Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың тілін дамыту


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . .
3
Кіріспе . . .: 1 Тіл дамыту жұмысының тиімділігі
3:
Кіріспе . . .: 1. 1 Қазақ тілі сабағында тіл дамыту жұмысының мақсаты мен міндеті . . .
3: 5
Кіріспе . . .: 1. 2 Тіл дамыту жұмыстарының принциптері мен түрлері . . .
3: 7
Кіріспе . . .: 2 Бастауыш сыныптарда зат есімді оқытуда тіл дамыту жұмысының тиімділігі
3:
Кіріспе . . .: 2. 1. Бастауыш сыныпта зат есімді оқыту ерекшелігі
3:
Кіріспе . . .: 2. 2. Зат есімді оқытуда тіл дамыту жұмыстары
3:
Кіріспе . . .: 2. 3. Тіл дамыту жұмысын жүргізудегі ақпараттық техникалық құралдарды тиімді пайдалану . . .
3: 13
Кіріспе . . .: 3 Зат есімді оқытуда жаңа технологияларды қолдану . . .
3:
Кіріспе . . .: 3. 1. Зат есімді оқытуда ақпараттық коммуникативтік технологиялар . . .
3:
Кіріспе . . .: 3. 2. Тіл дамытуда сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалану тиімділігі . . .
3:
Кіріспе . . .: Корытынды
3:
Кіріспе . . .: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
3:

Кіріспе

Бүгінгі таңда елімізде жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жалпыға бірдей білім беретін орта мектептердің алдына әлемдік өркениеттің барлық талаптарына сай келетін, парасатты, тәрбиелі жастарды тәрбиелеп дайындауды талап етуде. Бұл Отанымыздың келешек дамуымен, әлемнің алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуымен, қазіргі мектеп оқушыларының білім дәрежесімен, шығармашыл ойлай алу қабілеттерімен сабақтаса орайласады. Осыған орай білім беру салаларында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдану жұмыстары жедел қарқынмен жүруде.

Бастауыш сыныптарда қазақ тілі, әдебиеттік оқу сабақтарында мақал-мәтелдерді оқытып, оқушылардың шығармашыл ойлауын қалыптастыру- бүгінгі өмір талабына сай азаматты тәрбиелеудің негізгі жолдарының бірі. Себебі оқыту үрдісінде тиімді қолданылған мақал-мәтелдер оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады, сол арқылы шәкірттердің ана тілінің терең қатпарларын игеруіне, асыл маржандарын түсінуіне жағдай жасайды. Сондықтан қазақ тілі, әдебиеттік оқу пәндерінде мақал-мәтелдерді оқыту мемлекет тарапынан білім беру мекемелеріне қойылған талаптардың іске асуына игі әсерін тигізеді.

Зерттеу тақырыбы: Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың тілін дамыту.

Зерттеу проблемасы: Оқу процесіндегі қазақ тілі сабағында мақал-мәтел, ертегі, шешендік сөздер, өзіндік, жұптық тапсырмалар бере отырып оқушылардың сөздік қорын, тілін дамыту арқылы жеке тұлға қалыптастыру.

Зерттеу проблемасының өзектілігі: «Қазақ тілі» пәнін оқыту - айрықша көңіл бөлуді қажет ететіндігі еліміздің ертеңгі болашағына деген үлкен міндеттен туындап отырғаны бәрімізге мәлім. Оқушыларға қазақ тілдің құдіретін, оның адам баласы жаратылғаннан бері бірге жасасып келе жатқандығын, мәңгілік жаңарып, жасарып отыратын үрдіс екенін түсіндіре отырып айту. Барлық оқушының білім деңгейі қандай болса да сабақта олардың ерекшелігін ескере отырып жан-жақты жұмыс жасау. Яғни, оқушыны ойланту, өз ойын дәлелдету, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту, тиянақты жауап беруге тырыстыру.

Зерттеу нысаны: Бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие үрдісі.

Зерттеу пәні: қазақ тілін оқыту әдістемесі.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:

Мақсаты: Қазақ тілі сабағында тіл дамыту жұмыстарын жүргізе отырып, ауызекі сөйлеу тілдерін, сөздік қорларын, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ауызша сөйлеу білуге дағдыландыру.

Міндеттері:

- қазақ тілі сабағында арнайы тіл дамыту жұмыстарының тиімділігін айқындау;

- тіл дамыту жұмыстары арқылы оқушы қасиеттерінің ашылуына, өз күшіне сене білуіне, қалыптасуына мүмкіндік туғызу.

Зерттеу әдістері: Ғылыми тұрғыда жазылған еңбектерді жинақтау, сұрыптау, талдау, озық педагогикалық тәжірбиелерді іріктеу, бастауыш мектеп оқушыларымен әңгімелесу, сұрақ-жауап, байқау т. б.

  1. Тіл дамыту жұмысының тиімілігіҚазақ тілі сабағында тіл дамыту жұмысының мақсаты мен міндеттері

Тілді дамыту дегеніміз - оқушының сөздік қорын дамыту, ойлаған ойын өз еркімен басқа адамға жеткізе алу, оның сөзін түсіне білу, қысқаша айтқанда еркін сөйлей білуге үйрену. Осыдан келіп тіл дамыту жұмысының кең аялы екенін көреміз.

Тіл дамыту - қазіргі мектептің оқу-тәрбие ісіндегі басты проблема - тіл мен сөйлеу процесін жіктей оқыту, оқушының дұрыс сөйлей білуіне көңіл бөлу. Сондықтан, мұғалім қазақ тілі сабақтарында тіл дамытуға, байланыстырып сөйлеуге айрықша көңіл бөледі, тілдік материалдарды дұрыс таңдаумен (сөздің, сөйлемнің үлгілерін беру), оны дұрыс бере білу, тілдің теориясы мен сөйлеу практикасының бір-бірімен қарым-қатынасы түрлі жаттығу жұмыстары арқылы іске асырылады. Демек, қазақ тілін пәнін оқыту барысында мұғалім оқушының ойын логикалық жағынан дұрыс, анық, қазақтың әдеби тілінің нормасына сай граматикалық, лексикалық, орфографиялық нормасынан лайықты, дұрыс айта білуге үйретумен бірге, екінші жағынан ойын орфографиялық және пунктуациялық жағынан дұрыс жаза білуге жаттықтырады.

Оқушының жазбаша және ауызша ойын дұрыс бере, айта білуіне үлгі беретін - мұғалім. Сондықтан мұғалім тілін тарихын, граматикасын, стилистикасын, орфографиясын, лексикасын, пунктуациясын жақсы біліп, меңгеруі қажет.

Әр мұғалім қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын шығармашылық пен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білсе, ол оқушының күнделікті өмірдегі құбылысты жан-жақты түсіне білуіне, білген нәрселерін ауыз екі сөздерінде қолдана білуіне жағдай жасайды. Демек, оқушының тілін дамыту жұмысы - ол баланың жалпы ойын дамыту деген сөз, өйткені оқушы қай пәнді оқып үйренсе де, өзінің істеген жұмысы, көрген-білгені туралы күн бе күн сөйлеп, ойын қалыптастырып отырады. Сондықтан қазақ тілі сабақтарындағы тіл дамыту жұмыстары оқушылардың жалпы ойын дамытуға бағытталады, яғни оқушылардың тілін дамыту мәселесі олардың ойлау қабілетімен байланыстырылса, сондай-ақ, ойлау мен сөйлеу процесінің бірлігінде ұйымдастырады.

Жалпы білім беретін мектеп бағдарламасында тіл дамыту жұмысына арнайы орын беріледі. Бағдарламада балалардың жас ерекшелігіне байланысты тәрбиелік мәні бар жаттығу материалдары әр сынып оқушыларының жас ерекшелігіне қарай балалардың жалпы сөйлеу мәдениетін дамытып, олардың ой-өрісін жетілдіру мақсаты көзделген, сондай- ақ бағдарламада дамыту жұмысын ауызша-жазбаша жаттығулар, шығарма, диктант сияқты жұмыс түрлері арқылы іске асыру міндеттелген.

Қазақ тілін оқытуға байланысты тіл дамыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі мақсаты - дұрыс, сауатты жазып, оқушының ауызша және жазбаша ойын граматикалық және стилистикалық жағынан дұрыс сөйлем құрап, жүйелі сөйлеуге үйрету.

Тіл дамыту жұмысы, негізінен, мынадай төрт бағытта жүргізеді: бірі - мәдени, әдеби сөйлеу білу нормаларына үйрету, яғни орфографиялық дағдыны меңгерте отырып, оқушыны мәнерлеп оқу дағдыларына қалыптастыру. Екіншіден, лексикалық жұмыстар жүргізу арқылы оқушының сөздік қорын байыту, тілдің лексикалық және фразелогиялық бөлімдерінен кеңірек білім беру көзделеді. Үшіншіден, жаңа сөздер үйрету, сөздерді үйрете отырып, жаңа сөздер жасайтын формаларды меңгерту арқылы сөз бен сөздердің байланысын, сөйлем құратып үйрету, сөйлемнің құрылысын білу арқылы синтаксистік лексикадан білім беру. Төртіншіден, оқушының ойын жазбаша дұрыс, сауатты жаза, әрі сөйлей білуге үйрету мақсат етілді.

1. 2 Тіл дамыту жұмыстарының негізгі принциптері мен түрлері

Тіл дамыту жұмыстарының негізгі принциптеріне дидактикалық принциптер әр пәнді оқыту әдістемесінің, оның ішінде қазақ тілін оқыту әдістемесінің теориялық негізі болып саналады. Қазақ тілін оқытуға байланысты тіл дамыту жұмысы мынадай дидактикалық принциптерге негізделе жүргізіледі.

  1. Сөйлеу мен ойлаудың бірлігі принципі арқылы оқушы тіл мен ойлау бір-бірімен байланысты екенін ұғады. Тілсіз ойлаудың болмайтынын, әрбі ой тіл арқылы ғана көрінетіні, яғни сөйлеуді ойлаудан бөліп алудың мүмкін еместігін түсінеді.

Бұл принцип арқылы оқушының ойлау әрекетін дамыта отырып, түрлі ой қорытындыларын жасай білу дағдылары қалыптастырылады, яғни бір нәрсені екінші затпен салыстыру, талдау жинақтау, қорытындылау, жүйелеу, белгілі затты белгісізбен салыстыру, түрлі ойлау әрекеттерін үйренудің нәтижесінде ой арқылы білім жүйелерін меңгереді.

Мұғалім бұл принципті негізге ала отырып, қазақ тілінің бағдарламалық материалдарын мұқият қарастырып, әр тақырыпты оқытуға байланысты түрлі тапсырмалар беріп, оны оқушы қалай орындады, одан қандай қорытынды шығарды, ол тапсырманы, жаттығуды орындауда неге сүйенді, қандай ойлау әрекеттерін жасады деген мәселелерге көңіл бөледі. Сондай-ақ принципті іске асыруда екінші басты мәселе - оқушылардың орфографиялық ережелерді саналы меңгеруін қалыптастырып, дұрыс сөйлей білуге, сауатты, қатесіз жазу дағдысын беру. Мысалы, орфография мен орфоэпияға қатысты ережелер, дәлірек айтқанда айтылуы мен түрліше келетін сөздер бар. Осы тәрізді сөздерден оқушылар жазба жұмыстарында көп қате жібереді. Осындай сөздерді қатесіз жазу үшін түрлі ойлау әрекеттері іске асырылады. Тіл дамыту жұмысының бұл принципінің тәрбиелік маңызы да бар.

2. Тіл дамыту жұмысында ауызекі сөйлеу мен жазба тілінің бір-бірімен байланыстылық принципті де басты орын алады. Адам бір-бірімен сөйлеу арқылы тікелей қарым-қатынас жасайды. Сөйлеу тілі арқылы адам екінші адамның сөзін естейді, тыңдайды, онымен пікір алысады. Адам осындай сөйлеу барысында тілдің түрлі көркемдік құралдарын пайдаланады. Мысалы, мақал-мәтел, теңеу, салыстыру, әсірелеу, сөзге екпін түсіріп айту, ерекше үнмен, ырғақпен айту, ымдау әрекеттер арқылы сәйлеу процесінде екінші адамға ойын жеткізеді. Сондай-ақ, ауызекі сөйлеу тілінде адам ойын жай сөйлемдермен айтуға бейім келеді.

Ал жазбаша сөйлеу - графикалық жазу таңбалары арқылы іске асады. Жазбаша сөйлеу тіліндегі белгілі жүйелі байланыс болады. Адам сөйлеммен ойын жүйелі беруде тілдегі түрлі жалғау, жұрнақ, түрлі тыныс белгілерін (нүкте, қос нүкте, үтір, сызықша, тырнақша, леп белгісі, сұрау белгісі т. б. ), синоним, омоним, теңеу, салыстыру сияқты тілдік құралдарды пайдаланады.

Ауызекі сөйлеу тілін жақсы меңгерген, оған жаттықан оқушы ойын жазбаша да дұрыс әрі жүйелі бере алады. Сондықтан бұл екі порцесс бір-бірімен бірлікте байланыста қаралғанда, жүргізілгенде ғана дұрыс нәтиже береді.

Тіл дамыту жұмысын грамматика, орфаграфия, пунктуация және әдебиетпен байланыстыра жүргізу принципі де ерекше орын алады.

Оқушының ауызша және жазбаша тілінің дұрыс дамытуда грамматикалық ережелерді жақсы білудің, тыным белгілерін дұрыс қоюдың, көркем әдебиетті көп оқудың үлкен мәні бар. Демек мұғалім қазақ тілі сабақтарында үйретілген ережеге сай түрлі жаттығу жұмыстарын орындатып тыныс белгілерін дұрыс қоя білдірудің жолдарын көрсетіп, көркем әдебиетті көп оқуға бағыт беріп оның үлгісін көрсетіп отыруы қажет.

4. Тіл дамыту жұмысын стилистикамен байланысты жүргізу принципі де басы орын алады. Стилистикамен жұмыс грамматиканы, лексиканы, фонетиканы оқытумен тығыз байланысты жүргізіледі.

Стилдің түрлерін жақсы меңгерген оқушы тілдің марфологиялық құрылысын, яғни сөздердің мағынасына, тұлғасына және синтаксистік қызметтеріндегі өзіндік ерекшеліктерді ажыратып, күрделі сөз тіркесінің құрамын негізгі және көмекші сөздер, олардың өзара байланысын ажырату, жазу қиын орфографиялық ережелерді меңгертіп, дұрыс сауатты жазуға дағдыланады.

Сайып келгенде, қазақ тілі сабақтары бойынша жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарын жоғарыда айтылған принциптерді ескере отырып ұйымдастыру пайдалы.

Тіл дамыту жұмыстары - тілді оқытудағы ең маңызды мәселе. Өйткені, тіл дамыту жұмыстары оқушылардың жалпы ойын дамытуға бағытталады. Сондықтан тіл дамыту жұмыстары арқылы ойын жүйелі, дұрыс айтып беруге, мәдениетті сөйлеуге, сөздік қорын молайтуға мүмкіндік жасаймыз.

Тіл дамыту жұмыстарын мынадай түрде қарастыруға болады:

  1. Қазақ тілін сабақтарында әр тақырыптағы жаттығулар кезінде сөйлем ішіндегі оқушыға түсініксіз болған кейбір сөздерді алып оның синонимін жаздыру. Оқушыға алдымен сол сөздің мағынасын түсіндіріп, енді осы сөзге мағынасы мәндес сөздерді іздеуді тапсыру.
  2. Тіл дамыту жұмысында мақал - мәтел және сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құратудың да пайдасы зор. Қазақ тілі сабақтарында сөз таптарын оқытқанда ішінде зат есім, сын есім тағы басқа кездесетін мақал-мәтелдер жаттап кел, жазып кел деген тапсырмалар беру де пайдалы.
  3. Тіл дамыту жұмысында күнделік жаздырудың да үлкен мәні бар. оқушы өз басынан кешкен оқиғаларын, өмірінде болған қызықты жайларын, ренішін, қуанышын, оқыған кітабын, көрген киносын, күнделікті өзінің байқағандарын күнделікке жазып отыру арқылы оқушы
  4. Сауатты жазуға, ойын жүйелі құрастыруға даңдыланады.

Ата-аналармен жұмыс кезінде балаларға қазақша телехабарлар тыңдатып, қазақша басылымдарға жазылып, отбасында да тіл дамытуды жүзеге асыру керектігін айтып отырамын. Тіл дамытуда аталмыш жұмыстардың өзіндік тиімділігі бары сөзсіз.

2 Бастауыш сыныптырарда зат есімді оқытуда тіл дамыту жұмысының ақпараттық технологиясы

2. 1 Бастауыш сыныпта зат есімді оқыту ерекшелігі

Қазақ тіліндегі сөздердің бір тобы - зат есім сөздер. Зат деген ұғым тек өмірде кездесетін заттар мен нәрселерді ғана емес, сонымен бірге, табиғат пен қоғамдық өмірдегі сан алуан оқиғалар мен құбылыстарды да, ақыл-ой арқылы танылатын түсініктер мен ұғымдарды да білдіреді. Мысалы: су, жер, тау, құс, алам, кесе, қол, көл деген сөздермен бірге, жаңбыр, найзағай, ар, намыс, сана, социализм, капитализм, ұйым, мекеме деген сөздер де зат есімге жатады.

Зат есім сөздер зат пен құбылыстың сан алуан аттарын білдіретіндіктен, оған енетін сөздер деректі (конкретті), дерексіз (абстракты), негізгі және туынды, жалқы және жалпы, жекеше және көпше секілді мағыналық (семантикалық) категорияларды қамтиды. Зат есімнің бұл категориялары, бір жағынан, оның өзіне тән көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғауларымен (Мысалы: оқушы, оқушылар, оқушыларым, оқушыны, оқушымыз) өзара байланысты болса, екінші жағынан, зат есімнің лексикалық мағынасымен де тығыз байланысты.

Белгілі затқа, нәрсеге, табиғат құбылысы мен қоғамдық болмысқа қойылған атаулар зат есім деп аталады. Зат есім категориясына жататын сөздер нақтылы заттардың да заттық ұғымдардың да аттарын білдіріп, кім? не? деген сұрақтардың біріне жауап береді.

Қазақ тілінде кім? деген сұрау адамға қойылады. Оған кісі аттары, адамның туыстық қатынасы мен кәсіби мамандығына атаулар жатады. Қанат, Мұрат, Алма, Жәнібек, нағашы, жиен, құда, әке, шеше, егінші, балықшы, ұшқыш т. б. не? деген сұрау адамнан басқа жанды, жансыз заттардың бәріне де қойылады. Мысалы: қой, жылқы, сиыр, мал, ағаш, кітап, ауыл, ит т. б.

Осымен байланысты зат есімдер деректі (конкретті) және дерексіз (абстракты) болып екі топқа бөлінеді:

1) Деректі (конкретті) зат есімдер деп көзбен көріп, қолмен ұстап тануға болатын заттарды білдіретін сөздерді айтамыз. Мысалы, кісі, су, шөп, сүт, сия сияқтанған сөздер нақтылы (конкретті) зат есімдерге жатады,

2) Дерексіз (абстракты) зат есімдер деп ойлау қабілеті арқылы танылатын, заттық ұғымдардың заттарын білдіретін сөздерді айтамыз. Мысалы: ақыл; ой, сана, жақсылық, кіріс т. б.

Жалпы есімдер деп тілдегі әр алуан деректі және дерексіз заттар мен ұғымдарды білдіретін зат есімдер аталалады. Мысалы: ағаш, ат, арал, арба, бас, бала, ақыл, сана, түсінік, ер, ес, ет, дала, су, отын, көмір, кеңсе сияқты зат есімдердің бәрі де жалпы есім болады.

Жалқы есімдер деп белгілі бір ғана затты арнай, даралай атайтын зат есімдерді атаймыз.

Мысалы:

- кісі аттары (Асқар, Арлан, Ағыбай т. б) ;

- үй хайуандарына берілген арнаулы аттар (Тайбуырыл, Теңбілкөк, Ақтабан, Таймас т. б. ) ;

- өндіріс, мекеме, ұйым аттары (Еңбек, Қайрат, Түркісіб т. б. ) ;

- газет, журнал, фильм, кітап аттары мен жеке шығармалардың аттары (Егемен Қазақстан, Өркен, Менің атым Қожа, Қан мен тер т. б) ;

- географиялық атаулар (Алатау, Қаратау, Іле, Ертіс т. б) ;

- қала, көше, алаң аттары (Теміртау, Абай даңғылы, Республика алаңы т. б) тағы басқа жалқы атаулар жатады.

Жалқы есімдер мағына жағынан белгілі бір ұғымды білдірмейді, тек бір жеке-дара затты басқа заттардан ажырату үшін қойылған белгі-ат ретінде ғана жұмсалады.

Ішіндегі әр қилы ұсақ топтарды сөз етпегенде, жалқы есімдер ең әуелі үлкен-үлкен екі салаға бөлінеді: оның біріншісі- кісі аттары (ономастика), екіншісі- географиялық атаулар (топономика) .

Зат есім бастауыш сыныптарда 1 сыныптан бастап 4 сынып аралығында өтіледі.

1-сыныптан әліппе кезеңінде кім? кімдер? не? нелер? сұраққа жауап беретін сөздер деп зат деп зат есімге қарапайым түсінік беріледі.

2-сыныптың қазақ тілі оқулығығында зат есім. Жалқы есім мен жалпы есім. Дара күрделі зат есімдер. Зат есімнің септелуі деген тақырыптар өтіледі. Осы тапсырмалар бойынша тіл дамыту жұмыстарын өткіздім.

1-тапсырма. Атам - әңгімешіл әрі көп білетін кісі. Кеше інім екеуімізге: «Қазақ халқында «жеті қазына» деген ұғым бар. Сендер соңы білемісіңдер?» - дегенде, тосылып қалдық. Сен қалай жауап берер едің?

2-тапсырма. Сөздердің қатесін түзеп, сөйлемдерді көшіріп жаз.

Қожанасыр мен алдаркөсе кездесті. Олар ыстық-көлге келді.

Жалқы есімдердің астын сыз?

3-тапсырма Жер-су аттарын қатыстырып, «Менің ауылымда» немесе «Менің қаламда» тақырыбына мәтін құрастырып жаз.

3-сынып тапсырмалары.

1-тапсырма. Белгілі суретші Ағымсалы Дүзелхановтың «Аңшылық» атты суретіне зер сал.

- сурет несімен қызықтырды? Суретті көріп қандай сезімде болдың? Ойыңмен бөліс.

- сурет бойынша қысқа мәтін құрастыр. Оны айтуға дайындал.

- құрастырған мәтініңді жаз. Жазғаныңды те-ксер.

2-тапсырма. Сызбадағы тірек сөздерді пайдаланып, мәтін құрап айт.

Өнерлі, үздік оқушы, билейді, ән салады, ою ояды.

3- тапсырма. Мәтінді тиісті тыныс белгілерін қойып көшіріп жаз.

Ақши- Әминаның ауылы ауылда ши өседі Әмина бір бума ши әкелді шешесі одан ши тоқыды ши тоқу өнер.

Тәуелдік жалғаулы зат есімдердің астын сыз.

4-сынып тапсырмалар

1-тапсырма Тыңда. Тыңдау барысында мәтіннің негізгі тұстарын тірек сөздермен белгіле.

Қарлығаш - ұя жасаудың шебері. Олар ұясын сазбалшықтан өріп жасайды. Ұясын жартастың қуыстарына, су жағасынан жарларға, үйлердің бұрыштарына салады.

Үйлердің іші-сыртына салынған ұяларды қазақтар бұзады. Оны ырымдап жақсылыққа, жайлылыққа балайды. Ұясы бұзылмай тұрса, қарлығаштар келесі жылы да келіп, сол ұяға мекендейді.

- белгілеген тірек сөздер арқылы мәтін мазмұнын бір-біріңе айтып беріңдер.

- Тірек сөздер қатарын толықтырып, «Мен адамның досымын»деген тақырыпта монолог құрап жаз.

Тірек сөздер:мен, тұмсығы қысқа, қанаты ұзын, айыр- құйрықты, құс . . . , ұшып жүріп ұстау, адамның досы, жанашыры.

  • Мәтіндегіқа рамен жазылған сөздердің тәуелдеулі зат есім екенін дәлелдеп көр.

2-тапсырма. Мәтінді оқы.

Мәтінің тақырыбы мен мазмұны сәйкес келе ме Қандай ат қояр едін

3-тапсырма. Тірек сөздерді пайдаланып, тоқылдақтың атынан монолог құрап жаз.

Тіре сөздер: тоқылдақ, екі есе қоңыр, көмек керек, орманда, қаптап кетті, жұмысты, көп, істеп жүрмін.

2. 2 Зат есімді оқытуда тіл дамыту жұмыстары

Тілді, оның ішінде оқушылардың ана тілін оқыту барысында балалардың сөйлеу дағдысын дамытуға көп көңіл бөлу керек пе, болмаса қалай дұрыс сөйлеу қажеттігі туралы ғылыми ұғымдар немесе грамматиканы меңгертуге көп назар аудару қажет пе деген мәселенің айналасындағы бір-біріне қарама- қарсы пікірлер бұрынғы кеңес мектебінің 70 жылдан астам тарихының өн бойында үнемі жалғасып келді. Мәселен, 20- жылдары грамматиканы арнайы оқытудың қажеті жоқ, ол сөйлеу барысында оқушылардың өздері-ақ үйренеді деген көзқарас үстем болса, 30- жылдардың бас кезіннен бастап кеңес мектептерінде оқушыларға сөйлеу, жазу дағдыларын үйрету тілдің лексикалық, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік жүйелерін меңгертумен қатар жүргізіле бастады. Ал 50- жылдары оқушылардың сөйлеу және жазу дағдыларындағы ол қылықтар сөздердің лексикалық мағналарын үйретуге аз көңіл бөлгендігінен деп табылды. Осы жағдай 60- жылдары бастауыш мектептерде берілетін білім мазмұнымен оқыту әдістерін жаңарту жұмысын іске асыруға алып келді.

Басастауыш мектептерді тілді оқыту барысы мынандай мәселелерді қамтиды:

- оқуға үйрету;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілін оқытуда қолданылатын оқу-әдістмемелік кешендер
Көрнекі құралдар
Бастауыш сыныпта тіл дамыту жұмыстары
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру
Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың сөйлеу әрекеттерін дамыту
Қазақ тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту
Оқушылардың тілін дамыту үшін бір тақырыпқа бірнеше мәтін алған дұрыс
Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні ғылым және оқу пәні ретінд
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында деңгейлік тапсырмалар мен тірек сызбаларды қолдану жолдары
Қазақ тілі сабақтарында ережелерді ұғындырудың жолдары мен тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz