Қазақстандағы табиғатты пайдаланудың басқару жүйесі



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
1 ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ РЕТІНДЕ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .6
1.1 Табиғатты пайдалану және басқару жүйесі түсінігі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ..6
1.2 Табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік басқарудығ негізгі ережілері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .8

2 МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ҚОҚ (САЛАСЫНДАҒЫ) ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТІ. . . . . . . . . . . . . . . . . .11
2.1 ҚОҚ саласындағы құқықтар мен міндеттер. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 11
2.2 ҚР ҚОҚ (саласындағы) және табиғатты пайдалану саласындағы басқару жүйесі өкілеттіктері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .13

3 ҚОҚ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .15
3.1 ҚР табиғатты басқару жүйесін дамыту тетіктері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .15
3.2 Табиғат пайдаланудағы шетел тәжірибесі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .18

ҚОРЫТЫНДЫ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .20

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .22
КІРІСПЕ

Экологиялық қауіпсіз және орнықты дамуға көшу қазіргі уақытта Қазақстанның даму стратегиясындағы басым бағыттардың біріне айналып келеді, мұнда оның құрамдас бөліктерінің бірі қоршаған ортаны қорғау болып табылады.
Осы мақсатта қалалар мен өнеркәсіп орталықтарындағы атмосфералық ауаның, су көздерінің жай-күйі, өндіріс пен тұтыну қалдықтары, сондай-ақ Қазақстанда табиғатты пайдалануды мемлекеттік реттеу мен қоршаған ортаны қорғау туралы ақпарат зерделенді.
Елдің қоршаған ортасының жай-күйін талдау кезінде Есеп комитетінің бақылау іс-шараларының нәтижелері пайдаланылды, соның нәтижесі бойынша қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша негізгі тұжырымдар жасалып ұсынымдар әзірленді[1,5].
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) 2009-2010 жылдары бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген бақылау аясында Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасы талаптарының 7,6 млрд. теңгеге, соның ішінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарының 27,4 млн. теңгеге бұзылғаны анықталды.
Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыруға, 2009-2010 жылдарға арналған стратегиялық жоспардың іс-шараларын орындауға бөлінген бюджет қаражатын пайдалануға қатысты Министрліктің қызметі тиімсіз жүргізілген деп танылды.
Қоршаған ортаның сапасын жақсарту және қоғамның экологиялық тұрақты дамуының қолайлы деңгейiне қол жеткiзу бойынша негізгі параметрлер Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасында (ҚР Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы № 1241 Жарлығы) және Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасында (ҚР Президентінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі Жарлығы) қарастырылған. Бұл ретте аталған Тұжырымдамалар Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 13 сәуірдегі № 47 Жарлығымен күшін жойды. Қазіргі кезеңде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау мәселелері ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 924 қаулысымен бекітілген «2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасында көзделген[2,8].
Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасында:
-төтенше жағдайлардың алдын алудың және оларды жоюдың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік жүйесін дамыту;
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Стамқұлұлы.Ә "ҚР Экология құқығы” Алматы Жеті жарғы 1995ж.
2. ҚР Конституциясы. 1995ж. 30 тамыз.
3. Чусев Р.К - "Экологические право” Москва. 2000ж.
4. Баянов.Е ҚР мемлекетімен құқығының негіздері. Алматы 2003ж.
5. «Международные эколого-правовое сотрудничество» Алматы. Дәнекер 2001ж.
6. Сапарғалиев.Ғ. "Мемлекет және құқық негіздері” Алматы 2000ж.
7. ҚР Заңы. "Қоршаған ортаны қорғау” Алматы. 1998ж.
8. Жатқанбаев Ж.Ж. Экоология негіздері.Алматы.2003
9. А.Қ.Құсайынов.Экология және табиғат қорғау. Алматы.2002.
10. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология: Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы.-Алматы: Бастау баспасы, 2003 – 292 бет
11. Гинберг А.М., Хохлова Б.А. Технология важнейших отраслей промышленности.- М.: Высшая школа, 1985.
12. Ченцова И.В. Основы технологии важнейших отраслей промышленности.-Минск, 1985;
13. Купряков Е.М. и др. Технология важнейших отраслей промышленности.-М.:ВЗФЭИ, 1979
14. Мазур И.И., Молдаванов О.И. Курс инженерной экологии. - М.:Высшая школа, 1999 ;
15. Қалыбеков Т.Қ Экология және ашық кен. – Алматы: Қазақстан,1988;
16. Төлемісов О. Реформалардың экономикалық тиімділігін және мемлекеттік басқару жүйесін бағалау. Оқу құралы - Алматы: Экономика, 2001.
17. Шеденов Ө. Қ., Сағындықов Е. Н., Жүнісов Б. А., Байжомартов Ү. С., Конягин Б. И. Жалпы экономикалық теория - Ақтөбе: А-Полигра, 2004.
18. Экономикалық теория. ҚЭУҚ - Қарағанды, 2005.
19. Шумеков З.Ш., Сүйіндіков Ж.С., Жанағұлов А.Ш.-ҚЭУҚ-Қарағанды 2005Экономикалық теория. Оқу-тәжірибелік құрал /
20. Бұғыбаева Р.О.,Жанағұлов А.Ш., Жетпісбаева М.Қ., Сүйіндіков Ж.С., Есдаулетова М.А.Макроэкономика. Оқу-тәжірибелік құрал / -Қарағанды 2002.
21. Жанағұлов А.Ш., Сүйіндіков Ж.С.,Байгуренова М.А., Есдәулет М.А., Қуаныштаева А.Е Экономикалық саясат. Оқу-тәжірибелік құрал /.-Қарағанды 2006
22. Сүйіндіков Ж.С., Толпаков Ж.С Экономикалық теория. Кесте альбомы. /.-Қарағанды 2001
23. Нарықтық экономиканың терминалогиялық түсіндірме сөздігі./Сүйіндіков Ж.С.-КЭУ, 2003
24. Акимбеков С.А.Экономикалық теория. /Астана, 2002.
25. Назарбаев Н.А. Қазақстан халқына жолдауы.,- Астана 2008
Мамыров Н.К., Саханова А.П., Ахметова Ш.С., Брузати

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
1 ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ РЕТІНДЕ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .6
1.1 Табиғатты пайдалану және басқару жүйесі түсінігі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ..6
1.2 Табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік басқарудығ негізгі ережілері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .8

2 МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ҚОҚ (САЛАСЫНДАҒЫ) ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТІ. . . . . . . . . . . . . . . . . .11
2.1 ҚОҚ саласындағы құқықтар мен міндеттер. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 11
2.2 ҚР ҚОҚ (саласындағы) және табиғатты пайдалану саласындағы басқару жүйесі өкілеттіктері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .13

3 ҚОҚ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .15
3.1 ҚР табиғатты басқару жүйесін дамыту тетіктері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .15
3.2 Табиғат пайдаланудағы шетел тәжірибесі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .18

ҚОРЫТЫНДЫ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .20

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .22

КІРІСПЕ

Экологиялық қауіпсіз және орнықты дамуға көшу қазіргі уақытта Қазақстанның даму стратегиясындағы басым бағыттардың біріне айналып келеді, мұнда оның құрамдас бөліктерінің бірі қоршаған ортаны қорғау болып табылады.
Осы мақсатта қалалар мен өнеркәсіп орталықтарындағы атмосфералық ауаның, су көздерінің жай-күйі, өндіріс пен тұтыну қалдықтары, сондай-ақ Қазақстанда табиғатты пайдалануды мемлекеттік реттеу мен қоршаған ортаны қорғау туралы ақпарат зерделенді.
Елдің қоршаған ортасының жай-күйін талдау кезінде Есеп комитетінің бақылау іс-шараларының нәтижелері пайдаланылды, соның нәтижесі бойынша қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша негізгі тұжырымдар жасалып ұсынымдар әзірленді[1,5].
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне (бұдан әрі - Министрлік) 2009-2010 жылдары бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген бақылау аясында Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасы талаптарының 7,6 млрд. теңгеге, соның ішінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарының 27,4 млн. теңгеге бұзылғаны анықталды.
Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыруға, 2009-2010 жылдарға арналған стратегиялық жоспардың іс-шараларын орындауға бөлінген бюджет қаражатын пайдалануға қатысты Министрліктің қызметі тиімсіз жүргізілген деп танылды.
Қоршаған ортаның сапасын жақсарту және қоғамның экологиялық тұрақты дамуының қолайлы деңгейiне қол жеткiзу бойынша негізгі параметрлер Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасында (ҚР Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы № 1241 Жарлығы) және Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасында (ҚР Президентінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі Жарлығы) қарастырылған. Бұл ретте аталған Тұжырымдамалар Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 13 сәуірдегі № 47 Жарлығымен күшін жойды. Қазіргі кезеңде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау мәселелері ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 924 қаулысымен бекітілген 2010-2014 жылдарға арналған Жасыл даму салалық бағдарламасында көзделген[2,8].
Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасында:
-төтенше жағдайлардың алдын алудың және оларды жоюдың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік жүйесін дамыту;
-2015 жылға дейiн Қазақстан Республикасында қызған газдардың шығарындыларын төмендету;
