың оқу-білімге деген қызығушылығын жоғалтып алатынымыз сөзсіз. Қазақ елінің ғасырлары бойы аңсаған тәуелсіздікке енді ғана қолы жетсе, оны ілгері өркендетіп, өркениеттілікке жеткізу бүгінгі бала, ертеңгі күнің еңбеккерлеріне байланысты. Олай болса, еліміздің болашақ құрлысшылары бойына өмірге лайықты жаңа қасиеттер қалыптастыруды тәрбиеде бастау-шешуші мәнге ие болатыны шындық. Адамның болашағын шешетін тәрбие екендігі ежелден белгілі, көңілде жатталған ұлы түсінік болғанымен, оны педагогикалық, психологиялық тұрғыдан келгенде қалай жүргізу керек, қалай ұйымдастыру керек деген мәселе күн тәртібінен түспейтіні ақиқат. Адамзат өміріне тәрбие мәңгілік категория болса, онда ұйымдастыру, жүзеге асыру ешбір кезде ескірмейтін, қайта уақыт озған сайын жаңарып, жасарып, әрбір кезеңнің талабына лайық жетіліп отыратын құбылыс. Өмірге шыр етіп келген нәрестенің сәбилік шағынан бастап, қажетті деп танылатын адамгершілік сапаларды меңгерту ойынға байланысты.Ойын екі жақты құбылыс.Баланың қызығушылығы артып,әрі таным көкжиегі кеңейеді.Көркем шығарманы талдауда немесе оқуда ойынның атқаратын маңызы зор.
Міне осы себепті де, курстық жұмыста қарастырылып отырған тақырып өзекті деп санаймын.
Курстық жұмыстың мақсаты: Әдебиет сабағындағы көркем шығарманы ойын технологиясының мәні арқылы меңгеру,үйрету.Шығарманы ойын арқылы өткізудің оңтайлы жолын зерттеу
Зерттеу объектісі: Ойын технологиясы
Зерттеу міндеттері:
1.Ойын арқылы оқушылардың білім-білік, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
2.Көркем шығарманың оқытудың тиімді жолдарын қарастыру.
3.Көркем шығарманы үйретуді ойын технологиясы арқылы меңгерту
Зерттеу құрылымы: Кіріспеден, негізгі бөлім,тәжірбиелік бөлім және қорытындыдан тұрады.
1.1 Әдебиет пәнінің негізі-көркем шығарманы оқыту.
1.1. Әдебиет пәнінің негізі-көркем шығарманы оқыту.
Әдебиетті оқыту көркем шығарманы оқудан басталады. Балаға көркем туындыны оқытпай,әдебиеттен білім беру мүмкін нәрсе емес.Көркем туындыны жай оқып шығу емес, одан алған әсері,туынды оқушы жүрегіне, сезіміне әсер етті ме,соны білу-мұғалім үшін маңызды мәселе. Академик Виноградов:Көркем шығарманы біртұтас,бітім ретінде ұқыпты әр жақты және өнегелі стилистік талдау үлгілері шын мәнінде жоқ-дейді.Көркем шығарманың кішкентай клеткасы-сөз.Шығарма шаңырағы сол арқылы көтеріледі.Жіптен кілем тоқыған шебер сияқты,кірпіштен зәулім сарай тұрғызған сәулетшідей әр түрлі бояуды үндестіре пайдаланып, сурет салған қылқалам шеберіндей,гипстен монументті ескерткіш тұрғызған,мүсіншідей сан алуан әуен-саздарды үндестіріп,тұтас бір музыкалық шығарған композитордай жазушы да сөзді кәдеге жаратып, көркем туынды түндігін көтереді. Көркем шығарманың құрылымы түрлі компоненттерден тұрады. Олар көркем туынды тілі - нің эстетикалық заңдылықтарына бағынып, көркемдік тілдік жүйе құрап, шығарманы жинақыландырады.