Әбіш Кекілбаевтың шығармаларындағы тарихи тұлғалар
Тақырыбы: Әбіш Кекілбаевтың Аш бөрі әңгімесіндегі күйші бейнесі
Орындаған:
Жетекшісі:
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
Әбіш Кекілбаевтың шығармаларындағы тарихи тұлғалар
Аш бөрі әңгімесінің жазылу тарихы
2.2. Аш бөрі әңгімесіндегі Құрманғазы образы
2.3. Аш бөріәңгімесінің көркемдік ерекшелігі
2.4. Тақырып аясында жүргізілген эксперимент нәтижесі
Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер
Аннотация
Мақсаты: Бұл жоба жаhандану дәуірінде өмір сүріп жатқан өскелең жас ұрпақты Қазақстанның Еңбек ері, Қазақстанның халық жазушысы, әдебиет классигі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың өнегелі өмір жолымен таныстыру, қазақ халқының салт-дәстүрін, мәдениетін, тарихын қастерлеуге, оның шығармаларындағы тарихи тұлғалардың адами қасиеттерін дәріптеу, адам жанын ізгілендіру мақсаты көзделді. Сонымен қатар Әбіш Кекілбаевтың тарихи романдарын, соның ішінде Аш бөрі әңгімесіндегі тарихи тұлғалардың тарихи тұлғасы мен түптұлға арасындағы ұқсастық, айырмашылықтың ара жігін ашу.
Міндеттері:
Ә.Кекілбаевтың әдеби шығармашылық мұрасын, оның ішінде, повестері мен романдарындағы тарихи таным, тағылым мәселелері, суреткерлік шеберлігін зерттеу;
Жазушы шығармаларындағы қазақи тұрмыстың, ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты, уақытты суреттеу шеберлігіне терең үңілу;
Ә.Кекілбаев шығармаларындағы тарихи тұлғалардың көркемдік болмысы мен олардың тарихи тағдырын және көркемдік жинақтау мақсатындағы жазушының өзіндік суреткерлік қырларын ашып, оны сыныптастарым мен құрбы-құрдастарыма насихаттау.
Зерттеу нысаны: Жұмыстың негізгі нысанасы ретінде Ә.Кекілбаевтың тарихи романдарын, соның ішінде Аш бөрі әңгімесін басшылыққа аламын.
Зерттеудің негізгі әдіс - тәсілдері: Зерттеу жұмысына арқау болған Ә.Кекілбаев шығармаларын егжей - тегжейлі талдау, ақпарат көздерін жинақтау, саралау және түсіндіру.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Тағдыр, тартыс, ерлік, мәңгілік, тәкаппарлық сынды қасиеттердің мағынасын ашып, жеткіншек ұрпақтың рухани толысуына қадамдар жасау, кейіпкерлердің бойындағы тұлғалық қасиеттері арқылы жазушының дүниетанымын ашу.
Зерттеу жұмысының жаңалығы: Бұл зерттеу жобасында жазушының шығармаларындағы тарихи тұлғалар төңірегінде сөз болды. Себебі қаламгердің түгелге жуық шығармалары тарихи тұлғалар туралы десе де болғандай. Тарихи тұлғалардың тарихи тұлғасы мен түптұлға арасындағы ұқсастық, айырмашылықтың ара жігін ашуға жасалған талпыныс жобаның жаңашылдығы болып саналады.
Күтілетін нәтиже: Әдебиет саласына арналған конференцияларда баяндама жасауға әбден лайық. Құрбы-құрдастарымның арасында романдардан келтірілген даналық, өсиет сөздерді насихаттау.
КІРІСПЕ
Қазақ әдебиеті таланттарға кенде емес. ХХ ғасырдың 1980 жылдарында қазақ прозасында ұлттық құндылықтарымызды өз шығармаларына арқау еткен қаламгерлер туындылары жаңа белеске көтерілді. Әсіресе, соның ішінде, қазақ прозасында тарихи тұлғалар тағдырын суреттеу, сол арқылы өткен кезеңнің тарихи шындығын көркемдік тұрғыдан жинақтау белең алды. Бұрынғы ақтаңдақ тұстарымызға қайта оралып, тарихи тұлғалар болмысын ұлттық идеяны асқақтатуға, әспеттеуге бағытталған тың көркемдік ізденістерге толы соны шығармалар жарыққа шықты. Ол шығармаларда бұрын еленбеген ұлттық құндылықтарымыз ескеріліп, өз бағасын алуға тиісті еді. Әдебиетімізге осы жаңа лепті әкелген жазушы Әбіш Кекілбаев еді. Себебі ол әдебиетке өзге жұрт сияқты қауырсыны қатпаған, түбіті түспеген сары уыз балапан күйінде емес, бірден түлеп, қанатын қомдап, топшысымен жер тіреп келді. Ә.Кекілбаев - қазақ халқының тарихын тереңнен аша, дәстүрлі мәдениет үлгілерін, ұлттық салт-дәстүр, ұлттық өнер тақырыбын жетік меңгерген қаламгер. Өзіндік стиль, тіл өрнегі қалыптасқан, ұлттық тіл нәр-нақышын өз шығармаларында көркемдік суреткерлік тұрғыда суреттей алған жазушы.
Әбіш Кекілбаевтың шығармашылық жолы поэзиядан басталды. Әбіш Кекілбаевтың алғашқы өлеңдер жинағы Алтын шуақ 1962 жылы, Бір шөкім бұлт 1965 жылы жарық көрді. Бұл туындылар - жазушының келешектегі үлкен шығармаларға барара жолындағы баспалдаға. Қаламгердің жазушылық жолын зерттеген тұлғалар оның 5-6 сынып оқушы кезінде, тым жастай шығармашылықпен айналысып, білімге, әдебиетке соншалықты құмартқанын байқайды. Содан бергі уақытта проза, әдеби сын, көркем аударма, көсемсөз, драма, көркем аударма саласында жемісті еңбек еткен. Таңдамалы шығармаларының он екі томдығы, көсемсөздері мен сұхбаттарының, замандастары туралы толғаныстары мен мезгіл мінберінен сөйлеген сөздерінің бес томдығы жарық көрді.
НЕГ3ЗГІ БӨЛІМ

Ә.Кекілбаев шығармалары уақыт өткен сайын, жаңа қырынан танылып, келешекке өзіндік шынайы, дара болмысымен жарқырай жетпек. Оның шығармаларының тарихы тереңде. Ол өзінің ұлттық тамырынан нәр үзбеген әңгіме повесть, романдарындағы: Тәуке, Әбілқайыр, Абылай хандар, Есет, Арыстанбай батырлар, Төле, Қазыбек, Әйтеке билер, Құрманғазы, Махамбет, Абыл ақын т.б тарихи тұлғалар бейнесі ұрпақтан-ұрпаққа өнеге тағылымымен қала бермек. Себебі олар - қаламгердің суреткерлік шешімінде өзінің тарихи шындық болмысынан ауытқымай сомдалған шынайы образдар. Осы ретте, жазушы шығармашылығына негіз болған шындық құбылыстардың басты арнасы - халық тарихы. Қаламгердің халықтың өткен тарихы туралы Күй, Ханша Дария хикаясы, Шыңырау, Бәйгеторы секілді орта көлемді эпикалық шығармалары мен Аңыздың ақыры, Үркер романдары, Абылай хан пьесасы - қазақ әдебиетінің елеулі жетістіктері. Мұндағы тарихи тұлғалардың басым көпшілігі - хандар, батырлар, би-шешендер, сұлтандар, өнер адамдары - әнші, күйші, жыршы, жырау; жазушы шығармаларында бұлардан да басқа бөлектеу - құдықшы, көрікші, сәулетші-шеберлердің бейнелері де кездеседі. Елдің әлеуметтік дамуында хандарға серік болған өзіндік орны болған ханымдар да болған. Бопай - Әбілқайыр ханның бәйбішесі. Ел есінде ханға сенімді серік болған. Оның жұмысының жандануына, жемісті болуына Бопай ханым қатты ықпал еткен адамдардың бірі. Бопай - ана, адал жар, қайраткер, саясаткер екендігі ғылыми түрде ашылды. Оның орыс патшаларына жазған 40 шақты хаты сақталған. Бопайдың жас кезінен аты сынықшылық қасиетімен шығады. Әбілқайыр ханға да осы қасиетімен ұнаған. Отбасы тәрбиесі осындай шағын ғана суреттеулерде ұзақ уақыт бойы оқырман көңілінде қалып қояды. Өте сәтті, көркем, образды шыққан кейіпкерлер типтік образға айналып, қаламгердің ерекше қолтаңбасына айналады.
Жазушы шығармаларыдна жансыз болғанмен тарихи тұлғаларға татитын үнсіз кейіпкерлер де бар, бұл Ә.Кекілбаев шығармасының өзіндік ерекшелігі, қозғалыссыз, үнсіз тұрған обьектілерді сөйлетудің өзі күш. Олар: құдық, мұнара, көрік, таз кепеш, күй, әртүрлі әулиелік киелі орындар т.б. Бұлардың әрқайсысын жазушы әрқалай сөйлеткен, әрқайсысының өз тылсымы бар. Бұл да - тарих.
Қазақ әдебиетінде өнер тақырыбына қалам тербеген дарынды суреткерлер көп. Ақын, күйші, әнші өнерпаз тұлғалар өмірі оларды бәрінен бұрын қызықтырған. Соның бірі - Құрманғазы. Ол туралы поэзиялық шығармалар да жетіп артылады. Ә.Кекілбаев, Т.Әлімқұлов, М.Мағауин, Т.Әсемқұлов, М.Ысқақбай, О.Әбділдаұлы тағы басқа прозашылар күй, күйшілік өнер, оның ғибраты туралы шынайы, биік суреткерлік деңгейдегі туындыларды дүниеге әкелді.
Аш бөрі әңгімесінің жазылу тарихы
Аш бөрі әңгімесін жазбас бұрын Әке дастанының басын оқушы кезінде жазып, соңын студент кезінде аяқтаған. Мұнда бала Әбіш әкесіне деген сағынышын жазғанымен, оның бойындағы өнері әкесінің күйшілігін де шағын үзіндіге сыйғыза алған:
Үйімде көкем барда күмбірлеген,
Домбыра үндемейді кімді іздеген?
Көкемнің шапаты тұр керегеде
Өзінен өзге жұртқа кигізбеген...
Көкемнің бармағынан бал саулады,
Осы ауыл талай тыңдап тауыса алмады.
Көп болды сол көкемді көрмегелі
Күйіне біздің ауыл тамсанғалы-, дейді.
Жазушы - соғыс салған зардаптың ащы зарын тартқан ұрпақтың өкілі. Қайтпай қалған әке, мүгедек жарым-жан пенде, жесір қалған ана, соғыстың қаралы қағазы - үлкен толғаныс-толқулар туғызған легінен.
Ә.Кекілбаевтың өнер адамдары жөнінде алғаш жазған туындысының бірі - Аш бөрі әңгімесі. Бұл шығармаға сазгердің екі әні қосылған. Аш бөрі тіркесі дүлдүл күйші, ұлы сазгер Құрманғазының өз әнінің сөзінен алыпы, осы шығарманың атауына арқау болған:
- Аш бөрі, жүрген жерім қанды майдан,
Шыққан жоқ, атқан аңым терең сайдан.
Қазақта талай қатын ұл туғанмен,
Дәл мендей ұл табатын қатын қайдан!
Аш бөрі әнінің шығу тарихы бар. Ол - Шөкен қыздың Құрманғазыны мүдіртем деп, ел алдында мұқалтуына байланысты туындаған өлең. Шөкен таз руынан шыққан бір белгілі адамның қызы болса керек. айттырылған жері жоқ, басы бос. Төремұрат, Нарынбай, Өтен батырлар оны сазгерге оңтайлайды. Шөкен де күйшіге құмартады, алайда Құрманғазы өзінің қуғында жүргенін, баласы бар адам екенін айтып, оған ыңғай бермеген. Сонда:
Байлардан белгі қалар қонған жерде,
Түлкінің еті қалар сойған жерде.
Ішкен ас, сый құрметті олжа көріп,
Жүресің төбет иттей тойған жерде-, деп өте ауыр сөздер айтады. Осы жайды кейінірек естіген анасы Алқа:
Сенің орныңда мен болсам, сол Шөкенді торы аттың сауырына салып алып, жиделіге әкеліп, біреуге сыралғыға берер едім,-деген сөздері жоғарыдағы жағдайдың шын өмірде болғанын меңзейді. Алайда, осндай келеңсіз оқиға орын алса да, Аш бөрідей тамаша ән мен Бозқаңғыр күйі туындайды.
Осы Аш бөрі әнінің жоғарыдағы нұсқасын 1957 жылы Пионер журналының қаңтардағы санынада жарияланған. Әбіш Кекілбаевтың Аш бөрі әңгімесі алғаш Бір шөкім бұлт жинағында жарық көрген әңгіме. Етек-жеңі жинақы, шап -шағын ғана шығарма. Бас сап оқығаннан үйіріп ала жөнелетін шытырман оқиғадан ада. Қажет десеңіз, негізгі кейіпкердің аты да бір-ақ жерде, онда да бейтаныс ортада, бейуақта өз аузымен жалғыз рет қана айтыла салады:
- Құрманғазы!
Қара мұрт ондай да күйші бар ма еді дегендей, ақ сұр шалдың аузына елеңдей қарады. Құрманғазы күйлерін шамырқана тыңдағаны болмаса, оның шытырманға толы өмірбаянынан бейхабар. Ұлы күйшінің Аш бөрі атты лақап аты таныс көп оқырманның Аш бөрі шыққанда мына қара мұртқа жете қабыл күй кешкені анық. Өзі Құрманғазы бола тұрып құба жонда жападан жалғыз жабы мініп, домбырасын теңдеп тентіреп жүрісі қалай дейді ғой баяғы.

Таң атқалы жорытқаны жұртсыз жон. Тек жаңа ғана тастақ сайдың басындағы жалғыз құдыққа тап болып, ат суарып алды. Көптен бері бұл маңайға ел жуымапты. Құдық маңайының құмалағы қуаң. Астауы да қақсуға айналыпты. Дегенмен көлденең керуен, бейсаубат жолаушылар көп соғады екен, астаудың астына тыққан көн қауға бар боп шықты. Бұл заманымыздың заңғар жазушысы, сөз зергері ‒ Әбіш Кекілбайдың Құрманғазы Сағырбайұлы ғұмырының бір ғана сәтінен сыр шертер Аш бөрі атты шығармалары арасындағы ең аз талданған, исі қазаққа мәшһүр композитордың образы керемет сомдалған кең тынысты әңгімесі.
Әсілі, әңгіме - новелладан гөрі, сюжеттік желісі қиындау құрылатын, өмірдегі алуан-алуан құбылысты ықшамдап түйіндегенімен де, оған аса терең мағына сыйдыра отыра, сатылап дамитын жанр. Астында қара аты бар жолаушы бүлкек жүріспен жаздай шаң тұтып, күн жеп, сарала етек боп қалған даламен келе жатады. Бір уақытта тоқтап, жылқысынан түсіп, ауыздығын сыпырып, ерінің артындағы домбыраны шөп үстіне тастайды-дағы, шалқасынан жата кетеді.
Оңашада, дауылпаз күйшінің есіне қайдағы-жайдағы түсіп, өткеннің орны толмас өкініші қылаң бергенде, әншейіндегі қаттылығынан айырылып, бойын әлдеғайып әлсіздік билейді. Содан не керек, Күн батып, қас қарайып, кешкі салқынның лебі білінген кезде алдынан аруана шығады. Жаңағы жануар қара жалдың күнгей бауырына қонған үш-төрт үйлі, аумағы шап-шағын ауылға ат басын тіреуге сеп боп, ортадағы боз үйдің қасына барып тұра қалады. Жолаушы соған жақындағанда, қолында шелегі бар әйел шығып, Құдайы қонақты күтіп алады. Құрманғазы қамшысын босағаға қыстырған күйі төрге озып, домбырасын қабырғаға сүйеп қояды. Қаймағы шайқалмаған құтты мекен. Үйде күйшіден бөлек, Дөңбай, оның бәйбішесі, Әурен, сол үйдің келіні, жас шамасы оннан енді ғана асқан бала бар. Бәрі дастарқан басына жайғасып, жөн сұрасады. Ақсұр шал қонаққа домбыра шертуін өтінеді. Сол кезде, тамақ ішуге үстіне ‒ түйежүн шекпен, басына ‒ түлкі тымақ киген Қойбағар келеді.
Ол бірнеше күй тартып, ас-ауқат ішілген соң, жұрт жатуға ыңғайланады. Күйші ауыл сыртына шығып, атын отқа жібереді де далада ұзақ тұрады. Төсек салынады. Құрманғазы ерте ояна салып жылқысын ерттейді-дағы, таңғы шайын ішіп, қайта жолға шығады. Сонда, ту қоянды көріп: Әттең осындайда бөрі де жолықпайды-ау, ‒ деп ойлады күйші. Ойына елде жүргендегі жігіттермен бірге қасқыр қуғаны оралады. Күйші көкжиекке қарағанда, даланы қан-жоса қып батып бара жатқан Күнді көреді. Оның көкірегінде тағы бір тосын саз қордаланып келеді. Жалпы, шығарма фабуласы осындай. Мұндағы авторлық баяндау орталық образдың көзімен, ойымен беріледі.
Туынды мазмұн мен пішіннің үйлесімі негізінде тумақ. Осы тұрғыдан келгенде, Әбіш Кекілбай - қос ұғымды тұтастықта қарайтын суреткер. Жазушы тұтқыннан босап шыққан жолаушының жолшыбай ел-жер аралағандағы тұсын ерекше екпінмен жазғанын аңғармау әділетсіздік болар еді. Дәл сондағы соны пейзаж ‒ тек фон қызметін атқарып қана қоймай, философиялық, символикалық, психологиялық мәнге ие әрі автор ұстанымын айқындар көркем әдіс. Әсіресе, Аш бөріде М.Эпштейн классификациясындағы (Постмодерн в русской литературе) ландшафтық, масштабтық, жанрлық-стильдық, идеалды пейзаждардың элементі кездеседі. Әбіш сомдауындағы Құрманғазы антропометриясы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz