Мемлекеттік экологиялық сараптама



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
1 МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТ РЕТІНДЕ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .5
1.1 Экологиялық сараптама түсінігі,мақсаты мен міндеттері. . . . . . . . . . . . . . . . .5
1.2 Мемлекеттік экологиялық сараптаманың мақсаты,міндеті,қағидаттары. . . . 6
1.3 Мемлекеттік экологиялық сараптама обьектілері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8

2 МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМАНЫ ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ. .10
2.1 Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу ережесі. . . . . . . . . . . . . . . 10
2.2 Мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу рәсімі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .12
2.3Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу және қолдану мерзімі. . . .14

3 МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМАНЫ ЖҮРГІЗУДІ ЖЕТІЛДІРУ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 16
ҚОРЫТЫНДЫ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .19

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 22
КІРІСПЕ

Экологиялық сараптама, экологиялық экспертиза (лат. expertus – тәжірибелі) –адам іс-әрекеттерінің табиғатқа зиянды әсер етуіне жол бермеу және табиғат қорғау саласында қабылданған заңдардыңорындалуына қатаң бақылау жасау. Экологиялық сараптама мемлекеттік немесе қоғамдық негізде жүзеге асырылады. Экологиялық сараптаманың негізгі қағидалары – оның медицина-биология тұрғыданқауіпсіздігі, халық шаруашылығының барлық салаларының мүддесін қорғайтындығы, ешкімге тәуелді болмауы және іс-әрекеттерді кешенді түрде жүргізу.
Экологиялық сараптама міндетті түрде ұзақ уақытдамуға арналған бағдарламалы құжаттармен және сызбанұсқалармен қамтамасыз етіледі. Сонымен бірге,экологиялық сараптама жүргізу үшін техкика-экономикалық тұрғыдан ғылыми негізделген және алдын ала жоспарланған жобалар мен жоспарларға негізделіп қадағалау жасалынады. Бұларға қоса құрылыс, табиғат байлықтарын қалпына келтіруге арналған, өндіріс орындарын, т.б. нысандарды қайта жабдықтау немесе олардың жұмысын біржола тоқтату туралы жобаларға талдау жасалынады. Табиғатты тиімді пайдалану мақсатында белгіленген ережелерге және әдістемелік нұсқауларға сүйене отырып, адамның іс-әрекеттерін шектейтін құжаттарды талдайды. Кейбір табиғи аумақтардағы телімдерге ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесін беру үшін кешенді түрде экологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуге немесе экологиялық апаттыжәне табиғатты пайдалану кезінде төтенше жағдайларға қатысты материалдарды, шараларды жүзеге асыруға арналған бағдарламаларға сараптама жүргізеді. Табиғатқа зияны жоқ жаңа техниканы, технологиялық әдістерді пайдалануға негізделген құжаттарды талдау; табиғатты тиімді пайдалану үшін шетелдік өндіріс орындарымен, фирмалармен бірге жұмыс істеуге қажетті құжаттарға сараптама жасалады[1,6].
Экологиялық сараптама әскери мақсаттағы өндіріс орындарының, т.б. нысандардың жұмыстарына да қадағалау жасауға құқылы. Экологиялық сараптама адамның барлық іс-әрекеттерінің экологиялық қауіпсіздігін сақтау мақсатын көздейді. Мемлекеттік Экологиялық сараптама ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жанынан құрылған арнайы комиссияның сарапшылары арқылы жүзеге асырылады. Қоғамдық Экологиялық сараптаманы жеке қоғамдық ұйымдардың ұйытқысы болуы негізінде топтастырылған арнайы мамандар жүргізеді. Қоғамдық негізде жүргізілген Экологиялық сараптама мен мемлекеттікэкологиялық сараптама жүргізетін мекемелер қорытындылары бір-бірімен үйлестіріліп отырады. Қазақстанда арнайы “Экологиялық сараптама туралы” заң қабылданған (1997).
Мемлекеттік экологиялық сараптаманың жариялылығы және халықтың шешімдер қабылдауға қолжеткізуi:
1. Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерінің жобаларына мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге өтінімдерді қоспағанда, мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге өтінімді белгіленіп отырған қызметке тапсырыс беруші бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде жариялауға тиіс.
2.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. «Экология» Оспанова,Бозшатаева «Алматы» 2008ж
2. Экологиялық құқықтық реттеу Р.Омаров 2006ж.
3. Экологиялық құқық «Алматы» 2008ж
4. А.К.Бродский. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы, ғылым.1997ж.
5. Г.К. Сагимбаев. Экология и экономика. Алматы. 1997ж.
6. И.А.Шилов. Экология. Москва. Высшая школа. 2000ж.
7. Е.Мамбетказиев. қ.Сыбанбеков. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Аматы қайнар.1990ж.
8. Ф.И.Гиренок. Экология. Цивилизация. Ноосфера. М. 1987ж.
9. Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің 2011 жылдың 1 жарты жылдығына есебі.
10. Экологиялық сараптама 2011 ж
11. Мемлекеттік және қоғамдық сараптама 2001ж.
12. ҚР Экологиялық Кодексі 2007ж
13. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. “Ғасыр”, 2005 жыл.
14. “Қазақ Энциклопедиясы”, II-том
15. Кайыржанов Е. Уголовное право А., 1998г. /общая часть /
16. Моновенко И.П. Еңбек құқығын қорғау.1998ж.
17. Бердалиев К. Б. Қазақстан экономикасын басқару негіздері. Оқу құралы - Алматы: Экономика, 2001.
18. Мадиярова Д. М. Сыртқы экономикалық саясат және экономикалық қауіпсіздік. Оқу құралы - Алматы: Экономика, 2000.
19. Мамыров Н. Қ. ж.б. Халықаралық экономикалық қатынастар. Оқу құралы - Алматы: Экономика, 1998.
20. Мельников В. Д., Ілиясов К. К. Қаржы. Оқулық - Алматы: Экономика, 1994.
21. Төлемісов О. Реформалардың экономикалық тиімділігін және мемлекеттік басқару жүйесін бағалау. Оқу құралы - Алматы: Экономика, 2001.
22. Шеденов Ө. Қ., Сағындықов Е. Н., Жүнісов Б. А., Байжомартов Ү. С., Конягин Б. И. Жалпы экономикалық теория - Ақтөбе: А-Полигра, 2004.
23. Экономикалық теория. ҚЭУҚ - Қарағанды, 2005.
24. Экономикалық теория. Оқу-тәжірибелік құрал /Шумеков З.Ш., Сүйіндіков Ж.С., Жанағұлов А.Ш.-ҚЭУҚ-Қарағанды 2005
25. ҚРның Конституциясы 1995ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
1 МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТ РЕТІНДЕ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .5
1.1 Экологиялық сараптама түсінігі,мақсаты мен міндеттері. . . . . . . . . . . . . . . . .5
1.2 Мемлекеттік экологиялық сараптаманың мақсаты,міндеті,қағидаттары. . . . 6
1.3 Мемлекеттік экологиялық сараптама обьектілері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8

2 МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМАНЫ ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ. .10
2.1 Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу ережесі. . . . . . . . . . . . . . . 10
2.2 Мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу рәсімі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .12
2.3Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу және қолдану мерзімі. . . .14

3 МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМАНЫ ЖҮРГІЗУДІ ЖЕТІЛДІРУ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 16
ҚОРЫТЫНДЫ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .19

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 22

КІРІСПЕ

Экологиялық сараптама, экологиялық экспертиза (лат. expertus - тәжірибелі) - адам іс-әрекеттерінің табиғатқа зиянды әсер етуіне жол бермеу және табиғат қорғау саласында қабылданған заңдардыңорындалуына қатаң бақылау жасау. Экологиялық сараптама мемлекеттік немесе қоғамдық негізде жүзеге асырылады. Экологиялық сараптаманың негізгі қағидалары - оның медицина-биология тұрғыданқауіпсіздігі, халық шаруашылығының барлық салаларының мүддесін қорғайтындығы, ешкімге тәуелді болмауы және іс-әрекеттерді кешенді түрде жүргізу.
Экологиялық сараптама міндетті түрде ұзақ уақытдамуға арналған бағдарламалы құжаттармен және сызбанұсқалармен қамтамасыз етіледі. Сонымен бірге,экологиялық сараптама жүргізу үшін техкика-экономикалық тұрғыдан ғылыми негізделген және алдын ала жоспарланған жобалар мен жоспарларға негізделіп қадағалау жасалынады. Бұларға қоса құрылыс, табиғат байлықтарын қалпына келтіруге арналған, өндіріс орындарын, т.б. нысандарды қайта жабдықтау немесе олардың жұмысын біржола тоқтату туралы жобаларға талдау жасалынады. Табиғатты тиімді пайдалану мақсатында белгіленген ережелерге және әдістемелік нұсқауларға сүйене отырып, адамның іс-әрекеттерін шектейтін құжаттарды талдайды. Кейбір табиғи аумақтардағы телімдерге ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесін беру үшін кешенді түрде экологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуге немесе экологиялық апаттыжәне табиғатты пайдалану кезінде төтенше жағдайларға қатысты материалдарды, шараларды жүзеге асыруға арналған бағдарламаларға сараптама жүргізеді. Табиғатқа зияны жоқ жаңа техниканы, технологиялық әдістерді пайдалануға негізделген құжаттарды талдау; табиғатты тиімді пайдалану үшін шетелдік өндіріс орындарымен, фирмалармен бірге жұмыс істеуге қажетті құжаттарға сараптама жасалады[1,6].
Экологиялық сараптама әскери мақсаттағы өндіріс орындарының, т.б. нысандардың жұмыстарына да қадағалау жасауға құқылы. Экологиялық сараптама адамның барлық іс-әрекеттерінің экологиялық қауіпсіздігін сақтау мақсатын көздейді. Мемлекеттік Экологиялық сараптама ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жанынан құрылған арнайы комиссияның сарапшылары арқылы жүзеге асырылады. Қоғамдық Экологиялық сараптаманы жеке қоғамдық ұйымдардың ұйытқысы болуы негізінде топтастырылған арнайы мамандар жүргізеді. Қоғамдық негізде жүргізілген Экологиялық сараптама мен мемлекеттікэкологиялық сараптама жүргізетін мекемелер қорытындылары бір-бірімен үйлестіріліп отырады. Қазақстанда арнайы "Экологиялық сараптама туралы" заң қабылданған (1997).
Мемлекеттік экологиялық сараптаманың жариялылығы және халықтың шешімдер қабылдауға қолжеткізуi:
1. Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерінің жобаларына мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге өтінімдерді қоспағанда, мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге өтінімді белгіленіп отырған қызметке тапсырыс беруші бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде жариялауға тиіс.
2. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезеңінде барлық мүдделі азаматтар мен қоғамдық бірлестіктерге өз пікірін білдіру мүмкіндігі беріледі.
3. Іске асырылуы қоршаған ортаға және азаматтардың денсаулығына тікелей ықпал етуі мүмкін жобалар бойынша қоғамдық тыңдау өткізіледі.
4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қоғамдық тыңдау өткізу тәртібін белгілейді және онда:
1) мүдделі тұлғалардың анықталуы;
2) ақпарат пен консультация алуға болатын жердің көрсетілуі;
3) халықты хабардар ету тәсілінің көрсетілуі (белгілі бір жерлерге афишалар ілу, газеттерге жариялау, жоспарларды, сызбаларды, кестелерді, графиктерді, үлгілерді көрсете отырып көрмелер ұйымдастыру);
4) халыққа консультация беруді жүзеге асыру тәсілінің (жазбаша таныстыру, халыққа сұрау салу) белгіленуі; 5) қоғамдық тыңдау өткізу мерзімі айқындалуға тиіс.
5. Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы бойынша шешім қабылданғаннан кейін барлық мүдделі тұлғаларға осы Кодексте көзделген тәртіппен сараптама объектісі жөнінде ақпарат алу мүмкіндігі беріледі. 58-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыру кезіндегі келіспеушіліктерді қарау тәртібi:
1. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыру кезіндегі келіспеушіліктер келіссөздер жолымен не сот тәртібімен қаралады.
2. Мемлекеттік экологиялық сараптама мәселелері бойынша келіспеушіліктерді кез келген мүдделі тараптың, оның ішінде белгіленіп отырған қызметке тапсырыс берушінің, жергілікті атқарушы органның өтініші бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган келіссөздер арқылы қарайды. Бұл ретте мемлекеттік экологиялық сараптаманың теріс қорытындысы келіспеушіліктердің нысанасы бола алмайды[2,10].
Мемлекеттік экологиялық сараптаманы қаржыландыру.
Мемлекеттік экологиялық сараптаманы қаржыландыру бюджет қаражаты, сондай-ақ тапсырыс берушілердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады

1 МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТ РЕТІНДЕ

1.1 Экологиялық сараптама түсінігі,мақсаты мен міндеттері

Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналды, тіпті ядролық соғыс қаупі де оның көлеңкесінде қалып қойды. Адамның шаруашылық іс-әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбіне білдірушілік сипатта әсер етуде. Азамттың табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай-ақ, топырақты, су көздерін, ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдыруда. Қазіргі кезде экологиялық дағдарыс шын мәніндегі қауіпті төңдіріп отыр: іс жүзінде тез өріс алып бара жатқан дағдарыстық жағдайларды кез-келген аумақтардан көруге болады.
Экологияны қорғау жөніндегі жұмыстар қысқа мерзімді жұмыстар емес, жүйелі түрде, кешенді жүргізілетін, ұзақ мерзімді, халық шаруашылығының барлық саласын қамтитын мемлекеттік зор маңызы бар проблемаларға айналып отыр. Өйткені, жалпы айтқанда экологияны қорғау еліміздің тұрмысы мен әл-ауқатының артуына, денсаулығының мықты болуына, айналаның, қоршаған ортаның жақсара түсуіне, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының барлық салаларының өркендеуіне және т.б. жағдайларды жақсаруына әкеп соғады[3,5].
Еліміздің экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы - экологиялық қауіпсіздіктің негізгі стратегиялық бағыттарын айқындай отырып, қоршаған ортаны қорғаудағы және табиғат пайдаланудағы экологиялық шектеулер арқылы мемлекетіміздің экологиялық қауіпсіздігін және тұрақты дамуының негізгі ірге тасы болып табылады. Бірақ, қазіргі мекемелер белгіленген лимиттерді және қоршаған ортаны қорғау талаптарын үнемі орындай бермейді. Мекемелер экологиялық акцияларды жүргізу барысында қазіргі және болашақ ұрпақ алдында қоршаған ортаның ластануының алдын алу жауапкершілігін біледі. Бірақ, экологиялық зиянды қызметпен айналысатын адамдар пайда табудың арқасында, өз уақыттарын экологиялық жағдайдың қауіпсіздігіне және қоршаған ортаға қолайлы жағдай жасауға жұмсамайды. Сондықтан да мемлекет экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуші субъект ретінде барлық субъектілерге бірінші кезекте экологиялық мүдденің тұруына ықпал етуі қажет. Сол себептен азаматтардың экологиялық мүдделерін қорғау үшін қоршаған ортаны қорғауда қолайлы механизм табу қажет. Бұл үшін экологиялық сараптама институтының рөлі маңызды болып табылады[4,16].
Экологиялық сараптама институты іске қосылатын объектінің нақты экологиялық жағдайдағы мүмкіншілігін және қоршаған ортаға деген жағымсыз әсер ету дәрежесін анықтап, жобаны жүзеге асыруға экологиялық көзқарас тұрғысында ғылыми қортындылармен сипаттамалар береді. Яғни, экологиялық сараптама шаруашылық және өзге де қызметтің мүмкін болатын жағымыз әсерін ескертеді және бұл қызметтің экологиялық талаптарға сай келетінін анықтайды. Экологиялық сараптама жүзеге асырылатын объектінің экологиялық зиянды қызмет екендігін анықтайтындықтан табиғат қорғау қызметінің басты құрамы болып табылады. Себебі экологиялық сараптама қоршаған ортаның ластануынан сақтайтын алдын алу шарасы болып табылады.
Экологиялық сараптаманы дұрыс ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін құқықтық реттеу қажет. Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін шаруашылық қызметтің көп түрі дамуына байланысты қоршаған ортаны қорғау және де табиғатты ұтымды пайдалану мақсатында 1997 жылдың 18 наурызында "Экологиялық сараптама туралың заң қабылданды. Бұл заңда "қоршаған ортаны қорғау туралың заңда бекітілген экологиялық сараптаманың жағдайы жетілдірілді[5,25].
Экологиялық сараптама - қоршаған ортаға келтірілетін зиянның алдын алу құралы болып табылады.
Мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер орындалады:
- экологиялық сараптаманың мақсатын міндеттерін саралау;
- экологиялық сараптаманың қағидаларын қарастыру;
- экологиялық сараптама субъектілерін зерттеу.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік экологиялық сараптама және қоғамдық экологиялық сараптама жүзеге асырылады.
Экологиялық сараптаманың мақсаттары:
1) жоспарланып отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық, норма шығару және өзге де қызметті іске асырудың қоршаған орта мен халықтың денсаулығына ықтимал теріс зардаптарын айқындау және шектеу;
2) экономикалық даму мен қоршаған ортаны қорғау мүдделерінің балансын сақтау, сондай-ақ табиғат пайдалану процесінде үшінші тараптарға залал келтіруді болдырмау мақсатында жүргізіледі[6,23].

1.2 Мемлекеттік экологиялық сараптаманың мақсат, міндет қағидалары

Мемлекеттік экологиялық сараптама - оның мақсаты Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасыныңталаптарын іске асыру, Республиканың, жекелеген өңірлерінің, халық шаруашылығы салаларының, жекелеген кәсіпорындар қызметінің әлеуметтік экономикалық дамуы туралы шешімдер қабылдау процесінде табиғатты ұтымды пайдалану шарттарын қамтамасыз ету болып табылатын оның аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың өз құзыретінің шегіндегі сараптамалық қызметтің түрі.
Мемлекеттік экологиялық сараптама көзделген және жүзеге асырылып отырған шаруашылық және өзге қызметтің қоршаған орта сапасының нормативтері мен экологиялық талаптарына сәйкестігін белгілейді, сондай-ақ бұл қызметтің қоршаған ортаға болатын мүмкін қолайсыз әсерлерінің және солармен байланысты әлеуметтік салдарларының алдын алу мақсатында мемлекеттік экологиялық сараптама объектілерін іске асыру мүмкіндігін анықтайды[7,18].
Мемлекеттік экологиялық сараптама мақсаттары:
1)қоршаған ортаға және халық денсаулығына жоспарланған және жүзеге асырылып жатқан басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық норма шығарушы және өзге де қызметтің болатын мүмкін кері әсерлі салдарларын айқындау және шектеу;
2)экономикалық даму және қоршаған ортаны қорғау мүдделерінің теңгерімін сақтау, сондай-ақ табиғат пайдалану процесінде үшінші тараптарға келтірілетін зиянның алдын алу.
Мемлекеттік экологиялық сараптама міндетті сипатқа ие және табиғат пайдалану және қоршаған орта мен халық денсаулығына әсері бөлігінде құқықтық, шаруашылық және басқарушылық шешімдерді қабылдағанға дейін жүргізілуі тиіс. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысынсыз жобаларды қаржыландыру мен іске асыруға тыйым салынады[8,15].
Мемлекеттік экологиялық сараптама міндеттері:
1)олардың іске асырылуы қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың жай-күйіне әсерін тигізе алатын көзделген шешімдердің экологиялық негізделуін айқындау;
2)жоспарланып отырған және жүзеге асырылып отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге қызметтің қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсерін бағалаудың толықтығын және дұрыстығын, болатын мүмкін әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салдарларын талдау және экологиялық қауіп-қатер деңгейін анықтауды қоса отырып, айқындау;
3)сараптама объектілерінде ұсынылатын қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарын ұтымды пайдалану, халықтың денсаулығын қорғау жөніндегі шаралардың тиімділігін, толықтығын және жеткіліктілігін бағалау;
4)мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындыларын дайындау, оларды уақытылы сараптама объектісін іске асыру туралы шешім қабылдайтын мемлекеттік және басқа да ұйымдарға тапсыру және қажетті ақпаратты мүдделі ұйымдар мен халыққа ұсыну;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы аумағында қолданыстағы стандарттарда, нормалар мен ережелерде бар экологиялық талаптарды сараптамаға салынатын құжаттамада сақтауды тексеру болып табылады[9,23].
Мемлекеттік экологиялық сараптама қағидаттары:
1)мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу міндеттілігі;
2)бақылаушы және қадағалаушы мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу;
3)мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларының объективтілігі және ғылыми негізделуі;
4)олар өз өкілеттігін жүзеге асырған кезде сараптамалық органдар мен сарапшылардың тәуелсіздігі;
5)жариялылық;
6)мемлекеттік экологиялық сараптаманың кешенділігі мен оның түрлерінің алуан түрлілігі;
7)экологиялық және медициналық-биологиялық мүдделердің басымдылығы болып табылады[10,17].

1.3 Мемлекеттік экологиялық сараптама обьектілері

1.Міндетті мемлекеттік экологиялық сараптамаға мыналар жатады:
1)жоспарланып отырған шаруашылық және өзге де қызмет жобалары және оларға ілеспе, осы Кодекстің 37-бабында айқындалған кезеңдерге сәйкес қоршаған ортаға әсерді бағалау материалдары;
2)табиғат пайдалану мәселелеріне қатысты жоспарлау алдындағы және жобалау алдындағы құжаттаманың барлық түрлері, болжамдардың, экологиялық және өзге де бағдарламалардың жобалары, мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметі негізгі бағыттарының тұжырымдамалары, мемлекеттік инвестициялық бағдарламалар, шарттар, келісімшарттар, оның ішінде меншік және жекешелендіру нысандарын өзгертуге қатыстылары;
3)қолданыстағы oбъектілер үшін қоршаған ортаға әсерді бағалау материалдарымен қоса реконструкциялау жобалары;
4)қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерінің жобалары;
5)іске асырылуы қоршаған ортаға теріс әсерлерге әкеп соғуы мүмкін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобалары, нормативтік-техникалық және нұсқаулық-әдістемелік құжаттардың жобалары;
6)кәсіпорындарды, объектілер мен кешендерді, ғимараттар мен құрылыстарды орналастыруға, салуға, реконструкциялауға, дамытуға, техникалық қайта жарақтауға, қайта бейімдеуге, жоюға арналған техникалық-экономикалық негіздемелер (есептер) және жобалар, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі ресурстарын өндіру мен пайдалануға арналған биологиялық негіздемелер;
7)аумақтарды ұйымдастыру схемаларының жобалары;
8)қалалар мен аумақтарды, оның ішінде арнайы экономикалық аймақтар аумақтарын және шаруашылық қызметті жүргізудің айрықша режиміндегі аумақтарды салудың (дамытудың) бас жоспарларының жобалары;
9)осы аумақтарға ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, экологиялық зілзала аймағы немесе төтенше экологиялық жағдай аймағы құқықтық мәртебесін беруді негіздейтін, аумақтар учаскелерін кешенді экологиялық зерттеу материалдары, сондай-ақ осы аумақтарды оңалту бағдарламалары;
10)көршілес мемлекеттердің қоршаған ортасына әсер етуі мүмкін немесе оны жүзеге асыру үшін көршілес мемлекеттермен ортақ табиғи ресурстарды пайдалану қажет болатын немесе көршілес мемлекеттердің халықаралық шарттарда белгіленген мүдделерін қозғайтын шаруашылық және өзге де қызмет жобалары;
11)технологияларды, техника мен жабдықты, оның ішінде Қазақстан Республикасына өткізілетіндерін (әкелінетіндерін) қолдану жөніндегі құжаттама;
12)табиғи ресурстарды пайдалануға және (немесе) алуға рұқсаттар (лицензиялар) беруді негіздейтін құжаттама[11,35].
2. Мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері мынадай жағдайларда:
1)экологиялық сараптама объектісі бұрын жүргізілген мемлекеттік экологиялық сараптама ескертпелері бойынша жетілдірілген;
2)мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін жобалау және өзге де құжаттамаға өзгерістер енгізілген жағдайда;
3)сот шешімінің негізінде, қайтадан мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтеді.
3.Мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері Кодекстің 40-бабында келтірілген объектілердің сыныпталуына сәйкес І, ІІ, III, IV санаттарға бөлінеді.
І санатқа орталық мемлекеттік органдар әзірлейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары да, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 6-9) және 11) тармақшаларында аталған объектілер жатқызылады.
II санатқа жергілікті мемлекеттік басқару органдарының нормативтік құқықтық актілерінің жобалары, өңірлік жоспарлар мен бағдарламалардың жобалары, облыстық және аудандық маңызы бар аумақтарда құрылыс салудың бас жоспарларының жобалары да жатады[12,19].

2 МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМАНЫ ДҰРЫС ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ

2.1 Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу ережесі


Қазақстан Республикасында мемлекеттiк экологиялық сараптама және қоғамдық экологиялық сараптама жүзеге асырылады.
Экологиялық сараптама жоспарланып отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық, норма шығару және өзге де қызметтi iске асырудың қоршаған орта мен халықтың денсаулығына ықтимал терiс зардаптарын айқындау және шектеу, экономикалық даму мен қоршаған ортаны қорғау мүдделерiнiң балансын сақтау, сондай-ақ табиғат пайдалану процесiнде үшiншi тараптарға залал келтiрудi болдырмау мақсатында жүргiзiледi.
Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган және өз құзыретi шегiнде жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады.
Қоршаған ортаға әсерiн бағалау жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызмет маңыздылығы мен толымдылығы бойынша I, II, III, IV болып 4 санатқа бөлiнедi[13,24].
I санатқа өндiрiстiк нысандарды санитарлық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 1 және 2-сыныбына жататын қызмет түрлерi, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбалардан басқа пайдалы қазбаларды барлау мен өндiру жатады.
II санатқа өндiрiстiк нысандарды санитарлық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 3-сыныбына жататын қызмет түрлерi, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбаларды өндiру, орман пайдалану мен суды арнайы пайдаланудың барлық түрлерi жатады.
III санатқа өндiрiстiк нысандарды санитарлық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 4-сыныбына жататын қызмет түрлерi жатады.
IV санатқа өндiрiстiк нысандарды санитарлық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 5-сыныбына жататын қызмет түрлерi, сондай-ақ әуесқойлық (спорттық) балық аулау мен аң аулауды қоспағанда, жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдаланудың барлық түрлерi жатады.
Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы I санат нысандарына - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган, II, III және IV санат нысандарына - облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары жүргiзедi[14,32].
Мемлекеттiк экологиялық сараптамаға құжаттаманы белгiленiп отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметтiң тапсырыс берушiсi (инвестор); мемлекеттiк экологиялық сараптамаға жататын нормативтiк құқықтық актiлердiң, жоспарлар мен бағдарламалардың жобаларын әзiрлеудi жүргiзетiн мемлекеттiк органның басшысы табыс етедi.
Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерiнiң жобаларына мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзуге өтiнiмдердi қоспағанда, мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзуге өтiнiмдi белгiленiп отырған қызметке тапсырыс берушi бұқаралық ақпарат құралдарында мiндеттi түрде жариялауға тиiс.
Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу кезеңiнде барлық мүдделi азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктерге өз пiкiрiн бiлдiру мүмкiндiгi берiледi.
Iске асырылуы қоршаған ортаға және азаматтардың денсаулығына тiкелей ықпал етуi мүмкiн жобалар бойынша қоғамдық тыңдау өткiзiледi[15,24].
Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүргiзу мерзiмi мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын органдарға алдын ала сараптамадан өткен қажеттi барлық құжаттама берiлген кезден бастап I санаттағы объектiлер үшiн екi айдан, II, III және IV санаттардағы объектiлер үшiн бiр айдан аспауға тиiс.
Қайтадан мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүргiзу мерзiмi тiркелген күнiнен бастап I санаттағы объектiлер үшiн бiр айдан, II, III және IV санаттардағы объектiлер үшiн он жұмыс күнiнен аспауға тиiс.
Алдын ала сараптамадан өткiзу мерзiмi құжаттаманың мемлекеттiк экологиялық сараптамаға келiп түскен күнiнен бастап бес жұмыс күнiнен аспауға тиiс. Табыс етiлген құжаттама толық болмаған жағдайда ол табыс еткен тұлғаға қайтарылуға жатады.
Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысы оны жүргiзу нәтижелерi бойынша берiледi.
Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың мiндеттi сипаты болады және табиғат пайдалану мен қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсер ету тұрғысынан құқықтық, ұйымдастырушылық және шаруашылық шешiмдердi қабылдаудан бұрын жүргiзiлуі тиiс. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болмаса, жобаны iске асыруға тыйым салынады. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың терiс қорытындысы болған кезде тапсырысшы сараптамаға ұсынылған материалдарды сараптамалық қорытындының ұсыныстары мен ескертпелерiне сәйкес пысықтауды қамтамасыз етуге және барлық материалдарды қайтадан экологиялық сараптамаға табыс етуге не белгiленiп отырған қызметiнен бас тартуға мiндеттi.
Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу мiндеттi болатын шаруашылық және өзге де қызмет жобаларын мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысынсыз банктердiң және өзге де қаржы ұйымдарының қаржыландыруына және iске асыруына тыйым салынады. Жобалық құжаттамаға мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы берiлген күнiнен бастап бес жыл iшiнде қолданыста болады.
Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын органдар.
Мемлекеттік экологиялық сараптаманы мыналар жүзеге асырады:
1)қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері - I санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу бөлігінде;
Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын I санаттағы объектілерді уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы N 449 қаулысыменбекітілген критерийлерге сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен белгіленеді.
2)жергілікті атқарушы органдар - II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама ұйымдастыру және жүргізу бөлігінде[16,20].

2.2 Мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу рәсімі

Мемлекеттік экологиялық сараптаманы экологиялық сараптама объектілерін қарау, талдау және бағалау жолы арқылы:
1)сараптамалық органдардың штаттық қызметкерлері;
2)сыртқы сарапшыларды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері
Экологиялық сараптама түрлері
Экологиялық сараптаманың түсінігі
Қазақстан бойынша су ресурстары
Экологиялық сараптама және аудит пәні бойынша Оқу-әдістемелік кешен
Ластаушы ретінде локомотив жөндеу депосының («сұлтанбай»жшс) негізгі қызметінің сипаттамасы
Экологиялық Сараптамалар
Сараптама әдістері,түрлері
Экологиялық сараптама әдістері, түрлері
Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқарудың ұйымдастырушылық- құқықтық нысандары
Пәндер