-cу үнемдеу;
-шөлейттенумен күрес жөнiндегi iс-қимылдар;
-халықтың iшкi көшi-қоны және экологиялық апат аймақтарының жерлерің шаруашылық мақсатқа пайдалану;
-байырғы ластануларды жою;
-өнеркәсiп және тұрмыстық қалдықтарды басқаруды жетiлдiру;
-әскери-ғарыш және сынақ кешендерi полигондары аумағының
Экологиялық жай-күйiнiң мониторингi жөнiндегi бағдарламаларды іске асыру жоспарланғанын айта кету керек.
Алайда, тек екі бағдарлама ғана, атап айтқанда, Төтенше жағдайлардың алдын алудың және оларды жоюдың мемлекеттiк жүйесiн дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасы туралы және ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1224 қаулысымен күші жойылған Халықтың көшi-қоны мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу туралы дайындалған.
Байырғы ластануларды жою жөнiндегi, сондай-ақ өнеркәсiп және тұрмыстық қалдықтарды басқаруды жетiлдiру жөнiндегi арнайы бағдарламалар әзірленбеген.
Ал әзірленеді деп жоспарланған қалған бағдарламалар жекелеген мәселелер түрінде 2010-2014 жылдарға арналған Жасыл даму салалық бағдарламасында (бұдан әрі - Бағдарлама) көрініс тапты.
Бағдарламаның мақсаты мен міндеттерін іске асыру саларалық өзара іс-қимылдарда көптеген мәселелерді шешу үшін көзделген, соның ішінде: қызған газдардың шығарындылары, атомосфералық ауаның ластануы, экологиялық апат аймақтары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, өнеркәсіп және тұтыну қалдықтары, су ресурстары, жасылдандыру және басқалар.
Бағдарламаны іске асыру екі кезеңде жүзеге асырылатын болады.
Бірінші кезеңде (2010 - 2012 жылдар) табиғи ортаның ластану деңгейін төмендету жөніндегі жұмыстарды және ұйымдастыру іс-шараларын оның сапасын басқару жүйесін оңтайландыру, экологиялық орнықты даму тетіктерін құру, қоршаған ортаны ластайтын ірі өнеркәсіп кәсіпорындары үшін ең үздік қол жетімді технологиялар негізіндегі нормаландыруға көшу жөнінде басшылыққа алатын құжат пен жоспар әзірлеу және жануарлар дүниесін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұтымды пайдалану, ормандарды қорғау және өсімін молықтыру жолымен жүргізу көзделген.
Екінші кезеңде (2013 - 2014 жылдар) табиғи ортаны басқару сапасын жақсарту, орнықты даму тетіктерін іске асыру және жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу, қолда бар үздік технологияларды енгізу, қоршаған орта сапасының мақсатты көрсеткіштеріне және қоғамның экологиялық орнықты дамуын қолайлы деңгейге қол жеткізу көзделген[3,7].
Министрліктің стратегиялық жоспарына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласында бірқатар нормативтер әзірлеп бекіту қарастырылған. Алайда, 2009 жылы қоршаған ортаны қорғау саласында әзірленіп бекітілуге тиісті 34 экологиялық норматив пен ереженің тек 1-уі ғана бекітілгені бақылау барысында анықталды. Дәл осындай жағдай 2010 жылы да қайталанған, яғни жоспарланған 38 нормативтің тек тоғызы ғана бекітілген.
Кәсіпорындар мен ұйымдар қоршаған ортаны қорғауға және негізгі қорларды күрделі жөндеуге үлкен көлемде қаржы (соның ішінде, республикалық және жергілікті бюджеттен) жұмсап отырғанына қарамастан (1-диаграмманы қараңыз), қоршаған ортаны ластаудың экологиялық жүйелерге және халықтың денсаулығына келеңсіз әсері әлі де сақталып отыр және Қазақстанда:
- ластағыш заттардың атмосфераға шығарындыларының жоғары деңгейіне;
- ластағыш заттардың су көздеріне төгінділерінің жоғары деңгейіне;
- қалдықтарды қайта өңдеу мен кәдеге жаратудың көлемінің төмендігіне (бұл өңірлерде қалдықтардың үлкен көлемдегі үйінділерінің пайда болуына алып келеді);
- халықтың (әсіресе, қолайсыз экологиялық өңірлерде тұратын халықтың) денсаулығының нашарлауына әкеп соғатын белгілі бір проблемалар туындатуда.

1 ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ РЕТІНДЕ

1.1 Табиғатты пайдалану және басқару жүйесі түсінігі

Біздің еліміздің табиғат байлықтары орасан зор, олар халық қажетін қанағаттандыру әрі шаруашылығы дамыту үшін қажеттің бәрін береді. Дегенмен, бұл байлық қаншалықты мол болғанымен, оны сақтай біліп, дұрыс пайдаланбаса, уақыт өткен сайын ол да сарқылады. Сондықтан табиғат байлықтарын қорғаудың аса зор маңызы бар.
Қазақстанның табиғатты қорғау жөніндегі заңдары. Еліміздің табиғат байлықтарын дұрыс пайдалану мәселесіне зор көңіл бөліп, 1918 жылдың өзінде-ақ табиғатты қорғайтын арнаулы комитет ұйымдастырды. Соның нәтежесінде табиғат байлықтарын дұрыс пайдалануға және қорғауға бағытталған алғашқы заңдар белгіленіп қабылданды. 1962 жылғы 16 маусымда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Қазақстан табиғатын қорғау туралы жарлығы шықты. Жарлықта пайдалы қазбаларды, суды (жер беті мен жер асты сулары), ормандар мен құстар, атмосфералық ауа, топырақ, сирек ландшафтылар және тағы басқаларды қорғау қарастырылды. Жарлықта қосымша арнайы нұсқау жазылып, онда әр түрлі табиғат байлықтарын пайдалану, орман, топырақтың құнарын сақтау, ауа мен су қоймаларын қорғау, балық аулау мен аңшылық туралы ережелер бар.
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы туралы Жарлығы - 2003 жылы 3 желтоқсан күні Астанада қабылданды. Осы жарлықта бүгінгі ғаламдық және Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен бірге елдің экологиялық дамуы жөніндегі мемлекеттік шаралардың кешені айқындалды[4,7].
Табиғатты қорғау мәселесіне қазірде де зор көңіл бөлінуде. Халықаралық табиғатты қорғау одағының шешімі бойынша әр елде табиғат қорлары мен табиғатты қорғау үшін сирек кездесетін, құрып кету қаупіндегі жануарлар мен өсімдіктердің түрлері есепке алынған. Біздің елде Қызыл кітап 1978 жылы ұйымдастырылған. Мұнда аңның 21 түрі және осы тектес түрдегі кездесетін аңдар мен торғайлардың 8 түрі көрсетілген, оларды сақтап қана қоймай, бұлардың санын көбейтудің барлық шаралары қолданылады. Қалпына келтірілген жануарлар мен өсімдіктердің түрлері Қызыл кітаптан алынған.
Табиғатты қорғау мен табиғат қорларын тиімді пайдаланудың екі бағыты бар: мемлекеттік және жалпыхалықтық. Мемлекеттік бағыт тиісті заңдармен, әрі үкіметтің қарарларымен анықталса, ал жалпыхалықтық бағыт өзінің тікелей қатынасуымен және қоғамдық ұйымдар арқылы іске асырылады. Табиғатты қорғау ісіне тікелей қатынасудың қажеттілігі. Республика табиғатын қорғау ісіне барлық азаматтар ат салысуы тиіс. Табиғатты қорғау саласында арнайы кұрылған ұйымдардың ішінде Қазақстанның Табиғат комитеті көрнекті орын алады. Бұл комитет табиғатты қорғау саласындағы ғылыми мекемелер мен ұйымдардың жұмысын үйлестіріп, бір мақсатқа бағыттал, республикалары экологиялық дағдарысты шешуге жұртшылықты жұмылдырады. Елімізде Табиғат қорғау қоғамы жұмыс істейді[5,9].
Табиғат қорғау саласында әсіресе қоғамның жас мүшелерінін белсенділігі ерекше. Олардың көмегімен республикада жыл сайын көптеген бақтар мен саябақтар ірге көтереді, ондаған тонна мәдени өсімдіктердің түқымдары мен дәрі-дәрмектік өсімдіктер жиналады. Құстар күнін, Орман мен бақ айлығын, Сабан той өткізу мектеп өмірінде дәстүрге айналған. Көптеген мектептерде Жас орманшы, Су сакшыларының штабтары құрылды, республикада мектептік орман шаруашылықтары жұмыс істейді. Республика табиғатын корғауға тікелей қатынасып, әр азамат материалдық жөне эстетикалық маңызы бар табиғи ортаны сақтауға, көркейтуге өз үлесін қосады.
Табиғат пайдалану ұғымы және оның түрлерi
1.Адамның күнделiктi өмiрiнде, жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық және өзге де қызметiнде табиғи ресурстарды пайдалануы және (немесе) қоршаған ортаға әсер етуi табиғат пайдалану болып табылады.
2.Табиғат пайдалану жалпы және арнайы болып бөлiнедi.
3.Жалпы табиғат пайдалану тұрақты болып табылады және халықтың өмiрлiк қажеттi сұраныстарын қанағаттандыру үшiн және табиғи ресурстар пайдалануға берiлмей, тегiн жүзеге асырылады.
4.Арнайы табиғат пайдалану - осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген тәртiппен табиғи ресурстарды ақылы негiзде пайдалануды және (немесе) қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғаның қызметi[6,14].
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделсе, табиғатты жалпы пайдалануды шектеуге жол берiледi.
Табиғат пайдалану түрлерiне:
1) жердi пайдалану;
2) суды пайдалану;
3) орманды пайдалану;
4) жер қойнауын пайдалану;
5) жануарлар дүниесiн пайдалану;
6) өсiмдiктер дүниесiн пайдалану;
7) қоршаған ортаға эмиссиялар;
8) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленетiн өзге де табиғат пайдалану түрлерi жатады.
Табиғат пайдалану түрлерi бойынша арнайы табиғат пайдалану құқығының туындау ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.
Арнайы табиғат пайдалану табиғат пайдаланудың бiр түрiн не олардың бiрнеше түрiнiң жиынтығын қамтуы мүмкiн[7,49].
Табиғатты пайдалану мен қоршаған табиғи ортаны қорғауды мемлекеттік басқару қоғамдық әлеуметтік басқарудың бір саласы болып табылады. Басқарудың мақсаты - экологиялық бағдарламалардың, жоспарлардың және шаралардың орындалуын қамтамасыз ету, қоршаған табиғи ортаны қорғау, табиғи қорларды тиімді пайдалануды және салалардағы заң ережелерінің бұзылмауын қамтамасыз ету, адам өмірі мен денсаулығына табиғи ортаның қолайлы болуына жағдай жасау[8,23].
Табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған табиғи ортаны басқаратын органдардың қатарына Қазақстан Республикасы Министірлер Кабинеті, Ораталық атқарушы органдар және жергілікті өкілді органдар жатады. Қазақстан Республикасының Үкіметі қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқаратын қызметіне жататындар:
::Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, оны жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық және тактикалық шараларды әзірлейді;
::Табиғат пайдаланудың әр түрлі бағыттары бойынша ұлттық (мемлекеттік) экологиялық бағдарламалар әзірлейді, оларды Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсынады;
::Қоршаған ортаның сапасының нормативтері мен шаруашылық және өзге де қызметтерге қойылатын экологиялық талаптарды әзірлеу мен бекіту тәртібін белгілейді;
::Міндетті экологиялық сақтандыруды жүргізу тәртібі мен ережесін белгілейді;
::Табиғат пайдаланушыларға рұқсат алу қажет болатын табиғат пайдалану түрлерінің тізбесін және осы рұқсатты беру тәртібін белгілейді;
::Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мемлекеттік мотарингінің құрылымын, мазмұнын және оны жүргізу тәртібін белгілейді;
::Қоршаған ортаны қорғау, табиғат пайдалануды басқару және бұл салада мемлекеттік бақылау жасау міндеттерін жүзеге асыратын арнаулы уәкілетті органдардың тізбесін айқындайды;
::Халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады т.б.
Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстарды министірлігінің, сондай-ақ оны жергілікті органдардың (облыстық, қалалық және аудандар) атқаратын қызметтеріне мына төмендегілер жатады:
1)қоршаған табиғи ортаны қорғау мен табиғитты пайдалануды басқарудың экономикалық тетігін іске асыру;
2)қоршаған табиғи ортаны қорғау саласында біртұтас мемлекеттік ғылыми техникалық саясат жүргізу;

1.2 Табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгі ережелері

1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк реттеу:
1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтi лицензиялауды;
2) экологиялық нормалауды;
3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық реттеуді;
4) мемлекеттiк экологиялық сараптаманы;
5) экологиялық рұқсаттар берудi;
6) мемлекеттiк экологиялық бақылауды;
7) қоршаған ортаны қорғауды экономикалық реттеу жүйесiн, неғұрлым экологиялық таза технологияларды енгiзудi ынталандыруды, табиғат қорғау iс-шараларын қаржыландыру жүйесiн;
7-1) парниктік газдар шығарындыларын квоталауды;
7-2) парниктік газдарды түгендеуді;
7-3) парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңірудің нарықтық тетігін белгілеуді;
7-4) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерінің нақты көлемінің мониторингі жүйесін;
8) мемлекеттiк экологиялық мониторингтi;
9) табиғат пайдаланушыларды, қоршаған ортаны ластау көздерi мен учаскелерiн мемлекеттiк есепке алуды;
10) экологиялық бiлiм беру мен ағарту iсiн қамтиды.
2. Табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттiк басқару:
1) табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттiк жоспарлауды;
2) табиғи ресурстарды қорғауға, пайдалануға және молықтыруға мемлекеттiк бақылау жасауды;
3) табиғи ресурстарды пайдалану құқығына лицензиялар, рұқсаттар берудi және шарттар (келiсiмшарттар) жасасуды;
4) табиғи ресурстарды қалпына келтiру мен молықтыруды, ресурс үнемдейтiн технологияларды енгiзудi ұйымдастыруды;
5) табиғи ресурстардың мониторингi мен кадастрларын жүргiзудi;
6) табиғи ресурстарды пайдалануға лимиттер белгiлеу мен квоталар бөлудi;
7) табиғи ресурстарды пайдалануды, қалпына келтiру мен молықтыруды жүзеге асыратын мемлекеттiк заңды тұлғаларды басқаруды;
8) табиғи ресурстарды қорғауды ұйымдастыруды қамтиды.
Қоршаған ортаны қорғау объектiлерi[9.11].
1. Жер, жер қойнауы, жер үстi және жер асты сулары; атмосфералық ауа; ормандар мен өзге де өсiмдiктер; жануарлар дүниесi, тiрi организмдердiң гендiк қоры; табиғи экологиялық жүйелер, климат және Жердiң озон қабаты жойылудан, тозудан, зақымданудан, ластанудан және өзге де зиянды әсерден қорғалуға тиiс.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерi айрықша қорғалуға тиiс.
Табиғат пайдаланушылар:
1.Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын жеке және заңды тұлғалар табиғат пайдаланушылар болуы мүмкiн.
2.Табиғат пайдаланушылар:
1) тұрақты (табиғат пайдалану құқығы мерзiмi шектелмейтiн сипатта болады) және уақытша (табиғат пайдалану құқығы белгiлi бiр мерзiммен шектелген);
2) бастапқы (табиғат пайдалану құқығы мемлекеттен не басқа да бастапқы табиғат пайдаланушылардан сол құқықтан айыру немесе әмбебап құқық мирасқорлығы тәртiбiмен алынған) және кейiнгi (табиғатты уақытша пайдалану құқығы бұл мәртебенi өзiнде сақтап қалатын бастапқы табиғат пайдаланушыдан шарт негiзiнде алынған) болуы мүмкiн.
3.Табиғат пайдаланушылар осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптарды сақтауға мiндеттi[10,13].
Арнайы табиғат пайдалану құқығының туындау негiздерi және оны жүзеге асыру шарттары:
Арнайы табиғат пайдалану құқығы:
1)табиғи ресурстарды пайдалану мен алуға және қоршаған ортаны қорғау саласында жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыруға лицензиялар және (немесе) рұқсаттар;
2)табиғи ресурстарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен табиғат пайдалануға беру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерi;
3)Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен жасалатын табиғат пайдалануға арналған шарттар (келiсiмшарттар) негiзiнде туындайды.
Арнайы табиғат пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оларға билiк ете алмайды.
Арнайы табиғат пайдалану құқығы мемлекет қауiпсiздiгiн және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шектелуi немесе оған тыйым салынуы мүмкін[11,17].

2 МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТІ

2.1 Қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтар мен міндеттер

Азаматтардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтары мен мiндеттерi:
1.Әрбiр азаматтың және Қазақстан Республикасының аумағында тұратын азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ шетелдiктердiң өз өмiрi мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаға, оның жай-күйi туралы дұрыс ақпарат алуға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуы салдарынан өз денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залалдың өтелуiне алуға құқығы бар[12,18].
2. Азаматтардың:
Белгiленген тәртiппен табиғи ресурстарды пайдалануға, оларды қорғау және молықтыру жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға, қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыруға қатысуға;
Қоршаған ортаны қорғайтын қоғамдық бiрлестiктер мен қоғамдық қорлар құруға;
Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi жиналыстарға, митингiлерге, пикеттерге, шерулер мен демонстрацияларға, референдумдарға қатысуға;
Қоршаған орта мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға хаттар, шағымдар, арыздар мен ұсыныстар беруге және оларды қарауды талап етуге;
Қоғамдық экологиялық сараптама өткiзу туралы ұсыныс жасап, оған қатысуға;
Кәсiпорындарды, құрылыстар мен экологиялық жағынан зиянды өзге де объектiлердi орналастыру, салу, қайта құру және пайдалануға беру туралы, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың қоршаған орта мен адам денсаулығына терiс ықпал ететiн шаруашылық және өзге де қызметiн шектеу, тоқтата тұру және тоқтату туралы шешiмдердiң әкiмшiлiк немесе сот тәртiбiмен күшiн жоюды талап етуге;
Айыпты ұйымдарды, лауазымды адамдар мен азаматтарды жауапқа тарту туралы мәселелер қоюға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуы салдарынан өз денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залалдың өтелуi туралы сотқа талап-арыз беруге;
Заң актiлерi мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде көзделген басқа да құқықтарын белгiленген тәртiппен iске асыруға құқығы бар.
3.Әрбiр азамат қоршаған ортаны қорғауға және табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды орындауға, өзiнiң экологиялық бiлiм деңгейiн арттыруға және жеткiншек ұрпаққа экологиялық тәрбие беруге жәрдемдесуге мiндеттi[13,22].
Қоғамдық бiрлестiктердiң қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтары мен мiндеттерi:
1.Қоғамдық бiрлестiктердiң қоршаған ортаны қорғау саласында өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде:
Өздерiнiң экологиялық бағдарламаларын әзiрлеуге, бекiтуге және насихаттауға, азаматтардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауға, оларды ерiктi негiзде қоршаған ортаны қорғау саласында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғи ресурстарды пайдалануды және қорғауды мемлекеттік қорғау
Орманның қорғалуы мен пайдаланылуын мемлекеттік басқару
Табиғатты пайдалану мен қорғау негіздері
Экологиялық тәрбие жұмыстарының түрлері
Нарық жағдайында өндіріс саласында экологиялық іс-шараларды ұйымдастыру
Орман шаруашылығы
Қазақстандағы ауаның ластануы
Орман қорын қорғау, кешенді пайдалану мәселелер
Республикасының экологиялық жағдай
Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану
Пәндер