Көркем шығарманы оқыту - оқушының сөз қадірін түсінерлік ойлау әрекетін дамыту, рухани дүниесін байыту, эстетикалық талғамын жетілдіру, адамгершілік қасиетін қалыптастыру деген болатын әдебиет зерттеушісі, белгілі жазушы Қажым Жұмалиев. Оқушы әдебиет сабағында көркем шығарманы қабылдау керек. Бұл оңай үрдіс емес. Қабылдау деген бере салғанды ала қоятын зат емес. Ол оқушының өзінің жан қалауымен, жүрек сезімімен, рухани әрекетімен жүзеге асатын дүние. Қандай жақсы көркем шығарма болса да оқушы қабылдау үшін әрекет жасамаса, автордың жан күйзелісін, шалқар шабытын бойынан өткізіп, көркем суретті көз алдына елестетіп, келтіре алмаса - бәрі бос сөз. Оқушыдағы осы сезімді ояту мұғалімнің қолында, яғни, оқушыға әдеби білім беру, эстетикалық, адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін мұғалім әдебиетті оқыту барысында әдіс-тәсілдерді орнымен қолданады. Бір сөзбен айтқанда, жеке тұлғаны дамыту, қалыптастыруға тырысады. Бұл: көркем шығарманы оқуға деген қызығушылығын, ынтазарлығын ояту, жоғары эстетикалық талғам мен қажеттілікті қалыптастыру; сөз өнерінің ерекшеліктерін түсініп, тануға, ой көзімен зерделеуге негіз болатын білім, білік, икем-дағдыларын қалыптастыру; - ойын сауатты ауызша (жазбаша) айта, жаза білу, байланыстырып сөйлеудегі тіл мәдениетін қалыптастыру және дамыту, өзіндік ой-пікірін дәйекті, жүйелі айта білуге баулу. Әдебиет - ұлттық танымның қайнар көзі, сондықтан көркем шығармадан алынған үзінділерді оқулыққа ендіруде төмендегідей қағидалар басшылыққа алынғанын білеміз: -Оқушы тілін дамыту негізінде оқырмандық біліктілікті қалыптастыру. -Оқушылардың тілдік қатынасын коммуникативтік түрде дамыту. - Ой, ойлану, ойлату. Ойсыз өмір сүру мүмкін емес. Бірақ бұл жердегі ерекше бір еске алатын мәселе өзіндік пікірде жатыр. Көркем туындыны оқытудың ең бастысы, сол көркем туынды туралы оқушының пікіріне, ойына ерекше көңіл бөлген жөн. Бұл пәннің басқа пәндерді оқытудан өзгешелігі де, күрделілігі де осында.
1.7-8 сыныптарда әдеби шығармаларды оқу көбіне сыныпта жүргізіледі. Түсіндірмелі оқу арқылы шығарманың алғашқы бөлімдері оқылады,тәжірбиеде осы тәсіл жиі кезігеді,себебі мұғалім ол арқылы шығарманы оқуды ұйымдастырады,оқушыларға бағыт-бағдар береді.
2.Түсіндірмелі оқу, әсіресе, күрделі шығармаларды оқу кезінде тиімді болады.Көркем шығарманы оқу үйде,сыныпта жүргізіледі.
3.Көркем туындыны оқуда мәнерлеп оқу,әр сөзді айқын,түсініктң оқу,жинақы оқу, дауыс естілімінің де ашық болуы талап етіледі.Сыныпта дауыстап оқығанда, бұлар айқын көрінеді.Дауыстап оқу мен іштей оқуды алмастырып отырған жөн.Төменгі сынып оқушылары көбіне дауыстап оқығанды ұнатады.
4.Көркем туындыны оқу жоғары сыныптарда үйде жүзеге асады. Себебі, көркем туындыларды былай қойып, қысқа әңгімелерді сыныпта оқуға уақыт жетпейді. Жоғары сыныптарда өтілетін роман, хикаят сияқты көлемді туындыларды оқу тек үй жұмысы арқылы жүзеге асатыны ұстаздар қауымына бұрыннан-ақ белгілі жай. Әр мұғалім бала көркем туындыны оқыды ма, оқыса, одан қандай әсер алды, соны біліп отырғаны жөн. Мұғалім сыныптағы үйге берілген туындыны оқушылардың қалай оқып жатқанын назардан тыс қалдырмауы керек, үнемі ол туралы хабардар болып отырғаны жөн. Оқып біткен мерзімде мынадай жұмыстар жүргізуге болады (бақылау ретінде): Ауызша, жазбаша сұрақтар арқылы кейде мұғалім әр оқушыға әр түрлі мазмұндағы тапсырмалар бере отырып та тексереді.
а) өзіне ұнаған бір эпизодты қысқаша баяндату, не сол эпизодтың мазмұнының тезисін жасату; ә)негізгі кейіпкерлерді жинақтату; б)жазбаша викторина жүргізу в) сынақ үлгісіндегі ауызша сұрақ-жауап арқылы тексеру; г) бүкіл сыныпқа ортақ тапсырма - көркем туындыдан алған әсерін қысқаша баяндапберу; д) әдеби көкпар ойыны арқылы тексеру.Бұл жұмыста көкпарға екі баладан шығады,Көкпарға тартылатын көркем туындылардан құрастырылған сұрақтар жазылған үлестірме қағаздар болады.Жауап өте тез уақытта айтылу керек. Әдебиетті оқыту көркем шығармадан бастау алады.Соған сәйкес көркем туындыны оқуда мәнерлеп оқу,әр сөзді айқын түсінікті оқуы,жинақы оқу,дауыс естілімінің дұрыс естілуі де талап етіледі.Оқушыны көркем мәтіннің оқу түрлеріне игеру қажет.Көркем мәтінді оқу түрлеріне қарай ажыратамыз:
1.көркем мәтіндегі жазушы ойын мұғалім көмегімен аңғара оқу. Оның мән-мағынасын тұшына,түсіне оқу. Қиын, түсініксіз образды,айшықты сөздерді ұғына оқу,яғни лингвистикалық түсіндірмелі оқу;
2)таңдап оқу.Белгілі мақсатпен қойылған сұрақтарға жауап іздеп,тіл көркемдігін дәлелдеу,портрет,пейзаж,образды табу;
3)іштен оқу немесе өздік оқу. Іштен оқудың оқушыны жеке,өз бетімен жұмыс істеуге баулудағы маңызы ерекше зор. Ойлану,өз бетімен іздену,жауап табу,дербес белсенділігін арттырудағы іштен оқудың атқарар рөлінің ерекше екендігі;
4)рөлге бөліп оқу.Рөлге бөліп оқу таным белсенділігі,қызығушылығын арттыруда,қабілеттерін дамытуда,сабақтың эмоциялық,психологиялық мәнін нәрлендіруде пайдалы; 5)хормен оқу.Оқу техникасын жетілдіру,мәнерлі,айқын оқу,көркем мәтінмен жұмыс істеуге баулу бүкіл сынып оқушыларын көркем оқуға ұйымдастыруда тиімді; 6)ұжымдық оқу.Әсіресе,даралап оқытуда тиімді.Оқу техникасына,мәнерлеп оқуына қарай,оқушыларды топқа бөле отырып,мұғалім ұжымдық оқуды тиімді ұйымдастырса,көркем мәтінді тез меңгертуге ықпал жасайды,мәтінді оқуға деген оқушы ынтасын арттыруға әсер етеді;
7)жұптық оқу.Жұптық оқудың тиімділігі,біріншіден өз беттерімен оқу техникасын жетілдіру дағдыларын дамытады,екіншіден ұқыпты тыңдай білуге,бір-бірінің жұмысына талдау жасай білуге икемдейді;
8)мәнерлеп оқу.Мәнерлеп оқу-әдебиетті оқытудың басты әдістемелерінің бірі.Мәнерлеп оқудың мақсаты: а(оқушыларға көркем туындының эмоциялық-эстетикалық әсерін сезіндіру; ә) көркем мәтінге жан беру,әр сөздің мәні мен мағынасын,сөз бояуларының нақышын сезе білу; в)көркем мәтіндегі айтар ой мен поэтикалық көркемдікті өздеріне болжату, түсіндіру,мәтінді талдау дағдыларын дамыту.
Әдебиет сабағының күре тамыры көркем мәтінмен жұмыс істеу деп санаймын.Оның ерекшелігі сол -- ол оқушының жүрегіне,сезім қылына әсер етуі.Оқушылармен бірге көркем шығармамен жұмыс істей отырып,олардың ойлауына,пікір айтуына ықпал жасау.мектептегі оқу мен тәрбие,сыныптан тыс жұмыстардың барлығы да оқушылардың жас ерекшелігі,психологиясына байланысты ұйымдастырылады.Сондай-ақ,балаларға көркем шығарманы оқыту,кітапқа деген құмарлығы,сөз өнеріне деген ынтасы мен құлщынысын дамыту мектептерде әдебиетті оқыту,одан білім берудің аса маңызды,әрі күрделі жұмыстарының бірі болып табылады. жазылған үлестірме қағаздар болады.
Бұл мәселелерде де оқушылардың психологиялық ерекшілігі,жасы, оқып жүрген сыныбы ескеріледі.
Кіші жастағыларға 5-7 сыныптардағы 10-12 дегі жасөспірімдер.
Ересек жастағыларға 8-9 сыныптардағы 13-14-дегі жасөспірімдер
Үлкен жастағыларға 9-11 сыныптардағы 15-17-дегі жастар жатқызылды.Балаларды топқа бөлу,әрине, қатып қалған дүние емес.Қабілеті,дарыны ынтасы,еске ұстауы,алғырлығы,ойлылығы жағынан бір сыныптағы бір жастағы балалардың өзі әр түрлі болып келетіні тәжірбиеден белгілі.
Кіші жастағылар-психологиясы,мінез-құлқы ,физиологиялық жағынан балалықтан кетсе де,әлі де қалыптасып,толысып жетпегендер.Олар-қимыл-қозғалысы жағынан шапшаң,өте әсершіл,әрі не нәрсеге де сенгіш,барлығын шыңдық деп қабылдайтын,жақсылыққа да,жамандыққа да құлай берілетіндер.
Бұл жастағыларды ертегілер әлі қызықтырады,фантастикалық,қиял ғажайып оқиғалары бар шығармаларды беріле оқиды.Кино,көгілдір экран алдынан кетпейтіндер де осылар.Сонымен осы жастағы балаларды кітап оқуға баулуда,оқырмандық мәдениетін қалыптастыруда мына мәселелерді басшылыққа алған жөн.
1.Кітапты қалай оқу керек,оқып отырып,неге назар аудару керек,яғни оқырмандық мәдениетін дамыту мақсатында үнемі басшылық жасау,ақыл-кеңес беру.Төмендегі үлгіде көмекші-нұсқау жазып,оны кабинетке іліп қою(үлестірме қағаз түрінде де қолдарына беруге болады).
Мына мәселелерге көңіл бөл
-Кітапты ұқыпты,асықпай-саспай,жыртпай,кірле тпей оқы,бүктеме, белгілеме.
-Басты кейіпкерлерін,оқиғаларын ұмытпау үшін дәптеріңе жазып ал.
-Оқып отырғаның көркем шығарма екенін,оны белгілі бір адам жазғанын ұмытпа.
-Шығарма не айтпақшы,нені үлгі етпекші,жазушы оны жазуда нені мақсат еткен,соны үнемі ойла.Өзің қандай үлгі алдың?Жолдастарың қандай үлгі алады деп ойлайсың?
-Әр оқыған кітабыңның тек қызықты оқиғасын, қуанышты,қайғылы жерлерін,не кейіпкердің басынан өткендерін ғана еске сақтамай, ең бастысы кітап саған ұнады ма,ұнамады ма,соған ой жүгірт.Неге ұнады,неге ұнамады,соны дәлелдеуге тырыс.
Әдеби шығармаларды оқытпас бұрын,оның тұрақты оқырмандарын қалыптастыру мақсатындағы жұмыстардан бұрын,осы мәселеге әр ұстаз абай болу қажет. Баланы көп шаршатпау,басы артық тапсырмалар беріп,уақытын
алмауды ойластырған дұрыс.Ол үшін барлығына да әдебиетші мұғалім бағыт-бағдар береді. Тек оқиғасын қызықтап оқу,соған бар жан-тәнімен сену, кітаптағы дүниенің барлығын өмір шыңдығы деп қабылдау, барлығына күйіну, қуану, бұл балаларда да болғанымен, ол басқалай сипат алады. Көркем туындыны оқып отырып, жүрегіне жақын нәрселерді еркін қабылдайды,әдеби талдау кезінде өз пікірлеріне көбірек жүгінеді.Кітаптағының барлығына да қайғыра бермиді. Авторға келіспеушіліктерін білдіреді, дұрыс емес,былай болу керек қой деген сөздерді олардан жиі естуге тура келеді.Мысалы, 8-сыныпта М.Әуезовтің Қараш-Қараш оқиғасы атты шығармасынан үзінді беріледі.Талдау кезінде оқушылардың көбі Бақтығұлдың мына іс әрекетіне келіспейді.
а) Биені ұрлап алып, оны жасыра тұрмай,ұсталып қалуы.
ә) Жарасбайға барып, айтқанына жүре беруі, ұрлыққа түсуі.
б) Жуандар арасында өзін Жарасбайдың ұрлыққа жібергенін ашып айтпауы.
в) Болысты жасырып өлтірмей, өзінің өлтіргенін білдіріп қоюы.
Көркем мәтінді талдау шығармашылық жұмыстарды талап етеді.Қай көркем шығарманы оқыса да, оқушылардың ол туралы өзіндік талдаудың басты мақсаты-оқушылардың өзіндік әсері, пікірі туындайды.Оқушы көркем туындыны өз дүниетанымы,сезімі, білім дәрежесіне байланысты.
Әдебиетші мұғалім алдындағы оқушыға оқырман деп қарап, оны оқырман ретінде тәрбиелеу керек.Әр бала-жеке тұлға.Әдеби талдаудың қай дәрежеде болуы мұғалімнің талдау әдіс-тәсілдерін қалай меңгергеніне де байланысты болып келеді. Әрине, сөз жоқ, мұғалімнің терең әдеби білімі,кең ой-өрісі,көркем туындыны негізінде жатқан идея,оның көтерген мәселесі ерекше назарға алынады.
Әдеби талдаудың негізгі тәсілдері,бағыттары
1.Көркем туындыдағы жазушы ойы, идеясына көз жүгірту.Тарихи,әлеуметтік жағдайлар,болған оқиғалардың қоғамдық,саяси сипаттары туралы түсінік беру(көркем туындыда сөз етілген)Әдеби талдау үшін,ең алдымен,сол көркем туындыда жазылған,баяндалған оқиғалардың тарихи негізіне ерекше назар аудару керек. Көркем туындыдағы жазушы ойы,идеясына көз жүгірту.Әдеби талдау үшін,ең алдымен, сол көркем туындыда жазылған,баяндалған оқиғалар.Көркем әдебиеттен тәлім алу тексті білуге, соған творчестволықпен көз жібере оқу өнеріне байланысты.Ең алдымен,бала көркем шығарманы оқығанда,одан ләззат алғаны жөн.Шығарманы бір емес,бірнеше рет оқу керек.Сонда ғана тереңіне бойлайсың,шығарманың сыр-сипатын танисың.Көркем шығарманы эстетикалық талғам тұрысынан білгір талдау үшін тек әдебиеттану ғылымы-әдебиет теориясын жеткіліксіз.Ол үшін соған етене басқа ғылымдарды білу шарт..Әдебиет өнер туындысы болғандықтан, эстетиканы,оның ішінде сөз өнері болғандықтан,лингвистиканы,сол сияқты әдебиеттің өз тарихын, психологияны білу шарт.Сондай жағдайда ғана мұғалім көркем шығарманың ішкі иірімдеріне, қатпарларына бара алады, оның бүкіл нәрін,шырынын оқушыға жеткізе алады.
2.Көркем туынды композициясын талдау тәсіліне бас кейіпкерлердің іс-әрекетін салыстыру;негізгі оқиғаларды сұрыптау;портрет,суреттеулердің көркем туындыдағы орнына тоқталу жатады.
3.Жазушы стиліне талдау жасаудың маңызы сол,ол туынды негізінде жатқан авторлық көзқарас,идеяны ашуға көмек жасайды.Жазушы стилі дегенде,ең алдымен,оның көркем тілі,поэтикалық бейнелер жасауы (кәрі құда, немесе сұр бұлт,т.б)
4.Көркем туындыны оның негізінде жатқан тарихи шындықтармен салыстыра қарастыру,кейіпкерлер прототипі,туралы мәліметтерден хабардар ету автор ойы,шығарма идеясын ашудың негізгі жолдары,тәсілдері болып табылады.М.Әуезовтің Еңлік-Кебек трагедиясы өмір шындығынан алынған.Ондағы бас кейіпкерлердің барлығы да өмірде болған,тағдырлары да, трагедияда берілгендей,солай аяқталған,Дегенмен, Нысан,Абыз,Жапал бейнелері жазушының өзі қиялы,мақсатынан туған.
Көркем туындыны терең түсіну,талдауда әңгімелеудің де маңызы ерекше.Әңгімелесу әдісі,әсіресе, 5-8 сыныптарда жиі қолданылады.Оның тәжірбиеде қолданылып жүрген мынадай түрлері бар:
1.Мәтінге жуық әңгімелесу.Мұнда негізгі мәселелердің барлығы көркем туынды ізімен әңгімеленеді.
2.Ішінара теріп,сұрыптап әңгімелеу.Мұғалім сұрақ қоя отырып,оқушының өзіне ұнаған эпизодын немесе бір оқиасы туралы әңгімелетеді,әсерін айтқызады.
3.Еркін әңгімелесу немесе шығармашылық жолмен әңгімелесу.Бұл әңгімелеу автор немесе кейіпкерлер атынан,немесе әңгімелеуші атынан жүргізіледі. Мысалы Бандыны қуған Хамит әңгімесіндегі банды мен Хамиттің айқасын екі бала қатар тұрып,біреуі банды,біреуі Хамит атынан баяндайды.Әңгімелеудің бұл түрі өте қызық,оқушының белсенділігін,әрі қабілетін арттырады.
Ең алдымен оның өзң кітапқұмар, ойлы оқырман, әсемдікке,сұлулыққа өзі ынтық жан болуы абзал.Көркем шығармаға сондайлық ынтызарлық болмаса ,ол оқушыны да шығарма оқуға қызықтыра алмасы хақ.Ш.Амоношвилидің пікірінше: Оқусыз таным жоқ,онсыз образдар әлеміне бойлау жоқ.Ал бірақ Оқу бар,нені оқу бар және соны қалай оқу бар.Осы тұрғыдан келтіргендедейді.
Қазіргі әдістемеде Бітібаева талдаудың төрт жолын қарастырып өткен.
-Оқушының туындыны қабылдауы, әсері, эмоциясын тану; -Эстетикалық талғамын қалыптастыруға сеп болу; -Таным қабілеті, ойлау белсенділігі мен дербестігін ұштау; -Ең бастысы - көркем туынды бойынша талдау жасау, пікір айту жолдарын меңгерту тақырыбы, авторлық идея, образдар жүйесі, сюжеттік-композициялық ерекшелігі, көркемдік-эстетикалық жағын т.б. кешенді түрде қарастыру.
Оқушы көркем мәтінді талдай білу арқылы нақты, дәлелді сөйлеуге дағдыланады,сөз құдіреті мен қасиетін ұғынады.Сол себептен,ең алдымен көркем тілмен сөйлеуге талаптандыру кажет.Әр сөйлемнің негізінде нақты ой,сол ойды анық,айқын кестелейтін сөз мәнерлері болуы маңызды.Күнделікті пайдаланатын тілді жақсы меңгерген баланы кестелеп,әдемілеп қолдануға машықтау керек.Мағынасыз сөздер,шұбалыңқы сөйлемдер айтатын ойды нақтылап айтуға,шорқақтық көркемдеп сөйлеуге зиянын тигізеді. Сондықтан көркемдеп сөйлеуді әр сабақта жүйелі түрде жүргізген тиімді болады.Көркем сөйлеу оқып отырған көркем шығармаға да тікелей байланысты.Оқушыларды әңгімелеу мазмұндау кезінде жиі мәтінге үңілдіріп,кейбір негізгі мәселелерді мәтінге жуық айтуды талап ету-осы көркемдеп сөйлеугу баулудың басты жолы.Көркем сөйлеудің негізгі белгілі топтар,фигуралар түрін меңгерту,теңеулер мен баламаларды сөйлемде жиі қолдану болмақ. Көркем мәтінді оқу барысында керекті дәйектемелерді ала білуге оралымдарды теріп алу.[10;23б]
Айналасындағы өмірдің, қоғамның эстетикалық-көркемдік сипатын көтерген
1.2 Ойын технологиясының мәні мен мазмұны
Ойын технологиялары педагогикалық технологиялардың ажырамас бөлігі болып табылады. Білім беру процесінде ойын технологияларын педагогикалық теория мен тәжірибеде қолдану мәселесі бұрыннан өзекті. Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, Д. Б. Эльконин және т. б. ғалымдар ойын теориясын, оның әдіснамалық негіздерін, оның әлеуметтік табиғатын, педагогикадағы оқушының дамуындағы маңыздылығын зерттеді. Қазіргі таңда ойын технологиялары ұстаздар үшін үлкен қызығушылық тудырады. Ойынды ғылыми жіктеуге және оны қандай да бір толық тұжырымдамамен анықтауға бірнеше рет әрекет жасалды. Бірақ, қазіргі уақытта ойын мен адамзат мәдениеті арасындағы байланыстар ғылыми тұрғыдан анықталған. Ойынның бала мен ересек адамның дамуына тигізетін маңыздылығы, ойынның биологиялық табиғаты эмпирикалық түрде анықталып, оның психологиялық және әлеуметтік факторлармен байланысы белгіленді [1;141 б.].Ойын өмірде пайдасыз көрінгенмен аса қажетті көрініс-құбылыс. Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері -- мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырмаларды тез, әрі қызығып орындайтын болады. Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы дамиды. Ал мұғалімнің міндеті -- балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету. Сонымен бірге ойын өз күшін игере алып,нақты сезінетін өзін-өзі көрсету аймағы болып табылады. Балалық шақ-адам өмірінің ең бақытты шағы.Адам қанша жасқа келсе де,балалық шағын сағынып отырады.Ал балалық шақтың керемет кезеңі-ойын кезеңі. Ойын ойнағаннан балалар шаршамайды,керісінше олардың құлшыныс арта түседі.Сол секілді сабақ барысында ойын технологиясын қолдану,мұғалім үшін керемет жұмыс,Әрі оқыту үрдісін игерсе,әрі баланың қызығушылығы арта түседі.Егер біз сабағымызды күнделікті бір сарынды өткізсек,баланың қызығушылығын,бейімділігін жоғалтып аларымыз сөзсіз. Баланың ынтасын тарту үшін оқытылатын нәрседе бір жаңалық болу керек,-деп жазады Ж.Аймауытов Психологиялық-педагогикалық тұрғыда ойын дегеніміз не? Педагогикалық энциклопедияда Ойын - үлкендердің істерін, олардың арасындағы қарым-қатынастарын қайталайтын балардың іс-әрекетінің бір түрі... дене, ақыл-ой және адамгершілік тәрбие құралдарының бірі деп анықтама берілген[5;114] Ойынның емдік қасиеті-оқушының басқалармен қарым-қатынасында,мінез құлқында туындаған әр түрлі қиындықтарды жеңуге мүмкіндік беретін,құрал ретінде қарастырылады.Ойынның бұндай қызметін Д.Б.Эльконин жоғары бағалайды. Психология игры деген кітабында Д.Б.Эльконин былай деп жазады: Ойынның даму жолы нақты заттық әрекеттен жалпыланған ойын әрекетіне қарай және одан рөлдік ойындық әрекетке қарай жүреді, рөл - ойынның мәнді орталығы болып табылады және оны іске асыру үшін ойындық жағдаят пен ойындық әрекеттер жасалынады. Ойынның қажеттілігі баланың ол рөлдерді меңгеруінен көрінеді. Өйткені ойындағы баланың әрекетін, қимылын анықтайтын қоғамдық өмірдің функциялары мен әрекет тәртіптері[4] Ойында балалардың арасындағы екі түрлі қарым-қатынас байқалады:
-ойын мазмұнымен, ережесімен анықталатын ойын қарым қатынасы; -ойын үстінде көрінетін нақты қарым-қатынас (ойынға келісім жасау, рөлдерді бөліп беру, келіспеушіліктен шығу, ұстанатын ережені қою). Олар балалар қоғамын ұйымдастырудың негізі болады, ол өз кезегінде ойынды олардың өмірін ұйымдастыру түрі етеді. Ойынның мазмұнын көрсететін тура немесе қосымша ережелердің болуы оны дамытудың логикалық және уақытша реттілігін қамтамасыз етеді. Ойында өзінің ішкі мазмұнына қарай жеке адам үшін маңызды мақсаты бар амалдар жасалады. [5;119] Ойын әдістері мен тәсілдері барынша әртүрлі.Ең көп тараған түрі-дидактикалық ойын оқулықтары.
Сондай-ақ, А.Байтұрсыновтың оқулықтары мен еңбектерінде арнайы дидактикалық ойындар деген термин қолданылып аты аталмаса да, сабаққа оқушылардың ынтасын туғызатын ойындардың түрлерін кеңінен қолданылған. Мәселен: Қата оқыған жақ қайта оқиды атты дидактикалық ойыны.
Алты бала одақтасып ат бақыл атты
Дала балалары одақ болды
Қала балалары одақ болды.
Асандар атты.Алты асық алды
Назарлар асықсыз қалды.
Асандардан асық қарыз алды.
Қақбақылдан да Назарлар қалды.
Осы сөзді 8 сөзді 8 баладан одақтасып оқиды.Бәстері қата шығармау;шығарған жақ қайта оқу,бала басынан бір сөйлемнен оқиды.Бірі қаталасса,қатасы одағының бәріне жұғады. Қаталасқан жақтан біреуі бөтен мақаланы қатасыз оқып шықса,одақтастарының қатасының бәрін жуады.
Демек,А.Байтұрсынов дидактикалық ойындарды балалардың сауатын арттыруда,олардың орфоэпиялық дағдыларын қалыптастыруда толық пайдаланған.Сонымен қатар осы ойынның тәрбиелік сипатының да артықшылығы көрінеді
Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр Әл Фарабидің Бақыт жолынды кітабында адамның танымын дамыту арқылы ой-өрісі бақыт жолына жетелеуге болатындығына зер салсақ, ұлы Абайдың қырық үшінші қара сөзінде баланың танымын алғашқы күннен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz