Балалар құқығын қорғау саласындағы құжаттар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ - АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
І.ЖАНСҮГІРОВ АТЫНДАҒЫ ЖЕТІСУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ
ZHANSUGUROV COLLEGE

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: Азаматтық құқық
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының балалар құқықтары
Мамандығы: 0201000 Құқықтану

Opындaғaн: 309 Ққ тoбының cтyдeнті Молдабек Бекзат Берікұлы
Жeтeкші: Наурызбаева Сатыпалды Наурызбайқызы

Талдықорған, 2024 жыл.

МАЗМҰНЫ:
Кіріспе
1 - тарау. Балалар құқығын қорғау: тарихы мен дамуы
1.1. Балалар құқығын қорғау саласындағы алғашқы қадамдар мен даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2. Балалар құқығын қорғау саласындағы халықаралық ұйым - БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.3. Балалар құқығын қорғау саласындағы құжаттар ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2 - тарау. Балалар құқығын қорғау саласындағы аймақтық ынтымақтастық: Қазақстан мен Орталық Азия
2.1. Орталық Азия мен Қазақстанның балалар құқығын қорғау саласындағы аймақтық ынтымақтастығы: кезеңдері мен даму перспективалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Аймақтық ынтымақтастық саласындағы халықаралық шаралар мен форумдар. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3. Балалар құқығын қорғаудың әмбебап және аймақтық жүйесіндегі Қазақстан. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

3.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

4.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Кіріспе

Балалар құқығының қорғалу деңгейі - кез-келген өркениетті қоғамның, мемлекеттік саясаттың әлеуметтік бағыттылығының басты индикаторы. Бала - бұл көпшілік жағдайда әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздықтан жапа шегетін азаматтар категориясы.
Қазіргі әлемдік қауымдастықтың дамуы балалар құқығы мәселесіне көбірек көңіл бөлу керек екендігін анықтап отыр. Адам құқығы мен бостандығының заңдылық тұрғыда бекітілуі, олардың қамтамасыз етілуі саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени т.б. жүйелердің қалыптасып, динамикалық дамуының қажетті шарттары болып табылады. Адам құқығы, оның қамтамасыз етілуі - әлемдік тұрақты даму стратегиясының маңызды факторы болатын демократиялық, құқықтық құндылықтарға негізделген мемелекет дамуының түпкілікті мақсаты және басты нәтижесі.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік пен егемендігін паш етіп, өзін құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп бекітіп, қоғам өмірінің экономикалық, саяси, әлеуметтік саласына елеулі өзгерістер енгізді - нарықтық экономиканы, көппартиялық жүйені қалыптастырды, қоғамдағы көптеген демократиялық және құқықтық институттарды нығайтты.
Қазақстанның әрі қарай динамикалық және тұрақты дамуы бірінші кезекте адам құқығы мен бостандығы сияқты жалпы адами құндылықтарға негізделуге тиіс құқықтық сананың деңгейіне тікелей байланысты. Қазақстан Республикасы өз Конституциясында адам, оның өмірі, құқығы мен бостандығы ең жоғары құндылық болып табылатынын, мақұлдап бекітті. Азаматтық қоғамды қалыптастыру мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуының басты шарты азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, соның ішінде оның құрамды бөлігі - адам құқығының мәдениеті
Отбасы дағдарысы, көптеген отбасылардың ауыр материалдық жағдайы, дәстүрлі отбасылық қатынастардың бұзылуы, бұзылған некелер санының артуы балалар жағдайының төмендеуінің күрделі алғышарттары болып табылады. Соңғы жылдары орын алып отырған қайта құрулар балалық мәселесін күрт шиеленістіріп, шешімдердің біржақты еместігін белгілеп берді.
Осыған орай менің мақсатым балалар құқығының қорғалу мәселесін зерттей, отырып, оның маңыздылығына баға беруге тырысу. Бұл мақсатымды жүзеге асыру үшін алдыма келесі міндеттерді қойды:
балалар құқығын қорғау ұйымдарына тоқталу және бұл ұйымдардың негізгі шараларын талдау;
Қазақстандағы балалар құқығының кемсітілуі мен оның қорғалу жағдайларын нақты фактілер бойынша саралау;
Балалар құқығын қорғау мәселесін аймақтық тұрғыда шешудегі Қазақстан мен Орта Азия елдерінің ынтымақтастық шараларын айқындау;
Мәселенің оң және теріс жақтарына баға беру.

1 - тарау. Балалар құқығын қорғау: тарихы мен дамуы.
1.1. Балалар құқығын қорғау саласындағы алғашқы қадамдар мен даму тарихы.
Халықаралық балалар құқықтарын қорғау - тарихи тұрғыдан алғанда салыстырмалы түрде жас құбылыс. Балалардың құқықтарн қорғау жөніндегі алғашқы ұйым әлемде 1919 жылы пайда болды, 1924 жылы - Ұлттар Лигасының Женева балалар құқықтары туралы декларациясы, 1959 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының Бала құқықтары туралы декларациясы қабылданды, 1979 жыл Халықаралық Бала жылы болып жарияланды және тек он жыл өткеннен кейін ғана Бала құқықтары туралы конвенция қабылданды.
