Сын есімді оқытуда тіл дамыту жұмыстарының тиімділігі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ - АҒАРТУ
МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ
АТЫНДАҒЫ САРАН ЖОҒАРЫ ГУМАНИТАРЛЫ - ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

Сын есімді оқыту барысында оқушыларға ұлттық тәрбие беру
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Орындаған: БҚтӘ-11-21 тобының
студенті Бекежан Д.Е
Ғылыми жетекшісі: Куленбаева А.И
Курстық жұмыс қорғаған
Бағасы _________________
Хаттама № __ ___ ______ 20 ж

2024ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
Ⅰ. Бөлім. Сын есімнің зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 6
1.1. Сын есімнің лексика - морфологиялық синтаксистік қызметі ... ... ... ... 6
Ⅱ. Бөлім. Сын есімді оқытуда оқушыларға ұлттық тәрбие беру ... ... ... . 10
2.1. Орта мектепте сын есімді оқытудың әдіс - тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... .. 10
2.2. Сын есімді оқытуда тіл дамыту жұмыстарының тиімділігі ... ... ... ... ... . 15
2.3. Кешенді жұмыстар жүйесі арқылы сын есімді оқыту барысында оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

3

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Тіл біліміндегі жетістіктер мен әдістемелік өзгерістер қоғам дамуымен байланысты. Еліміздің егемендік алуы, туған тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы, соның нәтижесінде оның ғылым мен техниканың әр саласына дендеп енуі қазақ тілін зерттеушілер мен ұстаздардың алдына зор міндет қойып отырғаны белгілі.
Ана тілімізді өр қырынан зерттеп, табиғатын айқындай түсуге мемлекет тарапынан айтарлықтай көңіл бөлінді. Қазіргі уақытта әлеуметтік сұраныс қазақ тілін оқытып үйретудің қатысымдық жағын күшейту, сөйтіп оны ұлтаралық қатысым құралына айналдыру талабын қойып отыр. Ана тілінің қоғамдағы қатысымдық рөлін күшейту үшін оны оқытудың сапасын көтеру қажет. Бұл қазақ тілін оқытуды жаңаша қырынан қарауды қажет етеді. Сондықтан мектепте қазақ тілін оқытуда жаңа технологияны көптеп және ұтымды қолдану сабақтың сапасын арттырады. Заттың әр түрлі сынын, сапасы мен белгілерін білдіріп, сөз таптарына ұйытқы бола алатын сын есімдер зерттеушілер назарынан тыс қалған емес. Бұл орайда Н.К.Дмитриев, Н.А.Баскаков, Ғ. Мұсабаев, М.Балақаев, Ж.Шәкенов, Р.Әмір, Ә. Төлеуов, Ф. Оразбаева, Г.Мамаева т.б. еңбектерді ерекше атауға болады. Осы уақытқа дейін қазақ тіл білімінде сын есімдердің сөз табы ретінде алатын орны, шырай категориясы, семантикалық топтары, субстантивтенуі, синтаксистік қызметіне біршама көңіл бөлінді. Тіліміздегі сын есімдердің мағына жағын сөз еткенде оны сапалық және қатыстық сындарға бөледі. Кейінгі жылы жарық көрген С.Ұзақбаеваның Тамыры терең тәрбие атты монографиялық еңбегінде қазақ ұлттық қолөнерінің эстетикалық тәрбие берудегі мүмкіндіктері талданады. Халықтың балалар мен жастарды қолөнерінің қай саласына басымырақ баулығаны, қандай педагогикалық талаптарға сүйенгені, қолөнердің қай саласының бүгінгі күнде дамып, қайсыбірі түрлендіруді талап ететіні жайлы мазмұндалады.
4
Қолөнер мәселесі педагогика ғылымы саласындағы зерттеу еңбектерінде де орын алған (Қ.Әмірғазин, Ж.Балкенов, С.Жолдасбекова т.б.). Зерттеушілердің еңбектерінде халықтың қолөнерінің эмоциялық әсеріне, ұлттық ою-өрнектердің жіктелуіне, халық шеберлері шығармашылығына сипаттама беріледі, оларды оқушылардың эстетикалық тәрбиесін жетілдіру, сәндік қолданбалы өнерді қабылдай білу мен бейнелеу іскерліктеріндегі дағдыларды қалыптастыруға көңіл бөледі.
Білім беру жүйесінің міндеттері: ...азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрін қастерлеуге, ...әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баурау, қазақ халқы мен дәстүрін зерделеу, мемлекеттік тілді меңгеру- делінген.
Педагогиканың тарихында ұлттық мектеп, ұлттық тәрбие және оған мұғалімдерді дайындау туралы алғаш пікір айтқандар қазақтың ағартушы- педагогтары А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, Х.Досмұхамедов т.б. болған.
Қазақстанда ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды, тарихи тәжірибелерді, сан ғасырлық мәдени-ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, қазіргі білім мазмұнын жаңғырту мұғалімдерге жаңа талаптар қояды. Қазақ мектептеріне сын есімдерді оқыту барысында ұлттық тәрбие беру - ел болашағының негізі. Оқушыларға білім берумен қатар ұлттық тәрбие беру де бүгінгі күннің басты талабы. Зерттеу тақырыбы бойынша жарық көрген ғылыми еңбектерге, оқу-құралдары мен оқу-әдістемелік құралдарға талдау, сараптау жасау барысында оқушыларға ұлттық тәрбие беру жеткілікті дәрежеде жүзеге аспай жатқандығы байқалады. Осы мәселелердің шешімін табу үшін қазақ тілі сабақтарында сын есімді оқыту барысында оқушылардың бойына ұлттық тәрбиені қалыптастыруды нысана етіп алдық.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты:. Мектеп оқушыларына сын есімді оқыту барысында ұлттық тәрбие беруді жетілдіру, дамыту.
5

Міндеттері:
Сын есімдердің семантикалық топтарын бере отырып, олардың сөз тіркесінің бағыныңқы, басыңқы сыңарында жұмсалу ерекшеліктерін көрсету;
Қатыстық сын есімдердің сапалық сын есімдермен өзара қарым-қатынасының теориялық негізін анықтау;
Қатыстық сын есімдердің семантикалық құрылымын анықтау;
Зерттеу объектісі: Сын есімді оқыту барысында ұлттық тәрбиенің өзіндік ерекшеліктерін айқындау, оны оқушыларға меңгерту болып табылады.
Зерттеу пәні: Қазақ тілі оқыту әдістемесі
Зерттеу әдістері: Зерттеу жұмысымды баяндау, талдау, салыстыру, сараптау, жинақтау, қорыту әдістері пайдаланылды.

6
I бөлім. Сын есімнін зертелуі
Сын есімнің лексика - морфологиялық синтаксистік қызметі
Сын есімдер - заттың салмағын, сапасын, сипатын, түр-түсін, көлемін,
аумағын, басқа да түрлі сындық белгілерін білдіретін сөз табы. Осыған орай сын есімдер басқа сөз таптарынан өзіндік мағынасы, морфологиялық белгілері және синтаксистік қызметі жағынан ерекшеленеді.
Сын есімдердің сөз табы ретіндегі ерекшелігін, өзіне тән белгілерін
айқындауға қатысты түрліше көзқарастар да бар. Мәселен, Қазақ тілінің
грамматикасында (І б, 1934) І. Кеңесбаев, С. Аманжолов анықтауыш
қызметіндегі сөздердің барлығын (күміс, шай (қасық)) сын есім деп, сын
есімдерді мағыналық жағынан бөлгенде де, екі зат есімнің тіркесіндегі
анықтауыш қызметін атқарып тұрған алдыңғы зат есімді тек сыны және
функционалдық сын деп қарастырды.
Сондай-ақ зат есімнің грамматикалық категорияларын сын есімге де ортақ деп қарайтын пікірлер болды. Мұндай пікірлердің қалыптасуына сын есімнің зат есімнен толық бөлініп шығуына және оны жеке сөз табы ретінде тануға негіз болатын басты белгілердің анықталмауы себеп болды.
Сын есімді өз алдына жеке сөз табы ретінде тануға Ғ. Мұсабаев, Ж. Шәкенов т.б. ғалымдардың пікірлері негіз болды. Ғ. Мұсабаев, біріншіден, сын есімді зат есімнен бөліп алуға негіз онда форманттың жоқығы, екіншіден, сын есімнің синтаксистік қызметі, негізінен анықтауыш екендігін айта отырып, осы белгілер оны жеке сөз табы ретінде тануға негіз болатындығын көрсетеді. Ал Ж. Шәкенов сын есім мәселесінде бұрын-соңды айтылған пікірлерді қамти отырып, қазіргі қазақ тіліндегі сын есім категориясын белгілі жүйеге түсіріп қарастырады. Қазақ грамматикасында сын есімнің бірнеше маңызды белгілері атап көрсетіледі .

7
Сын есімді мағынасына қарай жүйелеуде де түрлі көзқарастар болды. Мәселен, А. Байтұрсынов оны тек сыны, сыр сыны деп екіге бөлсе, Н. Сауранбаев оның сыр сыны, қатыстық сын, өнер сыны, салыстырмалы сын тәрізді төрт түрін көрсетеді.
Қатыстық сын есімдер негізінен сөз тудырушы жұрнақтар арқылы басқа сөз таптарынан жасалады. Бірақ бұдан қатыстық сын есімдер ғана туынды түбірлі болып келеді, ал сапалық сын есімдер тек негізгі түбірлерден ғана жасалады деген ұғым тумауы керек, Ы. Маманов туынды сын есімдердің барлығын жаппай қатыстық деп танитын жалаң формальды көзқарасты сынға ала отырып, сапалық сынды қатыстық сыннан ажыратудың басты белгісі ретінде сын есімдердің шырай формаларымен түрлену-түрленбеуін ұсынады .Сондықтан шырай жұрнақтарын қабылдайтын негізгі және туынды сын есімдер сапалық, ал шырай шырай жұрнақтарын қабылдамайтын сын есімдер қатыстық болып табылады. Сын есімнің мағыналық топтарының арасындағы айырмашылық сапалық сындардың заттың түрлі белгісімен қатар қимылды да анықтауы және түрленуі, ал қатыстық сындардың тек заттың ғана түрлі затқа не қимыл-әрекетке қатысты белгілерін анықтаумен сипатталады.
Сын есімдер морфологиялық құрамы жағынан жалаң және күрделі болып бөлінеді. Жалаң сын есімдер негізгі және туынды түбірлі болып бөлінеді. Күрделі сын есімдер кем дегенде екі сөзден құралып, бір бүтін күрделі тілдік бірлік ретінде қолданылады.
Шырай категориясы - заттың бір түрлі сындық белгісінің түрлі дәрежеде
болуын білдіретін грамматикалық категория. Грамматикалық категорияның бұл түрі сапалық сын есімге тән.
Тіл үнемі даму үстінде болды. Соған орай тілдік бірліктер, оның ішінде сөз таптары, оның лексика-семанитакалық топтарының арасында өзара ауысулар болып отырады. Бұл құбылыс қатыстық сын есім мен сапалық сын есімдергеде тән. Қатыстықтан сапалыққа ауысқан сын есімдер өзгеріске ұшырап, яғни

8
қатыстық мағынадан сапалық мәнге ауысып, соның нәтижесінде шырай жұрнағын қабылдайды.
Сонымен шырай категориясы сапалық сын есімнің семантикалық және
грамматикалық жағынан түрленуіне негіз болып, бастапқы мағынасы
түбегейлі өзгертпегенмен, оған сәл де болса қосымша реңк, мән үстейді.
Шырай жұрнақтарының қызметіне қатысты да түрліше көзқарастар кездеседі. Ғ. Мұсабаев -ғыл, -ғылт, -ғылтым, -шыл, -шіл жұрнақтарын шағын шырай деп қараса, Ы. Маманов оларды сөз тудырушы қосымшаға жатқызады.Ғалым оған аталған қосымшалардың, біріншіден, сапалық сын есімдердің бәріне жалғана бермей, сөз тудырушы жұрнақтар тәрізді сөзге талғап жалғанатынын, екіншіден, бұл қосымшалардан соң -лау, -леу, -рақ, -рек формаларыныңжалғана беретіндігін дәлел ретінде келтіреді. Қазақ грамматикасында аталған қосымшаларды салыстырмалы шырай жұрнақтары ретінде қарастырып, одан кейін шырай жұрнақтарының жалғануын тілдік құбылыстардың, заңдылықтардың өзгеріп отыруымен байланысты түсіндіреді.
Сондықтан сапалық сын есімнің шырай категориясының түрлері, шырай
формалары, олардың қызметіне қатысты кейбір мәселелер әлі де болса нақтылауды қажет етеді.
Сөз таптарының өзара қарым-қатынасы мәселесінде сын есімдердің зат
есіммен және үстеумен байланысын да ескерген жөн. Бұл байланыс тілде
субстантивтену және адвербиалдану құбылыстарымен түсіндіріледі. Сын есім, зат есім, үстеу сөз таптарының бірінің орнына бірі алмасып қолданылуы бір жақты құбылыс емес.
Жоғарыда аталған құбылыстарға қарама-қарсы, яғни басқа сөз таптарынан сын есімге ауысатын сөздер де бар.
Субстантивтену - сын есімнің және басқа да сөз таптарының зат есім орнына қолданылуы.

9
Адъективтену - зат есімнің және басқа да сөз таптарының сын есім орнына қолданылуы.
Адвербиалдану - сапалық сын есімдердің үстеу орнына жұмсалуы.
Адъективтену құбылысы сын есімнің семантикалық тәсіл арқылы жасалуы ретінде де қарастырылады . Оған тілдегі алаған, береген, қабаған
тәріздес сөздер дәлел бола алады.
Сондай-ақ бастапқы мағынаның делексикалануы немесе бастапқы
тұлғасының өзгеруі, яғни деформалануы арқылы да қалыптасқан сын есімдер осы құбылыстың нәтижесі.
Қазақ грамматикасында (2002) адъективтену құбылысын құрамына қарай жалаң, күрделі, шығу тегіне қарай сын есімді, етістік негізді және аралас түрдегі адъектив деп бөледі.
Ал сын есімдерге септік, көптік, тәуелдік жалғауларының бірі жалғанып
қолданылуы субстантивтену, яғни заттану құбылысымен байланысты. Н.
Оралбаева сын есімнің заттануын контекстік және лексикалық заттану деп екіге бөледі .
А. Ысқақов кейбір сын есімнің әрі анықтауыш, әрі пысықтауыш болуын,
сондай-ақ оның әрі зат есімге, әрі етістікке тіркесуін сын есімге тән
ерекшеліктің бірі деп танып, онда (сын есімде) әрі адъективтік, әрі
адвербиалдық қызмет бар екендігін айтады.
Сондықтан аталған сөз табының бойында субстантивтенумен қатар
адвербиалдануға да бейімділік бар. Бұдан адвербиалдану құбылысының сын есімдердің сапалық түріне ғана тән екендігі белгілі. Алайда қатыстық сын есімдер адвербиалданбайды деуге де толық негіз жоқ. Ол тілдің үнемі даму үстінде болатын құбылыс екендігімен түсіндіріледі.

10
Ⅱ. Бөлім. Сын есімді оқытуда оқушыларға ұлттық тәрбие беру
2.1. Орта мектепте сын есімді оқытудың әдіс - тәсілдері

Сабақтың дұрыс өтуіне, потижелі болуына әсер ететін бірнеше фактор бар. Олардың барлығы. да малім сабақтың мазмұнына сай оқушылардың іс- әрекетін кам уйлестіре алуына карай өзіндік тиісті мәнге ие болады. Ал, сыныптаплардың білім, білік өрісіне сәйкестендірілмеген оқыту факторлары жасанды жұмыс түрінен аса алмайтыны анық. Сондықтан жаңа нәрселер жат болып қабылданбас үшін, әр жаңаның бойында осыған дейін қолданылып келген әдіс-тәсілдердің белгілі бір элементтері орын алып ескеру қажет.
Оқушылардың зақ тілі сабағына ынта қоюын қалыптастырудың, яғни тілдік тақырыптарды саналы түрде меңгеруінің басты қозғаушы күштерінің бірі пәннің практикалық мәніне үнемі назар аудартып окы Бұл оқушылардың оқу мотивтерінің оятудың, дамытудың мәйегі болып табылады. Ал, мотив бар жерде әрекеттің де нәтижелі болары сөзсіз. Мотив оқушылардың білуге қуатынан, зейінінен және сабақтағы белсенділіктерінен байқалады метан олардың қызығушылығын қалыптастыру мынадай баспалдақтар аны жүргізілгені тиімді:
1. Сабақтың қызықты болуы;
2. Тілдік білім-машықтардың қажеттілігіне көз жеткізу;
3. Тілдік білімге, машықтарға деген ішкі қажеттілікті дамыту.
Бұл үшеуін өзара үнемі байланыстыра отырып берілетін білім әрқашан да сапалы болады. Пәнге деген қызығушылық тақырыптағы жаңашылдық элементтердің қамтылуымен байланысты да туындап отырады. Мысалы, Сын
есім туралы оқушының алған жалпы зүсініктерін қызықты детальдармен толықтыруға болады.
Оқушылардын қазақ тіліне қызығушылығын тудырудың, саналы түрде түсінуін қалыптастырудың тағы бір жол - тілдік терминдердің мағынасын
11
аша отырып түсіндіру. Әуелде мұғалімнің басшылығымен жүргізілетін мұндай жұмыс бірте-бірте тілдік ұғымдарды оқушылар бетімен тануына алып келеді. Сын есімді оқытуға әбден қолайлы.
Мектеп оқушыларына қазақ тілінен теориялық білім мен практиканын дағдыны беруде білім беру әдістері жиі қолданылады. Әдіс ерекше зерттеу жолы деген сөз. Басқаша айтқанда адамның ақыл ойының жіне практикалык қызметінің тәсілі деген мағынаны білдіреді. Бұл жерде әдіс пен тәсіл бір ме деген сұрақ туады. Бұл екеуі екі түрлі мағынаны білдіреді.
Тәсіл - әдісті іске асыратын жолы. Әдіс - тәсілдің жиынтығы болып табылады. Оқыту әдісі дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі. Оқыту әдістері, берудің мазмұны сияқты, оқытудың мақсаттары мен міндеттерінен ақталады. Оқыту процесінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту әдістерін тиімді шығармашылықпен жүзеге асыруына байланысты.
Бүгінгі күн шындығы оқыту әдістері туралы жаңаша ойн қажет етеді.
Оқыту әдістері туралы әр түрлі анықтамаларға тоқталып өтейік:
Оқыту әдістері дегеніміз - оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеу әдісі, оның аржасында білім, іскерлік дағды қалыптасып, оқушылардың дүниетанымдылығы мен қабілеттілігі артады.
Окыту әдістері дегеніміз - оқытушы мен оқушылардың бірлесе жасайтын әрекеті
Оқыту әдістері дегеніміз - мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің негізінде білім, тәрбие және таным процесін жетілдіру.
Оқыту әдістері дегеніміз - мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің барысында білім алу жолдары.

12
Дегенмен, осындай анықтамалардын көптігіне қарамастан олардың арасында принциптілік қарама-қайшылық жоқ.
Сын есімді оқыту барысында эврикалық әдісті пайдалану тиімді. Бұл оқышыларлык ойлу қабілетін жетілдіретін әдіс. Эврика - табамын, ашамын деген сөзді білдіретін грек сөзі. Мысалы,
Үлкенді-кішілі балалар топ-топ болып жиналды. Дүние жүзінің адал ниетті адамдары бейбітшілікті жақтап отыр.
Мысалдарды оқыта отырып, сын есімнің сұрақтарын, қандай тұлғада тұрғанын анықтаймыз. Сын есімнің жеке сөзден де, сөз тіркесінен де, әрі қосарланған түрінде де кездесетінін еске саламыз. Ауызша мысалдар ойлатып жаттығамыз. Жеке сөздерді жасалу түрлеріне қарай түрлендіреміз. Мысалы, әдемі көйлек, әдемілеу көрінеді, әп-әдемі екен, әдемі тұлғалы қыз. Оқулықта негізгі, туынды сын есім деп берілгенмен, күрделі сын есімнің жасалу түрлерін де білдіруді де мақсат тұтлық Оқулық бойынша 171-жаттығуды оқытып, сындық белгілерді аныктайтын негізгі және туынды сын есімдерді көшіріп
жазуға тырысамыз.
Сын есімдерді тудыратын жұрнақтар бұл тақырып өте - күрделі де қиын тақырып. Сол себептен мұғалімдерге баяндау әдісін қолдану тиімді. Мұғалім
баяндап түсіндіру жолымен білім беру әдісі және оқушылардың түсіндіргенін баяндап айтқызу тәжірибесінен туған әдіс болып есептелінеді Әдіскер ғалымдар баяндау әдісін әрбір сабақта түрліше мақсатта қолданылып отыратын әдіс деп есептейді. Баяндап түсіндіру әдіс белгілі бір тілдік тақырыптың өзіндік ерекшелігін әр жақты әдебиеттермен ұштастыра отырып байланыстыра отырып түсіндіру жолымен өткізіледі. Бұл тақырып қиынырақ болғандықтан жаңа сабақты мұғалім бастауы керек. Сын есімнің жұрнақтарын өтуде, әсіресе, негізгі және туынды сын есімдерге баса назар аудару ұтымды болады. Алдымен,улгадагы сын есімдерге бірнеше жеке сөз түрінде, сөйлем арасына

13
ауызша мысалдар ойлатқызамыз. Туынды сын есімнің жасалу жолдарына да көңіл аударамыз. Жылжымалы тақтаға үш сөйлем дайындалды.
Өнер жолы өрен, жүйрік, анық жол.
Қазақ шешендерінің сөзін есту - бір ғанибет анық, Олардын сөздері жүйелі, анық, әуезді, келеді.
Ақсақ қой түстен кейін маңырайды.

Алдымен уш окушыға дұрыстап оқытқызамыз. Сын есімдерін тапқызамыз. Мені түбірлерін сұрақ арқылы анықтап, түбір сөздерді қайта көшірмеміз.
1. Өрен, жүйрік, аныққандай? негізгі сын есім.
2. Жүйе, әуезне? негізгі зат есім.
3. Ақсаққайт? не істе? негізгі етістік.
Осылайша топ-топқа бөліп, сын есім тудыратын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сын есімді оқытуда ата дәстүр мен әдептілікті дарыту жолдары
Сын есімді оқыту барысында ұлт жандылыққа тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері
Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың тілін дамыту
Морфологиялық тақырыптарды дамыта оқытудың лингводидактикалық тұғыры
Қазақ тілінде сөздердің жіктелуі
Сын есімнің шырайлары
Пәнді оқытуда жаңа педагогикалық,ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың мүмкіндіктері
Жоғары оқу орындарында шетел тілін үйренудің теориялық негіздері
Сөздердің тіркесу тәсілдерінің байланысу формалары
Сөз тіркестерін оқытуда оқытудың модульді - интерактивті технологиясы арқылы оқытудың тиімділіктері
Пәндер