Электр қондырғыларын электр жабдықтарымен монтаждау



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
URBAN колледжі ЖШС

КӘСІПТІК ПРАКТИКА ЕСЕБІ

Орындаған:
ЭУ-404тобы студенті
Мамадалиев Мухамадюсуф

Тексерген:
Тәжірибе жетекшісі
Жаныбеков Е.

Астана2024

МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1.Қауіпсіздік ережесі
2. Сымдар мен кабельдер
3.Электр монтаждау жұмыстары өндірісінің техникалық құжаттары мен жалпы шарттары
4. Электр қондырғыларын электр жабдықтарымен монтаждау
5. Электрлік қондырғыларды жөндеу
Қорытынды

Кіріспе
Мен Мамадалиев Мухамадюсуф 27.11.2023-12.01.2024ж аралығында ИП Көкпар мекемесінде кәсіптік тәжірибені өттім.
Электрмен қамту жүйесіндегі электротехникалық материалдар, Электротехникалық материалдардың қолданылуы мен жіктелуі. Заттардын күйі. Қаттызаттардын энергетикалық айиақтары,Электротехникалық материалдардың қасиеттері. Материалдардың химиялық байланыс түрлері, Өткізгіш материалдар. Өткізгіш материалдардың жіктелуі, Жоғарыөткізгіштер. Диэлектриктер, сұйық диэлектриктер. Жартылай өткізгіш материалдар. Қарапайым жартылай өткізгіштер, Күрделі жартылаи өткізгіштер. Электірлік өлшеудің энергетикалық орны, Электрлік өлшеудін әдістері мен тәсілдері. Өлшеудін қателіктерін анықтау тәсілдері. Электірлік өлшеу қателіктерінін жіктелуі, Аналогтық өлшеуіш аспаптардын метрологиялық сипаттамасы. Магнитоэлектірлік жүйедегі өлшеуіш механизмдер, Электрлік өлшеу механизмдерінін түрлері. Электромагниттін жүйедегі өлшеуіш механизмдердін жұмыс істеу принципі. Арнайы қолдану облысы әсер принципі негізгі қондырғылар және параметрлер тандау. Тұрақты ток пен кернеу өлшеу аспаптарынын жұмыс істеу принциптері мен схемалары. Тоқтық және кернеулік өлшеуіш трансформаторлар. Электрлік кедергіне өлшеу. Реактивтік элементтердің параметрлерін өлшеу. Жиілік пен уақыт аралығые өлшеу. Электрлік қуат пен энергиянын шығынын өлшеу. Элетр монтаждау туралы жалпы ақпарат. Ғимараттарды қабылдау үшін қабылдау ережелері электр қондырғыларынын жұмысы. Электрлік керек-жарақтарды орнату. Электр қондырғысы кезінде қосылу тәсілдері. Жабдықты бақылау және қорғау есепке алу құрылғыларына қуат тұтынуы. Жерге орнату ережелері элементтерді жерге қосу құрылыстары. Электрмен жабдықтауды жөндеу туралы ақпарат біліп таныстым.

1.Қауіпсіздік ережесі

Электр қондырғыларын орнату ережелері (ЭОЕ) электр жабдығығын таңдау, электр қондырғыларын құру және оларды сынау тәртібін анықтайтын негізгі нормативтік құжат болып табылады. Оларда электр қондырғыларының және электр қабылдағыштардың терминдері, анықтамалары және жіктемесі; сымдарды, кабельдерді, электр аппараттарын, өлшегіш аспаптарды таңдау бойынша талаптар; қызмет көрсетуші персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар келтірілген.
Барлық негізгі электр жабдығы үшін қабылдау-тапсыру сынақтарының түрлері мен нормалары, сонымен бірге сынақтарды жүргізу мен нәтижелерін рәсімдеу реті белгіленген.
Электр техникалық қондырғыларда монтаждау жұмыстарын жасау әне қабылдап алу жөніндегі ережелер 3.05.06-85 Электр техникалық қондырғылар ҚНжЕ-де баяндалған. Оларда:
:: электр жабдығының негізгі түрлерін сақтауға,
:: нысандарды монтаждауға дайындауға және тапсыруға,
:: монтаждау ұйымдарының жобалық-смета құжаттарын қабылдауына,
:: жұмыстардың электр монтаждау ұйымдары мен басқа қатарлас мамандандырылған ұйымдар арасында бөлінуіне,
:: электр монтаждау жұмыстарын орындаудың жалпы тәртібіне,
:: электр жабдығын жөнге келтіруге тапсыруға және құжаттарды жұмыс бабындағы комиссияның қабылдауына ұсынуға қойылатын талаптар баяндалған.
Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану ережелері(ТПЕ) электр қондырғыларын пайдалану жөніндегі персоналдың міндеттері мен тапсырмаларын және оған қойылатын талаптарды, жалпы мақсаттағы электр жабдығын және арнайы электр қондырғыларын пайдалану және жөндеу кезінде жұмыстарды орындау ретін, сондай-ақ пайдалануда тұрған электр жабдығын сынаудың мерзімдерін, көлемдерін және нормаларын анықтайды.
Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелері (ҚТЕ):

:: электр қондырғыларындағы қауіпсіз жедел қызмет көрсету және жұмыстар жүргізу талаптарын;
:: ұйымдық және техникалық шараларды орындаудың ретін;
:: электр қозғалтқыштарға, коммутациялық аппараттарға және жинақы бөлгіш қондырғыларына қызмет көрсету кезіндегі, электр берілісінің кабельді және әуе желілеріндегі жұмыстар кезіндегі, жабдықты сынақтарды және өлшеулерді жүргізген кездегі қауіпсіздік техникасының ережелерін және т.б. белгілейді.
Қауіпсіздік техникасы бойынша жалпы ережелерді орындаудан өзге, электр өткізгіштерді монтаждауға тән бірқатар шаралар орындалуға тиіс. Көтерген кезде және биіктікте орналастырған кезде материалдардың және заттардың құлап түсуін болдырмау мақсатында олар сенімді төселуге және бекітілуге тиіс. Өткізгіш сымдарды және кабельдерді төсеуге құбырларды, астауларды және қораптарды түпкілікті бекіткеннен кейін ғана рұқсат етіледі. Олардың үстінен жүруге рұқсат берілмейді. Сымдарды төсеуге арналған түтіктердің ұштары кесілуге және қабыршақтардан тазартылуға тиіс. Сымды немесе кабельді түтіктерге беріп тұрған монтаждаушы, қолдардың түтіктерге тартылуынан сақ бола отырып, ерекше абайлықпен жұмыс істеуге тиіс, бұл үшін қол және түтік арасындағы қашықтық кемінде 0,3 м болуға тиіс.
Балқытылған дәнекерді қалыпқа құю тәсілімен дәнекерлеу брезенттен жасалған ұзартылған қолғаптарда жасалуға тиіс, балқыған дәнекер бар тигель ыдысты берген кезде оны қолдан қолға бермей, жерге орнату керек. Дәнекерлеу аяқталғаннан кейін қалыптарды бөлектеуге тек олар салқындағаннан кейін ғана рұқсат етіледі.

2.Сымдар мен кабельдер

Тартылу және эксплуатациялану жағдайына орай үстінде жеңіл металл қабықшасы, талшық материалдан не талсымнан дайындалған орамасы және торламасы бар бір не бірнеше ширатылған талсымнан не бір не бірнеше изоляциялған тарамдардан тұратын бұйым - сым деп аталады. Кіші кернеулі электр тарату тораптарына арналған сымды орнатылатын сым деп атайды. Жылжымалы және тасымалы электр құрылғыларын ток көзіне қосу үшін, тарамдарының иілгіштігі жоғарылатылған және изоляцияланған сым - баулық сым деп атайды.
Сымның және кабельдің маркасы олардың ток өткізетін тарамдарының материалын, изоляциясын иілгіштік дәрежесін және қорғағыштық жамылғыларының құрылмасын көрсететін әріптік белгімен таңбаланады.
Сымдар изоляцияланған және изоляцияланбаған, қорғанышты және қорғанышсыз болып бөлінеді. Изоляцияланбаған сымдар негізінде ауа электр желілерінде пайдаланылады. Изоляцияланған сымдардың ток өткізетің тарамдары негізінде алюминийден және сирек мыстан дайындалады. Сымдарды механикалық зақымнан, жарық пен ылғалдың әсерімен сақтау үшін резенқе, пластмасса не түгісі бүктелген металл қабықша пайдаланылады. Сыртында қорғағыштық қабықшасы бар сым - қорғанышты сым деп аталады. Кейбір сымдардың шірүге қарсы құрам сіңдірілген, мақта жіптен тоқылған торламасы болады. Қорғанышсыз сым - изоляциясының үстінде механикалық зақымнан қорғайтын қабықшасыз сым.
Сымдар мен кабельдердің тарамдар саны 1-4 дейін болады. Тарамдарының стандартталынған көлденең қимасының ауданы мынадай болады (шаршы мм): 0,5, 0,75, 1, 1,5, 2,5, 4, 6, 10, 16, 25, 35, 50, 70, 95, 120, 150, 185, 240, 300, және 400.
Сымдардың маркасындағы әріп - символдардың түсініктемесі: бірінші әріп - ток өткізетін тарамның материалы (А - алюминий: А әрпі болмаса - тарам мыстан); екінші әріп П-сым; үшінші әріп - изоляцияның материалы (мысалы, Р-резенқе, В-поливинилхлорид, П-полиэтилен). Сымдар маркасында олардың басқа құрылмалық бөлшектерін таңбалайтын мынадай әріп-символдар болуы мүмкін: О-торлама, Т-түтіктер ішімен жүргізілуге арналған, П-жалпақ, Ф-тігісі бүктелген металл қабықша, Г-иілгіш және т.б.
Электр тартымдарын жүргізуге сымдармен қатар көлденең қимасының ауданы кіші келетін резенқе не пластмасса изоляцялы, қорғағыштық қабықшасы бар АВРГ, АВВГ, АНРГ және басқа маркалы кабельдер де пайдаланылады.
3.Электр монтаждау жұмыстары өндірісінің техникалық құжаттары мен жалпы шарттары

Электр монтаждык жумыстардын ондірісі техникалык жэне директивті
кужаттармен камтамасыздандырылады.
Негізгі техникалык кужаттын кызметін электр монтаждык жумыстармен катан келісімділікпен орындалатын электр кондыргылардын жобасы аткарады.
Жобамен кабылданган техникалык шешімдирді озгертуге, тек олардын
сипаттамалары принципиалды болган жагдайда, жобалау уйымынын - жоба
авторынын келісімі бойынша гана руксат етіледі. Принципиалды емес сипаттаманы тапсырыс берушінін келісімі бойынша озгертеді.
Электр монтаждык жумыстарды жургізу барысындары керекті талаптардын созсіз орындалуын кажет ететін негізгі директивті кужаттар болып кушіне енген, электр кондыргылардын орналастыру ережелері (ЭКОЕ-ПУЭ) жоне курылыс нормалары мен ережелері болып табылады (КНжЕ-СНиП).
Монтаждау уйымдары директивті кужаттар негізінде монтаждык нускаулар
мен технологиялык карталар жасайды, ал электр жабдыктар мен
материалдарды жеткізушілер электр монтаждык жумыстарды орындаушылар ушін ондіріс оз жумыстарында пайдаланылатын зауыттык нускауларды
жасайды.
Іс жузінде бар монтаждык нускаулар, жумыстын орындалу технологиясы, нормалар мен ережелер корсетілген, колданылатын материалдардын, икемделулердін, механизмдердін жэне т.б. келтірілген директивті кужат бола тура, енбектін максималды онімділігін камтамасыз ететін жогарны нотижелі жумыс амалдарын толыктай корсете алмайды. Нускаулар белгілі бір технологиялык кешеннін орындалуына койылатын талаптарды корсетеді, бірак осы талаптардын орындалуына кажетті накты амалдардын талдаулары (анализдері) корсетілмейді.
Сондыктан, енбек урдістерінін технологиялык карталары жасалынады. Бул карталарда: жумыс урдісінін технологиялык реті; алдынны катарлы амалдар мен енбек эдістері; колданылатын механизмдердін, икемделулердін жане куралдардын тізімі, курылгылар мен буйымдарды монтаждык тораптарга бекіту бойынша нускаулар; нормативтік (шектеулік) материалдар - енбек урдісінін графигі, енбек шыгынынын калькуляциясы, жумыс орындарын
уйымдастырудын сулбалары, бригаданын, звенонын сандык курамы жэне
олардын квалификациясы жане т.б. аныкталады. Технологиялык карталардын
болуы монтаждау бригадаларына берілген уакыта кол жеткен денгейде жумыстарды орындауга жоне маусымдык бакылаудын дорежесінін жогары болуынын камтамасыз етілуіне мумкіндік береді.
ЭКОЕ (ПУЭ) электр кондыргыларды жоне электр жабдыктарды жондеу,
колдану жагдайындагы жоспарлык жэне профилактикалык сынауларды
жургізуді; кызмет корсетуші персоналды окыту, олардын техниканы пайдалану жоне кауіпсіздік техникасы туралы білімін тексеруді ескере отырып
жасалынады.
Электр кондыргыларды монтаждау кезінде колданылатын машиналар, трансформаторлар, олшеуіш куралдар, откізгіштер, кабельдер, окшауламалык майлар жэне баска да материалдар мен электр жабдыктар, бекітілген ГОСТ-
тарга, немесе техникалык шарттардын талантарына сойкес болуы керек. Бул
жагдайда электр жабдыктары, олардын курылысы, орындалу турі, орналасу эдісі жэне окшауламасы электр кондыргынын номиналды кернеуіне, коршаган ортанын жагдайына жане ЭКОЕ-нін болімдері мен тарауларына сэйкес келуі кажет.Монтаждальнатын электр курылгылар мен материалдар оздерініт нормативті кепілдік жэне есептік сипаттамалары бойынша берілген тораптардын немесе кондыргынын жумыс шарттарына сойкес келуі кажет.
Оларды тандау барысында колдану жоне монтаждау тожірибелік, кауіпсіздік жоне орт кауіпсіздігі техникаларынын талаптарын ескереді. Электр
жабдыктары мен электр тораптарынын монтаждалуын ЭКОЕ (ПУЭ) жоне
КНжЕ (СНи) талаптарына катан сойкестікте орындайды. Курылыс материалдары жане курылымдар (конструкциялар) ортке карсы
талаптарга сойкес жану дорежесі бойынша уш топка болінеді:
а) орт ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электр жабдықтарды жөндеу ерекшеліктері
Құрылыс - монтаж жұмыстары
ҚҰРАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН БӨЛШЕКТЕРДІ ДАЙЫНДАУ
Электр машиналарына техникалық қызмет көрсету
Электр машиналарын монтаждау
Бейнебақылау жүйесін жобалау
Арысқұм мұнай кенінің бұрғылау, қондырғысының жаңартылған қосалқы элементтерін электр энергиясымен қамтамасыз ету
Қалыптардың тегістеуден
Орта мектепте факультатив курстарында электротехниканы оқыту
Электр монтаждау жұмыстары
Пәндер