Егер тарихқа көз жүгіртетін болсақ, онда Балаларды қорғау мейрамы 1949 жылы қараша айында Халықаралық демократиялық әйелдер Федерациясы Кеңесі сессиясы шешімімен бекітілді. Жыл сайын жаз айының бірінші күні - 1 маусымның - келуімен атап өтіледі. Алғаш рет балаларды қорғау күні 1950 жылы дүниежүзінің 51 елінде өткізілді.
Декларация ата-аналарын, қоғамдық ұйымдарды, үкіметті балалар құқығын мойындауға және олардың жүщеге асырылуына ат салысуына шақырады. Балаларды қорғаудың халықаралық күні жыл сайын дүние жүзінің 30-дан астам елінде атап өтіледі. Балаларда үлкендермен салыстырғанда құқықтары кем емес. Алайда балалар құқығын бұзумен байланысты жағдайлар көптеп кездеседі. Мысалы, статистика бойынша, ондаған млн. балалар дәрі-дәрмектердің жетпеуінен жапа шегеді, медициналық көмектің жоқтығынан өледі, 100 млн. балалар білім мекемелерінің жоқтығынан қажетті білімдерін ала алмайды. Көптеген балалардың туған үйлері жоқ және аштықтан жапа шегуде, ал көптеген, жақсы дамушы елдерде, балаларды тегін жұмысшы күші ретінде пайдаланады және тіпті құлдыққа да сатады. Соңғы жылдары балалар органдарын трансплатацияда қолдану туралы жиіркенішті ақпараттар пайда болды.
Барлық осы фактілер, сөзсіз, үлкендерді балаларға, олардың мәселелерін шешуге, барлық дүние жүзінде балалар өмірін жақсартуға көмек беруге шақыруға міндетті.
Қазіргі таңда балалар мәселесі бойынша әлемде арнайы бағдарламалар қарастырылуда. Балалардың жағдайларын шешу барысында әр түрлі саясаттар іске асырылуда. Соңғы жылдары БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша белсенді және сәтті қызметінің нәтижесінде бала мәселесі айтарлықтай жақсарды, 100 мыңдаған балалар өмірі сақталып қалды, ал миллиондаған балалар нағыз бақытты балалыққа қол жеткізді. Біз әр жаңа мектептің, балалар емханасының және ауруханалардың, балалар
үшін интернаттар мен балалар үйінің салынуымен барлық ғаламшардың болашағы құрастырылатындығын түсінуге тиіспіз. Мемлекеттік деңгейде жүзеге асырылған қазақстандық 100 мектеп, 100 аурухана Бағдарламасы соның жарқын мысалы. Бала және анаға деген қамқорлық Қазақстанда әлеуметтік жәрдемақылардың артуынан және демографиялық жағдайдың оң дамуына әсер ететін басқа да жағдайлардың жақсаруынан көрінеді. Тағы бір мысал: Европалық Одақ 2008 жылдан бастап Қазақстанда балалар құқығын қорғау саласындағы жобаны жүзеге асырып келеді. Баланы қорға! - бұл біздің республикамызда бала құқығын қорғаудың неғұрлым тиімді механизмдерін жасауға көмектесетін жоба. Бағдарламаның басты мақсаты адам құқығы мәдениетін арттыру және жергілікті қауымдастықты, ата-аналарды және балаларды балалар құқығын қорғау процесіне тарту болып табылады. Жоба балалар, ата-аналар және әлеуметтік қызметкерлер үшін заңды және әлеуметтік-психологиялық тренингтер қарастырады. Олар Астананың 25 мектебінде ұйымдастырылды. Одан басқа, балалар құқығының сақталуы жағдайларына мониторинг жүргізу және тегін заң және психологиялық көмек көрсету жоспарланған. Жобаны Қазақстандық Центр социальной адаптации детей атты қоғамдық ассоциация жүзеге асырды. 2002 жылы тамыз айында Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы ҚР Заңы шықты. Заңның екінші тарауының, алтыншы бабында балалар мүддесі үшін мемлекеттік саясат мақсаттары аталады. Бұл:
1) балалардың құқықтарын және заңды мүдделерін қамтамасыз ету, олардың бөлінушілігіне жол бермеу;
2) балалардың негізгі құқықтары мен заңды мүдделерін упрочение, сондай-ақ олардың құқықтарының бұзылған жағдайында қалпына келтіру;
3) балалар құқығының заңды негіздерін кепілдендіруді қалыптастыру, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша сәйкесінше органдар және ұйымдар құру;
4) балалардың физикалық, интеллектуальдық, рухани және адамгершілік дамуына, оларда патриоттылықты тәрбиелеуге көмектесу;
5) кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтық санасын және құқықтық мәдениетін қалыптастыру бойынша мақсатты бағытталған жұмысты қамтамасыз ету.
Мәселен Былтыр Қазақстанда 388,4 мың сәби (403,8 мың - 2022 ж.) дүниеге келді, оның 51,6% - ұлдар, 48,4% - қыздар. 230,3 мың бала немесе туылғандардың 59% қалалық жерде туылса, қалған 158 мың бала, яғни 41% - ауылдық жерде дүниеге келген.
1.2. Балалар құқығын қорғау саласындағы халықаралық ұйым - БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) қызметі.
ЮНИСЕФ -- бұл БҰҰ-ның Балалар қоры - Біріккен Ұлттар Ұйымы. ЮНИСЕФ жұмысының негізгі мақсаты - балалар құқығын қорғау және қауіпсіз, дені сау және бақытты балалыққа балалар құқығын қолдау.
ЮНИСЕФ (UNICEF -- United Nations International Children's Emergency Fund, халықаралық төтенше балаларға көмек қоры) атауы Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандары болған балаларға көмек үшін қор құру туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы шешім қабылдаған кезде 1946 жылы пайда болды. Кейіннен Қор ЮНИСЕФ аббревиатурасының сақталуымен БҰҰ Балалар қоры деп аталды.
ЮНИСЕФ Балалар қоры 1945 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының бірінші конференциясында негізі қаланды. Қор Екінші дүниежүзілік соғыстан жапа шеккен балаларға көмек көрсету үшін ұйымдастырылғандықтан, қордың бірінші атқарушы директоры Морис Пэйт: Балалардың арасында жау жоқ, - деп мәлімдеді. Ол балалар мүдделерін соғыстан кейінгі әлемдегі саясаттан жоғары қойды.
Алғаш рет Омбудсмен мектебі 1809 жылы Швецияда пайда болды, ал Ұлы Отан соғысынан кейін Омбудсмен институттары басқа да мемлекеттерде пайда болды.
Омбудсмен қызметінің негізгі бағыттары:
нақты бір жағдайдағы, нақты бір баланы қорғау;
Балалар құқығын қорғауға қатысты билікті бақылау;
Заң процестеріне қатысу;
Балаларға құқықтық білім беру;
балалар құқығын қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық.
1992 жылы ақпан айында БҰҰ Балалар қоры және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазақстандық балалардың жағдайына баға беру үшін жас тәуелсіз республикаға өзінің бірінші миссиясын ұйымдастырды. Бұл миссия Қазақстандағы ЮНИСЕФ қызметіне бастама болды, оның алғашқы жобасы қызылша мен полимилитке қарсы барлық балаларды иммунизациялау болды.
2007 жылы ЮНИСЕФ Қазақстан территориясындағы өз қызметінің 15-жылдығын атап өтті. ЮНИСЕФ мандаты өткен он бес жыл ішінде айтарлықтай өзгерді: вакциналарды, дәрі-дәрмектерді жеткізуден және басқа да материалдық көмек көрсетуден басқа қоғам потенциалын нығайтуға және отбасы және бала мүдделері үшін алдыңғы қатарлы озық әлеуметтік технологияларды енгізуге көшті.
ЮНИСЕФ БҰҰ жүйесіндегі агенттіктердің ішінен алғашқылардың бірі болып бұрынғы астанамыз Алматыдан көшті және Қазақстанның жаңа астанасы - Астанада өзінің өкілділігін ашты. Қазіргі таңда ЮНИСЕФ офисінде Астанада 30-ға жуық қызметкер, және Алматыда бес қызметкер жұмыс жасайды. Барлық қызметкерлер - жоғары санатты мамандар және Балалар құқығы туралы Конвенцияны жүзеге асыруды өздерінің басты міндеті санайды.
1946 жылы құрылған және бүгінгі таңда мемлекеттік бағдарламалар және Ұлттық комитеттер арқылы 191 елде жұмыс жасайтын БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) әр баланың құқығы сақталатын әлемді құруға көмектесетін
қозғаушы күш болып табылады. Ол шешім қабылдауға жауапты тұлғаларға ықпал көрсету үшін ғаламдық беделге ие. Бұл ЮНИСЕФ ұйымын өскелең ұрпақпен жұмыс жасаушы дүниежүзілік, сондай-ақ аймақтық ұйымдар арасында әмбебап ұйым ретінде көрсетеді.
2011 жылдың 12 қыркүйегінде Астана қаласында Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тың жаңа өкілі Джун Кукита мырза өз миссиясын маңызды мемлекеттік серіктестіктермен бірқатар кездесулер өткізумен бастады. 2011 жылы 7 қыркүйекте Кукита мырза Қазақстан Республикасының сыртқы істерінің Вице-министрі Қайрат Умаровпен кездесті, кездесу барысында сенім грамоталары табыс етілді. Тараптар ағымдағы ынтымақтастық және Қазақстан Республикасы сыртқы істер Министрлігі мен ЮНИСЕФ-тің болашақ серіктестігінің перспективалары мәселелерін талқылады.
9 қыркүйекте Кукита мырза Қазақстандағы адам құқықтары бойынша Өкіл Асқар Шакир мырзамен кездесті. Тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін бірқатар бағыттар бойынша ортақ келісімге келді.
10 қыркүйекте Кукита мырза Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Гульшара Абдикаликовамен кездсеу өткізіп, кездесу барысында тараптар Қазақстандағы балалар және жастар құқығын қорғау мәселесіне қатысты пікір алмасты және болашақтағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
ЮНИСЕФ балалар құқығын қорғау бойынша бірінші халықаралық ұйым болды, және бүгінде ЮНИСЕФ балалар құқығы туралы Конвенцияны жетекшілікке алады. В 1994 году, в начале своей работы в Казахстане, Правительство страны обратилось к ЮНИСЕФ с запросом сосредоточить усилия на Кызылординской области. Ввиду экологической катастрофы Аральского моря, Кызылординская область стала предметом особого внимания местных властей и ЮНИСЕФ. В этой связи в области была проведена большая работа по улучшению питания и здоровья матери и ребенка, а также по повышению качества услуг здравоохранения и образования.

1.3. Балалар құқығын қорғау саласындағы құжаттар
1989 жылы 20 қарашада қабылданған Бала құқықтары туралы Конвенция барлық бала құқықтары тізімінің ішіндегі барынша толығы және бұл құқықтарды халықаралық құқық күшімен анықтайтын бірінші құжат болып табылады. 1998 ж. қарай оны 191 мемлекет ратификациялады, яғни, бұл әлемдегі мемлекеттердің көпшілігі қол қойған конвенция еді. Тек БҰҰ-на мүше екі мемлекет - АҚШ пен Сомали ғана оған қосылған жоқ. Балалар құқығы туралы конвенция - бұл Қазақстан ратификациялаған алғашқы конвенция. 54 баптан тұратын Балалар құқығы туралы Конвенцияның негізгі идеясы бала мүддесін қамтамасыз етуге бағытталады. Егер ұлттық заңдылық
бойынша кәмелетке толудың ертерек жас мөлшері көрсетілмесе, Конвенцияға сәйкес, бала деп 18 жасқа толмаған тұлға танылады.
Бүкіл Конвенциядан өтетін маңызды принциптер болып келесілер табылады:
баланың физикалық және адамгершілік жағынан дамуына күш ретінде оның жағдайын жасау мен сақтау қажеттілігін тану;
мемлекеттің бала мүдделерін қамтамасыз етуі;
баланың өмір сүру, өмірін сақтау және даму құқықтарын тану;
баланың жеке басы мен дүниеге көзқарасын құрметтеу;
ата-аналардың балаға жетекшілік ету құқы мен ата-ананың балалар үшін жауапкершілігін тану;
балалардың мүдделеріне сәйкес оларға баламалы қарау мүмкіндігі;
кемсітушіліктің болмауы, яғни, балалар өз құқығын жынысына, нәсіліне, түсіне, тіліне, дініне, ұлттық, этникалық немесе әлеуметтік шығу тегіне, материалды жағдайына, денсаулық жағдайына және баланың дүниеге келуіне, оның ата-анасына немесе заңды қамқоршысына және т.б. қарамастан өз құқықтарын еш кемсітушіліксіз қолдана алады.
Конвенция бала құқығының барлық бағытын қамтиды және бір құқықтың жүзеге асуы басқа құқықтардың жүзеге асуынан ажырамайтынын мойындайды. Құжатта баланың ақыл-ой, адамгершілік, рухани дамуына қажет бостандық салауатты және қауіпсіз орта құруға, дәрігерлік қызметке, азық-түлікпен, киіммен, және тұрғылықты жермен қамтамасыз етудегі жетістіктерге мүмкіндік беретіні белгіленеді.
Конвенцияда жетім балалардың, мүгедек балалардың, қашқын балалардың, заңды бұзған немесе бостандығынан айрылған балалардың; есірткі қолданатын және т.б. құқықтарын арнайы қорғау міселелеріне ерекше
көңіл бөлінеді. Мысалы, Конвенцияға сәйкес, қашқын балаларға мемлекет қорғау мен гуманитарлық көмек көрсетуге, сондай-ақ баланы оның жанұясымен қосу үшін ата-анасын іздеп табуға көмектесуге міндетті.
Конвенцияда балаларды қанау, ұрлау және сату, балаларды зорлаумен байланысты жағдаяттар қарастырылған. Конвенцияның маңызды тұсы болып кәмелетке толмағандардың сотталуына байланысты сұрақтарды реттейтін ережелер табылады. Осылайша, 40 - бапта қылмыстық заңдылықты бұзған
балалардың құқын қорғаудың негізгі кепілдіктері белгіленген. Олар:
кінәсіздік презумпциясы;
баланы оған қарсы тағылған айыптар туралы тез арада ақпараттандыру және өзін қорғау үшін заңды көмек алу құқымен қамтамасыз ету;
құзіретті органдар немесе сот органдарының қарастырылатын сұрақтар бойынша адвокаттың міндетті түрде қатысуымен кейінге қалдырмай шешім қабылдауы;
куә ретінде түсінік беруге немесе кінәні мойындауға мәжбүр етуден босату;
тәуелсіз органның немесе соттың қылмыстық істі қайталай қарау мүмкіндігі;
егер бала сот процесінде қолданылатын тілді түсінбесе, оны аудармашының тегін көмегімен қамтамасыз етеді;
қылмысты тергеудің және сот тексеруінің барлық кезеңінде баланың жеке өмірін құрметтеу және т.б.;
Конвенция кіріспесі БҰҰ-ның соттың кәмелетке толмағандарға байланысты ісіне қатысты минималды стандартты ережелеріне көрсеткіштер беріледі (қысқарт. Пекин ережелері). 1985 жылы БҰҰ қабылдаған Пекин ережелері БҰҰ-на қатысушы мемлекеттер үшін ұсыны жасау өзгешелікке ие және кәмелетке толмағандардың тергеу және сот тексеруі барысында, сот шешімін шығаруда және әрекет ету шараларын таңдауда, оларды түзеу мекемелерінде ұстау кезінде құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған. Конвенцияға сәйкес қатысушы мемлекеттер өздеріне баланы денсаулығына қауіп төндіретін және білім алуда бөгет жасайтын жұмысты орындаудан сақтау міндетін алады. Осы мақсатпен мемлекет жұмысқа қабылданудың төменгі жас мөлшерін, жұмыс күнінің ұзақтығын және еңбек шарттарын белгілейді. Конвенцияда жанұяның және ата-ананың балаларды тәрбиелеудегі маңызды рөлі, және мемлекеттің оларға осыларды орындауда көмектесу міндеті танылады.
Конвенцияда үш маңызды принцип көрсетілген: Конвенцияның барын білу, онда айтылған құқықтарды түсіну және оларды жүзеге асырудағы әрекеттерді қолдау. Осылайша, Конвенцияның 42 бабы мүше - мемлекеттер Конвенцияның қағидаларын үлкендермен қатар балаларға да таратып, түсіндірулері қажет деп міндеттейді. Сөйте тұра БҰҰ - ң бала құқығы туралы Конвенциясы баланы жеке субъект ретінде таниды, мүше - мемлекеттерден бала құқығын қамтамасыз етуді және баланы тұлға және азамат ретінде қалыптастыруды талап етеді.
Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенция. Осы Конвенцияға қол қойған мемлекеттер, баланың өзі немесе жеке басының толыққанды әрі үйлесімді дамуы үшін оның отбасы ортасында бақыт, сүйіспеншілік пен түсіністік ахуалында өсуі қажет екенін тани отырып, әрбір мемлекет басым міндет ретінде баланың өз отбасында тәрбиеленуін қамтамасыз ету үшін тиісті
шаралар қабылдауға тиіс екенін еске сала отырып, егер шыққан елінде оған лайықты отбасын табу мүмкін болмаса, баланы шетелдік асырап алу балаға тұрақты отбасы болуымен байланысты артықшылық беретінін тани отырып, шетелдік бала асырап алудың баланың неғұрлым жоғары мүдделерін ескере отырып, әрі оның негізгі құқықтарын құрметтей отырып жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін және балаларды ұрлауды, сатуды немесе саудаға салуды болғызбау үшін шаралар қабылдау қажеттігіне кәміл көз жеткізе отырып, осы мақсат үшін жалпы ережелерді қабылдауға ниеттене отырып, халықаралық құжаттарда, атап айтқанда, 1989 жылғы 20 қарашадағы Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясында, БҰҰ - ның Балаларды қорғау және олардың әл-ауқатына қатысты әлеуметтік және құқықтық принциптер туралы декларациясында және әсіресе, ұлттық және халықаралық деңгейде баланы тәрбиеге беру және оны асырап алу туралы БҰҰ Бас Ассамблеясының 1986 жылғы 3 желтоқсандағы 4185 қарарында айтылған принциптерді назарға ала отырып, төмендегілер туралы келісті:

2 - тарау. Балалар құқығын қорғау саласындағы аймақтық ынтымақтастық: Қазақстан мен Орталық Азия
2.1.Орталық Азия мен Қазақстанның балалар құқығын қорғау саласындағы аймақтық ынтымақтастығы: кезеңдері мен даму перспективалары

Орталық Азия аймағы елдерінің балалар құқығын қорғау саласындағы саяси пікір алмасуы үшін басты трибунасы БҰҰ Балалар Қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен өткізілетін балалар құқығын қорғау бойынша форум болып табылады. 2011 жылы Ашхабад қаласында өткізілген үшінші форум Орталық Азиядағы ювенальдық құқық жүйесі реформаларына арналды және Орталық Азия елдері үкіметтерінің халықаралық стандарттарға сәйкес ювенальдық құқық жүйесін құру ұстанымдылығын және балалар құқығын қорғауды нығайту мақсатында заңның үстемділігі саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуді ұстану үшін платформа болды.
Түрікменстан Мәжілісінің басшылығымен жоғары деңгейде өткізілген форум жұмысына бес мемлекет: Түрікменстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстанның мемлекеттік мекемелерінің өкілдері қатысты. Қазақстандық делегация құрамында ҚР Парламентінің депутаты Светлана Бычкова, ҚР Жоғары Сотының судьясы Даулен Нуралин, Астана қаласының кәмелеттік жасқа толмағандар ісі бойынша мамандандырылған ауданаралық сот өкілі Гульнар Абдигалиева, Білім Министрлігінің және әділет Министрлігінің, сондай-ақ Қазақстандағы БҰҰ балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілдері болды.
Форум қарсаңында Орталық Азия елдерінің балалар құқығы туралы Конвенцияда қарастырылған мақаттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін ұлттық әрекеттерді күшейтудегі тәжірибе алмасу міндеті қойылды. Олардың ішінде - осы мақсаттарға қажетті үйлесімділікті және ресурстармен
қамтамасыз етуді құру, тұрақты мониторинг және ұлттық деңгейде жетістіктерге шолу, балалар құқығын қорғауда өз үлесін және айтарлықтай ролін атқаратын азаматтық қоғаммен серіктестікке ерекше маңыздылық беру.
Аталған форумда Қазақстанның посткеңестік кеңістіктегі және Азиядағы бірінші ювенальдық құқықты дамытудағы ерекше ролі атап көрсетілді. Сондай-ақ ювенальдық құқық саласына кіретін барлық органдардың өзара қарым-қатынасын, формаларын және функцияларын реттейтін ҚР-ғы ювенальдық құқық туралы Конвенцияны жасау және енгізудегі Қазақстанның ролі ерекше атап өтілді. Форумда біздің республикамыздың делегациясы Қазақстандағы Балалар қоры (ЮНИСЕФ) өкілділігінің және мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдар қолдауымен Астана қаласының кәмелеттік жасқа толмағандар ісі бойынша сот бастамасымен құрылған Альтернативы правосудия в отношении несовершеннолетних атты экспериментальды жобасын көрсетті. Оның негізгі міндеті кеңес беру қызметін көрсету, түзетушілік оқытулар жүргізу, девианттық мінез-құлықты балалардың қылмыстық қызметке қайтадан тартылуына жол бермеу. Жоба жұмысының нәтижесі бойынша ювенальдық құқық саласына түскен балаларға көмек көрсетуге тиісті органдар құрылымы туралы ҚР Үкіметіне жүйелі ұсыныстар енгізу қарастырылған. Форумға қатысушы-елдер барлығы дерлік ювенальдық құқықты одан әрі дамыту мәселесінде атқарылатын жұмыстардың көптігі баса айтылды. Оның ішінде, бірқатар елдерде кәмелеттік жасқа толмағандар ісі бойынша мамандандырылған жүйені енгізу туралы ұсыныстар айтылды, өйткені көпшілік жағдайда заңмен шиеленісте тұрған балалармен үлкендер секілді жұмыстанады. Барлық қатысушылардың пікірі бойынша, жоғары мемлекеттік деңейде өткізілген форум Орталық Азияның бес елінің әрқайсысында, сондай-ақ Ресей, Түркия, Әзербайжан сияқты елдерде тәжірибе алмасу үшін жемісті алаңға айналды. Ювенальдық құқық саласындағы тәжірибе қызметін игерудің маңыздылығы балалар құқықығын қорғауды жүзеге асыратын мемлекет, органдар тарапынан заңмен шиеленісте қалған балаларға көмек көрсету формалары мен әдістерін кеңейтуге мүмкіндік береді.
БҰҰ-ы өзінің өмір сүру кезеңінде адам құқығы саласында 100-ден астам халықаралық құжаттар, пактілер, конвенциялар, хаттамалар, декларациялар, ұсыныстар, ережелер, кодекстер, принциптер және т.б. қабылдады.
Халықаралық құжаттардың бұл түрлерінің әрқайсысы заңды маңыздылығы және жүзеге асырылу мүмкіндігі мағынасында өзінің ерекшеліктеріне ие.
Декларация (мәлімдеме, хабарландыру) - қандай да бір принциптер жарияланатын халықаралық-құқықтық құжат. Декларация сөздің қатаң мағынасында міндетті сипатқа ие емес. Олар тек ұсыныстар, тілектер болып табылады. Алайда бұл құжаттар үлкен моральдық-саяси күшке ие және соған қарап мемлекеттің позициясы туралы ойларын білдіреді. Декларация қабылданғаннан кейін бірден күшіне енеді
Адам құқығы туралы пакт - бұл қатысушылары, яғни оның ережелерін ұстануға ресми келіскен мемелкеттер адам құқығының кең спектрін (тобын) толық жүзеге асыру үшін шаралар қолдануға, кепіл беруге және құрметтеуге келісімін берген халықаралық келісім.
Конвенция - қандай да бір арнайы мәселе бойынша халықаралық келісім. Пактілер және конвенциялар олардың қабылдануы және қол қойылуынан кейін бірден күшіне енбейді, тек бірнеше мемелекеттре ратификациялағаннан кейін ғана заңдық күшіне ие болады. Пактілер және конвенцияларға қатысушы мемлекеттер осы халықаралық құжаттарда сақталатын міндеттерді өздеріне алады және оларды қатаң орындауы қажет. Сәйкесінше келісімдердің жүзеге асырылуын бақылау үшін сәйкесті халықаралық ұйымдар шеңберінде, ереже бойынша, сәйкесті комитеттер немесе комиссиялар құрылады. Комитеттер және комиссиялар әдетте пактілерге және конвенцияларға қосымша болып табылатын хаттамаламен сәйкесті құрылады. Ашық конвенцияларға және пактілерге олардың дайындалуына және қол қойылуына қатыспаған мемлекеттер қосыла алады. Мемлекет өз міндеттерінен бас тартып, аталған халықаралық ұйымнан шыға алады. Барлық халықаралық-құқықтық құжаттар ішінде халықаралық құқықтың көзі болған бірқатар халықаралық келісімдер бар. Бірінші кезекте, оларға Адам құқығы туралы халықаралық билль жатады. Ол өзіне Дүниежүзілік адам құқығы Декларациясын (1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясымен қабылданды), экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық пакт (1966 жылы 16 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясымен қабылданды және қол қоюға ашық), азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пакт (1966 жылы 16 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясымен қабылданды және қол қоюға ашық) және оған қосымша Факультативті хаттамалар.
Адам құқықтары бойынша негізгі халықаралық құжаттар қатарына төмендегілер жатады:
1. Біріккен Ұлттар Ұйымымен және оның мекемелерімен қабылданған құжаттар Бұл құжаттар бірнеше топтарға бөлінген:
а) Адам құқықтары туралы халықаралық билль.
б) Өзін-өзі анықтауға құқық (БҰҰ Бас Ассамблеясының декларациясы және резолюциясы).
в) Дискриминацияны ескерту (декларациялар, конвенциялар және хаттамалар).
г) Әйелдер құқығы (декларациялар және конвенциялар).
д) Бала құқығы (декларациялар және конвенциялар).
е) ақпарат бостандығы (конвенциялар).
и) Еңбек құқығы (конвенциялар).
й) Гуманитарлық құқықтар (конвенциялар және протоколы).
.
Балалар еңбегіне тосқауыл қою жұмысына қатысушы елдерге техникалық көмек көрсету мақсатында ХЕҰ-ы балалар еңбегіне тосқауыл
бағдарламасын (БЕТБ) құрастырды. БЕТБ-ның жұмысы ұлттық деңгейдегі
бастамашыларға, сонымен қатар Конвенция қағидаларының ұлттық заңдарға кірістіріліп, тәжірибеде орындалудың қажеттілігіне бағытталған.
Аталмыш бағдарлама Қазақстан Республикасында да орындалуда. Балалар еңбегіне тосқауыл қою бойынша халықаралық бағдарлама пайдаланған Орта Азияда балалар еңбегіне тосқауыл қоюды жүзеге асыру әрекеті" (РROACT-CAR, Ш-кезең) атты ХЕҰ-ның жобасы Орта Азиядағы төрт елдің балалар еңбегінің ауыр түрлерімен күресіне бағытталған.
2006 жылы 6-7 желтоқсанда Астана қаласында Орталық Азиядағы отбасы мен балалардың әлеуметтік және құқықтық қорғалу жүйесі атты Орталық Азия елдеріндегі балалар құқықтарын қорғау бойынша бірінші Форум өткізілді.
Біздер, Бала құқықтары туралы Конвенцияны бекітуде Орталық Азия елдерінің өзімізге алған міндеттемелерімізді растаймыз және бұл құқықтық құралды іске асыруда шапшаңдату қажеттілігін баса айтамыз.
Біздер, қауіпті топ немесе ата-аналары қамқорлығынан айырылған балалардың құқықтары жөнінде Стокгольм (1999 және 2003 жж.) және Будапешттегі (2000 ж.) конференцияларда, Сараево ( 2004 -мамыр) және Паленсияда (2006- маусым) өткен Еуропа және Орталық Азия - балалар өмірі үшін лайықты-атты конференцияда және балаларға қарсы жәбірлік көрсету мәселелері бойынша Әрекет жасауға уақыт келді - атты Любляндегі (2005-шілде) конференцияда және Мыңжылдық Саммитте 2000 - қыркүйек) қабылданған және Мыңжылдық Даму Мақсаттары үшін міндет пен әрекеті анықтаған міндеттемелерді қолдаймыз.
Біздер, елдердің Дүние - балалар өмірі үшін лайықты - мақсатына өздерінің жол ұстаушылығын көрсеткен Дүние - балалар өмірі үшін лайықты - атты (Нью-Йорк, 2002-мамыр) балалардың жағдайлары туралы БҰҰ Бас Ассамблеясының қорытынды құжатын толығымен растаймыз және болашақ іс-әрекеттері үшін мынадай шаралар анықтадық:
:: Бала құқықтары туралы Конвенцияға сәйкес, бала құқықтарын есепке алып, мақсаттар мен міндеттерді нақты, уақыттылы және шамамен анықтауымен, балалардың пайдасына үлттық шараларды ңығайту;
:: осы мақсаттарды орындауға ресурс бөлудің қажетті ұйлестіру мен қамтамасыз етуін құру;
:: кедергі мен әрекетті жылдамдатуға жауап беру мақсатында, ұлттық деңгейде уақтылы мониторинг және прогрессті шолу;
:: балалар құқықтарын жылжытуға өз үлесін ұсынған, азаматтық қоғам мен бірге ынтымақтастықтың маңыздылығын растау;
Біздер, Орталық Азия елдеріндегі бала өмірі үшін лайықты, дүние құрудағы прогресс туралы алдағы бесжылдық есепті назарымызға аламыз.
Біздер, балалардың зор осалдығына және олардың құқықтары мен қауіпсіздігіне мүмкіндік тұғызатын дамуға алаңдаймыз және Орталық Азия елдерің балалық кедейшілікті тоқтату, балаларды әлеуметтік оқшаулауды және қауіпті топтың отбасы мен балалары үшін біздің қолдауды жылжыту,
сондай-ақ, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, толық емес отбасы балалары, және асыраушысынан айырылған отбасы, мекен жайы бойынша қамқорлықтағы балалар, арнайы мұқтажы бар, асырап алған отбасындағы, заңға даулы және заңсыз еңбекке қамтылған балалар, жәбірлік мен трафик құрбандары - балалар үшін қажетті шаралар қолдануға шақырамыз.
Біздер, Орталық Азия елдеріндегі балалар құқықтарын қорғау бойынша бірінші Форумның (2006 жылдың, 6-7 желтоқсан, Астана қаласы), қатысушылары прогрессті атап көрсетіп:
1. Бала құқықтары туралы Конвенциясымен байланысты қабылданған міндеттерімізді, және 2002 жылдың 10-мамырындағы Балалар өмірі үшін лайықты дүние -атты БҰҰ арнайы сессиясының қорытынды құжатына сәйкес міндеттерімізді бірдауыстан растаймыз және уәде береміз, атап айтқанда:
1.1. Орталық Азия елдері балаларының құқықтарын қорғау жөніндегі Форумды, тұрақты негізде әрекет жасайтын және Бала құқықтары туралы Конвенциясының принциптерін сақтауда ынтымақтастықтың икемді механизмі болатын және Балалар өмірі үшін лайықты дүние концепциясын іске асырудағы ұйымдастырушылық құрылым деп жариялау;
1.2. Орталық Азия елдері арасындағы аймақтық ынтымақтастықты және бала кедейшілігін, қауіпті топтың отбасы мен балаларын әлеуметтік оқшаулауды, сондай-ақ, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды, толық емес отбасы балаларын, және асыраушысынан айырылған отбасыларын, мекен жайы бойынша қамқорлықтағы балаларды, арнайы мұқтажы бар, асырап алған отбасындағы, заңға даулы және заңсыз еңбекке қамтылған балаларды, жәбірлік мен трафик құрбандары - балаларды қоса, балалар құқықтарын қорғау жөніндегі Форум механизмі арқылы, бала құқықтарын қорғау саласында озық тәжірибе мен ыңғайлықты табуын, мүмкіншілік ету;
1.3. Орталық Азия елдеріндегі баланы күту және қорғау жүйесін реформалау жетістіктері туралы ақпараттандыру мен елдік және аймақтық деңгейде әрекеттер үшін басымдылықты анықтау;
1.4. Балалар өмірінің сапасын үзілді-кесілді жақсарту үшін, Орталық Азия елдеріндегі тиімді саяси жауапты және әрекеттерді ынталандыруға ұлттық ресурстарды өз-өзіне жолдау үшін шараларды қабылдау;
1.5. бала құқықтары туралы Конвенциясында негізделген, тиісті саяси және заңнама қабылдау, бала құқықтарын қорғау жүйесі және мониторинг пен есеп беру механизмін арттыру арқылы, бала құқықтарын қорғау саласындағы мемлекет жауапкершілігін кепілдеуге жолданған, әрекеттерді бастау және қолдау;
1.6. Орталық Азия елдері мен Атқарушы Комитетінің балалар құқықтарын қорғау жөніндегі Форумда кездесулерді дайындауға жауапты, қосымшадағы Концепция мен Жұмысшы Механизмдеріне сәйкес, Тұрақты Атқарушы Комитет және арнайы құрылымдар құру.
2. Орталық Азияда, ЕС, Дүниежүзілік Банкі, Азия Даму Банкі, БҰҰ,
азаматтық қоғамдықты, балаларды, бұқаралық ақпарат құралдарын және даму жөніндегі басқа стратегиялық партнерларын қоса бірге ынтымақтастықта, осы мақсаттарға жету үшін жұмысты жалғастыруды шешіп жатырмыз.
3. Одан әрі, осы мақсаттарға жету үшін прогрессті жүйелі түрде қайта қарастыруды және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі Форумға есеп беруді шешіп жатырмыз.
Біздер, осы міндеттерге жетудегі біздің талабымызды растаймыз, себебі, біздер болашағымызды бүгін қорғауымыз тиіс.
Жұмыс механизмдері. 2006 жылы Орталық Азия Үкіметі балалар құқықтарын қорғау жөніндегі Форумды құру бастамасы, диалогты ынталандыруға және балалардың құқықтарын сақтауға бағытталған, балалардың әлеуметтік қорғау жүйесі реформасын жылжыту мақсатында жасалынған. Форумда Орталық Азия елдерінің өкілдері және балалар құқықтарын қорғау саласында жұмыс жасайтын, халықаралық ұйымдар қатысады.
2006 жылдың 17-мамырында, Астана қаласында, балалар құқықтарын қорғау жөніндегі Форумға дайындық кездесуі кезінде қатысушылар балалар құқықтарын қорғау жөніндегі Форум Коцепциясын және Форум жұмысын 2006 жылдың желтоқсанында ашу шешімін қабылдады.
Орталық Азия отбасы мен балаларының әлеуметтік және құқықтық қорғау жүйесі - бірінші Форумның тақырыбы болды, Форум барысында әлеуметтік саясат, қорғау және әлеуметтік тарту, әлеуметтік қорғау жүйесін құру және көріністіктен арылу мәселелері талқыланады.
Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі бірінші Форумның міндеттері:
Орталық Азияда ең жоғары саяси деңгейде, Форумның жұмыс механизмін, тиімділік пен нәтижеліліктің индикаторын қоса, балалықты қорғау мәселелерін талқылау үшін платформа құру;
Балалардың әлеуметтік қорғау және әлеуметтік тарту, әлеуметтік қорғау жүйесін құру және көріністіктен арылу жөніндегі қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік міндеттемелерін қабылдау.
Негізгі нәтижелер:
Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі Форумның Атқарушы Комитет, Хатшылық кездесулерінің қорытынды құжаттарын, және ақпаратпен алмасуын, Форум жұмысының тиімділігін өлшеу үшін Индикаторларды қосқанда жұмысшы механизмдері
Балалар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалар құқығын қорғау
БҰҰ қызметіндегі адам құқы мәселесінің қорғалуы туралы
Адам құқықтарын және бостандықтарын қорғаудың формалары
Саяси құқықтар мен бостандықтар азаматтың субъективті құқықтары мен бостандықтарының маңызды бөлігі
Баланың құқықтарын қоргау
Баланы асырап алуға таңдау кезінде асырап алушы
БҰҰ қызметіндегі адам құқығы мәселесінің қорғалуы
БҰҰ қызметіндегі адам құқы мәселесінің қорғалуы
Инклюзивті білім беру саласындағы нормативтік құқықтық заңдарды аңықтау
Қазақстандағы адам және адамзат құқығының қалыптасу тарихы
Пәндер