Жақсы киіне білуде өнер


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

Негізгі бөлім

3
КіріспеНегізгі бөлім: 1 «Бейнелеу өнері, технология және музыкалық білім» кафедрасының тарихы
3: 4
КіріспеНегізгі бөлім: 2 Оқу практиканың мазмұны
3: 5
КіріспеНегізгі бөлім: 3 Студенттің шығармашылық жұмысы
3: 6
КіріспеНегізгі бөлім:

4 Жеке тапсырма (СӨҒЖ)

Тақырыбы:«Киім ассортименттері атқаратын функциялар»

3: 10
КіріспеНегізгі бөлім: Қорытынды
3: 13
КіріспеНегізгі бөлім: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
3: 14
КіріспеНегізгі бөлім: Қосымшалар
3: 16

Кіріспе

Оқу практикасының мақсаты дамыту болып табылады: университетте оқу процесінде алған теориялық білімдерін бекіту және тереңдету. Студенттердің оқыту бағыты бойынша практикалық дағдыларды игеруі, нақты жағдайларда нақты жұмыс бағыттары бойынша өз бетінше шешім қабылдау қабілетін қалыптастыру, студенттердің кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің мазмұны, түрлері мен формалары туралы тұтас түсініктерін қалыптастыру.

Оқу практикасының міндеттері:

Жоғары оқу орны қызметінің негізгі бағыттарымен танысу;

Мамандықпен және оның білім беру бағдарламаларымен танысу;

Болашақ кәсіптік қызмет түрлері мен қызметімен, міндеттерін зерттеу;

Тігін шеберханаларында жұмыс істеудің негізгі ережелерімен студенттерді таныстыру.

Тігін өндірісі құрал-жабдықтарымен жұмыс істеу біліктілігін дамыта түсу.

Мектепте көркем еңбек кабиненттерінде жұмыс жасауға үйрету.

Көркем еңбек сабақтарында визуалды өнер құралдарымен жұмыс істей алу және оларды сақтай білу.

Мектепте педагогтың іс-тәжірибелерін өтуге студенттерді дайындау.

Студенттердің дайындық деңгейлеріне қойылатын талаптар: жоғарғы оқу орындарының бағдарламасына сәйкес білім алу үшін студент әдебиеттермен, оқу құралдарымен, сөздіктермен және компьютермен жұмыс жасай білуі қажет.

1«Бейнелеу өнері, технология және музыкалық білім» кафедрасының тарихы

«Бейнелеу өнері, технология және музыкалық білім» кафедрасы 1956 жылдан бастап «Еңбекке баулу және кәсіптік оқыту мұғалімі» мамандығы бойынша педагогикалық кадрлар дайындаумен айналысады. Осы жылдар аралығында кафедра облыстың жалпы білім беретін және кәсіби мектептеріне арнап үш мыңнан астам жоғары білікті педагог мамандарды дайындап шығарды.

Кафедра оқытушылары мен студенттері тұрақты түрде көрмелерге қатысып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін шыңдап отырады.

Бүгінгі таңда кафедра 5В012000-Кәсіптік оқыту, 6В01450-Кәсіпік оқыту, 6В01451-Көркем еңбек және сызу(бакалавриат), 6В01431 «Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау», 6В01430- Бейнелеу өнері және сызу, 6М012000 -Кәсіптік оқыту (магистратура), 7М01430 - Бейнелеу өнері және сызу (магистратура), және 6D012000 - Кәсіптік оқыту (докторантура Phd) мамандықтары бойынша жоғарғы білікті педагог кадрларын дайындауда.

Қазіргі таңда кафедра базасында ағаш, металл, тоқыма материалдарын өңдеу шеберханалары, радиоэлектроника, ауылшаруашылық техникаларын автокөліктерді пайдалану және жөндеу бойынша 12 мамандандырылған шеберхана мен зертханалар жұмыс жасауда .

Шымкент қаласының «Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі» мен «Индустральды техникалық колледждерімен» жасалған екі жақты келісім-шарт негізінде оқу-ғылыми өндірістік кешен (ОҒӨК) ұйымдастырылып жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар, дуальды оқыту негізінде болашақ педагог кадрларды даярлау мәселесі қолға алынған.

Соңғы 5 жыл ішінде, яғни 2015-2021 жылдар аралығында аталған кафедраның оқытушы профессорлар құрамы 16 оқулық, 29 оқу құралын (РУМС МОН РК), 415 әдістемелік құралын, 32 виртуалдық практикалық жұмыстарын, 6 бейнелекцияларын, 300-ден астам ғылыми-әдістемелік мақалаларын, 48 оқу үдерісіне енгізу актілерін дайындады.

Бакалавриат бағыты бойынша кәсіптік оқыту мамандығы ҚР ЖОО-рының IQAA білім беру сапасын қаматамасыз ету тәуелсіз агантігінің 2018 жылғы қортындысы бойынша І-ші орынды иеленді.

PhD докторантурасы бағыты бойынша ҚР ЖОО-ның НААР аккредиттеу және рейтингінің тәуелсіз агенттігінің 2018 жылғы қрытындысы бойынша 1 орынды иеленді.

2020 жылы сәуір айында өткен студенттердің Республикалық пәндік олимпиадасында Астана қаласында жүлделі 2-ші орынды иелендік. 2019-2020 оқу жылынан бастап Шымкент қаласының «Жеңіл өнеркәсіп және сервис» колледжінің базасында 3 курс студенттерімен «Дуальдық оқыту» формасын жүзеге асыру жүргізілуде.

Қазіргі таңда кафедра базасында жоғары кәсіптік білім беру жүйесі үш сатыда жүргізіледі.

6В01450-Кәсіпік оқыту, 6В01451-Көркем еңбек және сызу(бакалавриат),

7М01450 -Кәсіптік оқыту (магистратура)

8D01450 - Кәсіптік оқыту (докторантура PhD)

2017 жылдың мамыр айында кафедрамыздың базасына 6D012000 - Кәсіптік оқыту мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғаудың арнайы Кеңесі ашылды.

2 Оқу практиканың мазмұны

Практика жетекшіміз С. Байзахова оқу практикасының мақсат-міндеттерімен таныстырды. Оқу практикасы бойынша жоспар түзіліп, әр қайсымызға жеке тапсырма берілді. Бізді «Бейнелеу өнері және технология » кафедрасында Ꞑ103 тігін шеберханасында қауіпсіздік ережелерімен таныстырды. Жоспарға сәйкес оқу практикасында берілген тапсырма жұмысшы халатын тігу және бас киім тақия тігу тапсырмасын алдық.

Жұмыстың бірізділігі:

1. Тақияның нобайын салу.

2. Тақияға керекті материалдарды әзірлеу.

3. Тақия өлшемін алу.

4. Тақияның негізгі сызбасын әзірлеп, лекало дайындау.

5. Тақияны пішу.

6. Жеке бөліктерін біріктіру, тігу.

7. Тақияны безендіру.

Жұмысшы халатын дайындау бірізділігі:

1. Халат нобайын салу.

2. Қажетті материалдар әзірлеу.

3. Халаттың өлшемін алу.

4. Халаттың негізгі сызбасын әзірлеу, лекало дайындау.

5. Халатты пішу.

6. Жеке бөліктерін біріктіру.

7. Шеттіктерді өңдеу.

8. Халатты ылғалды-жылумен өңдеу.

3 Студенттің шығармашылық жұмысы

1. 2024 жылы 3 маусым күні сағат 10:00 де оқу практикасы бойынша ұйымдастырылған орнықтыру конференциясына қатыстым.

2. Конференция барысында каферда меңгерушісі Жолдасбекова С. және практика жетекшіміз Байзахова С. оқу практикасының мақсат міндеттерімен таныстырды.

3. Оқу практикасы бойынша жоспар түзіп әрқайсысымызға жеке тапсырма берді.

4. университеттің 103 тігін шеберханасында қауіпсіздік ережелерімен таныстырды.

5. Жоспарға сәйкес оқу практикасында берілген тапсырма жұмысшы халатын тігу және тақия тігу тапсырмасын алдық.

6. Бірінші тақия лекаласын жасап тақияны тіктік және тақияның бөліктерін желімдеп, тақияның бөліктерін тұрмыстық тігін машинасымен brother тігіп шықтық.

7. 2 тапсырма жұмысшы халатын әзірлеу. Бірінші матаны пішуге дайындадық, лекалдарды матаның бетіне орналастырып қиып шықтық.

8. Халаттың негізгі бөліктерінің иық және жақ тігістерін Джак тігін машинасында біріктірдік, тегістерді үтіктеп, торлап өрнедік, оны Singer тігін машинасында тіктік.

9. Жағаны өңдеп алғаннан кейін мойын ойындысына қондырдық.

10. Жеңді өңдеп жең ойындысына қондырдық.

11. Тігістердің шеттерін және қиыстарын Singer машинасында торлап өңдеп шықтық.

12. Тегістердің бәрін дымқылды жылулық өңдеу жұмыстарын жүргіздік.

13. Халаттың етегімен жеңін қайырма тігістермен өңдедік:

14. Қалтасын пішіп алып өңдеп бастыру тігістермен өңдедік.

15. Қалтасын өңдегеннен соң түймелерін қондырдық және түйме тесіктерін өңдедік.

16. Соңғы өңдеу жұмысы жіптермен тазалап және үтіктеп шығу.

17. Әрқайсысымзға берілген ғылыми жұмысының тақырыбына байланысты мәліметтерді жинақтау және есепті қорғау.

1. Жұмысшы халаты

Халат дегеніміз - қолданыста бар арнайы киімдер. Көптеген салалар және өндірістер өзіне тек берілген өндірісте ғана кездесетін ерекше мамандықтардан басқа, өнеркәсіптің әртүрлі салаларына арналған жалпы мамандықтарды қосады, мысалы аппаратшы, жүк тасушы, газбен пісіруші, бақылаушы, зертханашы, машинист, монтер, шебер, механик, балташы (ағаш шебері), престеуші, слесарь, ажарлаушы, электромонтер және басқа. Өнеркәсіптің әртүрлі салаларында бұл мамандықтың жұмысшыларына арнайы киімдердің әркелкі түрі берілуі мүмкін, сондай-ақ жыл мезгіліне байланысты жылытылған және жылытылмаған жұмысшы және арнайы киім беріледі.

Халат -иықты киім түріне жатады . Дайындалған халат, тік пішімді алдыңғы және артқы бөлшектен тұрады . Артқы бой бір бөлшектен, алдыңғы бой екі бөлшектен тұрады .

C:\Users\User\AppData\Local\Microsoft\Windows\INetCache\Content.Word\IMG-20240610-WA0106.jpg

C:\Users\User\AppData\Local\Microsoft\Windows\INetCache\Content.Word\IMG-20240611-WA0075.jpg

Сурет 1. Жұмысшы халатының эскизі және пішінді бөліктері

2. Қыз бала тақиясы

Тақия - кішігірім сәтен, шұға, барқыт сияқты маталардан әртүрлі тәсілмен (сыру, кестелеу) тігілген баскиім. Оның қалыңдау, жұмсақ маталардан астар тігіп, арасына кейде жұқалап жүн немесе мақта салып жасайтын түрлері де болған.

Тақияның да үлгілері көп: зерлі, үкілі, оқалы, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа т. б. бірнеше түрге бөледі. Етегі аласа, төбесі төрт сай болып келетін, кестелі шошақ тақиялар оңтүстікте кездеседі. Тегеріш тақиялар орта жүзде көбірек кездеседі. Ал жалпақ төбелі, биік, тостаған сияқты таптама тақия кіші жүзге тән. Сондай-ақ, қазақ жерінде қазақы, ноғайша оқалы тақия, оқа шеккен тақия, сырма тақия, тікше қатипа тақия, шошақ төбе тақия тәрізді тақия түрлері кең таралған. XІX ғасырдың екінші жартысында тігілген тақиялардың төменгі жағы (етегі, жиегі) кеңейіп келген 5 - 7 см, төбелері төрт үшбұрышты сайдан тұрған. Сайлардың пошымына сәйкес төбесі үшкір, конус тәрізді де болған. Төбелері доғал, жатыңқы тақиялар да қолданылған. Қатты болу үшін етегі мен төбелерінің тігісін жиілетіп жүргізген. Сәнді тақияларды кестелеп тіккен, шеттері мен тігістерін түрлі контраст мата қиындыларымен әдіптеу де қолданылған.

C:\Users\User\AppData\Local\Microsoft\Windows\INetCache\Content.Word\IMG-20240611-WA0078.jpg

Сурет2. Қызбала тақиясы

3. фетрден әзірленген композиция

Сәндік қолданбалы қолөнерді пайдалану арқылы жас мамандардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау.

Жүн дегеніміз жануарлардың мата, киіз-шұға бұйымдарын жасауға жарамды және белгілі бір физикалық қасиеттері бар түк. Жүннен жасалған бұйымдар гигиеналық тазалығымен, сыртқы түрінің әдемілігімен көзге түседі және оларды халық көп тұтынады. Қойдан немесе тері шикізаты өңдеуге жіберілетін қой терісінен қырқып алынған жүн табиғи жүн деп аталады. Фетра матаны өңдеу технологиясы жүнді өңдеу технологиясымен бірдей болып келеді. Фетраға көбіне синтетикалық маталар көп араластырады. Бұл материалды көбіне әйел адамның аксессуарларларына, брош, қалпа жасауға қолданады. Фетра әр түрлі болады: таза жүні, жартылай жүнді, эко фетр, акрилді фетр, жасанды фетр, синтетикалық фетр.

C:\Users\User\AppData\Local\Microsoft\Windows\INetCache\Content.Word\IMG-20240610-WA0103.jpg

Сурет 3. Фетрден жасалған композиция.

4. Жеке тапсырма (СӨҒЖ)

Тақырыбы:«Киім ассортименттері атқаратын функциялар»

МА3МҰНЫ

Кіріспе

1Киім

1. 1 Киім туралы жалпы мәлімет

1. 2 Киімнің негізгі қасиеттері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Киім арнайы киімдер қатарына кіреді яғни формалық, шинел, гимнастерка, китель тағыда басқа кіреді. Яғни бұл курстық жоба арқылы болашақ маман ретінде көптеген мәселелерді қарастыра отырып ең алдымен киімнін жоғарғы сапасының бәрінен бұрын қолданылатын материялдардын сапасына, олардын дұрыс тандалуына, модельдік көркемдік бейнесін және конструкциясын дайындау технологиясын жетілдіруне байланысты болады. Жаңа заманға сай киім ассортиментін жетілдіру елеулі кеңейту.

Тігін өнеркәсібіне байланысты халық шаруашылығын арнайы бұйымдармен жұмыс киім, жоғары техника мен технологиялардын өндіріс ұйымдастырудын денгейі болып келеді. Киімді конструкциялау барысында ғылым мен техника өндіріс дамуының сонғы нәтижелері пайдалануы тиіс. Қарастыру көркем модельдеу, сосын киімді тігу - ұйымдастырудын күрделі процесс. Киім кұрастыру онын сызбасы мен пішілуіне тығыз байланысты. Тандалған пішімге байланысты матаның ені мен түрі-түсі, мата бетінің бедеріне мата тығыздығына және адамның дене бітіміне байланысты болып келеді. Сызбаныңторкөздеріне мойын айналымы, нық және жан тігістері, етек белгілері сызбалары толық түсуі керек. Киімнін пішілуі ең негізгі бөліктерден тұрады. Жең түбінің биіктігі тігілетін киімнің формасына байланысты.

І Киім ассортименттерінің тарихы

Киімнің ассортименті дегеніміз халықтың күнделікті тұрмыстағы киетін әртүрлі бұйымдар жинағы. әйелдер жеңіл кеөйлек ассортименті, әйелдер және ерлер сыртқы киім ассортименті, балалар сыртқы киім ассортименті болып бөлінеді. Ассортимент-күнделікті бүкіл киім жиынтығы. Қазіргі киімдер көп ғасырлар бойы жиналған адам еңбектерінің жиынтығы. Оған қол өнердің дамуы металдардың шығуы, адам мәдениетінің дамуы әсер етті.

Киім адамзат тарихының маңызды бөлігі болып табылады. Киім ассортиментінің дамуы мыңдаған жылдар бойы жалғасып, әртүрлі кезеңдерде өзгерістерге ұшырады. Бұл тарихта киімнің қорғаныштық, әлеуметтік, мәдени және эстетикалық функциялары үлкен рөл атқарды. Киім арқылы адамдар өздерінің қоғамдағы орнын, мәдениетін және даралығын көрсетті.

Киімнің формасы-адам денесінің формасына лайықталынып жасалынады, яғни адамның үстіне кигендегі сыртқы көрінісі. Костюм-дегеніміз ылғи өзгерістегі адамның үстіне киетін киімдер комплексі. Киімнің конструкциясы оның сыртқы формасымен анықталады.

Алғашқы адамдар киімді қорғаныс мақсатында пайдалана бастады. Олар жануарлардың терілерін қолданып, суықтан, ыстықтан және жарақаттардан қорғанды. Бұл қарапайым киімдер алғашқы киім үлгілері болып саналады.

XX және XXI ғасырларда киім өндірісі мен сән индустриясы қарқынды дамыды. Киім ассортименті әртүрлі стильдер, бағыттар және трендтер арқылы байып отырды. Бұл кезеңде киімнің эстетикалық, әлеуметтік және мәдени функциялары айтарлықтай маңызды болды.

Киім ассортиментінің тарихы адамзаттың мәдени, әлеуметтік және экономикалық өзгерістерін көрсетеді. Киім үлгілері мен сән тенденциялары арқылы өткен кезеңдердің ерекшеліктерін, құндылықтарын және өмір салтын түсіне аламыз. Киім тарихын зерттеу - адамзат тарихын зерттеудің маңызды бір бөлігі.

1. 1 Киім туралы жалпы мәлімет

Киім туралы жалпы мәлімет Жалпы киім ұтымы адамдардын уакытқа жене қоғамдык жағдайларга сәйкес сұлулык туралы белгілі бір ұтыммен бейнелейтін сәнмен тығыз байланыста болады. Кай заманда болмасын адамзат алдындағы мұрат-міндеттердін ең басты ісін, өмірін жалғастыратын, салауатты ұрпак тербиелеу. Ал ақыл-ойлы, білімді, мәдениетті, іскер, еңбекшіл азамат тәрбиелеуді адамзаттын ақыл-ойымен мәдениетінің дамуындағы бағалы байлықтын бәрін игере отырып, оны бүгінгі ұрпактын санасына ұстаздық шеберлікпен біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Адамзат қоғамы дамыған сайын бұл көзкарастар өзгереді, яғни күнде үнемі жаңарып отырады. Киімді әркім өз бетінше таңдайды, таңдау барысында адам жеке талғамы мен сән ағымына сүйенеді. Жақсы киїне білуде өнер. Киім тандаудағы жақсы талғамды білдіретін кең тараған анықтамалардын бірі-демілік. Сәнділік ұғымы ең алдымен киім түсі мен сәніне карай дұрыс кұрай білуге тікелей байланысты, киімге деген талғампаздық адамның өзіне сын көзбен карай алатынының белгісі болып табылады. Киімді жарасымды етіп пішу қонымды киімдердін кепілі екенін ұмытпауымыз керек. Сонымен қатар киім адамды коршаған ортаның табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды оны тұтыну мәнімен бірге қызмет ететін маңызы бар. Киімнін шығуы адам еңбегінің ерекшелігіне коғамдық өндіріс пен мәдениеттің дамуына тығыз байланысты. Алғашкы кезде киімді қазақтар мал терісінен илеп жүннен тоқып тігіп киетін болған киін бертіндеп келе матаға жүн салып сыратын болды. Қазіргі кездегі киімдер мынадай түрлерге бөлінеді: ерекше маталарды қажет ететін өндірістік, арнайы киімдер, жұмысқа, қыдыруға, саяжай мен куроттарға, әскери адамдардың теміржолшылардың, спорттық деп және тағы басқа. Киім сөзініңмағыналас қолданылатын Костюм ұғымы кең, мағынаны қамтиды. Казіргі кездегі костюмнің атқаратын кызметі сан алуан ол ең бірінші кажеттілік болып табылады. Өйткені киім адам ағзасын табиғаттың және өндірістін ортаның әртүрлі зиянды әсерлерінен корғайды. Қазіргі заманғы барлық киімдер екі класска бөлінеді тұрмыстык және өндірістік . Тұрмыстықтын өзі келесі класстарға бөлінеді: сырт киім, женіл киім, корсетті бұйымдар, бас киім. Сырт кимге- пальто, жекет, тон, шекпен, бешпент, плащ, куртка жатқызылады. Жеңіл киім- көйлек, жейде, болузка, қалат, белдемше тағы баска. Бас киімдерге- құлақшын, фурашка, күнқағар, телпек, қалпақ, тақия, берік жатады. Тұрмыстық киімдерді былайша ажыраттута болады: жасына және жынысына карай бөлінеді. Және ерлер мен әйелдер киімдері үш түрлі жас мөлшерін кіші, орта, аға топтар болып ажыратылады. Киімдер маусымдық мерзіміне қарай жаздық қыстық, маусымдық және мерзімдік болып бөлінеді.

1. 2 Киімнің негізгі қасиеті

Киімнің негізгі қасиеттері деп ауа өткізгіштігі, төзімділігі, зиянды заттардан қорғауы, гигеналық тағы басқада қасиеттері бар. Киімнің ауа өткізгіштік қасиетті деп адам денесіне ыңғайлы, суықты, жылыны бірқалыпты ұстауын айтамыз. Төзімділік қасиеті деп киімнің тозуын айтамыз яғни киімнің шыдамдылығын, көпке шыдауын. Мысалға: жуған кезде киімнің оңып, созылып кетуі, кожа киімдерінің суыққа төзімді болуы тағы басқа. Зиянды заттардан қорғауы күннің сәулесінен, ыстықтан, суықтан, шаң тозаңнан, кейбір химиялық заттардан қорғау жатады.

Жалпы киім ұғымы адамдардың уақытқа және қоғамдық жағдайларға сәйкес сұлулық туралы белгілі бір ұғыммен бейнелейтін сәнмен тығыз байланыста болады. Қай заманда болмасын адамзат алдындағы ұлы мұрат-міндеттердің ең басты-өз ісін, өмірін жалғастыратын, салауатты ұрпақ тәрбиелеу. Ал ойлы- пайымды, білімді, мәдениетті, іскер, еңбекшіл азамат тәрбиелеуді адамзаттың ақыл-ойымен мәдениетінің дамуындағы бағалы байлықтың бәрін игере отырып, оны бүгінгі ұрпақтың санасына ұстаздық шеберлікпен біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Адамзат қоғамы дамыған сайын бұл көзқарастар өзгереді, яғни сәнде үнемі жаңарып отырады. Киімді әркім өз бетінше таңдайды, таңдау барысында адам жеке талғамы мен сән ағымына сүйенеді. Жақсы киіне білуде өнер. Киім таңдаудағы жақсы талғамды білдіретін кең тараған анықтамалардың бірі-әдемілік, сәнділік. Сәнділік ұғымы ең алдымен киім түсі мен сәніне қарай дұрыс құрай білуге тікелей байланысты, киімге деген талғампаздық адамның өзіне сын көзбен қарай алатынының белгісі болып табылады. Киімді жарасымды етіп пішу-қонымды киімдердің кепілі екенін ұмытпауымыз керек. Сонымен қатар киім адамды қоршаған ортаның табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды оны тұтыну мәні мен бірге қызмет ететін маңызы бар. Киімнің шығуы адам еңбегінің ерекшелігіне қоғамдық өндіріс пен мәдениеттің дамуына тығыз байланысты. Алғашқы кезде киімді қазақтар мал терісінен илеп жүннен тоқып тігіп киетін болған киін бертіндеп келе матаға жүн салып сыратын болды. Киім-утилитарлық және эстетикалық қызыметтерді атқаруға, адам денесін сыртқы әсерден қорғауға арналған бұйымдардың жиынтығы. Киім сөзімен мағыналас қолданылатын «Костюм» ұғымы кең мағынаны қамтиды. Қазіргі кездегі костюмнің атқаратын қызметі сан алуан ол ең бірінші қажеттілік болып табылады. Өйткені киім адам ағзасын табиғаттың және өндірістің ортаның әртүрлі зиянды әсерлерінен қорғайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Киімнің адам тіршілігіндегі маңызы
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні
«Жеңіл киімнің технологиясы» пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмысын орындаудың тапсырмасы
Киім және оның түрлері
Киім гигиенасы
Ересектерге арналған киімдер
Жеңі тұтас пішілген киім үлгілерін конструкциялау және модельдеу жолдарын ашып көрсету
Мектептерде сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беруді іске асырудың жолдарын тауып,оның оқылуына мүмкіндік жасау
Киімнің функциялары
Қосымша мәліметтер Қазақстандағы модельер дизайнерлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz