Халықаралық автомобиль жолдары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

АҢДАТПА

Бұл дипломдық жұмыстық мақсаты тасымалдау кезіндегі оңтайлы тасымал түрін және тасамамал жасайтын көлік түрін таңдау. Елімізде кеңінен таралған және ең көп қолдатылатын көлік түрлері арасында салыстыру арқылы тасымал түрін белгілеу. Нақтырақ айтқанда, тасымалдау кезінде болуы мүмкін барлық шығындарды, қауіпті сәттердің алдын алу. Жеткізілетін жүктің бұзылып кетуінен сақтау. Тасымалдататын жүктін темір жол тасымалы түрінен ыңғайлырақ, тиімдірек деп саналатын жүк автокөлігімен тасымалдауға ауыстыру.

Осы мақсатты негізге ала отырып, жалпы Қазақстандағы жол нарығы қалай даму үстінде, еліміздегі логистика саласында қандай артықшылықтар мен кемшіліктер бар екенін көру. Жүкті тиімді тасымалдаудың мысалын есептеу арқылы көрсетілді.

АННОТАЦИЯ

Целью данной дипломной работы является выбор оптимального вида перевозок при транспортировке, вида транспорта, который будет перевозиться. Установление вида перевозок путем сравнения между наиболее распространенными и наиболее поддерживаемыми видами транспорта в стране. В частности, во время транспортировки возможно быть предотвращение всех потерь, опасных моментов. Защита от порчи поставляемого груза. Перевод перевозочного груза с железнодорожного на грузовой автотранспорт, который считается более удобным и выгодным.

Исходя из этой цели, посмотреть, как развивается дорожный рынок в Казахстане в целом, какие преимущества и недостатки имеются в сфере логистики в стране. Пример эффективной перевозки груза был продемонстрирован расчетом.

ANNOTATION

The purpose of this Diploma work is to choose the optimal type of transport during transportation, the type of transport that will be transported. Establishing the type of transportation by comparison between the most common and most supported modes of transport in the country. Protection of the delivered cargo from damage. Transfer of transported cargo from the type of railway transport to transport by truck, which is considered more convenient and more profitable.

Based on this goal, to see how the road market in Kazakhstan is developing as a whole, What are the advantages and disadvantages in the field of logistics in our country. An example of effective cargo transportation was shown by calculation.

КІРІСПЕ

Мен таңдаған тақырып бүгінгі күні ең өзекті тақырыптардың бірі болып саналады, себебі автомобиль көлігімен тасымалдау ең ірі сала бола отырып, елімізде ұзақ уақыт бойы көлік кешенінде осы тасымал түрі өзіндек орынға ие болды және жетекші орынды иеленді. Біз бұл көлік түрін күнделікті көру арқылы онымен жақсы таныспыз және тығыз қарым-қатынастамыз, тиісінше сонын ықпалынан оның қолданыстағы артықшылықтарын, сонымен қатар кемшіліктерін, қателіктерін, өзгерістерін бақылай аламыз.

Бүгінгі таңда автомобиль көлігі - жүктерді тасымалдау мен тасымалдаудың ең маңызды құралы болып табылады және де еліміздің логистикалық кешенінде алатын орны өте ерекше.

Автокөлік тасымалдау түрінің 80 % нан жоғары бөлігі жолаушылар тасымалыны мен фрахтты тасымалдауға тиесілі болса, жұмыс күшінің 70 % нан жоғары бөлігін құрайды. Ал бөлінген қаржылық инвестициялар 55 % - дан жоғары.

Көлік тасымалдарының ішінде кең таралғаны ол - теміржол көлігі. Теміржол көлігі қауіпсіздік тұрғысынан ең сенімді көлік түрлерінің бірі ретінде пайда болды. Темір жол көлігі жылдам жүреді және басқа көлік механизмдерімен салыстырғанда жаңбыр немесе тұман сияқты әдеттегі ауа райына қатысты апаттарға аз әсер етеді. Темір жол көлігі басқа көліктерге қарағанда жақсы ұйымдастырылған. Оның белгіленген маршруттары мен кестелері болады. Оның қызметтері басқа көлік түрлерімен салыстырғанда нақтырақ, біркелкі және тұрақты. Қазір ол қалалық және қалааралық (және континенттік) желілерде ұзақ қашықтықта қолданылатын заманауи және күрделі жүйеге айналған.

Теміржол көлігі - бұл жүктерді, сондай-ақ адамдарды тасымалдау үшін қолданылатын экономикалық прогрестің құралы. Бұл тасымал түріне жолаушылар темір жолдары, жер асты (немесе жер үсті) қалалық метрополитен темір жолдары және жүк вагондары жатады. Теміржол көлігінде де бірқатар шектеулер мен кемшіліктер бар. Теміржол көлігіндегі ең үлкен кемшіліктің бірі - үлкен шығындар. Пойыздарды құрау, жолдарды салу және күтім жасау үшін үлкен қаржы қажет, ал бүкіл теміржол желісін салу кезінде шығын құны ұлғаяды. Құрылысқа, жөндеуге және үстеме шығындарға кететін шығындар басқа көлік түрлерімен салыстырғанда өте жоғары. Сондай-ақ теміржол көлігі белгілі бір жолға байланғандықтан, есіктен есікке дейін қызмет көрсете алмайды. Аралық тиеу немесе түсіру үлкен шығындарды, көбірек тозуды және уақытты жоғалтуды талап етеді.

Әуе көлігі экономикалық өсу мен дамуға қол жеткізудің маңызды факторы болып табылады. Әуе көлігі жаһандық экономикадағы интеграцияны жеңілдетеді және ұлттық, аймақтық және халықаралық деңгейде өмірлік маңызды байланысты қамтамасыз етеді. Бұл сауданы ынталандыруға, туризмді дамытуға және жұмыс орындарын құруға көмектеседі. Әуе көлігі идеясы бастапқыда жолаушыларды тасымалдаумен байланысты болғанымен, соңғы уақытта ол жүктерді тасымалдау үшін де өте тиімді даму үстінде. Логистика секторында әуе көлігі кең өріс алып, ең сұранысқа ие және пайдаланылатын көлік түрлерінің біріне айналды. Жүктерді тасымалдауда тиімді және қауіпсіз тасымалдау қызметіне қол жеткізу үшін әуе кемесінің сан түрі қолданылады. Оларда әдетте бірінші дәрежелі әуе көлігі қызметін орындау үшін тауарларды оңтайлы түрде тиеу үшін жобаланған бірнеше бөлімдері бар.

Теңіз тасымалы континенттер мен елдер арасындағы ең танымал жүк тасымалдау түрі болып табылады. Тіпті теңізге шыға алмайтын мемлекеттер де пайдаланады. Теңіз тасымалының негізгі артықшылығы олардың төмен бағасы және мұндай көліктің жақсы қалыптасқан операциялық жүйесі болып табылады.

Әртүрлі жүктерді тасымалдауға арналған су жолдарының артықшылықтарын адам бұрыннан ашқан. Алдымен ежелгі адамдар өзендердің мүмкіндіктерін пайдаланып, содан кейін олар ұзақ теңіз саяхаттарына шыға бастады. Су ең маңызды көлік жолдарының біріне айналды және әлемнің әртүрлі бөліктерінде орналасқан қалалар арасында тауар алмасуға мүмкіндік берді. Негізгі міндет үлкен көлемдегі жүктерді тез және қауіпсіз тасымалдауға қабілетті кемелерді жасау болды. Өкінішке қарай елімізде бұл тасымал түрі кенінен қолданылмайды.

Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты автомобиль көлігімен тасымалдауды зерттеу және тереңірек таңысу. Сонымен қатар RG Brands Kazakhstan компаниясының мысалында тасымалдауды қалай оптимизациялауға болатынын көрсету.

Жобалаудың негізгі міндеттері:

-Жылжымалы құрамды дұрыс таңдау арқылы кәсіпорындағы жағдайды жақсарту;

- Жүк тасымалын оңтайландыру бойынша ұсыныстарды дайындау;

-Автокөлік кәсіпорынының және жүк жөнелтушілерлердің жұмыстарын үйлестіру, жақсартуға мүмкіндік беретін ұсыныстар дайындау;

- Тасымалдау кезіндегі шығындарды азайту;

- Кәсіпорындағы тасымалдауды неғұрлым ұтымды жоспарлауды жүзеге асыру.

Дипломдық жұмыстың нысаны - RG Brands Kazakhstan кәсіпорыны.

Дипломдық жұмыстың мақсаты кәсіпорындығы жүк тасымалдарын оңтайландыру, ең қолайлы әдісті таңдау.

Бұл зерттеудің өзектілігі - жылжымалы құрамды дұрыс таңдау арқылы уақытты үнемдеуге, көлік шығындарын азайтуға және жүкті қауіпсіз жеткізуге болатынына көз жеткізу.

  1. Қазақстан Республикасындағы автомобиль көлігінің жай-күйіне шолуАвтомобиль көлігін дамытудың негізгі бағыттары

Қазақстанның көлік кешенінде барлық көлік түрлері ұсынылған, олар : теміржол, автомобиль, құбыр (мұнай және газ құбырлары, су құбырлары), сондай-ақ су (өзен және теңіз) және әуе арқылы тасымал түрі. Тиісінше, республиканың көлік инфрақұрылымында автомобиль және темір жолдар желілерінен, өзен-кеме қатынасы жолақтарынан, көптеген теміржол вокзалдары мен станциялардан, әуежайлар сияқты көлік инфрақұрылымының объектілері, сервистік кәсіпорындар және жөндеуді қамтамасыз ететін көлік құралдары, көлік қызметкерлері мен жолаушыларға қызмет көрсету орталықтарынан тұрады.

Қазақстандағы әрбір көлік түрінің тасымалданатын жүктің сипатына және қашықтығына байланысты өзіндік пайдалы тұстары бар.

Көлік кешенінің құрылымында теміржол көлігі ең жиі кездесетін тасымалдау түрі. Қазақстан темір жолдары жүк айналымының көп бөлігін (70% - дан астам) және жолаушылар тасымалының 10%- ын қамтамасыз етіп отыр. Алайда, автомобиль көлігімен тасымалдау түрі біртіндеп артып келеді, оның жалпы жүк айналымының үлесі 30% - дан асып келе жатқанынан байқай аламыз.

Автомобиль көлігі - бұл тауарлар мен жолаушыларды рельсіз жолдармен тасымалдайтын доңғалақты қозғалтқышы бар көлік. Көліктің бұл түрінің дамуы көлік тұрағының көлеміне қарай анықталады.

Автомобиль көлігі тасымалдауда жетекші рөл атқарады (әлемдегі жолаушылар айналымының шамамен 85% - ын қамтамасыз етеді), сондай-ақ

қысқа және орта қашықтықтағы тауарларды да тасымалдауда алдыңғы қатарда (тасымалданатын жүк көлемі бойынша бірінші орында) . Көліктің бұл түрінің басты артықшылығы оның маневрлік қабілеті (үйден үйге жеткізе алатындығы) . Көліктің басқа түрлерінің ішінде ол да жол желісінің ұзындығы бойынша көшбасшы болып табылады (30 миллион км немесе әлемдік көлік желісінің 70%) . (1-кесте)

  1. кесте

Автокөліктің артықшылықтары мен кемшіліктері

Автокөліктің артықшылықтары
Автокөліктің кемшіліктері
Автокөліктің артықшылықтары: Жеткізу жылдамдығы
Автокөліктің кемшіліктері: Жанар майдың үлкен шығыны
Автокөліктің артықшылықтары: Есіктен-есікке жеткізу мүмкіндігі
Автокөліктің кемшіліктері: Өзіндік құнының көп болуы
Автокөліктің артықшылықтары: Маневрдің оңай жасалуы
Автокөліктің кемшіліктері: Еңбек күшінің жоғары болуы

1-кестенің жалғасы

Жеткізу жолдарының көп болуы
Техниканың жиі істен шығып қалуы
Жеткізу жолдарының көп болуы: Ескерту-кесте автордың жеке зерттеу нәтижесінде құралған

Автокөлік елдің ұлттық экономикасының барлық салаларын дамытуда маңызы аса түсуде. Жүк тасымалының өзіндік қүнының төмендеуі транспорттық тарифтың төмендеуіне әкеледі, демек тұтынушылардың өнімдерінің өзіндік құнының төмендеуіне де әкеп соқтырады. Нарықтық қатынастардың қалыптасуы көліктегі механизм және басқару құрылымының жағдайын айтарлықтай өзгертті. Қазіргі уақытта, мемлекеттік және жеке меншікті акционерлеу және жекешелендіру өнеркәсіптің коммуналдық кәсіпорындары арқылы жүзеге асырылуда; жеке және мемлекеттік кәсіпорындар құрылуда; икемді тарифтік жүйе енгізілуде; автокөлік кәсіпорындарын өтеусіз мемлекеттік қаржылай қолдау қысқаруда; әкімшілік қызметтен көшу арқылы пайданы салық жүйесіне өту біртіндеп жүргізілуде.

Көлік қызметкерлерінің алдында тұрған басты міндет-уақытылы елдің көлік қажеттіліктерін сапалы және толық қанағаттандыру және әрбір кәсіпорынның экономикалық тиімділігін арттыру мен жалпы салаларды дамыту. Сондықтан көлік кәсіпорындарының негізгі мақсаты тасымалдаудың жеткілікті көлемін орындау ғана емес, сонымен қатар, әр түрлі саладағы кәсіпорындарға уақытылы және сапалы қызмет көрсету, кәсіпорының көлік шығындары мен тарифтерін төмендету. Нарықтық экономика көлік қызметтерін пайдаланатын тұтынушылар үшін бәсекелестіктің күшеюіне әкеледі, бұл өз кезегінде көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және олардың ауқымын кеңейтуге оң әсер етеді.

Статистикалық және тактикалық міндеттерді ұтымды шешу жолдары, елдің автомобиль көлігіндегі экономикалық саясатының өкілі, оның экономикасының негізі. Соңғы онжылдықта Қазақстандағы автомобиль көлігі экономикалық маңыздылығы бойынша құбыр және теміржолдан кейін үшінші орынды иеленді . Автомобиль көлігінің темір жолдармен салыстырғанда артықшылығына, шамамен жолдардың тығыздығының 6 есе жоғары болуы әсер етуде (1000 шаршы метрге 30 км-ден астам) . Теміржолда вагондардың жетіспеушілігі жүк тасымалдау компанияларында оң әсерін тигізуде, себебі жетіспеушілік салдарынын автокөлікті тасымалдауға тапсырыстар келіп түседі. Автомобиль көлігі жүк тасымалының едәуір бөлігін құрайды (2016 жылы 30, 8% құрады, 90-шы жылдардағы 10% салыстырғанда) және 90 % нан астам жолаушылар тасымалын құрайды. Сарапшылардың пікірінше, 2025 жылға қарай үлес көлік құралдарының жүк айналымы 32 % - ға дейін артады. Автомобиль арқылы тасымалдау Қазақстанның көптеген өңірлері үшін жалғыз тасымалдауға арналған көлік құралының түрі . (2-кесте)

Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарының ұзындығы 128 мың км құрайды, сонын ішінде оның 97, 1 мың шақырымы жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары, оның ішінде 23, 5 мың шақырымы республикалық маңызы бар 73, 6 мың км жергілікті желіге жатады. Асфальтталған жолдар еліміздің жолдарының жалпы көлемнің 32, 8% - ын ғана құрайды. Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 80% - дан астамы техникалық жағдайы экономикалық қажеттіліктерге сай емес. Республикалық автокөлік паркінде шамамен 3458, 2 мың жеңіл автокөлік, шамамен 502, 9 мың жүк көлігі және 110 мың автобустар бар. Тұрақты қызмет көрсетуді ұйымдастыруға арналған халықаралық 130 дан асатын және 115 аймақаралық жолаушылар маршруттары бар. 2011 жылдың 1 тамызында Қазақстан Республикасында 3368, 2 мың бірлік жолаушылар көлігі тіркелген.

2-кесте

2023 жылғы 1 қаңтардағы жалпыға ортақ жолдардың ұзындығы

Қоғамдық жолдардың ұзындығы
Соның ішіне
халықаралық және республикалық маңызы бар
аймақтық маңызы
аудандық маңызы
барлығы
оның ішінде - қатты жабыны бар
барлығы
оның ішінде - қатты жабыны бар
барлығы
оның ішінде - қатты жабыны бар
барлығы
оның ішінде - қатты жабыны бар
:

Қазақстан

Республикасы

Қоғамдық жолдардың ұзындығы: 94 781, 1
Соның ішіне: 86 311, 6
24 920, 0
24 801, 0
31 788, 0
30 672, 5
38 073, 1
30 838, 1
: Акмола
Қоғамдық жолдардың ұзындығы: 7 973, 0
Соның ішіне: 7 936, 1
2 347, 0
2 310, 1
2 661, 0
2 661, 0
2 965, 0
2 965, 0
: Актөбе
Қоғамдық жолдардың ұзындығы: 6 309, 2
Соның ішіне: 6 081, 1
1 869, 0
1 869, 0
1 264, 9
1 166, 1
3 175, 3
3 046, 0
: Алматы
Қоғамдық жолдардың ұзындығы: 5 608, 8
Соның ішіне: 5 485, 1
1 783, 0
1 756, 0
3 371, 0
3 329, 4
454, 8
399, 7
: Атырау
Қоғамдық жолдардың ұзындығы: 3 052, 5
Соның ішіне: 2 429, 5
1 126, 0
1 125, 6
837, 9
572, 1
1 088, 6
731, 8
: Батыс-Қазақстан
Қоғамдық жолдардың ұзындығы: 6 176, 1
Соның ішіне: 4 352, 1
1 414, 0
1 414, 0
1 620, 0
1 405, 2
3 142, 1
1 532, 9
: Жамбыл
Қоғамдық жолдардың ұзындығы: 4 338, 2
Соның ішіне: 4 326, 8
1 199, 0
1 198, 5
1 755, 7
1 755, 7
1 383, 5
1 372, 6
: Қараганды
Қоғамдық жолдардың ұзындығы: 6 631, 0
Соның ішіне: 6 600, 2
1 853, 0
1 853, 0
2 566, 0
2 566, 0
2 212, 0
2 181, 2
: Қостанай
Қоғамдық жолдардың ұзындығы: 9 173, 8
Соның ішіне: 7 244, 6
1 534, 0
1 513, 2
2 206, 9
2 114, 9
5 432, 9
3 616, 5
: Қызылорда
Қоғамдық жолдардың ұзындығы: 3 403, 6
Соның ішіне: 3 044, 6
1 015, 0
1 014, 5
557, 4
555, 6
1 831, 2
1 474, 5
: Павлодар
Қоғамдық жолдардың ұзындығы: 5 504, 9
Соның ішіне: 5 071, 0
1 663, 0
1 662, 8
1 010, 0
1 006, 0
2 831, 9
2 402, 2
: Солтүстік-ҚР
Қоғамдық жолдардың ұзындығы: 8 996, 0
Соның ішіне: 7 173, 2
1 970, 0
1 969, 8
1 983, 0
1 942, 6
5 043, 0
3 260, 8
: Түркістан
Қоғамдық жолдардың ұзындығы: 6 508, 1
Соның ішіне: 6 313, 6
725, 0
724, 6
4 022, 5
4 008, 7
1 760, 6
1 580, 3
: Шығыс-Қазақстан
Қоғамдық жолдардың ұзындығы: 5 278, 6
Соның ішіне: 5 027, 2
1 238, 0
1 238, 0
1 600, 0
1 587, 0
2 440, 6
2 202, 2
: Дереккөз: Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметтері бойынша

Автокөлік құралдарын белсенді пайдаланудың негізгі себептері жеткізудің икемділігі және қалааралық байланыстың жоғары тасымалдау жылдамдығы.

Автокөлік темір жолдардан терминалдық жабдыққа инвестициялардың аз болуы (тиеу-түсіру нысандары) және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын пайдалануда салыстырмалы түрде аз ерекшеленеді. Алайда, автомобиль көлігінде ауыспалы шығындарды ( жүргізушілердің жалақысы, жанармай шығындары, шиналар және жөндеу) бір километр жолға шаққанда едәуір үлкен. Ал тұрақты шығындар (үстеме шығындар, амортизация, көлік құралдары) көп емес. Сондықтан, теміржолдан айырмашылығы автомобиль көлігі қысқа қашықтыққа шағын көлемді жүкті тасымалдауға ең қолайлы тасымалдау түрі.

Қазақстан арқылы жалпы ұзындығы 23 мың километрді құрайтын 5 халықаралық автомобиль жолдары өтеді. (1-сурет)

1-сурет. Халықаралық автомобиль жолдары

Дереккөз:https://novelco. ru/upload/medialibrary/255/. jpg

Алматы - Астана - Қостанай (М 36 - тас жолы ) Челябинскіге шығу мүмкіндігімен

Алматы - Петропавл Омбыға шығу мүмкіндігімен (М 51)

Алматы - Семей - Павлодар (М-38 тас жолы) Омбыға шығу мүмкіндігімен

Алматы - Шымкент (А2 жолы) Ташкентке шығу мүмкіндігімен

Шымкент - Ақтөбе - Орал (М-32 тас жолы) Самараға шығу мүмкіндігімен

Логистикадағы автомобиль көлігінің түрлері.

Автокөліктер сондай-ақ оған тіркелетін қозғалтқыштар жалпы алғанда барлығы жылжымалы құрам болып саналады. Қолданылуы бойынша автомобильдің жылжымалы құрамы жүк, жолаушы және арнайы болып бөлінеді. Жүк көліктеріне - ауыр жүк көліктері, авто-тіркемелер, тіркемелер және жартылай тіркемелер, жеңіл автомобильдер - автобустар, тіркемелер және жартылай тіркемелер, арнайы көліктер, тіркемелер және тиісті жабдықпен тасымалдаусыз жұмыс істеуге арналған жартылай тіркемелер (өрт сөндірушілер, крандар және т. б. ) жатады. Пайдалану сипаты бойынша жылжымалы құрам мыналарға бөлінеді: жалпы мақсаттағы және мамандандырылған жылжымалы құрам. Негізгі жалпы мақсаттағы жүк көліктерінің айырмашылығы - дизайны борттық платформа түрінде жасалған. Мамандандырылған жылжымалы құрам көліктерінің шанақтары бар, тек белгілі бір жүктерді (самосвалдарды) тасымалдауға арналған (фургондар, цистерналар) .

Логистикада автомобиль көлігінің әртүрлі түрлері бар. (3-кесте)

3-кесте

Логистикадағы автокөліктердің түрлері

Атауы
Сипаттамасы
Суреті
№: 1
Атауы: Рефрижератор
Сипаттамасы: Тоңазытқышы бар көлік түрі : жемістер, көкөністер, теңіз өнімдері, ет және т. б. сияқты тез бұзылатын жүктерді, сондайақ фармацевтикалық өнімдерді тасымалдауға арналған салқындатылған бірегей жүйесі бар жүк көліктері. Көліктің бұл түрі тасымалдау кезінде өнімдерді салқындатады немесе мұздайды. Жүк көтерімі 20-25 тонна. Сыйымдылығы 26 стандатты палетта .
Суреті: refrigerator-hino.jpg
№: 2
Атауы: Изотерм
Сипаттамасы: Жүк салатын бөлігі тоңазытқышпен жабдықталмаған, жылуы оқшауланған жартылай тіркемелі жүк көлігі. Тез бұзылуға бейім азық-түліктерді жеткізуге арналған.
Суреті: var_7.jpg

3-кестенің жалғасы

3
Тент
Әмбебап жүктерді тасымалауға арналған жүк көлігі. Ауа-райының әр түрлі жағдайларына төзімді. Жүктерді тиеу кезінде жүк көлігіне төрт жақтанда тиеу жұмыстарын жасауға болады. Жүк көтеру сипаттасмасы 20-25 тонна.
120-long-bort-tent-s-raspashnymi-dveryami.jpeg
3: 4
Тент: Автоцеп
Әмбебап жүктерді тасымалауға арналған жүк көлігі. Ауа-райының әр түрлі жағдайларына төзімді. Жүктерді тиеу кезінде жүк көлігіне төрт жақтанда тиеу жұмыстарын жасауға болады. Жүк көтеру сипаттасмасы 20-25 тонна.: Жылжымалы құрамды адамның көмегінсіз тиеп алуға болатын жартылай тіркемелі жүк көлігі. Ұзын көлемді жүктерді тасымалдауға арналмаған. Сыйымдылығы 60 м3 тан 120 и3 дейін болады.
: fsug-atsphiyusv.png
3: 5
Тент: Ашық бортты платформа
Әмбебап жүктерді тасымалауға арналған жүк көлігі. Ауа-райының әр түрлі жағдайларына төзімді. Жүктерді тиеу кезінде жүк көлігіне төрт жақтанда тиеу жұмыстарын жасауға болады. Жүк көтеру сипаттасмасы 20-25 тонна.: Бортты яғни үсті ашық, жабылмаған жартылай тіркемме. Әртүрлі көлемі мен сипаттамасы бар жүктерді тасымалдауға арналған. Стандартты жүк көтерімі 15-25 тоннаны құрайды.
: otkritaya-bortovaya-400x237.png
3: 6
Тент: Габараитті емес жүктерген арналған платформа
Әмбебап жүктерді тасымалауға арналған жүк көлігі. Ауа-райының әр түрлі жағдайларына төзімді. Жүктерді тиеу кезінде жүк көлігіне төрт жақтанда тиеу жұмыстарын жасауға болады. Жүк көтеру сипаттасмасы 20-25 тонна.: Аты айтып тұрғандай әртүрлі жүртерді тасымалдауға арналған жартылай тіркеме. Ұзындығы жоғары және биік жүктерді тасымалдауға ыңғайлы.
: vehicle_005.jpg
3: 7
Тент: Автоцистерна
Әмбебап жүктерді тасымалауға арналған жүк көлігі. Ауа-райының әр түрлі жағдайларына төзімді. Жүктерді тиеу кезінде жүк көлігіне төрт жақтанда тиеу жұмыстарын жасауға болады. Жүк көтеру сипаттасмасы 20-25 тонна.: Цистернасы бар жүк көлігі. Жүктерді уақытша сақтауға, жақын ара-қашықтыққа тасымалдауға арналған. Бұл көлік түрімен газ, сұйықтықтар және құм тектес заттарды тасымалдауға болады. Сыйымдылығы 30-40 м3.
: img_7962.jpg
3: 8
Тент: Автовоз
Әмбебап жүктерді тасымалауға арналған жүк көлігі. Ауа-райының әр түрлі жағдайларына төзімді. Жүктерді тиеу кезінде жүк көлігіне төрт жақтанда тиеу жұмыстарын жасауға болады. Жүк көтеру сипаттасмасы 20-25 тонна.: Жеңіл көліктерді тасымалдауға арналған жартылай тіркеме. Шамамен 6 дан 10 ға дейін көлктерді тиеп, тасымалдауға болады. Жүк көтерімі 20-25 тонна.
: avtovoz-shymkent.jpg
3: Ескерту-кесте автордың жеке зерттеу нәтижесінде құралған

1. 2 Жол инфрақұрылымы

Қазақстандағы Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының желісі негізінен өнеркәсіптік және экономикалық қажеттіліктерді өтеу мақсатында қалыптасқан.

Алайда жолдардың техникалық жағдайы экономикалық қажеттіліктерді қанағаттандырмайды: Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 80 % - ы және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының 90 % - ы III-V жол санаттарына сәйкес келеді. Республикалық маңызы бар жолдың жалпы ұзындықтағы еліміздің жолдарынан 25% - ды құрайды, бірақ оның тек 4% - ы ғана техникалық санаты I деңгейлі жолдар. Қазақстандағы барлық автомобиль жолдарының оннан бір бөлігі асфальтталмаған және 1574 шақырымдық жолдардың санаты жоқ. 1990 жылмен салыстырғанда өткен жылы Қазақстанда автомобиль жолдарының ұзындығы 10, 3 мың км-ге ұлғайды оның ішінде 5, 3 мың шақырым асфальтталған жолдар. Яғни, жаңа жолдардың жартысына жуығында қандай да бір түрдегі толыққанды қатты беті жоқ немесе асфальтталмаған. Соңғы жылдары автомобиль жолдарының ұзындығының жергілікті бір жолақты қозғалысы бар және ені 4, 5 м-ге дейінгі жолдарды салу есебінен ұлғайды. Экономиканың осы саласының одан әрі дамуы жол желісінің жағдайының әсерінен тежелуде. Егер алдағы жылдары жолдардың дамуы артта қалса, бұл жағдай ұшығып кетуі әбден мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық автомобиль жолдары және негізгі автомобиль коридорлары
Автокөлік жолдары
Автожолдар
Қазақстан Республикасының автожол саласы жайында
Егемен Қазақстан Республикасы автомобиль жолдарының даму бағыттары
Көліктің маңызы және экономикалық географиялық ерекшеліктері
Уақытша автокөлік тұрағы
Автомобиль жолдарының жіктелуі
Қазақстан Республикасының көлік саласын дамытудың жолдары
Aвтокөлік жолдaрының қоршaғaн ортaғa әcерін aзaйту шaрaлaрын негіздеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz