Қазақ мемуарлық романы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті

Қазақ тілі және әдебиеті БББ

Курстық жұмыс

Оқу пәнінің атауы: Қаза
Тақырыбы: Ш.Мұртазаның Ай мен Айша роман-эссесінің мемуарлық сипаты
Жетекші оқытушы: филол.ғылым.канд., доцент
Құралқанова Ботагөз Шайкенқызы
Студент: Жақсылық Ақжүніс Қайратқызы
Топ: ҚТӘ-39
Павлодар 2024
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Қазақ мемуарлық романы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4-7
1.1. Мемуарлық роман жайлы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 4-7
2. Ай мен Айша роман-дилогиясының мемуарлық сипаты ... ... .. 8-18
2.1. Азаматты ана өсіреді ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 8-11
2.2. Роман-дилогиядағы замана шындығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12-15
2.3. Роман-дилогияның танымдық және этнографиялық сипаты ... ... 16-18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18-19
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... . 20

КІРІСПЕ
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Курстық жұмыс тақырыбымыздың өзектілігі жазушымыздың Ай мен Айша роман-дилогиясында жеке адамға тарихи дәуірдің , қоғамның әсері, әу баста дұрыс қалыптасқан, санада берік орныққан ұлттық озық дәстүрдің адамның рухани кемелденуіне, сол арқылы қоғамдық прогреске үлесі тәрізді мәселелер алдыңғы кезекке қойылған.
Ай мен Айша роман-дилогиясы көркемдік деңгейі жағынан Ш.Мұртазаның ең келелі туындыларының бірі, кемелденген әдебиет жемісі. Ай мен Айша тек өмірбаяндық роман емес. Бұған қоса ол - тарихи шығарма. Онда автор өзі өткен өмірлік жолының ғана белестеріне үңіліп қоймайды, сонымен бірге туып-өскен ортасының да шындығын кеңінен қамтып ашады, тұтас тарихи бір кезеңнің көріністерін береді.
Курстық жұмыс мақсаты: Шерхан Мұртазаның Ай мен Айша роман-дилогиясының көркемдік және танымдық сипаттарын зерделеу. Жазушының қазақ көркем романын дамытудағы, оның жанрлық түрін байытудағы рөлі, күрмеуі көп күрделі жанрдағы өзіндік ізденістері мен шеберлігі, көркем образдар жасаудағы әдісі, өмірлік пайым-көзқарасын танытудағы жоғары интеллектуальдық қасиеті, бір сөзбен айтқанда Ш.Мұртазаның Ай мен Айша роман-дилогиясының қазақ әдебиетінде алатын орны курстық жұмысымыздың басты сипаты. Ай мен Айша роман-дилогиясының басты ерекшеліктерін сөз ете отырып, көркемдік өзгешеліктері мен проблемаларын қозғамақпыз.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Ш.Мұртазаның Ай мен Айша роман-дилогиясын жазуына ықпал еткен алғы шарттарды айқындау;
- Романның көкейтестілігін, маңызы мен көркемдік мәнін саралау;
- Романның халық басынан кешкен шындықты жеке адамның қалыптасуы арқылы көркемдік тұрғыда терең таныта алған кесек туынды, роман жанрындағы үлкен табыс болғанына көз жеткізу;
- Романның мазмұндық, көркемдік, танымдық сипаттарын таныту;
- Ш.Мұртаза - қазақ әдебиеті тарихынан алар өзіндік орны бар, ұлттық әдебиетіміздің дамуына үлес қосқан шығармашыл тұлға екенін негіздеу;
Курстық жұмыстың зерттеу нысаны мен дереккөзі. Зерттеу нысанына Ш.Мұртазаның Ай мен Айша роман-дилогиясы,
Курстық жұмыстың жазылу әдісі - жинақтау, жалпылау, талдау, салыстыру, саралау, тұжырымдау.
Курстық жұмыс құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, бірнеше тараушадан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.

Қазақ мемуарлық романы
Мемуарлық роман жайлы жалпы түсінік

Мемуарлық роман көптеген халықтардың әдебиетінде өзіндік орны бар жанрлардың бірінен саналады. Жалпы мемуар дегеннің не екендігі туралы Әдебиеттану терминдер сөздігінде берілген теориялық сипаттама мынандай: Мемуар, естелік (фран. memiores - еске алу), автордың өз көзімен көрген, қатысып, араласқан оқиғалар жайындағы жазбалары өмірбаян түрінде, күнделік түрінде, жол жазбалар түрінде кездеседі. Қандай үлгіде жазылса да, әдеби шығарма жай естелік болып қалмайды. Естелік немесе өмірбаян, күнделік түрлерін пайдалану көркемдік тәсіл ретінде қолданылады, шығарманың өмірдегі болған уақиғаларға, нақтылы деректерге сүйеніп, жазылғанын көрсетеді. Сонымен бірге мемуарлық көркем шығармаларда белгілі тарихи кезеңнің айтарлықтай мәні бар уақиғаларды іріктеліп алынып, жинақталып бейнеленеді... Мемуарлық шығармада автордың өзі көріп білген жайларды, әр түрлі адамдардың әрекетін анықтап, айғақтап айтатыны - бұл жанрдың өзгешелігі және артықшылығы [1, 226-б.]. Мемуар жанрының туу тарихы ерте дәуірлерден басталды десек те, оның шын мәніндегі жетілу, қалыптасу кезеңдері - XVIII-XX ғасырлар. Мемуар жанрының үздік классикалық үлгілеріне К.Гольдонидің "Мемуарлары", А.Герценнің "Көргендер мен ойлары", М.Горькийдің "Менің университеттерім", С.Сейфуллиннің "Тар жол, тайғақ кешуі", С.Айнидің "Бұқарасы", С.Мұқановтың "Өмір мектебі", т.б. жатады.
Ал мемуарлық роман болса осы анықтамада айтылып отырған шығарманың роман жанрының талаптарына сай көркемделіп жазылған түрі. Мемуарлық романнан нақтылықпен бірге образдылық та талап етіледі. Онда адамның сезім-күйі, ішкі буырқанысы көрініс табуы, көркем әдебиетке қойылатын эстетикалық талаптардың барлығы да орындалуы тиіс. Яғни, деректілікпен бірге онда таза көркем шығарманың қажетті компонеттері қоса көрініс тауып отыратынын ұмытпағанымыз жөн.
Әдебиетсүйгіш қауымды толғантатын теориялық сауалдардың бірі - мемуарлық роман мен естеліктің айырмашылығы қандай деген мәселе. Жанр табиғатын толық түсіне алмаушылықтың салдарынан кейде осы екі жанрдың ара парқын нақты ажырата алмай қалатын, соның салдарынан естелік пен мемуардың, оның ішінде мемуарлық романның ара жігін нақты ажырата алмай жататын жағдайлар кездеседі. Жанр табиғатын анықтауда оны жіктеп берудің маңызды мәселе болып табылатындығы осында.
Мемуарлық роман - көркем әдебиеттің, оның ішінде проза жанрының бір түрі. Ал естелік пен деректі ғұмырбаяндық туынды болса, әдебиеттен гөрі журналистикаға жақын болып келетін, соның сипаттарын бойына көбірек сіңірген сала. Таза естелік сипатында жазылған шығармаларда көркем әдебиетке тән белгілер онша көп ұшыраса қоймайды.
Осыдан келіп бұлардың табиғатында ұқсастықтармен бірге өзгешеліктердің де бар екендігі заңды. Атап айтқанда, естелікте көркем әдебиеттің жаны болып келетін бейнелілік, образдылық солғын. Кейіпкердің жан дүниесі, ішкі әлеміндегі буырқаныстар, персонажға тән нақты мінез-құлық та онша байқала қоймайды. Естеліктің тілдік қоры онша бай бола қоймайды әрі оның жазылуында баяндау сарынындағы құрғақ стиль, нақты деректер мен мағлұматтар, тіпті цифрлар тізбегі басым болып келеді. Сонымен бірге деректі ғұмырбаяндық шығарма мен естелікті, кәсіпқой жазушыны былай қойғанда, жазушы емес авторлар да жазып жатады. Бір сөзбен айтқанда, мемуарлық романның өзге өмірбаяндық туындылардан басты айырмашылығы - көркемдік деңгейінің жоғарылығы мен прозалық туындыларға тән эстетикалық сипаттарының айқын көрініп тұруында.
Бұл жанрдың бастауында тұрған М.Х.Дулатидың "Тарих-и Рашиди" атты көлемді туындысының орны бөлек. Біріншіден, әдеби болып есептелгенімен, оның тарихи құндылығы басым, фактілер мен деректердің шежіре көзі екендігі дау туғыза қоймаса керек. Екіншіден, бұл бүгінгі қазақ әдеби тілінен алыс парсы тілінде жазылған. Авторы қазақ болғанымен, тілі бөтен және баяндалатын оқиғалардың басым көпшілігі қазақ тарихына тікелей қатысы шамалы жайлар екендігін де ескеруге тура келмек. Үшіншіден, қазақ мемуарының алғашқы қарлығашы ретінде танысақ та, бұл шығарма қазақ мемуарына дәстүрлі жол салып бере алған жоқ. Өйткені оның әдеби қауым мен оқырмандарымызға таныс бола бастағанына кейінгі оншақты жылдың жүзі ғана. Оған дейін, басқасын айтпағанда, бұл туындының аты бұқара жұртшылыққа жақсы танымал болған еді деп кепілдік беру қиын. Қазақ мемуарлық романдарының ешқайсысына "Тарих-и Рашиди" белгілі бір ықпал жасай алды деп тұжырымдауға негіз жоқ [2, 23-б.].
Филология ғылымдарының докторы А.Нұрқатов осы жанрдағы шығармалар жөнінде: Қазіргі қазақ прозасында бұл жанрдың алуан түрлі формалары туды. Солардың бірі - мемуарлық, өмірбаяндық роман.
Біздің жазушыларымыз бұған да реалистік орыс әдебиетінен үйрене отырып, оның дәстүрін творчестволық жолмен баурай отырып келгені даусыз [3, 298-299-б.] деген тұжырымды пікір айтады.
Қазақ мемуарлық романдарының жазылу тарихын екі кезеңге бөліп қарастырған жөн. Оның біріншісі 1925-1963 жылдардың аралығы болса, екіншісі Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бергі жылдар. Осы кезеңде жазылған туындылардың бір-бірінен мазмұндық тұрғысынан да, шындықты айту тұрғысынан да айырмашылықтары байқалады. Бірақ мемуарлық роман құрылымы - автордың өзінің балалық шағынан бастап, өмір белестерімен ары қарай өрбітуі ешқашан өзгермейді. Мемуарлық шығарманың мазмұндық құрылымына қатысты ойларын атақты авиаконструктор А.С.Яковлев "Өмір мұраты" деген мемуарында былай деп тұжырымдаған: Мемуарлар авторы - мейлі ол мүсінші және қайта өркендету дәуірінің бармағынан бал тамған зергер Бенвенуто Челлини болсын, біздің замандастарымыз - Алексей Алексеевич Игнатьев, жазушы Илья Эренбург болсын - осылардың бәрі де естеліктерді балалық шақтан бастайды, әлімсақтан бергі дәстүр солай. Ал кейбіреулер, тіпті көпшілік авторлар, оқырмандардың өзінің ата-тегі, өскен жерімен таныстыруды қажет деп табады.
Естелік жазуды қолға алған екенмін, демек мен де сол дәстүрлі бастаудан аулақ кете алмайтын шығармын [4, 3-б.]. Осы айтылған шығармашылық үрдіс басқа да мемуарлық романдарға да тән, оның ішінде қазақ авторларына да жат емес.
Кеңес дәуірінде қазақ мемуарлық романдарының дәстүрлі тізіміне С.Сейфуллиннің "Тар жол, тайғақ кешу", С.Мұқановтың "Өмір мектебі", Ғ.Мұстафиннің "Көз көрген", С.Көбеевтің "Орындалған арман" сияқты санаулы шығармалары ғана кіретін. Бұл қатар еліміз тәуелсіздік алғаннан бері Ә.Нұршайықовтың "Мен және менің замандастарым", Х.Әдібаевтың "Өмірдария", Ш.Мұртазаның "Ай мен Айша", Қ.Жұмаділовтың "Таңғажайып дүние", М.Мағауинның "Мен", Қ.Ысқақтың "Келмес күндер елесі" мемуарлық романдарымен толықты.
Мемуарлық романның бас кейіпкері - автордың өзі. Осы реңде жазылған қай шығарманы алсаңыз да, әңгімені бірінші жақтан айтып отырған автор-кейіпкер түрлі оқиғалардың, тартыстар мен шиеленістердің арасында жүреді де, соларға қатысты жайларда өзінің жеке көзқарасымен бірге ішкі болмыс-бітімі де еріксіз ашылып отырады.
Автордың әдеби мемуардағы қызметі өте маңызды, автордың образын екі сипатта қарастырамыз. Бір жағынан алғанда автордың жеке бейнесі шығарма кейіпкерлерінің қатарына кіреді және ол көп жағдайларда басты рөлде жүреді. Екінші жағынан, ол - осы көркем дүниені тудырушы. Мемуарлық туындыны өмірге келтіру үшін автордың интеллектуалдық өресінің, танымдық-эстетикалық талғамының жоғары болуы шарт. Профессор Б.Кенжебаевтың: Олай болса, мемуарлық шығарма тарих ізімен, тарихи шындыққа сай жазылады. Оның авторы, өзіне үлкен талаптар қоя отырып, басынан өткендерін, көрген-білгендерін, әр кездегі ойларын бүркемей, боямай, бұрмаламай, ашық, дәл, нақты жазады; өзінің шын сыры, бір кездегі ізгі мақсаты, арманы етіп баяндайды.
Мемуардың авторы өзінің өткен тамаша, терең мағыналы, ұлы оқиғалы өмірін, оның тарихи кезеңдерін қорыта келіп, бұрынғыны әңгімелей отырып, болашаққа ой тастайды [5, 259-б.] деген пікірі шығарманы жазу кезіндегі автордың жауапкершілігін айқын көрсетеді.
Балалық шақты суреттей отырып-ақ, замана шындығын айтуға болатыны С.Мұқановтың "Өмір мектебі" кітабынан айқын көрінеді. Жазушының балалық шағы және жастық шақтары қазақ халқының тарихындағы ең бір бұлыңғыр ауыр жылдармен сәйкес келген. Егер хронологиялық тұрғыдан алып қараған жағдайда жазушының балалық және жастық кезеңінде Қанды жексенбі (1905), Столыпин реакциясы (1906-1907), Бірінші дүниежүзілік соғыс (1914-1918), Ақпан және Қазан революциялары (1917), Азамат соғысы (1918-1920), "Алаш" қозғалысы мен "Алашорда" үкіметінің құрылуы (1917-1920), Кеңес өкіметінің орнауы сияқты ұлы дүбірлі оқиғалар сәйкес келген.
С.Көбеевтің ықшам жазылған Орындалған арман мемуарлық романында да көңіл бөлетін кезеңдік факторлардың бірі - балалық шақ көріністері. Автордың бұл романда бірінші - ағартушылық, оқытушылық мәселесін өзек етіп алса, екінші - қазақ қоғамындағы таптық қайшылықтар, Кеңес өкіметінің жеңісті жолдарын арқау етеді.
Ш.Мұртазаның Ай мен Айша атты мемуарлық романын оқып шыққаннан кейін оқырманның ең бірінші түйетін ойы - жазушының балалық шағындағы оқиғалардың қоюлығы, бастан кешкен жайларының, өмір соқпағында ұшырасқан адамдар қатарының соншалықты молдығы. Өмір кеңістігіне енді ғана қадам басқан жас баланың алдынан ұшырасып, тағдырына араласқан әрбір адам өз алдына дара бір сюжеттің туындауына, бұрынғы айтылып келе жатқандарға ұқсамайтын жаңаша бір ойдың түйінделуіне себепші. Жас кейіпкердің жадында сақталып қалған жекелеген көріністер мен шағын оқиғалардың өзі-ақ сол замандағы өмір суреттерін шынайылықпен көз алдыңа әкелері сөзсіз.
Жоқ жерден жала жабылған әкесі Мұртазаның айдалып кетіп, сол қалпы қайтып оралмауы, шырылдаған шиеттей үш баламен тірідей жесір қалған шешесі Айшаның ауыр тағдыры, отағасынан айырылған жартыкеш шаңырақтың бірінен кейін бірі таусылып бітпес озбырлыққа ұшырауы, қабырғалары қайысып, қаншама тауқымет татса да, суға кеткен тал қармайдының кебімен күресіп бағуы, жеңілістерден құралған жылдар тізбегі - адамды қай жағынан да мейлінше қажытып, шаршатып жіберетін ауыр ахуалдар. Анасы Айша да, әлі бұғанасы қатып, буыны бекімеген Барсхан да ел қатарлы ауа жұтып, тыныс алу үшін ғана жандарын жалдап күресіп бағады. Таразы басы тең емес шатқаяқтаған күресте олардың жеңістерінен гөрі жеңілістері көп.
Сонымен мемуарлық романда балалық шақ суреттері өмірбаян жолындағы маңызды атрибуттардың бірі екендігі осы шығармалар мазмұнынан айқындалып отыр. Адам санасын ол кезде балаң десек те, кейбір әлеуметтік-қоғамдық көзқарастар осы кезеңде қалыптаса бастайды екен. Тіпті тауқыметті өмірдің жас адамды ерте есейтетіні аталған романдарда нақты оқиғалар арқылы дәлелденіп отырады.

2. Ай мен Айша роман-дилогиясының мемуарлық сипаты
2.1. Азаматты ана өсіреді

Ұлтымыздың рухани дамуына, әдебиетіміздің өркендеуіне өміршең шығармаларымен үлес қосқан қазақтың халық жазушысы Шерхан Мұртаза 1932 жылы 28 қыркүйекте Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ мекенінде туған.
Шерхан Мұртаза сегіз жасында мектепке барып, 1950-ші жылдардың басында орта білімін аяқтайды. 1955 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Көктен іздегеніміз жерден табылғандай шығарманы қызыға оқыдық. Толқыдық. Ойға қалдық. Бір сәт жазушының бұдан бұрынғы шығармаларына да көзімізді салып шолып өткен боламыз. Табылған теңіз, Бұлтсыз күнгі найзағай, 41жылғы келіншек, Белгісіз солдаттың баласы, ... Қара маржан, Қызыл жебе, Жұлдыз көпір, ... Тамұқ, т.б. Иә, әңгімелер, повестер, романдар. Бәрінде де ойда қалар оқиғалар, естен кетпес кейіпкерлер бар. Уақыт, заман тынысы бар. Қым-қиғаш тағдырлар көлденеңдеп алдыңды орайды. Бәрі де ойлантады, күрсінтеді. Бірақ Ай мен Айшаның жөні бөлек екен [6, 24-б.].
Шығарманың ерекшелігі жазушы Ай мен Айшаға дейін өзгелердің өмірі туралы жазса, ал бұл жолы өзі жөнінде, өзінің балалық шағы төңірегінде жазады. Жазушы роман-дилогияның Жолашар бөлімінде: Түсімде ылғи балалық шағымды көремін. Түсіме күн сайын Мыңбұлақ кіреді. Түсімде Ақсу-Жабағылыны көремін.Түсімде ылғи туған үйімді көремін. Түсіме ылғи Айша кіреді. Мұртаза түсіме сирек кіреді, өйткені ол кеткенде, мен бес-ақ жаста едім. Елесі еміс-еміс қана. Егде тартқанда бүгін көргенің ертең естен шығады. Ал енді бала кезде көргенім, естігенім бүгінгідей әлі есімде. Ендеше, текке күшене бермей, соны неге жазбаймын? Ата-бабамның, Айшаның аруағы жар бола гөр! - деп қолыма қалам алдым дейді. Сол бала кезде көргендері мен естігендері әлі есінде екенін айтады [7,3-б.].
Ай мен Айша - сұрапыл соғыспен тұспа-тұс келген жазушының балалық шағын, халық жауының баласы деген жалған айыппен әкесіз өскен Барысханның ішкі ойы мен сырын оқырманға терең ұғындыратын мемуарлық шығарма. Олардың қасіретіне аспандағы толықсыған ай бірге азап шегетін секілді. Жазушының өзінен Ай мен Айшада Ай образын жасаудағы себебіңіз не? деп сұрақ қойғанда, Ш.Мұртаза: ...Кітаптың атында неге ай тұр десеңіз. Ол, енді, біржағынан тағдырдың ұқсастығы сияқты, біздің анамызбен, әсіресе соғыс кезіндегі жесірлік, қиыншылық көрген аналардың тағдырына ұқсас.
Гейнеде бір өлең бар. Генрих Гейне деген ақында ай туралы әдемі бір сонеті бар. Мағынасы былай: Күнге ғашық ай, сұлу, күн де оған ғашық сияқты көрінеді. Шүпірлеген көп бала тараған. Ол - жұлдыздар. Күндердің күнінде арасынан әлдебір қара мысық өтті ме, әлдеқашан сызат бітті ме, екеуі содан екі жақта. Бірі - шығыс жақта, бірі - батыста. Күн шықса ай батып кетеді. Өмірбақи бір-біріне жолыға алмайды, осынау мұңлы сарыны бар. Ал адам баласының тағдырын алсақ, ері жаңағы трепрессияға ұшырап, не болмаса майданға кетіп келмей қалғандардың көбісі солай. Балалар қалды. Ері жоқ бір-біріне жете алмаған дүние. Жалпы, дүниенің философиясы сол. Ай деген арман болса, күн деген қиял болса, соны қуасың да жүресің. Қашан жетесің, белгісіз, соған байланысты алынған ат [8, 127-128-б.].
Жазушы Елен Әлімжан: Қазақ әдебиетінде көптомдық шығармада кездеспеген жаңа жанр - әңгіме-роман әкеліп қосты. Автор бұл шығармасының жанрын роман-эссе деп атаған. Иә, мазмұны жағынан солай екені солай, бірақ құрылымы жағынан бұл - әңгіме-роман. Өйткені ондағы әрбір әңгіме көптомды шығарма желісіне бағынып тұрғанымен, жеке-дара да өмір сүре алады. Ал енді бұл шығарманы өмірбаяндық роман дейтін болсақ ше? Өйткені бас кейіпкерін автор Барсхан атағанымен, шын мәнінде Шерхан екендігін елдің бәрі біледі. Оның үстіне тағы бір кейіпкер - оның інісі Батырхан романдағы оқиғалар да бастан аяқ біздің және ауылдас-ағайындарымыздың басынан өткен деп куәлік береді. Иә, Ай мен Айшаны өмірбаяндық деп қарайтын болсақ, қазақ жазушылары өзінің балалық шағы туралы бұрын-соңды мұндай көлемді шығарма қалдырған емес, - дейді [9, 103-104-б.]. Жазушы Ш.Мұртаза жанын ұзақ жылдар бойы тербеп келген үлкен толғаныстан, өткенге, балалық шаққа деген мұңды сағыныштан, ата-баба, әке-шеше әруағы алдындағы, туған жер, өскен ел алдындағы перзенттік парызды терең сезінуден туған жүрек-жарды сырын, жан-дүниені мәңгілік әлдилейтін таусылмайтын жырын қағаз бетіне түсірген еді. Шерхан прототипіндегі - Барсхан өмір жайлы көзқарасы ерте қалыптасып, бұғанасы қатпастан еңбекке араласты. Өзіне дейін үш сәбиі шетінеген Мұртаза мен Айшаның Құдайдан тілеп, сұрап алған баласы еді. Жарық өмірге келмей жатып анасының құрсағында дүниенің ащысын тартты. Айша екіқабат кезінде ащы сүр етке жерік болып, ол заманда сүр табылсын ба содан ащы пияз жей беріпті. Мені сыртымнан сұсты, жауқабақ деп, тағы бірдеңе деп, сыртымнан сөз қылады. Көрер едім ғой оларды, менің көргенімді көрсе... Тумай жатып ащыменен уланса... А, бәлкім, мені шешектен аман алып қалған ащы пияз шығар... дейді жазушы. Барсхан бойындағы қайсарлық пен өжеттілік әке рухынан, ана сүтімен келген. Ес біліп, аурудан, аштықтың азабынан құтыла бергенде әкесі Мұртазаны Түлкібастың түрмесіне халық жауы деп тоғытты. Түн жарымында Мұртазаны еріксіз тұрғызып, итермелеп алып кеткеннің өзі әйел, бала-шағасына оңай тимесі анық. Бұл күн бес жасар Барсханның есінде ұмытылмастай қалып қойды:
Айша есіктің алдындағы ербиіп тұрған мені көтеріп алып, бауырына қысып, аспандағы топ-толық Айға қарап:
- О, Жаратқан басқа-басқа, мына үрпек балапандай үш нәрестенің не жазығы бар еді? - деді.
Толықсып тұрған Ай бір аунап түскендей болды.
Мен лезде есейіп шыға келдім.
Енді мені қорғайтын Әке жоқ екенін сұңғылалықпен сезіп қойған сияқты едім.
Жаңа ғана жарқырап тұрған ай бұлттың ішіне сүңгіп кетті де жетімдіктің алғашқы дәмін татқандай болдым.
Қорбиып қараңғы түн жан-жақтан қаптап келе жатты.
Айша мені жетім қалған үйге жетектеп кіргізді [3,10-б.]. Жазушы осы сәттегі алабұртқан ішкі сезімін шынайы көркемдік дәрежеге көтеріп, жандандырып, оқырманға әсерлі жеткізеді. Аңырап қалған Айша аспандағы айдан басқа кімге мұң шаққандай еді. Сол сәтте Барсхан көзіне Толықсып тұрған ай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қабдеш Жұмаділовтің «Таңғажайып дүние» романының жанрлық сипаты
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ МЕМУАРЛЫҚ РОМАН ЖАНРЫ
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҒҰМЫРНАМА ЖАНРЫ ТУРАЛЫ
Қазақ әдебиетіндегі мемуарлық шығармалардың басым бөлігі - романдар
Қазақ әдебиеті тарихындағы мемуарлық шығармалар - ұлттық тарихтың көркем шежіресі
Әзілхан Нұршайықовтың шығармашылық мұрасы
Естелік жайлы шығармалардың табиғаты мен ерекшеліктері
Спандияр Көбеевтің шығармалары
Спандияр Көбеев (1878 - 1956)
Лирикалық проза жайлы ақпарат
Пәндер